810.05K
Категория: МедицинаМедицина

Жақ-бет аймағының одонтогенді қабыну аурулары

1.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
С. М.Закишева, А. Т.Тоқбергенова, А. С.Әлмұратова,
А. Р. Тулкумбаев
ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫНЫҢ ОДОНТОГЕНДІ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ
(оқу-әдістемелік нұсқау)
Қарағанды 2012
1

2.

ӘОЖ 616.716.8
ҚБЖ 56.6
Ж 21
ПІКІР БЕРУШІЛЕР:
Ж.Г. Танкибаева - ҚММУ терапиялық стоматология курсына жауапты
м.ғ.к., доцент
Б.Ж. Култанов - ҚММУ мемлекеттік тілді дамытуга жауапты б.ғ.д.
Т.У. Батыров - АҚ «Астана медициналық университеті» стоматология
және жақ-бет хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент
Ж 21 ЗакишеваС.М., ТоқбергеноваА.Т., ӘлмұратоваА.С., ТулкумбаевА.Р.
Жақ-бет аймағының одонтогенді қабыну аурулары. Оқу-әдістемелік
құралы – Қарағанды 2012- 124 бет
Оқу-әдістемелік құралы стоматологияның өзекті мәселелеріне
арналған.
Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігерстоматологтарға, стоматолог дәрігер-интерндерге арналып жазылған. Жақбет аймағының одонтогенді қабыну ауруларының этиологиясы, патогенезі,
патологиялық анатомиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы,
ажыратпалы диагностикасы, емдеу әдістері, асқынуларының алдын алу,
болжамдары туралы толық берілген.
ӘОЖ 616.716.8
ҚБЖ 56.6
Оқу – әдістемелік құралы ҚММУ әдістемелік кеңесінде талқыланды және
мақұлданды.
Хаттама № 9 «08» мамыр 2012 ж.
Оқу – әдістемелік құралы ҚММУ оқу – әдістемелік кеңесінде талқыланды
және мақұлданды. Хаттама № 9 «08» мамыр 2012 ж.
© С.М.Закишева, А.Т.Тоқбергенова, А.С.Әлмұратова, А.Р.Тулкумбаев, 2012
2

3.

Қысқартылған сөздер
УЖЖТ-ультражоғарғы жиіліктегі тоқ
АҚҚ-артериялық қан қысымы
УКС-ультракулгін сәуле
ЭТЖ-эритроциттердің тұну жылдамдығы
ЕДШ-емдік дене шынықтыру
3

4.

МАЗМҰНЫ
1.Кіріспе..............................................................................................................5
2.Периодонтит....................................................................................................9
3.Жақтың периоститі.........................................................................................30
4.Жақтың одонтогенді остеомиелиті...............................................................40
5.Бет пен мойынның абсцестері мен флегмоналары ....................................59
6.Бет пен мойынның абсцестері мен флегмоналарының асқынулары.........93
7.Бет пен мойынның лимфангиті, лимфадениті, аденофлегмонасы..........107
8.Қорытынды ..................................................................................................115
9.Тест сұрақтары ............................................................................................116
10.Әдебиеттер .................................................................................................123
4

5.

Кіріспе
Жақ-бет аймағының одонтогенді қабыну аурулары хирургиялық
стоматологияда маңызды орын алады, ол барлық қабыну процестерінің 85тен 95% құрайды. Олардың ішінде жедел және созылмалы
периодонтиттер, созылмалы периодонтиттің асқынуы, жақтың жедел іріңді
периоститі, жақтың жедел остеомиелиті, абсцесс, флегмона, лимфаденит
жиі кездеседі.
Жақ-бет аймағында кейде лимфаденит, флегмона дамиды, олардың
даму көзі тонзилогенді, риногенді, отогенді және басқа инфекциялық
ошақтар болып табылады.
Жақ-бет аймағының одонтогенді қабыну ауруларының жалпы
қабылданған жіктелулерінің ұзақ уақыт болмауы және олардың
көріністерінің трактовкасындағы келіспеушіліктер диагностикалау мен
емдеуде қиындықтар туғызды.
Бұл аурулардың жіктелуінде 3 негізгі ғылыми көзқарастар бар, олар
осы күнге дейін өз маңызын жоғалтпаған, өйткені қазіргі кезде бұл сұрақ
бойынша бір көзқарас жоқ.
Бір ғылыми көзқарас өкілдері (Ф.А.Звержховский, А.Б.Изачик)
барлық одонтогенді қабыну ауруларын остеомиелитті процесс көріністері
деп есептеді. Ары қарай бұл көзқарасты П.П.Львов, А.А.Лимберг,
В.М.Уваров, В.И.Луквяненко және басқалар қолдады. Олар жедел
остеомиелиттің алғашқы фазасы деп болжады. Жақтың жедел периоститі
жақ остеомиелитінің шектелген түрі деп есептеген. В.М.Уварованың
пікірінше жедел периодонтит, периостит, остеомиелит арасындағы
ажыратпалы диагностика критерилері біршама қатысты. Көптеген жылдар
бойы осы жағдайлар диагностикалауда және ем жүргізуде, одонтогенді
қабыну аурулармен ауырған науқастардың жұмысқа жарамдылығын
анықтауда қиындық тудырды.
Басқа ғылыми көзқарастар өкілдері (Б.Б Брансбург, И.Г.Лукомский,
Г.Эйлер, В.Майер және басқалар) одонтогенді қабыну процестерінің
арасынан периодонтиттер мен остеомиелиттерді
бөліп көрсетті.
И.Г.Лукомский жедел периодонтит пен остеомиелит арасында
патологиялық анатомиялық және клиникалық шектелулерін жүргізді.
Оның пікірінше жақ периоститі мен жақ маңы жұмсақ тіндерінің
флегмонасы – остеомиелиттік процестің әртүрлі көріністерімен жүреді.
Батыс оқулықтарында және баспаларында, монографияда жедел
периодонтиттерді, периоститтерді, абсцестерді, целюлиттерді, бет пен
мойын кеңістіктерінің жайылмалы іріңді зақымдануларын, жақ
остеомиелиттерін бөліп қарастырады. Целлюлит – беткей аймақтардың
жайылмалы іріңді қабынуы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар
периодонтит, периостит, остеомиелиттерді оститтер тобына біріктіретін
авторлардың пікірлері бар [Moore J., 1985].
Үшінші көзқараста ойлайтындар жедел одонтогенді қабыну
процестерінің жіктелулерінен келесі ауруларды бөліп қарастырды:
5

6.

периодонтит, периостит, жақтың остеомиелиті және жақ маңы жұмсақ
тіндерінің қабыну процестері (абсцесс, флегмона). Бұл жіктеуді
А.И.Евдокимов және Г.А.Васильев мұқият құрастырған және патологоанатомиялық көріністеріне және осы аурулардың клиникалық
симптомдарының ерекшеліктеріне негізделген.
Жедел одонтогенді қабыну ауруларының әртүрлі көріністерін
зерттеу
Г.А.Васильевке олардың дамуының кейбір ерекшеліктерін
нақтылауға және осы процестерді периодонтит, периостит, остеомиелит,
абсцесс және флегмона деп бөліп негіздеуге мүмкіндік берді. Жедел іріңді
қабынбалы процесс инфекциялық фокустың басқа тіндерге, альвеолярлы
өсіндінің немесе жақтың сүйекүсті қабығына, сүйек тініне, жақ маңы
жұмсақ тіндеріне ауысуымен байланысты.
Автордың пікірінше, «одонтогенді қабыну процестерінің әртүрлі
көріністерін бір-біріне тығыз қарым-қатынаста» деп қарастыру керек, яғни
сандық өзгерістер өскен сайын, олардың сапасы да өзгереді. Осының
барлығы берілген процестердің патолого-анатомиялық көріністерімен
және аурудың клиникалық белгілерімен дәлелденген.
Одонтогенді қабыну кезіндегі патолого-анатомиялық мәліметтерді
қорытындылай келе, В.В. Паникаровский және А.С. Григорьян жедел
оститтің транзиторлы түрін бөліп қарастырды (жедел ірінді периостит),
яғни қабыну сипаты қайтымды немесе оститтің басқа түріне енуі мүмкін
(жақтың жедел ірінді остеомиелиті).
А.Г. Шаргородский (1985)
А.М. Евдокимова
мен Г.А.
Васильеваның, олардың оқушылары мен ізін жалғастырушылардың пікірін
қолдай отырып, жақ—бет аймағының және мойынның қабыну
ауруларының жіктемесінен жақтың периоститі мен оститін, сонымен
қатар жақтың созылмалы остеомиелитін бөліп шығарды.
В.В. Паникаровский, А.С.Григорьян, А.Г. Шаргородский жіктелулері
іріңді инфекция қоздырғыштарының үнемі өзгеруімен, қорғаныш
реакциясының сипатымен және иммунды реакцияның қалыптасу
ерекшеліктерімен, яғни ішкі және айналадағы орта факторлыларының
үнемі өзгеріп тұруымен байланысты қабыну ауруларының жаңа заманғы
ағымын сипаттайды. Сонымен бірге олар А.И. Евдокимов пен Г.А.
Васильевтің одонтогенді қабыну ауруларына қатысты клиникоморфологиялық қағидаларын қолдады. Мұны А.И. Евдокимов пен Г.А.
Васильевтің оқушылары мен ізін жалғастырушылардың жаңа зерттеулері
нақтылайды.
Одонтогенді қабыну ауруларының жіктелуі бойынша көптеген
авторлар пікірлерінің әртүрлі болуына қарамастан, ЕвдокимоваВасильеваның жіктелулері МКБ-10 негізіндегі стоматологиялық
аурулардың Халықаралық жіктелулеріне сәйкес келеді.
А.И. Евдокимов, Г.А. Васильевтың жіктелулері бойынша бөлінеді: 1)
периодонтит (жедел, созылмалы, асқыну сатысы); 2) периостит (жедел
сірлі, ірінді, созылмалы) 3) остеомиелит (жедел, жеделдеу, созылмалы
сатысы, біріншілік-созылмалы; созылмалы сатысы
деструктивті,
6

7.

деструктивті-продуктивті немесе рерафицирлеуші және гиперпластикалық
түрде болуы мүмкін; соңғы екеуі жақтың біріншілік–созылмалы
остеомиелитінің көрінісі болуы мүмкін; 4) абсцестер, флегмоналар,
лимфадениттер. Т.Г. Робустова, остит - әртүрлі одонтогенді аурулар
кезінде дамитын, сүйектегі перифокальды реактивті өзгерістер деп
санайды.
Бірқатар авторлар іріңді – қабыну үрдісінде арнайы микробтардың
жетекші орын алатынын анықтай алмады, олардың көлемі мен
концентрациялық деңгейінің жоғарлауына көп көңіл аударды. (В.Н.
Царев, Р.В. Ушаков).
Дұрыс клиникалық талқыға салу үшін әрбір одонтогенді қабынбалы
аурулардан микробтық қоздырғыш немесе коздырғыштарды сипаттайтын
факторларды:
вируленттілігін,
токсикогенділігін
және
олардың
инвазивтілігін бөлу керек. Айқын орынды сапалы және сандық
микрофлора құрамы алады. Соңғы жылдары аралас инфекциялар арасынан
стафилококктың патогенділігі өсуде, антибиотикке тұрақтылығы жиі
болады. Сонымен қатар жедел одонтогенді қабыну ауруларының
этиологиясында патогенді анаэробтар және олардың облигаттары маңызды
орын алады.
Микробты фактор себепші ретінде ағзаның әртүрлі бейімделу және
қорғаныс реакцияларының копкомпанентті және өзара байланысу жүйесін
- макроағза реакциясын тудырады. Одонтогенді қабыну процессінің
дамуы мен ағымы осы реакциялардың өзара әрекеттесетін күрделі
процестерімен және іріңдеткіш микроағзалардың тіршілік етуімен
анықталады. Реактивті ретінде анықталатын әртүрлі бейімделу және
компенсаторлы
реакциялардың
арасында
спецификалық
және
спецификалық емес қорғаныш факторларының жағдайы шешулі орын
алады.
Спецификалық емес реакциялар біріншілік болып саналады, ол
қоздырғышпен кездескенде, оның қандай түрге жататынына қарамастан,
ағзаның қорғаныш қызметін қамтамасыз етеді. Спецификалық реакциялар
немесе иммунитет, нақты антигенді тітіркендіргіш – микробтардан
қорғану мүмкіншіліктерін анықтайды.
Спецификалық
емес
факторлар
ағзаны
шартты-патогенді
микроағзалардан қорғау кезінде маңызды орны алады. Оған облигаттыпатогенді микробтар түскенде иммундық қорғаныш механизмі қосылады.
Ағзаның спецификалық емес және спецификалық
қорғаныш
факторлары жеке емес, ал онтогенездің әртүрлі кезеңдері мен
иммуногенездің әртүрлі фазалары өзара әрекеттесіп жұмыс істейді.
Микроб немесе микробтардың әрекеті ағзаның инфекцияға қарсы
қорғаныш жағдайымен өзара байланысты. Ол әртүрлі микробтық әсер ету
кезінде ағзаның жауап қайтару реакциясының компесаторлы реакциясын
немесе әртүрлі сипаттағы қабыну процестері дамығанда антигенді
тітіркендіргіштерге қарсы әсерін қамтамасыз ете алмауын анықтайды. Бұл
ағзаның қабыну реакциясын үш түрге: нормоергиялық, гиперергиялық,
7

8.

гипергиялық (Евдокимов А.И., 1964; Робустова Т.Г., 1979) және іріңдіқабынбалы аурулардың дамуын үш иммунологиялық вариантқа –
нормореактивті, гиперреактивті және гипореактивті түрге бөлуге
мүмкіндік берді (В.Н.Царев).
Қабыну процестері кезінде туа пайда болған және жүре пайда болған
иммундық жетіспеушілік жағдайдың даму мүмкіншіліктері туралы ескеру
керек. Біріншілік, немесе туа пайда болған иммундық жетіспеушілік қан
ауруларымен, диабетпен, тиреоидитпен, тиреотоксикозбен, Аддисон
ауруымен,
гамма-глобулинемиямен,
склерозбен,
тұқымқуалау
патологиясымен және т.б. сипатталады. Жүре пайда болған имундық
жүйенің жетіспеушілігі екіншілік болуы мүмкін, ол созылмалы инфекция,
мерез, ревматизм, созылмалы гепатит, бауыр циррозы, Съегрен синдромы,
спецификалық емес артрит, коллагеноз, жүйелі қызыл жегі, спецификалық
емес жаралы колит және т.б. сияқты қосалқы патологиялық процестерден
дамиды. Екіншілік иммунологиялық жетіспеушілік сонымен қоса,
одонтогенді қабыну процестерінің ағымында туындайды. Сонымен қоса,
жас шамасына қарай иммундық жетіспеушілікті ескеру керек, ол
балаларда және кәрі адамдарда кездеседі.
Одонтогенді қабынулардың дамуында жалпы инфекция, стресс,
температуралық тітіркендіргіштер, сонымен қоса, гипоталамус жүйесі,
бүйрек үсті қыртысы және эндокринді жүйенің басқа жүйелері,
паренхиматозды мүшелердің және орталық жүйке жүйесінің жағдайы
маңызды орын алады.
Одонтогенді қабыну процестері кезінде иммунопатологиялық
жағдайлардың әртүрлі түрлері болуы мүмкін: аллергия, аутоиммунды
реакция, толеранттылық.
Қалыпты реактивтілік ағзаның антигенді тітіркендіргіштерге
адекватты реакциясын қамтамасыз етеді. Қабыну қорғаныш реакциясы
ретінде компенсаторлы сипатта болады (нормоергиялық қабыну
реакциясы). Қабыну қорғаныш реакциясынан патологиялық түрге
ауысқанда иммунопатологиялық жағдайлар және аурулар реактивтіліктің
бұзылуына әкеледі. Ауру гиперергиялық және гипергиялық қабыну
түрінде өтеді.
Қабыну реакцияларының түрлері әртүрлі одонтогенді қабыну
ауруларының клиникалық белгілерінде көрінеді. Жақтың диффузды
остеомиелиті, таралмалы флегмоналар дамығанда қабыну гиперреактивті
түрде ауыр өтеді. Соңғысы компенсирленген, субкомпенсирленген және
декомпенсирленген
фазалардан
тұрады
(М.А.Губин).
Қабыну
реакциясының гипергиялық түріне аурудың баяу ағымы тән.
8

9.

2. Периодонтит
Периодонтит – периодонтальды саңылауда орналасқан тіндердің
қабынуы, - инфекциялық, жарақаттық және инфекциялық болуы мүмкін.
Инфекциялық
периодонтит
ауыз
қуысында
болатын
аутоинфекцияның енуі кезінде туындайды. Жиі тістің түбір ұшындағы
түбір қабықшасы, сирек – периодонттың жиектік бөлімі зақымданады.
Жарақаттық периодонтит бір (соғылу, ұрылу) немесе созылмалы
жарақаттан дамиды (жасанды сауыт, пломба биік болғанда окклюзияның
бұзылуы, жағымсыз қылықтар – шегені тістеу, жіпті тістеу, шемішке шағу,
жаңғақты шағу және т.б.). Медикаментозды периодонтит пульпитті емдеу
кезінде, түбір каналын күшті әсер ететін заттармен өңдегенде, сонымен
қоса, периодонтта дәрілік заттарға аллергиялық реакция туындағанда
пайда болуы мүмкін.
Клиникалық тәжірибеде инфекциялық түбір ұшы периодонтиті жиі
кездеседі.
Клиникалық белгілері мен патолого-анатомиялық өзгерістердің
мәліметтеріне байланысты периодонттың қабынбалы зақымдануын келесі
топтарға бөлуге болады (И.Г.Лукомский бойынша):
І.Жедел периодонтит
1.Сірлі (шектелген және жайылған)
2.Іріңді (шектелген және жайылған)
ІІ. Созылмалы периодонтит
1.Гранулденген
2.Гранулематозды
3.Фиброзды
ІІІ.Созылмалы периодонтиттің өршуі
Жедел периодонтит
Жедел периодонтит– периодонттың жедел қабынуы.
Этиология. Жедел іріңді периодонтит аралас микрофлораның
әсерінен дамиды, оған стрептококктар (гемолитикалық емес, сонымен
қоса, көкшіл және гемолитикалық), кейде стафилококктар және
пневмококктар. Облигатты-анаэробты инфекциямен, ферменттелмейтін
грам теріс бактериялармен, вейлонелламен, лактобактериялармен, ашытқы
саңырауқұлақтармен сипатталатын таяқша тәрізді (грам теріс және грам
оң) пішіндер, анаэробты инфекция болуы мүмкін. Түбір ұшы периодонтиті
емделмегенде микробтық ассоциацияға 3-7 түр жатады. Маргинальды
периодонтитте аталған микробтармен қоса, спирохета, актиномицеттердің
және пигмент түзуші микробтардың саны жоғары.
Патогенез.Периодонттағы жедел іріңді процесс ең алдымен
инфекция түбір ұшы саңылауы арқылы енгенде, ал сирек – патологиялық
тіс-қызыл иек қалтасы арқылы туындайды. Периодонттың апикальды
бөлімінің зақымдануы ұлпаның қабынбалы өзгерістері кезінде, оның
9

10.

өлеттенуінде, тіс каналының микрофлорасы периодонтқа түбір ұшы тесігі
арқылы таралғанда болуы мүмкін. Кейде түбір өзегінің іріңді заттары
периодонтқа шайнау кезінде, тағамның қысымы арқылы енуі мүмкін.
Маргинальды, немесе жиектік периодонтит инфекция жарақат
кезінде, қызыл иекке дәрілік зат түскенде, сонымен қоса, күшәлә сықпасы
түскенде қызыл иек қалтасы арқылы енуі мүмкін. Микробтар периодонт
саңылауына еніп, көбейеді, эндотоксиндер түзеді және периодонт
тіндерінде қабыну тудырады. Периодонтта біріншілік жедел процестің
дамуында кейбір жергілікті процестердің маңызы зор: ұлпа камерасы мен
каналынан ағып шықпау, ұлпасы зақымданған тіске белсенді шайнау
қысымы түскенде микро жарақаттың болуы. Сонымен қоса, жалпы
себептер маңызды роль атқарады: суық тию, ауырған инфекциялары және
т.б., бірақ микробтардың және олардың токсиндерінің алғашқы әсері тұтас
ағзаның және периодонт тіндерінің әртүрлі спецификалық және
спецификалық емес реакцияларымен компенсирленеді.
Онда жедел
инфекциялы- қабыну процесі түзілмейді. Микробтардың және олардың
токсиндерінің қайталамалы, кейде созылыңқы әсері сенсибилизацияға
әкеледі, антиденеге тәуелділік және жасушалық реакциялар туындайды.
Антидене тәуелділік реакциялар иммунокешенді және IgE сипатталатын
процестерден
туындайды.
Жасушалық
реакциялар
аллергиялық
реакцияның жоғары сезімталдылығының баяу түрін көрсетеді. Иммундық
реакциялардың механизмі, бір жағынан фагоцитоздың бұзылуымен,
комплемент жүйесімен және полиморфты-ядролы лейкоциттердің
ұлғаюымен; басқа жағынан – периодонт тіндерінің деструкциясын және
жақын жатқан сүйектердің резорбциясын тудыратын лимфоциттердің
көбеюімен және олардан лимфокиндердің бөлінуімен сипатталады.
Периодонтта әртүрлі жасушалық реакциялар дамиды: созылмалы
фиброзды, гранулденген немесе гранулематозды периодонтит. Қорғаныш
реакциясының бұзылуы және микробтардың қайталамалы әсері
периодонтта жедел қабыну реакциясының дамуына әкелуі мүмкін.
Клиникалық тұрғыдан олар көбінесе қабынудың алғашқы симптомдары
болып келеді. Айқын тамырлық реакциялардың периодонттың жабық
кеңістігінде дамуы, ағзаның адекватты жауап беретін қорғаныштық
реакциясы нормоергиялық қабыну реакциясы бар қабынуды дамытады.
Периодонт тіндерінің жауап беру реакциясының компенсаторлы
қасиеті біріншілік-жедел процесте және созылмалының өршуінде
периодонтта іріңнің дамуымен шектеледі. Жеке жағдайларда белгілі бір
жалпы және жергілікті патогенетикалық жағдайларда іріңді ошақ
одонтогенді инфекцияның себебі болып келеді.
Патологиялық анатомия. Периодонтта жедел процесс болғанда
негізгі қабыну феномендері – альтерация, экссудация және пролиферация
пайда болады. Жедел периодонтитке интоксикацияның екі даму фазасы
және айқын жалқықты процесс тән.Интоксикация фазасында әртүрлі
жасушалардың – макрофагтардың, мононуклеарлардың, гранулоциттердің
және микробтардың жиналатын басқа да аймақтарында миграция жүреді.
10

11.

Жалқықты процесс фазасында қабыну белгілері өседі, микроабсцесс
дамиды, периодонт тіндері ериді және шектелген іріңдік пайда болады.
Микроскопиялық зерттеу кезінде және жедел периодонтиттің
бастапқы сатысында түбір ұшы айналасынан периодонтта үлкен емес
лейкоцитарлы инфильтрацияны және қызыру, ісінуді көруге болады. Бұл
кезде жекеленген нуклеарлары бар периваскулярлы лимфогистиоцитарлы
инфильтраттарды көруге болады. Қабыну белгілері одан әрі дами түскенде
лейкоцитарлы инфильтрация күшейе түседі, ол периодонттың көп бөлігін
қамтиды. Жеке іріңді ошақтар – микроабсцестер түзіледі, периодонт
тіндері ериді. Микроабсцестер өзара бірігіп, іріңдік түзеді. Тісті жұлғанда
күрт қызарған периодонттың тек жеке сақталған аумақтары анықталады,
ал қалған бөлігінде түбір жалаңаштанады және іріңмен жабылады.
Периодонттағы жедел іріңді процесс тіндердің және оның
айналасында өзгерістер тудырады (альвеола қабырғасының сүйек тіндері,
альвеолярлы өсіндінің периосты, жақ маңындағы жұмсақ тіндер, жергілікті
лимфа түйін тіндері). Ең алдымен альвеоланың сүйек тіні өзгереді.
Периодонт аймағында және одан біраз қашықтықта жатқан сүйек ми
кеңістігінде сүйек миының ісінуі және нейтрофильді лейкоциттері бар
әртүрлі айқындылық дәрежесіндегі, кейде диффузды инфильтрация
байқалады.
Альвеоланың
кортикальды
табақшасы
аймағында
остеокласттарға толы, сіңірілетін лакуналар пайда болады. Ұяшықтың
қабырғасында және оның түбі аймағында сүйек тіндерінің қайта құрылуы
байқалады. Сүйектің сіңірілуі ұяшық қабырғасындағы тесіктің кеңеюіне
және сүйек ми қуысының периодонт жаққа қарай ашылуына әкеледі.
Осылайша, периодонттың альвеола сүйегінен шектелуі бұзылады.
Жедел периодонтитте іріңді түзіліс түріндегі қабыну негізінен
периодонтальды саңылауда орналасады. Альвеола сүйегіндегі және басқа
тіндердегі қабыну өзгерістері реактивті, перифокальды болып келеді.
Клиникалық белгілері. Жедел периодонтитте науқас себепші тісте
ауырсыну сезімінің болуына, оны басқанда, шайнағанда, сонымен қоса,
шайнау немесе кесу қырынан перкуссиялағанда күшейе түсуін көрсетеді.
«Өсу», тістің ұзаруы сезімі тән. Тісті ұзақ басып тұрғанда, ауырсыну
біршама азаяды. Одан әрі ауырсыну сезімі күшейеді, үздіксіз немесе қысқа
аралықтары болады. Көбінесе, солқылдап ауырады. Жылу әсерінен, науқас
горизонтальды бағытта жатқанда, тіске тиіп кеткенде, сонымен қоса,
тістегенде ауырсыну сезімі күшейе түседі. Ауырсыну үшкіл нервтің
тармақтарының бойымен таралады.
Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Сыртынан қарағанда
өзгерістер болмайды. Тіспен байланысты лимфа түйіндерінің ұлғаюы және
ауырсынуы байқалады. Кейбір науқастарда осы тістермен көршілес жақ
маңы жұмсақ тіндерінің айқын коллатеральды ісінуі болуы мүмкін. Оны
вертикальды және горизонтальды бағытта перкуссиялағанда ауырсынады.
Қызыл иектің, альвеолярлы өсіндінің кілегей қабаты, кейде тіс түбірі
деңгейіндегі өтпелі қатпар қызарған және ісінген болады. Альвеолярлы
өсіндіні түбір бойымен пальпациялағанда, әсіресе, түбір ұшы тесігіне
11

12.

қарай ауырсынбалы болады. Кейде аспаппен ауыз кіреберісіндегі жұмсақ
тіндерді түбір және өтпелі қатпар бойымен басқанда із қалады, бұл ісіну
бар екенін көрсетеді.
Диагностика клиникалық белгілеріне және тексеру мәліметтеріне
негізделеді. Температуралық тітіркендіргіштер, электроодонтометрия
мәліметтері ұлпаның некроздануынан реакциясының жоқ екенін көрсетеді.
Периодонттағы патологиялық өзгерістердің
жедел процесі кезіндегі
рентгенограммада периодонтальды саңылаудың кеңеюін, альвеоланың
кортикальды табақшасының айқын еместігін көруге және анықтауға
болады.
Созылмалы
процестердің
өршуінде
гранулденген,
гранулематозды, сирек жағдайда фиброздыпериодонтитке тән өзгерістер
туындайды.
Қанда өзгерістер болмайды, бірақ кейбір науқастарда лейкоцитоз,
таяқшалы –ядролы және сегментті-ядролы лейкоциттердің әсерінен
нейтрофилез дамуы мүмкін; ЭТЖ (СОЭ) қалыпты болады.
Салыстырмалы диагностика. Жедел периодонтитті жедел
пульпитпен, жақ периоститімен, остеомиелитімен, түбір ұрасының
іріңдеуімен, жедел одонтогенді гайморитпен салыстырады. Пульпитке
қарағанда жедел периодонтитте ауырсыну тұрақты, ал ұлпаның диффузды
қабынуында – ұстамалы. Жедел периодонтитте тісті қоршап жатқан қызыл
иекте қабыну өзгерістері байқалады, перкуссияда қатты ауырады.
Сонымен қоса, диагностикада электроодонтометрия мәліметтері
көмектеседі. Жақтың жедел периодонтиті мен жедел іріңді периоститінің
салыстырмалы диагностикасы шағымдарға, қызба реакцияларына, жақ
маңы жұмсақ тіндерінің коллатеральді қабынбалы ісінуіне және сүйекүсті
қабатының астында іріңдіктің түзілуімен жақтың өтпелі қатпарында
жайылған инфильтрацияға негізделеді. Жедел периодонтитке қарағанда
жақтың периоститі кезінде тісті перкуссиялағанда ауырсынады.
Осылайша, айқын жалпы және жергілікті симптомдарға,
жедел
периодонтит пен
жедел остеомиелитке салыстырмалы диагностика
жүргізіледі. Жақтың жедел остеомиелитіне альвеолярлы өсіндінің екі
жағында жатқан және жақ денесіндегі жұмсақ тіндердің қабынбалы
өзгерістері тән. Жедел периодонтит кезінде перкуссиялағанда бір тіс
аймағында, ал остеомиелитте – бірнеше тіс аймағында күрт ауырсынады.
Аурудың себепшісі болған тіс көрші интактты тістерге қарағанда
перкуссияны аз сезінеді. Зертханалық мәліметтер –лейкоцитоз, ЭТЖ
(СОЭ) және т.б. – осы ауруларды ажыратуға мүмкіндік береді.
Жедел периодонтитті түбір маңы ұрасының іріңдеуімен ажырату
керек. Альвеолярлы өсіндіде шектелген шектелген ісінудің болуы, кейде
ортасында сүйек тінінің болмауы, тістердің ығысуы іріңдеген түбір маңы
ұрасына тән. Ұра кезінде рентгенограммада домалақ немесе сопақша
пішінді сүйек резорбциясының аймағы анықталады.
Жедел іріңді периодонтитті жоғарғы жақ қуысының жедел
одонтогенді қабынуымен салыстыра білу керек, ол кезде ауырсыну бір
немесе бірнеше тістерде дамуы мүмкін. Бірақта соған сәйкес мұрын
12

13.

бөлігінің бітелуі, мұрын жолынан іріңді бөліністің жойылуы, бастың
ауыруы, жалпы мазасыздану жоғарғы жақ қуысының жедел қабынуына
тән. Рентгенограммада жоғарғы жақ қуысының мөлдірлігінің бұзылуы
диагнозды нақтылауға мүмкіндік береді.
Емі. Жедел түбір ұшы периодонтиттің немесе созылмалы
периодонтиттің өршуін емдеу периодонттағы қабыну процесін басуға
және оның айналасындағы тіндерде - сүйекүстінде, жақ маңы жұмсақ
тіндерінде, сүйектерде іріңді жалқықтың таралуын жоюға бағытталған.
Консервативті емдеу 1-2% лидокаин, тримекаин, ультракаин ертіндісімен
инфильтрациялық немесе өткізгіштік жансыздандыру арқылы жасағанда
неғұрлым тиімді болып келеді.
Қабыну белгілерінің тез жойылуына – 0,25-0,5% 5-10 мл анестетик
ертіндісіне (лидокаин, тримекаин, ультракаин) линкомицин қосып, ауыз
қуысының кіреберіс жағынан зақымданған және көрші 2-3 тістердің
альвеолярлы өсіндісінің бойымен инфильтрациялық жансыздандыру типі
бойынша блокада жасау әсер етеді. «Траумель» сияқты гомеопатиялық
затты 2 мл мөлшерінде өтпелі қатпарға енгізу немесе сыртынан мазьбен
байлам қойғанда ісінуге қарсы әсер береді.
Жалқықты периодонттан шығармаса, блокаданың әсері аз болатынын,
жиі еш нәтиже болмайтынын ескеру керек. Соңғысын өтпелі қатпарға
тілік салумен, бордың
көмегімен түбір
ұшы сүйегінің алдыңғы
қабырғасына тесіктер жасаумен қосарландыруға болады. Бұл
консервативті ем нәтижесіз болғанда және қабыну белгілері өсе түскенде
көрсеткіш болып келеді.
Емдік шаралардың әсері болмағанда және қабыну белгілері өсе
түскенде тісті жұлу керек. Тістің көп бөлігі бұзылғанда, түтік немесе
түтіктерге өту мүмкін болмағанда, түтікте бөгде зат болғанда тісті жұлуға
көрсеткіш болып келеді. Тісті жұлу қабыну белгілерінің тез басылуына
және жойылуына әкеледі. Мұны жедел периодонтитпен зақымданған тіс
түбірі аймағындағы өтпелі қатпарға сүйекке дейін тілік салумен
қосарландыруға болады.
Алғашқы жедел процесс кезінде тісті жұлғаннан кейін ұяшыққа
кюретаж жасауға болмайды, оны тек диоксидин, хлоргексидин және оның
туындыларымен, грамицидинмен шаю керек.
Тісті жұлғаннан кейін ауырсыну күшейіп, дене қызуы көтеріледі,
көбінесе жарақаттық асқынулар болуы мүмкін. Бірақта 1-2 күннен кейін
бұл белгілер қабынуға қарсы дәрілік емнен кейін жоғалуы мүмкін.
Асқынудың алдын алу үшін тісті жұлғаннан кейін тіс альвеоласына
антистафилококкты плазманы енгізіп,
стрептококкты немесе
стафилококкты бактериофагтармен, ферменттермен, хлоргексидинмен,
грамицидинмен жуып, тіс өзегіне йодоформды тампон, гентамицинді
губканы қалдыруға болады.
Жедел немесе созылмалы периодонтиттің өршуінің жалпы емі ішке
пиразолон препараттарын – анальгин, амидопирин (0,25-0,5г), фенацетин
(0,25-0,5г),
ацетилсалицил
қышқылы
(0,25-0,5г)
тағайындаумен
13

14.

сипатталады. Бұл препараттардың жансыздандырғыш, қабынуға қарсы
және десенсибилизациялық қасиеті бар.
Басқа науқастарға көрсеткіштер бойынша
сульфаниламидті
препараттар (стрептоцид, сульфадимезин әрбір 4 сағат сайын 0,5 - 1г
немесе сульфадиметоксин, сульфапиридазин – тәулігіне 1 – 2 г)
тағайындалады.
Онымен
қоса,
микрофлора
сульфаниламидті
препараттарға тұрақты болып келеді. Осыған байланысты 2-3 пирозолон
препараттарын (ацетилсалицил қышқылы, анальгин, амидопирин) ¼
таблеткадан күніне 3 рет тағайындауға болады. Препараттардың осындай
қосарлануы қабынуға қарсы, десенсилиздеуші және жансыздандырғыш
әсер береді.
Әлсіреген, басқа аурулары бар, әсіресе жүрек-тамыр
жүйесінің, дәнекер тінінің, бүйректің аурулары бар
науқастарға
антибиотиктермен - эритромицинмен, канамицинмен, олететринмен
(250 000 ЕД тәулігіне 4-6 рет), линкомицинмен, интометацинмен,
вольтаренмен (0,25 г) тәулігіне 3 – 4 рет ем жүргізеді. Шетелдік мамандар
жедел процеске байланысты тісті жұлғаннан кейін бірден антибиотикпен
емдеу тағайындайды, олар мұндай ем сонымен қоса, эндокардит,
миокардиттің алдын алады деп ойлайды. Жедел периодонтит кезінде тісті
жұлғаннан кейін қабыну белгілерінің дамуын тоқтату үшін суық басу (тіс
аймағындағы жұмсақ тіндерге 1-2-3 сағат мұз басу) керек. Одан әрі жылы
ертінділермен шаю, соллюкс, ал қабыну белгілері басылғанда – емдеудің
басқа физиоем әдістері: УЖЖТ, флюктуоризация, димедролмен, кальций
хлоридпен, протеолитикалық ферменттермен электрофорез, гелий-неон
және инфрақызыл лазер тағайындалады.
Соңы. Дұрыс және уақытымен консервативті ем жүргізілгенде жедел
және созылмалы периодонтиттің өршуі кезінде көп жағдайларда сауығу
туындайды (жедел периодонтиттің емнінің нәтижесіздігі периодонтта
созылмалы процестің дамуына әкеледі).
Қабыну процесі периодонттан сүйекүстіне, сүйек тініне, жақ маңы
жұмсақ тіндеріне таралып, яғни жақтың жедел периоститі, остеомиелиті,
абсцесс, флегмона, лимфаденит, жоғарғы жақ қуысының қабынуы дамуы
мүмкін.
Алдын алу ауыз қуысының санациясына, патологиялық одонтогенді
ошақтарға уақытымен және дұрыс ем жүргізуге, сонымен қоса,
гигиеналық және сауықтыру шараларын жүргізуге негізделеді.
Созылмалы периодонтит
Созылмалы периодонтит (түбір ұшы) - жедел процестің созылмалыға
ауысуынан туындайтын, периодонттың жедел қабынуы. Созылмалы
процесс жедел түріне қарағанда жиі кездеседі; жедел периодонтит ретінде
диагностикаланған аурулардың көбісі тереңдетіліп зерттей келе
созылмалы периодонтиттің өршуі болып шығады.
Созылмалы периодонтиттердің морфологиялық және клиникалық
суреттері әртүрлі.
Гранулденген, гранулематозды және фиброзды
14

15.

периодонтиттердің түрлері ажыратылады. Созылмалы гранулденген және
гранулематозды периодонтиттер кезіндегі көп жағдайлар эндодонтиялық
емнің жеткіліксіздігіне байланысты екендігі анықталған.
Гранулденген
периодонтит.
Патологиялық
анатомия.
Микроскопта созылмалы периодонтиттің бұл түрінде тістің түбір ұшы
бөлігінде түбірлік қабықтың қалыңдауы және қызаруы анықталады.
Периодонттың өзгерген аумағының беткейі тегіс емес және бос
грануляциялық өсінділері болады. Түбір ұшы маңы аймағындағы
тіндерінің микроскоптық зерттеулері түбір ұшы аймағында периодонттың
жақын жатқан бөліктеріне және альвеоланың қабырғасында біртіндеп
ұлғайып және тарала бастаған грануляциялық тіндердің өсуін көрсетеді.
Мұндай ошақтың ұлғаюы қабыну ошағының аймағындағы сүйек тінінің
сорылуымен және сүйек миының грануляциялық тінмен жабылуымен
сипатталады. Бір уақытта түбір дентині мен цементі аумағының
резорбциясы байқалады. Қабыну процесінің перифериясы бойынша кейбір
аймақтарда сүйек тіндері түзіледі. Көбінесе түбір ұшы маңы ошағының
орталық бөліктерінде, әсіресе, өршу кезінде грануляциялық тіндердің
іріңді еруінің жеке ошақтары пайда болады. Қабыну процесінің өршуінің
нәтижесінде периодонттағы гранулденген ошақ біртіндеп альвеоланың
жаңа аймақтарына, әсіресе, ауыздың кіреберісі жағына таралады, ол
альвеолярлы өсіндінің компактты пластинкасында өрнектердің түзілуіне
әкеледі. Іріңнің шығуы және грануляцияның таралуы жыланкөз
жолдарының пайда болуына әсер етеді. Кейде гранулденген ошақтар
жақын жатқан жұмсақ тіндерге таралып, сүйекүсті асты, кілегей асты
немесе теріасты гранулемасын түзеді. Оларды ашқаннан кейін бет
терісінде жыланкөздер қалады.
Клиникалық белгілері. Гранулденген периодонтит созылмалы
периодонтиттің неғұрлым белсенді түрі болып келеді және клиникалық
белгілері көптүрлі.
Гранулденген периодонтит кезінде шағымдары әртүрлі болады.
Науқастар қатты және ыстық тамақ қабылдағанда ауырсынуға жиі
шақымданады, кейде қысым түсіргенде ауырсыну күшейе түседі.
Гранулденген периодонтит кезінде әртүрлі қарқындылықтағы өршу жиі
болады. Қабыну процесінің белсенділігі тісті басқанда немесе тістегенде
кезекті ауырсынулармен көрінеді.
Периодонтында
гранулденген ошағы бар тістің түбір ұшы
аймағындағы альвеолярлы өсіндіні жауып жатқан кілегей қабатта аздап
ісіну және қызару болады, пинцетпен немесе зондпен қызыл иекке
басқанда аспаптың ізі қалады.
Патологиялық процеске жақын жатқан жұмсақ тіндер қосылғанда
кілегей қабатта жыланкөз пайда болады, ол көбінесе зақымданған түбір
ұшы деңгейінде нүкте тәрізді тесік немесе ісінген грануляция түрінде
орналасады. Кейде жыланкөз бірақ уақытқа жабылады. Бірақта қайтадан
өршіген кезде ескі жыланкөздің орнында кілегей қабаттың ісінуі және
қызаруы пайда болады, аздаған ірің жиналады, сосын ол ауыз қуысында
15

16.

жиналады. Созылмалы гранулденген периодонтитті емдегеннен кейін
жазылған тыртықтың орнында аздаған тыртық пайда болады. Созылмалы
гранулденген ошақ периодонттан сүйекүсті астына және жақтың
айналасындағы жұмсақ тіндерге
- кілегей астына және теріасты
клетчаткасына таралғанда, одонтогенді гранулема туындайды.
Одонтогенді гранулеманың 3 түрін ажыратады: сүйекүсті асты,
кілегей асты және теріасты.
Одонтогенді гранулемамен асқынған гранулденген периодонтит
кезіндегі процестің клиникалық ағымы тыныш. Шағымы: тіс ауырсынады
немесе ошақ маңындағы жұмсақ тіндерде ауырсыну болмайды.
Сүйекүсті астылық гранулемада зақымданған тіске сәйкес,
альвеолярлы өсіндінің сүйегінде домалақ пішінді ісінуі болады. Мұның
бетіндегі кілегей қабатында көбінесе өзгеріс болмайды, кейде үлкен емес
қабыну белгілері болуы мүмкін, олар қабыну процесі өршіген кезде ұлғая
түсуі мүмкін.
Кілегейастылық гранулема инфекция көзі болып келетін және оған
тартпаның көмегімен байланысқан, тіске жақын жатқан ұрттың немесе
өтпелі қатпардың кілегей асты тінінде орналасқан, шектелген тығыз ошақ
ретінде анықталады. Ошақ беткейіндегі кілегей қабатпен жабыспаған.
Көбінесе процестің өршуі және кілегей асты гранулеманың іріңдеуі
байқалады. Бұл кезде зақымдану ошағында ауырсыну пайда болады.
Кілегей қабат жақын жатқан тіндермен жабысады, ал-қызыл түсті болады.
Кілегей асты ошағының абсцестелуі және жыланкөз арқылы бөліндінің
сыртқа шығуы өршіген процестің кері дамуына әкеледі. Көп жағдайда
жыланкөздер тыртықтанады және
кілегей асты гранулемасының
клиникалық белгілері қайтадан тыныш ағымға түседі.
Теріасты гранулемасы үшін теріасты клетчаткасындағы домалақ
инфильтрат тән, тығыз, ауырмайды немесе аз ауырады. Тіс альвеоласынан
жұмсақ тіндер тартпасына дәнекерлі тартпа өтеді. Теріасты гранулемасы
іріңдеп, өршу белгілерін түзуі мүмкін. Осындай жағдайда тері жақын
жатқан тіндермен жабысып, қарқынды-қызғылт түсті немесе қызыл түске
ауысады, жұмсару аумағы пайда болады. Абсцестелген ошақтың терісі
жұқарып, сыртқа ашылады. Түзілген жыланкөз арқылы бөлінді сыртқа
шығады.
Мұндай жыланкөздердің орналасуы белгілі бір тістерден шығатын
процестерге тән болып келеді. Иектегі терілік жыланкөз жолдары төменгі
күрек тіс пен ит тістердің, ал ұрт және төменгі жақ негізі аймағында төменгі үлкен азу тістердің, бет аймағында – бірінші жоғарғы үлкен азу
тістердің, көздің ішкі бұрышында – жоғарғы ит тістердің созылмалы
гранулденген периодонтитінен пайда болады. Жыланкөздер мойынның
төменгі бөлігінің терісінде сирек ашылады.
Мұндай жыланкөздерден бөлініс аз бөлінеді. Олар сірлі-іріңді немесе
қанды-іріңді болады. Кейбір науқастарда жыланкөз өзегінен грануляция
шығып тұрады. Кейде жыланкөздің тесігі қанды қабықшамен жабылып
қалады. Жыланкөздер біраз уақытқа жабылып қалуы мүмкін. Біртіндеп
16

17.

