Жоспары:
Ойылу
Ойық жаралар
Ойық жаралардың құралуы
Ойық жаралар белгілері
Ойық жараның даму дәрежелері
Науқас денелерінде мәжбүрлі қалпында анықталатын ойықтардың орналасуы
Ішімен жатқан қалпында 
Қырымен жатқан қалпында
Отырған қалпында
Фаулер қалпы
Науқастың арқасымен жату қалпы
Симс қалпы
Науқасты ішімен жатқызу
Ойық жараларды емдеу жолдары
Ойық жаралардың алдын-алу
Нортон шкаласы
Ватерлоу шкаласы
Эндогенді ойықтың пайда болуының алдын алу үшін келесі нұсқаулар беріледі:
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
1.25M
Категория: МедицинаМедицина

Ойық профилактикасы мен күтімі

1.

«Оңтүстік Қазақстан медицина
академиясы»АҚ
АО «Южно-Казахстанская
медицинская академия»
«Ішкі аурулар пропедевтикасы»кафедрасы
Презентация
Тақырыбы: Ойық профилактикасы мен күтімі.
Орындаған:Кураева З.Т.
Тобы : В-ЖМҚБ-02-19
Қабылдаған:Таскынова М.А.

2. Жоспары:


I.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ойылу
2. Ойық жаралар
3. Ойық жаралардың құралуы
4. Ойық жаралар белгілері
5. Ойық жараның даму дәрежелері
6.Ойық жараларды емдеу жолдары
7. Ойық жараларды емдеу жолдары
8. Науқастың әр түрлі функциональді қалыптары:
Симс,арқалық,іштік,фаулер
• ІІІ. Қорытынды

3. Ойылу

• Тері асты шел қабатының және жұмсақ
тіндердің ұзақ қысылуынан, жергілікті қан
айналымының бұзылуынан пайда болатын
терідегі дистрофикалық, жаралы
некротикалық өзгерістер. Ойықтар - ауыр
халдегі науқастарды нашар күтуінен,
дымқыл, ластанған іш киімдерден,
төсектегі бүктемелерден және
қалдықтардан, кірлеген теріден пайда
болады.

4.

• Ұзақ төсек режимінде жатқан науқастарда
ойық жараның дамуы мүмкін, әсіресе
науқас көп уақыт бойы арқасымен жатқан
қалпында болса. Басқа себептеріне терінің
жүйесіз күтімі немесе оның болмауы,
ыңғайсыз төсек немесе төсек жаймасын
сирек ауыстыру, дұрыс тартып салынбауы
жатады.

5. Ойық жаралар

• Ойық жаралар – терінің
және жұмсақ тіндердің
шығыңқы сүйектермен
төсек арасында ұзақ
жаншылу әсерінен
беткей немесе терең
зақымдалып, семуі.

6. Ойық жаралардың құралуы

• Ойық жараның пайда болуына үш фактор
әсер етеді:
• қысым
• «кесу күші»
• қажалу

7.

• Қысым– адамның сүйенетін беткейлерінде өз
дене салмағының әсерінен дене тіндерінің
басылуы жүреді. Тіндердің басылуынан
тамырлар диаметрі азаяды, тіндерге қан келуі
азайып, «тіндердің ашығу» жағдайы дамиды.
Толық басылғаннан кейін 2-3 сағат ағымында
некроз (өлуі) дамиды. Осал тіндердің
басылуының күшеюі төсек жаймасымен, тығыз
байламдарымен және адам киімімен
күшейеді.

8.

• «Кесу күші» - тіндердің бұзылуы және механикалық
зақымдалуы тіндердің ауысуымен жүреді.
Тіндердің ауысуы науқас төсегінен төмен түсіп кетіп,
бас жағына қарай тартылғанда, сонымен қатар
мед.қызметкердің немесе науқас туыстарының
дұрыс емес қозғау нәтижесінде дамиды. Төмен
жатқан тіндердің микроциркуляциясы бұзылып, тін
оттегі жетіспеушілігінен өледі. Кейбір ауыр
жағдайда бұлшықеттің және лимфа түйіндерінің
жыртылуы жүреді де терең ойықтардың дамуына
әкеледі.

9.

