Похожие презентации:
Мұнай өндеуші және мұнай химиялық өнеркәсібіндегі инновациялық қызметін ұйымдастыру негіздері
1. Мұнай өндеуші және мұнай химиялық өнеркәсібіндегі инновациялық қызметін ұйымдастыру негіздері
2.
• 1. Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесіндеинновациялық қызметтің түпкі нәтижелері - өндіріс
тиімділігін арттыру, еңбек өнімділігі мен капиталдың
өсуі, жоғары технологиялы өнім көлемі - елдің
экономикалық қуатын айкындайтын болғандыктан, оған
басты рөл беріледі.
• Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты
инновациялық үдерістерді жандандыруға, жаңа
технологиялық құрылымдарды енгізуге, өңдеуші
өнеркәсіптегі жаңа қайта бөлістерді игеруге, ұлттық
ғылыми-техникалық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен
өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға, индустриялық
қызметті ынталандыруға, озық шетел технологиясының
нақты трансферті мен халықаралық стандарттарды
енгізуді қамтамасыз етуге бағытталуы керек.
3.
Инновациялық дамудың базалық үлгісі негізінде ішкі (өсіру) және сырткы
(трансферт) инновация көздерінің арасындағы қатынас жатыр.
Инновацияларды өсіру стратегиясы іргелі және қолданбалы жеке
зерттеулерге негізделген өзіндік техиологияларын белсенді жетілдіретін
алдыңғы қатардағы елдерге (АҚШ, ГФР, Англия, Жапония) тән.
Технологиялардың трансферті стретегиясы іргелі және қолданбалы жеке
әзірлемелері жоқ және бұл мақсаттарга арналған ресурстары шектеулі
елдерде де іске асырылады.
Жаңалық - бұл қандай да бір іс-әрекет аясында жүргізілген іргетасты,
қолданбалы зерттеулер мен талдамалардың рәсімделген нәтижесі және
ол осы іс-әрекеттің ғылыми мен техника жетістіктерін тәжірибеліәк,
нарықтық тұрғыда пайдаланудың аралық қортындысы болып табылады.
Жаңалық нарықта тұтынылатын жаңа өнімге айналған соң, соңғысы
жаңарту (инновация) болады. Осылайша, қазіргі заманғы инновация
теориясында «жаңарту» және «инновация» терминдерін бір-бірінен
ерекшелеп бөлмейді, олар - синоним сөздер. Егер жаңарту деп
жаңалықтың алғашқы рет қолдануын айтатын болсақ, инновация деп
жаңалықты жаппай қолдануға кірісуді айтамыз.
4.
Заңнама бойынша «инновация – нарықта сатылатын жаңа немесе
жетілдірілген өнім, іс жүзінде пайдаланылатын жаңа немесе
жетілдірілген технологиялық үдеріс түріндегі ең соңғы нәтижесі».
Алайда кез келген жаңарту серпілістікке әкеле бермейді. Ол
орынды түрде таралған жағдайда ғана бұл жаңалықтың қоғамдық
өндіріс пен даму үшін инновациялық мәні бар деп айтуға болады.
Әлемдік экономикалық әдебиеттерде де инновацияға ғылымитехникалық серпілістіктің жаңа өнімдер мен технологияларда
шынайы көрініс тапқан түрленуі деген анықтама берілуі де кездей
соқ емес.
Сонымен, «инновация – бұл бір мезгілде екі бірдей әлемнің, атап
айтқанда, техника әлемі мен бизнес әлемінің көрініс табуы.
Өзгеріс тек технология деңгейінде қатысты болғанда Шумпетер
оны өнертабыс деп, ал өзгеруге бизнес араласса, онда ол
инновация болып табылады дейді.
5.
• Инновация түрлері. Инновациялық ісәрекетті басқару оны ұзақ уақыт бойызерттеген жағдайда ғана табысты
болмақ, бұл оларды іріктеп, керегін
пайдалану үшін қажет. Сол себепті,
инновация жайла айта отырып, оны ең
алдымен дұрыстап саралап алу қажет.
Инновацияны саралаудың көптүрлі
әдістері бар.
6. Инновацияның саралануы
Инновацияның саралануыБелгілері
Инновация түрлері
1. Енгізілген өзгерулердің
тереңдігіне қарай
Радикалдық (немесе түп нұсқалы),
Жақсартушы, Жалған инновация
2. Технологиялық көрсеткіштері
бойынша
Өнімдік, Үдерістік
3. Нарық үшін жаңалық түрлері
бойынша
Әлемдік сала үшін жаңа,
Ел ішіндегі сала үшін жаңа,
Осы кәсіпорын үшін жаңа
Орнын басушы,
4. Орнын басушылығы бойынша
Күнін жоюшы,
Кеңейтуші
5. Қамту аймағы бойынша
6. Нарыққа шыққан уақыты бойынша
Жергілікті, Жүйелік, Стратегиялық
Көшбасшы-инновациялар,
Ізбасар-инновациялар
7. Өнімдік инновация.
• Өнімдік инновация өндіріске немесе нарыққатехнология жағынан жаңа немесе жетілдірілген
өнімдерді ендіруді қамтиды. Технологиялық жаңа
өнім (радикалды өнімдік инновация) – бұл
технологиялық сипаттамалары (қызметтік белгілері,
құрылмасының орындалуы, сондай-ақ пайдаланатын
материалдар мен құрамдастары) немесе пайдалану
ұсынысы мүлдем жаңа немесе бұрын шығарылған
ұқсас өнімдерден едәуір айырмашылығы бар өнім.