жыланкөз аймағындағы тіндердің тыртықты өзгеруінен жыланкөздің өзегі
тартыла бастайды.
Белгілі тіс аймағындағы патологиялық процесс пен терідегі жыланкөз
арасындағы байланысты анықтау үнемі мүмкін бола бермейді.
Қиыншылықтар,
мысалы,
орналасқан
тістердің
бірнешеуінің
периодонтында созылмалы ошақтар болғанда кездеседі. Кей жағдайда
альвеолярлы өсіндінің немесе жақтың сыртқы беткейін пальпациялағанда
себепші немесе басқа тістер деңгейіндегі өтпелі қатпар аймағында тығыз
тыртықты тартпаны байқауға болады. Бұл «себепші» тісті анықтауға
мүмкіндік береді. Жыланкөз арқылы контрастты зат енгізілген рентген
суреті клиникалық болжамды нақтылайды.
Диагностика клиникалық белгілеріне және ренгенологиялық
мәліметтеріне
негізделеді.
Гранулденген
периодонтит
кезіндегі
рентгенограммада типтік өзгерістер - түбір ұшы аймағындағы сүйек
тінінде тітіркену ошағы байқалады. Бұл бөлікте периодонт сызығы
грануляциялық тіннің өсуінен көрінбейді, бұл кезде ұяшықтың қабырғасы,
сонымен қоса, түбір цементі мен дентині сорылады. Олардың беткейі тегіс
болмайды. Жұмсақ тіндерде одонтогенді гранулема болған кезде түбір
ұшындағы деструктивті ошақ үлкен емес мөлшерде болады. Маргинальды
гранулденген периодонтиті бар науқастарда аналогиялық өзгерістер
жиектік өзгерістерде анықталады, ол кезде горизонтальды және
вертикальды бағытта сүйектің резорбциясы жүреді.
Салыстырмалы диагностика. Гранулденген периодонтитті түбір
маңы ұрасымен, жақтардың созылмалы остеомиелитімен, бет және
мойынның жыланкөздерімен, актиномикозбен салыстыру керек.
Гранулденген периодонтитпен сүйекүсті асты гранулемасы және түбір
маңы ұрасы кезінде альвеолярлы өсіндінің ісінуі болады. Бірақта ұра
кезінде тістер ығысады, кейде ісіну аймағында ісіну болмайды және
рентгенограммада үлкен мөлшерде, шекарасы айқын сүйектің резорбция
ошағы болады.
Бетте, ауыз қуысының кілегей қабатында жыланкөздің болуы, одан
іріңнің бөлінуі гранулденген периодонтитке және жақтың шектелген
остеомиелитіне ұқсастығын сипаттайды.
Сонымен қоса, жақтың
одонтогенді остеомиелитіне аурудың жедел кезеңі, интоксикация
симптомдары тән. Созылмалы кезеңде рентгенограммада сүйектің
резорбция ошақтары табылады, олардың ортасында секвестр көлеңкелері
болады. Көрші интактты тістер қозғалғыш келеді.
Гранулденген периодонтит кезіндегі бет пен мойындағы жыланкөздер
бранхиогенді түзілімдерді еске түсіруі мүмкін. Дұрыс диагностика жасауға
жыланкөзді зондтау, тістің рентгенографиясы, бранхиогенді жыланкөздің
фистулографиясы әсер етеді.
Созылмалы гранулденген периодонтит және бет пен мойынның
актиномикозы кезіндегі жыланкөздер ұқсас келеді. Бірақта созылмалы
периодонтитте жыланкөз біреу болады, ал актиномикоз кезінде
жыланкөздер жайылған немесе жеке ұсақ инфильтраттардың ортасында
17

18.

орналасады. Бөліністі зерттеу және актиномицет друздарының анықталуы
актиномикоз кезінде қабыну ауруларын салыстыруға мүмкіндік береді.
Туберкулез ошақтары көп болады, олар тіс және жақ аумақтарымен
байланысты емес болады. Олардан тығыз ірімшік тәрізді бөлініс бөлінеді.
Туберкулез ошақтарының орнында жұлдызша тәрізді тыртықтар қалады.
Микроскоптық, цитологиялық және морфологиялық зерттеулер дұрыс
диагноз қоюға мүмкіндік береді.
Гранулематозды периодонтит (гранулема)
гранулденген
периодонтиттен жиі дамитын түбір ұшы созылмалы қабыну процесінің
түрі және аз белсенді түрде өтеді.
Патологиялық анатомия. Микроскопта түбір ұшы аймағында
грануляциялық тіннің өсуі байқалады. Грануляциялық тіндер перифериясы
бойынша пісіп жетіледі, фиброзды капсула түзеді және гранулема пайда
болады. Грануляциялық тін өскен түбір ұшы бөлігінде цементтің, кейде
және дентиннің сорылу аумақтары байқалады. Оның капсуласына тиіп
тұратын түбір аймағында көбінесе цементті түзілім, ал кейде цементтің
жиналуы байқалады.
Гранулеманың құрылысына байланысты ажыратылады: 1) жай
гранулема, дәнекер тінінің (грануляциялық) элементінен тұрады; 2)
эпителиальды гранулема, бұл кезде грануляциялық тіндер аумағының
арасында эпителий тартпалары орналасады; 3) ұра тәрізді гранулема, бұл
эпителимен қапталған қуыстан тұрады.
Клиникалық белгісі. Гранулематозды периодонтиттің ағымы әртүрлі
болады. Жиі гранулема ұзақ ұлғаймай тұрады немесе баяу өседі. Бұл кезде
науқастар көп шағымдана бермейді. Тек кенет рентгенологиялық
зерттеулер кезінде гранулематозды ошақ анықталады.
Гранулемалар созылмалы гранулденген периодонтиттер сияқты жиі
жағдайда тістің түбір ұшында емес, одан біраз жанына қарай орналасады.
Бұл кезде түбір ұшы проекциясына сәйкес альвеолярлы өсіндінің
беткейінде сүйек тінінің қайта құрылуы және оссифицирленген периостит
көріністері нәтижесінде үлкен емес, ауырмайтын, айқын шекарасы жоқ
ісінуді анықтауға болады.
Кейбір науқастарда гранулема біртіндеп ұлғаяды. Бұл қабыну
процесінің өршуімен және гранулема тіндеріндегі өзгерістермен
байланысты (қызару, ісіну, нейтрофильді лейкоциттердің көлемінің
ұлғаюы, абсцестелу). Созылмалы процестің өршуі кезінде гранулема
капсуласының тұтастығы бұзылады, ал айналасындағы тіндерде реактивті
қабынбалы және дистрофиялық процестер тіс альвеоласының
қабырғасының резорбциясымен бірге түзіледі. Клиникалық тұрғыдан бұл
өршулер әртүрлі көрінеді. Бір жағдайларда сезімталдық пайда болады, ал
басқасында - жедел периодонтит белгілері болады. Одан әрі ұлғайған
түбір ұшы маңындағы қабыну ошағының айналасындағы қабынудың
азаюына қарай капсула түзіледі.
Диагностика
клиникалық суретіне, көбінесе рентгенологиялық
мәліметтеріне негізделеді. Гранулематозды периодонтит кезінде
18

19.

рентгенограммада түбір ұшы аймағында домалақ пішінді, шекарасы айқын
емес, сүйек тінінің тітіркенуі байқалады. Гранулематозды ошақ орнында
консервативті емді дұрыс жүргізгенде фиброзды периодонтитке тән
немесе склероздалған сүйек тіні аумағының түзілуіне тән өзгерістер
анықталады.
Салыстырмалы
диагностика.
Созылмалы
гранулематозды
периодонтитті түбір ұшы ұрасымен, әсіресе альвеолярлы өсіндінің
кортикальды табақшасы ісінгенде салыстыру керек. Гранулематозды
периодонтит кезінде рентгенограммада диаметрі 0,5-0,7 см сүйектің
резорбция аймағы байқалады, ал ұра кезінде контурлары анық сүйек
резорбциясы көрінеді.
Фиброзды периодонтит. Емдік шаралардың әсерінен, кейде
периодонтта гранулденген немесе гранулематозды ошақтың өздігінен
тыртықтануы болады және осы аймақта сүйек тіні қайта қалыптасады. Бұл
кезде түбір ұшы маңында фиброзды тіннің өсуінен шектелген қабынбалы
ошақ – фиброзды периодонтит түзіледі. Бірақта ол кейде өздігінен, яғни
гранулденген немесе гранулематозды периодонтит әсерінсіз дамуы мүмкін
деген мәліметтер дамиды. Көбінесе фиброзды периодонтиттің дамуына
тістерге окклюзиялық қысымның түсуі себеп болады.
Патологиялық анатомия. Микроскопта фиброзды периодонтит
кезінде жұлынған тістің периодонт аймағы қалыңдаған, тығыздалған.
Патологиялық процесс орналасқан аймақтағы түбір қабықшасының
қалыңдаған аумағы бозғылт-қызғылт түсті болады. Түбір қабықшасының
бұл өзгерістері кей жағдайларда тек оның ұшының айналасын қамтиды, ал
басқаларында - процесс диффузды болады және бүкіл периодонтқа
таралады. Жиі фиброзды периодонтиттер цементтің жиналып түзілуімен –
гиперцементозбен сипатталады.
Микроскоппен зерттеу кезінде дәнекер тінінің дөрекі талшықты
шумағы байқалады, олардың арасында домалақ жасушалы инфильтрация
ошақтары орналасады. Көбінесе фиброзды тіндердің арасынан әртүрлі
мөлшердегі
грануляция
тіндерін
анықтауға
болады.
Бұрын
резорбцияланған түбір аймағында екіншілік цементтің жиналуы болады.
Кейде цементтің мұндай жиынтығы түбірдің барлық беткейінде
қабатталады. Басқа жағдайларда фиброзды-өзгерген периодонтқа жақын
жатқан сүйек тіні склероздалады.
Клиникалық белгісі. Фиброзды периодонтит кезінде науқас
шағымданбайды. Шайнау немесе перкуссия кезінде тісте ауыру сезімі
сезілмейді. Ауыз қуысын тексергенде өлеттенген ұлпасы бар тісті байқауға
болады.
Тек процестің сирек дамитын өршуінде шайнау кезінде ауырсыну
туындайды. Тісті сауытынан тексергенде және тықылдатқанда аз
ауырсынуы мүмкін.
Диагностика
рентгенография
мәліметтеріне
негізделеді.
Рентгенограммада тістің түбір ұшында периодонттың кеңеюі анықталады.
Кейде гиперцементоз нәтижесінде түбір ұшы аймағының қалындауы
19

20.

байқалады. Периодонттың кеңеюін шектейтін сүйек табақшасы жиі
қалығдаған, склероздалған болады. Салыстырмалы диагностиканы
рентгенологиялық суреті бойынша жүргізеді.
Созылмалы периодонтиттің емі.
Созылмалы периодонтитті хирургиялық емдеу тіс жұлумен,
реплантациямен, трансплантациямен, имплантациямен, түбір ұшы
резекциясымен және кейде гемисекциямен, тіс түбірінің ампутациясымен
сипатталады.
Гранулденген және гранулематозды периодонтит кезінде тісті
жұлғаннан кейін грануляциялық өсінділерді немесе гранулемаларды
қырып алып тастау керек. Сүйектің семуінің алдын алу үшін альвеола
биоматериалмен толтырылады, жақын жатқан жұмсақ тіндерді
біріктіріледі және тігіс салынады. Қызыл иекте жыланкөз болғанда оны
тексеріп, грануляцияны толығымен қырып алып тастау керек. Басқа
жағдайларда жыланкөзді кесіп алып тастап, орнына 2 – 3 кетгутты және
кілегей қабатқа 3 – 4 тігіс салу керек. Кілегей асты, сүйекүсті асты,
теріасты гранулемасымен асқынған созылмалы периодонтит кезінде тісті
жұлғаннан кейін гранулематозды өсінділерді кілегей қабат, сүйекүсті,
теріасты клетчаткасы, тері астынан қырып алып тастау керек.
Патологиялық тіндерді алғаннан кейін теріасты клетчаткасы және бет
терісіне өтпелі қатпар бойымен тілік салынады және осы пайда болған
жараға ұзақ 3 – 4 апта көлемінде йодоформды тампон қояды. Жұмсақ
тіндердегі ошақ қырып алынады, жыланкөзді кесіп алып тастап және оны
тігеді. Эстетикалық мақсатпен, әсіресе жыланкөздер мен тыртықты
өзгерістер тартылғанда, оларды кескеннен кейін екі қарама-қарсы
үшбұрышты қиықты алмастыру арқылы пластика жасалынады.
Операциядан кейінгі кезеңде анальгин, амидопирин және басқа да
анальгетиктер, ал 3 – 4 күні - физиоем тағайындалады.
Созылмалы периодонтиттерді емдеуде неғұрлым прогрессивті
әрекеттесулерге реплантация, түбір ұшы резекциясы, гемисекция, түбір
ампутациясы, шұғыл имплантация жатады.
Тіс реплантациясы - жұлынған тісті ұяшығына қайта орнықтыру.
Операцияны консервативті терапия сәтсіз немесе мүмкін болмағанда, тісті
жұлдыртқысы келмегенде жүргізеді (Козлов А.В). Реплантация витальді
және девитальді болып бөлінеді. Витальді реплантация кезінде ұлпа
сақталынады. Девитальді реплантация кезінде тіс жұлынып алынады,
альвеоладан және түбір беткейінен патологиялық тіндер қырып алынады.
Каналдарды пломбалап және тіс түбірі ұшының резекциясын жүргізгеннен
кейін тісті ұяшыққа енгізеді және орнықтырып, бекітеді. Реплантация
негізінен көп түбірлі тістерге жүргізіледі. Витальді реплантация кезінде
тістер ұзақ, 10-12 жылға дейін сақталынады.
Тісті абайлап, тіс альвеоласындағы тіндерді және оны қоршап жатқан
жұмсақ тіндерді жарақаттап алмай жұлады. Сонымен қоса, альвеоланың
20

21.

бүйір беткейіндегі периодонт талшықтарын және дөңгелек байламын
сақтай отырып, альвеолаға кюретаж жүргізеді. Жараны жылы натрий
хлорид изотониялық ертіндісіне антибиотик (грамицидин, линкомицин
және т.б.) қосып шаяды және заласыздандырылған дәкемен жабады.
Жұлынған тісті антибиотик қосылған жылы натрий хлорид изотониялық
ертіндісіне немесе хлоргексидин ертіндісіне уақытша салып қояды. Тіс
қуысын және каналдарын цементпен немесе тез қататын пластмассамен, ең
дұрысы химиялық қататын шыныиономерлі цементпен пломбалайды, ол
жақсы адгезия түзеді және сүйек тініне токсикалық әсер етпейді. Түбір
ұшы кесіледі. Кейде тіс түбірлеріне резекция жасалынбайды, тек
каналдарды кеңейтеді, медикаментозды өңдейді және
оларды
пломбалайды. Осындай шаралар кезінде тісті залалсыздандырылған
салфеткамен абайлап ұстайды және оны міндетті түрде изотониялық
ертіндіге салады. Сүйекті жуғаннан кейін тісті альвеолаға енгізеді және
оны сымды шендеуішпен, тез қататын пластмассадан дайындалған
қорғаныш пластинкамен, сымды-композитті бекіткішпен , 2-3 аптаға
каппамен бекітеді. Басқа жағдайларда тісті жұлғаннан кейін түбірлердің
біреуінің аймағында өзгерістер байқалады. Қалған түбір ұшына ампутация,
резекция жасалады және осыдан кейін тісті реплантациялайды. Кей кезде
тіске гемисекция жүргізуге тура келеді және содан кейін оның жартысын
реплантациялайды. Екі жағдайда да биоматериал – остим-100, колапол,
коллапан, гидроксиапол, биоимплант және оның комбинациялары
қолданылады. Биоматериалды альвеоладағы қанмен және неғұрлым тиімді
тромбоциттерге бай қан плазмасымен араластыру арқылы сүйектің
регенерациясын жақсартады (Т.Г.Робустова).
Тістің орнығып кетуіне тыныш жағдайдың әсер ететінін ескеру керек,
сондықтан ол тістесуге 3 апта бойы қатыспау керек, сол себептен оның
бұдырларын немесе оған антогонист тістерді егеу керек.
Операциядан кейінгі кезеңде анальгин, амидопирин, метиндол және
басқа препараттар, емдәм, ауыз қуысының гигиенасын, әсірісе, бекітетін
шендеуіш қойған кезде тағайындау керек.
Жедел және созылмалы периодонтиттің асқынуы кезінде, сирек басқа
жедел одонтогенді қабыну процестерінде тіс реплантациясы жүргізіледі.
Операция екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең тісті жұлудан және тіс
альвеоласына антибиотик ертіндісіне малынған тампон енгізуден,
қабынуға қарсы ем тағайындаудан тұрады. Жұлынған тісті антибиотик
қосылған натрий хлорид изотониялық ертіндіге немесе «Викон»
консервантына салады және 4 – 5 С сақтайды. Жедел қабыну белгілері
басылғаннан кейін 5 – 6 күннен кейін, тіс альвеоласынан тампонды алып,
реплантация жасалады. Кейде жедел одонтогенді аурулар кезінде бір
кезеңде және жедел түрде жасалады. Мұндай жағдайларда өтпелі қатпарға
тілік жасалады, рәзеңке жолақтан дренаж қойылады. Сүйектік жара
мұқият өңделеді және периодонттан талшықтар алынады. Пломбаланған
тістің түбір ұшына резекция жасамай тіс ұяшығына енгізеді және бекітеді.
Бір кезеңдік реплантациядан кейін емдеуге сульфаниламидтер,
21

22.

антибиотиктер, антигистаминді препараттар тағайындайды. Жазылу
процесі 3 – 4 аптадан 6 - 10 аптаға дейін созылады. Реплантация
нәтижесінде периодонтальді, периодонтальді-фиброзды немесе остеоидті
түрдегі бітісуі туындайды. Реплантацияның барлық жағдайларында
жұлынған тісті ертіндіге салғанда мұқият болу керек, ал хирургиялық
шаралар кезінде реплантаттың құрғап кетуіне жол бермеу керек.
Реплантацияланған тістердің қызмет көрсетуі 8 -12 жылдан аспайды,
сосын біртіндеп түбірі сорылады, тіс қозғала бастайды және жұлуға тура
келеді.
Тістің аутотрансплантациясы (тісті басқа альвеолаға алмастыру)
сирек жүргізіледі. Ол зақымданған тісті жұлу және оның орнына жоғары
комплектті тісті қою кезінде көрсетіледі. Операция әдісі реплантация
әдісіне ұқсас келеді, бірақ оның соңы үнемі сәтті бола бермейді. Жазылуы
тіс үшін тіс альвеоласының қалыптасуы кезінде сүйектің жарақатынан жиі
асқынады.
Тістің аллотрансплантациясы - тісті бір адамнан басқа адамға
алмастыру.бұл операцияның маңызды кезеңі жұлынған тістің орнына тіс
таңдау, оны дұрыс консервациялау және алмастырғаннан кейін оның
жазылып кетуі. Операция әдісі реплантацияға ұқсас келеді.
Мәйіттен
тістер алынып алмастырулар жүргізілген. Витальді
трансплантация кезінде сәттілігі 90% дейін жеткен (В.В.Паникаровский,
Р.А.Хасанов). Авторлар мәйіттен өлгеннен кейін алғашқы 4 сағат ішінде
алынған және сау донордан алынған, «Викон» қоспасында консервіленген
тістерді қолдануды ұсынады.
Тісті таңдау және дұрыс консервациялау, сонымен қоса,
алмастырғаннан кейін ағзаның қабылдамауын ескерту өте маңызды болып
келеді. Операция әдісі реплантация және аутотрансплантацияға ұқсас.
Тіс
имплантациясы
сондай-ақаллотрансплантацияға
немесе
эксплантацияға жатады. Тісті жұлу кезінде оны жеделдетілген реплантация
деп атайды. Операция тиімді және оны қазіргі кезде жиі қолданады,
бірақта ол тіс жұлынғаннан кейін 4 – 6 айдан кейін жасалады.
Жеделдетілген имплантация тиімді операция болып келеді, сәттілігі 87 94% құрайды. Тіс түбірі және жалпақ немесе табақша тәрізді сүйекішілік
тіс импланттарының көп түрлері бар.
Жеделдетілген имплантацияның белгілі бір ерекшеліктері бар, өйткені
тіс жұлғаннан кейін туындайтын альвеоланың тарылуын және сүйектің
резорбциясын болдырмайды.
Жеделдетілген имплантация тістің жарақаттары кезінде – тістің
орнынан таюында және оны түзету мүмкін болмағанда, түбір ортаңғы
және жоғарғы бөлігінен сынғанда, сауыт бөлігі көп зақымданған
созылмалы периодонтитте, тісті консервативті емдеудің тиімділігі
болмағанда, сүйектің тек вертикальді бағыттағы резорбциялануымен ІІ-ІІІ
дәрежелі пародонтитте көрсеткіш болып табылады. Имплантацияны
сүйектің өсуі тоқтаған кезде, яғни 18-20 жастағы науқастардан бастап
жүргізу керек.
22

23.

Операция алдында тіс имплантациясы үшін клиникалық,
рентгенологиялық және
ортопедиялық диагностика
жүргізіледі.
Жеделдетілген имплантация үшін көрші тістермен жеткілікті
арақашықтық, имплантат орнатылатын орында төменгі альвеолярлы нерв,
иек тесігі, жоғарғы жақ қуысы және мұрын түбіне дейін 2-3мм сүйек болу
керек, сонымен қоса, имплантатты жабу үшін жұмсақ тіндер жеткілікті
болу керек. Хирург-стоматолог және ортопед-стоматолог окклюзиялық
өзара қатынасын анықтауға міндетті. Рентгенологиялық мәліметтерін,
соның ішінде компьютерлік томографияның нәтижесін мұқият тексерулері
қажет.
Жиі жағдайда тіс пішіні тәріздес – бұрандалы немесе цилиндрлі
импланттар, сирек жағдайда – жалпақ, бірақ барлық жағдайда екі кезеңде
жүргізілетін импланттар қолданылады.
Жеделдетілген имплантация көбінесе жоғарғы жақтың бір күрек тісі,
ит тісі және бірінші кіші азу тісі жұлынғанда, сирек – төменгі жақтың екі
жағындағы үлкен азу тістер жұлынғанда жүзеге асырылады.
Бірінші кезең жұмсақ тіндер – кілегей қабаты және сүйекүсті қабаты
кесіледі, сүйекті ашып, тіс абайлап жұлынады, имплантаттың ұшына және
оған имплантатты орнату үшін сүйектің орнын түзу үшін остеотомия
жасалады. Егер жұлынған тістің қасында басқа тістер болмаса, тілік
альвеолярлы доғаның ортасы арқылы жасалады. Көрші тістер болған
жағдайда тілік оның аймағындағы гингивальді жиектің екі жағынан
созылады және ауыз қуысы кіреберісінің күмбезі бағытымен тілік
жасалады.
Остеотомия кезінде сүйек үзіліс жасап, суытып отыру арқылы
бұрғыланады; сүйектің қызуы 400С аспауы керек. Бағытталған және түзуші
бұрғы қолданылады. Бұрандалы имплантаттар қолмен бұрау арқылы, ал
цилиндрлі – жеңіл қағу арқылы орнатылады. Жалпақ имплантат үшін
альвеоланың жиегінің бойымен сүйекте тоннель түзіледі, оған ақырып
қағып конструкцияны енгізеді және бекітеді. Имплантатты сүйекке
тереңдетеді, домалақ байлам домалақ пішінді имплантаттың мойнынан 12мм немесе жалпақ импланттардың иығы сүйектен 2мм төмен болуы
керек. Имплантаттардың сүйекке мықты бекігеніне көз жеткізгеннен кейін
оған бұранда бұралады, сүйектің бос жерлері биоматериалдармен
толтырылады, жұмсақ тіндермен жауып тігіс салынады. Операциядан
кейін 6-8 күн антибиотикотерапия жүргізіледі. Бір күннен кейін жара
таңылады және хлоргексидинмен шаю тағайындалады.
Операцияның екінші кезеңі төменгі жақта 3-4 айдан кейін, жоғарғы
жаққа 6айдан кейін жасалады. Имплантатты қайтадан ашады, бұранда
бетіндегі сүйек алынады, сосын бұранда алынады, имплантаттың ішкі
бөлігі жуып шайылады, кілегей қабаттың артығы алынып тасталынады.
Винт қойылады, ол 3 аптадан кейін тіректік басқа ауыстырылады. Кейде
тіректік басты бірден орнатады. Екі жағдайда да имплантатты ашқаннан
кейін 3 аптадан кейін протезделінеді.
Жеделдетілген имплантация кезінде биоматериалдар - остим-100,
23

24.

гидроксилапатит, гидроксилапол, колапол, коллапан қолданылады,
бұлармен альвеоладағы бос кеңістіктер толтырылады. Гидроксилапатит
және коллаген негізіндегі сүйектің өсуіне әсер ететін биоматериалдар:
остеобластты жасушалар, пептидтер, морфогенетикалық протеиндер,
сонымен қоса, осы материалдарға тромбоциттерге бай плазмалардың
қосылуы сүйек пен имплантаттың интергациясын жақсартады. Сүйек
ақауы қойылған имплантаттың жанында орналасқанда сіңірілетін –
коллагендік, сүйектік мембраналар және титанмен армирленген,
биоматериал мен конструкцияны жауып жататын мембраналар жақсы
нәтиже береді.
Кешіктірілген
имплантация.
Жедел
немесе
созылмалы
периодонтиттің асқынуы, пародонттың жедел қабынуы, сүйектің айқын
деструктивті өзгерістері кезінде, сонымен қоса, ауыз қуысы
санацияланбағанда кешіктірілген имплантация көрсетіледі. Түбір ұшы
аймағында іріңді ошағы бар тістерді жұлғаннан кейін ұяшыққа
хлоргексидин ертіндісімен немесе оның туындыларымен - корсодилмен,
элюдринмен санация жүргізіледі, линкомицин ертіндісімен ылғалдандыру
жүргізіледі. Альвеола пластикасы сүйектің өсуіне әсер ететін
биоматериалдардың көмегімен жүзеге асырылады. 6-8 аптадан кейін
кілегей-сүйекүсті қиығын ашқаннан кейін, бағыттаушы және түзуші
бұрғымен имплантат ұшына арналған орын қалыптастырылады. Өздігінен
кесетін немесе винтті-цилиндрлі
имплантаттар қолданған ыңғайлы.
Имплантат мойыны сүйек жиегінің деңгейінде болу керек. Кілегейсүйекүсті қиығы орнына қойылады және тігістер салынады. 2,5-4 айдан
кейін имплантатты ашады және оны протездейді.
Эндодонтоэндоссальді имплантация. Тістің каналдарына және одан
әрі сүйекке диаметрі кішірек келген штифт түріндегі имплантатты енгізу
қызмет етуін ұлғайтады және тұрақтандырады. ІІ-ІІІ дәрежелі пародонтит,
түбір ұшы резекциясы, бірнеше тістердің түбірлерінің
түбір ұшы
резекциясымен бірге цистоэктомиясы кезінде эндодонто-эндоссальді
имплантаттар немесе каналішілік- сүйек стабилизаторлары қолдануға
көрсеткіш болып табылады. Операция алдында диагностикалық тексеру
әдістері жүзеге асырылады. Бұл үшін түбір каналының ені жеткілікті және
өтімділігі жақсы, имплантатты тереңдету үшін түбір ұшында сүйектің
болуы қажет, тіске және сүйекке түсетін қысымның окклюзиондық
сәйкестігі болуы керек. Тістердің және альвеолярлы өсіндінің биіктігі мен
енінің көлемі анықталады, олар рентгенограмма, ортопантомограмма,
визиографиялық тексеру мәліметтерімен салыстырылады. Жоғарғы жақ
қуысының, мұрын түбінің, иек тесігінің, төмемнгі жақ каналының
орналасуына аса назар аударылады. Стабилизатор сүйекке осы
анатомиялық түзілімдерге 2мм сүйек қалғанға дейін бекуі қажет. Сонымен
қоса, сүйектің ені туралы нақты мәліметтер болуы үшін кілегей қабаттың
қалыңдығы өлшенеді. Күрделі жағдайларда рентгендік компьютерлік
томография мәліметтері қолданылады. Сондай-ақ тіс және оны қоршап
жатқан тіндер туралы нақты ақпаратты түрлі-түсті, көлемді және сандық
24

25.

визиография арқылы алуға болады (А.В. Митронин).
Аспаптық
және
медикаментозды
дайындықтан
кейін
инфильтрациялық және өткізгіштік жансыздандырудан кейін сүйек тістің
каналы арқылы бұрғыланады, гемостаз. Стабилизатордың аналогымен
каналдың өтімділігі тексеріледі. Соңғы кезеңінде канал кептіріледі және
стабилизатор каналға одан әрі сүйекке енгізіледі. Имплантаттың түбірлік
бөлігіне фосфат-цемент, ал апикальды және сүйек бөлігіне – биоматериал
– остим-100, гидроксиапол, Bio-oss, Osteograft, Pep-gen және оның
комбинациялары жағылады. Түбір ұшы резекция, сүйек қуысынан
грануляцияны, ұраның қабығын алғаннан кейін қуыс жоғарыда аталған
материалдармен толтырылады. Эндодонто-эндоссальді имплантацияны
түбір гемисекциясымен, ампутациясымен біріктіре отырып, тіс түбірінің
сынығы кезінде, егер оның фрагменттері ығыспай, каналдарға сәйкес келсе
қолдануға болады.
Тіс түбірінің гемисекциясы - тістің сауыт бөлігін түбір ұшында
патологиялық ошағы бар бір түбірімен алып тастау және резекция.
Операция жоғарғы және төменгі жақтың бірінші және екінші үлкен азу
тістерге жасалады. Гемисекция түбір аралық сүйектернінің сорылуы,
түбірлердің біреуінің тесілуі немесе онда сүйекішілік терең қалтаның
болуы кезінде көрсетіледі.
Бұл операция барлық тістер түбірлерінің сүйектік деструкциясы ,
жұлынған тістің айқын гиперцементозы болғанда, қалған тіс түбірлерінің
консервативті емі тиімді болмағанда жүргізілмейді.
Тістің сауыт бөлігі және қалған түбір каналдарын пломбалап және
консервтивті ем жүргізгеннен кейін абайлап бордың көмегімен түбір
бифуркациясы деңгейінде сауыттың жарты бөлігін және патологиялық
ошағы бар түбірді алып тастайды. Сауыттың жартысын және түбірді алу
үшін қысқыштар қолданылады. Олармен айналмалы және ырғымалы
жеңіл қозғалыстар жасалады. Түбірді элеватормен жұлу кезінде тірек
нүктесин дұрыс анықта у керек және сүйекпен жұмыс істеген кезде басқа
түбірлер аймағындағы сүйек сегменттерін және түбіраралық сүйектерді
жарақаттап алмай зор мұқияттылықпен істеу керек. Борлар, дискілермен
жұмыс істегенде гемисекция кезінде міндетті түрде операциялық алаңды
натрий хлорид изотониялық ертіндіні шприц арқылы шашып
ылғалдандыру арқылы суытып отыру керек. Жұлынған түбірлердің
альвеоласын биоматериалдармен – остим-100, колапол, коллапан,
гидроксилапатипен толтыру жақсы нәтиже береді. Сүйек жарасы
өңделгеннен кейін сүйекүсті және кілегей қабатқа түйінді тігістер
салынады.
Тіс түбірінің ампутациясы түбір бифуркациясы аймағында
жүргізіледі. Түбір ампутациясының көрсеткіштері мен кері көрсеткіштері
гемисекция кезіндегі жағдайға ұқсас. Жиі – үлкен азу тістердің ұрттық
түбірлері, сирек – төменгі үлкен азу тістердің түбірлері жұлынып алынады.
Трапеция және бұрыш тәрізді тілік жасалады, альвеолярлы өсіндінің
вестибулярлы жағынан кілегей-сүйекүсті қиығы сыдырылады. Қиық түбір
25

26.

жатқан тіс-жақ сегментінен біршама үлкенірек болу керек, онымен
түзілген сүйек ақауы жабылады. Түбір фиссурлы бормен кесіліп, тек
айналмалы қозғалыс жасау арқылы қысқышпен жұлынып алынады. Басқа
жағдайларда альвеоланың алдыңғы сүйектік қабырғасы және кесілген
түбірді элеватордың көмегімен аламыз. Бұл кезде операциялық алаңды
міндетті түрде суытып отыруымыз керек. Альвеоланы өңдегеннен кейін
қиық орнына қойылады, және кетгуттан немесе полиамидті жіптен тігіс
салынады. Басқа қалған түбірді немесе түбірлерді сақтап қалу үшін
альвеоланы биоматериалдармен толтыру тиімді.
Гемисекция және ампутациядан кейін қалған түбірлерге қысым аз
түскен кезде ғана бірнеше жылға сақталады.
Коронарорадикулярлы сепарация үлкен азу тістер түбірлерінің
бифуркациясы немесе трифуркациясы аймағында патологиялық ошақ
болған кезде жүргізіледі. Тіс екі бөлікке бөлінеді және некротомия
жасалады. Әрбір тістің сегменті біріккен сауыттармен қапталады, оның
функциясы қалыптастырылады.
Тіс түбірі ұшының резекциясы периодонттағы созылмалы қабыну
процесін консервативті емдеу арқылы жою мүмкін болмағанда, сонымен
қоса, периодонтитті емдеуге кедергі жасайтын тіс каналында бөгде зат
тұрып қалғанда көрсетіледі. Одан басқа, ол тіс түбірінің қабырғасы тесіліп
қалғанда, пломбалық материалмен каналды жеткіліксіз толтырғанда, оны
түбір ұшынан көп мөлшерде шығарып жібергенде тиімді әдіс болып
табылады.
Түбір ұшы резекциясын жасауға сондай-ақ түбіраралық
патологиялық ошақ регрессиясының болмауы, дұрыс эндодонтиялық ем
жүргізгеннен кейін жыланкөздің пайда болуы көрсеткіш болып табылады.
Негізінен түбір ұшы резекциясы күрек және ит тістерге, сонымен қоса,
төменгі жақтың кіші азу тістеріне, сирек – жоғарғы жақ тістеріне
жасалады. Соңғы жылдары бұл операция кең қолданыс тапты. Клиникалық
және рентгенологиялық мәліметтер комбинирленген – эндодонтиялық
емдеу және үлкен азу тістердің бір түбіріне резекция жасағанда маңызы
зор.
Бұл операция жедел немесе созылмалы периодонтиттің асқынуы
кезінде, пародонт аурулары кезінде тіс қозғалғыш болғанда және тіс
сауыты зақымданғанда көрсетілмейді.
Тісті операцияға дайындау түбір каналын механикалық және
химиялық өңдеумен, оны қататын пломбалық материалмен пломбалаумен
сипатталады. Операция алдында цинк окисінің эвгенол қосылған
сықпасын қолдану тиімді болып келеді (қабыну процесінің өршуін
болдырмау үшін). Түбір ұшы мен оның айналасындағы тіндер операция
кезінде алынатынына байланысты, олардың күшті әсер ететін
антисептикалық ертінділерден күйіп қалатынынан қорықпауға болады.
Металл немесе гуттаперчалық штифт қолдану жақсы нәтиже береді.
Операцияны жасаудың әдісі. Операция өткізгіштік және
инфильтрациялық жансыздандыру арқылы жүргізіледі.
26

27.

Альвеолярлы өсіндінің сыртқы беткейі аймағынан доға тәрізді,
жолақты, бұрыш тәрізді немесе трапеция тәрізді тіліктер тігіс салу кезінде
тесікті жауып жататындай болып салыну керек.
Распатордың көмегімен сүйектен кілегей-сүйекүсті қиығы
ажыратылып алынады, оны тіс ілмегінің көмегімен өтпелі қатпарға қарай
тарту керек. Көбінесе созылмалы түбір ұшылық ошақ аймағында тіс
альвеоласының алдыңғы қабырғасы өзгеріске ұшырайды.
Кейде ұяшықтың сыртқы қабырғасы өрнектелген болады, ал түбір
ұшы ошағы аймағында түзілген сүйек ақауы сүйекүсті қабығымен
жабысқан. Бұл аумақта кілегей-сүйекұсті қиығын скальпельдің көмегімен
ажырату керек.
Тіс альвеоласының сыртқы қабырғасы ірі шар тәрізді борлармен,
сондай-ақ фиссурлы борлармен тесіледі. Алдыңғы қабырғасын тесіп және
жалпақ долото көмегімен тіндерді жұқа қабаттармен алу арқылы түбір
ұшының алдыңғы қабырғасы ашылғанға дейін алынады, одан кейін
альвеолярлы өсінді қабырғасындағы тесік науалы долото көмегімен
кеңейтіледі. Осылайша түбір ұшы айналасындағы грануляцияланған
тіндерді ашып, оны алуға кірісеміз. Түбір ұшы фиссурлы бормен немесе
фрездармен кесіледі. Түбір ұшын долотомен кесудің керегі жоқ, өйткені
түбір қисық сынып кетуі мүмкін.
Түбір ұшын грануляциямен бірге қасық немесе пинцет көмегімен
алынады немесе түбір ұшын алғаннан кейін қуыстан грануляция және
жұмсарған сүйек қырылып алынады. Егер түбір қуыстың саңылауына
біршама шығып тұрса, қыруға кедергі жасаса, оны фреза немесе ірі шар
тәрізді бордың көмегімен егеп, өңдеу керек. Кілегей-сүйекүсті қиынды
орнына қойылады және тігістер салынады.
Кейде операция кезінде түбірдің қиығына қараған кезде тістің
каналында пломбалық материалдың жоқ екені немесе металл штифттің,
бордың бөлігінің қалып қоюынан пломбалаудың мүмкін болмайтыны
анықталады. Мұндай жағдайда түбір ұшын алып тастағаннан кейін, тістің
каналын ретроградты түрде пломбаланады. Бұл үшін каналдың саңылауын
шар тәрізді бормен кеңейтеді, сосын кері конусты бордың көмегімен оны
күміс амальгама, шыны иономерлі цементпен, бірнеше порция арқылы
енгізіледі және аспатың көмегімен нығыздалады, артығы алынады.
Түбірдің кесілген жері және каналы БФ желіммен және фуропластпен,
сонымен қоса, гуттаперчалық штифтпен, биоматериалдармен – остим-100,
гидроксилапатитпен жабылады.
Каналдың дұрыс толтырылғандығына көз жеткізілгеннен кейін
кілегей-сүйекүсті қиығы орнына қойылады және тіліктің бойымен
кетгуттан немесе полиамидті жіптен 3-4 тігіс салынады.
Кейде тігіс салар алдында сүйек жарасы сутегі тотығымен,
хлоргексидинмен, диоксидинмен, стафилококкты немесе стрептококкты
бактериофакпен жуылады.
Операциядан кейін гематоманың пайда болуының алдын алу үшін
науқастың ерніне, яғни операция аймағына 2-3 сағатқа мұз қойылады
27

28.

немесе 10-12сағатқа қысатын байлам қойылады.
Операциядан кейінгі ауырсынуды басу үшін анальгин, амидопирин,
фенацетин кофейн және фенобарбитал, беналгин, кальций хлорид
қоспасымен тағайындалады.
Жеке тістердің түбір ұшы резекциясы операцияларының өздеріне тән
ерекшеліктері бар. Жоғарғы және төменгі жақ ит тістерінің резекциясы
кезінде тамырлар шоғырын жарақаттап алмас үшін тілік төмен қарай және
ауыз кіреберісі саңылауынан жоғары қарай жасалады. Жоғарғы кіші азу
тістің резекциясы кезінде операцияға дейін каналдардың санын білу керек.
Егер біреу ғана болса, онда түбір аралық пердені резекциялау керек, одан
әрі – екінші түбірді резекциялау керек. Жоғарғы бірінші, әсіресе, екінші
кіші азу тіске резекция жасағанда, жоғарғы жақ қуысын және оған
грануляциялық тіндердің итеріліп кіріп кетуін ескеру керек. Сондай-ақ
қатты таңдайдың сүйек қабырғасының тесіліп қалу мүмкіндігін естен
шығармау керек.
Жоғарғы бірінші үлкен азу тістердің тек ұрттық түбірлеріне резекция
жасалады және егер таңдайлық түбір аймағындағы консервативті ем
сәтсіз болса, апексэктомия таңдай жағынан жасалады.
Иек нервісін зақымдап алмас үшін кілегей-сүйекүсті қиындысын иек
тесігі және одан шығатын тамыр-нерв шоғыры көрінгенге дейін ажырату
керек. Оны артқа қарай жылжытады, сосын резекция жасалған тіс
ұяшығының алдыңғы қабырғасы кесіледі, сүйек жарасы кеңейтіледі;
содан кейін фиссурлы бордың көмегімен түбірдің ұшы бөлінеді, алынады,
грануциялар және жұмсарған сүйек қырылып алынады, жараға тігіс
салынады. 3-4 апта тіс тыныш жағдайда болу керек. (1 кестені қараңыз).
Асқынулар. Жоғарғы бірінші және екінші күрек тістердің түбір ұшы
резекциясы кезінде абайсызда мұрын қуысының тесілуі, ал жоғарғы кіші
азу тістердің түбірлерінің резекциясы кезінде жоғарғы жақ қуысының түбі
тесілуі мүмкін. Бұл асқынулардың алдын алу үшін рентген суреттің
негізінде тіс түбірі мен мұрын және жоғарғы жақ қуысы түбінің жақын
жатқан жағдайын біліп, сүйек жарасының жоғарғы бөлімінде жатқан
грануляциялық тінді абайлап алу керек.
Қуысты ашу кезінде абайсызда тесіліп қалған жағдайда оны
зондтамайды және оны жаппайды. Операцияны грануляцияны алу және
түбір ұшын ампутациялаумен аяқтау керек. Тесілген тесікті
деминерализацияланған сүйекпен, колаполмен, коллапанмен жабу керек.
Сүйек жарасы кілегей-сүйекүсті қиындысымен жабылады және тігістер
салынады. Жоғарғы ортаңғы тістерге резекция жасау кезінде мұрын
түбінің тесілуі мүмкін.
Сонымен қоса, қатты таңдайдың сүйек қабырғасы тесілуі мүмкін.
Төменгі кіші азу тістердің түбір ұшылық резекциясы кезінде иек
нервісі зақымдануы мүмкін. Неврті бөліп алып, оны биоматериалмен
арашалайды.
Соңы. Түбір ұшы резекцияланған тістер үзақ жылдар бойы
сақталады, шайнауға қатысады және микропротездерге тірек болып келеді.
28

29.

