2.99M
Категории: ЭкономикаЭкономика ИсторияИстория

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

1.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университеті
Тақырып:Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығы
Орындаған:Риздуанова Аружан Асқарқызы
Тарих пәні мұғалімі-101 топ студенті

2.

3.

4.

1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларус және
Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен
жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991
ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары
Ашғабатта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді.
1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Әрменстан, Беларус,
Гүржістан, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан,
Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны
құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі
және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа
бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық
міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алма-Аты
Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия
қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты.
Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және
ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді
теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша
іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық
құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.

5.

Мемлекеттер басшыларының кеңесі;
Үкіметтер басшыларының кеңесі;
Сыртқы істер министрлерінің кеңесі;
Экономикалық кеңесі;
Қорғаныс министрлерінің кеңесі;
Шекаралық әскер басшыларының кеңесі;
ТМД Экономикалық соты;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің
парламентаралық ассамблеясы;
9. Достастықтың жарғылық және басқа да
органдарының жанындағы ТМД-ға қатысушы
мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері;
10. ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы
Экономикалық мәселелер жөніндегі
комиссиясындағы Достастық мемлекеттерінің
тұрақты Өкілетті өкілдері;
11. ТМД-ның Атқарушы комитеті.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.

6.

Тәуелсіз Мемлекет Достастығы 1991 жылы құрылды . Достастықтың
құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті
формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық
егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде
жаңа қатнасты құруға көмектесті. Мұндай мемлекеттердің кеңесінде
республикалар арасында еңбек бөлінісі қолайлы , яғни олапрдың әр
қайсысы өнім түрлерін оларға қолайлы жағдайда өндіру үшін. Белгілі
салада арнайы территориялар арқылы өнімді орналастыру қоғамдық
еңбек үнемді болады. Бұл ТМД елдерінде жақсы өткізіліп отыр. ТМД –
ға кіріп отырған әрбір мемлекет өэ бағыты бойынша машықтануда.
Қазақстанның жаңа тарихы 15 –жыл шамасымен есептеледі. Бір
кеңестік уақыт кезінде республиканың экономикасы халық
шаруашылығының кешені беріліп отырған мәтінде қаралса, ал енді
Қазақстанның орны мен рөлін жаһандық экономикада толығымен
айталамыз. Әлемдік экономиканың конценрациясының көлемі келесі
параметрмерге шағылысады. Әлемдегі ішкі өнімнің ЖІӨ - нің көптен
бір бөлігі 29 дамыған мемлекетке қатысты – 54,6 %, оның ішінде үлкен
7 – ке – 43,0% кіреді, АҚШ – 20,9%, 12 – мемлекет кіреді Евроодақ –
15,3% кіреді. Әлемдегі 146 – мемлекеттен құрайтын жаңа құрушы
нарық пен дамушы мемлекетке әлемдік ЖІӨ - нің 7,2% құрайды, оның
ішінде 3,8% ТМД – ның 12 мемлекеті кіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан
әлемдік ЖІӨ - де 0,1% құрайды. Сонда да, 1995 жылдан бастап 1,75%
ке өсті 1999 жылы осы көрсеткіш айқын төмендеді, яғни ол 2 факторға
байланысты. Біріншіден, 1997 – 1998 жылығы Азия – Ресей қаржы
дағдарысының салдарынан. Екіншіден, 1999 жылдың сәуір айында
республикада өткен ұлттық валюталық девальвациясы.

7.

Ал 2000 жылдан бастап Қазақстан әлемдік ЖІӨ - мі тұрақты өсуде.
Бірақта өсу қарқыны бойынша Қазақстанды әлемдегі көптеген
мемлекеттер озуда. Тасмалдау экономикасының өсу динамикасының
салыстырмалы анализінің көрсеткіші бойынша, 1999 жылдан
бастап Орталық және Шығыс Европа мемлекеттері мен
салыстырғанда Қазақстанның ЖІӨ - нің арқыны өзгеріс табуда. 90
жылдармен салыстырғанда, соңғы жылдары Қазақстандағы ЖІӨ - нің
өсуі ірі мұнай экспортының түсуіне байланысты. Экспорттық кірісте
көмірсутегі шикізаты негізі қайнар көзі болып есептелетін
мемлекеттерде экономика динамикасының өсіуі экспортық кірісте
энегетика тауары емес мемлекеттермен салыстырғанда төмен.
Әлемдік тауар және қызмет экспорты дамыған мемлекеттерде 71,8%
құрайды, оның ішінде, осы көрсеткіштің 42,3% әлемдегі 7 жетекші
мемлекеттің үлесіне кіреді әлемденгі тауарлар мен қызмет
экспортының 21,2% дамушы мемлекеттерге қатысты, транзиттік
экономика мемлекеттерінің үлесіне 7%, оның ішінде ТМД
мемлекеттеріне 2,7% кіреді. Қазіргі Қазақстанның әлемдік
шаруашылықпен бірігіуін сыртқы сауда маңызды болып отыр. Соңғы
10 – жылда Қазақстанның тауар экспорты мен қызметі 2 – есеге артты.
Бұл 3 фактормен түсіндіріледі. Біріншіден, шетел инвестициясының
ағымының көлеміне қолайлы инвестициялық климат құру ықпалын
тигізді, оның үлесі мемлекеттегі мұнай шығару саласының дамуына
баңытталады. Өз кезегінде, бұл газ және мұнай алу өсімін шақырды.
Екіншіден, әлемдік нарықтағы көмірсутегінің шиказытының қолайлы
конъюнкурасы Республикадағы экспорт потенциалының өсуіне
ықпалын тигізді. Үшіншіден, соңғы он жылда, Қазақстандық тауар және
қызмет экспортының үлесі әлемдік сауданың қарқынды дамуымен
салыстырғанда өсті.

