781.28K
Категория: КультурологияКультурология

Өнер туралы ғылым (әдебиеттану)

1.

2.

БАҒЫТЫ: Өнер туралы ғылым (әдебиеттану)

3.

Ертегілер туралы білімімді дамыту,
Ертегідегі қиялдың бүгінгі жемісі
қандай? - деген және қазіргі
балалардың қазақ ертегілерін оқымай
шетел мультфильмдеріне еліктеуіне не
себеп? - деген сұрақтарға жауап іздеу

4.

1. Қазақ ертегілері жайлы оқып білу;
2. Ертегілердің пайдасы туралы зерделеу;
3. Шетелдік мультфильмдердің зиянын зерттеу;
4. Шетел мультфильмдерінің кейіпкерлері мен
қазақ ертегілерінің кейіпкерлерін салыстыру.

5.

ҚИЯЛ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Өмірде қиялсыз бала болмайды. Қазақ халқы «Қиялсыз
адам – қанатсыз құспен тең» дейді. Барлық балалар
өздерінің қиялдары арқылы жақсылықты армандай алады.
Адамның миында қиял пайда болған кезде көптеген жаңа
нәрселердің бейнесі туып отырады екен. Ал неше түрлі
қызықты оқиғалар мен кейіпкерлер туралы баяндалатын
ертегілер бала қиялын дамытуға таптырмайтын құрал.
Ғалымдар, жазушылар, ғарышкерлер, инженерлер, т.б.
барлығы бала күнінде ертегі оқу арқылы қиялын дамытып
қоғамдағы мәдениеттің, ғылымның, техниканың қазіргі
жетістіктерін жасады. Мысалы, ертегідегі ұшқыш кілемдер,
құлағын бұраса ұшатын ағаш аттар бүгінгі заманда ұшақ,
тікұшақ, зымырандарға айналған, таусоғар – экскаватор,
көлтаусар – су соратын көлік, желаяқ – жеңіл көліктер,
пойыздар, метролар, саққұлақ – телефон, ұялы телефон, т.б.

6.

ЕРТЕГІ ҚАНДАЙ ШЫҒАРМА?
Ертегі - бала қиялын ұштайтын таңғажайып туынды.
Ертегіні оқыған әрбір бала ондағы жағымды кейіпкерлерге
ұқсауға әрекет жасап, жағымсыз кейіпкерлердің мінезқұлықтарынан жиренеді. Бастауыш сыныпқа барған бала
ертегі оқу арқылы тәрбиелі, тәртіпті, елін, жерін сүйетін азамат
болып өседі. Олар туған жерді қорғаған батырлар жайындағы
аңыздарды тыңдағанды жақсы көретін болады. Табиғат,
жануарлар, адамдардың өмірі жайындағы кітаптарды сүйіп
оқитын болады. Ертегінің басты міндеті – оқиғаны барынша
тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Ертегі шындыққа
бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп
дәлелдеуге тырыспайды. Барлық халық ертегілерінің дәстүрлі
басталуы мен аяқталуы болады. Қазақ ертегілері негізінен
«Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде» деп басталса, соңы бас
кейіпкердің мұратына жетіп, бақытты болуымен аяқталады.
Ертегідегі бас кейіпкердің іс-қимылы баланы, адалдыққа,
ақылдылыққа, шыдамдылыққа, еңбексүйгіштікке үйретеді.

7.

ЕРТЕГІ ДЕ ЕМДЕЙДІ ЕКЕН...
Балалардың мінез-құлқын зерттеумен айналысатын
зерттеушілердің айтуы бойынша баланың ақыл ойының
бірқалыпты дамуы үшін ертегіні тұрақты түрде әңгімелеп айту
керек екен. Батырлыққа, ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелейтін,
түбі жақсылықпен аяқталатын ертегілерді тыңдау баланың ойөрісін, қиялын шыңдайды. Мейірімділікке тәрбиелейтін ертегіні
анасы, батырлыққа тәрбиелейтін ертегіні әкесі айтса әсерлірек
болады. Бала сондай болуға талпынады.
Дәрігерлердің
айтуынша
қазір
компьютер
мен
теледидардың алдында көп отыру мен фас-фуд тағамдарын көп
жеудің кесірінен Қазақстанда семіздік дертіне ұшыраған балалар
көбейіп келеді екен. Зерттеушілер балаларға күнделікті ертегі оқу
арқылы бұл дерттен айығуға болатынын айтады. Қыз балалар
ертегідегі «ай десе аузы, күн десе көзі бар» арулар сияқты сұлу,
сымбатты болуға ұмтылса, ұл балалар «суға салса батпайтын, отқа
салса жанбайтын», «күн санап өсетін» ертегілік батырларға
ұқсауға тырысып, спортпен шұғылдануға құлшынады екен.