Қанағаттанарлықсыз нәтиже консервативті емдеу әдісінің және операция
техникасының бұзылуынан болады.
Алдын алу. Созылмалы периодонтиттің алдын алу эндодонтиялық
емдеумен және тіске оптимальді функциональді қысым түзумен
сипатталады. Созылмалы одонтогенді ошақтар көптеген ішкі мүшелердің,
әсіресе, жүрек ауруының дамуы үшін қауіпті болып келеді. Тісті
жұлғаннан кейін сүйектің семуінің алдын алу үшін альвеолаға пластика
жасау ұсынылады.
3. Жақтардың периоститтері.
Жақтың жедел іріңді периоститі – жақтың денесі немесе
альвеолярлы өсіндісінің сүйекүсті қабығының жедел іріңді қабынуы.
Жиі жақтың альвеолярлы өсіндісінің вестибулярлы жағындағы
сүйекүсті қабығы, сирек – таңдай және тіл жағынан зақымданады.
Негізінен, процесс төменгі жақта дамиды және жас және орта жастағы
адамдарда туындайды (16-40 жас).
Төменгі жақтан жедел іріңді периоститтің дамуының себебі бірінші
үлкен азу тістер, ақыл тістер, сирек – екінші үлкен азу тістер және екінші
кіші азу тістер, кейде бірінші кіші азу тістер болады. Сондай ақ процесс
бірінші күрек тіс және ит тістен дамуы мүмкін.
Жоғарғы жақта жедел іріңді периостит бірінші үлкен азу тістерден,
бірінші кіші азу тістерден, және екінші кіші азу тістерден инфекцияның
таралуынан туындайды. Сирек жағдайда қабынбалы процесстер екінші
үлкен азу тістерден және екінші күрек тістерден, одан әрі – бірінші күрек
тістен, ит тістен, ақыл тістен болады.
Этиология. Жедел іріңді периостит кезінде іріңді зерттегенде
стрептококк және стафилококктың әртүрлі түрлерінен, грам оң және грам
теріс таяқшалардан, іріңді бактериялардан тұратын аралас микрофлора
анықталады. Олардың 75% - і анаэробты бактерия және 25% аэробты
флора.
Патогенез. Жедел іріңді периостит жедел немесе созылмалы
периодонтиттің асқынуынан болады. Бұл процесс тістің қиын жарып
шығуы
кезінде,
радикуллярлы
ұраның
іріңдеуінде
жартылай
ретенцияланған және ретенцияланған тістердің қабынуында одонтома,
пародонт ауруларында дамуы мүмкін. Кейде ауру тісті жарақаттап
жұлғаннан кейін дамиды.
Жалпы жағымсыз факторлар – суық тию, шаршау, стресстік
жағдайлар – қабынбалы процесстің дамуына негіз болады.
Жедел және асқанған созылмалы периодонтит кезінде іріңді ошақ тіс
каналы немесе қызыл иек қалтасы арқылы шыға алмайды және шығуы
жеткіліксіз болады. Жалқық периодонттан сүйекүстіне қарай тарала
бастайды. Инфекция альвеоланың компакты табақшасындағы ұсақ
тесіктер арқылы қоректік каналдар және остеон каналдарында өтеді.
Жедел және асқынған созылмалы периодонтит кезінде периодонт
29

30.

тіндері
тұтастығының
бұзылуы
ифнекциялық
әсерді
жоятын
спецефикалық және спецификалық емес гуморальды және жасушалық
реакциялардың функциональды жеткіліксіздігін анықтайды. Антигендік
тітіркендіру сенсибилизацияны күшейтеді, гемодинамика бұзылады.
Осыған байланысты жақтың сүйекүсті қабағындағы қабыну қорғаныштық
реакция ретінде айқын көрінеді және нормергилық, кейде гиперергиялық
қабыну реакциясымен сипатталады. Ағза реакциясының ерекшелігі
нәтижесінде (иммунитет дисбалансы) жеке науқастарда жақ периоститінің
баяу ағымы байқалады.
Патологиялық анатомия. Сүйекүстінде жедел процесс дамығанда
ісінудің әсерінен қалыңдауы, талшықтануы және жартылай қабаттануы
байқалады. Микроскопта ол және оның айналасындағы тіндер
лейкоциттермен инфильтрацияланған, тамырлық өзгерістері болады
(тамырлардың қанға толуы, кейбір жерлерде стаз және қан ұюлардың
болуы.
Домалақ немесе
плазмажасушалы
элементтерден
тұратын
инфильтраттпр сүйекүсті тамырларының айналасында орналасады.
Осымен қатар дәнекер тін талшықтарының және тамыр қабырғаларының
фибриноидты ісінуі (гомогенизация) болуы мүмкін. Сүйекүстінің ішкі
қабаты қабатталған сүйекүстінің астында тез ериді, оның және сүйектің
арасында көп нейтрофильді лейкоциттерден тұратын сірлі-іріңді жалқық
жиналады.
Микроорганизмдер айналасындағы сірлі жалқықта лейкоциттер
жиналады – микроабсцесстер дамиды. Бұл ошақтар өзара бірігіп кетеді,
үлкен мөлшердегі іріңді жалқық түзіледі.
Периост аумағының өлеттенуінен және оның еруінен сүйек
қабынған сүйекүстінен ажырайды, сүйектің біртұтастығы бұзылады және
іріңді масса кілегей қабаттың астына, жиі ауыз қуысының кіреберісіне
өтеді. 5-6 күннен кейін іріңдік кілегей қабат арқылы жарып шығып, ауыз
қуысына өтеді.
Кейбір жағдайларда қарқынды және жедел процестің көрінісі ретінде
сүйектің қуысты сорылуы болуы мүмкін.
Сүйек тіндерінің резорбциясы, ми қуысының және қоректік
каналдарының кеңеюі нәтижесінде жақтың кортикальді қабығы жұқарады.
Бұл лейкоциттердің сүйек тініне таралуына әсер етеді. Бір уақытта сүйек
ісінеді, сүйек-ми қуысының басқа аумақтарында лейкоцитарлы
инфильтрация болады. Кейде сүйекүстіндегі іріңді жалқықтың әсерінен
кортикальді қабықтың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады және сүйектің
беткей қабаттарының кейбір аумақтары өлеттенеді. Осыдан жақтардың
екіншілік кортикальді остеомиелиті дамиды.
Периодонтиттің қайталамалы өршуінен жақтың периоститі дамыған
кезде сүйекте және сүйекүсті асты іріңдіктің перифериясы бойымен
сүйектің периостальды түзілімдері, сүйек суретінің қатаюы, сүйектің
склерозы байқалуы мүмкін. Балаларда, жасөспірімдерде, жас адамдарда
бұл морфологиялық өзгерістер болады және жақтардың созылмалы
30

31.

периоститі ретінде сипатталды.
Клиникалық белгілері. Жедел іріңді периоститтің клиникалық
белгілері әртүрлі және ол қабынбалы процесстер этиологиялық
патогенетикалық факторларға орналасуына байланысты. Жедел сірлі,
жедел іріңді шектелген, іріңді диффузды, созылмалы периостит түрлері
ажыратылады. Көбінесе сүйекүсті жақтың вестибулярлы беткейіне
зақымдалады. Іріңді шектелген периостит кезінде жақтардың альвеолярлы
өсіндінің сүйекүсті қабаты зақымданады, ал диффузды процесте төменгі
жақтың денесін оның негізіне дейін қамтиды.
Жедел сірлі периостит жақтың вестибулярлы жағынан алғашқы 1-3
күндері ауырсынумен және жақ маңы жұмсақ тіндерінің айқын ісінуімен
сипатталады. Жылудың әсерінен ауырсыну күшейеді, ал суықтың әсерінен
біраз уақытқа басылады. Бетте ісіну пайда болғанда және ірің кілегей
қабатының астынан жиналғанда ауырсыну біршама азаяды. Ауыз қуысы
кіре берісінің саңылауы тығыз, аз аыурсынбалы инфильтраттың әсерінен
тегістеледі. Тісті перкуссиялағанда ауырсынбалы. Науқас бастапқыда
себепші тістің аймағында ауырсынудың пайда болғанын, ал 1-2 күндерден
кейін жұмсақ тіндердің ісінуін байқайды. Ауыз қуысы кіреберісінің
саңылауы бойымен тілік жасағанда оның тіндерінің толыққандылығын
көрсетеді. Бірақ іріңді көзбен көру мүмкін емес. Егер осы кезде тісті
жұлса, альвеоладан ірің бөлінеді.
Жақтың вестибулярлы беткейінің шектелген іріңді периоститі
қарқынды ауырсынуға шағымданумен, беттің жұмсақ тіндерінің ісінуімен,
жалпы жағдайының ісінуімен, дене қызуының жоғарылауымен
сипатталады. Бастапқыда аурсыну мен ісіну аз болады, сосын 2-3 күннің
ішінде тез ұлғая түседі. Кейде ауырсыну жақтың барлық бөлігіне тарайды,
үшкіл нерв бұтағының бойымен – құлаққа, самайға, көзге беріледі.
Жедел шектелген іріңді периостит кезінде науқастың жалпы
жағдайы қанағаттарлық болады, дене қызуы 37,5-38ºС жоғаралайды;
жақтың денесі және альвеолярлы өсіндісінің сүйекүсті қабаты диффузды
зақымданғанда – науқастың жағдайы орташа ауыр болады және дене
қызуы 38,5-39ºС болады. Интоксикация нәтижесінде жалпы әлсіздік, бас
ауруы, тәбетінің төмендеуі, ұйқысыың бұзылуы пайда болады.
Альвеолярлы өсінідінің ветибулярлы беткейінің жедел іріңді
периоститі кезінде жақ айналасындағы жұмсақ тіндер аймағында
қабынбалы ісіну пайда болады. Оның орналасуы және таралуы инфекция
көзі болып келетін тіске байланысты. Осылайша, жоғарғы күрек тістердегі
іріңді процестерден дамыған периостит кезінде жоғарғы ерінде мұрын
қанаты және түбіне жететін ауқымды ісіну байқалады. Ұлғайған ерін күрт
алға қарай шығып тұрады. Егер ірінді процесс жоғарғы ит тістен және
жоғарғы кіші азу тістерден таралса, онда іріңді ошақ альвеолярлы өсіндіні
және ит тіс шұңқырын жауып жатқан сүйекүсті қабатында орналасуы
мүмкін; бұл кезде коллатеральды ісіну беттің ортаңғы және төменгі бөлігін
қамтиды. Ұрт, бет аймағы, төменгі және жоғарғы қабақ ісінеді. Жоғарғы
үлкен азу тістердегі іріңді процесстен дамыған жедел периостит ұрт, бет,
31

32.

құлақ маңы аймағының ісінуімен сипатталады. Кейде ісіну төменгі
қабаққа таралады.
Үшінші жоғарғы үлкен азу тіс инфекция көзі болуы мүмкін және
периостит жоғарғы жақ бұдыры аймағында дамиды. Бетте ісіну кешірек
пайда болады және ол ұрт, самай аймағында орналасады. Себепшісі
төменгі күрек тістер болатын жедел іріңді периостит үшін төменгі еріннің,
иек аймағының және кейде иек асты шұңқырының алдыңғы бөлімінің
ісінуі тән. Инфекция ит тістен және кіші азу тістерден тарағанда ұрт
аймағының ауыз бұрышының төменгі бөлімінде коллатеральды ісіну
дамиды. Төменгі жақтың үлкен азу тістері аймағындағы жедел периостит
кезінде ұрттың, төменгі жақ асты және құлақ маңы шайнау аймағының
төменгі бөлімінің коллатеральды ісінуі дамиды. Процесс төменгі жақ
негізінің сүйекүстіне тарағанда жалпы
симптомдар және тіндердің
жергелікті жайылған ісінуі неғұрлым айқын болады. Процесстің төменгі
жақ бұтағының сүйекүстіне таралуы шайнау және медиальды қанат тәрізді
бұлшықетте қабынбалы инфильтрацияның түзілуіне әкеледі. Осының
әсерінен қабынбалы контрактура туындайды (І, ІІ дәрежелі).
Жедел іріңді периоститте әртүрлі дәрежедегі айқындылықтағы
жергілікті лимфаденит байқалады. Ауыз қуысының кіреберісінде
альвеолярлы өсіндінің, өтпелі қатпардың және ұрттың кілегей қабатында
гиперемиясы және ісінуі байқалады. – өтпелі қатпар қабынбалы
инфильтрат нәтижесінде қалыңдайды, тегістеледі және сипап көргенде
диффузды ауырсынбалы білік тәрізді инфильтрат анықталады. 5-6 күннен
кейін, кейде одан ертерек іріңнің әсерінен оның өлеттенуі және еруі
нәтижесінде периост ошағы кілегей қабат астына енеді. Ауырсыну сезімі
азаяды. Өтпелі қатпарда - беті жұқа кілегей қабатпен жабылған білік
тәрізді шектелген ісіну түзіледі. Ірің көбінесе сол арқылы тесіп шығады,
кілегейге сары түс береді, пальпациялағанда нақты флюктуация
анықталады. Іріңдік ауыз қуысына өздігінен ашылуы мүмкін, одан кейін
ауырсыну басылады және қабыну белгілері азая бастайды.
Төменгі жақтың альвеолярлы өсіндісінің тілдік беткейінің
периоститінде науқас жұтыну және сөйлеу кезінде ауырсынуды сезінеді.
Төменгі жақтың альвеолярлы өсіндісі мен денесінің тілдік беткейінің
периоститі төменгі жақ асты үшбұрышындағы лимфа түйіндерінің
ұлғаюымен және коллатеральді ісінуімен сипатталады. Кейде ұрт аймағы
тіндерінің ісінуі күрт айқын болмайды. Ауыз ашылуы еркін, бірақ кейде
медиальді қанат тәрізді бұлшықетте инфильтраттың болуына байланысты
ауырсынбалы және шектелген болуы мүмкін.
Ауыз қуысын қарағанда жақтың ішкі беткейінің сүйекүстінде ісіну
мен инфильтрация болады, осы аймақты пальпациялағанда –
ауырсынбалы. Кілегей қабаттың ісінуі мен гиперемиясы тіласты
қатпарында пайда болуы мүмкін. Таңдай-тіл және таңдай-жұтқыншақ
доғаларының ісінуі болуы мүмкін. Тілдің қозғалысы қиындайды және
ауырсынбалы , ауызның ашылуы шектелген және ауырсынбалы.
Жоғарғы жақтың альвеолярлы өсіндісінің ауыз қуысы жағындағы
32

33.

беткейінің жедел іріңді периоститі кезінде бет аймағында өзгеріс
болмайды, ұлғайған төменгі жақ асты лимфа түйіндері пальпацияланады.
Таңдай абсцесі кезінде қатты таңдайда ісіну байқалады, ол тез арада
жарты шар тәрізді немесе сопақша тәрізді пішінге айналады. Онда
кілегейасты қабатының болмауынан айналасында қабынбалы ісіну
болмайды. Іріңдіктің ұлғаюынан таңдайдың көлденең қатпарлары
тегістеледі. Инфильтраттың ортаңғы бөлігін пальпациялағанда жұмсаруы
және флюктуация анықталады. Таңдай абсцесіне қабынбалы ісінудің қатты
таңдайдан жұмсақ таңдайдың кілегей қабатына, таңдай-тіл және таңдайжұтқыншақ доғасына таралуы тән, осының нәтижесінде жұтыну кезінде
ауырсыну туындайды.
Қатты таңдайдың сүйекүсті астында іріңді жалқықтың жиналуы
жұмсақ тіндердің сүйектен ажырауына әкеледі, ол ауырсынумен, әсіресе
сөйлеу және тағам қабылдау кезінде күшейе түсуімен сипатталады. Ауру
басталғаннан кейін 1 аптадан соң іріңдік сыртқа шығады.
Диагностикасыклиникалық белгілері мен зертханалық зерттеу
мәліметтеріне негізделеді.
Жақтың жедел іріңді периоститі бар науқастардың қанын тексеру
кезінде лейкоциттердің саны ұлғайғаны 10,0-12,0х109г/л, нейтрофилез (7078%), ЭТЖ (СОЭ) біршама науқастарда қалыпты жағдайда болады, кейде
15-20мм/ч, сирек – 50-60мм/ч ұлғаяды. Ауру кезінде ЭТЖ (СОЭ) ұлғаюы
оперциялық
әрекеттесулердің
жеткіліксіздігін
немесе
екіншілік
кортикальді остеомиелитті көрсетуі мүмкін. Зәр анализінде өзгеріс
болмайды, тек кейбір науқастарда ақуыз – іздері 0,33г/л дейін және
лейкоциттер - 10-20 к.а. анықталады.
Ажыратпалы диагностика. Жақтың жедел іріңді периоститінің
айқын клиникалық симптомдарына қарамастан, кейде диагностикада
қателіктер жіберіледі. Бұл процессті жедел периодонтиттен, әртүрлі
аймақтардың
абсцесіпен,
флегмонамен,
лимфадениттен,
жедел
сиалодениттен және ең бастысы – жақтың жедел остеомиелитінен ажырату
керек. А.Е. Евдокимов (1955) ауруларды ажырату үшін айқын критерилер
береді: «Одонтогенді периоститті өзіндік нозологиялық бірлік ретінде
диффузды жедел периодонтиттен және остеомиелиттен ажырату керек.
Периоститтің периодонтиттен айырмашылығы қабыну ошағының
орналасуымен, яғни периодонтит ұяшықтың ішінде өтуімен, ал периостит
– альвеолярлы өсіндінің беткейінде өтуімен анықталады. Периодонтит
кезіндегі коллатеральді ісіну жұмсақ тіндерге таралмай, қызыл иекпен
шектеледі. Периостит және остеомиелит арасындағы шекара периостит
кезінде секвестр түзілімі түріндегі сүйектік зақымданулардың болмауымен
және клиникалық ағымымен, сүйек құрылымының микроскопиялық
өзгерістерімен негізделеді».
Сонымен қоса, жедел периодонтитке қарағанда, жедел периостит
кезінде себепші тісті перкуссиялағанда ауырсыну сезімі болмайды немесе
аз ғана ауырады. Жедел периостит кезінде өтпелі қатпардың кілегей
қабатындағы қабынбалы өзгерістер ісіну түрінде болады, ал жедел
33

34.

периостит кезінде – қабыну инфильтраты түрінде болады. Іріңді
периоститке қарағанда жедел периодонтит кезінде сүйекүстін ашқанда ірің
болмайды.
Сілекей безінің іріңді зақымдануынан жедел периоститтің
ажыратпалы диагнозы құлақ маңы және төменгі жақасты сілекей безінің
жедел қабынуында ісінген тіндердің тереңдігінде терең ауырсынбалы
бездің пальпациялануымен және одан іріңді бөліністің бөлінуімен
негізделеді.
Жедел іріңді периоститті жақтың жедел остеомиелитінен ажырату
қажет. Жақтың жедел остеомиелиті үшін ағзаның айқын интоксикациясы
тән: температуралық реакциялық сандырақтау түрі, бас ауруы, әлсіздік,
қалтырау, тер басу және т.б. Жергілікті лимфа түйіндерінің реакциясы
неғұрлым айқын. Сүйектің периостальді қалыңдауы жақтың екі жағынан
да байқалады: ауыз қуысында кілегей қабаттағы қабынбалы өзгерістер
кіреберіс жағынан, сондай-ақ ауыз қуысы ішінен де болады. Бірнеше тісті
перкуссиялағанда олардың аймағындағы сүйек ауырсынбалы болады және
тістер қозғалмалы болады. Төменгі жақтың остеомиелиті кезінде төменгі
ерін және иек терісінің жансыздануы – Венсан симптомы байқалады.
Жақтың жедел периоститі жақ маңы жұмсақ тіндерінің іріңді
ауруларынан – абсцестен, флегмонадан, лимфадениттен ажыратылады.
Периостит кезінде тіндер ісінген және сипағанда жұмсақ болады, абсцесс,
флегмона, лимфаденит кезінде тығыз шектелген немесе жайылған
инфильтрация пальпацияланады. Абсцесс немесе флегмона бет және
мойынның беткей аймағында орналасқанда инфильтрат бетіндегі тері
жабысқан және қызарған. Беттің терең аймақтары зақымданғанда
сыртынан қарағанда тіндерде перифокальді
ісіну байқалады, бірақ
периоститке қарағанда өтпелі қатпарда өзгеріс болмайды.
Төменгі жақтың тіл беткейінің периоститі және тіласты аймағының
алдыңғы немесе артқы бөлігінің – жақ-тіл науасының абсцесі ажыратпалы
диагноз жүргізу үшін қиындықтар тудырады. Тіласты кеңістігінің алдыңғы
және артқы бөліктерінің іріңді процестері кезінде
тығыз және
ауырсынбалы инфильтраттың нәтижесінде ұлғайған тіласты білігі
көрінеді. Жақ-тіл науасының абсцесі кезінде ауыздың ашылуы шектеледі
және жұтыну ауырсынбалы болады. Сонымен қоса, периостит кезіндегідей
инфильтрат альвеолярлы өсіндіде орналасады, ауыз ашылуы көбінесе
шектелмейді.
Төменгі жақтың тіл беткейінің периоститін төменгі жақасты сілекей
безінің өзегінің бітелуімен шатастырып алуға болады, бірақ сілекей тасы
өзекте орналасса, онда инфильтрат оның бойымен орналасады, ал шығу
тесігінен қою созылмалы сілекей немесе іріңді-кілегейлі бөлініс бөлінеді.
Пальпациялағанда бөгде затты ( тас) анықтауға болады және ол одан әрі
рентген суретте анықталады.
Емі. Жедел іріңді периоститтің емікешенді болу керек және оған
іріңдікті ашу, консервативті дәрілік ем кіреді. Жедел периоститтің
бастапқы сатысында (жедел сірлі периостит) тіс қуысын ашып, каналды
34

35.

өлеттенген тіндерден тазалайды және одан жалқықтың шығуына жағдай
жасалады, ал кейбір жағдайларда – инфекция көзі болған тіс жұлынады.
Мұндай емдеу шаралары өткізгіштік немесе инфильтрациялық
жансыздандыру көмегімен өтпелі қатпарға сүйекке дейін тілік жасау
арқылы дәрілік ем (анестетикпен, антибиотикпен, протеолитикалық
ферменттермен, гормондармен блокада) жүргізу арқылы жүзеге
асырылады. Бұл қабыну белгілерін жоюға мүмкіндік береді.
Жақтың жедел іріңді периоститі кезінде шұғыл оперативтік
әрекеттесулер – іріңді сүйекүсті асты ошағын ашу және жалқықтың
шығуына жағдай жасау (іріңді жараны алғашқы хирургиялық өңдеу)
көрсетілген. Бұл амбулаторлы жағдайда, кейде – стационарда жүзеге
асырылады.
Жедел іріңді периоститке бойынша оперативтік әрекеттесулер
жергілікті жансыздандыру -өткізгіштік немесе инфильтрациялың
жансыздандыру көмегімен, яғни жіңішке инемен жансыздандырғыш затты
кілегей қабатының астына енгізіп, тілік салынатын тіндер аймағына дейін
инфильтрацияландырылады. Инені іріңдіктің қуысына енгізбеу керек.
Егер сүйекүсті асты іріңдік ауыз қуысының кіреберісінде орналасса,
инфйильтрацияланған аймаққа параллель өтпелі қатпарға ілмекті
скальпелмен тілік жасалады; кілегей қабат, кілегейасты қабат және
сүйекүсті сүйекке дейін 3-5 тістер деңгейінде ашылады. Жараның жиектері
жабысып қалмау үшін және іріңнің шығуына жағдай жасау үшін жараға
борпылдақ жіңішке жұқа рәзеңкелі қолғап қалдырылады.
Іріңдік жоғарғы жақ бұдырының сүйекүсті астында орналасса,
жоғарғы жақ азу тістерінің аймағының өтпелі қатпарына тілік жасалады,
бірақ қабынған ошақты ашу үшін распатор немесе науалы зондтың
көмегімен жара арқылы жоғарғы жақ бұдырының бағытындағы сүйекке
өту керек (алға және артқа). Осындай әдіспен жоғарғы жақтың периоститі
кезінде зонд арқылы ит тіс шұңқырына өту арқылы іріңдік ашылады.
Төменгі жақтың тіл беткейінің периоститі кезінде қабыну ошағын
альвеолярлы өсіндінің кілегей қабатын инфильтраттың томпайған жерінен
тілік жасау арқылы ашу ұсынылды. Науалы зондпен сүйек беткейінің
бойымен төмен қарай өтіп, сүйекүсті қабатын ашып, іріңнің шығуына
жағдай жасау керек.
Таңдай абсцесі кезінде неғұрлым ұлғайған тіндер аймағынан,
альвеолярлы өсінді негізінен біршама алшақтау немесе таңдайдың ортаңғы
сызығына параллель тілік жасау керек. Сосын операциялық жараға
рәзеңкелі жолақ енгізіледі, ол жара жиектерінің жабысуына жол бермейді
және жалқықтың шығуына жағдай жасайды.
Төменгі жақ бұтағының сүйекүсті аймағының қабыну ошағын ашу
кезінде әртүрлі әдістер қолданылады. Периостит кезінде жақ бұтағының
ішкі беткейінен сүйекке дейін тілік салынады, ретромолярлы аймақтағы
тіндерді ашады, распатордың көмегімен жақ бұтағының ішкі беткейіне
өтеді, жалқықтың қабыну ошағынан шығуына жағдай жасалады.
Төменгі жақ бұтағының ішкі беткейіндегі сүйекүсті асты іріңдігін
35

36.

тіліп ашу керек, ол 2-ші және 3-ші үлкен азу тістердің деңгейінде
вестибулярлы жағынан сүйекке дейін қиғаш тілік салынады, одан әрі
шайнау бұлшық етін сыртқа қарай ығыстырып, распатордың көмегімен
төменгі жақ бұтағының сүйекүсті астына қарай өту керек. Ошақты
ашқаннан кейін жараға міндетті түрде рәзеңкелі жолақпен дренаж қою
керек. Келесі тәулікте жүргізілген әрекеттесулерден кейін ешқандай әсер
болмаса, онда оперативтік әрекеттесулер сыртынан жасалады.
Іріңді ошақты ашқаннан кейін науқас аузын жылы калий
перманганаттың әлсіз ертіндісімен немесе 1-2% натрий гирокарбонат
ертіндісімен шаюы керек, сондай-ақ лактат этакридин, грамицидин,
хлоргексидин ертінділерімен жуу керек.
Егер инфекция көзі болған тіс толық бұзылған және функциональді
немесе эстетикалық тұтастығы болмаса, онда оны іріңді ашу кезінде бір
уақытта тісті де жұлу керек. Бұл қабыну ошағының тез жазылуына әкеледі.
Кейбір жағдайларда бұл операцияның техникалық қиыншылықтарына
немесе науқастың жағдайының қанағаттанарлықсыздығы байланысты тіс
жұлуды кейінге қалдырады; басқа жағдайларда – тісті сақтап қалады: оның
қуысын ашып, каналды ыдыраған тіндерден тазартады және сосын
консервативті ем жүргізіледі.
Жедел іріңді периоститті дәрілік емдеу мына препараттарды
тағайындаумен
сипатталады:
сульфаниламид
(норсульфазол,
сульфадиметоксин, сульфадимезин және т.б.), нитрофуран ( фуразолидон,
фуродонин), антигистамин (димедрол, супрастин, диазолин), кальций,
пиразолон туындылары ( анальгин, амидопирин, фенацетин және т.б.,
оның комбинациялары), витаминдер (поливитаминдер, витамин С
тәулігіне 2-3г). Соңғы жылдары сульфаниламид препараттарынан, оған
микрофлора сезімталдығының аз болуынан бас тарта бастады және егер
науқастың жағдайы неғұрлым тиімді қабынуға қарсы емді қажет етсе,
антибиотиктер және нитазол препараттар қолданылады.
Операциядан кейін 2-ші күні науқас қаралады, қабыну белгілерінің
басылуы анықталады және осыған байланысты қосымша ем
тағайындалады.
Жақтың жедел іріңді периоститінде қабыну белгілерін жылдам басу
үшін іріңдікті ашқаннан кейін 2-ші күннен бастап физиоем тағайындау
керек: сәулелі жылу ( соллюкс-шамы), антисептикалық немесе
дезодорирлеуші ертінділерден жылы ванночкалар, мазьбен байлам қою
(Дубровин, вазелин, 20% камфора майы, итмұрын майы байламы),
УЖЖТ,флюктуоризация, гелий-неонмен лазерлі ем, инфрақызыл
сәулесімен ем, ЕДШ.
Егер қабынудың басылуы кедергіленіп жатса, онда 2-3 блокада
жүргізіледі: қабынған тіндерінің айналасын тері жағынан 0,25-0,5%
лидокаин немесе ультракаин ертіндісіне 1,8-3,6мл натрий хлорид
изотониялық ертіндісін және антибиотик – линкомицин қосып (40-50)
инфильтрациялау.
Кейбір әлсіреген науқастарға, сондай-ақ қабыну белгілері өрши
36

37.

түскен науқастарға антибиотиктер тағайындалады. Анаэробты және
аэробты инфекцияға бағытталған комбинирленген антибактериальды ем
тағайындалады: линкомицин, макролидтер (рулид, макропен, сумамед,
азитромицин), кең спектрлі антибиотиктер (жартылай синтетикалық
пеницилиндер, тетрациклин, олететрин, оксациллин), метронидазол
туындылары және т.б. Емханада емдей 5-6 кун ішінде жүзеге асырылады;
стационарда осы препараттар күніне 3-4 рет, 6-7 күн енгізіледі.
Соңы. Жедел іріңді периоститтің емін уақытымен және дұрыс
жүргізу сауығумен аяқталады. 3-5 күннен кейін науқастар еңбекке
қабілетті болады. Таңдай абсцесі кезінде тағдайдан ажыраған жұмсақ
тіндердің қалың және тығыз болуы іріңдіктің өздігінен шарып шығуына
кедергі болады. Бұл көбінесе сүйектің кортикальді бөлігінің өлеттенуіне
және екінші кортикальді остеомиелиттің дамуына әкеледі.
Емдеудің дұрыс жүргізілмеуі, қабыну процесінің өршуі кейбір
науқастарда аурудың созылуына, созылмалы периоститтің
дамуына
немесе іріңді жалқықтың сүйекке таралуына, жедел остеомиелиттің немесе
жақ маңы жұмсақ тіндерінің абсцесі мен флегмонасының дамуына әсер
етеді.
Алдын алу. Жақтың жедел периоститінің алдын алу ауыз қуысының
санациясымен және созылмалы одонтогенді ошақтарды емдеумен жүзеге
асырылады.
Жақтың созылмалы периоститі
Жақтың созылмалы периоститі сирек кездеседі. Қабынбалы процесс
көбінесе төменгі жақтың сүйекүстінде пайда болады және жергілікті
гиперергиялық қабыну реакциясымен ерекшеленеді. Мұндай ағым
біріншілік немесе екіншілік иммундық жетіспеушілік аурулары немесе
жағдайдағы науқастарда байқалады.
Жедел іріңді периотит кезінде жедел белгілері басылғаннан кейін,
іріңдік өздігінен немесе жеткіліксіз шыққанда, сүйек периостальді
қалыңдаған күйде қалып қояды. Периодонтиттің рецидивті өршуі кезінде
сүйектің созылмалы зақымдануы жиі балалар мен жасөспірімдерде
біріншілік-созылмалы ағымда болуы мүмкін.
Патологиялық анатомия. Жақтың созылмалы периоститі кезінде
бастапқыда
дәнекер
тіннің
өсуінен,
содан
кейін
оның
оссификациялануынан сүйекүстінің гипертрофиясы дамиды. Науқастың
жасына, ағзаның реактивті жағдайына, зақымданған периост аумағында
аурудың ұзаққа созылуына байланысты әртүрлі жетілу кезеңінде сүйек тіні
түзіледі. Бастапқыда остеоидты кеміктері және дөрекі талшықты
трабекулалар, кеш кезеңдерінде пісіп жетілген табақшалы сүйек түзілуі
мүмкін.
Клиникалық белгілері. Аурудың ағымы созылмалы, 3-4тен 8-9айга
дейін және бірнеше жылға созылуы мүмкін. Өршуі мүмкін.
Клиникалық сыртынан қарағанда беттің конфигурациясы аз ғана
37

38.

өзгереді. Пальпациялағанда сүйектің тығыз ауырсынбалы қабынуы
анқыталады. Төменгі жақасты аймағында 2-3 лимфа түйіндері ұлғайған,
тығыз, ауырсынбайтын немесе әлсіз ауырсынбалы болады. Альвеолярлы
өсінді аймағында пальпациялағанда альвеолярлы бөліктің төменгі жақ
денесіне қтетін периостальді қалыңдауы байқалады. Ауыз қуысында
альвелярлы өсінді мен 4-5 тіс деңгейіндегі өтпелі қатпарды жауып
жататын кілегей қабаттың ісінуі мен қызаруы көрінеді.
Диагностика. Аурудың диагностикасы күрделі. Жиналған анамнез,
жедел және созылмалы ағымның клиникалық суреті, рентгенологиялық
мәліметтері диагностика үшін негіз болады.
Рентгенограммада жақтың периостальді қалыңдауының көлеңкесі
көрінеді. Ауруы 2-3дан артық созылғанда қалыңдаған периосттың
оссификациясы пайда болады. Созылмалы ағым болғанда, әсіресе,
балаларда, рентгенограммада төменгі жақ жиегінде сүйек түзілімдері
анықталады. Қабатталғаи құрылымдар, кейде түзілген сүйек құрылымдары
көрінеді.
Ажыратпалы диагностика. Жақ периоститінің созылмалы
түрлерін жақтың созылмалы остеомиелитінен, жақтың специцфикалық
зақымдануларынан – актиномикоздан, мерезден, сонымен қоса, ісіктерден
және ісік тәрізді түзілімдерден ажырата білу керек.
Емі. Созылмалы периоститтің емі одонтогенді патологиялық ошақты
жоюдан
басталады. Физиоем тағайындалады: димедрол, димексид,
кальций хлорид, калий йодид ионофорезі, сонымен қоса, гелий неонымен,
инфрақызыл сәулелерімен лазерлі ем. Егер бұл емнің әсері болмай жатса,
оссификатты алып тастайды. (2 кестені қараңыз).
4. Жақтың одонтогенді остеомиелиті
Жақтың одонтогенді остеомиелиті – бұл жақ-сүйек тіндерінің
инфекциялық іріңді-өлеттенген процесі.
В.В.Паникаровский және А.С.Григорьян (1975) жіктемесі бойынша
жедел остеомиелит «оститтің» бір түрі болып келеді. Ю.И.Вернадский
(1985), А.Г.Шаргородский (1985) бұл ауруды паностит деп атауды дұрыс
көрді. А.И.Евдокимова және Г.А.Васильева жіктемесіне сәйкес көптеген
авторлар «остеомиелит» терминін қолдануды дұрыс көрді.
Авторлардың айтуы бойынша көптеген авторлар одонтогенді
остеомиелитпен 20-40 жастағы ер адамдар ауыратынын айтады. Көбінесе
жоғарғы жаққа қарағанда төменгі жақ зақымданады.
Этиологиясы. Жедел іріңді остеомиелит одонтогенді инфекцияның
енуінен дамиды. Остеомиелиттік іріңді ошақ микрофлорасының арасында
алтын және ақ стафилококктар, стрептококктар және басқа кокктар, кейбір
таяқша тәрізді түрлер – іріңді бактериялармен бірге кездеседі. Жақ
остеомиелитінің ауыр түрлерінде көбінесе анаэробты стрептококктар
және стафилококктардың патогенді штаммдары кездеседі. Бұл аурудың
этиологиясында анаэробты инфекцияның және оның арасында спорогенді
38

39.

емес анаэробтың маңызы зор. Остеомиелит кезінде микробты
қоздырғыштардың арасында анаэробты және аэробты флораның 5-6
патогенді түрі болатыны анықталған.
Патогенез. Жақтың остеомиелиті даму үшін инфекцияның негізгі
көзі түбір ұшы маңының микрофлорасы, сирек – маргинальдік тіс
ошақтары болып келеді. Кейде бұл патологиялық процесс түбір маңы
ұрасының іріңдеуінен, басқа ісік тәрізді зақымданудан, сондай-ақ
инфекцияның стоматогенді кіру қақпасы болғанда дамиды. Жақ
остеомиелитінің жиілігі тіс топтарының периодонтындағы қабыну
процестерінің жиілігімен сипатталады: төменгі жақта – бірінші төменгі
үлкен азу тістер; төменгі азу тістер, оның айналасында тек түбір ұшылық
ғана емес, сонымен қоса, маргинальді процестер дамиды; төменгі екінші
үлкен азу тістер және т.б.
Жоғарғы жақтың одонтогенді остеомиелиті жиі бірінші жоғарғы
үлкен азу тістерден дамитын қабыну процестерімен байланысты.
Жақ остеомиелитінің патогенезінің теориялары көп, бірақ соның
арасынан екеуін бөліп қарастыру керек. Біріншісі – бұл гематогенді
остеомиелиттің пайда болуының инфекционды-эмболиялық теориясы. Бұл
теорияның негізінде, сүйектегі қабыну инфекцияның эмболиялық өтуінен
және оның капиллярларда отыруынан, олардың тромбталуынан
туындайды деген тұжырым жатыр. Сүйектің қанайналымы мен
қоректенуінің бұзылуы оның өлеттенуіне әкеледі.
Басқа теорияны жақтаушылар әртүрлі тітіркендіргіштер әсерінен
және олардың сүйектегі жергілікті қабыну процестеріне әсер етумен ағза
реактивтілігінің өзгеруіне әкеледі. Қабыну процесінің дамуын анықтайтын
факторлардың
арасынан
авторлар
клиникада
дәлелденген
сенсибилизацияны анықтаған. Көптеген науқастарда жақтың остеомиелиті
қайталамалы өршіген созылмалы периодонтиттен дамитыны анықталған.
Г.И.Семеченко (1958) остеомиелиттің дамуындағы негізгі роль невртікрефлекторлы бұзылыстар деп ойлайды (нейротрофиялық теория).
Микробиологияның,
иммунологияның,
биохимияның,
патофизиологияның қазіргі жетістіктері жақ остеомиелиті патогенезінің
негізгі механизмдерін бөлуге мүмкіндік береді.
Жақ остеомиелитінің дамуы кезінде ағзаның спецификалық емес
қорғаныш механизмдері төмендеуі мүмкін, ол суық тиюмен, шаршаумен,
стресстік жағдайлармен, ауырған жедел респираторлы, аденовирусты
немесе басқа инфекциялармен, қосалқы аурулармен, сондай-ақ жүргізілген
дәрілік терапиямен байланысты.
Сүйек тінінің іріңді-өлеттенген процесінің дамуында иммунитет
маңызды роль атқарады. Ағзаның иммунологиялық реактивтілігі
микроағзалардың антигендік тітіркендіргіштерге спецификалық реакция
беруі және тану мүмкіншілігін анықтайды. Созылмалы одонтогенді
ошақтар, олардың өршуі иммундық реакцияның бұзылуына әкеледі.
Олардың дисбалансы жақ остеомиелитінің дамуының негізінде жатыр.
Бірнеше рет микроағзалардың және оның ыдыраған өнімдерінің –
39

40.

эндотоксиндердің әсері оларға жоғарғы сезімталдылық – сенсибилизация
тудырады. Сенсибилизация дәрежесінің жоғарылауымен иммунитет
дисбалансы ұлғаяды және сүйек тінінде іріңді-өлеттенген процесс
туындайды.
Жақ остеомиелиті дамуы үшін диабет, қан аурулары кезіндегі туа
пайда болған және жүре пайда болған иммунитет бұзылыстарының
(біріншілік немесе екіншілік иммунопатологиялық аурулар және
жағдайлар) белгілі бір маңызы бар; жақтың остеомиелиті көбінесе
ревматизм, полиартрит , бүйрек және бауыр аурулары кезінде дамиды.
Кейбір науқастарда бұл жақ остеомиелитінің гиперергиялық қабыну
реакциясының баяу ағымын анықтайды.
Жергілікті иммунитет жағдайының жақ остеомиелиті дамуы кезінде
маңызы зор. Созылмалы одонтогенді ошақ, оның өршуі кейде бірнеше рет
біртіндеп жергілікті жасушалық гуморальді – спецификалық және
спецификалық емес раекциясының балансын бұзады. Микроағзалардың
және олардың ыдырау өнімдерінің сүйек миына үнемі әсер етуі оның
құрылымын, жасушалық потенциясын және қорғаныш реакциясының
белсенділігін бұзады. Ауыз сұйықтығы, периодонт тіндері, сүйек миы
маңызды жергілікті имммунитет мүшесі ретінде инфекцияға қарсы әсер
ете алмайды.
Іріңді процестің периодонттан жақтың денесіне және альвеолярлы
өсіндісіне таралуы анатомиялық ерекшеліктерге байланысты: альвеола
қабырғаларында ұсақ тесіктер болады, олар арқылы қан және лимфа
тамырлары, сондай-ақ нерв бағаналары өтеді. Жедел, созылмалы
периодонтит және олардың өршуі кезінде тіс түбірі ұшының маңындағы
сүйек тіндерінің сорылуы және қайта құрылады, оның альвеоласының
қабырғасындағы тесіктердің кеңейеді және кей аумақтарда периодонтпен
және оның маңындағы жақын жатқан сүйек ми кеңістігімен байланыс
пайда болады. Осының нәтижесінде қабынған периодонттан іріңді
жалқықтың жақ денсі мен альвеолярлы өсіндіге таралуына қолайлы
жағдай туындайды. Сүйек тінінде іріңді-өлеттенген процесс – жақ
остеомиелиті туындайды.
Остеомиелиттің дамуында қанайналымның маңызы зор. Сүйекке
іріңді жалқықтың таралуы сүйек миының микроциркуляциясының
бұзылуына әкеледі. Микроциркуляторлық бұзылыстардың негізінде
аллергия феномені жатыр: 1)тамырлық реакция, антигеннің антиденеге
қосылуымен ситталады, оған базофильді немесе бұлтты жасушалар
қатысады; 2) цитотоксикалық реакция, жасуша мен тіндердің
мембраналарындағы антиген-антидене өзара әрекеті ретінде; 3)
комплементтің қатысуымен антиген-антидене реакциясы; 4) баяу
гиперсезімталдылық реакциясы. Бұл механизмдер қызыл сүйек миының
микроциркуляторлық арнасының тамырлық қабырғасының өткізгіштігін,
ұю және фибринолитикалық жүйесінің бұзылуын анытайды.
Соңында сүйек ми тамырларының тромбозы және тромбтардың
іріңді еруі дамиды, сонымен қоса, қоректену бұзылады, ол сүйектің
40

41.

