Похожие презентации:
Сәулемен қатаятын композитті пломбалық материалдар
1.
Сәулемен қатаятын композиттіпломбалық материалдар
Орындаған: Джунисбекова А.
Стом 19-001-02
Алматы-2020
2.
• • Соңғы уақытта тіс эстетикасын қалпына келтіружәне коррекциялау әдістерінің біреуі сәулемен
қатаятын композиттік материалдарды қолдану,
олардың түстік гаммасы, мөлдірлігі, қажалуға
тұрақтылығы және жылтырлығы сияқты
қасиеттері тістерді протезсіз қалпына келтіруге
мүмкіндік береді. • КМ-дың тарихи эрасы 1962
жыл болып саналады. Алғаш рет белгілі американ
ғалыми және химик Бовен Аддукт БИС-ГМа деп
аталған болашақ композиттік материалдың
ораникалық негізін синтезден шығарған.
3.
Композиттер • Бұл органикалық матрица ретінде сапасы бар полимер және көп мөлшерде
белсенді жұқа дисперсті ұнтағы толтырғыш ретінде қолданылатын пломбалық материал.
• КМ жүйесі
1. Шығарылу түрі бойынша:
• композиттер ұнтақ –сұйықтық
• композиттер қойыртпақ –қойыртпақ
• композиттер қойыртпақ
2. Полимеризациялауна (қатаю) қарай:
• өздігінен қатаятын
• сәулемен қатаятын
• қос құрамды қатаятын
3. Толтырғыш бөлікшелерінің мөлшері бойынша:
• макрофильдер / 15 -30 мкм/
• микрофильдер /0, 04 мкм/
• гибридтер /әр түрлі өлшемдегі бөлікшелер/
4. Композиттердің толтырғыштырмен қануға бойынша:
• әлсіз қаныққан
• қатты қаныққан
4.
• Химиялық құрамы • Композиттер органикалық фазалардан,бейорганикалық фазалардан /толтырғыш/ және байланыстырғыш
субстанциядан тұрады.
• Органикалық фаза
• • Вisgma /бифенолглицидилметакрилат/ шайрдан тұрады.
• • Шайырға оптимизациясын күшейту үшін мынадай қосындылар еңгізіледі
: катализаторлар, ингибиторлар, сополимерлер, ағуын күшейткіштер,
пигменттер.
• • Жеке алғанда полимеризацияның ингибиторлары – гидрохинон,
полимеризация инициаторлары – бензоил қос тотығы.
• Бейорганикалық фаза
• • Толтырғыш, арнайы өңделген беттік белсенді заттармен 50% кем емес.
• • Пломбалық материалдардың сапасына толтырғыштың келесі қасиеттері
әсер етеді.
5.
Сәуле әсерінен қатаятын композиттердің
полимеризациялану механизмі де химиялық
композиттер сияқты, бірақ мұнда белсенділік
көрсетуші химиялық зат емес, фотондық
(сәулелік) энергия. 1970 жылы ультракүлгін
сәулемен қатаятын материалдар дәрігерлік
тәжрибеге енгізілген болса, 1977 жылдан
бастап галоген шамының көрінетін сәулесімен
(сәуленің көкшіл спектрі) қатаятын
материалдар шығарыла бастады.
Қазіргі кезде сәулемен қатаятын композиттер
үшін ұзындығы 400-500 нм, қарқындылығы
жоғары көкшіл сәуле шығаратын арнаулы
белсенді шамдар пайдаланылады. Сонымен
қатар басқа спектрлі сәулелерді (сары, жасыл,
қызыл), лазерді және плазманы қолдану
мүмкіндігі де қарастырулыда.
6.
Сәулемен қатаятын композиттердің химиялық жолмен қатаятынкомпозиттерге қарағанда көп артықшылықтары бар:
• араластыруды қажет етпейді;
• жұмыс барысында тұтқырлығын (вязкость) өзгертпейді;
• пломбыға ұзақ уақыт пішін беру мүмкіндігі бар;
• пломбылық материал дәрігердің командасынан (әмірінен) кейін қатая
бастайды;
• материалмен қалдықсыз жұмыс істеуге мүмкіндік бар;
• құрамына кіретін компоненттер әсерінен түсін өзгертпейді;
• сәуле әсерінен қатаю өте жоғары дәрежеде жүреді;
• сәуле арқылы қатайған пломбылар жоғары сапалы болады.
