Похожие презентации:
Кенеттен өлім. Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу ережелері
1.
Семей Мемлекеттік МедицинаУниверситеті
СӨЖ
Тақырыбы : Кенеттен өлім. Жүрек-өкпе
реанимациясын жүргізу ережелері
Орындаған: Хабылайқызы А.
520-топ, ЖМФ
Тексерген:Батенова Г.Б.
Семей 2016 ж
2.
Сіз жедел жәрдем дәрігерісіз.Диспетчерге науқастың туысынан
қоңырау түсті – ер адам 57 жаста
кеуде артындағы қатты қысып
ауырсынуға, жүрек қағуға, жүрек
жұмысының өзгерісіне, кеудедегі
бату сезіміне, қорқыныш сезіміне,
ентігуге және әлсіздікке
шағымданады.
3.
Қоңырау шалған адамғақандай сұрақ қоясыз?
4.
*Ұстама басталғанннан беріқанша уақыт өтті?
*Ұстаманың басталуына не
себеп болды?
*Қазіргі жағдайының
нашарлауына қандай
симптомдар әсет етті?
5.
Ұстама 1сағат бұрын, стресстікжағдайдан кейін басталған,
кеудеде ауырсыну сезімі және
жүрек жұмысының өзгерісі пайда
болған. Соңғы 20 минутта
жағдайы нашарлай бастады,
жүрек қағу, әлсіздік, шамалы
ентігу және қорқыныш сезімі үдей
түскен ауырсыну шыдаттпайтын
сипатка ие болган.
6.
Қоңырау шалған адамғақандай кеңес бересіз?
7.
*Науқасқа ыңғайлы горизонтальды жағдайда жатуғакөмектесіңіз.
*Абсолютті төсектік тәртіп.
*Жылы және тыныш жатуын қадағалаңыз.
*Науқасқа 1 таб. 0,5мг нитроглицерин тіл астына
беріңіз.
*Ұстама 15 минуттан артық уақытқа созылса,
науқасқа 160-325мг аспирин шайнауға беріңіз.
*Науқас қабылдайтын дәрілерді,
бұрын түсірілген ЭКГ пленкаларын тауып, жедел
жәрдем қызметкеріне көрсетіңіз.
*Су және тағам бермеңіз.
*Науқасты қараусыз қалдырмаңыз.
8.
20 мин-тан кейіншакыртуда
9.
Анамнезінде ең алдымен ненібілуіміз керек?
10.
*Науқас жүрек қан тамыр ауруларымен ауыра ма?*Бұрын АҚ жоғарылауы тіркелді ме?
*АҚ қалыпты және максимальды көрсеткіштері?
*Осындай ұстамалар бұрын болды ма?
*Ұстаманың әдеттегі ұзақтығы?
*Немен тоқтатылды?
*Науқаста бұрын миокард инфаркты болды ма? (болса
қашан?)
*Жедел жәрдем келгенше науқас дәрілік зат қабылдады
ма? Оның әсері?
*Зиянды әдеттері?
*Тұқым қуалайтын аурулар барма?
11.
* Туысының айтуы бойынша әкесі 20 жыл артериалдыгипертензиямен ауырады, соңғы үш жылда күш түсу
стенокардиясы, ауырсыну кезінде нитроглицерин таб.
қабылдайды, әдетте 2-3 минуттан кейін әсер ететін.
* АҚ 150/90 мм с.б, 220/120 мм с.б дейін жоғарылаған.
* Миокард инфаркты болған жоқ.
* Жедел жәрдем келгенше 1 таб. Нитроглицерин, қабылдаған,
бірақ әсерсіз.
12. Объективті:
*Науқатың жағдайы ауыр, ессіз. Тері жабындыларыбозғылт, терісінде «мрамор» суреті, суық жабысқақ
тер.
*Қолы мен аяғы суық.
*Көзінің қарашығы кеңейген, жарыққа реакциясы
әлсіз.
*Теріасты май клетчаткасы шамалы дамыған.
*Өкпесінде әлсіз везикулярлы тыныс естіледі,
сырыл жоқ.
*Жүрек тондары тұйық, ЖСЖ және қолдарында
пульсты санау мүмкін емес. АҚ 60/40 мм с.б
*Іші жұмсақ, ауырсынусыз.Бауыры қабырға
доғасында.
*Ісінулер жоқ.
13.
Диагнозын анықтау үшінгоспитализацияға дейінгі этапта
қандай тексерулер жүргізу
қажет?
14.
*ЭКГ*Тропонинді тест
15. Тексеру нәтижесі
*ЭКГ: қарынша фибрилляциясы. STII,
III, AVL, V 3-6 тіркелерінде көтерілуі.
R тісшесінің вольтажы сол жақ
тіркемелерде төмендеген.
*Тропонинді тест оң.
16.
17.
18.
Сіздің диагнозыңыз?19.
Ds: ЖИА. Миокардинфаркты,жедел сатысы,Q
тісшесімен,артқыдиафрагмалдық ауыр
кардиогенді шокпен асқынған.
Қарыншалар фибрилляциясы.
20.
Жедел көмек көрсетуалгоритмі қалай?
21.
