Похожие презентации:
Бөлу процестерінің тиімділігін бағалау әдістерін таңдау және таңдау принциптері
1.
Орындаған: Жақсылықова Б.Е.Қабылдаған:Батырбаева А.Ә.
Факультет: ФӨТ
Курс: 2
Топ: 18-015-1к
2.
Жоспар:1. Бөлу әдісінің қажеттілігі;
2. Бөлу процесінің түрлері;
3. Бөлу тәсілдерінің түрлері;
4. Бөлу әдісінің қолданылуы;
5. Бөліну әдісінің тиімділігі;
6. Қойылатын қажетті талаптар.
3.
Анализденетін сынамада анықталатынкомпонентпен қатар бөгде немесе кедергі жасайтын
заттар болады, олар қажетті элементті тікелей
анықтауда қиындық туғызады.
4.
Тәжірибеде бөлуәдістері
Химиялық
тұндыру,
редокситұндыру,
ұшқыш
қосылыстардың
түзілуі.
Физикалық
Физикохимиялық
экстракциялау,
сорбция,
хроматография
кристалдану,
қайнату,
дистилдеу
5.
Бөлудің химиялық әдістері заттардынерігіштіктерінің әртүрлі болуына және тұнба
алу реакциялары мен аз еритін
қосылыстардың еруіне негізделген. Кедергі
келтіретін компоненттерді қолайлы
лигандпен берік комплексті қосылысқа
айналдыру арқылы олардың әсерін
бүркемелеу өте тиімді тәсіл болып
табылады. Бұл кезде анықталататын
компонент комплекс түзбейді немесе
комплекс түзілген жағдайдың өзінде оның
тұрақтылығы өте төмен болады. Мысалы,
темір (III) әдетте фторидпен жиі
бүркемеленеді.
6.
Тәжірбиеде бөлудің экстракция,ионды алмасу, хроматография,
электрохимиялық процестер
және т.б. сияқты тәсілдері
кеңінен қолданылады.
Бөлу әдісін микромөлшерлерді
концентрлеуде де қолданады.
Осы кезде алынған
концентраттағы анықталатын
компоненттің құрамы бірнеше
рет артады, сөйтіп анықтау шегі
айтарлықтай төмендейді.
7.
Қазіргі аналитикалық аспаптардың әр түрліобьектілердегі элементтер ізін анықтаудағы үлкен
мүмкіндіктеріне қарамастан, бірқатар жағдайларда
анықталатын микроэлементтердің концентрациясы
берілген аналитикалық әдістің салыстырмалы табу
шегінен аз болғанда, алдын-ала концентрлеуді қолданады.
8.
Тиімділігі:• матрицаны, бөгет жасайтын
қоспаларды жоюға жағдай
туғызады,
• үлкен өлшендіні анализ үшін
пайдалануға мүмкіндік
жасайды,
• қомақты татпа алуды
жеңілдетіледі,
• микроэлементтердің табу
шегін бірнеше ретке елеулі
кемітуге болады.
9.
Бөліну тиімділігі мына қатынаспен сипатталады:n2 /(n1+n0)=n2/n0
мұндағы n0 – заттың бастапқы мөлшері, n1 – ерітіндіде
қалған заттың мөлшері, n2 – тұнбаға түскен заттың
мөлшері.
10.
Концентрлеу әдісін таңдағандажетекшілікке алатын талаптар:
анализденетін заттың
табиғаты мен химиялық
құрамын,
барлық операциялардың
ұзақтығын,
құрал-жабдықтардың баржоқтығын,
әрі қарай өлшеу әдістерін
11.
Әр түрлі элементтерді бөлу және бөліп шығаруәдістеріндегі ең ескі тәсілдердің бірі тұндыру. Оның
көмегімен периодтық жүйенің көптеген элементтері
ашылды. Тұндыру процесінде нашар еритін қосылыстың
тұнбасы қатты фаза түзіледі. Анықталатын А компоненті
ерігіштік көбейтіндісінің ережесіне сай фазалар
аралығына бөлінеді.
12.
Ерігіштік көбейтіндісі ережесі бойынша өз бетіменберілген жағдайда тұнбаға түсе алмайтын бөгде
иондарды тұнбаның ұстап қалуын қоса тұну деп
аталады. Қоса тұну кезінде микрокомпаненттің ерітінді
мен түзілетін тұнба арасында бөлінуі пайда болады,
мұнда бір мезгілде микро және макроэлементтердің
тұнбаның қатты фазасына өтуі жүзеге асады.
13.
Бөлу және концентрлеу әдістерінің ең кең тарағандарыныңбірі экстракция болып табылады, оның мүмкіндіктері зор.
Оның негізінде екі фаза арасында компонентті бөлу
принципі жатыр.
14.
ҚорытындыСонымен, біз бөлу әдісін анализденетін сынамада
анықталатын компонентпен қатар бөгде немесе
кедергі жасайтын заттар болғандыықтан қолданамыз.
Өйткені олар қажетті элементті тікелей анықтауда
қиындық туғызады. Сонымен қатар, бөлу әдісінің
мынадай тиімділіктерін атап өттім: матрицаны,
бөгет жасайтын қоспаларды жоюға жағдай туғызуы,
үлкен өлшендіні анализ үшін пайдалануға мүмкіндік
жасауы, қомақты татпа алуды жеңілдетілуі,
микроэлементтердің табу шегін бірнеше ретке елеулі
кемітуге болуы.
15.
Пайдаланылған әдебиеттер:https://studopedia.ru/19_26475
1_sinamani-idiratu-azhiratueritu.html
http://referat.resurs.kz/ref/bolubolip-shigaru-zhanekontsentrleu-adisteri
https://studopedia.info/430399.html