Сәулемен қатаятын пломбылардың кемшін жақтары:
• пломбы қоюға ұзақ уақыт кетеді (бір пломбыға 40-60 минөт);
• пломбының қымбат болуы;
• сәуле дәрігер көздеріне зиянды әсер етеді (сәулежеткізушіде арнаулы
қорғаушы экран болу керек, сәуле өткізбейтін көзілдірк керек);
7.
Сәулемен қатаятын пломбылық материалдарды пайдалану уақытының
белгілі шегі болатынын білу қажет. Материалдардың баяу қатая бастауы
күн сәулесі мен емдеу бөлмесіндегі шамның жарығы және
стоматологиялық қондырғыдағы шамның жарығы әсерінен де байқалуы
мүмкін. Пломбылық материалға тікелей әсер ететін сәуленің
қарқындылығы 300 см² кем т.б. болмауы тиіс.
Мұндай сәуле күші қалыңдығы 3 мм материалды шығарушы фирма
белгілеген уақыт ішінде қатайта алады. Сондықтан шамның сәуле
шығару қарқындылығын арнаулы лайтметрлермен (люксметрмен,
радиометрмен) аптасына бір рет тексеріп отыру қажет.
Барлық композиттік материалдар қата келе өзінің 2-5% кішірейтеді.
Оның себебі – мономер молекулалары арасындағы қашықтықтың қатаю
кезінде азаюы (3-4 ангстремнен 1,54 ангстремге дейін). Егер қатаятын
композиттің қабаты тым қалың болса, бонгдингсіздену (пломбы мен
тісжегі қуысы қабырғасының арасындағы байланыстың бұзылуы) үрдісі
орын алады да, пломбыланған тісте ауыру сезімі туындайды, ал кейде
пломбы жарылып, төмпешіктері бұзылысқа ұшырауы да мүмкін.
8.
9.
Композиттердің қатаю кезінде көлемдерінің кішіреюі көрсеткіштерін
азайту үшін құрамындағы бейорганикалық толықтырғыш мөлшерін
көбейтеді, кіреуке-дентин адгезивтері мен бонд-агенттерді пайдаланады,
материалды қабаттап жабыстыра қатайту тәсілін және басқа техникалық
әдістемелерді қоладанады.
Химиялық жолмен қатаятын композиттер қатаю кезінде пломбының
ортасына қарай отырады, ал сәулемен қатаятын композиттер сәуле көзі
бағытында отырады. Отыру көрсеткішін (көлемін кішірейту) азайту үшін
композиттік материалды тісжегі қуысына қабат-қабатымен апарып, әр
қабатына жеке-жеке сәуле жіберіп қатайтады. Ең тиімді тәсіл – тісжегі
қуысына материалды «И» пішіндес етіп орналастыру. Ол композитті үш
нүктеде бекітіп, тістің төмпешіктерін жиырлып қалмаудан сақтайды.
Сәулемен қатаятын композит сәуле көзі бағытында отыратындығы
ескеріліп, нысанды бағытта қатайту әдісі ойластырылды. Ол үшін тісжегі
қуысына апарылып орналыстырылған композиттің әрбір бөлшегіне
орналасу аймағына байланысты белгілі бағытта сәуле шоғыры жіберіледі
(сәуле шоғыры материал жабысатын аймаққа тік бағытталады.
Тісжегі қуысына апарылып нығыздалған материалдың қалыңдығы – 1,5-2
мм, ал алғашқы апарылатын бөлшегінің қалыңдығы оданда жұқа – 0,5 мм
болу керек. Пломбының ең соңғы қабатын салғаннан кейін тістің
анатомиялық пішінін (төмпешіктерін, сайларын, біліктерін) қалпына
келтіріп барып сәуле жіберіледі.
10.
Алғаш қатайтқыш шамның сәулесін материалға кіреуке немесе тістеу қыры арқылы жібереді
немесе алғашқы 10-15 секөнд аралығында сәуле шоғырының бағыты материал жабысатын
қабырғаға тік бағытта болады . Осы уақыт ішінде қойылған материалдың бөлшегі барынша
отырысқа (усадкаға) ұшырайды. Содан кейін сәуле тасығышты (световодты) материал
бетінетік бағытта және өте жақын – 5 мм қашықтықта (одан аспау керек) орналастырады.