• Қажалу – «кесу күшінің» бөлігі болып
табылады, бұл терінің мүйізді қабатының
бөлінуін шақырып, оның беткейінде
ойықтардың дамуына әкеледі. Теріні
ылғалдандыру қажалу күшін күшейтеді. Көбіне
зәрі тоқтамайтын, күшті тер бөлінетін
науқастарда және ылғалды заттарды кигенде
немесе ылғалды сіңдірмейтін (синтетикалық)
киім кигенде немесе ылғалды сіңдірмейтін
беткейі бар заттарда орналасу (пластикалық
орындықтар, клеенкалар немесе сирек
ауыстырылатын төсеніштер) .

10.


Ойық жараларды дамытатын қаупі бар басқа да факторлар:
Төмен немесе жоғары дене салмағы
Қозғалыстың шектелуі
Анемия
Протеинді, аскорбин қышқылын аз қолдану
Сусыздану
Гипотензия
Зәрді немесе нәжісті ұстай алмау
Неврологиялық бұзылыстар (сенсорлы, қозғалысты)
Перифериялық қан айналым бұзылысы
Терінің жұқаруы
Мазасыздану
Естің ауысуы
Кома
Кең хирургиялық кірісулер
Кереует тұтқыштары
Науқасты бекітетін құралдар
Омыртқа, жамбас сүйектері, құрсақ қуысы мүшелерінің жарақаттары
және жұлынның зақымдалуы.

11. Ойық жаралар белгілері

• Ойық жараның бірінші дәрежесінде терінің
бозаруы, цианоздануы, ісінуі, зат алмасу
үрдісінің бұзылыстарын көрсетеді. Содан
кейін эпидермистің бөлінуі жүреді –
көпіршіктер пайда болып, алғашында
түссіз, содан кейін іріңді қосылыс пайда
болады. Беткей некроз (гангрена) дамып,
терінің терең қабаттарына, маңындағы
тіндерге таралады. Ауру дамуының 4
дәрежесін анықтайды

12.

13. Ойық жараның даму дәрежелері

• 1-ші дәреже. Эпидермальді және тері
қабаттарымен сипатталады. Науқас
терісінде тұрақты қызарумен, көкшіл
таңбалар пайда болады. Олар басқан кезде
жоғалмайды және сау тіндерге
таралмайды. Бұл дәрежеде үрдіс қайтымды
және басылуды жойғаннан кейін
қанайналым қалпына келеді.

14.

• 2-ші дәреже. Тері жамылғысының
бүтіндігінің терең емес бұзылыстары май
шелі қабатына таралғандығы айқын
байқалады. Басылған жерлерде тұрақты
көкшіл тартқан гиперемия байқалады.
Терінің тырналып зақымдалуы, көпіршіктер
мен терең емес кратерлер пайда болады.

15.

• 3-ші дәреже. Тері жамылғысының барлық
қабаттарында бұлшықетке дейінгі қабатта
толық бұзылыс немесе тіндердің некрозы
дамиды. Патологиялық үрдіске
бұлшықеттерде шалдыққан. Сұйық
бөліністер болуы мүмкін.

16.

• 4-ші дәреже. Барлық жұмсақ тіндер
зақымдалған. Зақымдалған тіндерде –
теріде, бұлшықетте, сіңірде (сүйекке дейін)
қуыстар пайда болады. Тіндерде жылан
көздер мен қуыстар кездеседі.

17. Науқас денелерінде мәжбүрлі қалпында анықталатын ойықтардың орналасуы

• Арқасында жатқан қалпында
• өкше сүйектерінің дөңес
аймағында
• сегізкөз
• құйымшақ
• жауырын
• шынтақ буындарында
• кеуде омыртқаларының
қылқанды өсінділерінің үстінде
• сыртқы қарақұс аймағында

18. Ішімен жатқан қалпында 

Ішімен жатқан қалпында
• сирақтың сыртқы
беткейінде
• тізе аймағында
• мықын сүйектерінің
қырлары
• қабырға доғасының
жиегінде

19. Қырымен жатқан қалпында

• тобықтың латеральді аймағында
• сан сүйегінің үлкен ұршығында
• аяқтарының бір-біріне тығыз қосылған
жерінде және ішкі беткейінде.

