Похожие презентации:
Жол белгілері. Тыйым салушы белгілер
1.
ТАҚЫРЫП: Жол белгілері1. Сабақтың мақсаты: Білімгерлерге тыйым салушы жол белгілері
туралы мәліметтер беру.
2. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Взвод командирі білімгерлерді сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт
береді, амандасу, түгендеу, білімгерлердің сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі:
- Бағдаршамның түрлерін санамалап айтыңдар .
- Жаяу жүргіншілер жол қозғалысын реттеушінің қандай
сигналдары кезінде жолдан өте алады ?
- Қызғылт сары түсті жарқылдақ маякшалар қозалысқа қандай да
бір басымдық бере ме ?
- Авариялық тоқтау белгісін қандай жағдайда пайдалану керек ?
2.
б) Негізгі бөлім:Жол белгілері – дүниежүзінде қозғалысты ұйымдастырудың
неғұрлым қолайлы және ең кең тараған тәсілі. Олар жүргізушіге
және басқа да жол қозғалысына қатысушыларға мән - жайды
түсіндіруге көмектеседі.
Жол белгілері: жүргізушілерді жолда орын алған қауіптер туралы
ескерту; жолдардың (көшелердің) жекелеген учаскелерінде барлық
немесе кейбір көлік құралдарының қозғалысына тыйым салу;
қозғалыста бірқатар шектеулер енгізу немесе ағындар бағытын
көрсету; жолдағы мән - жайдың ерекшеліктері мен жолдарды
(көшелерді) пайдаланудың қолайлылығын арттыратын мәліметтерді
хабарлау қызметтерін атқарады. Сонымен қатар қосымша ақпарат
құралдары да (тақтайшалар) көзделген.
Әрбір жол белгісінің екі саннан тұратын нөмірленуі (индексі)
болады. Бірінші сан тобы, екінші сан топ ішіндегі реттік нөмірді
көрсетеді. Жүргізушілерге оңай болу үшін белгілер жеті топқа
бөлінген: 1) ескерту;
2) басымдық; 3) тыйым салу; 4) нұсқаушы;
5) ақпараттық - көрсеткіш;
6) қызмет көрсету; 7) қосымша
ақпарат (тақтайшалар).
3.
Тыйым салу белгілері. Бұл белгілердің пішіні – дөңгелек, фоны– ақ, көгілдір түсті болады. Қызыл жеик шектеулерді, ал қара түс
оның жойылғанын білдіреді. Тыйым салатын белгілер жолдар мен
өтпелердің жекелеген учаскелерінде келік кұралдары мен жаяу
жүргіншілердің қозғалысын шектеу және реттеуге арналған. Белгілер
«Жол жүрісі қағидаларымен» шектеулер көзделмеген жағдайларда
орнатылады. Жол жүрісінің барлық тыйым салушы белгілерін
шартты түрде бес топқа бөлуге болады:
1) белгілі бір жүріс бөлігі бойынша кіруге және ауысуға тыйым
салынатын белгілер;
2) көрсеткіште белгіленген габариттерден асып кететін
машиналар қозғалысын шектеуші белгілер;
3) тоқтауға міндеттейтін белгілер;
4) белгілі бір бағыттарда маневрлер жасауға рұқсат етпейтін
белгілер;
5) қандай да бір қозғалыс режиміне шектеулер қоятын немесе
жоятын белгілер.
Бірінші топқа қандай да бір аймақта автокөлікпен жүруге
мүміндік бермейтін белгілер кіреді. Олардың қолданылуы бірден
орналасу орнынан басталады.
4.
Бұл топқа жататын белгілер :5.
Екінші топқа белгіленген аумақ бойынша жүріп өту мүмкінавтокөлік параметрлерін регламенттейтін тыйым салушы белгілер
кіреді.
6.
Бұл топқа жататын белгілер:Белгілердің үшінші тобы жүргізушіні олардың алдында тоқтауға
міндеттейді. Жүруді тиісті органдардың өкілінен рұқсат алғаннан
кейін ғана жалғастыруға болады.
Бұл топқа жататын белгілер:
7.
Белгілердің төртінші тобы барлық басқа бағытта жүругемүмкіндік бере отырып, көрсетілген бір бағытты ғана орындауға
тыйым салады. Бұл белгілер жүру бөліктерінің қиылысуы алдында
немесе шектеулі аумаққа кіретін жердің жанына орнатыланды.
Олардың қолданылу аймағы бірінші қиылысқа дейін.
Бұл топқа жататын белгілері:
8.
Бесінші топ – басып озуға, аялдауға, дыбыс сигналын беруге жәнет.б. тыйым салатын белгілер. Олардың қолданылуы қиылысқа, елді
мекеннің аяқталуына немесе басталатын жеріне дейін не олардың
ұйғарылуын жоятын белгіге дейін таратылуы мүмкін.
Бұл топқа жататын белгілер:
9.
Тыйым салатын белгілер тікелей оларға тиісті шектеулеренгізілетін көшелер, жолдарды және жекелеген жерлердің алдында
немесе алдын ала
тақтайшасымен орнатылады.
«Нысанға дейінгі қашықтық»
10.
в) Қорытынды бөлім:Сұрақтар:
1.
белгілері қолданылуының айырмашылығы неде?
2. Қызмет көрсету белгілері не үшін керек?
3. Қосымша ақпарат белгілері қай жерлерге орнатылады.
Тапсырмалар:
1.
Тақтайшалардың қолданылуын салыстырыңдар.
2. Пайдаланылатын жол белгісіне қосымша қажет болатын
қызмет көрсету белгісі қалай аталады?
3. Қалай ойлайсыңдар, қолданыстағы ақпараттық - көрсеткіш
белгілерін алып тастау немесе жаңаларын енгізу қажет пе?