8.

Алдар көсе мықты ма, Спанч Боб мықты ма?
Қазір заман талабына сай көп балалар қазақ ертегілерін оқығаннан
гөрі теледидардан шетелдік мультфильмдерді көргенді ұнатады. Спанч
Боб, Бентен, Бэтман, Өрмекші адам сияқты қазақы танымға жат
кейіпкерлерден тәлім алған балалардың көбі қазақ батырларына емес,
Американың мағынасыз, баланың ой-өрісін өсірмейтін оқиғаларға толы
мультфилм кейіпкерлеріне ұқсауға тырысады. Ал қазақ ертегілерін
оқымаған бала ешқашан өз елін, жерін шын жүрегімен жақсы көрмейді.
Олар шетелге кетуді аңсайтын болады. Сана-сезімі, дүниетанымы
шетелге жақын болады. Осыған орай құрбыларымның арасында
сауалнама жүргізген едім. Сауалнамаға қатысқан жиырма сегіз баланың
барлығы ертегіні оқимын дегенімен, «Алдар көсе» мультфильмі мен
«Спанч Боб» мултьфильмінің қайсын жақсы көресің?» -деген сұраққа
көпшілігі «Спанч Боб» деп жауап берді. Бұдан шығатын қорытынды: Ең
қызықты деген қазақ ертегілерін балалардың ұғымына сай мультфильм
етіп түсіру керек. Әйтпесе балалар өз елін сүйетін нағыз қазақ болмайды.

9.

Құрбыларымның арасында жүргізген сауалнама нәтижесі
(«Алдар көсе» мультфильмі мен «Спач Боб» мультфильмінің қайсын жақсы көресің?)
18
16
14
12
10
8
6
4
2
0
Алдар көсе
Екеуін де
Спанч боб

10.

ЕРТЕГІ ОҚУДЫҢ ПАЙДАЛАРЫ:
1. Ертегі оқу арқылы баланың қиялы
дамып, бойындағы дарыны ашылады.
2. Қазақ ертегілері балаларды ұлттық
тәрбиеге
бейімдеп,
төл
мәдениетке
үйретеді. Ертегі оқыған бала өзінің ана
тілін жетік білетін болады.
3. Балаларды ертегімен тәрбиелеген елдің
келешегі зор болады. Ол елден өте
ақылды, білімді, елін сүйетін адамдар көп
шығады. Мысалы, қазақ халқының ұлы
ақыны Абай Құнанбаев бала кезінде Зере
әжесінің, ал тұңғыш ғалымы Шоқан
Уәлиханов бала кезінде Айғаным әжесінің
ертегісін тыңдап өскен.

11.

ШЕТЕЛ МУЛЬТФИЛЬМДЕРІНЕ ЕЛІКТЕУДІҢ ЗИЯНДАРЫ:
1. Шетел мультфильмдеріне еліктеген баланың
бойында еліне деген сүйінпеншілік азаяды;
2. Шетел мультфильмін көп көрген бала
ана тілін толыққанды түсіне алмайды;
3. Шетелдің түсініксіз мультфильмдеріне еліктеген
бала терең ойлай алмайды. Ондай балалардан
туған елінің ертеңі үшін адал қызмет ететін
ақылды адамдар шықпайды.

12.

Жалпы, еліміздегі базар, дүкен сөрелерін балаларға
арналған орыс тілді кітаптардың жаулап алғанына біраз
уақыт болды. Қазақша ертегі кітаптар өте аз және бағасы
қымбат. Ал теледидарды қоссаңыз қаптаған шетелдің
мульфильмдері. «Балапан» телеарнасының өзінен ұлттық
мультфильмдер аз беріледі. Кез келген үйге бара қалсаңыз,
қаптаған түрі ұсқынсыз Халк, Шредер, Бэтман, Супермен,
Өрмекші адам және тағы басқа кейіпкерлердің мүсіндерін
бейнелеген ойыншықтар және атаулы кейіпкерлердің желісіне
түсірілген мульт-фильмдердің дискілерін, суреттерін байқауға
болады. Қазақ ертегілерінің кейіпкерлері бейнеленген
суреттерді де, ойыншықтарды да базардан таба алмайыз. Міне,
сондықтан орысша сөйлейтін, орысша ойлайтын балалар жыл
сайын көбейіп келе жатыр. Біз келешекте «Қаңбақ шал»,
«Ертөстік», «Алтын сақа», т.б. қазақ ертегілеріне түсірілген
мультфиьмдерді көргіміз келеді.
English     Русский Правила