20. Отырған қалпында


бөксе аймағында
сегізкөзінде
аяқ басында
жауырындарда
тізелерде

21. Фаулер қалпы


Фаулер қалыпта жату – науқас жастықсыз кереуеттің ортасына арқасымен
немесе шалқасынан жатады.
1. Науқаспен амандасу, жағдайын сұрау, манипуляция мақсатын,іс әрекеттерді түсіндіру.
2. Науқастың келісімін алу.
3. Кереуеттің бас жағын 45-60°С бұрышқа көтеру.
4. Науқастың басын төмен жастыққа қою.
5. Науқас қолының астына жастық қою
6. Бел аймағы астына жастық қойыңыз
7. Науқастың қабырғалары астына кішкене жастықша қойыңыз.
8. Балтырдың төменгі 1/3 аймағына кішкене жастықша қойыңыз.
9. Аяқ астына 90°С бұрышта тіреуіш қойыңыз.

22. Науқастың арқасымен жату қалпы

• 1. Науқастың бас жағын горизонталды етіп орналастыру.
• 2. Бел аймағының астына кішкене жастықша қою.
• 3. Иықтың жоғарғы бөлігіне, мойын және басының астына
кішкене жастық қою.
• 4. Санның сыртқы шетіне валик тәріздес жастықша қою.
• 5. Балтырдың төменгі 1/3 бөлігіне валик қою.
• 6. Аяқ басына 90°С бұрышта тіреуіш қою.
• 7. Науқастың қолдарын алақанымен төмен қаратып, денесіне
параллель етіп орналастыру, білек астына кішкене жастықша
қою.

23. Симс қалпы


Симс қалпына науқасты жатқызу (ішіне және қырына жату қалпы аралығындағы жағдай)
Науқасты жатқызу екі мейірбикемен орындалады.
Мақсаты: төсекте жайлы қалып жасау.Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз
науқас қалпы, ойылудын алдын алуы.
Дайындаңыз: 3 жастықты, валикті, аяққа арналған тіреуді (құмы бар қап), функциональды
немесе жәй кереуетті.Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқаспен амандасу, жағдайын сұрау, манипуляция мақсатын,іс-әрекеттерін түсіндіру
2. Науқастың келісімін алу
3. Кереуеттің бас жағын горизонталь-ды қалыпқа келтіру. Науқасты бір қырымен жатқызуға
ыңғайлы жағдай жасалады.
4. Науқасты бір қырымен және жар- тылай ішімен жатқызу. Симс қалпын қамтамасыз ету.
5. Басына жастық қою . Мойынның шектен тыс бүгілуін болдырмайды
6. 90° бұрышта иықта және шын-тақта бүгілген «жоғарғы» қол асты-на жастықша қою.
«Төменгі қолды» бүкпей төсекке қою. Дұрыс дене биомеханикасы қамта-масыз етіледі.
7. Бүгілген «жоғарғы» аяқ астына жастықша қою, «төменгі» балтыр «жоғары» аяқ санының
төменгі 1/3 бөлігі деңгейінде орналасуы керек. Санының ішке қарай бұрылуын, аяқтың
шектен тыс жазылуын болдырмайды.
8. Аяқ астына 90° бұрышта тіреуіш қою. Аяқ басының бүгуін қамтамасыз ету, аяқ басының
«асылып қалуын» болдырмайды