өлеттенуіне әкеледі.
Сүйекте іріңнің жиналуы сүйекішілік гипертензияға әкеледі және
процеске экстраоссальді тамырлар қосылады. Жақтың жедел остеомиелиті
кезінде жергілікті гемодинамиканың бұзылуы фибринолитикалық, ұю
және басқа да қан жүйесінің жалпы көрсеткіштеріне әсер етеді.
Осылайша, жақтың жедел остеомиелиті ағзаның жалпы инфекцияға
қарсы спецификалық және спецификалық емес қорғанышының төмендеуі
және бұзылуы кезінде дамиды. Жалпы иммунологиялық реактивтілік,
одонтогенді инфекция ошағының тіндерге ұзақ әсері жергілікті қорғаныш
реакциясына және ауыз сұйықтығына, сүйек миының
тіндік және
тамырлық құрылымына әсер етеді. Остеомиелиттің дамуы үшін
сенсибилизацияның жоғары және кейде шексіз дәрежесі патогенетикалық
фактор болып табылады. Аллергияның әртүрлі феномендары қан ұю
жүйесі мен гемодинамиканың бұзылуына әкеледі, ол сүйектің іріңдіөлеттенген процесінің ағымын анықтайды.
Патологиялық анатомия.
Патологиялық тұрғыдан жедел
остеомиелит іріңді-өлеттенген процесс ретінде сүйектің барлық
компоненттерінің – сүйек миының, сүйектің негізгі затының және оған
жақын жатқан сүйекүсті мен жақ маңы жұмсақ тіндерінің бұзылысымен
сипатталады. Іріңді инфекция периодонттан сүйекке таралып, жақтың
сүйек миының ісінуі мен гиперемиясын тудырады.
Микроскопияда, жедел іріңді остеомиелиттің бастапқы кезеңінде
сүйек миының кейбір аймақтары қошқыл-қызыл түсті болады. Одан әрі
сүйек миы іріңдеп ери бастағанда, осы қошқыл-қызыл аймақтардың
арасында сарғыш ошақтар пайда болады, олар бір-бірімен бірігеді және
сүйектің басқа бөліктеріне тарала бастайды.
Микроскопияда, сүйек миында көптеген, әртүрлі өлшемдегі іріңді
инфильтрация және тіндердің іріңді еру ошақтары байқалады. Онда
микроағзалардың біршама саны болады. Біртіндеп іріңді ошақтар өзара
бірігеді. Сүйектің зақымданған аймақтарында тамырлық өзгерістер –
кеңеюі, қанның толуы, стаз, тромбоз және тромбтың іріңді еруі байқалады.
Сүйектің зақымданған аймақтарының айналасында тамырдың кеңеюі,
көптеген қанталаулар байқалады. Сүйек миы инфильтрация сатысында
сірлі, сосын іріңді жалқыққа айналады.
Г.А.Васильевтің (1972) айтуы бойынша аурудың дамуы кезінде
микрофлора және ағзаның иммунобиологиялық жағдайына, сондай-ақ
жергілікті ерекшеліктеріне байланысты
процесс сүйектің кішкене
аумағына таралуы мүмкін. Бұл жағдайларда жақтың шектелген
остеомиелиті дамиды. Қабыну белгілерінің сүйекке прогрессирленіп
таралуында оның барлық жаңа аймақтарының зақымдануы байқалады
және жақтың жедел диффузды остеомиелиті дамиды. М.М.Соловьев (1985)
шектелген, ошақты және диффузды остеомиелитті бөліп қарастырды.
Жақ остеомиелиті кезінде сонымен қоса, сүйекті қоршап жатқан
тіндерде: сүйекүстінде, жақ маңы жұмсақ тіндерінде, лимфа түйіндерінде
қабыну белгілері байқалады. Реактивті қабыну белгілері ретінде
41

42.

коллатеральді ісіну дамиды. Сүйекүсті зақымданғанда зақымданған сүйек
аймағына сәйкес ісіну, гиперемия туындайды, ол қалыңдайды,
талшықтанады. Сірлі, сосын іріңді жалқықсүйектен шығады, сүйекүсті
қабаты екі жағынан да қабаттанады және ажырайды. Осының нәтижесінде
сүйекүстіасты іріңдігі түзіледі. Іріңді жалқық жоғарғы немесе төменгі
жақтың негізінен, жақтың бұтағынан шығу кезінде инфекция жақ маңы
жұмсақ тіндеріне таралады, онда абсцесс немесе флегмона түзіледі. Кейде
ірің сүйекүстіасты ошағы арқылы жұмсақ тіндерге таралады. Абсцесс
және флегмонаның таралуы жедел остеомиелиттің ағымын ауырлатады;
тамырлық өзгерістерді күрделендіреді. Қанның ұю жүйесі мен
гемодинамиканың интраоссальді және периоссальді бұзылыстарынан
басқа сүйекүсті мен жақ маңы жұмсақ тіндерінің тамырларында өзгерістер
жүреді, ол сүйектің көптеген аймақтарының қоректенуінің бұзылуына
және сүйек тінінің үлкен аумағының өлуіне әкеледі.
Сүйектің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы секвестрдің
түзілуіне әкеледі. Сүйекте беткейлік немесе орталық секвестрлер, қуыстар
немесе ұсақ ошақтар түзілуі мүмкін.
Көбінесе адекватты жергілікті және жалпы терапия остеомиелиттің
жедел фазасының алғашқы күндерінде өлеттенген аймақты сүйектің
нүктелі үлкен емес аумақтарына дейін шектеуі мүмкін. Бұл жиі диагнозды
периостит деп қате қоюға әкеледі. Мұндай ағым ұяшықты немесе
рерифицирлеуші
(деструктивті-продуктивті)
немесе
тіпті
гиперпластикалық (продуктивті) остеомиелит түрлерінің дамуына негіз
болады. Соңғы жылдары жедел остеомиелиттің баяу, әлсіз ағымдары
байқалуда, яғни ол диагности үшін қиындықтар тудырады. Мұндай
белгілер жалпы ауру кезінде иммунитет дисбалансынан немесе
иммунологиялық жеткіліксіздіктен туындайды. Бұл сонымен қоса, жиі
рациональді емес жүргізілген антибактериальді терапиямен байланысты
болуы мүмкін.
Сүйек өлеттеніп, одан іріңді жалқық шыққаннан кейін жедел қабыну
белгілері басылады, процесс жеделдеу сатысына өтеді. Ол сүйектің
өлеттенген аймағының айналасында тамырларға бай грануляционды
тіндердің өсуімен сипатталады. Соңғылары жартылай сорылады. Осының
нәтижесінде сүйектің өлеттенген аймағы оның зақымданған бөлігінен
біртіндеп ажырайды. Секвестрация басталады. Біруақытта сүйекүсті
жағынан және сүйектен жаңа сүйек тіні түзіледі.
Процесс созылмалы кезеңге ауысқанда, қабыну ошақтарының
шектелуі, секвестрдің бөлінуі байқалады. Сүйек тінінің түзілуі жалғасады,
қалыңдайды және тығызданады. Айналасындағы тіндер бір уақытта
азаяды және шектеледі. Бөлінген секвестрлер қозғалғыш болып келеді.
Остеомиелит ошағының айналасындағы сүйек тінінің түзілімі
секвестральді қорапқа ұқсайды.
Өздігінен ажыратылған немесе оперативті жолмен алынған секвестр
кір-сұр түсті және жиктері тегіс емес болып келеді. Секвестрдің орнында
пайда болған қуыстың орны біртіндеп грануляциялық және остеоидты
42

43.

тіндермен толады, одан әрі сүйекке айналады. Жақтың кейбір
аймақтарында гранулыциялық тіндерге толы қабыну ошақтары, ал кейде
үлкен емес немесе нүктелі секвестрлер қалып қоюы мүмкін. Бұл ошақтар
жиі қабыну процесінің өршуіне себеп болады. Ұсақ және нүктелі
секвестрлер кейде толығымен сорылып кетуі мүмкін. Грануляцияға толы
және микробтары бар қуыс созылмалы ошақ құрады, ол жалпы
қорғаныштық және жергілікті факторларға кері әсер етеді.
Басқа жағдайларда қабынбалы-өлеттенген және дистрофиялық
процестермен қатар сүйекте продуктивті гиперпластиалық өзгерістер
байқалады. Бұл кезде жас сүйек тіні эндостта, сондай-ақ периостта
түзіледі.
Остеомиелит кезінде дамыған көптеген морфологиялық өзгерістер
клиникалық симптоматикада, ең алдымен рентген суретінде көрінеді.
Остеомиелиттік процестің созылмалы ағымында секвестрлер
түзілуімен қатар, деструктивті өзгерістер дамуы мүмкін. Аурудың
созылуында (3-4 ай) деструкция процесі продуктивті өзгерістерімен
қосарлануы мүмкін (рерафицирленген немесе ұяшықты түрі). Аурудың
ұзаққа созылуы, иммунитеттің бұзылуы, рациональді емес терапия сүйекте
және сүйекүстінде продуктивті өзгерістердің түзілуіне әкеледі
(продуктивті, гиперостозды, гиперпластикалық түрі); иммундың
реактивтіліктің төмендеуінен остеомиелиттің біріншілік-созылмалы ағымы
байқалады.
Клиникалық белгілері. Жақтың одонтогенді остеомиелитінің 3
кезеңі бар: жедел, жеделдеу, созылмалы. Жақтың шектелген (альвеолярлы
өсінді, 3-4 тістер деңгейіндегі жақтың денесі) және диффузды ( жақ
жартылай немесе толығымен) зақымдануы ажыратылады. Жақ
остеомиелитінің клиникалық ағымы түрлі болуы мүмкін және микрофлора
ерекшеліктеріне, инфекцияға қарсы қорғаныштың спецификалық және
спецификалық емес факторларына, ағзаның басқа жеке ерекшеліктеріне,
соған қоса, процестің орналасуына және аурудың кезеңіне байланысты.
Бұл факторлар қабыну реакцияларының әртүрлі –нормоергиялық,
гиперергиялық және гипергиялық түрлерінде көрінеді. Егде жастағы
адамдарда иммунитеттің төмендеуінен гипергиялық реакция анергияға
дейін төмендеуі мүмкін.
Жақтың сол және басқа аймақтарында остеомиелиттің дамуы үшін
оның анатомиялық құрылымының белгілі бір маңызы бар. Жоғарғы жақта,
оның денесінде, альвеолярлы өсіндісінде кеуекті зат аз болады, компактты
пластинкада тесіктер көп болады, периодонт пен сүйектен жалқықтың
шығуын жеңілдетеді. Сондықтан жоғарғы жақтың зақымдануы сирек
байқалады және остеомиелит шектелген болады.
Төмегі жақта кеуекті зат аз болады. Оның компактты қабаты тығыз,
қалың және оның тесіктері аз болады. Жалқықтың периодонттан сүйек
арқылы шығуы қиын және ол жиі кеуекті затқа таралады. Төменгі
жақтағы остеомиелиттік процесс жоғарғы жаққа қарағанда төменгі жақта,
әсіресе, оның денесі мен бұтағында ауыр өтеді.
43

44.

Жақ остеомиелитінің жедел кезеңі
Аурудың клиникалық ағымының жедел сатысында қабыну
реакциясының екі түрі – гиперергиялық, гипергиялық түрлері көрінеді.
Нормоергиялық қабыну реакциясы сирек, адекватты терапия әсерімен
иммунитетті қалыптастыру кезінде байқалады. Гиперергиялық реакция
кезінде жақтың диффузды остеомиелиті дамиды. Төменгі жақтың
остеомиелиті кезінде гиперергиялық қабыну реакциясы күшті агыммен,
жоғары дәрежелі интоксикациямен және іріңді процестің жұмсақ тіндерге
таралуымен
сүйектің
диффузды
зақымдануымен
ерекшеленеді.
Гиперергиялық қабыну реакциясы кезінде остеомиелит альвеолярлы өсінді
мен жақ денесінің кішкене аумағын қамтитын шектелген процесс ретінде
көрінеді.
Сүйектегі жедел процесс кезінде бір тіс аймағында жедел, жиі
қарқынды, сосын тіс қатарында қарқынды ауырсыну сезімі, жалпы
мазасыздық мазалайды. Диффузды остеомиелит кезінде науқас тістердің,
жақтың жартылай немесе толықтай ауырсынуына, сонымен қоса, бас пен
беттің бір жартысында ауырсынудың болуына шағымданады. Одан басқа,
барлық денесінің ауырсынуын, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, ұйқысының
бұзылуы байқалады.
Шектелген
остеомиелит
кезінде
науқастың
жағдайы
қанағаттанарлық, дене қызуы субфебрильді, интоксикация симптомы әлсіз
айқын. Сонымен бірге науқас бозарған, әлсіз, кейде тежелген немесе
тітіркенген болады. Науқасты сұрау кезінде түнгі уақытта қалтырау және
дене қызуының жоғарлауы, тершеңдік, бас ауруы, тәбетінің төмендеуі
мазалайтыны анықталады.
Диффузды процесс жағдайында науқастың жалпы жағдайы орташа
ауырлық дәрежесінде, кейде қанағаттанарлық немесе ауыр дәрежеде
болады. Ақыл-есі анық, бірақ айқын интоксикация кезінде науқас
сандырақтай бастайды. Жүрек дыбысы тұйық болады. Пульс жиілейді,
тыныш жағдайда жиі аритмиялы. Қозғалыс кезінде науқас бозарады,
жабысқақ тер басады, басы айналады, жалпы әлсіздік пайда болады.
Диффузды остеомиелит кезінде дене қызуы субфебрильді болады,
бірақ 1-3 күнде 39-400С жоғарылайды. Бірнеше күннің ішінде немесе тек
түнде қалтырау, профузды тер болуы мүмкін.
Аурудың ерте кезеңінде жақ-бет аймағы тіндерін тексергенде
өзгерістер болмауы мүмкін. Тек пальпация кезінде жақтың қабыну
аймағының сыртқы беткейінде ауырсыну анықталады.2-3 күннің ішінде
жақ маңы жұмсақ тіндерінің коллатеральді ісінуі пайда болады, жергілікті
лимфаденит лимфа түйіндерінің пакетінің түзілуімен көрінеді. Одан
кейінгі күндері, әсіресе қабыну процесі төменгі жақ негізіне тараганда,
пальпациялаганда
ауырсыну
күшейеді,
сүйекүстіндегі
қабыну
өзгерістерінің ұлғаюынан сүйектің қалыңдауы байқалады.
Төменгі жақасты, иектік, кейде мойынның лимфа түйіндері ұлғайған,
ауырсынбалы болады. Кейбір науқастарда лимфаденит дамиды.
44

45.

Жедел остеомиелиті бар науқастардың ауыз қуысын қарау кезінде
тілді қақ басқан, сілекей қою және созылмалы болады, ауыздан –
жағымсыз, сасық иіс шығады. Тағам қабылдау, жұтыну қиындайды.
Альвеолярлы өсіндінің кілегей қабаты бірнеше тістер деңгейінде ауыз
қуысының кіреберісі, сондай-ақ тіл немесе таңдай жағынан қызарған және
ісінген. Осы аймақтың қызыл иегін пальпациялағанда ауырсынбалы, сүйек
тінінің контуры тегістелген.
Қабыну ошағындағы тісті перкуссиялағанда, олардың патологиялық
қозғалғыштығы үдемелі. Инфекция көзі болып келетін тіс кейде басқа
тістерге қарағанда қозғалғыш келеді, ал перкуссия кезінде аз ауырсынады.
Оның айналасындағы қызыл иек 3-4 күндері ісінеді, көкшіл түсті болады,
альвеолярлы өсіндіден ажыратылады және басқан кезде астынан ірің
бөлінеді.
Төменгі жақта процесс кейде сүйектің кеуекті затының деңгейінде
жақтың денесі мен бұтағын қамтып, таралады; тіс және кілегей қабаты
жағынан симптомдары айқын болады.
Шектелген остеомиелит кезінде қабыну процесіне альвеолярлы
өсіндінің сүйекүсті, кейде жақтың денесі қосылады,сүйектің вестибулярлы
және тіл жағынан сүйекүсті асты іріңдігі түзіледі. Диффузды остеомиелит
кезінде бұл өзгерістер сүйектің біраз бөлімінде айқын және жақтың екі
жағынан бірнеше сүйекүсті астылық іріңдік түзіледі.
Жақтың диффузды остеомиелиті кезінде инфекция сүйектен және
оның сүйекүсті астынан маңындағы тіндерге таралады, іріңді қабыну
процестер – абсцесс және флегмона дамиды.
Жоғарғы және төменгі жақтың жедел остеомиелитінің клиникалық
суретінде өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғарғы жақтың жедел остеомиелиті
төменгі жақтың жедел остеомиелитімен салыстырғанда, жеңіл өтеді. Ірің
альвеолярлы өсіндіден жиі жоғарғы жақ қуысына таралады. бұл
ауырсынудың күшеюімен, мұрыннан іріңді бөліністің бөлінуімен
сипатталады. Жоғарғы жақтың остеомиелиті кезінде бұдыр аймағында
сүйекүсті астылық іріңдік сирек түзіледі, ал іріңді жалқық самай асты
шұңқырына және одан әрі самай аймағына таралады. Процеске латеральді
және медиальді бұлшық еттің қатысуы оларда қабынбалы контрактураның
дамуына әкеледі.
Альвеолярлы өсіндінің үлкен азу тістер және екінші кіші азу тістер,
төменгі жақ негізіндегі жедел остеомиелит процеске төменгі жақ
каналдарындағы тамыр-нервтік шумақ қатысуымен, төменгі альвеолярлы
және иек нервісі нервтендіретін тіндердің сезімталдылығының
бұзылуымен сипатталады (Венсан симптомы).
Төменгі жақ денесі мен бұтағының жедел остеомиелиті кезінде іріңді
процесс шайнау және медиальді қанат тәрізді бұлшық етке таралады, ауыз
ашылуы шектеледі – щайнау бұлшық етінің қабынбалы контрактурасы
пайда болады.
Іріңді процестің сүйектен жақ маңы жұмсақ тіндеріне тез таралуы
кезінде және жоғарғы жақ маңындағы тіндерде – самайасты және
45

46.

қанатша-таңдай шұңқырында, көзасты, самай аймағы; төменгі жақтан –
құлақ маңы шайнау, төменгі жақ асты аймағы, қанат-төменгі жақ
кеңістігіне және т.б. аймақта остеофлегмона дамығанда, бірінші орынға
флегмона симптомдары шығады.
Жақтың жедел остеомиелиті қан және зәрдегі өзгерістерімен
сипатталады, ол ағзаның жеке ерекшеліктерімен, спецификалық және
спецификалық емес қорғаныш реакциясының жағдайымен және қабыну
реакциясының түрімен сипатталады.
Сүйектің шектелген бұзылысының нормергиялық ағымы жедел
кезеңде лейкоциттер санының 1010с/л-ден 1210с/л дейін ұлғаюымен,
нейтрофилдер санының (70-80%) ұлғаюымен сипатталады. ЭТЖ (СОЭ) 15тен 40 мм/с дейін біртіндеп ұлғаяды. Иммунитеттің спецификалық емес
тестілерінің әртүрлі көрсеткіштері өзгереді, бірақ реакцияның қорғаныш
қасиетін көрсетеді. Зәрде ақуыз – іздері 0,033г/л, лейкоциттер – 20-25 к.а.
Диффузды остеомилиттің жедел кезеңінде гиперергиялық қабыну
реакциясы болғанда, гемоглобиннің төмендеуі және эритроциттердің
азаюы байқалады. Солға жылжумен лейкоциттердің саны 15,0-20,0х10с/л
жоғарылайды және жас нейтрофильдер пайда болады; бір уақытта
лимфопения байқалады. ЭТЖ (СОЭ) - 50-60 мм/с жоғарылайды. Әртүрлі
қорғаныш рекцияларының көрсеткіштері (интоксикацияның лейкоцитарлы
индексі, ақуыздар, ферменттер) өзгерістердің субкомпенсирленген және
кейде декомпенсирленген қасиеттерін көрсетеді. Зәрде ақуыз (0,033тен
3г/л дейін), гематурия, цилиндрурия анықталады.
Жедел остеомиелиттің бастапқы кезінде рентгенограммада сүйектің
зақымданған аумағында
өзгерістер байқалдмайды. Тек, созылмалы
периодонтитке тән жалғыз тістің периодонты немесе түбір бөлігінде
патологиялық өзгерістер байқалады.
Жедел процесс басталғаннан кейін, тек, 10-14 күндері сүйек тініндегі
деструкциялық өзгерістердің алғашқы белгілерін, сондай-ақ сүйекүстінің
қалыңдауын анықтауға мүмкіндік туындайды. Кейбір науқастарда тек,
периостальді қалыңдау және сүйек суретінің анық еместігі байқалады.
Жақ остеомиелитінің жеделдеу кезеңі
Одонтогенді остеомиелиттің жедел кезеңі 10-12 күннен 2 аптаға
дейін, диффузды түрінде – 3 аптаға дейін созылады, одан әрі жеделдеу
кезеңіне өтеді. Остеомиелиттің жеделдеу кезінде ( шектелген процесс
кезінде) науқастың жалпы жағдайы толық қалыптасады; диффузды түрінде
– жақсарады (ұйқысы, ішек функциясы қалыптасады, тәбеті жақсарады).
Дене қызуы төмендейді және бір тәулік ішінде азаяды. Науқастарда таңғы
уақытта дене қызуы 37ºС сәл жоғары болады. Кейбір науқастарда дене
қызуы қалыпты , кейде кешкі уақытта субфебрильді болады.
Сүйекүсті асты ошағын, жақ маңы абсцесі мен флегмонасын
ашқаннан кейін тіндерде біртіндеп қабыну өзгерістері азаяды. Іріңді
ошақты ашқаннан кейін жараның жиегінде грануляция түзіледі, оның
46

47.

ортасында
жыланкөз жолдары қалыптасады. Бөлінді азаяды, оның
жағымсыз иісі жоғалады, жалқық қоюланады. Жергілікті лимфа түйіндер
тығыз, қозғалмалы болады, оның ауырсынуы азаяды.
Ауыз ашылуы еркін болады және остеомиелит ошағы тек, төменгі
жақтың бұтағы мен бұрышында, жоғарғы жақ бұдырында орналасқанда,
шектеледі.
Ауыз қуысында альвеолярлы өсіндіні, төменгі ауыз қуысы
кіреберісін жауып жатқан кілегей қабаты көкшіл түсті, ісінген болады.
Сүйекүсті астындағы іріңдікті ашқаннан кейін, орнында аздаған іріңді
бөлінісі бар жыланкөз жолдары түзіледі. Тіс ұяшығы грануляцияға толады.
Зақымданған сүйек аймағында тістердің қозғалғыштығы байқалады.
Қызыл қан көрсеткіштері қалпына келеді, лейкоциттер, сонымен
бірге, нейтрофильдер, ЭТЖ (СОЭ) аздап төмендейді. Остеомиелиттің
диффузды түрі бар науқастарда лейкоциттер саны 12-15х109/л дейін
төмендеуі мүмкін, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы сақталады,
ЭТЖ (СОЭ) ұлғаяды. Зәрде аздаған өзгеріс болады (ақуыз, лейкоцит).
Жақ остеомиелитінің баяу ағымында, әсіресе, әлсіз, егде жастағы
науқастарда гемоглобин және эритроцит көрсеткіштері төмендейді,
лейкоциттердің төмендеуі сақталады, ЭТЖ (СОЭ) қалыпты жағдайда
немесе төмендейді.
Сүйектің зақымданған аймағының рентгенографиясында сүйек
тінінің патологиялық өзгерістері – шекарасы айқын емес, сүйектің
сорылуы көрінеді.
Жақ остеомиелитінің созылмалы кезеңі
Біртіндеп, 3-4-5 апталарда остеомиелит созылмалы кезеңге ауысады.
Остеомиелиттің созылмалы кезеңінде науқастың жалпы жағдайы
жақсарады және қауіп тудырмайды. Дене қызуы жиі төмендейді, ал кейбір
науқастарда ұзақ уақыт бойы 37,3-37,5ºС жоғарылайды. Созылмалы
остеомиелиті бар науқастарды тексеру кезінде жақ айналасындағы жұмсақ
тіндердің инфильтрациясы
және сүйектің периостальді қалыңдауы
нәтижесінде беттің конфигурациясының өзгеруі анықталады. Қалыңдаған
сүйек үстіндегі тері біршама жұқарған және керілген. Төменгі жақ
бұтағының бұзылысы шайнау бұлшық етінің
тығыздануымен
сипатталады.
Остеомиелиттің созылмалы кезеңінде операциялық жара жазыла
бастайды. Оның орнында сүйекке өтетін жыланкөздер қалады, одан
қанталаған жыланкөздер шығып тұрады. Жыланкөздер тыртықтанады
және ішке қарай тартылады. Лимфа түйіндер азаяды, тығыз, әрі аз
ауырсынбалы болады. Төменгі жақ бұтағы мен бұрышы зақымданған кезде
ауыз ашылуы шектеледі.
Жақтың денесі мен альвеолярлы өсіндіні жауып жатқан кілегей
қабаты борпылдақ, гиперемирленген немесе көкшіл түсті, қалыңдаған.
Сүйекүсті асты ошағын ашқаннан кейін немесе өздігінен ашылған
47

48.

іріңдіктің орнындағы жыланкөзден, тістің мойнынан қою ірің бөлінеді
және грануляция шығып тұрады. Зақымданған сүйек аймағындағы тістер
қозғалғыштығы ұлғаяды.
Остеомиелиттің созылмалы кезеңінде өршуі байқалады. Олар жалпы
жағдайының нашарлауымен, дене қызуының жоғарлауымен сипатталады.
Кейде іріңнің жиналуы жыланкөздің ашылуына және одан жалқық сыртқа
шығады, басқа жағдайда – инфекция бет пен мойын аймағына таралуы
мүмкін.
Созылмалы одонтогенді остеомиелит кезінде келесідей клиникалық
варианттар: деструктивті (секвестрлеуші), деструктивті-продуктивті
(рерафицирлеуші)
және
продуктивті
(гиперостозды
немесе
гиперпластикалық) болуы мүмкін. Төменгі жақтың, оның денесінің,
бұрышының және бұтағының зақымдануы байқалады.
Жиі жағдайда сүйек затының еруі диффузды, ұсақ ошақтардың
сорылуымен жүргенде, жақ остеомиелитінің рерафицирлеуші немесе
ұяшықты түрі кездеседі. Остеомиелиттің бұл түрінің клиникалық ағымы
созылмалы, өршулермен сипатталады.
Клиникалық тұрғыдан, төменгі жақ аймағының қалыңдауын
байқауға болады. Жақтың бетіндегі жұмсақ тіндер жабыспаған және
жартылай семіген. Ескі жыланкөздердің орнында тыртықты өзгерістер
және осы тіндердің сүйекке жабысқақтығы, төменгі жаққа бекіген
бұлшықеттің қалыңдауы байқалады.
Кейбір науқастарда жақ остеомиелитінің созылмалы ағымында
жыланкөздің түзілуімен сипатталмайды. Ауыз қуысында альвеолярлы
өсіндінің периостальді қалыңдауын анықтауға болады. Тістер интактты
болады.
Науқастың жалпы жағдайына, оның жасына, иммундық
реактивтілігіне,
сондай-ақ
жақтың
өлеттенген
аймақтарының
ерекшеліктеріне байланысты секвестр түзілуі әртүрлі мерзімде өтеді. Жас
адамдарда жоғарғы жақ тістері альвеоласының сыртқы қабырғасы жұқа
болғандықтан, 3-4 аптадан кейін ажырай бастайды. Төменгі жақ денесінің
тығыз кортикальді аймағында секвестр 6-4 аптадан кейін, кейде одан ұзақ
– 12-14 аптада түзіледі. Көбінесе, ұсақ секвестрлер іріңдеп,
грануляциялармен бұзылып, ыдырайды, сорылады немесе іріңмен бірге
жыланкөз арқылы бөлінеді.
Жақ секвестрлерінің шығуының өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғарғы
жақ денесі аймағындағы секвестрлер жұқа табақшалар ретінде ажырайды.
Кейде жоғарғы жақтың диффузды бұзылысы оның денесі мен көз
шарасының төменгі жиегінің секвестрленуіне әкеледі.
Төменгі жақта остеомиелиттің шектелген түрлері тіс альвеоласы
қабырғасының, жақтың денесі мен альвеолярлы бөлігінің кейбір
аймақтарының секвестрленуіне әкеледі. Диффузды остеомиелит төменгі
жақ денесі мен бұтағының секвестрленуімен сипатталады.
Түзілген секвестр қабы біраз уақыт тұрақты болады және түсетін
қысымды көтереді. Бірақ әлсіз және егде жастағы адамдарда регенерация
48

49.

процесінің төмендеуінен, әсіресе, төменгі жақтың ауқымды аймағының
өлеттенуінен секвестр қабы түзілмейді. Жедел немесе жеделдеу кезеңі
айқын көрінбегенде немесе жақтың жедел периоститі сияқты дұрыс емес
диагноз қойылғанда, остеомиелиттің созылмалы түрінің деструктивті
немесе рерафицирлеуші түрлері байқалады.
Жақтың одонтогенді остеомиелитінің созылмалы кезеңінде сүйектің
өлеттенген бөліктері шыға бастағанда, қанның құрамы қалпына келе
бастайды: гемоглобин жоғарылайды, эритроциттер саны көбейеді,
лейкоциттердің құрамы азаяды. ЭТЖ (СОЭ) қалпына келеді.
Диагностика. Остеомиелиттің жедел кезеңі көбінесе аурудың
клиникалық
суретінің
өзгеруінен,
әсіресе,
рацинальді
емес
антибактериальді емнің жүргізілуінен күрделенеді. Остеомиелиттің
жеделдеу кезеңінің клиникасы неғұрлым анық және дұрыс
диагностикаланады. Созылмалы кезеңде рентгенологиялық тексерудің
маңызы зор.
Созылмалы остеомиелиттің рентгенологиялық суреті әртүрлі.
Секвестрдің түзілуі кезінде рентгенограммада сүйектің бір немесе бірнеше
сорылу ошағы байқалады, пішіні дұрыс емес болады, ортасында секвестр
көлеңкелері көрінеді. Өлеттенген сүйектердің басқа аймақтарының
арасында өлеттенбеген тіндер орналасады. Рентгенограммада секвестрден
басқа сүйек тінінің түзілімдері көрінеді, осының нәтижесінде жақтың
контуры өзгереді – жиегі қалыңдайды және тегіс болмайды. Созылмалы
остеомиелиттің ұзақ ағымында жақтың әртүрлі бөлімдерінде сүйек тінінің
тығыздануы –остеосклероз ошақтары түзіледі.
Жоғарғы жақтың алдыңғы бөлігінің өлеттенген аумағы түскен кезде
ауыз қуысы мен мұрын қуысы арасында байланыс пайда болады.
Төменгі жақтың созылмалы остеомиелитінің рерафицирленген,
немесе ұяшықты түрі кезінде рентгенограммада төменгі жақтың денесі мен
бұтағы аймағындағы сүйекте деструкция ошақтары көрінеді, оның ішінде
көптеген ұсақ секвестрлер орналасады. Одан әрі бұл секвестрлердің көбісі
сорылады. Бірнеше жылдың көлемінде төменгі жақта кішкентай
секвестрлері бар немесе жоқ, бірақ грануляцияға толы домалақ ұсақ
ошақтар қалады.жылдар өткен сайын беріштену процесі неғұрлым айқын
және сүйектің деструкция ошақтарының остеосклероз ошақтарымен
кезектесуі көрінеді.
Төменгі жақтың созылмалы гиперпластикалық остеомиелитінде
рентгенограммада продуктивті өзгерістердің айқындылығы сүйек тінінің
эндо- және периостальді қайта құрылуымен сипатталады. Кеуекті
құрылым, оның тығыздығы, сүйектің беріші айқын болмайды. Нақты
суреті жақ остеомиелитінің біріншілік-созылмалы ағымында байқалады.
Диагностика кезінде аурудың әр кезеңінде әртүрлі өзгеретін және
ағзаның қабыну реакциясының түріне тәуелді қан мен зәрдің көрсетілген
көрсеткіштерін ескеру өте маңызды. Одан басқа, иммунитеттің
дисбалансының жойылуына себепші болатын интоксикацияның
лейкоцитарлы индексі, иммунологиялық мәліметтер,тек диагностикалық
49

50.

ғана емес, сондай-ақ прогностиялық критерилер болып табылады. Бұған
қоса, қанның ұю жүйесінің, көптеген метаболиттік процестердің, ЭКГ, бас
миының биоэлектрлі белсенділігін көп компонентті зерттеу белгілі.
Соның арқасында остеомиелиттің жедел кезеңі, әсіресе, сүйектің
диффузды зақымдануы кезінде функциональді көрсеткіштердің көптеген
айқын өзгерістері анықталған.
Ажыратпалы диагностика. Жақ остеомиелитінің жедел, жеделдеу
және созылмалы кезеңдерінде, соған қоса, созылмалы процестің өршуін
одонтогенді, спецификалық қабыну ауруларымен, ісіктер және ісік тәрізді
түзілімдерден ажырата білу керек. Одонтогенді остеомиелиттің жедел
кезеңін жедел немесе өршіген созылмалы периодонтиттен ажырату керек.
Аурудың жалпы көрінісі қалыпты, тек тіс аймағындағы қабыну белгілері,
периосттың және жақ маңы жұмсақ тіндерінің аймағындағы қабыну
белгілері периодонтитті остеомиелиттен ажыратудың ең басты белгілері
болып табылады.
Жақтың жедел іріңді периоститі және жедел остеомиелиті кезінде
жалпы жағдайдың бұзылуы, температуралық реакция, қанның өзгерістері
байқалады; процесс одонтогенді ошақ аймағында қабыну белгілерінің
прогрессирленуімен басталады. Оған қоса, периоститке қарағанда, жедел
остеомиелит кезінде интоксикация белгілері күрт айқын және ауыз
қуысын қарау кезінде жақтың екі жағының сүйекүстінде қабыну белгілері
байқалады, бірнеше тістер аймағындағы зақымданған сүйектерде жедел
периодонтит белгілері көрінеді. Одан басқа, периостит кещінде тісті
жұлғаннан кейін сүйекүсті асты ошағының босауынан қабыну белгілері 35 күннің ішінде басылады.
Флегмонамен асқынған жақтың остеомиелитін абсцесс пен
флегмонадан ажырату керек. Бұл аурудың ерекше белгілері аурудың
басталуы болып келеді: остеофлегмона кезінде қабыну белгілері тіс
қатары, сүйекүсті, жақтың денесі мен альвеолярлы өсіндісінің аймағында
болады, сосын жұмсақ тіндерге ауысады; абсцесс пен флегмона кезіндегі
қабыну өзгерістері тек жұмсақ тіндер аралығында орналасқан.
Жақтың созылмалы остеомиелиті, әсіресе, рерафицирлеуші немесе
ұяшықты
гиперпластикалық
зақымдануларды
спецификалық
зақымданулардан ажыратады: актиномикоз, туберкулез, мерез. Аурудың
жедел
басталуы,
интоксикацияның
айқын
белгілері
сүйектің
спецификалық зақымдануы үшін тән емес. Диагностикада спецификалық
өоздырғыштарды егу жолымен бөліп алу және анықтау, сондай-ақ
спецификалық тері реакциялары – туберкулез, актиномикоз кезінде,
серодиагностика – мерез кезінде көп көмек болады. Жақтың созылмалы
остеомиелитін ісік және ісік тәрізді жағдайлардан – фиброзды дисплазия,
қатерлі ісіктен (саркома) ажырату керек. Процестің жедел басталуы,
интоксикация белгілері, қан мен зәрдегі өзгерістер остеомиелит кезінде
байқалады, ал фиброзды дисплазия және саркома үшін тән емес.
50

51.

Жақ остеомиелитінің емі
Жақ остеомиелитінің жедел кезеңіндегі емі кешенді болу керек, ол
стоматологиялық стационарда жүргізіледі. Ол операциялық әрекеттесу –
сүйекүстіндегі, сүйектегі, оны қоршап жатқан тіндердегі іріңді ошақты
алғашқы өңдеуден тұрады және
дезинтоксикациялық,
жалпы
қуаттандырушы, стимулдеуші, симптоматикалық емнен түрады.
Жақтың жедел остеомиелитін емдеу кезінде
операциялық
әрекеттесулердің қасиеті мен көлемі, кешенді дәрілік ем, физио әдістері
және басқа да емдік әсерлер ағзаның жалпы жағдайымен, патогенезімен
және жергілікті клиникалық симптоматикамен анықталады.
Жергілікті емдеу кезінде іріңді ошақты
шұғыл алғашқы
хирургиялық өңдеу (инфекция көзі болған тісті жұлу), сүйекүсті
астындағы, сүйектегі және жақ маңы жұмсақ тіндеріндегі іріңді ошақты
ашу, дренаж қою және инфекция ошағын санациялау.
Жедел остеомиелиттің бастапқы кезеңінде тісті жұлғанда іріңнің
шығуына жағдай жасалады. Тіс неғұрлым ертерек жұлынса, соғұрлым
процестің таралу қауіптілігі аз болады. Қозғалмалы тістер металл
шендеуішпен, каппамен, брекеттік жүйемен бекітіледі. Тісті жұлуды бір
уақытта сүйектегі, сүйекүсті астындағы және жұмсақ тіндердегі іріңдікті
ашумен қосарластыру керек. Ауыз қуысының кіреберісі жағынан тілік
жасалғанда, іріңнің жақсы шығуы үшін сүйекке тесіктер жасалады және
микроциркуляция жақсарады. Жақ маңындағы іріңді ошақтарды ауыз
ішілік немесе ауыз сыртылық әдістермен ашу жалпы немесе жергілікті
жансыздандыру
натрий хлорид изотониялық ертіндісіне анестетик
ертіндісін линкомицинмен араластырып қосу арқылы жасалады (30-50млға 1,8-3,6мл). Соңғысы бір күн сайын қайталанады, бір емдеу курсында 36, кейде одан көп блокада жасалады. Кейбір қосалқы аурулары бар әлсіз
науқастардың тісін жұлғанда жедел қабыну белгілері жойылғанға дейін
жеделдетіліп жұлынады немесе екіншілік әрекеттесулер ретінде
жүргізіледі (операцияның техникалық қиыншылықтарында – тістің
ығысуында, қиын жарып шығуында, түбірлердің гиперцементозында).
Іріңді жараларды сулау, инсталляция, шаю, жергілікті диализ
арқылы күтім жасауда аса назар аудару керек (әртүрлі антисептикалық
ертінділер, нитрофуран, антибактериальді және иммунды препараттар).
Тағайындалған жалпы емнің кешені қабыну реакциясына және
сүйектің зақымдануының ауырлығына, сондай-ақ асқынудың дамуына
байланысты.
Жақтың жедел остеомиелитінің нормергиялық ағымында қабынуға
қарсы (антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофурандар, метронидазол
препараттары), десенсибилиздеуші, жалпы қуаттандырушы, стимулдеуші
және симптоматикалық ем жүргізіледі. Дәрілік заттар бұлшық ет ішіне
және тамырішілік енгізіледі. Жалпы кешенді ем кезінде белсенді
иммунотерапия, антигенді стимуляторлар тиімді.
Жедел остеомиелиттің гиперергиялық ағымында интенсивті ем
51

52.

қажет. Қабыну процестерінің – реактивті, токсикалық және терминальді
фазаларын ескеру керек. Осыған байланысты операция алдында дайындық,
операциялық әрекеттесулер, операциядан кейінгі интенсивті ем
метаболиттік процестердің коррекциясымен бірге жүргізіледі. Антигенді
стимуляторларды қолдану көрсетілмеген. Иммунотерапия тек белсенді
емес болуы мүмкін. Аурудың ең ауыр ағымында, әсіресе, бүйрекүсті
қыртысы жеткіліксіз науқастарға глюкокортикоидтар тағайындалады.
Жедел остеомиелиттің гипергиялық ағымы кезінде кешенді емі
жалпы қуаттандырушы және стимулдеуші шаралар жүргізуден басталады.
Антибиотиктерді тек оларға бөлінген микрофлораның сезіиталдылығына
байланысты тағайындау керек. Спецификалық белсенді иммунотерапия
және антигенді стимуляторлар қолданылады. Иммунды препараттар:
стафилококкты
анатоксин,
Т-активин,
декарис
және
т.б.иммунокомпетентті жасуша мен фагоцитоздың сезімталдылығына
байланысты тағайындалады. Егер олар оның қызметін басып тастаса, онда
емдеу
шаралары
ағзаның
детоксикациясына
және
қорғаныш
реакциясының стимуляциясына бағытталуы керек.
Біріншілік немесе екіншілік иммундық жетіспеушілігі бар
науқастардағы жедел остеомиелиттің диффузды түрін емдеу қабынуға
қарсы, десенсибилиздеуші, жалпы қауттандырушы және стимулдеуші
емнің кешені жеке жоспар құру арқылы жүзеге асырылады.
Антибиотикпен емдеуді анаболиттік гормондарды қосу арқылы жүргізу
керек. Басқа мүшелер мен жүйелердің қызметінің коррекциясына аса назар
аударылады. Кейбір егде жастағы науқастарға кортикостероидтар
тағайындалады.
Антибиотиктермен емдеу кезінде
аллергиялық, токсикалық
реакциялардың, дисбактериоз асқынуларының дамуын естен шығармау
керек.
Остеомиелит кезінде микрофлораның бөлінуіне байланысты, кең
спектрлі антибиотиктер жиі тағайындалады. Жақтың жедел остеомиелиті
кезінде террамицин, линкомицин, морфоциклин, клиндомицин, натрий
фузидин және басқа да антибактериальді препараттар, сондай-ақ резерв
антибиотиктері – цефалоспорин, ристомицин, фосфомицин, цефуроксим
және т.б., жартылай синтетикалық пенициллиндер (ампициллин,
карбенициллин, ампиокс, оксациллин, гентамицин) неғұрлым тиімді.
Макролидтер топтарының антибиотиктері – роамицин, клацид, рулид;
цефалоспориндердің үшінші туындылары – иммунды коррекциялық әсері
бар цефтриаксон, цефодизим тиімді болып келеді. Антибактериальді емнің
массивті курсында саңырауқұлаққа қарсы препараттар тағайындалады.
Қоздырғыштардың идентификациясы туралы мәліметтерді алғаннан кейін
олардың сезімталдылығының болуына байланысты антибиотикпен емдеуді
антибактериальді препараттарға ауыстырады (этиотропты ем).
Антибиотиктер бұлшықет ішіне, тамыр ішіне, кейде – неғұрлым
ауыр жағдайларда – артерия ішіне, лимфа ішіне енгізіледі. Анаэробты
инфекцияның болуын ескере отырып, нитромидазол туындыларын –
52

53.

нитазол, метронидазол қолдану ұсынылады. Сульфаниламидтер,
нитрофуран және ферменттер, олардың антибиотикалық препараттармен
өзара әрекеттесулері ескеріліп тағайындалады. Антибиотиктер мен
сульфаниламидтерді араластырып қолдану, оларды кезектестіріп қолдану
үлкен әсер береді, асқыну қауіптілігін және олардың микробтарға
резистенттілігінің дамуын төмендетеді. Кешенді емдеуге сульфаниламидті
препараттар кіреді – стрептоцид, норсульфазол, сульфадимезин, этазол
тәулігіне

4-6
рет
және
сульфапиридазин,
ортосульфин,
сульфадиметоксин тәулігіне 1г 2рет; ферменттер – лизоцим, трипсин,
химопсин және т.б.бұлшықет ішіне; нитрофурандар – фуразолидол,
фурадонин.
Антибиотиктермен, сульфаниламидтармен және нитрофурандармен,
ферменттер емдеу остеомиелиттің шектелген түрінде - 8-10 күн, диффузды
түрінде – 2-3 апта және жедел қабыну белгілері басылғанға дейін
жүргізіледі.
Асқынудың алдын алу үшін, әсіресе, кең спектрлі антибиотиктерді
қолданғанда, саңырауқұлаққа қарсы және антигистаминді заттар,
бактериальді полисахаридтер, адаптогендер және биологиялық белсенді
заттар тағайындалады.
Жақтың жедел остеомиелиті бар науқастардың кешенді емінде
интоксикацияны азайтатын және қабынуға қарсы әсер беретін, сондай-ақ
дәрілік заттардың қабыну ошағына енуін жақсартатын антигистаминді
препараттардың
маңызы зор. Осы мақсатта димедрол, супрастин,
диазолин, дипразин, тавегил, фенкарол, перитол күніне 0,025-0,03г 2-3 рет,
сондай-ақ
ағзаға десенсибилиздеуші әсер ететін және тамырдың
өткізгіштігін
азайтатын
кальций
препараттары
тағайындалады.
Десенсибилиздеуші заттармен бірге 5% және 40% глюкоза ертіндісі, 10%
кальций хлорид ертіндісі тамыр ішіне енгізіледі.
Кешенді емдеуге витаминдер, әсіресе, С және В тобының
витаминдері, антигенді стимуляторлар – метилурацил, милайф, пентоксил,
натрий оротат, продигиозан; адаптогендер – дибазол, женьшень және т.б.
енеді. Жалпы кварцтық сәулелендіру – жалпы стимулдеуші әсерімен
ерекшеленеді, әрбір 2-3 күн сайын 6-10 рет. Интенсивті терапияда
гемодинамиканы коррекциялау үшін гемодез, реополиглюкин, РингерЛокка ертіндісін және т.б., гемокоагуляцияны стабилизациялау үшін 1-4
тәулікте гепаринмен егу тиімді.
Остеофлегмонамен асқынған сүйектің диффузды зақымдануында
және эндогенді интоксикацияның айқын белгілерінде интенсивті емнің
құрамына экстракорпоральді детоксикация әдістері – гемосорбция,
лимфосорбция, плазмаферез кіреді.
Ағзаның
қорғаныш
күштерін
стимуляциялау
мақсатында
аутогемотерапия қолданылады. 5-7мл бастап, біртіндеп 15-20мл-ге дейін
енгізіледі. Арасына 4-5 күн үзіліс жасап, сәйкес қанды біртіндеп мөлшерін,
- 50, 75, 100, 125, 150мл-ге жоғарылатын отырады. Плазманы,
эритроциттік массаны, қан алмастырғыштарды құю жақсы әсер береді.
53

54.