Мұндай инновация мүлдем жаңа технологиямен
немесе бұрынғы технологияны жаңа қырынан
пайдалануға негізделеді.
8. Үдерістік инновация.
• Үдерістік инновация технологиялық жаңа немесе едәуіржетілдірілген өндірістік әдістерді әзірлеп, ендіріуді
қамтиды. Инновацияның бұл түрі жаңа өндірістік құралжабдықты, өндірістік үдерісті ұйымдастырудың жаңа
әдістерін немесе олардың жиынтығын пайдалануға,
сондай-ақ зерттеулер мен әзірлеу нәтижелерін
пайдалануға негізделуі мүмкін. Мұндай инновациялар,
әдетте, өндіріс тиімділігін арттыруға немесе өндіріске
шығарылып жатқан өнімді беру, ал кей жағдайда
қарапайым өндірістік әдістермен өндірілуі мүмкін
болмайтын технологиялық жаңа немесе жетілдірілген
өнім өндіруге немесе беруге бағыттталады.
9.
• 2. Негізгі өнім бойынша ғылыми-зерттеу жәнетәжірибе-конструкторлық жұмыстар жүргізу (ҒЗТКЖ)
«Инновациялық менеджмент» курсында оқытылады.
«Өндірісті ұйымдастыру» курсында ҒЗТКЖ негіздері
екі себептен қарастырылады.
• Біріншіден, ҒЗТКЖ сапасы дайындаушы –
кәсіпорынның бәсекелік қабілетін көрсетеді және кіріс
құжаттарын тексеру сапалы жүргізілуі үшін өндірісті
ұйымдастырушылар тексеру (бақылау) нысаны мен
затын жақсы білуі тиіс. Екіншіден, жаңа өнім өндірісін
кешенді даярлау кезеңінде стандарттан ерекше
технологиялық жабдықтың жобасы және дайындалуы
жүргізіледі.
10. ҒЗТКЖ басты міндеттері:
ҒЗТКЖ басты міндеттері:• 1) табиғат пен қоғамды дамытуда, оларды қолдану салалары
жайлы жаңа білімдер жинақтау;
• 2) стратегиялық маркетинг сатысында жасалған ұйым тауарының
бәсеке-қабілеттілік норматвитерін өндіріс саласында
материалдандыру мүмкіндігін теориялық және тәжірибелік
тұрғыда тексеру;
• 3) жаңашылдықтар мен инновациялар портфелін іске асыру
аталған жұмыстарды жүзеге асыру ресурстарды пайдалану
тиімділігін, ұйымның бәсекелік қабілетін, халықтың өмір сүру
деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
• ҒЗТКЖ негізгі қағидалары: а) бұрын қарастырылған ғылыми
тәсілдер, қағидалар, менеджмент әдістері мен функцияларын
кез-келген қиындықты шешу кезінде орындау оқтайлы
басқарушылық шешімдер жобасын әзірлеу.
11. Өндірістің техникалық деңгей көрсеткіштеріне келесілерді жатқызуға болады:
Өндірістің техникалық деңгей
көрсеткіштеріне келесілерді
жатқызуға болады:
өндірісті механикаландыру және автоматтандыру деңгейі (негізі
және қосымша жұмысшылар санының (автоматтарды бақылап
және машиналар көмегімен жұмыс істейтін) негізі және қосымша
жұмысшылардың жалпы санына қатынасы);
технологиялық үрдістердің озықтылық деңгейі ( озық
жетілдірілген үрдістер санының ресми әдістемелер бойынша
олардың жалпы санына қатынасы);
технологиялық үрдістердің орташа жасы;
технологиялық жабдықтардың орташа жасы;
фирма қызметкерлерінің қор жарақтануы (негізгі өндірістік
қорлардың белсенді бөлігі құнының фирмадағы барлық
қызметкерлер санына қатынасы).
12. Өндірістің ұйымдастыру деңгейі н сипаттайтын көрсеткіштер:
өндірістің мамандану деңгейі (мысалы, профильді өнімнің жылдық көлем құнының
осы кезең ішінде өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы).
өндірістің ұжымдастырылу деңгейі (қосалқы бұйымдардың жылдық көлемінің сол
кезең ішінде өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы).
технологиялық жабдықтың жұмыс аусымдылық коэффиценті.
фирманың штаттық кестесінің жинақтылығы, %;
фирма қызметкерлер санындағы негізгі өндіріс жұмысшыларының меншікті үлесі,%;
жыл ішіндегі кадрлар аққыштығы көрсеткіші, %;
жұмыс уақытының шығындалуы, %;
жарақаттану жиілігі коэффиценті (көрсеткіш) (статистикалық есеп бойынша);
жеке өндірістік үрдістердің қуаты жағынан пропорционалдық коэффицент»
(көрсеткіш);
өндірістік үрдістердің үздіксіздік коэффиценті.
өндірістік үрдістердің параллельдік коэффиценті;
өндірістік үрдістердің нақ дәлділік коэффиценті;
өндірістік үрдістердің ырғақтылық коэффиценті;
13.
• Аталған ӨҰТД факторларын тактикалықбасқару оны арттыру кездерін табуға
мүмкіндік береді. ӨҰТД факторларын
стратегиялық түрде басқаруды жүзеге асыру
үшін олардың келешектегі өзгеруін болжап
отыру қажет. Алынған ӨҰТД жеке, жалпылама
және кешендікөрсеткіштері олардың
озықтылығын сараптауға, ӨҰТД деңгейін
көтерудегі осал орындарды табуға және
стратегиялық болжамдауға пайдаланады.