Похожие презентации:
Қазақ ойшылдары дін туралы
1.
Қазақ ойшылдарыдін туралы
Орындаған:
М.Пазылбеков,А.Бектуганов “Уау” тобы
2.
Жоспар:1.Абай дін туралы.
2.Қожа Ахмет Ясауи дін туралы.
3.Шәкәрім Құдайбергенұлы дін туралы.
4.Өлендер
5.Сілтемелер
3.
Абай ҚұнанбаевКімде-кім жақсы-жаман ғибадат қылып жүрсе, оны ол
ғибадаттан тыюға аузымыз бармайды, әйтеуір жақсылыққа
қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз. Ләкин, сондай
адамдар толымды ғибадатқа ғылымы жетпесе де, қылса екен.
Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен. Әуелі - иманның
иғтиқатын махкамлемек керек, екінші - үйреніп жеткенше осы
да болады ғой демей, үйрене берсе керек. Кімде-кім үйреніп
жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны құдай ұрды, ғибадаты
ғибадат болмайды. Уа-ләкин, кімде-кім иманның неше нәрсе
бірлән кәмәләт табатұғынын білмей, қанша жерден
бұзылатұғынын білмей, басына шалма орап, бірәдар атын
көтеріп, оразашыл, намазшыл болып жүрген көңілге қалың
бермей тұрып, жыртысын салғанға ұқсайды. Күзетшісіз,
ескерусіз иман тұрмайды, ықыласыменен өзін-өзі аңдып, шын
діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттың иманы бар
деп болмайды. 12 Қара сөз.
4.
13-Қара сөз.Иман деген - алла табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге
пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәлләм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып,
инанмақ. Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек. Әуелі - не нәрсеге иман келтірсе, соның
хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел - испат қыларға жараса, мұны якини иман
десе керек. Екіншісі - кітаптан оқу бірлән яки молдалардан есту бірлән иман келтіріп, сол иман келтірген
нәрсесіне соншалық берік боларға керек. Біреу өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де,
соған айнып, көңілі қозғалмастай берік болу керек. Бұл иманды иман таклиди дейміз.
Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек екен. Якини иманы бар
деуге ғылымы жоқ, таклиди иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға
қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, өтірікті шын деп ант ететұғын кісіні не дейміз? Құдай тағала өзі
сақтасын. Әрнешік білмек керек, жоғарғы жазылмыш екі түрліден басқа иман жоқ. Иманға қарсы келерлік
орында ешбір пенде құдай тағала кеңшілігімен кешеді дағы демесін, оның үшін құдай тағаланың ғафуына
яки пайғамбарымыздың шафағатына да сыймайды, мүмкін де емес. «Қылыш үстінде серт жоқ» деген,
«құдай тағаланың кешпес күнәсі жоқ» деген жалған мақалды қуат көрген мұндай пенденің жүзі құрысын.
5.
16-Қара сөз.Қазақ құлшылығым құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт
қылғанды біз де қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді. Саудагер
несиесін жия келгенде «тапқаным осы, біттім деп, алсаң — ал, әйтпесе
саған бола жерден мал қазам ба?» дейтұғыны болушы еді ғой. Құдай
тағаланы дәл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып, дінін
тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды. «Білгенім осы, енді
қартайғанда қайдан үйрене аламын» дейді. «Оқымадың демесе болады
дағы, тілімнің келмегенін қайтушы еді» дейді. Оның тілі өзге жұрттан
бөлекше жаратылып па?
6.
Қожа Ахмет ЯсауиСонау Қорқыт Ата заманынан бастап кең байтақ қазақ
даласында талай ғұламалар өмір сүріп, әлем мен адамның
түпкі сырын ашуға талаптанған, тіршіліктің мәнін іздеп,
құдіретті күштердің ықпалын талдауға ұмтылған. Міне
сондай әр түрлі бағыттарға, салаларға бөлінген
дүниетанымдық ізденістердің бір көрінісі – діни философия.
Орта ғасырдағы діни дәстүрдің көрнекті өкілі Қожа Ахмет
Иасауи ерекше тұлға ретінде халық ділінде сақталған. Сыр
бойының топырағынан жаралған әр түрлі ойшылдардың
арасынан Әбу Насыр әл Фараби философиясы бірқатар
жүйеленіп келе жатқан ғылым болса, ал Қожа Ахмет Иасауи
еңбектері ( хикметтері ) енді-енді зерттеушілердің назарына
ілініп жан-жақты зерттелуде. Оның өлеңдері кезінде халық
арасына кең тарап, ауыз әдебиеті түрінде өмір сүріп келген.