Жақтың одонтогенді остеомиелитінің жедел кезеңінде физиоем 3-4
күндері немесе 4-6 күндері жүргізіледі: УКС аритмиялық дозада 1-10мин,
5-20Вт, УКС зақымданған ошаққа күн сайын 4-6 биодозадан 10-12ге дейін
көтереді. Антибиотиктермен электрофорез жақсы нәтиже береді.
Кешенді ем жүргізу кезінде сұйықтықты, минералды және
витаминқұрамды сусындарды ішу керек. Науқас ақуыз бен витаминдерге
бай тағам қабылдау керек. Ауыздың ашылуы қиындаған кезде тағам сұйық
және ботқа тәрізді консистенцияда болу керек. Тағамнан кейін ауыз
қуысын шайып отыруы керек.
Остеомиелиттің жеделдеу кезеңінде емі алғашқыда жүргізілген
емнің әсеріне тәуелді. Осыған байланысты иммуномодулирлеуші, жалпы
қуаттандырушы ем, физиоем шаралары жүргізіледі. Бұл кезеңде ЕДШ
міндетті түрде тағайындалады. Жараны жергілікті емдеу дәрілік заттарды
әртүрлі әрекеттермен, физиомен енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Созылмалы остеомиелит кезінде екіншілік иммунитет тапшылығының
дамуын немесе иммундық патологияның тереңдей түсуін ескеру керек.
Көбінесе, ІІ және ІІІ дәрежелі созылмалы эндогенді интоксикация дамиды.
Көптеген мүшелер мен жүйелердің қызметі бұзылады.
Жақтың созылмалы остеомиелитінің емі ауру және алдында
жүргізілген емнің жалпы және жергілікті симптомдарына тәуелді. Егер
қандай да бір себептерден тіс бұрын жұлынбаса, онда сол тіс жұлынады.
Іріңді бөліністің шығуы қиындаса, жараны немесе жыланкөзді кеңейту
немесе
сүйекүсті астына, жақ маңы жұмсақ тіндеріне алғашқы
хирургиялық өңдеу және оларды белсенді емдеу (дренаж қою, шаю,
суландыру, жергілікті диализ, байлам қою ұсынылады. Қабыну ошағында
орналасқан тістердің ұлпасы тексеріледі және көрсеткіштеріне қарай
емделеді. Егер бұл бұрын жүргізілмеген болса, онда қозғалмалы тістер
шендеуішпен бекітіледі.
Жалпы қуаттандырушы-стимулдеуші, десенсибилиздеуші ем жүргізу
курсы кейбір жағдайда секвестрэктомияның алдында жүргізіледі. Кейбір
науқастарда сүйек ауқымды зақымданғанда, созылмалы ағым өршігенде
оған антибиотиктер және басқа да қабынуға қарсы препараттар
тағайындалады. Макролид және цефалоспориндердің үшінші буыны
көрсетіледі. Кешенді емге міндетті түрде нитазол топтарының
препараттары және саңырауқұлаққа қарсы заттар кіреді. Солардың
ішіндегі ең
тиімдісі дефлюкан, аптасына 150 мг 1 рет. Жақ
остеомиелитінің ұяшықты түрінде иммунды препараттар, антигенді
стимуляторлар тағайындалады (стафилококкты анатоксин, левомизол, Тактивин, тималин және т.б.).
Оперативті әрекеттер – сүйектің секвестрленген аймағын алып
тастау (секвестрэктомия) клиникалық және рентгенологиялық суреттерінің
негізінде жүзеге асырылады. Жоғарғы және төменгі жақтың альвеолярлы
өсіндісінде секвестрлер түзілгенде секвестрэктомия ауыз қуысының
ішінен жасалады. Жергілікті потенцирленген жансыздандыру арқылы
кілегей-сүйекүсті қиығы ажыратылады, жиі трапеция пішінді болады.
54

55.

Секвестр қуысынан өткір қасық көмегімен секвестрлер алынады, тек
жұмсарған грануляциялар қырылып алынады, хлоргексидин, диоксидин,
грамицидин ертіндісімен жуылады. Сүйек қуысы биоматериалдармен
толтырылады, олар антибиотик немесе антисептик құрамдас болып келеді
(остим-100, полиакридті гель). Егер бұл препараттар болмаса, онда
тетрациклин қатарына жататын антибиотик ұнтағымен немесе
сульфаниламид
препараты,
ферменттермен,
антистафилококкты
плазмамен толтырылады. Жара тігіледі, 1-2 тәулікке жолақ қалдырылады.
Басқа жағдайларда сүйек қуысы итмұрын майы, 5-10% синтомицин
эмульсиясы, левомиколмен сіңірілген йодоформды дәкемен немесе
тығынмен толтырылады. Тығын операциядан кейін алғашқы 5-6 күннен
кейін, сосын 3-4 күн сайын ауыстырылады.
Төменгі жақтың денесі мен бұтағы аймағында секвестрэктомия ауыз
сыртылық әдіспен жасалады. Тілік төменгі жақтың төменгі жиегіне
параллель және 1,5-2см төмен салынады; кейбір жағдайларда терідегі
секвестрді ескере отырып, тілік салу кезінде секвестр бірге кесіліп
алынады. Секвестрлерді алу үшін кейде секвестрдің аузын кеңейтіп, сүйек
қысқыштарының
көмегімен
алады.
Қуыс
биоматериалдармен
толтырылады: гидроксилапатит, гидроксиапол, деминералищденген сүйек,
морфогенетикалық протеин, сүйекті өсіретін стимуляторлар, оның ішінде
тромбоциттер мен жасанды сүйек қоспасына бай қан плазмасы. Жара
тігіледі, рәзеңкелі жолақ қалдырылады. Оны операциядан кейінгі келесі
күні алып тастайды. Жіптері 7-ші күні алынады.
Операциядан кейінгі кезеңде
анальгетиктер, десенсибилиздеуші
препараттар, сүйек түзілуін және кальцификацияны стимулдейтін заттар
және белгілі бір клиникалық, микробиологиялық және иммунологиялық
көрсеткіштерде – антибактериальді және сульфаниламидті препараттар
тағайындалады.
Созылмалы остеомиелиттің рерафицирленген немесе ұяшықты
түрінде емдеу нәтижесінде нүктелі секвестрлер сорылуы мүмкін, ал
қуыста қалған грануляциялық тін біртіндеп сүйекпен бітіседі. Мүндай
науқастарға оперативті әрекеттесулер – сүйек ошақтарын ашу және
грануляцияны қырып алып, қуысты антибиотик және антисептик құрамдас
биоматериалдармен толтыру көрсетіледі.
Аурудың созылмалылығында және зақымдану ауқымды болғанда,
клинико-рентгенологиялық
зерттеу,
иммунитеттердің
көптеген
көрсеткіштерін анықтау және осыған сәйкес 3-4 ай сайын ағза
детоксикациясының курсын жүргізу ұсынылады. Төменгі жақ
остеомиелитінің ұяшықты түрінде сүйекте және оның сүйекүстінде
продуктивті-деструктивті
өзгерістер
болғанда,
детоксикацияны
стимулдеуші және жалпы қуаттандырушы терапиямен бірге жүргізеді.
Детоксикацияны тамыр ішіне гемодез, реополиглюкин, кокарбоксилаза,
кальций хлорид ертіндісін витамин қосып, тамшылатып енгізу арқылы
жасалады, курсына 6-10 процедура. Бір уақытта поливитаминдер,
энтеросорбенттер (белсендірілген көмір), емдік шөптерді ішу, балық майы,
55

56.

адаптогендер тағайындалады. Мұндай емді гемотерапиямен бірге жүргізу
керек: сәйкес қан, плазма, эритроцитті массаны, қан алмастырғыш құю.
Емнің 2-3 немесе 3-5 курсынан кейін иммунологиялық көрсеткіштерге
байланысты жеке таңдалынып алынған иммуномодуляторлар –
стафилококкты анатоксин, левомизол, Т-активин, тималин, актинолизат
тағайындалады.
Созылмалы остеомиелиттің гипербластикалық түрінде сүйекте,
сүйекүстінде продуктивті өзгерістер болғанда, детоксикация курсын
десенсибилиздеуші терапиямен жүргізеді. Иммуномодуляторлар, әсіресе,
спецификалық әсер ететіндері – тек оларға иммунокомпетентті
жасушалардың
сезімталдылығы
анықталғанда
тағайындалады.
Стимулдеуші және жалпы қуаттандырушы емді гемотерапия ретінде
жүргізу көрсетілмеген.
Созылмалы остеомиелит кезінде жедел кезеңде қолданылатын
физиоем қолданылады, сонымен қоса, ультрадыбыс, лазерлі терапия,
инфрақызыл сәулелер, цинкпен, мыспен электрофорез, парафинмен емдеу
қолданылады. (3 кестені қараңыз).
Болжамы. Жақтың жедел остеомиелитін уақытымен және дұрыс
емдегенде, болжамы жағымды.
Аурудың гиперергиялық ағымының жедел кезеңінде аздаған
интоксикацияның болуы септикалық шоктың дамуына, жедел тыныс
жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Іріңді процестің сүйектен бет пен
мойынның басқа аймақтарына таралуында бет венасының тромбофлебиті
және қатты ми қабықшасының синусы туындайды, соған қоса, ми абсцесі,
менингит, менингоэнцефалит, сепсис дамиды. Мұндай асқынулар летальді
аяқталуға себепші болады. Сүйектің ауқымды зақымдануында және
секвестр қабының түзілуіне тіндік реакцияның жеткіліксіздігінде
патологиялық сынық және жалған буын пайда болады. Диффузды
остеомиелиттің мүндай түрлері жақ деформациясының, самай-төменгі жақ
буыны анкилозының және шайнау бұлшық етінің тыртықты
контрактурасының туындауымен байланысты. Остеомиелиттің ұяшықты,
секвестрлері жоқ көріністері, гиперпластикалық түрлері, әсіресе,
біріншілік және екіншілік иммунды жетіспеушілік аурулары мен
жайдайларында көп жылдарға созылып, ішкі мүшелер созылмалы
септикопиемиямен және амилоидозбен асқынуы мүмкін.
Жақ остеомиелитінің жедел және жеделдеу кезеңінде науқастар
еңбекке қабілетсіз болады және стационардан шығарылғаннан кейін толық
сауығып кеткенге дейін олар бақылауда болады. Секвестрэктомия жасау
үшін оларды қайтадан стационарға жатқызады.
Алдын алу. Жақ остеомиелитінің алдын алу патологиялық
одонтогенді ошақтарды дұрыс және уақытында емдеумен, иммунитеті
бұзылған және иммунды жетіспеушілік аурулары мен жағдайлары бар
науқастардың ағзасын жалпы сауықтырумен сипатталады.
56

57.

5.Бет пен мойынның абсцестері мен флегмоналары
Жедел одонтогенді қабыну ауруларының арасында жақ маңы жұмсақ
тіндерінің іріңді процестері үлкен топты құрайды: абсцесс - қуыстың
түзілуімен клетчатканың шектелген іріңді қабынуы, флегмона – теріасты,
бұлшықет аралық және фасция аралық клетчаткадағы жайылған іріңді
қабыну.
Этиологиясы. Науқастардың 80-95% абсцесстер мен флегмоналар
одонтогенді инфекциядан дамиды. Абсцесс пен флегмонаның қоздырғышы
ретінде одонтогенді ошақтардың резидентті аралас микрофлорасын бөліп
қарастыруға болады. Ондағы стафилококктар мен стрептококктардың
әртүрлі түрлері кокктардың басқа түрлерімен, сондай-ақ ішек және басқа
да таяқшалармен симбиоз түзеді. Неғұрлым жиі қоздырғыш ретінде ақ
немеес алтын стафилококк бөліп қарастырылады. Соңғы жылдары
абсцесстер мен флегмоналардың дамуында анаэробты инфекцияның
маңызы зор. Флегмона кезінде анаэробтар арасында облигатты және
факультативті анаэробтардың маңызы зор.
Патогенез.
Абсцестер мен флегмоналар жиі созылмалы
периодонтиттің өршуі
кезінде инфекцияның апикальді ошақтан
таралуынан, сирек – жедел периодонтит, төменгі ақыл тістің қиын жарып
шығуында, радикулярлы ұраның іріңдеуінде, жұлынған тістің ұяшығына
инфекция түскенде, пародонт аурулары асқынғанда туындайды. Бас пен
мойын аймағының абсцестері мен флегмоналары жақтың жедел
периоститінің асқынуынан туындауы мүмкін. Басқа инфекция көздерінің
арасынан ауыз қуысының, мұрынның және жоғарғы жақ қуысының
кілегей қабатын және бет пен мойын терісін, сирек – көздің
конъюктивасын байқауға болады.
Жақ маңы абсцестері мен флегмоналарын көбінесе 20-30 жастағы
адамдардан байқауға болады, ол тістің тіс жегімен неғұрлым қарқынды
зақымдануымен және төменгі ақыл тістің қиын жарып шығуымен
байланысты. Абсцестер мен флегмоналардың дамуының мерзімділігі
байқалады, яғни ауру көбінесе жаз-күз мезгілдерінде дамиды.
Бас пен мойынның әртүрлі аймақтарындағы жедел іріңді қабыну
ауруларының дамуы мен ағымы микрофлора концентрациясына, жалпы
және жергілікті спецификалық және спецификалық емес қорғаныш
факторларына, ағзаның әртүрлі мүшелері мен жүйелерінің жағдайына,
сонымен қоса, тіндердің анатомо-топографиялық ерекшеліктеріне
байланысты. Олар
қабыну реакцияларының – нормоергиялық,
гиперергиялық және гипергиялық қасиеттерін анықтайды.
Микробтардың аздаған токсикалық әсерінде, ең бастысы – олардың
орташа концентрациясында және ағзаның
адекватты жауап беру
реакциясында абсцесс немесе флегмона бір немесе екі клетчаткалық
кеңістікте дамиды. Бұл кезде бет пен мойынның, бас қуысы аймағының
анатомо-топографиялық ерекшеліктерінің белгілі бір маңызы бар. Абсцесс
пен флегмоналардың жалпы және жергілікті симптомдары нормергиялық
57

58.

қабыну реакциясын көрсетеді.
Зақымдаушы факторлардың күшеюі (олардың сандарының,
вируленттілігінің, токсигенділігінің жоғарылауы және микробтардың
концентрациялық деңгейінің көтерілуі), аурудың созылмалылығы, жалпы
және жергілікті инфекцияға қарсы қорғаныш механизмдері флегмонаның
таралмалы дамуын анықтайды, жиі гиперергиялық реакцияны көрсетеді.
Ағзаның
қорғаныштық
қабілеттілік:
компенсирленген,
субкомпенсирленген немесе декомпенсирленген реакциясы ағза
реактивтілігінің көптеген факторларына және сенсибилизацияның жоғары
дәрежесіне, бас қуысы аймағында іріңді ошақтың орналасуына
байланысты.
Кейбір науқастарда абсцестер мен флегмоналар ағымының әртүрлі
себептеріне байланысты гипергиялық қабыну реакциясымен сипатталуы
мүмкін. Бір жағынан, аурудың қоздырғыштары микробтардың шарттпатогенді түрі болуы мүмкін. Басқа жағынан, спецификалық және
спецификалық емес қорғаныш реакцияларының төмендеуінің, жоғары
сезімталдылықтың
баяу
түрінің,
аутоиммунды
реакциялардың,
толеранттылықтың, біріншілік немесе екіншілік иммундық жетіспеушілік
аурулары мен жағдайлары кезінде иммунитеттің бұзылуының маңызы зор.
Абсцестер мен флегмона кезінде антибиотик, сульфаниламидтерді
рациональді емес қолдану қабыну реакциясының гипергияға дейін
төмендеуіне әкеледі.
Патологиялық анатомия. Бас пен мойын аймағында іріңді қабыну
ауруларының – абсцесс пен флегмонаның дамуы кезінде процесс
борпылдақ дәнекер тіндерде – теріастында, бұлшықет аралығында, фасция
аралық клетчаткада, бұлшық етте дамиды. Тіндерге микроағзалардың енуі
және жиналуы тіндердің қабыну реакциясын туындатады. Келесі
кезеңдерін ажыратады: І – ісіну, ІІ – инфильтрация, ІІІ – тіндердің іріңді
еруі, IV – өлеттену, V –ошақтың шектелуі.
Абсцестің дамуы кезінде патологоанатомиялық тұрғыдан, клетчаткада
сірлі, сірлі-іріңді жалқық және одан әрі қуыс ретінде шектелген іріңді
қабыну көрінеді, оның қабырғалары грануляциялық тіндерден түзілген.
Іріңді ошақта өлеттенген процестер айқын болмайды. Грануляциялық тін
пісіп-жетіліп, клетчатканың іріңді еру аймағыынң айналасында түзіледі.
Флегмона кезінде ісіну, сірлі және іріңді қабыну кезеңі айқын
өлеттенген процестерге ауысады.
Кейбір жағдайларда жалқықты
өзөгерістер және жайылған сірлі, сірлі –іріңді қабынулар байқалады, бұл
кезде жақ маңы жұмсақ тіндерінде клетчатканың азадаған ісінуі және
олардың лейкоциттермен диффузды инфильтрациясы анықталады. Нақты
шектелген
қабыну
ошағы
болмайды.
Зақымданған
тіндерде
лейкоциттармен қоршалған, өлеттенген аймақтар кездеседі. Іріңдіөлеттенген флегмоналарда
тіндер гемодинамикасының бұзылуымен,
клетчатка, бұлшықеттің, фасцияның
өлеттенуімен сипатталатын
альтерация процестері болады; тіндердің жайылған ісінуі кезінде
қанталаған ошақтары бар тығыз инфильтрация дамиды, ортасында
58

59.

клетчатканың, бұлшықеттердің фасциальді қабаттары бар біріккен
өлеттенген ошақ түзіледі.
Іріңді немесе іріңді-өлеттенген ошақтар өздігінен немесе оперативті
әрекеттер арқылы ашылғаннан кейін жедел қабыну белгілері басылады.
Лейкоцитарлы инфильтрацияның, сосын дамыған грануляция тіндерінің
нәтижесінде шектелген қабыну ошағы пайда болады. Біртіндеп өлеттенген
тіндер түсе бастайды және жартылай сорылады. Қанмен қастамасыз етілуі
қалыптасады. Өлген аймақтарды жабатын дәнекер тін дамиды. Іріңді
ошақтан ірің шығуының қиындауы және шыға алмауы, жергілікті тіндер
реакциясының жеткіліксіздігі, иммунитеттің төмендеуі инфекцияның
таралуына, оның өршуіне себепші болады.
Абсцестер мен флегмоналардың клиникалық белгілері.
Клиникалық белгілері. Абсцестер мен флегмоналардың клиникалық
белгілері одонтогенді ошақ аймағында қабыну белгілерінің дамуымен
және жақтан тыс – жақ маңы жұмсақ тіндеріне жылжуымен ерекшеленеді.
Абсцестердің клиникасы әртүрлі. Нормергиялық қабыну реакциясын
сипаттайтын клиникалық белгілерде науқастар зақымданған тіндер
аймағында ауырсынудың болуына, ал іріңді ошақ шайнау бұлшық еттеріне
жақын орналасқанда – ауыз ашылуының шектелуіне және шайн.аудың
бұзылуына, ал тіласты, қанат-төменгі жақ, жұтқыншақ маңы кеңістігі, тіл
аймағында орналасқанда – жұтыну кезінде ауырсынудың болуына
шағымданады. Кейбір науқастар жалпы мазасыздануға, бас ауруына,
әлсіздікке шағымданады. Дене қызуы субфебрильді болуы мүмкін.
Соңғы жылдары абсцестердің клиникалық белгілерінің өзгеруі
байқалуда, ол гипергиялық қабыну реакциясына тән баяу және созылмалы
ағыммен ерекшеленеді. Шағымы аз болады. Ауырсыну сезімі көбінесе,
іріңді ошақты пальпациялағанда пайда болады. Жалпы жағдайы
қанағаттанарлық , дене қызуы қалыпты болады. Қанда лейкоциттердің
қалыпты мөлшері немесе лейкопения байқалады, ЭТЖ (СОЭ) қалыпты
жағдайда болады және тек, кейде ғана 11-20мм/с дейін аздап көтерілуі
мүмкін.
1-2 аймақтағы флегмоналар жиі ағзаның нормергиялық қабыну
реакциясымен сипатталады: науқастың жағдайы қанағаттанарлық, сирек –
орташа ауырлықта; дене қызуы – 38,5С дейін субфебрильді, интоксикация
орташа айқын. Қанда лейкоциттердің жоғарылауы анықталады. ЭТЖ
(СОЭ) 10нан 40мм/с дейін ұлғаяды.
Екі және одан да көп аймақтарда таралу мүмкіншілігі бар
флегмоналардың гиперергиялық қабыну белгілері болады. Олар таралмалы
флегмона ретінде көрсетіледі. Аурудың созылмалылығына, іріңді қабыну
процесінің жалпы және жергілікті суретіне, зертханалық зерттеу
көрсеткіштеріне
байланысты таралмалы флегмоналар мен олардың
асқынуларының келесі: реактивті, токсикалық және терминалды
кезеңдерін ажыратып қарастыруға болады. Реактивті кезең токсикалық
кезеңге және одан әрі терминальды кезеңге өткенде флегмонаның өршуі
59

60.

ретінде қарастырылады.
Іріңді қабыну процесінің бас пен мойынның бірнеше аймағында
орналасуы орташа ауырлық дәрежесімен сипатталады.
Бас пен мойынның таралмалы флегмоналарының реактивті кезеңінде
ауырсынудан басқа, ауыз ашу қызметінің, тыныс алу және жұтынудың
бұзылуы байқалады.
Денге қызуы жоғарылағанда интермиттирлеуші қасиеті болады,
профузды терлеумен алмасып отыратын қалтырау пайда болады.
Интоксикацияның жоғарлауы жалпы мазасыздықты, ұйқының және
тәбеттің бұзылуын үдете түседі. Бір науқастарда - әлсіздік, тежелу; басқа
науқастарда – қозу, тітіркену байқалады. Бұл кезде физиологиялық
жағдайлар бұзылады: диурез төмендейді, іші қатады.
Таралмалы флегмоналар бет пен мойынның көптеген аймағындағы
жайылмалы ісінумен және тіндердің инфильтрациясымен сипатталады.
Бұл кезде бір уақытта терең және теріге, кілегей қабатқа жақын жатқан
беткей аймақтар зақымданады. Бұл тіндердің ісінуі мен гиперемиясы,
жергілікті қызудың жоғарылауы байқалады.
Таралмалы флегмонаның реактивті кезеңінде қанда айқын өзгерістер
байқалады: лейкоцитоз 12-15х 10с/л және нейтрофилдердің жоғарылайды;
ЭТЖ (СОЭ) 15-20дан 30-40мм/с және одан жоғары көтеріледі. Зәрде ақуыз
анықталады. Ағза рективтілігінің көптеген көрсеткіштері – ЛИИ, ақуыз
(диспротеинемия), ферменттер, гуморальді және жасушалық иммунитет
көрсеткіштері – иммуноглобулин, В-жасуша, Т-жасуша және олардың
популяциялары қанның ұю жүйесі өзгереді.
Бас пен мойынның көптеген аймақтары мен кеңістіктеріндегі іріңді
процесс одан әрі дамығанда ағзаның тіршіліктіә қамтамасыз ететін жүйесі
мен
қорғаныш
рекцияларының
гиперергиялық
ағымының
субкомпенсирленген немесе декомпенсирленген қасиетімен сипатталады.
Ауру іріңді процестің ұзаққа созылуымен, айқын интоксикациямен және
жақ-бет
аймағының
көптеген
кеңістіктеріндегі
іріңді
қабыну
симптомдарымен, қан айналу және зат алмасу процестерінің
бұзылыстарымен ерекшеленеді. Бұл кезеңде іріңді-септикалық аурулардың
әртүрлі асқынуларытуындауы мүмкін: кіретін инфекция – көз шарасына,
ми қабықшасына, миға; шығатын инфекция – кеуде аралығына
(медиастенит) енуі мүмкін; септикалық шок, жедел тыныс жеткіліксіздігі,
сепсис.
Орташа ауыр немесе ауыр жағдайда дене қызуы
39С дейін
жоғарылайды және одан күрт көтерілуі мүмкін. Мұндай жағдайда жақ
маңы жұмсақ тіндерінде клетчатканың ісінуі, олардың лейкоциттермен
диффузды инфильтрациясы байқалады. Нақты шектелген қабыну ошағы
болмайды. Зақымданған тіндерде лейкоциттермен қоршалған өлеттенген
ошақтар кездеседі. Қанда лейкоциттер 15-20х10 9/л дейін, ЭТЖ (СОЭ)
60мм/с дейін жоғарылайды, ағзаның реактивті өзгерістері, иммунитет
көрсеткіштері үдей түседі.
Іріңді-өлеттенген
флегмоналар
кезінде
тіндердегі
ісінудің
60

61.

жайылуынан қанталаған ошақтары бар тығыз инфильтрация дамиды, оның
ортасында клетчатканың, бұлшықеттердің фасциальді қабаттары бар
біріккен өлеттенген ошақ түзіледі.
Таралмалы
флегмона
кезінде
ағзаның
гиперергиялық
субкомпенсирленген реакциясының арқасында ауру өршиді және
терминалды кезеңге ауысады. Ол 7 тәуліктен кейін пайда болады, өршіген
іріңді процесс жалпы және жергілікті асқынулармен сипатталады. Бұл
кезең жағдайының жалпы ауырлығымен, дене қызуының жоғарылауымен
39Сайқын және өспелі интоксикациямен, ауыр асқынулардың дамуымен
сипатталады. Таралмалы флегмоналардың гиперергиялық қабыну
реакциясының жалпы және жергілікті қабыну белгілері өрши түскенде,
декомпенсирлі болуы мүмкін.
Микробты агрессия, ауыр интоксикация, қорғаныш реакциясының
тұрақсыздығы және аздаған сенсибилизация қауіпті деңгейге жеткенде
сепсистің, жедел тыныс жеткіліксіздігінің, септикалық шоктың дамуына
әкеледі.
Мұндай науқастарда лейкоцитоз (20-109/л және жоғары), ЭТЖ (СОЭ)
50-70мм/с дейін жоғарылауы байқалады. Гомеостаздың терең
бұзылыстары жүреді.
Соңғы жылдары жақ маңы флегмонасының клиникалық ағымы
өзгерістерге ұшырады. Гипергиятық типі бойынша қабыну реакциясымен
сипатталатын флегмоналар байқалуда (компенсирленген). Олар науқастың
қанағаттанарлық жағдайында баяу және ұзақ дамиды. Дене қызуы
субфебрильді немесе қалыпты жағдайда, интоксикация айқын емес.
Аурудың жалпы айқын емес және жергілікті айқын симптомдарының
сәйкес еклмеуі байқалады.
Гипергиялық қабыну реакция бар жақ маңы флегмоналары
микробтардың үлкен емес инвазиясынан, шартты-патогенді және олардың
концентрациясының жоғарылауынан дамиды; авирулентті флораның
әсерінен ағзаның қорғаныш реакцияларының гипореактиті түрлері
дамиды. Оодан басқа, мұндай клиникалық әдістер факторларға: көбінесе
гипореактивті ағым антибактериальді препараттарды рациональді
қолданбаудан, сонымен қоса, одонтогенді аурулардың алғашқы
симптомдарында қызуды түсіретін дәрілік препараттарды қолдануға
байланысты.
Гипергиялық қабыну реакциясы бар флегмоналар негізінен 1-2
аймақта орналасады, лейкоциттер санының қзгеруімен сипатталмайды (68х109/л); ЭТЖ (СОЭ) 11-15мм/с аспайды.
Флегмоналардың клиникалық ағымының дамуы мен аяқталуының
белгілі бір ерекшеліктері біріншілік немесе екіншілік иммундық
жеткіліксіздігі бар, егде жастағы адамдарда кездеседі. Адамдардың жас
топтарының арасында егде жастағы (60-74 жас), қарт адамдар (75-89 жас),
ұзақ өмір сүретін адмдар болып бөлінеді. Оған қоса, адамдардың жеке
ерекшеліктері, соның ішінде олардың қорғаныш реакциясы, тіршілік
жүйесінің жағдайы әр топтарда әртүрлі болады. Ағза реактивтілігінің, зат
61

62.

алмасудың, иммунитет және тіршілік жүйесінің жағдайының көрінісі
одонтогенді абсцестер мен флегмоналар кезінде басқа қабыну
реакцияларының: нормергиялық, гиперергиялық, гипергиялық түрлерінде
қызмет атқарады. Бірінші және екінші жақ топтарында іріңді қабыну
аурулары жақ маңы жұмсақ тіндерінде жиі- гипергиялық, сирек –
нормоергиялық, үшінші жас тобында – гипергиялық және сирек –
гиперергиялық түрде өтеді. Өршіген флегмоналар егде жастағы адамдарда,
қарт адамдарда және ұзақ өмір сүретін адамдарда жиі кездеседі.
Гипергиялық қабыну реакциясы бар флегмонамен ауыратын адамдарда
баяу, созылмалы ағымымен, тіршілік жүйесінің жалпы бұзылыстарының
үдейе
түсуімен
сипатталады,
олардың
субкомпенсирленген,
компенсирленген
және
декомпенсирленген
қасиеттері
болады.
Гипергиялық қабыну реакциясымен өтетін және 1-2 клетчаткалық
кеңістікте орналасатын флегмона ағзағынң жалпы ауыр жағдайымен
өзара байланспайды. Асқыну ретінде септикопиемия дамиды.
Лейкоциттердің, ЭТЖ (СОЭ) саны қалыпты болады немесе кейбір
науқастарда ұяғаяды, ол жақсы прогностикалық белгі болып табылады.
Жүрек-тамыр және тыныс жоладрының аурулары, қант диабеті бар
науқастарда
флегмона
гиперергиялық
немесе
гипергиялық
субкомпенсирленген және жиі жағдайда декомпенсирленген реакция
түрінде өтеді. Жалпы ауыр жағдай, қызбалық реакция, интоксикация
симптомдарының айқындығы, ағзаның көптеген жүйелерінің күрт
бұзылуы бас пен мойын аймағындағы 4-5 және одан да көп клетчаткалық
кеңістіктегі іріңді процестермен және олардың таралуымен, тіршілік үшін
қауіпті асқынулардың дамуымен қосарланады. Қанның көрсеткіші
көбінесеауыр септикалық жағдайға сәйкес келмейді. Лейкоциттердің біраз
жоғарылайды, бірақ қалпына келеді. Лимфопения және эозинофилдердің
болмауы анықталады. ЭТЖ (СОЭ) 2-3 аптаның көлемінде қалыпты
болады,
сосын 60мм/с дейін жоғарылайды.
Абсцестер мен
флегмоналардың жергілікті клиникалық белгілері бас пен мойынның
анатомо-топографиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Одонтогенді абсцестер мен флегмоналардың анатомо-топографиялық
орналасуына байланысты шартты түрде 4 топқа бөлінеді:
І. Жақ маңы жұмсақ тіндерінің абсцестері мен флегмоналары:
1) төменгі жақтың тіндері;
2) жоғарғы жақтың тіндері.
Осы топтардың әрбіреуі беткейлік:
А) төменгіжақтық, иекасты үшбұрышы, құлақ маңы –шайнау аймақтары;
Б) көзасты, ұрт аймақтары;
және терең:
А) қанат-төменгі жақ және жұтқыншақ маңы кеңістіктері, тіласты
аймақтары;
Б) самайасты, қанат-таңдай шұңқыры аймақтарына бөлінеді.
ІІ. Жақ маңы тіндері аймағының іріңді процесінің көрші тіндерге таралуы,
яғни екіншілік абсцестер мен флегмоналар (жақ арты, бет, самай аймағы,
62

63.

көз шарасы, мойынның төс-бұғана- емізікше аймағы және т.б.).
ІІІ. Тілдің абсцестері мен флегмоналары.
ІV. Бет мен мойынның таралмалы флегмоналары.
Бет
пен
мойын
аймағы
бөлімінің
абсцестері
мен
флегмоналарының клиникалық белгілері.
Ұрт, көзасты, төменгі жақасты, иек асты және басқа аймақтарда
флегмоналық процесс беткей орналасқанда жұмсақ тіндердің ісінуі мен
инфильтрациясы, тінедерге терінің жабысуы, оның қызаруы, жергілікті
қызудың жоғарылауы байқалады. Пальпациялағанда флюктуация ошағын
анықтауға болады. Процеске меншікті шайнау бұлшық еттері қатысқанда,
ауыз ашылуының шектелуі байқалады. Жоғарғы және төменгі жаққа
жататын терең аймақтардың зақымдануында сыртынан қарағанда беткей
орналасқан аймақтардың перифокальді ісінуінен тіндердің томпаюы
көрінеді. Флегмоналық ошақтың шекарасы айқын емес және пальпация
жасағанда анықталмайды. Қанатша-төменгі жақ, жұтқыншақ маңы
кеңістігі зақымданғанда, ауыз ашылуының шектелуінен ауызды қарау
қиын болады. Ауыз қуысының зақымданған тіндерін пальпациялағанда,
кейде бимануальді пальпация жасағанда неғұрлым ауырсынбалы ошақты
анықтауға болады.
Төменгі жаққа жататын тіндердің абсцестері мен флегмоналары.
Төменгі жақасты үшбұрышының абсцестері мен флегмоналары
(төменгі жақасты клетчаткалық кеңістігі). Төменгі жақасты үшбұрышы
аймағындағы одонтогенді қабыну процестері жақ-бет аймағының басқа
аймақтарына қарағанда, жиі туындайды. Ол төменгі жақтың үлкен және
кіші азу тістерінен, ал сирек – қанатша-төменгі жақ кеңістігінен, тіласты
аймағынан, жақ-тіл науасы және иекасты үшбұрышынан таралған қабыну
процестерінен дамиды. Сондай-ақ инфекцияның лимфогенді жолмен
таралуынан және төменгі жақасты лимфа түйіндерінің зақымдануына
клетчатканың қабыну процестерінің қатысуынан дамуы мүмкін.
Төменгі жақасты үшбұрышының шекаралары: жоғарғы ішкі – жақтіласты бұлшықеті, мойынның меншікті фасциясы; артқы төменгі – екі
қарыншалы бұлшық еттің артқы қарыншасы және мойынның меншікті
фасциясының беткей қабаты; сыртқы – төменгі жақ денесінің ішкі беткейі;
алдыңғы төменгі – екі қарыншалы бұлшық еттің алдыңғы қарыншасы,
мойынның меншікті фасциясының алдыңғы беткейі.
Төменгі жақасты үшбұрышында төменгі жақасты сілекей безі, лимфа
түйіндері орналасады, бет артериясы мен веналары, бет нервісінің мойын
және шеткі бұтақтары, тіл венасы мен нервісі, тіласты нервісі өтеді.
Төменгі жақасты аймағында борпылдақ клетчатка болады. Оның артқы
бөліміне қарағанда, алдыңғы бөлімінде кқбірек болады. Клетчатка үш
қабат болып: тері мен мойынның теріасты бұлшықетінің аралығында; осы
бұлшықет пен мойынның беткей фасциясының және мойынның меншікті
фасциясының беткей қабатының аралығында және ең тереңі сілекей безі
63

64.

орналасқан меншікті төменгі жақасты кеңістігінде орналасады. Төменгі
жақасты аймағының пішіні әртүрлі болады. Төменгі жақ тар және ұзын
болғанда, клетчатка негізінен оның ұзындығы бойымен орналасады және
оның көлемі ені жағынан үлкен емес. Аймақтың түбінде үш сагиттальді
саңылау орналасады: ортаңғы, медиальді және латеральді, ол тіласты,
жұтқыншақ маңы кеңістігімен және беттің клетчаткасымен байланысып
жатады.
Инфекцияның тістен төменгі жаққа жататын
жұмсақ тіндерге
таралуы үшін төменгі жақасты үшбұрышы мен басқа клетчаткалық
кеңістіктер арасындағы байланыстың маңызы зор. Жақ-тіласты
бұлшықетінің артқы жиегінің артында төменгі жақасты түтігі орналасады.
Оны қоршап жатқан клетчатка арқылы инфекция тіласты аймағына енеді.
Осы жолдар арқылы қабыну процесі тіласты аймағынан төменгі жақасты
үшбұрышына өтеді. Аймақтың артқы бөлімдері қанатша-төменгі жақ және
жұтқыншақ маңы кеңістігінің алдыңғы бөлімдерімен байланысып жатады.
Төменгі
жақасты
аймағының
теріасты
клетчаткасы
иекасты
үшбұрышының клетчаткасымен тығыз байланысты.
Төменгі жақасты аймағының алдыңғы және артқы бөлімдерінің
абсцестері мен флегмоналары ажыратылады.
Абсцесс кезінде науқастар зақымданған аймақтың өздігінен, сыздап
ауырсынуына шағымданады.
Сыртынан қарағанда, төменгі жақасты үшбұрышының алдыңғы
немесе артқы бөлімдерінде, төменгі жақасты сілекей бездерінен алға
немесе артқа қарай шектелген инфильтрат байқалады. Пальпация
жасағанда, инфильтрат тығыз, бетіндегі терімен жабысқан, түсі ал-қызыл
түстен қызыл түске дейін өзгерген, терісі жұқарған. Ортасында
флюктуация ошағын анқытауға болады. Аузының ашылуы еркін. Ауыз
қуысында өзгерістер жоқ.
Төменгі жақасты үшбұрышының флегмонасы аса қарқынды
ауырсынумен сипатталады. Ауру басталғаннан 2-3 тәулік көлемінде
төменгі жақасты үшбұрышына, иекастына және жақарты аймағына тез
таралатын жайылған ісіну тән. Осы аймақтағы тері инфильтрацияланған,
қатпарға жиналмайды, кейде қызарады. Ортасында тығыз ауырсынбалы
инфильтрат пальпацияланады. Ұрт, құлақ маңы –шайнау аймақтарында
ісіну байқалады. Ауыздың ашылуы көбінесе шектелмейді. Процесс жақ-тіл
науасынан төменгі жақасты үшбұрышына таралғанда, қанатша тәрізді
бұлшық еттің төменгі жақтың бұрышына бекитін ішкі жағында
инфильтраттың орналасуынан ауыздың ашылуы шектелуі мүмкін ( І
дәрежелі қабынбалы контрактура). Тіласты аймағы және қанатша-төменгі
жақасты кеңістікте аурудың таралуында, қабынбалы инфильтраттың
түзілуінде төменгі жақты түсіру шектеледі және жұтынғанда ауырсыну
пайда болады.
Төменгі жақасты үшбұрышының флегмонасы кезінде ауыз қуысында
зақымданған аймақта тіласты қатпарының аздаған ісінуі мен қызаруы
байқалады.
64

65.

Оперативті ем төменгі жақасты үшбұрышының тері жағынан, төменгі
жақтың жиегінен төмен және оған параллель тілік жасалады, абсцесс
кезінде – 1,5-2 см, ал флегмона кезінде -5-7см. Флегмона кезінде тері,
теріасты клетчаткасы, мойынның теріасты бұлшықетін, мойынның беткей
және меншікті фасциясын ашып, міндетті түрде саусақты енгізіп, төменгі
жақасты сілекей безін жылжытады, зақымданған аймақтың барлық
бөлімдеріне кіреді. Іріңді ағызып, жараға некротомия, антисептикалық
және антибактериальді өңдеу жасалады.
Төменгі жақасты үшбұрышының флегмонасы инфекцияның қанатшатөменгі жақ және жұтқынщақ маңы кеңістігіне, тіласты аймағына және
иекасты үшбұрышына, сонымен қоса, мойынның басқа аймақтарына, оның
ішінде тамыр-нерв шоғырына таралуымен асқынуы мүмкін. Әсіресе,
процеске мойынның терең бөлімдерінің қатысуы және инфекцияның
алдыңғы кеуде аралығына таралуы науқастың өмірі үшін қауіп төндіреді.
Иекасты үшбұрышының абсцесі мен флегмонасы (иекасты
клетчаткалық кеңістік).
иекасты үшбұрышының қабынуы төменгі
күрек және ит тістердің одонтогенді ошақтарынан, сондай-ақ іріңді
процесс төменгі жақасты аймағынан, тіл түбірінен, сирек – тіласты
аймағынан таралуынан дамиды. Алғашқыда лимфа түйіндері зақымданады
және іріңді процеске иекасты үшбұрышының клетчаткасы қатысады.
Иекасты үшбұрышының шекаралары: жоғарғы –жақ-тіласты
бұлшықеті, оның төменгі жағы мойынның меншікті фасциясымен
жабылған; төменгі – мойынның беткей фасциясы; бүйірлік – сол және оң
екі қарыншалы бұлшықеттің алдыңғы қарыншасы.
Иекасты аймағында клетчатка (оның терасты қабаттары сол және оң
төменгі жақасты үшбұрышына өтеді), лимфа түйіндердің екі топтары
(төменгі жақтың төменгі жиегінің артында 2-4 түйін және тіласты
сүйегінде 1-2 түйін) болады.
Иекасты үшбұрышында аб сцесс пен флегмона дамуы мүмкін.
Иекасты үшбұрышының абсцесі мен флегмонасы бар науқастар
зақымданған аумақтың өздігінен ауырсынуына шағымданады: абсцесс
кезінде –орташа, флегмона кезінде – өспелі.
Иекасты аймағының абсцесі жайылған ісінудің пайда болуымен
сипатталады, тері бұл аймақта аздап инфильтрацияланған, қозғалмалы. 3-4
күннің ішінде тығыз инфильтрат пайда болады, пальпациялағанда аз
ауырады. Оның бетіндегі терісі жабысқан, қызыл түсті және жұқарады,
флюктуация байқалады.
Флегмона кезінде ауру басталғаннан-ақ иекасты үшбұрышында
жайылған инфильтрат анықталады, төменгі жақасты аймағы екі жағынан
да ісінеді. Ауыздың ашылуы еркін және тек, іріңді процесс айналасындағы
тіндерге таралғанда төменгі жақтың түсуі шектеледі, шайнау және жұтыну
кезінде ауырсынады. Инфильтрат жұмсарады, оның бетіндегі тері
жабысады, қатпарға жиналмайды, қызарады, ал пальпация кезінде –
флюктуация анықталады.
Иекасты аймағының абсцесі мен флегмонасы кезінде ауыз қуысының
65

66.