24. Науқасты ішімен жатқызу


Іс-әрекет негізделуі
1.Науқаспен амандасу, жағдайын сұ-рау, манипуляция мақсатын, ісәрекеттерін түсіндіру. Науқаспен қажет қарым-қатынас жасалады
2. Науқастың келісімін алу. Науқастың құқығын сақтау қамтама-сыз
етіледі
3. Кереуетті горизонталды қалыпқа келтіріп, жастықты алып тастау.
Науқастың қалпын өзгертуге ыңғайлы жағдай қамтамасыз етіледі.
4. Науқастың қолдарын шынтағында жазып, денесіне жақындату, қол
ұшын санының астына қойып, қолы арқылы денесін айналдырып,
ішімен жатқызу. Науқастың қалпын өзгертуге ыңғайлы жағдай
қамтамасыз етіледі
5. Науқасты кереуеттің ортасына жатқызу. Пациентке ыңғайлы
жағдай жасалады.
6. Науқастың басын бір шетіне қарай бұру, басының астына кішкене
жастық қою. Мойын омыртқаларының бүгу және шектен тыс жазуды
азайту.
7. Көк ет деңгейінен төмен іш аймағына кішкене жастық қою. Бел
омыртқаларының шектен тыс жа-зылуы мен бел омыртқаларына
салмақ түсу төмендейді.
8. Науқастың қолдарын иығында бүгу, бас деңгейіне дейін көтеру.
Иық буынының шығып кетуін бол-дырмау
9. Аяқ басы астына валик қою. Аяқ басының “салбырап” қалуын
және сыртқа қарай бұралуын болдырмау

25. Ойық жараларды емдеу жолдары

• Ойық жараларды емдеу үрдістің
дәрежесіне байланысты болады. Емді 1-ші
дәрежеде бастаған аса маңызды, үрдіс
күшейген сайын емнің тиімділігі де азаяды.
1-ші және 2-ші дәрежедегі ойық жараларды
консервативті емдеуге болады. Бұл үшін
жараны антисептикалық өңдеу жүргізіп
және май жақпалар қолданамыз, мұндай
әдіс терінің эпителизациясын күшейтеді.

26.

• 1-ші дәрежедегі ойық жарада зақымдалған жерді балаларға
арналған иісмай немесе шырғанақты жағып, ультракүлгін
сәулелерімен емдік сеанс өткіземіз. Теріде мацерация
пайда болса бриллиант көгімен өңдейміз, жиектеріне
солкосерил майын жағамыз. Солкосерилмен окклюзивті
таңғышты қолдану (дене бөлігін ауа және сумен
байланысының алдын алу үшін қолданылатын герметикалы
оқшаулау) терінің қажетті ылғалдануына, үйкелісті,
ауырсыну сезімін азайтуға және терінің эпителизациясына
әсер етеді. Жақпа май майлыққа 2-3 мм қалыңдықта
жағылады және жараны өңдегеннен кейін жауып тұрады.
Теріні уқалауға болмайды. Жараны жазылу тиімділігі бар
аэрозольдер: олазоль, пантенол және т.б. Аэрозольдерді
көпіршікті жараға біркелкі жағып күнде немесе күнара
қолданады.

27.

• 2-ші дәрежедегі ойық жара пайда болған жағдайда,
жараны күніне бірнеше рет дезинфицирлеуші
ертіндімен өңдеп, солкосерилмен, левомиколмен
немесе стратомедпен биоокклюзивті таңғыш қойған
пайдалы және жараны жазылуына тиімділік
көрсететін аэрозольдерді, содан кейін
солкосерилмен жүйелі терапия қолданған дұрыс.
Жақсы емдік тиімділікті ферменттермен,
гидроколлоидты және гидрогелді аппликация қою
көрсетеді, бұл әдіс жараны тиімді тазалап, қабынуға
қарсы және жараны жазөғыш әсер береді. Теріде
көпіршік пайда болғанда бриллиант көгі
ертіндісімен өңдейді, содан кейін құрғақ дәкелі
таңғыш қояды.

28.

• 3-ші және 4–ші дәрежеде басты емнің түрі –
бұл хирургиялық ем. Іріңді жараны
санациялау үшін антисептиканың барлық
түрлерін қолданады: механикалық,
физикалық, биологиялық, химиялық.

29.

• Механикалық антисептика некроздалған
тіндерді кесіп алып тастау, іріңді қуыстарды
ашу. Егер жараның санациясын жүргізбесе,
онда тіндердің шіріген өнімдері және
микроб токсиндері интоксикацияны
күшейтеді.

30.

• Биологиялық антисептика май жақпаларды және
аэрозольдерді қолдануды көздейді, ол некроз тінін
шектеуге, еруіне және тартуына, жараның
тазалануына әсер етеді. Грануляцияның және
эпителизация үрдісінің жетілуін күшейтетін жақпа
майлар (солкосерил, левомиколь, стратомед және
т.б.), аэрозольдер (олазоль, пантенол және т.б.)
ферменттермен аппликациялар (трипсин,
химотрипсин), сонымен қатар гидроколлоидты
және гидрогельді таңғыштар (Purinol гель, Comfeel
плюс, Biatain байлам және т.б.)