7.
Сонымен қатар олар фольклордың бағыт-бағдарын анықтаушы рөлді де атқарған. Әрбірклассикалық шығармаға тән қасиетке ие « Диуани хикмет » қазіргі заманның өзінде құндылығы
мен өзектілігін жоғалтқан емес, бұл еңбекте қойылған мәселелер адамның рухани дамуындағы,
этикалық әлемін ұйымдастырудағы биік белестер болып қала бермек. Үлкен, кіші адамдардан
әдеп кетті, Қыз-келіншек, нәзік жаннан ұят кетті. “ Ұят барда иман бар” деп Расул айтты, Арсыз
қауым бүлдіріп кетті, достар. Мұсылман мұсылманға болды қатал, Нақақ істеп хақ жұмысын
бұзды батыл. Мүрит пірге жылы жүзбен болмай жақын, Ғажап сұмдық замана болды, достар.
Тарихи кезеңдердің жаңа дәуірі туғанмен де Қожа Ахмет Иасауи айтқан «ар », « ұят », « әдеп », «
әділеттілік » сияқты руханилықтың мәңгілік категориялары өз құнын ешқашан жоймақ емес. Бұл
ұғымдар қоғамның формациялық тұрғыда қандай сатыда тұрғанына, қандай өркениеттің өкілі
екеніне қарамайақ адамдардың руха - ни дидарын байқатушы негізгі белгілер болып қала бермек.
Ар мен ұят құнсызданатын болса, онда заманның әлеуметтік болмысы өркениеттік дамудан
алшақтай, халықтың өмірі тұрпайылана түседі. Міне, осындай кезеңдерде рухани дамудың
жақтаушысы ретінде әлеуметтік сахнаға кемеңгер ойшылдар шыға бастайды. Осы тұрғыдан
алғанда Қожа Ахмет Иасауи тұлғасы кездейсоқ құбылыс емес, ол әлеуметтік өмір қажеттілігінен
туындаған халықтың қалаулысы.
8.
Шәкәрім ҚұдайбергенұлыШәкәрім дүниетанымында «дін» және «діншілер» деген қос ұғым қатар
қолданылады. Дін мен діншілерді бір деп қарау Шәкәрім дүниетанымын
түсінбестік болар еді. Діншілер — бұл, Шәкәрім дүниетанымында,
шығармашылығында ерекше сынға ұшырайтын ұғымдардың бірі. Ал дінді
ойшылдың «діншіл» ұғымынан бөлек түсінгені аңғарылады. Шәкәрім «діншіл»
ұғымымен қатар өз өлеңдерінде «пәншіл» ұғымын да қатар қолданып, бұларға
сыни көзқараста болған. Мақаламыздың басты мақсаты Шәкәрімнің осы дін және
діншілер жайындағы көзқарастарын талдау болып саналады. Шәкәрімнің
пәншілдер туралы айтқан өлеңдерінің бәрінде діншілдер туралы дәл сол
пәншілдерді сынағандай сыни көзқараста болғандығын аңғарамыз. Ол үшін
Шәкәрім өлеңдеріндегі мына сөз тіркестеріне назар аударсақ жеткілікті:
«Молдалардан дін сұрасаң, сандырақтар, сандалар», «Адасып діншіл азғанын,
сынауға бұрдым бас», «Пәнші нанды бес сезімге, дінші адасты жолынан», «Пән
жамылған әлімдер, дін жамылған зәлімдер» т.б. Бірақ Шәкәрім қолданған осы
бірнеше сөз тіркестеріне қарап ол дінге қарсы болған немесе дінді қабыл алмаған
деген пікірге баруға болмайды. Шәкәрімнің дінді өте терең мағынасында түсінген
ойшылдардың бірі екендігіне дау жоқ. Шәкәрім тек бұрыс кеткен діншілдер мен
діндерді ғана сынға алады. Олар, ойшылдың ойынша, өз жолдарынан адасқан
болып саналады. «Дінші адасты жолынан», — деп тұр емес пе. Яғни, бар айтпақ
ойы — діннің өз жолы бар, бірақ діншілер сол жолдан адасқан. Соны сынауға
бұрдым бас дейді. Міне, Шәкәрімнің дін жайындағы көзқарастары туралы сөз
қозғағанда осы мәселелер төңірегінен алшақ кетпеген жөн. Сонымен қатар
Шәкәрім айтып отырған «дін жамылған зәлімдер» кімдер, оған да назар аударған
жөн. «Бұл кездегі діндердің бәрі нашар», — дейді Шәкәрім. Бұған қарап Шәкәрім
жалпы дінді терістеп отыр деп ойламау керек. Ол белгілі бір кезеңдегі тарап
отырған діннің нашар екендігін ғана айтып отыр. Яғни бұдан сол діндерге қарап
Шәкәрімнің оларға айтар өз ойының бар екендігін ұғынуға болады.