кілегей қабаты және тіласты қатпары өзгермейді.
Абсцесс пен флегмона кезінде хирургиялық әрекеттесулер төменгі
жақ жиегінің терісінен тіласты сүйегіне дейін немесе иек аймағына
параллель доға тәрізді тілік салумен сипатталады. Тері мен терасты
клетчаткасын ашқаннан кейін, жараның екі шетін тартып тұрып, ортаңғы
сызық бойымен терең жатқан тіндерге, жақ-тіласты бұлшықетіне дейін өту
керек. Соңғы оперативті жол косметикалық жағынан тиімді.
Иекасты аймағының флегмонасы инфекцияның төменгі жақасты
үшбұрышына, мойынның басқа да алдыңғы аймақтарына таралуымен
асқынуы мүмкін.
Құлақ маңы-шайнау аймағының абсцесі мен флегмонасы (құлақ
маңы-шайнау аймағының клетчаткалық кеңістігі). Қабыну төменгі үлкен
азу тістерден, сирек- кіші азу тістер мен жоғарғы үлкен азу тістерден
процестің таралуынан туындайды. Екніші рет бұл аймаққа инфекция ұрт
аймағынан, құлақ маңы сілекей безінен, самайасты шұңқырынан таралуы
мүмкін.
Құлақ маңы –шайнау аймағының шекаралары: жоғарғы – бет
доғасының және бет сүйегінің төменгі жиегі; төменгі – төменгі жақ
негізінің төменгі жиегі; алдыңғы – шайнау бұлшықетінің алдыңғы жиегі;
артқы – төменгі жақ бұтағының артқы жиегі.
Құлақ маңы-шайнау аймағында бет нервтері және құлақ маңы сілекей
бездері бар борпылдақ теріасты клетчаткасы болады. Аймақтан құлақсамай нервісі және бет нервісінің бағанасы, сыртқы ұйқы артериясы және
одан шығатын тармақтар, жақарты веналары, беткей және терең лимфа
түйіндері, меншікті шайнау бұлшықеті өтеді. Құлақ маңы-шайнау
аймағында 4 клетчаткалық кеңістік орналасқан: теріасты, апоневротика
астылық, бұлшықет астылық және жақарты шұңқырының кеңістігі.
Құлақ маңы-шайнау аймағында беткей және терең бөлімдері бар
шайнау бұлшықеті орналасқан. Оның фасциясы осы бұлшықет үшін
футляр түзеді, шайнау бұлшықеті фасциямен бірге бет доғасы мен
сүйегінен жоғары көтеріледі, төменгі жағындатөменгі жақтың шайнау
бұдырлы бұрышына бекиді. Төменг жақ бұтағы аймағында құлақ маңышайнау фасциясы сүйекүстімен тығыз бітіседі. Құлақ маңы-шайнау
аймағында шайнау бұлшықеттерінің сыртқы және алдыңғы беткейлерінің
аралығында, төменгі жақ бұтағының артқы жиегіне жақын және
орталығында борпылдақ клетчатка орналасады. Клетчатка тамырдың
бойымен шайнау бұлшықетінің алдыңғы және төменгі жағына таралады.
Артқа және жоғары қарай клетчатка жарты аймағының және қанатшатөменгі жақ кеңістігінің клетчаткасымен байланысып жатады. Венозы
жүйе бойынша ол төменгі жақ бұтағының
жоғарғы артқы бөлігімінен
самайасты шұңқырына және самай аймағына енеді. Бұл клетчетка алдыға
қарай төменгі жақ денесінің сыртқы беткейінің аралығында орналасқан
клетчаткамен байланысып жатады. Бұл анатомиялық ерекшеліктер құлақ
маңы-шайнау аймағында абсцес пен флегмонаның әртүрлі клиникалық
белгілерін және қабыну процесінің басқа аймақтарға таралуын анықтайды.
66

67.

Шайнау бұлшық етінің төменгі бөлігінің абсцесі кезінде өздігінен
пайда болатын ауырсыну сезіміне, ісіну мен ауыз ашылуының шектелуінің
пайда болуына шағымданады. Пальпацияда құлақ маңы-шайнау
аймағының төменгі бөлімдерінде тығыз ауырсынбалы инфильтрат
анықталады. Оның бетіндегі тері қатпарға қиын жиналады, түсі
өзгермейді. Ауыз ашылуы шектелген, шайнау бұлшық етінің қабынбалы
контрактурасы І-ІІ дәрежелі. Ауыз қуысы кіреберісінің артқы төменгі
бөлігінің кілегей қабаты ісінеді және шайнау бұлшық етінің алдыңғы
жиегінің төменгі жартысында ауырсыну және инфильтрат анықталады.
Іріңді ошақ фасцияның және шайнау бұлшық етінің
астында
орналасуынан флюктуация анықталмайды. Тіндер еріп кеткеннен кейін
және бұлшық еттің төменгі бөлігінің беткей қабатына іріңнің таралуынан
жұмсару байқалады.
Шайнау бұлшық еті аймағының флегмонасы өздігінен пайда болатын
ауырсынулармен, аузын ашқанда күшейе түсуімен сипатталады. Беттің бір
жартысында ісінудің жайылуынан беттің конфигурациясы бұзылады және
құлақ маңы-шайнау аймағында
тығыз, ауырсынбалы инфильтрат
анықталады. Инфильтраттың шекарасы шайнау бұлшық еттің деңгейінде
болады. Қабынбалы ісіну бет доғасы деңгейіне дейін таралады, ұрт
аймағын қамтиды, кейде самай аймағының төменгі бөлігіне және төменгі
қабаққа дейін көтеріледі және төменгі жақасты үшбқрышына түседі.
Инфильтраттың бетіндегі тері қалыпты түсте, керілген және қатпарға қиын
жиналады. Шайнау бұлшық етінің ІІІ дәрежелі қабынбалы
контрактурасының нәтижесінде ауыздың ашылуы күрт шектеледі. Ұрттың
кілегей қабаты ісінген және онда тістің іздері анық көрінеді. Шайнау
бұлшық етінің алдыңғы жиегін сипағанда тығыздану және ауырсыну
анықталады. Іріңді процестің шайнау бұлшық етінен тыс шығуы және
қабыну белгілерінің құлақ маңы-шайнау аймағының барлық тіндеріне
таралуы мұны флегмона деп диагностикалауға мүмкіндік береді. Процеске
сонымен қоса, төменгі жақ бұтағының артқы жоғарғы бөлімінің сыртқы
беткейіндегі клетчаткалық кеңістігі және бұлшық еттің беткей және терең
жатқан бөліктерінің аралығындағы клетчатка қатысады.
Құлақ маңы-шайнау аймағының флегмонасы кейде инфекцияның ұрт,
төменгі жақасты, қанатша-төменгі жақ, сирек – жұтқыншақ маңы кеңістігі
немесе самайасты шұңқыры аймағынан енген кезде дамиды. бұл аурудың
клиникалық суреті ауырлығымен сипатталады. Жайылған қабынбалы ісіну
самай аймағының төменгі бөлігінен төменгі жақасты үшбұрышына дейін
және құлақ қалқанынан мұрын-ерін жүлгесіне дейін таралады. төменгі жақ
бұтағының артқы жиегі және бұрышының контуры тегістеледі.
Инфильтрат тығыз, күрт ауырсынбалы, бетіндегі тері жабысқан, қатпарға
жиналмайды, қошқыл түсті. Тіндердің инфильтрациясы көбінесе жақтың
артына, ұрт аймағына таралады, ал қабынбалы ісіну көзасты, самай,
төменгі жақасты, бет аймақтарында байқалады. Ауырсыну көбінесе
инфильтраттың жоғарғы жағында анықталады. Ауыздың ашылуы күрт
шектеледі. Ұрттың кілегей қабаты ісінеді, шайнау бұлшық етінің алдыңғы
67

68.

жиегінде ауырсыну, инфильтрация анықталады.
Хирургиялық әрекеттесулер төменгі жақасты немесе жақтың артқы
аймағынан жасалады. Төменгі жақ бұрышы аймағындағы тіндер қабатқабатымен ашылады, шайнау бұлшық етінің төменгі бөлігі сүйектен
ажыратылады. Төменгі жақ бұтағының сыртқы беткейімен жоғары кіреді,
қажетіне қарай – бұлшық ет шумағының, құлақ маңы безі мен бұлшық
етінің арасынан кіруге болады. Құлақ маңы –шайнау аймағының
флегмонасы кезінде комбинирленген – төменгі жақасты және бетасты
жолы тиімді.
Беткей немесе терең құлақ маңы лимфа түйіндерінен дамыған
аденофлегмона қабынбалы жалқықтың бұлшық үстіндегі беткейде
орналасуымен ерекшеленеді. Мұндай жағдайларда төменгі жақ
бұрышындағы жара арқылы тұйық жолмен шайнау бұлшық етінің
беткейіне немесе сілекей безі мен тері арасына өтеді. Сілекей бездерінің
зақымдануын болдырмас үшін флюктуациясы көбірек аймаққа бет
нервісіне параллель радикальді тілік жасалады.
Құлақ маңы-шайнау аймағының флегмонасы қабыну белгілерінің ұрт,
бет, самай, төменгі жақасты, жақтың артқы аймағы, қанатша-төменгі жақ
кеңістігіне, самайасты шұңқырына таралуы таралуымен асқынуы мүмкін.
Шайнау бұлшық еті аймағындағы қабыну процесінің созылмалы ағымы,
уақытымен оперативті әрекеттердің жүргізілмеуі төменгі жақ бұтағының
кортикальді бөлігінің өлеттенуіне - екіншілік кортикальді остеомиелиттің
дамуына әкеледі.
Қанатша - төменгі жақ кеңістінің абсцесі мен флегмонасы.
Қанатша-төменгі жақ кеңістігінің іріңді зақымдануының себебі төменгі
үлкен азу тістер аймағындағы қабыну процестері, төменгі ақыл тістердің
қиын жарып шығуы болып келеді. Қанатша-төменгі жақ кеңістігінің
қабыну аурулары іріңнің жоғарғы жақ тістерінен таралуынан сирек
туындайды. Кейде іріңді процесс тіласты аймағынан, соның ішінде жақ-тіл
науасынан, төменгі жақасты үшбұрышынан, ауыз қуысы түбінінен, құлақ
маңы-шайнау аймағынан таралады.
Қанатша-төменгі жақ кеңістігінің шекаралары: сыртқы – төменгі жақ
бұтағы; ішкі – медиальді қанатша тәрізді бұлшықет; жоғарғы – латеральді
қанат тәрізді бұлшықет.
Кеңістік алдыңғы жағынан қанатша-төменгі жақ тігісіне бекитін ұрт
бұлшық етімен шектеледі, артқы жағынан- құлақ маңы сілекей безі
жартылай жауып жатады.
Қанатша-төменгі жаққ бұлшық ет кеңістігі борпылдақ клетчаткадан
тұрады, ол әртүрлі жерлерде айналасындағы клетчаткалық кеңістікпен:
медиальді қанат тәрң\ізді бұлшық еттің саңылауы арқылы – төменгі
жақасты аймағымен және жұтқыншақ маңы кеңістігінің алдыңғы
бөлігімен; жоғарғы жағынан- самай, самайасты және қанатща-таңдай
шұңқырымен, төменгі жағынан – төменгі жақасты үшбұрышымен
байланысып жатады, жоғарғы алдыңғы бөлігінде оған ұрттың май
түйіршігі енеді.
68

69.

Абсцесс кезінде қабыну белгілері баяу және біртіндеп ұлғая түседі,
науқастар ауырсынуға, жұтыну кезінде оның күшейе түсуіне
шағымданады.
Абсцесс кезінде қабыну белгілері қанатша-төменгі жақ кеңістігіндегі
кеңістіктерді және кейде тек, оның ортаңғы бөлігін қамтиды. Сыртынан
қарағанда, абсцесс кезінде қабыну белгілері болмауы мүмкін, төменгі
жақасты үшбұрышында ауырсынбалы лимфа түйіндері байқалады.
Ауыздың ашылуы ІІІ дәрежелі қабынбалы контрактураның нәтижесінде
күрт шектеледі. Ауыз қуысында қанатша-төменгі жақ қатпары бойында
күрт ауырсынбалы инфильтрат анықталады. Бұл аймақтағы кілегей қабат
күрт гиперемирленген және ісінген, көбінесе, ісік таңдай-тіл доғасына
өтеді.
Қанатша-төменгі
жақ
қуысының
флегмонасы
қабыну
симптомдарының жылдам өсе түсуімен сипатталады. Жиі – іріңді процесс
2-3 күннің ішінде осы кеңістіктің клетчаткасына таралады. Осында
орналасқан лимфа түйіндері бір-бірімен жабысады, кейде самай
аймағының төменгі бөлігінде ісіну пайда болады. кейде инфильтрация
жұтқыншақтың бүйір қабырғасына және тіласты аймағының дистальді
бөлігіне таралады.
Қанатша-төменгі жақ кеңістігінің іріңді қабыну ауруларында
хирургиялық әрекеттер ауыз қуысының ішінен, немесе сыртынан
жасалады. Қанатша-төменгі жақ кеңістігінің абсцестері қанатша-төменгі
жақ қатпарына параллель, аздап оның сыртқы бағытына қарай ұзындығы 2
см, скальпелмен 0,5-0,75 см тілік жасау арқылы ашылады. Егер ірің
болмаса, онда жараға кіріп, тіндерді жылжытып, іріңді ошақтың шығуына
жол береді. Бұл жол қанатша-төменгі жақ кеңістігін толығымен ашуға
мүмкіндік бермейді және оны көбінесе абсцесс кезінде қолданады.
Қанатша-төменгі жақ кеңістігінің флегмонасы жұтқыншақ маңы
кеңістігіне, төменгі жақасты ұшбұрышына, құлақ маңы шайнау, самай
аймағына, самайасты шұңқырына іріңді процестің таралуымен асқынуы
мүмкін. Кейде осы аймақтың абсцесі мен флегмоналары процестің сүйекке
таралуымен төменгі жақ бұтағының ішкі беткейіндегі сүйекүстінің
өлеттенуіне әкелуі мүмкін, соның нәтижесінде екіншілік кортикальді
остеомиелит дамиды.
Жұтқыншақ маңы кеңістігінің абсцесі мен флегмонасы.
Жұтқыншақ маңы кеңістігіндегі іріңді процесс жиі- жедел, сирек –
созылмалы тонзиллиттің асқынуына туындауы мүмкін. Бұл кеңістіктің
одонтогенді инфекция көзі төменгі үлкен азу тістер, кейде жоғарғы жақ
тістері болады. Көбінесе жұтқыншақ маңы кеңістігі инфекция төменгі
жақасты үшбұрышынан, тіласты, жақтың артқы аймағынан, сондай-ақ
қанатша-төменгі жақ кеңістігінен таралуы мүмкін.
Жұтқыншақ маңы кеңістігі жұтқыншақтың артында және бүйірінде
орналасады.
Жұтқыншақ маңы кеңістігінің шекаралары: ішкі – жұтқыншақтың
бұлшықет қабығы; сыртқы – медиальді қанат тәрізді бұлшықет және құлақ
69

70.

маңы сілекей безінің терең жұтқыншақ бөлігі; алдыңғы – қанатшааралық
фасция және медиальді қанат тәрізді бұлшық еттің ішкі беткейі; артқы –
омыцртқа алды фасциясынан жұтқыншақтың бұлшықет қабатына өтетін,
бүйірлік фасциальді өсінділер.
Біз-тіл, біз-жұтқыншақ, біз тіласты бұлшық еттері және
айналасындағы фасциялар жұтқыншақ маңы кеңістігін алдыңғы және
артқы бөліктерге бөліп жатады.Жұтқыншақ маңы кеңістігінің алдыңғы
бөлімінде борпылдақ және май клетчаткалары болады, оның жоғарғы
бөлімінде қанат тәрізді венозды өрім жатады. Кеңістіктің артқы бөлігінде
ішкі ұйқы артериясы, ішкі мойылдырық венасы, ІХ,Х,ХІ,ХІІ бас нервтері,
лимфа түйіндері орналасады. Одан басқа, кейбір науқастарда бұл жерде
жоғарғы мойын симпатикалық түйіндер орналасады. Жұтқыншақ маңы
кеңістігінің артқы бөлімін омыртқа алдылық фасция жұтқыншақ арты
кеңістігін бөледі, ол жұтқыншақ пен бастың ұзын бұлшық еттерінің арты
мен ортасында орналасады. Жоғарғы жағында ол VI мойын омыртқасына
және бас негізіне жетеді. Жұтқыншақ арты кеңістігінің ортаңғы сызығы
бойымен аралық перде сол және оң бөлімдеріне бөлінеді. Жұтқыншақ
маңы кеңістігінде орналасқан клетчатка, қанат-таңдай шұңқыры, самай,
тіласты аймағымен, төменгі жақасты үшбұрышымен байланысады.
Жұтқыншақ маңы кеңістігінің абсцесі мен флегмоналары бөліп
қарастырылады. Жұтқыншақ маңы кеңістігінің қабыну процестері жұтыну
кезінде өспелі ауырсыну сезімімен сипатталады.
Абсцесс кезінде төменгі жақ бұрышы тіндерінің аздаған ісінуі, лимфа
түйіндердің ұлғаюы болады. Ауыздың ашылуы күрт шектелген және
ауырсынбалы. Шпатель, стоматологиялық айнаның көмегімен ауыз қуысы
мен аңқаны қарауға болады, онда жұмсақ таңдайдың ісінуі мен
гиперемиясы байқауға болады: таңдай-тіл және таңдай-жұтқыншақ
доғалары, таңдай тілшігі, жұтқыншақтің бүйір қабырғасынның ісінуі.
Жұтқыншақ маңы кеңістігінің флегмонасы жұтынғанда ауырсынумен,
тыныс алудың қиындауымен, жалпы жағдайының нашарлауымен,
қалтырау және басқа да интоксикация белгілерінің пайда болуымен
ерекшеленеді. Төменгі жақ бұрышының астында пальпациялағанда терең,
ауырсынбалы инфильтрат анықталады. Кейбір науқастардың самай
аймағында ісіну пайда болады. Медиальді қанат тәрізді бұлшық еттің ІІІ
дәрежелі қабынбалы контрактурасына байланысты ауыздың ашылуы күрт
шектеледі. Ауыз қуысын қарау қиындайды. Жуан шпательді жоғарғы және
төменгі тістердің арасына салып, оны бұрамыз және жұтқыншақты
қараймыз. Қанатша-төменгі жақ қатпарының, жұмсақ таңдайдың кілегей
қабаты қызарады және ісінеді, таңдай тілшесі сау жаққа қарай ығысады.
Инфильтрат жұтқыншақтың бүйір қабырғасына таралады, ол аздап ісінеді,
ісіну - тіласты қатпарының, тілдің, жұтқыншақтың артқы қабырғасының
кілегей қабатына таралады.
Жұтқыншақ маңы кеңістігінің флегмонасын диагностикалай отырып,
төменгі жақасты үшбұрышынан инфекцияның таралуында процестің жиі
дамитыныны ескеру керек. Ауыз ашылуының шектелуі, жұтыну кезінде
70

71.

ауырсынудың күшейе түсуі пайда болғанда ауыз қуысы мен жұтқыншақты
мұқият тексеру керек.
Жұтқыншақ маңы кеңістігінің абсцесін медиальді қанатша-төменгі
жақ қатпарының кілегей қабатына параллель, ұзындығы 1,5-2см және
тереңдігі 0,75 см ауыз ішілік әдіспен тілік салынады. Одан әрі тұйық
жолмен іріңдікке кіріп, оны ашады. Іріңнің жақсы шығуы үшін ауыз
сыртылық жолмен кіру тиімді әдіс болып табылады. Жұтқыншақ маңы
флегмонасында тек ауыз сыртылық әдістер қолданылады. Тері және
теріасты клетчаткасына тілік жасалады, сосын төменгі жақ бұрышы
аймағындағы тіндерді ығыстырып, сүйектің жиегіне дейін жетеді,
жұтқыншақ маңы кеңістігінің медиальді қана тәрізді бұлшық еттен
жұтқыншақ констрикторының ортасына дейін өтеді, жалқықтың шығуына
жағдай жасайды. Жұтқыншақ маңы кеңістігінің флегмонасын ашу кезінде
қанатша –төменгі жақ кеңістігіне және тіласты аймағына өту керек. Осы
аймақтардың бірінде ірің немесе тіндердің некрозы анықталғанда жақ-тіл
бұлшық етінің дистальді бөлігі кесіледі және медиальді қанат тәрізді
бұлшық ет толығымен кесіледі, сондай-ақ төменгі жақасты сілекей безі
алға қарай ығыстырылады. Некротомия жасалады және процеске енетін
кеңістіктердің барлығына дренаж қойылады.
Жұтқыншақ маңы кеңістігіндегі қабыну процесі жұтқыншақтың
алдыңғы аралығына таралуы мүмкін. Процеске мойынның латеральді және
алдыңғы аймақтарының қосылуы инфекцияның кеуде қуысына таралуына
әкеледі.
Қанат тәрізді венозды өрімнің жұтқыншақ кеңістігіне ығысуы іріңді
процестің бас миына және ми қабықшасына ретроградты таралуына
әкелуі мүмкін.
Тіласты аймағының абцесі мен флегмонасы (тіласты
клетчаткалық кеңісті). Тіласты аймағының одонтогенді іріңді процестері
инфекцияның төменгі жақ одонтогенді ошақтардан және оның
айналасындағы аймақтардан таралуынан дамиды: төменгі жақасты,
жұтқыншақ маңы, қанатша-төменгі жақ кеңістігі.
Тіласты аймағының шекаралары: төменгі – жақ тіласты бұлшықеті
немесе ауыздың диафрагмасы; жоғарғы – ауыз қуысының кілегей қабаты;
сыртқы – төменгі жақ денесінің ішкі беткейі; ішкі – иек-тіл және иектіласты бұлшықеті.
Тіласты кеңістігінде тіласты сілекей безі, төменгі жақасты сілекей
безінің түтігі, тіл веналары, артериялары, нервісі, тіласты нервісі
орналасады. Тіласты аймағының топографиясы төменгі жақтың пішініне
байланысты. Төменгі жақ кеңістігі ұзын және жіңішке болғанда, ені
кішкентай, бірақ ұзын болады.
Жақ-тіласты бұлшықетінің артқы жиегінің артында, төменгі жақасты
сілекей безі және оның түтігі аймағының айналасында тіласты
клетчаткалық кеңістігі төменгі жақасты үшбұрышының клетчаткасымен,
жұтқыншақ маңы және қанатша-төменгі жақасты кеңістігімен
байланысты.
71

72.

Тіласты аймағының құрамына үш кеңістік кіреді: ортаңғы, ол иек-тіл
бұлшықеттерінің аралығында орналасқан және екі бүйір – иек-тіл
бұлшықеті мен тіл-тіласты бұлшықеттерінің аралығында орналасқан.
Тілдің бүйір беткейі мен төменгі жақ денесінің үлкен азу тістер
деңгейі аралығында орналасқан тіласты аймағының дистальді бөлігі жақтіл науасы деп аталады.
Тіласты аймағының абсцестері: алдыңғы және артқы бөліктерге (жақтіл науасы), сонымен қоса, тіласты аймағының флегмонасы болып
бөлінеді. Қабыну процесі жақ-тіл науасы аймағында жиі кездеседі. Ол
төменгі үлкен азу тістердің жедел периодонтитінде немесе созылмалы
периодонтиттің өршуінде туындауы мүмкін.
Тіласты аймағының алдыңғы бөлігінің абсцесі өздігінен пайда
болатын ауырсынуға шағымданумен, жұтынғанда және тілді қозғалтқанда
ауырсынудың күшейе түсуімен сипатталады; процеске клетчаткалық
кеңістіктер қатысқанда, төменгі жақасты немесе иекасты аймағында ісіну
пайда болады. Аузы еркін ашылады. Тіласты аймағының алдыңғы
бөлігінде тіласты білігінің ісінуі байқалады, тығыз және күрт
ауырсынбалы. Оның бетіндегі кілегей қабаты гиперемирленген және
ісінген. Қабынбалы ісіну белгілері альвеолярлы өсіндісін, тіласты
қатпарын, тілдің төменгі беткейін жауып жататын кілегей қабатқа
таралады.
Жақ-тіл науасының абсцесі кезінде науқастар жұтынғанда және тілін
қозғалтқанда күрт ауырсынуға, аузының ашылуының шектелуіне
шағымданады. Төменгі жақасты үшбұрышының артқы бөлігінде ісіну
болады. Бұл аймақтағы тері өзгермейді. Төменгі жақасты лимфа түйіндері
ұлғаяды және ауырсынады. Қабыну процесінің медиальді қанат тәрізді
бұлшықеттің төменгі бөлігіне таралуы төменгі жақтың қабынбалы
контрактурасын және ауыздың ашылуының шектелуін түзеді.
Ауыз қуысының кіберісінде өзгерістер байқалмайды. Шпательдің
көмегімен төменгі жақты ашып, тіласты аймағын және жақ-тіл науасын
қарауға
болады.
Тіласты
қатпарының
кілегей
қабаты
күрт
гиперемияланған, ісінген және тегістелген. Бұл аймақтағы тіндер күрт
ауырсынбалы, инфильтрацияланған және флюктуация анықталады.
Тіласты аймағының флегмонасы көбінесе, бір жақты, кейде екі жақты
болады. Бір жақты флегмона кезінде науқастар өздігінен ауырсынуға,
жұтыну кезінде ауырсынуға, тілін қозғалта алмауына, аузының
ашылуының шектелуіне шағымданады. Сыртынан тексергенде, иекасты
және төменгі жақасты үшбұрышы аймағының коллатеральді ісінуінен,
соған қоса, ауыз диафрагмасы қабынбалы жалқықтың қысымының
әсерінен оның төменге ығысуынан аздаған жайылған ісіну байқалады.
Тіласты аймағының екі жақты флегмонасы иекасты және төменгі жақасты
үшбұрышының екі жағында ісінуідің болуымен ерекшеленеді. Ісінудің
бетіндегі терінің түсі қалыпты, қатпарға жиналады. Лимфа түйіндері
ұлғаяды және ауырсынбалы болады. Іріңді ошақтың терең орналасуынан
төменгі жақастыжәне иекасты үшбұрышындағы флюктуация сипағанда
72

73.

анықталмайды.
Қабыну белгілері тіласты аймағының алдыңғы бөлігінде
орналасқанда, ауыздың ашылуы аздап шектелуі мүмкін. Флегмона
таралмалы болғанда ішкі қанат тәрізді бұлшықеттің контрактурасы анық
көрінеді.
Ауыз қуысында ісінудің нәтижесінде тіласты қатпары көтеріледі,
тілдің бір жағында ұлғайған ісіну пайда болады.
Тіласты аймағы екі жағынан зақымданғанда, ауыз қуысында тіласты
қатпары инфильтрацияланады, алдыңғы тістердің кесу қырына дейін
көтеріледі және тегістеледі. Тіласты қатпарының беткейіндегі кілегей
қабаты фибринозды қақпен жабылады. Тіл көлемі жағынан ұлғаяды,
таңдайға дейін көтеріледі, кейде ауыз қуысына сыймайды және науқас
аузын жартылай ашып жүреді. Жұтыну, сөйлеу, тілді қозғалту кезінде күрт
ауырсынады, ал кейде бұларды істеу мүмкін емес.
Тіласты аймағының алдыңғы бөлігінің абсцесін ауыз қуысының
ішінен тіласты қатпарының кілегей қабатына ұзындығы 1,5-2см тілік
жасалады. Одан кейін тұйық жолмен ісінуге қарай өтеді, жалқықты
шығаруға мүмкіндік жасалады. Осы жерден өтетін төменгі жақасты
сілекей безінің түтігіне және оның шығу тесігіне аса назар аудару керек.
Тіл нервісі, тіл
артериясы мен венасын жарақаттап алмас үшін
скальпелдің өткір қырын альвеолярлы өсіндіге қарай бағыттаймыз. Егер
кілегей қабатты кескеннен кейін ірің бөлінбесе, онда тұйық жолмен терең
жатқан тіндерге өтіп, іріңдікті ашады.
Флегмонаны ауыз қуысының ішінен альвеолярлы өсіндінің кілегей
қабатына ұзындығы 4-5 см тілік жасап, ашады. Екі жақты флегмонаны екі
тілік жасау арқылы ашады, кейбір жағдайда тілік төменгі жақасты
үшбұрышының тері жамылғысы жағынан, жақ-тіласты бұлшықетке дейін
және оны кесу арқылы жасалады. Қабыну ошақтарын ауызішілік және
ауызсыртылық кіру жолдарымен ашуды қосарластыру жақсы нәтиже
береді.
Қабыну белгілерінің тіласты аймағынан, жақ-тіл науасынан төменгі
жақасты үшбұрышына, сондай-ақ ауыз қуысы түбінің барлық тіндеріне
таралуы өмір үшін қауіпті асқынуларға әкелуі мүмкін.
Жақсүйекарты
аймағының
абсцесі
мен
флегмонасы
(жақсүйекарты шұңқыры). Жақсүйекарты аймағында іріңді процесс
инфекцияның қанатша-төменгі жақ және жұтқыншақ маңы кеңістігінен,
сирек – құлақ маңы-шайнау аймағы мен төменгі жақасты үшбұрышынан
таралуынан дамиды.
Жақсүйекарты аймағының шекаралары: жоғарғы – сыртқы есту
жолының төменгі қабырғасы және самай-төменгі жақ буынының қабы;
төменгі – төменгі жақтың төменгі жиегі, алдыңғы –төменгі жақ бұтағының
алдыңғы жиегі және ішкі қанат тәрізді бұлшықет; артқы – самай сүйегі
пирамидасының емізікше тәрізді өсіндісі және төс-бұғана- емізікше тәрізді
бұлшыет; ішкі – самай сүйегі пирамидасының біз тәрізді өсіндісі; сыртқы –
шайнау фасциясы.
73

74.

Жақсүйекарты аймағында құлақ маңы сілекей безінің дистальдітөменгі бөлігі орналасады. Жақсүйекарты аймағы жұтқыншақ маңы және
қанатша-төменгі жақ кеңістігімен байланысып жатады.
Жақсүйекарты аймағының абсцесі мен флегмонасы ажыратылады.
Жақсүйекарты аймағындағы қабыну аурулары өздігінен пайда
болатын ауырсынудың күшеюімен, ауыздың ашылуының шектелуімен
сипатталады. Сыртынан қарағанда және пальпациялағанда, төменгі жақ
бұтағының артында тығыз ауырсынбалы ісіну байқалады, оның контуры
тегістеледі. Бетіндегі тері жабысқан, қатпарға жиналмайды, түсі ал-қызыл
болады. Есту жолдарында жағымсыз сезімдер, зақымданған жақта естудің
төмендеуі байқалады.
Жақсүйекарты аймағының абсцесі мен флегмоналары төс-бұғанаемізікше тәрізді бұлшыетінің алдыңғы жиегіне параллель және төменгі
жақ бұтағының алдыңғы жиегінен алшақтап, ұзындығы 5-7 см тілік
жасалып, ашылады. Тері мен фасция кесіледі, тіндер ығыстырылады және
тұйық жолмен жақсүйекарты шұңқырының негізіне өтеді. Бұл аймақта
құлақ маңы сілекей безінің және бет нервісі бағанасының орналасуын
оларды жарақаттап алмас үшін ескеру керек.
Жоғарғы жақ тіндерінің абсцесі мен флегмонасы.
Көзасты аймағының абсцесі мен флегмонасы (көзасты
клетчаткалық кеңістік). Қабыну инфекцияның жоғарғы ит тіс пен
бірінші кіші азу тістерден, сирек – жоғарғы бүйір күрек тіс немесе екінші
кіші азу тістерден таралуынан дамиды. Көзасты аймағында процесс
инфекцияның ұрт аймағынан таралуынан туындауы мүмкін.
Көзасты аймағының шекаралары: жоғарғы – көз шарасының төменгі
жиегі; төменгі – жоғарғы жақтың альвеолярлы өсіндісі; ішкі – алмұрт
тәрізді тесіктің жиегі; сыртқы – бет-жоғарғы жақ тігісі. Бұл жерде
орналасқан ымдау бұлшықеттерінің аралығында үш клетчаткалық кеңістік
орналасқан.
Беткейлік көзасты клетчаткасы көздің домалақ бұлшықеті мен
жоғарғы еріннің шаршы бұлшықетінің арасында орналасады. Онда бет
артериясы мен венасы, бет нервісінің беттік бұтағы болады. Екінші қабаты
ит тіс шұңқырының клетчаткасынан, ал артқы жағы – ауыз бұрышын
көтеретін бұлшықеттен тұрады. Клетчатканың үшінші терең қабаты
көзасты жиегі деңгейінде төмен түседі және көзасты түтігінен шығатын
тамыр -нерв шоғыры мен кіші қазтабан нерв шоғыры орналасады.
Көзасты аймағының клетчаткалық қабаттары өзара және ұрт аймағы мен
мұрынның бүйір беткейінің клетчаткасымен байланысты.
Көзасты аймағының абсцесі, немесе ит тіс шұңқырының абсцесі және
көзасты аймағының флегмонасы ажыратылады.
Ит тіс шұңқырының абсцесі кезінде науқастар зақымданған аймақтың
ауырсынуына шағымданады. Ит тіс шұңқырының абсцесі бастапқыда
жоғарғы жақтың алдыңғы беткейі аймағының жедел іріңді периоститін
еске түсіруі мүмкін. Көзасты және ұрт аймағында, жоғарғы ерінде ісіну
74

75.

пайда болады. Мұрынның қанаты аздап көтеріледі, мұрын-ерін жүлгесі
тегістеледі. Ісіну жұмсақ, аз ауырсынады, терінің түсі өзгермейді, тері
қатпарға жиналады.
Ауыз қуысы кіреберісінің жоғарғы қабаты тегістелген, оның бетіндегі
кілегей қабаты гиперемияланған және ісінген болады. Пальпация кезінде
түбінде ауырсынбалы аймақ анықталады. Ол бимануальді пальпацияда
нақты анықталады.
Көзасты аймағының флегмонасында өздігінен пайда болатын, көзге,
самайға берілетін күрт ауырсыну сезімінің пайда болуы байқалады.
Сонымен қоса, бет аймағына, жоғарғы ерінге, төменгі, кейде жоғарғы
қабаққа таралатын көзасты, ұрт аймақтарының диффузды ісінуі тән.
Жоғарғы жақ денесінің алдыңғы беткейіндегі тіндер инфильтрацияланған,
пальпацияда ауырсынбалы болады. Инфильтрат бетіндегі тері ашық-қызыл
түсті, жабысқан, қатпарға қиын жиналады.
Ауыздың кіреберісінің жоғарғы саңылауында қабынбалы өзгерістер
абсцеске қарағанда, неғұрлым жайылған болады.
Көзасты аймағының абсцесін жоғарғы жақ денесінің алдыңғы
беткейіне сәйкес ауыз кіреберісінің жоғарғы саңылауынан тілік жасау
арқылы ашады. Әрі қарай тұйық жолмен ит тіс шұңқырына еніп, іріңді
шығарады.
Көзасты аймағының абсцесі мен флегмонасы кезінде хирургиялық
әрекеттесулер – екінші күрек түстен екінші кіші азу тіске немесе бірінші
үлкен азу тіске дейін тілік салынады, тұйық жолмен жоғарғы жақтың
алдыңғы беткейімен өту арқылы жоғарғы жақ денесін саусақпен тексеріп
отырып, көзасты жиегіне жетеді. Ауыз қуысындағы жарадан ірің
жеткіліксіз шыққанда немесе жалқық тері жамылғысына жақын
орналасқанда, жоғарғы жақ денесінің көзасты жиегіне параллель тілік
жасалады. Сондай-ақ флегмонаны мұрын-ерін жүлгесіне тері арқылы тілік
жасап ашуға болады.
Көзасты аймағынан іріңді процесс көбінесе ұрт, бет аймағына
таралады, кейде процесске көз шарасы клетчаткасы қатысады. Инфекция
бет венасының бойымен таралып және тромбофлебит туындауымен қатты
ми қабықшасына ауысады.
Ұрт аймағының абсцесі мен флегмонасы ( ұрттың клетчаткалық
кеңістігі). Ұрт аймағының іріңді ауруларының себебі жоғарғы немесе
төменгі үлкен немесе сирек – кіші азу тістерден инфекцияның таралуы
болып келеді. Кейде ұрт аймағының абсцесі немесе флегмонасы жоғарғы
және төменгі жақтың жедел іріңді периоститінің асқынуы ретінде дамиды.
Кейбір жағдайда көзасты, құлақ маңы-шайнау және самайасты шұңқыры
аймағынан инфекцияның таралуынан ұрт аймағы зақымданады.
Ұрт аймағының шекаралары: жоғарғы – бет сүйегінің төменгі жиегі;
төменгі – төменгі жақ денесінің төменгі жиегі; алдыңғы – көзасты аймағы,
ауыз және иек үшбұрышы аймағы; артқы –шайнау бұлшықетінің алдыңғы
жиегі.
Ұрт аймағында беткей және терең клетчаткалық кеңістіктер
75

76.

орналасады. Клетчатка күлкі бұлшықеті, мойынның терасты бұлшықеті
арасында орналасып, беткейлік кеңістік түзеді; фасциямен
және
кілегейасты негізбен жабылған ұрт бұлшыетінің аралығында терең
клетчаткалық кеңістік орналасады.
Ұрт аймағының құрамына ұрттың май түйіршігі кіреді, ол фасциальді
футлярмен жабылған, бірақ өсінділері болады, олар құлақ маңы-шайнау
аймағына, самай, самайасты, қанатша-төменгі жақ кеңістігіне енеді. Бұл
өсінділер жолдар болып келеді, олар арқылы инфекция ұрт аймағынан
көрші аймақтарға таралады. Сонымен қоса, ұрт аймағында үлкен бет
бұлшықеті, ауыз бұрышының бұлшықет өрімі, ауыз бұрышы мен төменгі
ерінді түсіретін бұлшықеттер, ұрттың лимфа түйіндері, бет венасы,
артериясы, құлақ маңы сілекей безінің түтігі және теріасты май
клетчаткасы мен кілегейасты тін болады.
Ұрт аймағының абсцесі кезінде науқастар аздаған жергілікті
ауырсынуға, пальпация кезінде күшейе түсуіне шағымданады. Іріңді ошақ
тері мен ұрт бұлшықеті аралығындағы клетчаткада орналасады. Мұндай
жағдайларға ұрт аймағының жоғарғы немесе төменгі аймақтарына
орналасатын, шектелген, домалақ пішінді инфильтраттың болуы тән.
Инфильтрат терімен жылдам жабысады, оның түсі қарқынды-қызғылт
немесе қызыл болады. Пальпациялағанда флюктуация анық байқалады.
Теріасты абсцесінің жоғарғы жақта орналасуы айналасындағы тіндердің
айқын ісінуімен сипатталады, флюктуация үнемі анықтала бермейді, тек
ауырсынбалы аумақ ғана пальпацияланады. Көбінесе процестің ағымы
баяу және созылмалы болады. Іріңдіктің қалыптасуы 1-2 аптаға және көп
уақытқа созылады. Ұрт бұлшықеті мен ұрттың кілегей қабатының
аралығындағы клетчаткада орналасқан іріңдік ісінумен ерекшеленеді.
Терінің түсі қызғылт, қатпарға қиын жиналады. Ұртты сипағанда жоғарғы
жақтың альвеолярлы өсіндісіне жабысқан тығыз инфильтрат анықталады.
Ұрттың кілегей қабаты күрт гиперемияланған, ісінген, онда тістің іздері
көрінеді, ауырсыну аумағы байқалады. Ауру басталғаннан кейін 2-3 күннің
ішінде инфильтраттың ортаңғы бөлігі жұмсарады және флюктуация
түзіледі. Кейде өзара байланысты жұмсарған ошақтар түзіледі.
Ұрт аймағының флегмонасы кезінде науқастар күрт, өздігінен пайда
болатын ауырсынуға, ауызды ашқанда және шайнау кезінде оынң күшейе
түсуіне шағымданады. Ұрт аймағында инфильтрат, айналасындағы
тіндердің айқын ісінуі пайда болады, ол жоғарғы және төменгі қабақтарға
таралады, соның нәтижесінде көз саңылауы тарылады немесе толық
жабылып қалады. Ұрт аймағындағы тері қызыл түсті, инфильтрацияланған
болады, қатпарға жиналмайды. Ұрттың кілегей қабатының, ауыз
кіреберісінің жоғарғы және төменгі саңылауының ісінуі мен гиперемиясы
байқалады. Көбінесе кілегей қабат ісінеді және онда тістердің іздері
қалады.
Ұрт аймағының беткей орналасқан абсцесін тері жамылғысы жағынан
флюктуация орналасқан аймақтан ашады. Тілік ауыз қуысы кіреберісінің
жоғарғы, сирек –төменгі саңылауынан жасалады және тұйық жолмен
76

77.

іріңдіктің қуысына өтеді. Жарадан ірің жеткіліксіз шыққанда тері жағынан
кіру көрсетіледі. Кейде іріңді ошақты екі жағынан , яғни ауызішілік және
ауызсыртылық әдіспен ашу қолданылады.
Іріңді процесс ұрт аймағынан құлақ маңы-шайнау аймағына, самай
шұңқырына, самай аймағына және қанатша-төменгі жақ кеңістігіне
таралуы мүмкін.
Самайасты шұңқырының абсцесі, самайасты және қанат-таңдай
шұңқырының флегмонасы. Самайасты жәнеқанат-таңдай бұлшықетінің
қабыну процестері өздігінен ерекшеленеді. Олардың себебі көбінесе
жоғарғы ақыл тіс, сирек – екінші немесе бірінші ұлкен азу тістер болып
табылады. Инфекция жоғарғы жақ бұдырының тіндеріне таралады және
осы жерден самайасты және қанат-таңдай шұңқырына ауысуы мүмкін.
Самайасты шұңқырындағы қабыну процесі туберальді анестезия жасау
кезінде инфицирленуінен, оның техникасы дұрыс жүргізілмегенде және
қанат тәрізді венозды өрімнің жаралануынан туындауы мүмкін, соның
нәтижесінде гемотома дамиды және іріңдейді. Сондай-ақ самайасты және
қанат-таңдай шұңқырының іріңді аурулары процестің қанатша-төменгі
жақ және жұтқыншақ маңы кеңістігіне таралуынан дамиды. Самайасты
және қанат-таңдай шұңқырының клетчаткалық түзілімінің арасындағы
тығыз анатомиялық байланыс бұл жерде дамып келе жатқан іріңді қабыну
процестерінің нақты орналасуын анықтауға мүмкіндік бермейді.
Самайасты аймағы бассүйек негізінде орналасады. Оның шекаралары:
жоғарғы – сына тәрізді сүйектің үлкен қанатының самай беткейі, ішкі –
сына тәрізді сүйектің қанат тәрізді өсіндісінің латеральді пластинкасы;
алдыңғы – жоғарғы жақ бұдыры; сыртқы – төменгі жақ бұтағы және самай
бұлшықетінің төменгі бөлігі.
Самайасты шұңқыры қанат-таңдай кеңістігіне қарай жатады, ол
сыртынан – самай бұлшықетінің төменгі бөлігімен және ішкі жағынан –
латеральді қанат тәрізді бұлшықетпен шектеледі. Бұл кеңістіктерде қанат
тәрізді венозды өрім, жоғарғы жақ артериясы және төменгі жақ нервісі
болады. Самайасты шұңқырынан артқа және тқмен қарай қанатаралық
кеңістік орналасады, ол осы аймақтан шығатын латеральді және медиальді
қанат тәрізді бұлшықеттермен шектеледі. Самайасты аймағы жоғарғы
жағынан самай аймағымен байланысады, артқы және сыртқы жағынан
жақсүйекарты аймағымен шектеледі, төменгі және сыртқы жағынан –
қанатша-төменгі жақ және жұтқыншақ маңы кеңістігімен байланысады.
Самайасты шұңқырының ішкі жағында онымен байланысатын қанаттаңдай шұңқыры орналасады. Қанат-таңдай шұңқырының шекаралары:
алдыңғы – төменгі жақ денесінің самайасты беткейі; артқы – сына тәрізді
сүйектің үлкен қанатының жоғарғы жақ және көз беткейі; төменгі – қанат
тәрізді түтіктің қзегі; ішкі – таңдай сүйегінің перпендикулярлы
платинкасының жоғарғы жақтық беткейі. Қанат-таңдай шұңқыры
клетчаткаға толы болады, онда жоғарғы жақ артериясы, жоғарғы жақ
нервісі, жоғарғы жақ нервісінің қанат-таңдай түйіні орналасады. Қанаттаңдай шұңқыры төменгі көз саңылауы арқылы көз шарасымен, домалақ
77

78.