31.

• 3-ші және 4–ші дәрежедегі ойық жаралардың
көлемі үлкен ауқымды, сондықтан науқас
ағзасында біршама сұйықтық жоғалту
байқалады. Науқас ағзасында дегидратацияны
дамытпай, қажетті сұйықтықтарды энтеральді
және парентеральді енгізген дұрыс. Жарадан
көп мөлшерде экссудативті бөлініс бөлінсе
арнайы абсорбирлейтін сорғыш таңғыштарды
қолданған жөн, олар өз алдына жараны
құрғатуға және сұйықтықты соруға әрекет
жасайды.

32.

• Физикалық антисептика айналымды
жақсартатын іс-шаралардан тұрады:
гироскопиялық таңғыш материалдарды,
дренажды қолдану, жараны ультракүлгін
сәулелермен және лазермен өңдеу.

33.

• Химиялық антисептика – теріні және жара
маңайын өңдеуге арналған антисептиктерді
қолдану. Антисептик ретінде 70% этил спиртін,
йодтың спирттік ертіндісін (1%-5%), 3% сутегінің
асқан тотығы, диоксидиннің 0,5% ертіндісін,
хлоргексидинді, микроцидті және т.б. қолдану.
• Жарадан көп мөлшерде экссудативті бөлініс бөлінсе
арнайы абсорбирлейтін сорғыш таңғыштарды
қолданған жөн, олар өз алдына жараны құрғатуға
және сұйықтықты соруға әрекет жасайды.

34.

• Ойық жараны тазалаған соң, грануляция тіндерінің
жетілуі, барлық шараларды жүргізу және жарадағы
микрофлораның болуын бақылау, хирургиялық
емді қолдануға (оперативті) - жергілікті тіндерден
пластика, тері-фасциальді немесе тері-бұлшықетті
жамаулармен пластика жасау қолданылады.
• Операциядан кейін пайда болған асқынуларға тері
астына сұйықтықтың жиналуы, қан кетулер,
жараның іріңдеуі, жіптердің жабылмауы, тері
жамауының некрозы және жылан көздердің пайда
болуы жатады.

35. Ойық жаралардың алдын-алу

• Ойық жараладың пайда болуының қаупін сандық
бағалайтын бірнеше шкалалар бар. Нортон бағалау
шкаласы — бес өлшемнен тұратын баллды санайтын
жүйе: физикалық жағдай, психикалық жағдай,
белсенділік, қозғалғыштық және ұстамсыздық
• Нортон шкаласы бойынша: балл қаншалықты аз болса,
соншалықты қауіп жоғары. 14 немесе одан төмен
баллды суммада науқас қауіп аймағына енеді, ал 12
балдан төмен болса жоғарғы қауіп аймағына енеді. Бұл
мейірбике бақылау картасымен қосылғанда шкала
қолданысқа өте ыңғайлы, себебі күнделікті есептелген
балл саны тіркеледі және соған байланысты ойық
жараның алдын алатын мейірбикелік шаралар
қолданылады.

36. Нортон шкаласы

• ЕСМ-дің бөлімдерінде ойық жараның алдын
алу мақсатында универсальді Waterlow
бағалау шкаласы бойынша қолданылады.
Оның қойған мақсаты «естелік жазба»
сұрақтары бойынша ойық жараның алдын алу
болып табылады. Аталған карта ойық жараға
әкелетін факторларды анықтап, ойықтың даму
қаупін бағалауды және алдын алуды және
емдеуді қамтамасыз етеді

37.

38. Ватерлоу шкаласы

• Waterlow шкаласы бойынша: балл қаншалықты жоғары
болса соншалықты қауіп жоғары. Қортынды нәтижемен
балдар қосылып, қауіп дәрежесі анықталады:
• 1-9 балл - қауіп жоқ
• 10-14 балл – қауіп бар
• 15-19 балл - жоғарғы қауіп дәрежесі
• 20 балдан жоғары - өте жоғарғы қауіп дәрежесі
• Алғашқы қарау кезінде қауіп дәрежесі аз болғанына
қарамастан ойық жараның дамуының қаупін анықтап
бағалау жүйелі түрде жүргізілуі керек. Егер науқас қауіп
тобына жатса, міндетті түрде шұғыл алдын-алу ісшараларын бастау қажет.

