284.91K
Категория: БиологияБиология

Көкөніс өсiмдiктерiн көбейтуде қолданылатын ұластыру тəсiлдерi

1.

10,11-тақырып: Көкөніс өсiмдiктерiн көбейтуде қолданылатын
ұластыру тəсiлдерi.
Сабақтың мақсаты: Көкөніс өсiмдiктерiн көбейтуде қолданылатын
ұластыру тəсiлдерiн ажырату.
Тапсырма:
1. Ұластыруға анықтама беру.
2. Ұластыру түрлерін ажыратып жазу.
Ұластыру, телу (көне лат. transplantatіon — ауыстырып салу), ауыл
шаруашылығында — бір өсімдіктің (телінуші) жас өркенінің бүршігін
(қалемшесін) не көзшесін екінші өсімдікке (телітуші) телу. Ұластыру мəдени
жеміс ағаштар сорттарын вегетативтік жолмен көбейтудің негізгі əдістерінің
бірі болып саналады. Ұластырудың көп жылдық өсімдік сорттарының
қасиеттерін сақтау, шаруашылыққа пайдалы, суыққа, əр түрлі ауруларға,
зиянкестерге төзімді телінушілер алу, жеміс ағаштарының өсуін тездету,
бəсеңдету, гүлдеу жəне жеміс беру мерзімдерін қысқарту үшін маңызы зор.
Ұластырудың 400-ден астам белгілі əдісінің 10 — 15-і шаруашылықта жиі
қолданылады. Ең негізгі əдістері: көз сабақтау (окулировка), жалғастырып егу
(копулировка), сыбызғылап ұластыру, қиыстыра ұластыру, жемісі, түйнегі
жəне жуашығы арқылы ұластыру, ұрықты көшіріп отырғызу, т.б.
3-сурет: Телудің тəсілдері

2.

4-сурет: Ұластыру тəсілдері.
Бақылау сұрақтар:
1. Ұластыру дегеніміз не?
2. Ұластырудың кең тараған қандай тəсілдері бар?
3. Ұластырудың маңыздылығы неде?
4. Көз сабақтау дегеніміз не?
5. Қиыстыра ұластыру қалай жүзеге асырылады?
Әдебиеттер:
1. Щепетков Н.Г., Өзбеков.Б., Ысқақов М.Ә. жəне т.б. Көкөніс шаруашылығы. Астана, 1998 ж.
2. Матаганов Б.Г., Аяпов К.Д. Плодовые и ягодные культуры. Алматы:
Кайнар, 1997 г.
3. Щепетков Н.Г. Овощеводство Казахстана. Уч. пособие для вузов по
агрономическим специальностям. Алматы, 1990 г.
4. Юсупов М., Петров Е., Ахметова Ф. Овощеводство Казахстана, Учебник. Т.
1-2. Алматы, 2000 г.
5. Тараканов Г.И. и др. Овощеводство защищенного грунта. М.:Колос, 1982 г.
English     Русский Правила