Похожие презентации:
Халық дәстүрі-асыл қазына
1.
Тақырыбы:Халық дәстүрі-асыл қазына
Дайындаған: Т-413 Молдабаева Азиза
2.
Мақсаты: Оқушылардың халық дәстүріұғымдарын кеңейту.
Міндеттері:
-Халық дәстүрінің маңыздылығы туралы
түсінік беру;
-Халық дәстүрінің мәнін түсініп, оны
қадірлеп, бағалай білуге баулу.
-Сүйіспеншілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
3. «Қазақтар - әдет-ғұрып, салт-сана, тіл жағынан біртұтас ұлт» В.В.Радлов.
4.
• Қазақ халқының көнеден келе жатқансалт – дәстүрлері, ырымдары өте көп.
Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге
дейін қазақи салт - дәстүрлерімен,
ырымдарымен, той – мереке, тағы
басқа да жол – жосындарымен талай
елді таң қалдырып келеді. Атабабамыздың қалдырған асыл мұрасын
қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта
жаңартатын ендігі болашақ ұрпақтың
өз қолында.
5.
Қазақтың ұлттық би өнері ерте замандардан бастау алып, күнібүгінге дейін өркендеп келеді. Би өнері халқымыздың салт-дәстүр,
тұрмыс-тіршілігіне байланысты туындаған.
6.
Қазақтың ежелгі би өнері үлгілері жөнінде дастандарда, ертегілерде,батырлар жырларында да айтылып отырады. Белгілі музыкалық
шығармалар, күй әуендері биді сүйемелдеу үшін пайдаланылған. Мысалы,
“Қаражорға”, “Бүркіт биі”, “Қаз-қатар”, “Насыбайшы”, “Құсбегідауылпаз”, “Аю-би”, “Киіз басу”, “Өрмек тоқу”, “Аққу”, “Ортеке”және
т.б билер сондай әдіс-тәсілмен орындалған.
7.
ШілдеханаҚырқынан
шығару
Тұсаукесер
Халық дәстүрі
Сүндет той
Үйлену тойы
Тілашар
8.
Дәйексөз:“Дәстүрін ел-жұртымның ардақтаймын,
Ежелгі ата-баба салтын сақтап”.
Өмір бойы жалғасатын үрдіс.
Дәстүр
Ұлттық
құндылықтарды меңгеру.
Ата-бабадан келе жатқан мұра.
9. Халық дәстүрлері:
Шілдехана
Нәресте
Сәби
Қырқынан шығару
Қарын шашын алу
Аластау
Кәде
Тұсау кесу
Қаз тұру
Есу
Шашу
Құда
Құда түсу
10. Шілдехана
11. Қалжа мен шілдехана тойы
• Бір баланың дүниеге келуі тек сол бала туғанотбасының қуанышы ғана емес, күллі ауыл
аймақтың ортақ қуанышы. Әсіресе ұл
баланың тууын қазақтар қатты қастерлеп,
«ұл туғанға күн туады» дейді. Байырғы қазақ
салты бойынша, бала туған күні сол
отбасында той басталып, «қалжа» сойылып,
маңайдағы абысын – ажын, тағы басқа
әйелдер жиналып, «баланың бауы берік
болсын» айтып құттықтайды. Ал кешке қыз
– бозбала жиналып, түні бойы ән салып,
домбыра шертіп, өлең айтып «шілдехана»
күзетеді, түрлі ойын – сауық кейде өткізеді.
12. Қырқынан шығару
13.
14. «Бесік тойы».
• Жаңа туған балаға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлеужорасы «бесік тойы» деп аталады. Бұған көбіне сол
төңіректегі әйелдер шақырылады. Келген әйелдер
балаға арнап шашу, көйлек – көншек, тан – моншақ,
үкі, т.б. тойлықтар әкеледі. Ат қойылатын
баланың оң құлағына үш рет, сол құлағына үш рет
«сенің атың.....» деп айтады. Ұрпақ өсірген үбірлі –
шүбірлі қадірмен әйел бір – екі келіншектің көмегімен
бесікт жабдықтайды.
• Сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға
тәтті бауырсақ үлестіреді. Онан соң әлгі баланы
тұңғыш рет бесікке бөлейді. Тойға жиналғандар
дастарқаннан дәм татып, баланың өмірі ұзақ, бауы
берік, бақытты болуын тілеп бата беріп тарасады.
15. Тұсау кесу
16. Қыз ұзату
«Қыз ұзату» (салт, той). «Ұлын ұяға, қызын қияға
қондыру» ата ананың тілегі әрі парызы. Соның
ішінде қыз ұзату үлкен той, думан әрі қызық. Бұл
күні ата ана қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны
қыз өсірді және оны құтты жеріне қондыруы,
жылайтыны әрине қимастық көңілі.
Қызды алуға құда (тақ санмен) бес не жеті кейде
одан да көп адам келеді. Мұның ішінде бас құда,
құдалар және күйеу жолдас болады. Солтүстік
және Орталық Қазақстанда тек ер адамдар
барады. Құдалар әдетте кешкілік баруы керек.
Мұнда ойын сауық, құдалық рәсімдер мен кәде
жоралар жасалады. Жақын адамдар құданы
үйіне шақырады.
Ұзатылатын қызды дәстүр бойынша таң ата, күн
шыға жөнелтеді. Оның алдында қыз «Қоштасу
жырын», жастар «Жар жар», «Ау жар»,
«Аушадияр» айтылады
17. Бала тәрбиелеудегі салт-дәстүрлерді ретімен ата:
Тұсау кесу
Балаға ат қою
Бесікке салу
Қырқынан шығару
Сүндетке отырғызу
Атқа мінгізу
18.
“Қазақ халқы салт -дәстүрге өте бай ел.Бұлоның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігініңайғағы.
Біздің халқымыз ұрпақтарына ғасырдан
ғасырға ұлт қасиетін салт -дәстүрмен,
Өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөнжосықпен,әдепті ырым-тыйыммен
тәрбиелеп, аса сенімді әрі ғажайып жол
екенін көрсетті.
Отаншылдық ,ерлік, мәрттік, жомарттық,
қайырымдылық, жоғары адамгершілік
қасиеттер осы жол арқылы дарыған.
19.
Түйіндеме.-Ата баба дәстүрін,әдет ғұрпын құрметтеуді
үйрендік.
-Қазақ ұғымындағы қарашаңырақтың
маңызын түсіндік.
-Халық дәстүрінің атадан балаға мирас болып
қалыптасқанын түсіндік.
-Өзіміз үшін маңызы бар халқымыздың игі
дәстүрлерімен таныстық.
20.
“Біздің балаларымыз бен немерелерімізбабаларының игі дәстүрін сақтай
отырып,қазіргі заманғы нарықтық
экономикалық өркендеу үстіндегі күллі
әлемге,әрі сыйлы өз елінің патриоттары
болады”деп нақты көрсеткен болатын.
Н.Ә.Назарбаев
“Қазақстан-2030” Жолдауы.
21.
1. Кәмәлашұлы, Б.Қазақ халқының туыс туғандық
жүйесі, ұрпақ өсіру, тәрбиелеу
дәстүрі, үйлену ғұрыптары/ Б.
Кәмәлашұлы; сарыпшалар : Ә.
Көпіш, Б. Өмірбек.- Алматы: Өнер,
2005.
2. Қазақ халқының дәстүрлері мен
әдет-ғұрыптары. Т.2. Дүниеге
келгеннен өмірден озғанға дейін
(отбасылық әдет-ғұрыптар
ертеректегі авторлардың еңбектері
бойынша) / Жауап. ред. С.Е.Әжіғали;
Ш.Ш. Уалиханов атын. тарих және
этнология ин-ты.- Алматы: Арыс,
2006.- 412б.- (Мәдени мұра).