39.

40.

• Экзогенді ойықтың пайда болуының алдын
алу үшін, гипс таңғышының, емдік шинада,
жабысқақ пластырь қолдану кезіндегі
терінің дөрекі және ұзақ басылуын жоямыз.
Жарада тұрған дренаж түтіктері, катетерлер
және басқада құралдарды үнемі
ауыстырып немесе қалпын өзгертіп отыру
маңызды.

41. Эндогенді ойықтың пайда болуының алдын алу үшін келесі нұсқаулар беріледі:


Нортон немесе Ватерлоу шкалаларын пайдалана отырып науқас жағдайын
үнемі бағалау
Науқас қалпын әрбір 1,5-2 сағат сайын өзгерту (түнгі уақыттада): Фаулер және
Симс қалыптары, оң және сол жақ бүйірімен, ішіне (егер қарсы көрсеткіш
болмаса) жатқызу. Қалып түрлері науқастың жағдайына және ауруына сәйкес
ауыстырылады. Егер науқас төсегінде өз бетінше ауысқан болса, онда оны
мадақтап, көмектесуіміз қажет.
Науқасты төсекте дұрыс ауыстыру – төсектен көтеріп дене қалпын өзгерту.
Арнайы құрылғыларды қолдану: қолға және аяққа білікше (білікше орнына
жастық қолдануға болады), табан астына тірегіштер қолдану.Ойық жараның
пайда болуы мүмкін жерлері төсекке тимес үшін тыспен қапталған немесе
жаймамен жабылған резенкелі дөңгелекті қолданады.
Ойық жараға қарсы арналған гофрирленген беткейі бар матрацты
кереуеттерді қолдану. Матрастың автоматты компрессорлы ұяшықтары әрбір
15 минут сайын ауамен толтырылады, нәтижесінде науқастың тінінің басылу
дәрежесі өзгереді. Науқас денесінің тіндеріне қысым арқылы уқалау жүргізу
қалыпты қан микроциркуляциясын қамтамасыз етеді, бұл тері және тері асты
май шелінің оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз етілуін күшейтеді.

42.

• Төсекте биомеханика ережелеріне сәйкес науқастың
ыңғайлы жатуын бақылау
• Төсек жағдайын қадағалау (тамақ қалдықтарын сілку, төсек
жаймасында қатпарлардың болмауын, тегістігін жасау).
• Науқастың киімінің жағдайын тексеру (лас киімді уақытылы
ауыстыру; науқас денесіне бағытталған дөрекі тігісті, ішкі
түймелері бар киімдерді қолданбау).
• Тері жағдайын күнделікті тексеру.
• Терінің әлсіз жерлерін сабынды жылы сумен немесе
дезинфицирлеуші ертінділермен күніне 2 рет өңдеу жүргізу
(қажет жағдайда бірнеше рет).
• Терінің құрғақтығында ылғалдайтын иісмайларды қолдану,
әсіресе болашақ ойық пайда болатын жерлерді. Күшті тер
бөлініс кезінде - құрғататын сепкіш қолдану.

43.


