1.38M
Категория: ИсторияИстория

Жаңаөзендегі оқиғалар. Қарағанды кеншілер ереуілі

1.

1986 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАН
ОҚИҒАСЫ
Жаңаөзендегі оқиғалар.
Қарағанды кеншілер ереуілі

2.

Горбачев шешімі
1985 жылы наурызда К.У.Черненко
қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК
Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев
сайланды. КОКП ОК – ның сәуір
Плендумында әлеуметтік –
экономикалық өмір мәселелерін
жаңаша қарастыру әрекеті жасалды.

3.

1986 жылы 16 желтоқсан күні таңертең Қазақстан
КОКП ОК-ның V Пленумы болып өтті. Күн
тәртібіне бір ғана ұйымдастыру мәселесі қойылды.
Пленум бар-жоғы 18 минутқа созылды.Д.Қонаевты
ауыстыру мәселесі шешілді. Оның орнына КОКПның Ульяновск обкомының бірінші хатшысы
болып істеген Г.В.Колбин тағайындалды. Ел
жағдайнан бейхабар адам келгендіктен халық
наразылығы пайда бола бастады.

4.

1986 жылғы Желтоқсан
оқиғасы

5.

1986 жылы 17 желтоқсан күні таңертең Алматыда жаппай толқу
басталып, кейінірек ол республиканың басқа да қалаларына тарады.
Желтоқсан көтерілісінің басында Қ.Рысқұлбеков, Е.Айқұлов,
Қ.Айтмұрзаев, Л.Асанова, С.Мұхамеджанова,
Е.Сыпатаев,А.Қаметов,И.Дәуренов, Б.Иманғожаев және т.б.

6.

Тергеулер асығыс, ойдан шығарылған және тек айыптау
түрінде жүргізілді. Сотталған 99 адамның 46-сы біраз
уақыт өткен соң ақталды. Аз уақыттың ішінде 1986
жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін 787
адам комсомол қатарынан шығарылды, 1138 адамға
комсомолдық жазалар қолданылды, 271 адам оқудан,
жүздеген адам жұмыстан қуылды. Денсаулық сақтау
және Көлік министрлігінен 309 адам, Ішкі істер
министрлігінен 1200 адам жұмыстан шығарылды.
Жоғарғы оқу орындарының 12 ректоры қызметінен
алынды.

7.

Қорлай да беріп қайтадан,
Титыққа
орыс жетпесін,
Туған жердің намысы
Бөтен қолда кетпесін.
Абай туған жерінде
Бомбасын атом жармасын.
Құлпытасты қиратып
Өлігіңді қазбасын.
Өз ұлтыңның
басшысын Орнынан
сүйреп алмасын...
Қ.Рысқұлбеков
Желтоқсан қозғалысы ұлттық мүдде жолында қайсарлық танытқан
Қ.Рысқұлбеков,Т.Тәшенов,Ж.Тайжұманова,Қ.Күзембаев және басқа
да қазақтың жас демократтарын танымал етті. Өлім жазасына
кесілген Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов тағы басқа азаматтардың
Отанына шынайы берілген тұлғалы жандар екенін қазақ елі білді.

8.

Жаңаөзендегі оқиғалар

9.

1989 жылы маусымайында Маңғыстау облысы Жаңаөзен
қаласында болған жергілікті халықтың бас көтеруі. Бұл
әлеуметтік кикілжіңнің шығуына басқа республикалардан
келіп жұмыс істейтіндердің жергілікті халықтың
дәстүрлерімен, мүддесіне санаспай, дөрекілік көрсетуі себеп
болды.
Дүмпу жергілікті тұрғындар мен Кавказдан қоныс
аударғандар арасындағы кикілжіңнен басталып, арты
қақтығысқа ұласты. Қақтығыс құқық қорғау органдарының
араласуымен басылды. Сырттан келгендердің көпшілігі
қаладан кетуге мәжбүр болды. Мұның астында шешілмеген
тұрғын үйлер, мектептер, жұмыссыздық саясаттары жатты.

10.

Кеншілер ереуілі

11.

Кузбасс пен Донбасс кеншілерінің ереуілін қолдай отырып,
“Тентек”, “Долинка”, КСРО-ның 50 жылдығы, “Абай”
шахталарының жұмысшылары 20 шілдеде жұмысты
тоқтатып, еңбекті ұйымдастыру мен ақы төлеуді жегілдіру,
тұрмыс пен демалыс жағдайын жақсарту жөнінде бірқатар
талап қойды. Ертеңіне ереуіл Қарағанды көмір бассейнінің
барлық шахталарына тарады. Қарағанды, Абай, Саран және
Шахтинск қалаларының көшелерінде көбі адам қатысқан
митингілер болып өтті. Ереуілдің негізгі себептері КСРО
көмір өнеркәсібі министрлігі, “Қарағандыкөмір” өндірістік
бірлестігі тарапынан қалалар мен жұмысшы поселкелері
еңбекшілерінің әлеуметтік мұқтаждарын елемеу, Қарағанды
бассейнін дамыту жөніндегі партия мен үкімет шешімдерінің
үнемі орындалмауы. Республика басшыларының кеншілердің
әділ қойылған талаптарын орындауға уәде беруінен соң
ереуілдер тоқтатылды. Кеншілер құрған ереуіл комитеті ұзақ
уақыт бойы өз қызметін жалғастыра берді.
English     Русский Правила