8.

ТМД мемлекеттерімен қатынастың дамуы, соның ішінде көпжақты интеграциялы
өзара әрекет – Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының ең маңызды
бағыттарының бірі. ТМД шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың
қазақстандық әдістемесінің негізінде тығыз интергациясы астасып жатқан
елдердің шағын тобын қалыптастыру мүмкіндігінен туындайтын қарқыны әрқилы
интеграция тұжырымдамасы жатыр. Қазақстан Достастық кеңістігіндегі
субаймақтық бірлестіктер әрекетінің ашық түрде жүргізілуін, ал олардың
мақсаттары мен практикалық әрекеттері ТМД дамуының ортақ арнасында
ұштасуын қолдайды. Достастыққа көпжақты өзара әрекеттестіктің түрлі
салаларына мемлекеттердің іріктеліп қатысуы тән, яғни, мүдделік білдіретін
тараптар форматында жүзеге асады. ТМД органдарының шешімдерінің күші тек
оларды қабылдауға қатысқан мемлекеттер үшін ғана таралады. ТМД әрекетінің
тиімділігін арттыру, құрылымын жетілдіру мақсатында қазақстан тарапының
бастамашылық етуімен шын мәнінде ынтымақтастықтың барлық бағытын
қамтитын ТМД-ны одан әрі даму тұжырымдамасы мен оны жүзеге асу жөніндегі
іс-шаралар жоспары әзірленіп, ол 2007 жылғы қазанда Душанбеде
мақұлданды.. Олардың негізінде ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық
дамуы стратегиясы әзірленіп, қабылданды. Еркін сауда аймағын құру, сауда,
ауылшаруашылық, электрэнергетика және т.б. нарықтарды қалыптастыру
жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Саяси, гуманитарлық, көлік, қауіпсіздік және
көші-қон салаларында өзара әрекеттестік жалғасуда. Аталған Жоспарда
бірлестік әрекетін жетілдіру жөніндегі нақты шаралар тізбесі көрініс тапқан. Атап
айтқанда, осы құжатқа сәйкес 2008 жылғы қазанда ТМД-да төрағалық ету
туралы, Ұлттық үйлестірушілер туралы ережелер қабылданды. Достастықтың
салалық органдарын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде, ТМД
Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ТМД-ның Жоғарғы
органдарындағы рәсімдеудің жаңа ережесін қабылдау жоспарлануда. «Бір жылбір тақырып» формуласы бойынша жұмыс принципін ескере отырып, 2007
жылы келісілген көші-қон саясаты жөніндегі ұсыныстарды дайындауға арналса
(2007 жылғы 5 қазанда Душанбеде тиісті Декларация қабылданды), 2008 жыл
келісілген көлік саясаты саласындағы ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар
дайындау жылы, ал 2009 жыл – энергетика саласындағы ынтымақтастық жылы.

9.

ТМД жеріндегі халықтар сөйлейтін тілдер. ТМД-да тұрушы
негізгі халықтардың тілдері 130-ға жуық. Ол тілдерде
сейлейтін кейбір халықтардың ТМД-даң тыс жерлерде өз
мемлекеті бар. ТМД елдерінің тілдері шығу тегі,
типологиясы, сөйлеушілердің саны, жазу дәстүрі жағынан
бір-бірінен ерекше. ТМД елдерінің тілдері шығу тегі
(генетикалық туыстығы) жағынан мынадай топтар мен
семьялардан тұрады:
Үндіеуропа тілдері, оған:
армян тілі;
шығыс славян тілдері — беларусь, орыс, украин тілдері;
герман тілдері — идиш тілі;
иран тілдері — белудж тілі, Памирдегі шығыс-иран тілі, курд,
осетин, тәжік, талыш, тат, #ягноб тілдері, памир тілдері;
жаңа үнді тілдері — цыган тілі;
роман тілдері — молдова тілі кіреді.
Кавказ (ибери-кавказ) тілдері, оған:
абхаз-адыгей тілдері — абазы, абхаз, адыгей, кабардычеркес тілдері;
Картвел тілдері — грузин, зан, сван тілдері;
дағыстан тілдері — авар, андий тілдері; лезгин тілдері; цез
тілдері;
нах тілдері — бацбий, ингуш, чечен тілдері кіреді.
Қытай-тибет тілдері, оған дүнген тілі кіреді.
Монгол тілдері, оған: бурят, калмак тілдері кіреді.

10.

Карта
Астанасы: Мәскеу

11.

Карта
Астанасы: Астана

12.

Астанасы: Бишкек

13.

Туркменстан
Астанасы: Ашхабад

14.

Астанасы: Душанбе

15.

Армения
Հայաստանի
Հանրապետություն
Астанасы : Ереван

16.

Өзбекстан
O‘zbekiston Respublikasi
Астанасы : Ташкент

17.

Азербайджан
Azərbaycan Respublikası
Астанасы : Баку

18.

Беларусь
Рэспубліка Беларусь
Астанасы: Минск

19.

Молдова
(Молдавия)
Republica Moldova
Астанасы: Кишинев

20.

Украина
Україна
Астанасы: Киев
English     Русский Правила