Науқастың тағамдық рационын бақылау (қолданатын тағамның сапалық және
сандық қасиеттерін). Рационында қажетті ақуызды, минералды тұзды және
дәруменді сапасын бақылау. Қажет жағдайда диетаға өзгеріс енгізу.
Сұйықтық қабылдау режимін бақылау – тәулігіне қолданатын сұйықтық санына
қарсы көрсеткіш болмаса 1,5 л аз болмауы керек. Сұйықтық саны азайса зәр
концентрациясының жоғарлауына әкеледі, бұл зәр шығару жолдарының
инфекциясын даму қаупін жоғарлатады.
Зәр тоқтамаған жағдайда үлкендерге арналған памперстерді қолдануға болады,
оны уақытылы ауыстырып отырған жөн (4 сағат сайын). Ер адамдарға сыртқы зәр
қабылдағыштарды қолдануға болады. Памперсті ауыстырғанда (жаялықты)
міндетті түрде сабынды жылы сумен ластанған жерледі гигиеналық өңдеу
жүргізіп, құрғатамыз.
Бірінші қызаруы немесе терінің бозаруы пайда болған сәттен бастап лимон
шырынымен, 10% камфор ертіндісімен немесе ылғалды сүлгімен сүртеміз және
квару шамымен сәулелендіру емін жасаймыз.
Айқын көрінген ойық жараны шұғыл түрде калий перманганат ертіндісімен,
Вишневский майымен, синтомицин эмульсиясымен немесе перуан майы
қосылған самырсын бальзамымен емдейміз.
Алдын алу шаралары емдік шараларға қарағанда тиімді. Егер уақытылы
шараларды дұрыс қолданса 95% жағдайда ойықтың алдын алуға болады.

44. Қорытынды

• Теріні күту және ойылудың алдын алу Науқасты әсіресе ауыр
халдегі науқастарды күтуде тері күтімі маңызды орын алады.
Оның тазалығы мен тұтастығы аса маңызды шарт болып
саналады. Терінің жұмсақтығы мен серпімділігін сақтау үшін май
және тері бездері қызметінің маңызы зор. Алайда тері мен май
терінің бетіне жиналып, оны кірлетеді. Маймен, терімен бірге
теріге шаң мен микроағзалар да жиналады. Тері кірлеуінен
қышиды, одан сызылған, (терінің тырналған жері) қасылған
жерлер пайда болады, яғни терінің тұтастығы бұзылады. Бұл өз
кезегінде терінің үстіңгі қабатындағы микробтардың тереңірек
бойлауына жағдай жасайды. Осыған байланысты мейірбике
пациенттің жеке басының ережелерін сақтауын қадағалайды және
теріні таза сақтау жөніндегі әрекеттерді орындауға көмектеседі.
Мейірбике өз аяғымен жүрген науқастардың төсек-орын
жапқыштарын, іш киімдерін ауыстыра отырып, гигиеналық ванна
алу кестесін жасап, орындауы тиіс.

45.

• Науқастың терісін жылы суға немесе антисептиктік ерітіндіге
батырылған орамал ұшымен күніне 2 рет (10% камфор спиртінің
ерітіндісімен немесе 70% этил спиртімен) сүрту керек. Әсіресе
әйелдердің сүт бездерінің астындағы тері қабаттарын, науқастың
мойнын, құлағының сыртын, арқасын, көкіректің алдыңғы жағын,
қолтық астын сүрту үшін орамалдың бір шетін зарарсыздандыру
ерітіндісіне малып, жайлап қысады да, сонымен сүртеді. Содан
кейін осы тәртіппен құрғатады..Көздің, құлақтың, мұрын мен ауыз
қуыстарының күтіміАуыз қуысын күтуАуыз қуысында көп
микробтар жиналады, олар ағза әлсірегенде ауыз қуысының
ауруларын тудырып, адам ағзасының жалпы жағдайын нашарлатуы
мүмкін. Ауыр халдегі науқастарда жиі стоматит (ауыз қуысы кілегей
қабығының қабынуы) дамиды. Тамақ қабылдау кезінде ауырсыну,
сілекейдің ағуы, дене қызуының көтерілуі байқалады. Оның себебі
ауыз қуысының нашар күтімі болып есептеледі. Кейде науқастарда
еріндердің құрғауы, ауыз бұрыштарында ауырсынатын тері
тілінулері болуы мүмкін. Науқастың жағдайын жеңілдету үшін
еріндерге суға малынған дәке салфетканы қойып, соңынан еріндерді
майлап қоюға болады.

46. Пайдаланылған әдебиеттер

1.Гребенёв «Уход за больными».
2.Қайдаров С.Б. «Клиникаға кіріспе –1»Семей
3.С.Қ.Мұратбекова “Мейірбике ісінің негіздері”
4.П.П.Обуховец “Основы сестринского дела”
• https://studfile.net/preview/4028641/page:54/
• https://ppt-online.org/558475

47. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

English     Русский Правила