аяғын аздап көтеріп горизонтальды жағдайда жатқызу*(Науқасты
егер сол қарыншалық жетіспеушілік көріністері болмаса)
Электроимпульсты терапия. Бастапқы разряд 200 Дж. Әсер
*болмаған
жағдайда қуатты біртіндеп 200-300-360 Дж дейін
жоғарылату.
Лидокаин 1-1,5 мг/кг (2% - 2-5 мл) дозасында 3-5 мин. к/т
*болюсті.
Қажет жағдайда дозаны 5-10 мин кейін қайталау.
Нейролептанальгезия, наркотикалық анальгетиктер: Фентанил
*0.05%
2-3мл немесе Морфин 1% 1мл немесе Промедол 2% 2мл
20мл 0.9% S.NaCl ерітіндісінде араластырып к/т бөлшектеп 4-6млден ауырсыну басылғанша енгізу.
Фибринолизистік терапия: Гепарин 10-15мың бірлік к\т;
*Стрептодеказа
3млн ФБ + 20мл 0.9% S.NaCl к/т: Альтеплаза
(Актилизе) 10мг к/т болюсті, кейін тағы 90мг к/т тамшылатып 3
сағат бойы
Қысымды жоғарылату үшін вазопрессорлар: Допамин 4% 5мл
*(200мг)+S.NaCl
0.9% 200мл к/т баяу.немесе Добутамин 500мг+
5% глюкоза ерітіндісі 400мг к/т тамшылатып 8-10 тамшы/мин
*АҚҚ, ЖСЖ, ЭКГ бақылау.
22.
Сіздің арықарайғы ісәрекетіңіз?
23.
Әсер болмаған жағдайда:* Кардиохирургиялық (кардиологиялық) бөлімге
госпитализациялау.
* Науқасты горизонтальды жатқызып носилкада
тасымалдайды.
24.
Кенеттен өлім бұл қинаусыз өлім. Олфизиологиялық және психикалық
қалыпты жағдайда жүрген адамның,
ешқандай күдікті белгілерінсіз,алғашқы
симптомдары басталғаннан кейін 6сағат
ішінде қайтыс болуын айтады.
25.
* ДиагностикасыКенеттен естен тану, тартылулар;
Тынысының тоқтауы немесе агониялық тыныстардың
болуы (сирек, минутына 6 ретке дейін қырылдап тыныстау);
Ірі тамырлар соғысынң, жүрек тондары мен АҚҚ
жоғалулары (ұйқы, сан артериялары);
Көз қарашықтарының кеңеюі;
Өңінің көгеріп бозаруы;
ЭКГ-да қарыншалар фибрилляциясы немесе асистолия
белгілері тіркелуі.
Жүрек тоқтауының клиникалық диагнозын қою қиын емес:
тамыр соғысы жоғалады, адам есінен танады, одан кейін
тынысы тоқтайды және көз қарашықтары кеңейеді. Осындай
кезде ЭКГ тоспай-ақ реанимациялық шараларды бастай
берген жөн.
26.
* Жедел жәрдем1.Қанайналымы мен тынысты аздап болсада
қолдауға мұрсат беретін реанимациялық шаралар.
2.Жүректің синустық ырғағын қалпына келтіру.
3.Постреанимациялық синдромды емдеу.
4.Қарыншалар фибрилляциясы қайталануының
алдын алу.
Алғашқы дәрігерлік көмек
Перикардиялық аймақты жұдырықпен ұрғылау.
Жүректің жабық массажы мен ӨЖЖ
Электрлік дефибрилляция (ЭДФ)
27.
Реанимациялық шаралардың негізгі алгоритміA – Airway –тыныс жолдарының өткізгіштігі
B – Breathing – тыныс алу функциясы
C – Circulation – қан айналым функциясы
D – Defibrillation – дефибрилляция
28.
Жүрек-өкпе реанимациясының негізгіережелері
29.
30.
31.
Мүмкіндігінше 100% оттегіні қолдану керекжәне кеңірдек интубациясын жүргізу қажет.
Дем жібергенде, кеуде қуысы
экскурациясының қарсыласуына
қарай,тыныс жолдарының өткізгіштігін
тұрақты бақылап отыру керек.
32.
Асқазандағы сұйықтықтардың өңеш арқылыағып, тыныс жолдарына кетіп қалмауы үшін Селлик
әдісі қолданылады(онда көмейді жұтқыншақтың
артқы қабырғасына қарай қысып ұстайды). Егер
асқазандағы сұйықтықтар кері ағып, ауыз қуысына
толып, одан кеңірдекке кетіп қалу қаупі туса,
науқастың басын бір жағына қарай бұрып, ауыз
қуысындағы және жұтқыншақтағы сұйықтықтарды
электр сорғышпен немесе тампонмен тазалап
тастау керек.
33.
Әр 5 мин сайын,1 мг адреналин көктамырғаенгізіледі.
Реанимациялық шаралардың әсерін үнемі
бақылап отыру керек. Оны тері жабындылары
мен шырышты
қабаттардың түстерінің
өзгеруінен, қарашықтардың тарылуынан және
жарыққа реакциясының пайда болуынан,
кенеттен тыныстың пайда болып, оның
реттелуінен және ұйкы артериясында пульстің
пайда болуынан білуге болады.