тесікпен байланысады. Бұл жолдар инфекцияның венозды жүйе бойынша
және сүйек-ми қуысына таралуын анықтайды.
Самайасты
шұңқырының
абсцесі,
самайасты
шұңқырының
флегмонасы және самайасты және қанат-таңдай шұңқырының флегмонасы
ажыратылады.
Самайасты шұңқырының абсцесінде іріңдік көптеген жағдайда
жоғарғы жақ денесінің самайасты беткейінде, латеральді және медиальді
қанат тәрізді бұлшықеттердің аралығында орналасады. Өздігінен
туындайтын ауырсыну сезімі, ауыз ашылуының шектелуі тән. Клиникалық
тұрғыдан, осылай орналасуда бет конфигурациясының сыртқы өзгерістері
жоқ. Ауыз кіреберісін қарағанда, үлкен азу тістер деңгейінде өтпелі
қатпардың кілегей қабатының ісінуі мен гиперемиясыбайқалады.
Сипағанда жоғарғы саңылау аймағынан, жоғарғы жақ пен төменгі жақ
бұтағының ортаңғы бөлігінде инфильтратты анықтауға болады.
Самайасты шұңқырының флегмонасында ауырсынудың күшеюі,
олардың самай мен көзге таралуы байқалады. Көбінесе ауырсыну жұтыну
кезінде күшейе түседі.
Сыртынан қарағанда самайдың төменгі бөлігінде және құлақ маңышайнау аймағының жоғарғы бөлігінде құм сағат тәріздес қабынбалы ісіну,
сондай-ақ
көзасты, ұрт аймағында коллатеральді ісіну байқалады.
Жұмсақ тіндер ауырсынбалы, қатпарға қиын жиналады, түсі өзгермейді.
Шайнау бұлшықеттерінің қабынбалы контрактурасы айқын көрінеді. Ауыз
қуысында осындай өзгерістер абсцесс кезінде де байқалады, бірақ кейде
ауыз кіреберісінің жоғарғы саңылауында ауырсыну, кілегей қабатының
гиперемиясы мен ісінуі болады.
Самайасты және қанат-таңдай шұңқырында дамыған флегмона бас
ауырумен, жоғарғы жақ аймағының ауырсынуымен, көз бен самайға
таралуымен сипатталады. Ұрт , самай аймағының төменгі бөлігінде, құлақ
маңы-самай аймағының жоғарғы бөлігінде қабаққа таралатын ісіну пайда
болады. Самайасты және қанат-таңдай шұңқырының фллегмонасы кезінде
науқастың жағжайы ауыр немесе орташа ауырлықта болады, дене қызуы
40С , қалтырау байқалады. Ісінген тідерді пальпациялағанда самай
аймағының төменгі бөлігінде
ауырсыну мен инфильтрация, кейде
зақымданған жақтағы көз алмасын басқанда ауырсыну
байқалады.
Ауыздың ашылуы шектеледі. Ауыздың жоғарғы кіреберісінде кілегей
қабаты гиперемияланады және ісінеді, тіндерді пальпациялағанда, тәж
тәрізді өсіндісінің алдыңғы жиегіне таралатын ауырсынбалы инфильтрат
анықталады.
Кейбір науқастарда самайасты және қанат-таңдай
шұңқырының флегмонасының алғашқы көріністері көрінбеуі мүмкін.
Самайасты және қанат-таңдай шұңқырының
зақымдануынан, тек
науқастың жалпы жағдайының ауырлауы өсе түскенде, самай аймағының
төменгі төменгі бөлгінде инфильтрат пайда болғанда және ісіну ұлғая
түскенде күдіктенуге болады.
Самайасты шұңқырының абсцесі кезінде оперативтік әкеттесулер бетальвеолярлы айдаршықтың сыртынан 0,5 см алшақтау, ауыз кіреберісінің
78

79.

жоғарғы саңылауына ұзындығы 2-3 см тілік жасау арқылы орындалады.
Кілегей қабатты ашқаннан кейін науа тәрізді зондпен немесе иілген
қантоқтататын қысқышпен жоғары және ішке қарай өтеді, осылайша,
жоғарғы жақ бұдырын айналып өтіп, іріңдікті ашады.
Самайасты шұңқырының флегмонасын кейде осындай тұйық жолмен
сына тәрізді сүйектің қанат тәрізді өсіндісінің латеральді табақшасына
дейін өту арқылы ашады. Басқа жақдайларда самайасты және қанат-таңдай
шұңқырының флегмонасын тері арқылы самай бұлшықетінің алдыңғы
жиегінен ашады. Бұл кезде, тері және теріасты клетчатканы, самайлық
фасцияны ашып, самай бұлшықетінің талшықтарын жылжытады, самай
сүйегінің қабыршақты бөлігіне дейін кіреді және самайасты айдаршығын
иілген аспаппен айналып өтіп, самайасты шұңқырына кіреді. Бет
доғасының бойымен тілік жасағанда оның аумақтарын кесіп, төменгі
жақтың тәж тәрізді өсіндісі арқылы тұйық жолмен самайасты шұңқырына
өтеді. Сыртқы кіру жолын ауыз қуысының жоғарғы қуысына тілік
жасаумен қосарластыруға болады. Самайасты және қанат-таңдай
шұңқырының флегмонасын төменгі жақ аймағының сыртынан тілік жасау
арқылы ашуға болады. Медиальді қанат тәрізді бұлшықетті төменгі жақ
бұтағының қанат тәрізді бұдырына бекіген жерінен ажыратып, жоғары
және алға өтеді, сосын жоғарғы жақ бұдыры мен төменгі жақ бұтағы
арасындағы тіндерді ығыстырып, іріңдікті ашады.
Жиі жаңдайда, оперативті әрекеттусер нәтижесінде – самайасты және
қанат-таңдай шұңқырының арасынан қабынбалы жалқық, өлеттенген
тіндерді алу –флегмона диагнозын қорытындылауға негіз болады.
Самайасты және қанат-таңдай шұңқырындағы іріңді қабынбалы
процесс самай, құлақ маңы-шайнау аймағына, қанатша-төменгі жақ және
жұтқыншақ маңы кеңістігіне таралуы мүмкін.
Самайасты және қанат-таңдай шұңқырының флегмонасы сондай-ақ
инфекцияның көз шарасы клетчаткасына, липаның веналарына
таралуымен, қатты ми қабықшасы синустарының тромбозы дамуымен
асқынуы мүмкін.
Самай аймағының абсцесі мен флегмонасы (самайдың
клетчаткалық кеңістігі) ұрт және құлақ маңы-шайнау, қанатша-төменгі
жақ және жұтқыншақ маңы кеңістігінен, сонымен қоса, самайасты
шұңқырынан
одонтогенді
инфекцияның
таралуынан,
екінішілік
туындайды.
Самай аймағының шекарасы: сыртқы – самай фасциясы, ол төменгі
бөліктің беткей және терең табақшаларына таралады және бет доғасының
жоғарғы жиегіне бекиді. Түзілген фасцияаралық саңылауда май
клетчаткасы орналасады; ішкі –самай сүйегінің қабыршақты бөлігі;
төменгі – сына тәрізді сүйектің үлекн қанатының самайасты айдаршығы;
жоғарғы және артқы –самай сүйегінің қабыршақты бөлігінің жиегі;
алдыңғы - бет және маңдай сүйегі.
Самай аймағының алдыңғы және төменгі бөліктерінде, сондай-ақ
самай бұлшықетінен ішке қарай май клетчаткасының біршама көлемі
79

80.

орналасады. Соңғысы самайасты және қанат-таңдай шұңқырының
клетчаткасымен байланысады. Самай аймағының алдыңғы алдыңғы
бөлігінде ұрттың майлы денесі жатады. Самай фасциясы мен самай
бұлшықетінің беткей табақшасының аралығында орналасқан клетчатка
төмен түседі және бет сүйегінің алдыңғы беткейіне өтеді.
Самай аймағының абсцестері абсцесі – сирек, флегмонасы жиі
кездеседі. Осыған байланысты самай аймағындағы қабыну процесі
екіншілік туындайды. Науқастар флегмона кезінде болатын ауырсынуға
шағымданады, ауырсыну жалпы сипатта интоксикациямен байланысты
болады. Бет доғасында самай шұңқырын қамтитын ісіну пайда боалды;
коллатеральді ісіну төбе және маңдай аймағына таралады. көбінесе самай
аймағының, жоғарғы және сирек – төменгі қабақтың ісінуін байқауға
болады. Ауыздың ашылуы шектеледі. Пальпациялағанда самай аймағының
төменгі немесе алдыңғы бөліктерінен жоғары қарай таралатын тығыз,
ауырсынбалы инфильтрат анықталады. Беткейлік тіндердің еруі
флюктуацияның туындауымен сипатталады; самай бұлшықетінің асты
немесе шоғыры астында дамыған іріңді процестер кезінде ауырсынбалы
аумақтар байқалады, флюктуация кешірек дамиды.
Самай аймағының абсцесі мен флегмонасы кезінде бірінші кезекте
хирургиялық әрекеттесулер жүргізіледі, ол негізгі іріңді ошақтан бас пен
мойынның клетчаткалық кеңістігіне іріңнің еркін шығуын қамтамасыз
етеді. Самай аймағының флегмонасын беткей самай артериясы бұтағының
бойымен параллель немесе кейде артериальді бағаналардың жолына
параллель, веер тәрізді тілік салу арқылы ашады. Жалқық терең қабаттарда
жиналғанда, самай сызығының бойымен тілік жасалып, самай
бұлшықетінің астына өтеді. Оған қосымша бет доғасының астына тілік
жасалады.
Самай аймағының флегмонасы, әсіресе, бұлшықет астындағы терең
орналасқан тіндер зақымданғанда, самай аймағының кортикальді
табақшасының
қабыршақты
бөлігінің
екіншілік
кортикальді
остеомиелитімен, сондай-ақ ми және ми қабықшасына инфекцияның
енуімен асқынуы (менингит, менингоэнцефалит, ми абсцесі) мүмкін.
Мұндай асқынулар науқастардың өмірі үшін өте қауіпті.
Бет аймағының абсцесі мен флегмонасы беттің көрші – көзасты
және ұрт аймақтарынан іріңді жалқықтың таралуынан екіншілік дамиды.
Бет аймағының шекаралары бет сүйегінің орналасуына сәйкес:
жоғарғы – самай аймағының алдыңғы-төменгі бөлігі және көз шарасының
көзасты жиегі; төменгі – ұрт аймағының алдыңғы-жоғарғы бөлігі; алдыңғы
– бет жоғарғы жақ тігісі; артқы – бет-самай тігісі.
Бет аймағының
клетчаткасы самай фасциясының
беткей
табақшасының астындағы алдыңғы-төменгі бөлігінде орналасқан самай
аймағының клетчаткасымен байланысты. Бұл аймақта флегмона жиі,
абсцесс - сирек байқалады.
Бет аймағының абсцесі бар науқастар зақымданған аймақтың
ауырсынуына шақымданады. Бет аймағында шектелген қабынбалы
80

81.

инфильтрат болады, ол тез тез жұмсарады. Оның бетіндегі терісі тіндермен
жабысады, ашық-қызыл түсті болады.
Флегмонасы бар науқастарды бет аймағында өздігінен пайда болатын,
көзасты мне самай аймағына таралатын ауырсыну мазалайды. Олар көрші
аймақтардағы біріншілік іріңді ошақтармен байланысты ауырсыну
сезімдерін күшейтеді. Қабынбалы ісіну айқын боалды, ол көзасты, самай,
ұрт және құлақ маңы-шайнау аймағына таралады. бет сүйегі аймағын
пальпациялағанда әртүрлі ауырлықтағы тығыз инфильтрат анықталады.
Қабыну процесіне шайнау бұлшықетінің жоғарғы бөлігінің қатысуынан
ауыздың ашылуы аздап шектеледі. Аузын ашқанда ауырсынудың күшеюі
жиі байқалады.
Біртіндеп инфильтрат жұмсарады, жұмсақ тіндер
жұмсарады, іріңді жалқық тері астына шығады немесе көз саңылауының
сыртқы бұрышына таралуы мүмкін, онда іріңді ошақ өздігінен ашылады.
Бет аймағының абсцесі мен флегмонасы кезіндегі оперативті
әрекеттесулер
теріге бет нервісі бұтағының бойымен параллель,
флюктуациясы айқын жерге тілік салу арқылы жасалады. Іріңді процесс
бет аймағынан құлақ маңы-шайнау аймағына таралуы мүмкін. Абсцесс пен
флегмонаның созылмалы ағымында екіншілік кортикальді остеомиелит
дамиды.
Тілдің абсцестері мен флегмоналары (тілдің клетчаткалық
кеңістігі).
Тілдің іріңді қабыну аурулары одонтогенді, стоматогенді,
тонзиллогенді болуы мүмкін.
Тіл түбірінің бұлшықет аралық одонтогенді абсцестері мен
флегмоналары іріңді процестің төменгі алдыңғы тітер аймағынан
таралуынан туындайды. Тілдің арқасы мен денесінің абсцесі кілегей
қабаттың бір немесе бірнеше рет тістелуінен, балық сүйегімен,
стоматологиялық аспаптармен, тістердің өткір қырларымен, тіс
протездерімен жарақаттануынан, стоматит дамуынан туындайды.
Инфекцияның тіласты, сирек иекасты аймағынан таралуы іріңді процестің
дамуына әкеледі.
Тіл бұлшықетті мүше болып табылады. Тілдің арқасы мен денесі
аймағында бұлшықет шоғыры тік, көлденең және вертикальді өрім
бағыттарынан тұрады. Олардың арасында дәнекер тіндік қабаттар
болмайды. Тілдің түбірінде оң және сол иекасты-тіл, тіласты-тіл және бізтіл бұлшықеттерінің аралығында борпылдақ клетчатка болады. Тіл түбірі
аймағында алдындағылардан сыртқа қарай симметриялы орналасқан басқа
да саңылаулы аралықтар бар. Ішкі жағынан олар иек-тіл, ал сыртынан –
тіласты-тіл
бұлшықеттерімен
шектелген.
Бұл
бұлшықетаралық
саңылаулардағы борпылдақ клетчаткалардың арасынан сол және оңға
қарай тіл артериялары өтеді, үлкен емес лимфа түйіндер орналасады.
Тіл арқасының, денесінің, түбірінің абсцестері, тіл флегмоналары
ажыратылады.
Тілдің арқасы мен денесінің абсцесі тілдің ортасында, сол немесе оң
жақ жартысында, тіл арқасының орталық бөлігінде орналасады. Науқастар
81

82.

тілдің ауырсынуына, оның құлаққа таралуына шағымданады. Тілді
қозғалту шектеледі және ауырсынбалы болады, сәйлеуі қиындайды,
жұтынғанда ауырсынбалы болады. Сыртынан қарағанда өзгерістер
болмайды, иекасты немесе төменгі жақ үшбұрышының алдыңғы бөлігінде
ұлғайған, ауырсынбалы лимфа түйіндері пальпацияланады. Ауыздың
ашылуы еркін. Тілдің бүйірінде инфильтраттың орналасуынан тілдің
жартысы қалыңдайды, күрт ауырсынады, кілегей қабат ашық-қызыл түсті
болады. Кейбір науқастарда қабынбалы ісіну тілдің төменгі беткейіне және
тіласты қатпарына таралады. Тілдегі жайылған инфильтраттың ортасынан
ауырсынбалы аумақты, неғұрлым кеш сатыларында – жұмсару ошағын
және флюктуацияны байқауға болады. Кейде іріңдік өздігінен жарылады,
содан кейін қабыну белгілері басылады. Кейбір науқастарда процесс
тілдің басқа жартысына таралуы мүмкін.
Тіл түбірінің абсцесі тілдің жұп бұлшықеттерінің арасындағы дәнекер
тінді қабаттарда, жақ-тіласты бұлшықеттерінің үстінде дамиды. Тілдің
орталық сызығынан бүйір жаққа қарай орналасқан бұлшықеттердің
аралығында абсцесс сирек кездеседі.
Тіл негізінің абсцесі бар науқастар тілдің күрт ауырсынуына, жұтына
алмауына шағымданады.
Тіл түбірінің абсцесі иекасты аймағының ортаңғы бөлігінде айқын
ісінудің болуымен сипатталады. Бұл аймақтағы тері өзгермейді, қатпарға
жиналады, орталық сызығының аймағында ауырсыну анықталады. Тіл
ұлғаяды, қозғалысы шектеледі, сөйлеуі қиындайды.
Тіл денесінің флегмонасы қабыну белгілерінің тіл түбірі
бұлшықеттерінің арасындағы клетчаткалық қабаттарға, төменгі –жақтіласты бұлшықет тігісіне және жоғарғы - тіл бұлшықеттерінің өріміне
дейін таралуымен сипатталады. Науқастарда тілдің неғұрлым қарқынды
ауырсынуы, оның құлаққа таралуы, жұтқыншақтың күрт ауырсынуы,
сөйлеуінің анық болмауы, тыныс алуының қиындауы байқалады.
Қабынбалы ісіну иекасты үшбұрышынан төменгі жақасты
үшбұрышының алдыңғы бөлігіне таралады. жергілікті лимфа түйіндер
ұлғаяды, ауырсынбалы болады, бір-бірімен жабысады. Иекасты
аймағының түбінде жайылған ауырсынбалы инфильтрат пальпацияланады.
Ауыздың ашылуы шектеледі, шайнау бұлшықетінің қабынбалы
контрактурасы дамиды. Тіл ұлғаяды, қозғалысы шектеледі және күрт
ауырсынады. Көбінесе ұлғайған тіл ауыз қуысына сыймайды, алға қарай
тіс қатарынан шығып тұрады, ауыз жартылай ашық болады. тілдің бетін
қақ жабады, ауыздан жағымсыз иіс шығады. Жұтыну күрт қиындайды.
Кейбір жағдайларда ісінудің жұтқыншақ астына және жұтқыншақ ұсті
қатпарына таралуына байланыты тыныс алудың қиындауы, дыбыстың
шықпауы пайда болады.
Тілдің арқасы мен денесінің абсцесі бойынша оперативті
әрекеттесулер тіл арқасы немесе жиегі бойымен, жұмсарған немесе
ауырмынбалы аумаққа тігінен тілік салу арқылы жасалады. Кілегей
қабатты ашқаннан кейін бұлшықет шоғыры арасынан тұйық жолмен өтіп,
82

83.

іріңдікті ашады.
Тіл түбірінің абсцесі немесе флегмонасын иекасты үшбұрышының
орталық сызығының бойымен, ұзындығы 4 см тілік салу арқылы ашады.
Жараның жиектерін ығыстырып, жақ-тіласты бұлшықетін кеседі. Егер ірің
бұл аймақта болмаса, тұйық жолмен жоғары қарай иек-тіласты және иектіл бұлшықеттерінің аралығына немесе төмен қарай - иек-тіл және
тіласты-тіл бұлшықеттерінің аралығына кіреді, ол жерде жалқықтың
жиналуы байқалады. Эстетика жағын ескеріп, кейде төменгі жақ жиегіне
параллель және тіласты сүйегінен алға қарай доға тәрізді тілік жасалады.
Тері, теріасты клетчаткасы, екі қарыншалы бұлшықеттің екі қарыншасы
және жақ-тіласты бұлшықетінің тігісі кесіледі, сосын тұйық жолмен тіл
түбірінің бұлшықетаралық аралығына кіреді.
Тілдегі іріңді қабынбалы процестер тілдің арқасы мен денесінен басқа
бөліктеріне, тіласты аймағына, ауыз қуысы түбінің тіндеріне, тіласты
аймағына, қанатша-төменгі жақ және жұтқыншақ маңы кеңістігіне,
мойынның төменгі бөліктеріне қарай таралуы мүмкін. Тіл түбірінің,
жұтқыншақ маңы кеңістігінің және ауыз қуысы түбінің бір уақытта
зақымдануы тыныс жолдарының стенозына және асфиксиясына әкелуі
мүмкін. Оның болжамы науқастардың өмірі үшін ауыр болады.
Бет пен мойын флегмоналарының таралуы.
Жоғарғы жақ немесе төменгі жақ аймақтарынан іріңді қабынбалы
процесс бет пен мойынның көрші жатқан кеңістіктеріне, көз шарасына,
миға, кеуде аралығына таралуы мүмкін. Бұған инфекциялы-қабыну
процестерінің өршуі және бірнеше аймақта іріңді қабынудың дамуы тән.
Бір уақытта 2-3, 3-4 және одан көп аймақтың, кеңістіктердің зақымдануы
флегмонаның таралуын анықтайды. Жоғарыда көрсетілгендей ауру
гиперергиялық қабыну реакциясымен және интоксикацияның күшейе
түсуімен сипатталады.
Іріңді процесс төменгі жақ аймақтарынан – төменгі жақсүйек асты
аймағынан және иекасты үшбұрышынан, құлақ маңы-шайнау аймағынан
терең жатқан тіндерге таралады және қанатша-төменгі жақ, тіласты,
жұтқыншақ маңы кеңістігі зақымданады.
Мұндай жағдайларда төменгі жақсүйекасты флегмонасының
симптомдарына жұтыну кезіндегі ауырсыну, жақтарды қозғалту
дәрежесінің күшеюі қосылады. Қабынбалы ісіну және жайылған терең
инфильтрат жақсүйек арты аймағына және төменгі жақ бұрышы аймағына
таралады. Процеске жұтқыншақ маңы кеңістігі қатысқанда мойынның
жоғарғы- бүйір бөлігінде терең ауырсыну аймағы пайда болады. ІІ-ІІІ
дәрежелі қабынбалы контрактураның әсерінен ауыз қуысын қараудың
қиындауына қарамастан, қанатша-төменгі жақ қатпарының кілегей
қабатында жұтқыншақтың бүйір қабырғасына өтетін қабынбалы өзгерістер
байқалады. Қанатша-төменгі жақ кеңістігінің флегмонасы кезінде
жұтқыншақтың бүйір қабырғасының ісінуі, қатты таңдай тілшесінің
ығысуы байқалады (жұтқыншақ маңы кеңістігі зақымданғанда).
83

84.

Төменгі жақсүйекасты аймақтарының, қанатша-төменгі жақ,
жұтқыншақ маңы кеңістігінің зақымдануы төменгі жақсүйекасты
аймағының зақымдануымен қосарласады.
Бұл аймақта орналасқан
флегмона кеуде аралығының артқы төменгі бөлігіне және тереңге таралуы
мүмкін. Процесс төменгі жақсүйекасты аймағынан қанатша-төменгі жақ,
жұтқыншақ маңы кеңістігіне таралуында алдында жасалған тілікті артқа
қарай созып, төменгі жақсүйекарты аймағына өту керек және ішкі қанат
тәрізді бұлшықетті бекіген жерінен кесіп, жоғары қарай қанатша-төменгі
жақ кеңістігін ашу керек.
Төменгі жақсүйекасты аймағынан қабыну белгілері жақ-тіл
бұлшықетінен тыс таралып, тіласты аймағын зақымдауы мүмкін. Мұндай
жағдайда, жұтынғанда болатын ауырсынудан басқа, тіл қозғалысының
қиындауы, ауыз қуысын қарағанда тіласты аймағының флегмонасына тән
симптомдап пайда болады. Төменгі жақсүйекасты үшбұрышындағы
оперативті әрекеттесулерді жақ-тіласты бұлшықетін көлденең бағытта 1,52см тілік жасап қосарластырады, тіласты кеңістігін ашады немесе оны
ауыздың ішінен ашады.
Төменгі жақсүйекасты үшбұрышынан іріңді инфекция тамыр-нерв
шоғырын зақымдап, мойынның жоғарғы-бүйір бөлігіне таралуы мүмкін.
Көбінесе іріңді процестің мұндай таралуы жақсүйекарты аймағының және
жұтқыншақ маңы кеңістігінің таралуымен бірге жүреді. Аталған
симптомдардан басқа, мойында төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің
бойымен қабынбалы инфильтрат пайда болады. Пальпация кезінде
бұлшықеттің алдыңғы жиегінде
ауырсыну
байқалады. Төменгі
жақсүйекасты үшбұрышын ашу
төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің
алдыңғы жиегінің терісіне қосымша тілік салумен жүзеге асады. Бұл кезде
тіндерді қабат-қабатымен
- теріасты май клетчаткасын, теріасты
бұлшықетін, мойынның меншікті фасциясын ашады. Төс-бұғана-емізікше
бұлшықетін артқа қарай жылжытып, мойынның тамыр-нерв шоғыры
аймағындағы тіндерді түгелдей ашады. Процесс мойынның терең жатқан
аймақтарында орналасса, қабыну белгілерінің одан әрі өршуіне және
алдыңғы медиастениттің дамуына әкелуі мүмкін.
Төменгі жақсүйекасты үшбұрышының флегмонасында инфекция
көбінесе иекасты аймағына таралады. Некротомия жасау үшін жара алдыға
қарай кесіледі, иекасты аймағы ашылады.
Ауыз қуысы түбінің флегмонасы көптеген кеңістіктердің таралмалы
іріңді ауруы болып табылады, бұл кезде тіласты, төменгі жақсүйекасты
аймағының, иекасты үшбұрышының зақымдануы қатар жүреді. Ауыз
қуысы түбінің флегмонасы бір жағдайларда - инфекцияның тіласты
аймағынан, басқа жағдайларда – төменгі жақсүйекасты,
иекасты
үшбұрышынан, тіл түбірінен таралуынан дамуы мүмкін.
Ауыз қуысы түбінің флегмоналары: жоғарғы – ауыз қуысының
кілегей қабаты; төменгі – оң және сол жақ төменгі жақсүйекасты және
иекасты үшбұрышының терісі; артқы – біз тәрізді өсіндіге бекитін тіл
түбірі және бұлшықеттері; алдыңғы–сыртқы – төменгі жақ денесінің ішкі
84

85.

беткейі. Ауыз қуысының түбі екі қабаттан тұрады: жоғарғысы, жақтіласты бұлшықетінің үстінде орналасады, ал төменгісі оның астында
орналасады.
Ауыз қуысының түбінің флегмонасында науқастар қарқынды
ауырсыну сезіміне, жұтына алмауына, аузының ашылуының шектелуіне,
тыныс алу мен сөйлеудің қиындауына шағымданады. Беті ісінеді. Төменгі
жақсүйекасты және иекасты үшбұрышының екі жағында тығыз, жайылған
инфильтрат анықталады. Процеске қанатша-төменгі жақ кеңістігінің
қатысуына байланысты ауыз ашылуы шектеледі немесе жартылай ашық
болады. Инфильтраттың әсерінен тіл ұлғаяды, таңдайға дейін көтеріледі,
көбінесе құрғақ және кір-қоңыр қақпен жабылады. Жұтыну ауырсынбалы,
науқастар сілекейін жұта алмайды және ол сыртқа шығады. Тілді
қозғалтғанда
күрт
ауырсыну
туындатады.
Тіласты
қатпары
инфильтрацияланадығ ісінеді, кейде тіс сауытынан жоғары көтеріледі.
Бахромды қатпарлар ісінеді және фибринозды қақпен жабылады, тіс
сауытының іздері көрінеді.
Жақ-тіласты бұлшықеттерінің үстіңгі және астыңғы аймақтарының
қатар зақымдануына байланысты сыртқы тіліктер төменгі жақсүйекасты
және иекасты үшбұрышының терінен жасалады. Оперативті кіру жолын
таңдауда беттің және төменгі жақтың құрылымын ескеру керек.
Науқастың беті жіңішке болғанда, иекасты аймағынан кіру, ал процесс
жайылған кезде үш сызықты тілік жасау көрсетіледі. Екі қарыншалы
бұлшықеттің алдыңғы қарыншасын кеспей-ақ қоюға болады, бірақ терең
жатқан тіндерге кіру жолы ұзын болады. Беті жалпақ науқастарға екі
қарыншалы бұлшықеттің алдыңғы қарыншасын кесу арқылы жаға тәрізді
тілік жасау ұсынылады. Қажетіне қарай, ауыз қуысының жоғарғы
қабатына кіреді, жақ-тідасты бұлшықетін ортасынан кеседі. Сонымен қоса,
аталған аймақтардың терісін тіліп, жақ-тіласты бұлшықет талшықтарын
кесіп, жаға тәрізді тілік жасау тиімді. Кейде сыртқы тіліктер
қосымша,ауыз қуысының түбінен – төменгі жақтың альвеолярлы
өсіндісінің кілегей қабаты арқылы тіласты қатпарының бойымен тілік
жасалады.
Ауыз қуысы түбінің флегмонасында процесстің қанатша-төменгі жақ
және жұтқыншақ маңы кеңістікке, мойынның алдыңғы және латеральді
бөліктеріне таралуы, оған тамыр-нерв шоғырының қатысуы байқалуы
мүмкін.
Ауыз қуысы түбі флегмонасының дамуына анаэробты микробтар,
соның ішінде Clostr.perfringens, Act.hystolyticus, Act.aedematicus, Clostr.
Septicum, спорогенді емес анаэробтар қатысады. Тіндердің гангренозды
немесе іріңді-гангренозды қабынуының өршуні және олардың өлеттенуін
Людвиг ангинасы ретінде қабылдау керек. Людвиг ангинасы кезінде ауыз
қуысының түбіне жататын барлық тіндер, қанатша-төменгі жақ және
жұтқыншақ маңы кеңістігі зақымданады.
Ауыз қуысы түбінің флегмонасында қылқыну, интоксикация
симптомдары байқалады: қызба, ұйқысыздық, қозу, сандырақтау.
85

86.

Науқастың мәжбүрленген жағдайда отыруы, басын алдыға еңкейтіп
жартылай жатуы тән. Науқастың беті бозарады, көбінесе сарғыш түсті
болады.
Төменгі жақсүйекасты, иекасты аймақтарының екі жағында да
орналасқан жайылған тығыз және ауырсынбалы инфильтрат құлақ маңы
және ұрт аймақтарына, мойынға таралады. Инфильтрат бетіндегі тері
жабысқан, аурудың алғашқы күндері оның түсі өзгермейді. Одан әрі ол
қызыл түсті, кейде оның бетінде көкшіл-қошқыл түсті дақтар немесе
көпіршіктер көрінеді. Пальпацияда инфильтрат тығыз болады, флюктуация
ошақтары анықталмайды, бірақ крепитация жиі байқалады.
Науқастың аузы жартылай ашық болады, одан қоймалжың сілекей
бөлінеді. Ауыздың ашылуы шектелген және күрт ауырсынбалы. Тағам
қабылдау және сөйлеу қиындайды.
Тіласты қатпарының кілегей қабаты күрт көтеріледі, білік тәрізді
ісінеді, тіс сауыттарынан биіктейді. Кілегей қабаттың беткейін
фибринозды қақ жабады. Тіл таңдайға дейін көтеріледі, қақ басады,
ауыздан жағымсыз иіс шығады.
Хирургиялық әрекеттесулер кезінде зақымданған клетчаткалық
кеңістіктердің: төменгі жақсүйекасты, иекасты үшбұрышы, тіласты
аймағы, тілдің иек-тіл арасындағы аралық, сондай-ақ процеске қатысқан
жұтқыншақ маңы және қанатша-төменгі жақ кеңістігінің сыртынан тілік
жасау арқылы ашады.
Флегмонаны ашқанда тіндердегі өзгерістерді байқауға болады: бұл
жерде орналасқан клетчатка сұр-жасыл түсті немесе қара-қоңыр, қара түсті
болады; ірің болмайжы, бірақ тіндерден бұлыңғыр, қан араласқан немесе
қоңыр-сұр түсті, кейде газды көпіршік араласқан сұйықтық бөлінеді.
Клечатка, бұлшықеттер өлеттенеді.
Операциядан кейін аурудың жағымды ағымы дене қызуының
төмендеуімен, жалпы жағдайының нашарлауымен сипатталады.
Операциялық жарадан ірің бөлінеді, өлеттенген тіндер шығады және
біртіндеп грануляция пайда болады. одан әрі жараның жазылуы асқынусыз
жүреді. Кейбір жағдайда – іріңді-өлеттенген флегмона кезінде қабыну
белгілері тез өршиді. Көбінесе медиастенит дамиды, бірақ инфекция ішке
таралуы мүмкін. Қабыну белгілері сепсиспен асқынуы мүмкін. Науқастың
өмірі үшін септикалық шок және жедел тыныс жеткіліксіздігі қауіпті.
Болжамы. Ауыз қуысы түбінің флегмонасы кезінде, әсіресе, іріңдіөлеттенген флегмонада, асқынуларында болжамы ауыр.
Процесс көзасты аймағынан ұртқа, ұрт аймағынан құлақ маңышайнау аймағына таралғанда іріңді ошақты ауыз ішінен және сыртынан
ашу керек. Самайасты және қанат-таңдай шұңқырының қатар зақымдануы
инфекцияның самай аймағына таралуына әкеледі. Бұл кезде қабынбалы
ісіну самай аймағына түгелдей таралады, жақ контрактурасының дәрежесі
ұлғаяды. Мұндай жағдайларда қабыну ошағын ауыз ішінен және сыртынан
-самай аймағынан қосымша ашу керек. Радиальді тілік немесе самай
бұлшықетін айналатын тілік салынады. Фасциальді қабаттар мен
86

87.

бұлшықет шоғыры аралығындағы тіндерді өтіп, осы жол арқылы
самайасты шұңқырыны ашу керек. Контрапертурлар іріңнің іріңді ошақтан
шығуына жағдай жасады. Самайасты, қанат-таңдай шұңқырының, самай
аймағының таралмалы флегмонасы қабыну белгілерінің ми абсцестерімен,
іріңді менингоэнцефалитпен өршуінен асқынуы мүмкін. Ауру ұзаққа
созылғанда, самай сүйегі қабыршағының
екіншілік кортикальді
остеомиелиті дамиды.
Процесс самайасты, қанат-таңдай шұңқырынан, самайасты аймағынан
төмен қарай қанатша-төменгі жақ, жұтқыншақ маңы кеңістігіне, құлақ
маңы-шайнау аймағына сирек таралады. Мұндай жағдайда айтылған ашу
әдістерін төменгі жақ бұтағын ішкі және сыртқы беткейінен қосымша ашу
арқылы толықтырады.
Самайасты және қанат-таңдай шұңқырының, кқзасты аймағының
флегмонасы кезінде инфекциялы-қабынбалы процестің көз шарасына
таралуы ауыр асқыну болып табылады.
Көз шарасының абсцесі мен флегмонасы. Одонтогенді іріңді ауру
жоғарғы жаққа жататын тіндерден таралғанда, көз шарасының
клетчаткасында іріңді қабыну процестері дамиды. Көзасты аймағының
және самайасты және қанат-таңдай шұңқырының флегмонасында, сирек –
жоғарғы жақтың жедел остеомиелитінде, жоғарғы жақ қуысының жедел
қабынуында іріңді процестің көз шарасына ауысуы байқалады. Көз
шарасында қабыну процесі сондай-ақ бұрыштық вена арқылы көзасты
аймағынан таралатын іріңді тромбофлебит нәтижесінде дамиды.
Көз шарасының шекаралары оның қабырғаларына сәйкес келеді.
Клетчатка көз алмасының айналасында тегіс орналасады. Көз шарасының
дистальді бөлігінде клетчатка жиналады, ол төменгі көз шарасының
саңылауы арқылы қанат-таңдай шұңқырымен байланысады.
Көз шарасының абсцесі көз алмасы аймағында ауырсынудың
күшеюімен,
бастың
ауыруымен
және
көруінің
бұзылуына
шағымдануымен сипатталады. Көз шарасының абсцесінде қабақ
аймағында қабынбалы ісіну пайда болады. Терінің түсі өзгермейді, кейде
қабақтардың түсі көкшіл түсті болады. Қабақты пальпациялағанда жұмсақ
және ауырсынбайды. Конъюктиваның кілегей қабаты гиперемиялы,
ісінген, көк түсті. Көз алмасын басқанда ауырсынбалы, экзофтальм,
көрудің бұзылуы байқалады (көзінің алдында шіркейдің пайда болуы,
заттың екеу болыпп көрінуі).
Көз шарасының флегмонасында шағымдар қарқынды болады: көз
шарасы аймағының самайға, маңдайға, көзасты аймағына таралатын
солқылдап ауырсынуы, күрт бастың ауырсынуы. Көз алмасын қозғалту
шектеледі. Қабыну белгілері күшейеді,
қабақтың инфильтрациясы
ұлғаяды, конъютива ісінеді, диплопия, көрудің төмендеуі пайда болады.
Көздің түбін тексергенде тордың венуласы кеңейеді, көрудің айқын
бұзылуы байқалады.
Қатты ми қабықшасының үңгірлі синусының тромбозының дамуы
қабақтың коллатеральді ісінуінің ұлғаюымен, бұл қабыну белгілерінің
87

88.

басқа қабақта дамуымен, жалпы жағдайының нашарлауымен және
интоксикация белгілерінің үдейе түсуімен сипатталады.
Көз аймағының қабыну ауруларында оперативті әрекеттесулер
жүргізіледі. Іріңді ошақтың орналасуына байланысты төменгі немесе
жоғарғы қабақты тілу арқылы ашылады, тұйық жолмен сүйек
қабырғасынан өтеді және май денесіне дейін өтеді. Оперативті
әрекеттесулер жоғарғы жақ қуысы арқылы көз шарасының төменгі
қабырғасына трепанация жасау арқылы орындалады. Бұл жол көз
шарасының төменгі, бүйір және дистальді бөлімдеріне өтуге мүмкіндік
береді. Кейбір авторлар панофтальмитпен асқынғанда көз шарасының
экзенлерациясын жүргізуді ұсынады. Бұл іріңді жалқықтың шығуын
қамтамасыз етеді және іріңді менингиттің дамуын ескертеді. Кейде екі
тілік, сыртынан және жоғарғы жақ қуысы арқылы жасалады.
Болжамы. Көз шарасының флегмонасы кезінде болжамы ауыр. Көз
шарасының флегмонасы ми қабықшасына, қатты ми қабықшасының
синусына, бас миына
инфекцияның таралуымен асқынады. Жиі
асқынулары: көру нервісінің семуі және соқыр болып қалуы.
Мойынның алдыңғы кеңістіктерінің флегмоналары. Төменгі
жаққа жататын тіндер аймағынан (төменгі жақсүйекасты және иекасты
үшбұрыштары, құлақ маңы-шайнау аймағы, қанатша-төменгі жақ, тіласты,
жұтқыншақ маңы кеңістігі) іріңді процесс көбінесе мойынның алдыңғы
кеңістігіне таралады. Мойыны қысқа адамдарда іріңді процестердің
таралуы тез жүреді. Процесс диабетпен ауыратын науқастарда ауыр өтеді.
Төменгі жақсүйекасты және иекасты кеңістігінен мойынның алдыңғы
бөлігіне шығатын іріңді инфекция басқа аймақтарға – тамыр-нерв
шоғырының төсүстілік апоневротикааралық қынабы, сондай-ақ тереңірек
– орталық, омыртқа алдылық, жұтқыншақарты және жұтқыншақ маңы
кеңістігіне кіруі мүмкін. Жайылған іріңді процесс жақ сүйекарты
аймағының және жұтқыншақ маңы кеңістігінің зақымдануымен
қосарласады. Аталған бет кеңістіктерінің симптомдарынан басқа, төменгі
жақсүйекасты
және
иекасты аймақтарында
төс-бұғана-емізікше
бұлшықеттің бойымен мойын тіндерінде қабынбалы инфильтрация пайда
болады. Пальпация кезінде мойынның алдыңғы жиегінің бойымен айқын
ауыратын жайылған инфильтрат анықталады. Бет мен мойынның
зақымданған кеңістіктерін ашу үшін төс-бұғана-емізікше бұлшықеттің
алдыңғы жиегін кесіп, тіндерді қабат-қабатымен – теріасты май
клетчаткасын, теріасты бұлшықетін, мойынның меншікті фасциясын
ажырату арқылы төменгі жақсүйекасты кіру жолын толықтырады. Төсбұғана-емізікше бұлшықетті артқа қарай ығыстырып, мойынның тамырнерв шоғыры айналасындағы тіндерді ашады. Мойынның терең
кеңістіктеріне процестің таралуы қабыну белгілерінің өршуіне және
алдыңғы медиастениттің дамуына әкелуі мүмкін.
88

89.

6. Бет пен мойын абсцестері мен флегмоналарының асқынулары
Бет пен мойынның абсцестері мен флегмоналары екіншілік
кортикальді остеомиелитпен асқынуы мүмкін. Процестің таралуында
медиастенит, қатты ми қабықшасының үңгірлі синусының тромбозы,
менингит, менингоэнцефалит, ми абсцесі, сепсис сияқты ауыр асқынулар
болуы мүмкін.
Бет сүйектерінің екіншілік кортикальді остеомиелиті
іріңді
процесс төменгі жақсүйекасты, құлақ маңы-шайнау, көзасты, бет, самай
аймағында орналасуынан дамиды. Жақ маңы тіндерінің іріңдеуінде
сүйектің беткей аймағы өледі.
Клиникалық суреті қабыну белгілерінің кері шегінуімен, жарадан
іріңнің бөлінуімен, процестің қайталамалы өршуімен сипатталады.
Рентгенограммада төменгі жақ бұтағының ішкі беткейінде, денесінің
төменгі жиегінде, бет денесінің сыртқы беткейінде және самай сүйегінің
қабыршағында, жоғарғы жақта көз шарасының үстіңгі жиегінде жұқа
пластиналы секвестрлер көрінеді. Қанды зертханалық тексеруде
лейкоцитоз, кейде лейкопения, лимфоцитоз, ЭТЖ (СОЭ) ұлғаюы
анықталады.
Диагностикасы клиникалық белгілері, рентгенологиялық және
зертханалық мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.
Бет сүйектерінің екіншілік кортикальді остеомиелитін осы жерде
орналасқан одонтогенді остеомиелиттен, актиномикоздан, туберкулездан
ажыратады.
Емі жақтың созылмалы остеомиелитінің емәне ұқсас.
Жақтың екіншілік кортикальді остеомиелитінің асқынуы сирек
кездеседі. Екіншілік өршу, процеске сүйектің басқа аймақтарының
қосылуы, іріңді процестің жақын жатқан жұмсақ тіндерге таралуы және
абсцестердің дамуы, сирек – флегмона болуы мүмкін.
Болжамы жағымды.
Медиастенит. Біріншілік және екіншілік медиастенит болып
ажыратылады. Одонтогенді процесс кезінде медиастенит: ауыз қуысы түбі;
жұтқыншақ маңы, төменгі жақсүйекасты және басқа аймақтардың
флегмонасының таралуында дамиды, қабыну процестері өршиді,
мойынның алдыңғы және бүйір бөліктері зақымданады. Кейбір
жағдайларда іріңді процесс мойынның терең қабаттарына және кеуде
аралығына тез таралауы байқалады. Алдыңғы, артқы және диффузды
медиастениттер ажыратылады. Одонтогенді флегмонаның таралуында жиі
алдыңғы медиастенит дамиды.
Этиология.
Медиастенит
кезінде
қоздырғыштар
ретінде
стафилококктар, стрептококктар, олардың ассоциациясы, сирек – протей
және ішек таяқшасы, сонымен қоса, грам оң және грам теріс микрофлора
бөлінеді.
Медиастенит іріңді инфекцияның жұтқыншақ маңы кеңістігінен
бұлшықет аралық және фасция аралық клетчаткаларға немесе ауыз қуысы
89

90.

