Л Е К Ц И Я
Деректер қоры және оның түрлі анықтамалары
366.00K
Категория: Базы данныхБазы данных

Реляциялық деректер қоры және SQL тілі

1. Л Е К Ц И Я

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университеті
“Ақпараттық жүйелер” кафедрасы
ЛЕКЦИЯ
Тақырыбы:
Реляциялық деректер қоры және SQL тілі
Лектор: т.ғ.к., “Ақпараттық
жүйелер” кафедрасының
доценті Исмаилов Х.Б.
Шымкент, 2017ж.
1

2.

Лекцияның мақсаты
Студенттерге реляциялық деректер қоры
туралы мәлімет беру және
SQL тілінің негіздерін үйрету
Лекцияның міндеттері
• реляциялық деректер қорының негіздері, элементтері
және негізгі түсініктерімен танысу;
SQL тілінің негіздерімен танысу;
SQL тілі операторларының топтастырылуы бойынша
қарастыру;
нақты реляциялық деректер қорына мысалдар
қарастыру;
берілген деректер қорына қарапайым SQLсұраныстарын құру.
2

3. Деректер қоры және оның түрлі анықтамалары

Деректер қоры - нақты кәсіпорынның ақпараттық
қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған логикалық
байланысқан деректердің (және бұл деректердің сипаттамалары)
бірге қолданылатын терімі;
Деректер қоры – бұл бір рет анықталатын және түрлі
бөлімшелердің көп қолданушылары қолданатын бүтін және үлкен
қойма;
Деректер қоры – ортақ қасиетке ие деректердің жиынтығы;
Деректер қоры – ЭЕМ-нің сыртқы жадында ұзақ сақтауға және
қолдануға арналған деректердің ұйымдастырылған жинағы.
3

4.

Деректерді бейнелеудің
негізгі модельдері
Деректерді
бейнелеу
модельдері
Ағаштәріздес
модель
Желілік модель
Деректер ағаш
түрінде беріледі
және түйін, деңгей,
жазба түсініктері
арқылы
анықталады.
Деректер желінің
элементтері болып
табылады және
сегмент, агрегат және
жазба түсініктері
арқылы сипатталады.
Реляциялық
модель
Деректер кесте
түрінде бейнеленеді,
атрибут және
қатарлар арқылы
деректер анықталады.
4

5.

Деректердің реляциялық
моделі
РЕЛЯЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬ – RELATION MODEL –
“ҚАТЫНАС” МОДЕЛІ – КЕСТЕ ТҮРІНДЕГІ МОДЕЛЬ
Қатынас – бұл қатар және бағандардан тұратын жалпақ кесте.
Кез-келген реляциялық ДББЖ да қолданушы деректер базасын
кесте жиыны түрінде қабылдайды деп есептелінеді.
Атрибут – бұл қатынастың атау берілген бағаны.
Домен – бір не бірнеше атрибуттар қабылдай алатын мәндер
жиыны.
Кортеж – бұл қатынастың қатары.
Қатынас дәрежесі – қатынастың атрибуттарының санымен
анықталады.
Кардиналдылық – қатынас кортеждерінің жалпы саны.
5

6.

Деректердің реляциялық
моделіне мысал
Бөлім
нөмірі
Көше
Аудан
Қала
Пошта
индекс
і
Телефо
н нөмірі
Факс
нөмірі
А1
Бейбітші
лік
ӘлФараби
Шымкент
160012
21-19-82
21-19-83
А4
Сайрам
Еңбекші
Шымкент
160810
55-43-47
55-43-48
А3
Асқаров
Абай
Шымкент
160012
33-45-89
33-45-88
А6
Төлеби
ӘлФараби
Шымкент
160811
33-52-22
33-50-16
Қатынастың дәрежесі
Қатынастың кардиналдылығы
Кортеждер
Атрибуттар
6

7.

Реляциялық модельде
байланыстардың түрлері
Байланыс
түрлері
1:1
“Бірге-бір”
ҚР азаматының
тек бір ғана ЖСН-і
бар.
1:К
“Бірге-көп”
ҚР азаматының
бірнеше автокөлігі
болуы мүмкін.
К:К
“Көпке-көп”
Топ студенттері
бірнеше пәндерді
үйренеді.
7

8.

SQL –деректер базасына
сұраныстар құру тілі
SQL – STRUCTURED QUERY LANGUAGE
SQL – ҚҰРЫЛЫМДАЛҒАН СҰРАНЫСТАР ТІЛІ
Сұраныс - деректер базасында сақталатын мәліметтерді таңдау, жою не
түрлендіру амалдарының құрамын анықтайтын арнайы тәрізде берілген
шарт.
SQL тілі кестелерге (құру, жою, құрылымын өзгерту) және оның
деректеріне (таңдау, өзгерту, қосу және жою) амалдар қолдануға,
сонымен бірге кейбір ортақ амалдарды орындауға арналған.
SQL процедуралық тіл емес және басқару, ішкі бағдарламаларды, енгізушығару амалдарын ұйымдастыру операторларын орындамайды.
SQL жеке қолданылмайды, ол ДББЖ бағдарламалау тіліне енгізілген.
SQL бағдарламалар жазылатын басқа бағдарламалау тілдерінен өзгеше
декларативті (сипаттау) тілі болып табылады. Яғни, SQL тіліндегі
өрнектер қалай емес?, не істеу керектігін? сипаттайды.
8

9.

SQL тілі операторларының
топтастырылуы
SQL тілі
DDL – Data
Definition
Language
Деректерді
анықтау тілі кестелерді құруға,
өзгертуге және
жоюға арналған
DML – Data
Manipulation
Language
Деректерді
манипуляциялау тілі –
кестелердегі
деректермен жұмыс
істеуге арналған
DCL – Data
Control
Language
Деректерді басқару
тілі - деректер
базасын түрлі қауіпті
жағдайлардан
сақтауға арналған
9

10.

DDL тілінің негізгі операторлары
және олардың қызметі
CREATE TABLE – жаңа кесте құру;
CREATE VIEW – жаңа көрініс құру;
CREATE SHEMA – жаңа сұлба құру;
ALTER TABLE – бар кестені өзгерту;
DROP TABLE – бар кестені жою.
МЫСАЛДАР:
CREATE TABLE STUDENT
DROP TABLE BOOKS
ALTER TABLE NOTEBOOK
10

11.

DML тілінің негізгі операторлары
және олардың қызметі
SELECT – берілген шарттарды қанағаттандыратын
деректерді таңдау;
UPDATE – берілген шарттарды қанағаттандыратын кесте
қатарлары бойынша өрістердің мәндерін өзгерту;
INSERT – кестеге жаңа қатар қосу;
DELETE – берілген шартқа сәйкес қатарды жою
МЫСАЛДАР:
SELECT Аймақ, Фамилия, Мекенжайы FROM Тұтынушы
SELECT Фамилия, Қызметі FROM Жұмысшылар
Where Бөлім = 102
UPDATE Жұмысшылар SET Фамилия = ‘Аманов’
WHERE Фамилия = ‘Ахметов’
11
English     Русский Правила