Тістердің жанасу беттеріндегі тісжегі қуыстарын (III, IV және II класс) пломбылаған кезде
қызыл иек жақ қабырғасына салынған материалдың алғашқы бөлшегін қатайту үшін сәуле
шоғырын тістер аралық кеңістік арқылы жіберген дұрыс. Мұның өзі пломбы мен қуыстың
қызылиек жақ қабырғасының жақсы байланысын қамтамасыз етіп, екіншілік тісжегінің
алдын алуға мүмкіндік береді.
Аталған қуыстарда қойылған пломбы қатайғаннан кейін, матрицаны немесе бөлгіш металлжолақты суырып алғаннан кейін тіс аралық кеңістікке ұрт және ауыз жағынан 20 секөнд
аралығында қосымша сәуле жібереді.Тағы бір ескеретін жай, сәуленің әсерінен пломбылық
материалдың 50%, ал 24 сағаттан кейін 40%, және 7 күн өткеннен кейін 10% қатаяды. Егер
қуыста металлдан жасалған штифтер, амальгама қалдықтары болған болса, олар сәуле
жолына кедергі болады. Сондықтан бұл кезде пломбыға бірнеше бағытта (2-4) сәуле жіберіп
қатайтады.
Қазіргі кезде жетілдірілген, аса көп отырыс бермейтін материалдар шығарыла бастады. Бұл
материалдар тісжегі қуысына көлдбеу қабаттармен салынады және аз аралықтан сәулені
пломбы бетіне тік бағытта жіберу арқылы қатайтылады. Мұндай материалдардың өкілдері:
“Filtek – Z-250”, “Filtek P-60 (3 М)”, “Solitaire 2” (Heraus, Kulzer), “ Surefil” ( Detrey, Dentsply),
“Definite Degussa” және б.
11.
Сәулемен қатаятын композиттермен жұмыс істегенде
тағы бір маңызды жағдайды ұмытпау керек. Ол –
қатайған пломбының жоғарғы қабаты немесе ауадағы
оттегімен тежелген қабат (слой ингибированный
кислородом воздуха). Құрамы жағынан ол
толықпаған адгезивті жүйені еске түсіреді және
полимерлік матрицаның бос радикалдарынын
тұрады. Сырт көзге бұл қабат жылтыр, «ылғалды»
жабысқақ жарғаққа ұқсап көрінеді және аспаппен
немесе суланған аңжымен оңай алынады.
Бұл қабат композиттің қатаюы нәтижесінде пайда
болған бөгде қабат сияқты көрінгенімен ертерек
қатайған пломбы қабатына жаңа бөлшектің сапалы
жабысуына жағдай туғызады. Пломбылық
материалдың келесі бөлшектерін нығыздаған кезде
бұл қабат ығысып шығып кетеді, ал нығыздалған
материал қатайған бетке жақсы жабысады. Әрбір
жаңа бөлшек қатайған қабатқа аспаптан жақсы
ажырай отырып жабысуы керек және пломбы
біртұтас болу керек. Пломбының бетінде немесе
терең қабаттарында ақ жолақтардың болуы композит
қабаттарының бір-бірімен және тіс тіндерімен
жабысуының нашарлығын көрсетеді.
12.
Пломбының ең беткей оттегімен тежелген қабатының
өткізгіштігінің жоғары болуы нәтижесінде оған тамақтың
құрамындағы бояғыш заттар жақсы сіңіп, түсін өзгертеді және
бұл қабат аспаптар әсерінен оңай жарақаттанады, абразивтік
бұзылысқа тез ұшырайды. Сондықтан бұл қабатты жақсы
қатайған қабатқа дейін толығымен алып тастау қажет
(композиттерді қолдану техникасының стандартты шарттарына
сай). Сол үшін қатайған пломбының барлық бетін тегістегіш
және жылтыратқыш аспаптармен өңдеу, әрлеу керек.
Пломбының бетін әрлеудің ең соңғы кезеңі – арнаулы
қойыртпақтар мен щеткамен (мәсуекпен) тазалап, бетін
жылтырату және соңғы рет 10-20 секөндқа сәуле жіберу
(финишное отсвечивание).
Кей жағдайларда оттегімен тежелген қабатты болдырмау үшін
(пломбының бетін өңдеу қиынға соғатын аймақтарда) оттегі
өткізбейтін химиялық бейтарап глицеринді гелдер
пайдаланылады. Олардың өкілдері: “Cower Gel” (Voco), “Deox”
(Ultradent), “Airblock” (Dentsply), “Liquid Strip” (Vivadent).