9.
Бұл кездегі діндердің бəрі — нашар,Ешбірі түзу емес, көңіл ашар.
Өңкей алдау, жалғанды дінім дейді,
Тексерсең ойың түгіл жаның сасар.
Əлемдегі діндердің түп мақсұты
Үш нəрседе бұлжымай құшақтасар:
Құдай — бар, ұждан — дұрыс, қиямет — шын,
Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар.
Шәкәрім кез келген діннің негізгі іргетасын құраушы, діңгегі осы үш нәрсе, бұдан асып
кетер діннің мақсұты жоқ дейді. Әрі барлық діндердің мақсұты осы үш негізгі түсінікте
бірігеді. Олай болса, Шәкәрімнің ойынша, дін жаратушының бар екенін мойындап, істеген
ісіне қарай не бір сауап немесе жазаның болатынын қаперде ұстап, ұжданға сай өмір сүру
дейді. Бұдан асып кететін ешбір дін жоқ. Шәкәрімнің ойынша, осы үш діңгекті негіз етуі
тиіс дін атаулы адамдарды адамшылыққа жеткізудің орнына бір-бірімен дау сабасып,
тартысқа түсіп, қоғамда адамдарды қиянатқа баруға итермелеп отыр.
10.
Дін адамды бір бауыр қылмақ еді,Оны бөліп, дұспандық қару жасар.
Інжіл, құран — бəрі айтып тұрса дағы,
Мағынасынан адасып қара басар.
Сөйтіп бұзып, бүлдіріп есіл дінді,
Дін десе білімділер тұра қашар.
Ешбір дін үйтіп дұспан бол демейді,
Қанекей бұл сөзіме кім таласар.
Шәкәрімнің дін жайында айтар ойы айқын. Ол ешбір дін қиянат жаса, дұшпан бол демейді деп отыр.
Ендеше, кінә дінде емес, сол дінді ұстанушылардың оның түп мағынасын түсінбей, дінді қолшоқпарға
айналдыруында. Сөйтіп есіл дін бұзылады дейді. Яғни кемшілік дінде емес, діншілдерде болып отыр.
«Құран сырын түсінбей бұрса дағы, жасырылмай жарқырап тұр керемет. Жаман тәпсір жайылып жер
бетіне, дін десе тұра қашты есті азамат», — дейді Шәкәрім. Білімділердің, есті азаматтардың діннен
тұра қашуының негізгі себебі жаман тәпсірде деп отыр. Дін мен діншілер туралы Шәкәрімнің пікірі
осындай.
11.
ӨлендерАлла өзін білімдімен құт етеді,
Бірінші тілек тілеңіз,
Қайырсыз надандықты жұт етеді.
Бір Аллаға жазбасқа
Білімді үйренбеген тала қауым,
Екінші тілек тілеңіз,
Құдайды қолдан жасап, пұт етеді.
Әзәзіл, пасық, залымның
Ахмед Иүгінеки
Тіліне еріп азбасқа.
Діл мұсылман болмаса, тіл мұсылман не пайда.
Бұқар жырау
Бұқар жырау
Нәпсі алдаушы дұшпаның,
Ұрлық пенен қорлықтан,
Насихатын алмағын.
Өтірік, ғайбат, зорлықтан,
Асан қайғы
Бойыңды тартып тек жүрсең.
Иман – қой, ақыл –қойшы, нәпсі–бөрі,
Көрмессің деген залалды.
Бөріге қой алдырмас ердің ері
Шортанбай Қанайұлы
Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,
Жоламас ешбір пәле шайтан-пері.
Шал Ақын
12.
Сілтемелер:http://www.ihsan.kz/kk/articles/view/1381
https://articlekz.com/kk/article/15613
https://bilim-all.kz/