1.61M
Категория: БЖДБЖД

Жол қозғалысына қатысушылар

1.

ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНА
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ
МІНДЕТТЕРІ

2.

1. Сабақтың мақсаты: Білімгерлерді жол қозғалысына
қатысушылардың міндеттерімен таныстыру.
2. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Взвод командирі білімгерлерді сапқа тұрғызады, оқытушыға
рапорт береді, амандасу, түгендеу, білімгерлердің сырт көрінісін
тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі:
- ҚР ЖЖҚ - да сипат алған негізгі түсініктер мен терминдер
не үшін керек?
- Қалай ойлайсыңдар , жаяу жүргінші жол қозғалысының
толыққанды қатысушысы болып табыла ма?
- Маневр жасау мен басып озудың айырмашылығын
түсіндіріңдер.
- Жол түсінігіне анықтама беріңдер. Қыстағы жолда немесе
жаздағы жолда жүру айырмашылығын білесіңдер ме?
- Аялдау және тоқтап тұру түсініктерінің айырмашылығы
неде?
- Жолда жүру қауіпсіздігін қалай сақтауға болады ?

3.

б) Негізгі өлім:
Жүргізушілердің,
жаяу
жүргіншілер
мен
жолаушылардың міндеттері.
Жол қозғалысының барлық қатысушысы (жүргізуші,
жолаушы, жаяу жүргінші) жол жүрісі қағидаларын және
Қазақстан Республикасы «Жол жүрісі туралы» Заңының
талаптарын білуге және мүлтіксіз сақтауға міндетті. Жол
қозғалысының қатысушылары әдепті, ұқыпты және өзара
сыпайы болуы тиіс.
Жүргізушілердің жалпы міндеттері. Жүргізуші уәкілетті
орган қызметкерлерінің қозғалыс тәртібіне қатысты өкімдерін
орындауға міндетті.
Жолға шығардың алдында және жолда жүргізуші
тежегіштердің, рөлдің, шиналардың, автотіркемелердің тіркеу
құрылғыларының жарықтандыру мен сигнал аспаптарының,
әйнек
тазалағыштардың
даусыздығына,
артқы
көрініс
айнасының дұрыс орнатылғанына, нөмірлік белгілер мен
олардың қосалқы жазбаларының тазалығы мен көрінетіндігіне
ерекше назар аудара отырып, өзі басқаратын көлік құралының
техникалық жай - күйін мұқият тексеруге міндетті.

4.

Ол жол - көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен тұлғаларды
емдеу мекемесіне жеткізуге, сондай - ақ жолда қозғалыс үшін
қауіптіліктер пайда болған жағдайларда басқа жүргізушілерге
мүмкін болатын көмек көрсетуге міндетті.
ҚР ЖЖҚ - да көзделген жағдайларда көлік құралын ұсыну да
жүргізуші міндеттеріне кіреді.
Қағидаларда
механикалық
келік
құраллдарының
жүргізушілері үшін бірқатар тыйым бар. Атап айтсақ:
- ақаулы көлік құралын басқару;
- көлік құралын алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық және
дәрілік масаңдану күйінде басқару;
- қауіпсіздік белдігін тақпау мене белдік тақлаған
жолаушыларды тасымалдау;
- қозғалыс кезінде телефонды (сөйлесу, хабарламлар жіберу
және т.б.) және радионы пайдалану.
Мотоциклшілерге мотошлемді ағытуға және шешуге,
мотошлемі түймеленбеген жолаушыларды тасымалдауға
тыйым салынады.
Жол - көлік оқиғасы туындаған жағдайда жүргізуші
төмендегідей іс әрекеттерді орындауы тиіс:

5.

- көлікті дереу тоқтату, авариялық жарық сигналын іске қосу
және авариялық тоқтау белгісін қою, полиция қызметкерлері
келіп жеткенге дейін көлік құралын, сондай - ақ оқиғаға қатысы
бар заттарды (әйнек сынықтары, жекелеген бөлшектер және
т.б.) орнынан қозғамау;
- зардап шегушілер болған жағдайда, оларға дәрігерге
дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету, жедел
медициналық жәрдем шақыру; төтенше жағдайларда немесе
мұны істеу мүмкін болмаған жағдайда, тиеу мен тасымалдау
кезінде алдын ала іс шара сақтықтарын қабылдай отырып,
жарақат алғандарды жолшыбай көлікпен ең жақын емдеу
мекемесіне аттандыру немесе оларды өзі жеткізу және
медициналық қызметкерге өз аты - жөнін, тегін, автокөліктің
нөмірлік белгісін хабарлап, оқиға орнына қайтып оралу;

6.

