3.80M
Категории: ЭкономикаЭкономика ПолитикаПолитика

Қазақстанның сыртқы саясаты

1.

2.

2000 жылға дейін Қазақстанның тәуелсіздігін 138 ел, яғни әлемдік
қауымдастықтағы мемлекеттердің жартысынан астамы таныды, оның
ішінде 120 елмен дипломатиялық қатынастар орнатылды, 64
халықаралық ұйымның мүшелігіне өтті. Әлемнің 32 елінде Қазақстан
Республикасының елшіліктері ашылды. Бүгінде шетелде 32 елшілік, 1
тұрақты өкілдік, 2 дипломатиялық миссия, 3 бас консулдық, 10
консулдық және 1 төлқұжат-виза қызметі және Қазақстанда 44 шетел
елшіліктері мен миссиялары, сондай-ақ 12 халықаралық ұйымдардың
өкілдері жұмыс істейді.

3.

Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына
мүше болған кезден бастап-ақ оньң Бас
Ассамблеясының жыл сайын қыркүйекте өтетін
сессияларына, басқа да мәжілістеріне қатысып, бүкіл
қоғамдастыққа ортақ мәселелерге байланысты
ұсыныстарын білдіріп келеді. 1992 жылы БҰҰ Бас
Ассамблеясының 47 сессиясында Қазақстан
Президенті Н.Назарбаев Қазақстанның халықаралық
саясаты туралы айта келіп, екі түрлі ұсыныс жасады.

4.

• Оның біріншісі - барлық ел үкіметтерінің ізгі ниет
білдіру тәртібімен «бір+бір» формуласы бойынша
БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын
құруды бастау. Бұл формула бойынша әрбір
мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір
пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға
ұлғайтып отыруды көздейді.
• Екінші ұсынысы - Азиядағы өзара ықпалдастық
және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК)
шақыру. Елбасы Н.Назарбаевтың бұл бастамасы
көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан
қолдау тауып Қазақстанның сыртқы саясатын
айықындауда айтарлықтай рөл атқарды.

5.

1994 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаевтың Мәскеу мемлекеттік
университетінің профессор-оқытушы құрамымен және
студеттермен кездесуінде жария еткен Еуразиялық одақ
туралы идеясы қазіргі уақытта өзінің өміршендігімен
белгілі болып отыр. 2000 жылы 10 қазанда Астана
қаласында Қазақстан, Ресей, Белорусь, Қырғызстан және
Тәжікстан мемлекеттерінің қатысуымен құрылған
Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа 2006 жылы 25
қаңтарда Өзбекстан мемлекеті қосылды.

6.

Бұл ұйымның басты мақсаты өзіне мүше елдер
аумағында еркін сауда аймағын кұру, бірыңғай
кедендік тарифтер қолдану, ДСҮ-ға мүшелікке кіруде
келісілген ұстанымда болу, сыртқы шекаралар
қауіпсіздігін сақтау, әлеуметгік-экономикалық даму
үрдістері барысында келісілген бағдарламалар
қабылдау, энергетика мен көлік салаларында ортақ
рынок құру және т.б. мәселелерді қамтиды.

7.

Қазақстан Республикасы сонымен бірге 2002 жылы
құрылған Орталық Азия Ынтымақтастық Ұйымына
(ОАЬІҰ), 2000 жылы алғашқыда «Шанхай бестігі» болып
құрылған, қазіргі уакыттағы Шанхай Ынтымақтастық
Ұйымына (ШЫҰ), 2003 жылы 19 қыркүйекте Ялта
қаласында құрылған Бірыңғай экономикалық кеңістік
(БЭК) ұйымына мүше болып саналады.

8.

9.

10.

11.

Қазақстан мен Ресейдің шекараларды қорғауды қамтамасыз
етуде, ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру жөніндегі аймақта
күштердің тепе-теңдігін ұстау және ядролық қауіпсіздік
проблемаларын шешу жөніндегі іс-шараларды қолдануда
өзара ортақ пікір бар. Сондықтан, тараптардың екеуі де осы
салада және келешекте де тығыз өзара бірлескен іс-қимыл
қажеттілігін жете түсінеді.
Экономикалық өсудің ізгі алғы шарттары Орталық Азия
мемлекеттерінің мұнай және газ индустриясын дамыту
жөніндегі бірлескен іс-әрекеттерін қалыптастырады,
аймақтық тасымал мен коммуникацияның әр түрлі
салаларын дамытудың зор келешегі бар. Экономиканы
интеграциялау, негізінен алғанда, оның барлық
қатысушыларына тек пайда әкеліп, Орталық Азия елдерінің
Азия және бүкіл әлемдік рыноктарына шығуына жол ашады.

