239.08K
Категория: БиологияБиология

Көкөніс өсiмдiктерiн көбейту жолдары

1.

8,9-тақырып: Көкөніс өсiмдiктерiн көбейту жолдары. Жылыжай
құрылымы жəне оны ұйымдастыру. Құрал-саймандары жəне оларды жұмысқа
дайындау.
Сабақтың мақсаты: Көкөніс өсiмдiктерiн көбейту жолдарымен танысу
жəне жылыжай құрылымы жəне оны ұйымдастыруды білу.
Тапсырма:
1. Көкөніс өсімдіктерінің өсінді жолмен көбейту тəсілдерін анықтап
жазу.
2. Көкөніс өсімдіктерінің тұқымнан көбею ерекшеліктерін білу.
3. Қорғаулы жер түрлерін ажырату, айырмашылығын сипаттап жазу.
Көкөніс дақылдарының басым бөлігі тұқымынан көбейеді. Көкөніс
шаруашылығында тұқымдық тəсілден басқа, өсіндімен де көбейтіледі.
Тұқыммен көбейтілгенде өсімдіктің көбею коэффициенті өте жоғары: өсімдік
өскен ортасына жеңіл бейімделеді. Тұқым алу технологиясы қарапайым жəне
өсінді жолымен көбейтуге қарағанда тиімдірек. Бірақ сұрыптың қасиеттерін
сақтап, əр өсімдіктің жəне бүкіл егістіктің өсіп-дамуына жақсы жағдай жасалу
бағытында, тұқым шаруашылығында ерекше шаралар кешенін атқаруға тура
келеді.
Көкөніс шаруашылығында өсінділік көбеюдің мынадай тəсілдерін
қолданады:
- баданамен (жуашықпен) көбейту.
- тамырсабақпен көбейту.
- қалемшелермен көбейту.
- тамыр жемістерін бөліп көбейту.
Қорғаулы жер-маусымнан тыс уақытта көкөніс жəне басқа да ауыл
шаруашылығы дақылдарын өсіруге пайдаланатын, өсімдіктерге қолайлы
жасанды микроклиматы бар, арнаулы құрылыстар немесе жер телімі.
Қорғаулы жердің негізгі міндеті – күзде-қыста жəне көктемде көкөністер
өндіру; ашық жер үшін көкөніс дақылдарының көшеттерін өсіру. Қорғаулы
жер көкөніс шарушылығын солтүстікке жəне шығысқа жақындатуға
мүмкіндік жасайды,
Қорғаулы жер өсіру құрылыстары жылыжай, булыжай жəне жылытылған
жер болып бөлінеді. Ашық жəне қорғаулы жерлерді дұрыс үйлестіріп, көкөніс
өнімін сақтауды жақсы ұйымдастыра отырып жас көкөністі жыл бойы өсіруге
болады.
Жылыжайлар – ең жетілген өсіру құрылыстарының бірі, мұнда өсімдік
тіршілігінің барлық себепшарттарын (факторларын), сондай-ақ өнімділікті де
реттеуге болады.

2.

2-сурет. Қысқы жылыжайлардың сыртқы түрі.
Бақылау сұрақтар:
1.Көкөніс өсімдіктерінің көбейту жолдарын атаңыз.
2.Көкөніс өсімдіктерін тұқымнан көбету.
3.Көкөніс өсімдіктерін өсінді жолмен көбейтудің неше тəсілі бар?
4.Баданамен көбейтуді сипаттағыз.
5.Тамырсабақпен көбейтуді сипаттаңыз.
6.Қалемшелермен көбейтуді сипаттаңыз?
7.Тамыр жемістерін бөліп көбейтуді сипаттаңыз.
8.Қорғаулы жер дегеніміз не?
9.Қорғаулы жердің қандай түрлері бар?
10.Жылыжайдың басты ерекшелігі?
Әдебиеттер:
1. Щепетков Н.Г., Өзбеков.Б., Ысқақов М.Ә. жəне т.б. Көкөніс шаруашылығы. Астана, 1998 ж.
2. Матаганов Б.Г., Аяпов К.Д. Плодовые и ягодные культуры. Алматы:
Кайнар, 1997 г.
3. Щепетков Н.Г. Овощеводство Казахстана. Уч. пособие для вузов по
агрономическим специальностям. Алматы, 1990 г.
4. Юсупов М., Петров Е., Ахметова Ф. Овощеводство Казахстана, Учебник. Т.
1-2. Алматы, 2000 г.
5. Тараканов Г.И. и др. Овощеводство защищенного грунта. М.:Колос, 1982 г.
English     Русский Правила