- жол-көлік оқиғасы туралы ең жақын ішкі істер органына
хабарлау және ішкі істер органдары қызметкерлерінің келуін
күту. Жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер болмаса, болған
оқиғаның мән-жайын бағалау арқылы өзара кесіп, оқиға
сызбасын алдын ала жасау, оған қолын қойып, оқиғаны
ресімдеу үшін ең жақын ішкі істер органдарының бөлімшесіне
келу;
- егер жол-көлік оқиғасына қатысы бар көлік құралдарының
жолда орналасуы басқа көліктік құралдарға кедергі жасайтын
болса, жолдың жүретін бөлігін босату.
Жаяу жүргіншілердің міндеттері.
Жаяу жүргіншілер де жүргізушілер сияқты жол жазғалысына
қатысушылар және олардың да өз міндеттері бар.
Жаяу жүргіншіге атокөлік жоғары қауіптілік құралы екендігін
есте сақтау қажет. Сондықтан жолдағы кез келген әрекет оның
өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті болуы мүмкін.
Жаяу жүргіншілер тек тротуарлармен немесе жаяу жүргінші
жолдарымен, олар болмаған жағдайда жол жиектерімен жүруі
тиіс. Егер жаяу жүргінші елді мекеннен тыс жердегі жолдың
жүретін бөлігінде келе жатса, онда ол көлік құралдарының
қозғалысына қарсы жүруі тиіс.

7.

Жолдан тек жаяу жүргінші өткелдері арқылы, ал олар
болмаған жағдайда тротуар немесе жол жиегіндегі сызық
бойындағы қиылыстардан етуге болады. Егер жаяу жүргінші
оларды көрмесе, онда ол жақындап келе жатқан көліктің жоқ
екендігіне
көз
жеткізе
отырып,
көлік
қозғалысына
перпендикуляр ете алады.
Жаяу жүргінші жолдағы реттелмейтін қиылыстан өтпес
бұрын, өзіне жол берілгендігіне көз жеткізуі тиіс.
Жолаушылардың
міндеттері.
Жол
қозғалысына
қатысушылардың тағы да бір санаты - жолаушылардың да өз
міндеттері бар. Олардың ішіндегі неғүрлым маңыздылары
мыналар:
- автокөлікке, оның ішінде тоқтап тұрған автокөлікке тротуар
немесе жол жиегі жағынан отыру және шығу керек. Отырғызу
және түсіру кезінде басқа жол қозғалысына қатысушыларға
кедергі жасауға болмайды;
- көлік қозғалысы кезінде жүргізушнің назарын бөлуге,
есіктерді ашуға, сондай - ақ терезеден басын шығаруа тыйым
салынады.

8.

Жүргізушінің өзімен бірге болуы міндеті құжаттар.
Көлік құралын басқару оған осы санаттағы көлік құралын
басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігі бар және оны өзімен
бірге алып жүрген жүргізушіге рухсат етіледі.
Жүргізуші куәлігінен бөлек көлік құралын мемлекеттік тіркеу
куәлігі немесе көлік құралына меншік құқығын айғақтайтын
құжат болуы қажет.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген
жағдайларда сақтандыру полисі, жол парағы, тасымалданатын
жүкке құжат (тауар-көліктік жүкқұжат) және көлік құралына
белгіленген өзге де құжаттар.
в) Қорытынды бөлім:
Сұрақтар:
1. «Жол жүрісі қауіпсіздігі» түсінігі нені білдіреді?
2. Қандай жағдайда көлік құралдарын пайдалануға тыйым
салынады?
3. Көлік құралдарының қозғалысы кезінде жолаушыларға
қандай тыйым салынады?
4. Жолдың қай бөлігінен өтуге болады?
5. Қазақстан Республикасы жолдарында жүргізушілер тәртібі
қандай құжаттармен реттеледі?
6. Жол және жол жүрісі түсініктерінің айырмашылығы неде?
7. Жүргізушінің өзімен бірге қандай құжаттары болуы тиіс?

10.

Тапсырмалар:
1. Тақырыптан алған білімдеріңді колледжге баратын жолда
қолданып көріңдер.
2. Қалай ойлайсыңдар, жаяу жүргіншілер тәртібін қалай
арттыруға болады?
3. Жол-көлік оқиғасы кезіндегі жүргізушінің іс-әрекеттері
және олардың реттілігіне дәлелдер келтіріңдер.
English     Русский Правила