12.

• Ресей Федерациясымен ынтымақтастық
Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен
қарым-қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп
жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп
жатқан мемлекеттік шекараның ұзындығының өзі 7591 шақырымға
созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің
және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр.
Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және
коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары
бойынша байланыс орныққан

13.

• Қазақстан және Қытай: ынтымақтастықтың негізгі багыттары
Қазақстанның ҚХР-мен шектесіп жатқан аудандарында және Шыңжан
Ұйғыр Автономиялық ауданында тұратын халықтардың тарихи және
этникалық жақындастығы да бүл қатынаста белгілі бір рөл аткарады.
Осы елдердің экономика саласындағы қарым-қатынасы өзара тиімді,
ауқымды және пайдалы болатынына сенім ұялатады. Мәселен, екі ел
аумақтары арасындағы тікелей транспорттық қатынастың ашылуы,
Қытайға Орталық Азия аймақтарының рыноктарына, сондай-ақ
Еуропаға және Закавказияға шығуға мүмкіндіктер берді. Сонымен бірге
Қазақстан үшін Қытай аумағы арқылы Тынық және Үнді мұхиттарына
шығу мүмкіндігі ашылды.

14.

Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық
Оған қоса Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен байланысы
жылдан жылға нығая түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың 2006 жылы АҚШ-қа ресми сапары қазақстандықамерикандық ара-қатынастың дамуына және нығая түсуіне септік еткен
маңызды шара болды. Сапар барысында екі ел арасында болған
сындарлы сұхбаттар кезінде қауіпсіздік, терроризммен күрес,
энергетикалық саладағы байланыстың дамуы және Қазақстан
Республикасындағы жоғарғы технологиялық, инновациялық
өндірістерді дамыту процесіне американдық компаниялардың ат
салысуы талқыланды.

15.

Мұсылман елдерімен ынтымақтастық
Қазақстанның ислам әлемімен қарым-қатынасының тереңдей түcyi
турасында 2006-2007 жылдар аралығында бұл байланыстың
қарқындылығы байқалғанын атап өтуге болады. 2007 жылы ҚР
Президенті Н.Назарбаев Мысыр, Иордан, Катар, Сирия, Біріккен
Араб Әмірліктерінде ресми сапармен болып қайты. Ал Қазақстанға
Мысыр Президенті X.Мубарак және Иордания королі Абдалла II
келді. Бұның бәрі біздің еліміздің және ислам мен араб әлемі
арасындағы қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілгендігінің
бірден-бір белгісі болып табылады.

16.

Еуропа Одағымен ынтымақтастық
Соңғы жылдары Қазақстан Еуропа Одағына мүше елдер арасындағы
қарым-қатынас едәуір алға басты. Бұл ретте мемлекетіміздің ЕО-мен
«ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» диалогы шеңберіндегі арақатынасын атап өту қажет. «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері»
аясындағы соңғы кездесу 2007 жылдың көктемінде Қазақстан
Республикасының Елордасы Астана қаласында өтті, оның барысында
ЕО-ның Орталық Азиядағы 2007-2013 жылдарға арналған
стратегаясы талқыланды.

17.

ТМД мемлекеттерімен интеграциялық процестері
Республиканың сыртқы саясаты стратегиясында бұрынғы кеңес кеңістігінде
болып жатқан интеграциялық процестер ерекше орынға ие. Біздің
мемлекет бұрынғы КСРО республикаларының басым бөлігін бірлестірген
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама
ic атқаруда. 2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қазан айына
дейін Қазақстан ТМД-да төрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық
процесстердің дамуына жаңа серпініс берді. Төраға ретінде Қазақстан ТМД
ұйымының жалпы тиімділігін арттыру мақсатында Достастықты
реформалау бойынша Концепцияны жасап, ТМД мүше басқа елдердің
талқылауына салды. 2007 жылдың қазан айында Душанбеде өткен ТМД
саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды.
English     Русский Правила