түбінен, тіл түбірінен мойынның эндоцервикальді фасциясының
париетальді және висцеральді қабаттарының аралығына және тіласты
сүйегі аймағына, трахеяның алдыңғы аралығында таралуынан дамиды.
Іріңді процесстің омыртқа алды фасцияға таралуы артқы кеуде аралығын
зақымдайды. Қабыну процесінің фасция аралық саңылауларға диффузды
таралуы тотальді-іріңді, жиі – іріңді-өлеттенген медиастениттің дамуына
әкеледі.
Қазіргі кезде медиастениттің бірнеше жіктемесі бар, бірақ
А.А.Вишневский және А.А. Адамян ұсынған жіктелуді қолдану ұсыгылды.
Осы жіктелуге сәйкес жедел сірлі, жедел іріңді және созылмалы
медиастенит ажыратылады.
Клиникалық белгілері. Медиастениттің клиникалық суреті жалпы
жағдайдың нашарлауымен, дене қызуының 39-40С дейін жоғарылауымен,
гемодинамика мен тыныс алу бұзылыстарының пайда болуымен және
өршуімен сипатталады. Науқасты кеудесінің артқы жағындағы өздігінен
пайда болатын ауырсыну сезімі, әлсіздік, мазасыздану, бастың айналуы,
жөтел, тыныстың қиындауы мазалайды. Қабыну процестерінің алғашқы
белгілері : жөтелу, ентігу. Сосын кеуденің артқы жағында ауырсыну пайда
болады, еңкейгенде немесе мойнын қозғалтқанда оның күшейе түсуі,
тағамды жұтудың қиындауы туындайды. Жалпы жағдайы орташа
ауырлықтан ауыр дәріжеге дейін жетеді. Тексеру кезінде науқастың
мәжбүрленген жағдайда – бүйіріне қарай жартылай жатуы немесе басын
төмен қаратып отыруы, тахикардия, АҚҚ жоғарылауы немесе
тұрақсыздығы байқалады. Беткейлік тынысы жиілейді. Терісі суық,
бозғылт, сұр түсті болады, оны жабысқақ тері жабады; аяқ-қолдарында
«мраморлы дақтар», петежиальді бөртпелер, инъекция аймағында –
ауқымды гематома көрінеді. Жайылған флегмонаның симптомдарымен
қатар мойынның алдыңғы және бүйір беткейінде жайылған қабынбалы
инфильтрат, ісіну, кеуде қуысының алдыңғы беткейінің тері
жамылғысының гиперемиясы байқалады. Медиастенит кезінде Герке
симптомы, кейде Иванова симптомы, Равич-Щербо симптомы және кеуде
аралығында ауырсыну пайда болады. Бірақ Равич-Щербо симптомы үнемі
бола бермейді.
Диагностика. Медиастениттің диагностикасы біршама күрделі.
Аурудың созылмалылығына, жалпы және жергілікті симптомдардың
болуына байланысты жанаспалы медиастениттің реактивті, токсикалық
және терминальді сатылары ажыратылады (М.А.Губин).
Рентгенологиялық тексеру кезінде компьютерлік томографияда
ортаңғы кеуде аралығының ұлғайған ошақтары; ал аурудың 5-8 күндері –
плевральді қуыста жалқық анықталады. Рентгенологиялық тексеруді
аурудың динамикасына байланысты қайталап жүргізіп отыру керек.
сонымен қоса, диагностика мақсатында ультрадыбысты биолокация,
жылувизиография жүргізу керек.
Гомеостаз және метаболизм
көрсеткіштері іріңді-септикалық аурулардың – реактивті, токсикалық,
терминальді сатыларына сәйкес келеді. Алғашқы екі сатыда айқын
90

91.

лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға күрт жылжуы және ЭТЖ
(СОЭ) ұлғаюы байқалады.
Емі. Кешенді ем қолданылады, оған операцияалдылық дайындық,
іріңді ошақтарға хирургиялық санация, кеудеаралығын ашу және дренаж
қою, операциядан кейінгі терапия кіреді.
Хирургиялық ем жедел болу керек. Операция
қысқа
операцияалдылық дайындықтан кейін жасалады, онда инфузионды
терапия арқылы ағза жүйесінің жағдайы тұрақтанады. Жоғарғы және
ортаңғы бөліктердің медиастениті кезінде Разумовский бойынша
мойынның медиастинотомиясы жасалады. Кеуде қуысының артқы төменгі
бөлігі зақымданса, Насилов бойынша мойынның медиастениті көрсетіледі.
Семсер тәрізді өсіндісінің резекциясымен мойын медиастинитотомиясы
және кеуде қуысына дренаж қою тотальді процесс кезінде жүргізіледі.
Көрсеткіштерге қарай бет пен мойынның зақымданған тіндеріне міндетті
түрде ревизия жасау керек.
Дренаж қою, шаю, диализ, жалқықты сорып алу, дәрілік заттар үнемі
қолданылады. Жалпы ем: антибактериальді, дезинтоксикациялық,
метаболиздеуші, иммуностимулдеуші терапия, ГБО – іріңді процестің
сатыларына байланысты жүргізіледі. Гемосорбция, плазмаферез,
экстракорпоральді
детоксикация

донордың
көкбауырын
экстракорпоральді қосу.
Болжамы. Таралған флегмонаның медиастенитпен асқынуы
науқастың өмірі үшін қауіпті. Медиастениттің дамуы сепсиспен бирге
дамиды.
Бет венасының тромбофлебиті. Самайасты және қанат-таңдай
шұңқырында, көзасты аймағында, көз шарасында, сондай-ақ ауыз
қуысының түбінде флегмонаның таралуы қатты ми қабықшасының үңгірлі
синусына іріңді инфекцияның енуінен бет венасының тромбозымен
асқынуы мүмкін. Бұл асқынулар беттің шиқаны, көршиқаны, іріңді
пансинусит кезінде дамиды.
Аталған асқынудың дамуына беттің терең веналарының, қанат тәрізді
венозды өрімнің анатомиялық байланысы себепші болады. Көз шарасынан
қан бұрыштық және бет веналары арқылы шығады, оның тармақталуы
беттің – мұрынның, ұрттың, жоғарғы және төменгі еріннің, иектің ұсақ
веналарымен байланысты.
Бет венасының тромбофлебиті жалпы жағдайдың нашарлауымен, дене
қызуыныың
жоғарылауымен,
қалтыраумен
және
интоксикация
дәрежесінің жоғарылауымен сипатталады. Бетте бұрыштық немесе бет
венасының бойымен ауырсынбалы инфильтрат, пайда болады, оның
бетіндегі тері гиперемияланған, кейде көкшіл түсті болады, айналасындағы
тіндермен жабысады. Айналасындағы тіндердің айқын ісінуі, теріасты
веналарының ұлғаюя көрінеді. Кейбір науқастарда қатты ми
қабықшасының
үңгірлі
қуысының
тромбозының,
менингиттің,
менингоэнцефалиттің, сепсистің
дамуымен процестің жылдам ағымы
байқалады.
91

92.

Бет пен мойынның іріңді ауруларының екіншілік бассүйекішілік
асқынулары. Бет пен мойынның іріңді ауруларының екіншілік
бассүйекішілік асқынуларының арасында
бас ми қабықшасының
токсикоинфекциялық
ісінуі,
менингит
және
менингоэнцефалит,
кавернозды синустың тромбозы, бас миының абсцесі бөліп
қарастырылады.
Патогенез . А.М.Стресселидің анатомиялық зерттеу мәліметтері
бойынша инфекцияның бассүйек ішіне таралуыныың үш венозды түрі бар.
Негізгі жолы – мұрынның бұрыштық венасымен анастомоздалатын бет
венасының қабырғасымен және одан әрі қарай көз венасымен қатты ми
қабықшасының кавернозды синусына таралуы. Инфекция сонымен қоса,
қатты ми қабықшасының кавернозды синусымен байланысты қанат-таңдай
веноздық өрімнен таралады. Инфекция сирек жақдайда, көз веналары,
емізікше тәірзді өсінді, ми қабықшасы аймағындағы диплоидты веналар
арқылы таралады.
Көбінесе бассүйекішілік асқынулар иммунитеттің дисбалансынан,
төмендеуінен дамиды. Бассүйекішілік асқынулардың клиникалық суреті
әртүрлі, ал мұндай қатты ми қабықшасының үңгірлі синусының
тромбозының, менингиттің, менингоэнцефалиттің, ми абсцесінің өздеріне
тән симптомдары бар. Олардың арасында:
- науқастың басының ауыруына және оның күшейе түсуіне, басының
айналуына, құсу, лоқсуға шағымы;
- ақыл-есі мен психикасының бұзылуы (қозу, тежелу, сандырақтак);
- менингиальді симптомдардың болуы: шүйде бұлшықеттерінің сіресуі,
Кернигтің, Брудзинскийдің оң симптомдары;
- бассүйек нервтерінің зақымдануы: көзқозғалтқыш, үшкіл, бет, тіласты;
- бас миы затының зақымдануы –гемипарез, сезімталдықтың бұзылуы,
Бабинский, Оппенгеймнің патологиялық белгілері.
Қатты
ми
қабықшасының
үңгірлі
синусының
тромбозыжергілікті шағымдардың ұлғаюымен және бас ауруының
күшеюімен, маңдай аймағында ауырсынудың болуымен, жалпы
жағдайының нашарлауымен, интоксикация дәрежесінің жоғарылауымен
сипатталады. Науқастың жағдайы ауырлайды, дене қызуы 40С дейін
жетеді, кенеттен қалтыраулар байқалады. Флегмонаның, көршиқанның,
синуситтің таралуында көз аймағында ауырсыну, конъюнктива хемозы,
көз шарасы тіндерінің коллетеральді ісінуі күшейе түседі. Соңғысы беттің
қарама-қарсы жағына ауысады. Экзофтальммен қатар офтальмоплегия,
гиперемия, іркілген белгілер туындайды. Одан әрі көздің көруі толық
немесе жартылай төмендейді, шүйде бұлшықетінің сіресуі пайда болады.
Беттің шиқаны, көршиқанынан дамыған қатты ми қабықшасының үңгірлі
синусының тромбозы дамығанда ауру жылдам дамитын ағыммен
ерекшеленеді, көбінесе менингитпен, менингоэнцефалитпен, ми
абсцесімен, сепсиспен асқынады. Қатты ми қабықшасының үңгірлі
синусының тромбозының алғашқы симптомдары: беттің, еріннің,
конъюктиваның ісінуі мен цианозы.
92

93.

Науқасты тексеру кезінде Кернигтің оң симптомдары, кейде –
Бабинский мен Оппенгейм симптомдары анықталады. Аурудың ағымы
өршімелі болады және ақыл-есінен танумен, ошақты симптомдармен,
гемодинамикалық өзгерістермен асқынуы мүмкін. Беттің флегмонасының
таралуында, көз шарасы клетчаткасының зақымдануында, самай сүйегінің
қабыршағының остеомиелитінде іріңді инфекция миға таралады, ол
абсцестің дамуына әкеледі.
Мидың абсцесі. Ми абсцесінің алғашқы симптомдарының
клиникалық белгілері айқын болуы мүмкін. Одонтогенді аурулардың
көріністеріне бас ауруы қосылады (энцефалиттік кезең). Әрі қарай қабыну
белгілерінің кері қайтуы болмайды, жалпы мазасыздану болады, бастың
ауруы күшейеді, құсу және лоқсу пайда болады (латентті кезең). Бұл
симптомдар ұзақ уақыт байқалуы мүмкін. Іріңнің ми аймағынан ми
қабықшасының астына немесе ми қарыншасына жарып шығуы науқастың
жағдайының нашарлауымен, адекватты емес мінез-құлығымен және
токсико-инфекциялық синдромның дамуымен көрінеді (терминальді
кезең). Науқастың ауыр жағдайын тереңдете түсетін тіршілікті қамтамасыз
ететін жүйелердің декомпенсация симптомдары тыныс алу орталығының
салдануы өліммен аяқталуға әкеледі.
Диагностикасы күрделі және ол клиникалық көріністерге және
электро-,
рео-,
эхоэнцефалография
зерттеу
мәліметтеріне,
цереброспинальді
сұйықтықты
зерттеуге
,
сондай-ақ
электрофизиологиялық, нейроофтальмологиялық және отоневрологиялық
тексеру мәліметтеріне негізделеді. Септикалық іріңді аурулардың
клиникалық мәліметтері, зертханалық көрсеткіштері ағзаның маңызды
мүшелері мен жүйелерінің функциональді жағдайын көрсететін негізгі
гомеостаз көрсеткіштердің кешенді тексерулерімен қосымшаланады.
Емі кешенді болып келеді және аурудың сатыларына байланысты.
Антибақтериальді,
десенсибизилдеуші,
дезинтоксикациялық,
дегидратационды, антикоагулянтты дәрілік препараттар қосылған
қарқынды инфузионды терапия реанимациялық шаралармен бірге
жүргізіледі.
Гемосорбция, плазмаферез, лимфосорбция, донордың
көкбауыры қолданылады. Динамикада қанның, зәрдің, иммунитеттің, қан
ұю жүйесінің, метаболиттік зат алмасудың зертханалық көрсеткіштері
қадағаланады.
Хирургиялық
емдеуде
бұрын
жүргізілген
оперативті
әрекеттесулердің жеткіліктілігіне назар аударылады, оны диализбен,
жалқықты сорып алумен толықтырады, жергілікті терапия үшін дәрілік
заттар таңдалады. Нейрохирург ми және оның қабықшасындағы іріңді
ошақты ашуға байланысты әрекеттесулер туралы сұрақты шешеді.
Болжамы. Қатты ми қабықшасының үңгірлі синусының
тромбозымен, менингитпен, менингоэнцефалитпен, ми абсцесімен
асқынған беттің таралмалы флегмонасында, шиқан және көршиқан
болғанда болжамы ауыр.
Сепсис. Бет пен мойынның іріңді-өлеттенген қабыну процесінің
93

94.

өршуі, асқынулардың: медиастинит, қатты ми қабықшасының үңгірлі
синусының тромбозы, менингит, менингоэнцефалиттің пайда болуы –
инфекцияның жайылып, сепсистің дамуына әкеледі. Сепсис одонтогенді
инфекцияның асқынуы ретінде таралмалы флегмонаның терминальді
сатысында, жақтың диффузды остеомиелитінде дамиды.
Сепсистің келесі сатылары ажыратылады: іріңді-резорбтивті қызба,
сепсистің бастапқы кезеңі, септицемия, септикопиемия және созылмалы
сепсис (А.Г. Шаргородский). Жедел сепсис бір уақытта әртүрлі сатыларда
болуы мүмкін. Өзгерістерге байланысты аурудың компенсирленген, субжәне декомпенсирленген түрлері ажыратылады. Компенсирленген жағдай
қанайналымының
тұрақтылығымен
ерекшеленеді;
зат
алмасу,
гемокоагуляция және иммунитет өзгерістері – қалыпты көрсеткіштерден
асып кетеді. Субкомпенсирленген жағдай кезінде тіршілік үшін маңызды
жүйелердің бірінің зақымдануы байқалады.
Декомпенсирленген жағдай тіршілік үшін маңызды жүйелердің
барлығының бұзылуымен сипатталады (қанайналымы, метаболизм,
иммунитет) (М.А.Губин).
Іріңді-резорбтивті қызба шағымның әртүрлі болуымен, жалпы
әлсіздіктің күшейе түсуімен, ұйқысының бұзылуымен, бас ауруымен,
қалтыраумен, тәбетінің жоғалуымен сипатталады. Жергілікті суреті
адекватты жергілікті және жалпы ем кезінде оң динамикасы жоқ негізгі
өршіген іріңді ауруларға сәйкес келеді.
Жүргізілген емге қарамастан, жалпы жағдайдың нашарлауы, қанда
микробты флораның анықталуы сепсистің бастапқы сатысын көрсетеді.
Науқастың жағдайы өте ауыр немесе ауыр болады, қозады. Қызуы
жоғарылайды -39-40С. Тері жамылғысы бозарады, түсі жер тәрізді болады,
салқын жабысқақ тері жабады, кейде сары түске ауысады, бұрын инъекция
жасалған жерде теріасты қанталаулары, петехия, эритема болады.
Сепсистің ерте кезеңдерінде септикалық шокпен (эндотоксикалық,
токсико-инфекциялық) асқынуы мүмкін, ол кезде тіршілікті қамтамасыз
ететін көптеген жүйелер зақымданады. Септикалық шоктың негізгі
симптомдары: гипертермия, гипотония, тахикардия, есінің бұзылуы. Бас
ауруының күшеюі тыныс алудың жетіспеуімен және ентігумен қатар
жүреді.
Токсико-инфекциялық шок токсикалық кезеңнің соңында іріңді
процестің таралуынан дамиды.
Неврологиялық симптомдар – бас ауруы, құсу және лоқсу, ақылесінің тежелу және ұйқысының келуі түрінде бұзылуы, шығатын нервтің
салдануынан әртүрлі симптомдар пайда болуы. Науқастың ауыр
жағдайында бет, мойын флегмонасының таралуынан сіңірлердің
рефлекстері, бір жақты Бабинский симптомы пайда болады,
координациялық сынамалар бұзылады. Жергілікті іріңді процестің және
қабыну белгілерінің жылдам өршуі летальді аяқталуына әкеледі.
Тыныс алу жеткіліксіздігі. Жедел тыныс алу жеткіліксіздігі тыныс
алудың қиындауы, тыныс қозғалыстары санының ұлғаюы, науқастың
94

95.

мәжбүрленіп отыруы, психикасының бұзылуы, кілегей қабатта цианоздың
пайда болуы, акроцианоз сияқты симптомдар түрінде көрінеді.
Қанайналым көрсеткіштерінің өзгерістері АҚҚ жоғарылауымен,
тахикардияның өсуімен көрінеді. Сепсис кезінде жедел тыныс алу
жеткіліксіздігі жоғарғы тыныс жолдарының өтімділігінің бұзылуымен
байланысты гипоксиялық гипоксия және септикалық пневмония түрінде
болады. одонтогенді сепсисі науқастарда ентігудің, цианоздың, пневмония
симптомдарының туындауына назар аудару керек. Тыныс алу
жеткіліксіздігі компенсирленген және декомпенсирленген болуы мүмкін.
Жалпы жағдайдың күрт нашарлауымен, әлсіздіктің, қалтыраудың
күшейе түсуімен сипатталатын жедел тыныс алу жеткіліксіздігі дамуы
мүмкін; мазасыздану сезімі қорқынышпен, ақыл-есінің өзгеруімен
ауысады.
Тыныс алу жеткіліксіздігінің декомпенсирленген түрі септикалық
іріңді процестің емін тереңдетумен ерекшеленеді: жағдайы өте ауырлайды,
ақыл-есі жоқ немесе аралас болады, тері жамылғысы бозарады, цианоз
пайда болады, АҚҚ тұрақсызданады, тахикардия минутына 120 ға дейін
соғады.
Жүргізілген емге қарамастан, интоксикация азаймаса, іріңді ошақтар
жақ-бет аймағы және ішкі мүшелерде анықталмайды, ал қанды
тексергенде патогенді микробтар анықталса, онда септицемия туралы
айтуға болады (токсикалық саты). Аурудың жалпы белгілерінің өршуі,
ішкі мүшелердің – өкпенің, бауырдың, бүйректің, жүректің және т.б.
зақымданулары тән.
Кейбір науқастарда аурудың жалпы және жергілікті симптомдары
әлсіз көрінеді. Бұл сепсистің келесі сатысына – септикопиемияға тән
келеді.
Мұндай жағдайларда науқастың ішкі мүшелерін тексергенде жүрек
шекарасының кеңеюі, тұйық дыбыстар, өкпеде – қатты тыныс алу, сырыл;
бауырдың ұлғаюы және оның төменгі жиегінде ауырсыну байқалады.
Терминальді сатыға сәйкес қан мен зәрде өзгерістер байқалады:
диспрогеинемия, гиперкоагуляция, электролит балансының бұзылысы.
Созылмалы сепсис аурудың кеш сатыларында байқалады және
токсемия
белгілерінің
күшеюімен,
мүшелер
мен
жүйелердің
компенсаторлы қызметінің күрт өзгеруімен сипатталады.
Бұл кезеңде дене қызуы төмендейді, кенеттен тахикардия пайда
болады, АҚҚ төмендейді, гиповентилициялық гипоксия, анурия
туындайды.
Диагностикасы клиникалық белгілерге, зертханалық мәліметтерге
негізделеді.
Емі. Хирургиялық және патогенетикалық негіздегі емнің маңызы зор.
Жалпы ем аурудың – реактивті, токсикалық, терминальді сатысымен
анықталады. Интенсивті ем, реанимациялық шаралар, көрсеткіштеріне
қарай – темо- және лимфосорбция, плазмаферез, донордың бауыры
қолданылады.
95

96.

Болжамы ауыр. 50% жағдайда науқастардың өлімімен аяқталады.
Жаңа әдістер жағымсыз жағдайлардың пайызын азайтуға мүмкіндік береді
(М.А.Губин).
Бет пен мойынның абсцестері мен флегмоналарының
диагностикасы және олардың асқынулары.
Абсцестер мен флегмоналардың диагностикасы аурудың жалпы
симптомдары, қабыну реакциясының түрін бағалау және процестің
орналасуы мен таралуына байланысты жергілікті көріністер негізінде
жүргізіледі.
Науқастың жағдайы, жалпы аурулардың болуы ескеріледі.
Микробиологиялық диагностика микробты қоздырғыштардың түрін,
олардың құрамын, концентрация деңгейін, сондай-ақ инфекциялық
агенттердің антибактериальді дәрілерге сезімталдылылығын анықтау үшін
маңызды. Неғұрлым мамандандырылған емханалардағы жеделдетілген
әдістер – кассеталы микро әдіс өте тиімді және жартылай сұйық ортада
микробиологиялық диагнозды нақтылап және
аэробтар және
факультативті анаэробтар үшін 6-12 сағаттан кейін және 1-2 тәуліктен
кейін басқа анаэробтарға антибиотикограмманы алуға болады (В.Н.Царев).
Облигатты және факультативті анаэробтардың флегмона кезінде, ал аз
пайызда
абсцесс
кезінде
бөлінуі
бұл
іріңді
процестердің
микробиоценозының қазіргі заманғы суретін көрсетеді. Жайылған іріңді
процесс – флегмона кезінде облигатты анаэробтардың, аэрофильді
микробтардың көбеюі тән. Іріңді процестің таралу тенденциясы Sarcina,
Aerococcus, Neisseria bacillus сияқты бактериялар санының көбеюімен
сипатталады. Микроағзалар құрамының вируленттілігі жоғарылайды,
соңғыларының арасында ақ стафилококктың
токсикалық шогының
эндотоксині түзіледі.
Диагнозды нақтылап және аурудың болжау үшін қан мен зәрді
тексерудің маңызы зор. Олардың көрсеткіштері әртүрлілігімен
ерекшеленеді, бірақ олардың ішінде гемограммада – ақ қанның сандық
және сапалық көлемінің және эритроциттердің тұну жылдамдығының
маңызы зор; зәр анализінде - ақуыз, қан жасушалары, бүйрек эпителиінің
дегенеративті жасушалары болады. Ақ қанның, ЭТЖ (СОЭ)-ның, зәрдің
көрсетілген өзгерістері қабыну процесінің диагностикасында көмектеседі.
Жақ маңы жұмсақ тіндердің іріңді қабыну ауруларының
диагностикасында ағзаның реактивті көрсеткіштерінің маңызы зор.
Олардың арасында интоксикацияның
лейкоцитарлы индексінің
мәліметтері, имммунологиялық көрсеткіштер,
қандағы – ақуызды,
ферменттерді, электролиттік алмасуды тексеру неғұрлым ақпаратты болып
келеді. Бұл мәліметтердің аурудың клиникалық суретімен сәйкес келуі
ағзаның қорғаныш реакциясын, интоксикация дәрежесін бағалау үшін
оларды талқылауға мүмкіндік береді.
Қан мен зәрді тексеру нәтижелерін қабыну реакцияларының түрін
анықтау үшін
аурулардың жалпы және жергілікті суретімен
сәйкестендіреді (нормергиялық, гиперергиялық, гипергиялық).
Бұл
96

97.

мәліметтер иммунологиялық көрсеткіштерді толықтыруы мүмкін.
Флегмоналардың таралуында және олардың асқынуларында аурулардың –
реактивті, токсикалық және терминальді сатыларын ажырату маңызды.
Кешенді тексерулер кезінде одонтогенді инфекция көзін нақтылауға ,
жұмсақ тіндердің іріңді процесін остеофлегмонадан ажыратуға, ал
аурудың созылмалы кезеңінде екіншілік кортикальді остеомиелиттің
дамуын анықтауға
мүмкіндік беретін рентгенологиялық зерттеулер
жүргізу керек. Диагностиканы нақтылау үшін рентгендік компьютерлік
томография қолданылады. Бет пен мойынның таралған іріңді ауруларында,
медиастиниттің - диагностикасы мақсатында бассүйекішілік асқынуларды
анықтау үшін РКТ және МРТ; электро-, рео- және эхоэнцефалография,
электрофизиологиялық, нейроофтальмологиялық,
ультрадыбыстық
биолокация, жылу визиографиясы қолданылады.
Бет пен мойынның абсцестері мен флегмоналары кезінде емдеудің
жалпы қағидалары және олардың асқынулары.
Абсцесс пен флегмона кезінде емдеудің хирургиялық әдістері негізгі
болып табылады. Іріңді ошаққа алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізу
керек. Абсцестері бар науқастарды емдеу амбулаторияда жүргізіледі.
Абсцесс шайнау бұлшықетінде, қанатша-төменгі жақ кеңістігінде,
самайасты шұңқырында, самай аймағында орналасқанда, егде жастағы
адамдарға емдеу стационарда жүрігзіледі. Флегмонасы бар науқастарды да
стационарда емдейді.
Хирургиялық емдеу жүргізу кезінде қабыну процесінің клиникалық
даму сатысын, патологиялық өзгерістердің ауырлығын және олардың
қасиетін, ағзаның жеке ерекшеліктерін және олардың антибактериальді
препараттарға сезімталдылығын ескеру керек. Ол қабыну инфильтратын
ашумен, тіндердің керілуін басумен және олардан жалқықтың шығуымен,
зақымданған тіндердің аймағына 1-2% 1,8-3,6-5,4 мл анестетикке натрий
хлорид изотониялық ертіндісін араластыру арқылы блокада жүргізумен
сипатталады. Блокада құрамына антибиотиктер, линкомицин, ферменттер
және басқа заттар кіреді. Бір уақытта консервативті әдіс арқылы тістен
жалқықтың шығуына жағдай жасалады және көрсеткіштерге байланысты
тіс жұлынады.
Тіндердің іріңді өллетенуі және іріңді еруінде іріңді жараға алғашқы
хирургиялық өңдеу жасалады: іріңді ошақты ашады, некротомия жасалы,
жалқықтың шығуына жағдай жасалады;
Іріңді ошақтан жалқықтың
шығуына
жағдай жасалғанда
дренаждаудың әртүрлі әдістері, жергілікті диализдің әртүрлі әдістері,
жалқықты үзілісті немесе тұрақты сору, шаю, ылғалдандыру, байлам,
озонотерапия қолданылады.
Таралған
флегмоналарды,
іріңді-өлеттенген
флегмоналарды
хирургиялық емдеу кезінде аса назар аударылады.
Жансыздандыру әдісін таңдау қабыну процесінің сипатына (абсцесс,
флегмона, таралған флегмона), ағзаның функциональді жағдайына және
97

98.

операцияның жүргізу жағдайларына байланысты. Бір анатомиялық
аймақтың абсцесі мен флегмонасы кезіндегі оперативті әрекеттесулер
медикаментозды дайындықтан кейін жергілікті жансыздандыру арқылы
жасалады. Жақ маңы флегмонасы 2-3
және одан көп аймақта
орналасқанда, наркоз немесе комбинирленген жалпы анестезия арқылы
ашады. Дезинтоксикацияға бағытталған қысқа уақытты операцияалдылық
дайындық міндетті түрде жүргізілу керек.
Жалпы жансыздандыру кезінде іріңді ошақ орналасуының маңызы
зор. Ауыз қуысы түбі, тіл түбірі, жұтқыншақ маңы кеңістігі аймағының
қабынбалы процесі, сондай-ақ қабынбалы процеске шайнау бұлшықетінің
қатысуы наркоз қолданумен шектеледі.
Осындай аурулары бар науқастарда ағзалардың мүшелері мен
жүйелерінің функциясының коррекциясы жүргізіледі және жалпы
анестезия
жергілікті
жансыздандырумен
қолданылады.
Жалпы
анестетиктер субнаркотикалық концентрацияда қолданылады (азоттың қос
тотығы немесе пентран).
Аймақтың анатомиялық ерекшеліктеріне сәйкес тіндер кесіледі: бет
нерісі тармақтарының бойымен бет терісіне тілік салынады; төменгі жақ
жиегінің астына табиғи тері қатпарларына тіліктер жасалады. Кесілетін
әрбір тін қабаттарының орналасуын білу керек.
Жалқықтың шығуы үшін және жара жиектерінің жабысуының алдын
алу үшін перфорациялық тесіктері бар әртүрлі диаметрдегі рәзеңкелі,
полихлорвинилді түтікшелермен немесе рәзеңкелі жолақтармен дренаж
қойылады. Натрий хлорид гипертониялық ертіндісімен, сондай-ақ әлсіз
анестетик ертіндісімен ( 0,4% лактат этакридин ертіндісі, 1-2% хлорамин,
хлорфилипт ертіндісі, 0,1% фурагин, хлоргексидин, корсодил, элюдрин
ертіндісі) ылғалды байлам қойылады. 0,1-1% диоксидин, 2% грамидин С
спирт ертіндісі, мазь түрінде нитацид ертіндісі, «Лизосорб» препараты
сияқты антисептикалық және антибактериальді препараттарды қолдану
ұсынылады; ашылған іріңді қуысқа 2% тетрациклин ертіндісінің майлы
ертіндісімен немесе 10% синтомицин эмульсиясымен, «Левомиколь»
мазімен сіңірілген дәкелі жолақ енгізіледі. Жара стафилококкты немесе
стрептококкты
бактериофагпен,
стафилококкты
плазмамен,
ферменттермен,
әсіресе,
протеолитикалық
препараттармен,
сорбенттермен, әсіресе, дренирлеуші «Регенкур» сорбентімен жуылады.
Іріңді өлеттенген процесс кезінде жараны 3% калий перманганаты
ертіндісімен, сосын сутегі тотығы ертіндісімен ылғалдандыру жақсы
нәтиже береді. Осыдан кейін натрий хлорид гипертониялық ертіндісінен
ылғалды байлам қойылады. Бірақта бұл препараттар қысқа уақыт әсер
етеді; хлоргексидин, грамицидин С ертіндісі ертінділері неғұрлым тиімді.
Оперативтік емдеудің классикалық сызбасын – іріңді жараны алғашқы
хирургиялық өңдеуін - белсенді дренаждау, жергілікті диализ, жалқықты
сору әдістерімен толықтырады. Диализ кезінде натрий хлорид ертіндісі,
4-8%
натрий бикарбонат ертіндісі, антисептиктер, детергенттер,
ферменттер, Рингер-Локка ертіндісі, карбоксилаза, витаминнің С және В
98

99.

топтары, аминоқышқылдар қолданылады. Вакуум-гидрооксигенациясын
қолдану, аэрозольді, ультрадыбыстық, лазерлі әсер ету, төменгіжиілікті
вибромассаж тиімді.
Іріңді жараның белсенді
жергілікті диализі
(үздіксіз немесе
фракционды) қабыну сатыларына қарай және жараға дәрінің әсер етуіне
сәйкес жүргізіледі, ол ағымды реттеуге мүмкіндік береді.
Қабынудың І сатысында - механикалық, физико-химиялық және
химико-биологиялық антисептика жүргізіледі; ІІ сатыда – жараның
пролиферациясы және регенерациясы – химико-биологиялық және
биохимиялық санациясы; ІІІ сатыда – реорганизация және тыртықтың
қалыптасуында - емдік шаралар жарадағы репаративті регенерацияны
стимулдеуге бағытталады.
Кешенді емнің бағдарламасы қабыну реакциясының түріне, іріңді
процестің таралуына, ағзаның қорғаныштық реакциясының жағдайына
байланысты құрастырылады.
Кейбір қиыншылықтарға байланысты тісті жұлу жақ маңы іріңді
ошағын ашқаннан соң
бірнеше күн өткеннен кейін жасалады.
Рентгенограммада анықталған жұлынған тістің түбір маңы тіндеріндегі
өзгерістер кезінде түбір маңы ошақтарын ашу және қыру жұмсақ
тіндерінің қабатталуынан және альвеолярлы өсінді қабырғасының
трепанациясынан кейін көрсетіледі.
Абсцестер мен флегмоналардың жалпы патогенетикалық терапиясы
кезінде қарастырылады: 1) инфекциямен күресу; 2) ағзаның
иммунобиологиялық құрамын жоғарлату, ағзаға жалпы қуаттандырушы
әсер еті; 3) жүйелер мен мүшелер функциясының коррекциясы.
Абсцесс пен флегмонаның
сызбасын құрастыру ағзаның
функциональді жағдайына және қабыну реакциясының – нормергиялық,
гиперернгиялық, гипергиялық қасиетіне, қабыну ошағының немесе
ошақтарының орналасуы мен жергілікті ерекшеліктеріне негізделуі керек.
Біріншілік немесе екінщілік иммундық жетіспеушілік аурулары және
жағдайлары бар науқастарда инфекцияға қарсы қорғаныш реакциясын
коррекциялауға аса назар аударылады.
Нормергиялық
қабыну
реакциясы
бар
абсцестер
кезінде
антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофурандар, десенсибилиздеуші
және жалпы қуаттандырушы заттар қолданылады. Кейбір
ұрт
аймақтарының,жақ-тіл науасының
абсцесі бар
науқастарда
тек
сульфаниламидтерді
қолдану
және
қабынуға
қарсы
және
десенсибилиздеуші препараттар кешенін туралы сұрақтар шешіледі.
Гипергиялық қабыну реакциясы бар абсцестерді емдеу стимулдеуші,
жалпы қуаттандырушы, белсенді иммунотерапиядан басталады.
Флегмонаның жалпы емдеу қағидалары жақтың жедел диффузды
остеомиелитінің емімен бірдей.
Бір немесе екі клетчаткалық кеңістіктегі жақ маңы флегмонасының
нормергиялық ағымы кезінде антибактериальді, десенсибилиздеуші,
жалпы қуаттандырушы және симптоматикалық терапия, иммундық
99

100.

препараттармен емдеу әсерінің жеке бекінуі қажет.
Бір немесе екі клетчаткалық кеңістіктегі флегмонаның гипергиялық
ағымында
емдеуді жалпы қуаттандырушы, десенсибилиздеуші
терапиядан,
жеке таңдалған иммунокорректорларды тағайындаудан
басталады және соңғы кезеңінде антибиотикотерапия жүргізіледі.
Гиперергиялық қабыну реакциясымен сипатталатын таралмалы
флегмона кезінде кешенді ем аурудың созылмалылығына, өршіген іріңді
процестің
- реактивті, токсикалық немесе терминальді сатыларына
байланысты құрастырылады. Осыған байланысты операцияалдылық
дайындық жасалады.
Операцияалдылық дайындық кезінде реактивті кезеңде жиналған
қорғаныш реакциясы мен гиповолемияның коррекциясы қарастырылады.
Осы мақсатпен наркотикалық (1-2% промедол немесе омнопон ертіндісі 1-3мл) және наркотикалық емес заттар (25-30% анальгин, баралгин
ертінділері – 1-3мл), анальгетик, гипосенсибилиздеуші, нейролептикалық
заттар және транквилизаторлар (1%димедрол ертіндісі – 1-2мл),
дроперидол ( 0,25% ертінді – 1-2мл), глюкокортикоидты гормондар (
гидрокортизон суспензиясы – 25-75мг). Препараттар бұлшықет ішіне
енгізіледі. Тамырішілік енгізу үшін плазма алмастырғыш тұздар және
глюкозирленген ертінділер қолданылады (дене салмағының 1 кг-на 1525мл).
Операцияалдылық дайындық кезінде токсикалық кезеңде қанның
циркуляциясының көлемі ұлғаяды және интоксикация төмендейді. Осы
мақсатта плазма алмастырғыш заттар 400-500мл (полиглюкин,
реополиглюкин, гемодез), 100-200мл альбумин немесе протеин, 5001000мл 10% глюкозаның инсулин қоспасы, 500-1000мл электролит
ертінділері енгізіледі. Қосымша гипосенсибилиздеуші заттар ,
анальгетиктер, нейролептикалық заттар қоданылады (бұлшықетішілік).
Аталған препараттармен бірге 0,06% коргликон ертіндісі – 1мл,
кокарбоксилаза – 10-20 мг тамырішілік, АТФ – 1-2мл және 20%камфор
ертіндісі – 2-3мл бұлшықетішіне енгізіледі. 400-500мл полиглюкинді,
гемодезді
тамшылатып енгізгенде, дезинтоксикациялық және
реологиялық әсер ету арқылы жүзеге асырылады. 10-20% глюкозаны
(1000-1500мл) инсулин ертіндісімен және электролит ертіндісін енгізеді
(800-1000).
Инфузионды ортаның құрамына 5-10мл витамин С, 5-10мл панангин,
25-75 мг гидрокортизон, 10-15 ЕД гепарин кіреді.
Науқас түскенде кең спектрлі әсер ететін антибиотиктер
тағайындалады (жартылай синтетикалық пенициллиндер, метронидазол
туындылары, линкомицин, тетрациклин).
Антибиотикограмма жүргізілгеннен кейін препараттар олардың
микробты
қоздырғыштарға,
синергизмге,
химиопрепараттардың
антагонизміне сезімталдылығымен байланысты тағайындалады (жартылай
синтетикалық пенициллиндер – ампициллин, карбанициллин, оксациллин,
стрептомицин,
макролидтер,
эритромициндер,
олеандомицин,
100

101.

сульфаниламидтер, фуран препараттары). Антибиотиктердің кері әсерінің
алдын алу үшін саңырауқұлақ қарсы препараттар – нистатин, леворин
тағайындалады.
Микробты флораны
зерттеу 3-4 күн сайын жүргізіледі.
Антибактериальді препараттармен емдеу курсы 6-8 күн.
Инфекциялы-қабыну ауруларының ауыр ағымында антибиотиктер
тамырішіне – күнсайын, 6-8-10 рет енгізіледі ( самай беткейіне немесе бет
артериясына, сондай-ақ жалпы ұйқы артериясына катетеризация).
Антибиотикті енгізу алдында 10-15мл 0,25% лидокаин ертіндісі, 25 000ЕД
трасилол немесе контрикал, 12,5-25 мг гидрокортизон, 5000-10000ЕД
гепарин енгізіледі.
Іріңді-өлеттенген флегмонаны емдеу кезінде негізгі анаэробтарға
қарсы сарысу қоспасы бұлшықетішіне немесе теріастына егу арқылы
енгізіледі. Ағзадан токсиндердің ыдырау өнімдерін шығару үшін
сұйықтықтың ағзаға түсуін қатаң бақылау керек. Жұтынудың
ауырсынуында және қиындауында сұйықтықты 1-1,5л дейін тік ішектен
тамшылатын енгізеді (минутына 60-80 тамшы). 0,85% натрий хлорид
ертіндісі, 5-5,5% глюкоза ертіндісі,
2,5%кальций хлорид ертіндісі
енгізіледі.
Антигенді стимуляторларды қолдану ағзаның иммуногенезін және
спецификалық емес реактивтілігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.
Иммуногенездің коррекциясы тек ағзаның функциональді резервінде және
иммундыкомпетентті
жасушаларға және фагоцитозға иммундық
препараттардың әсері болуы мүмкін. Ағзаның тіршілікпен қамтамасыз
ету жүйесінің компенсирленген жағдайында және иммунитет
реакциясының жоғарылауында иммунды препараттар – стафилококкты
анатоксиндер левамизол, Т-активин және т.б. таңдалады. Иммунитетті
коррекциялау үшін
флегмонаның ауыр жағдайында
бүйрекүсті
гормондары - преднизон, преднизолон тиімді. Бұл гормондарды
антибиотиктермен енгізу керек. Іріңді процестің гиперергиялық ағымында
жалпы қуаттандырушы және стимулдеуші препараттар, корректорлар
және фагоцитоз стимуляторы (дибазол, метилурацил, пентоксил, милайф,
витаминдер кешені, тағам қоспалары) тағайындалады.
Операция алдында және операциядан кейінгі кешенді ем
бағдарламасы таралмалы флегмоналардың реактивті және токсикалық
сатыларындағы процестердің алдын алуын және терминальді сатыдағы
декомпенсация симптомдарын жоюды қамтамасыз етеді. Мұндай
жағдайларда емдеу реанимация бөлімдерінде хирург-стоматологтың,
невропатологтың, офтальмологтың, оториноларингологтың және жалпы
хирургтың кеңесімен жүзеге асырылады.
Бет және ми тамырларының, қатты ми қабықшасының синусының
медиастинитпен, тромбофлефитпен және тромбозбен, сепсиспен асқынған
таралмалы флегмонаның терминальді сатысында
емдеу жүргізу
қиындықтар туындатады.
Гемосорбцияны,
плазмаферезді,
лимфосорбцияны,
донордың
101

102.

көкбауырын қолдану тиімді. Кешенді ем және реанимациялық шараларды
жүргізу ауыр науқастардың жазылуына мүмкіндік береді.
Кешенді
емдеуде физиоем әдістері қолданылады. Қабыну белгілерінің дамуының
бастапқы сатысында УКС, УЖЖТ, гелий-неон сәулесі, инфрақызыл лазері
тағайындалады.
Іріңді ошақты ашып, жарадан іріңнің ағуы тоқтағаннан кейін УКС,
УЖЖТ,
ультрадыбыс,
флюктуоризация,
антибиотиктермен,
ферменттермен электрофорез, гелий-неон сәулесі, инфрақызыл лазер
қолданылады.
Қабыну процесінің кері дамуында , әсіресе, іріңді ошақ бұлшықет
аймағында орналасқанда ЕДШ тағайындалады, ол тіндердің қанмен
қамтамасыз етілуін жақсартады, функцияларының қалпына келуін жүзеге
асырады.
Науқастар дұрыс тамақтану керек. Ауыздың ашылуының
қиындауында және жұтынудың ауырсынуында тағамды ұсақтап береді;
науқастар В және С топтарының витаминдерін жеткілікті мөлшерде
алулары керек.
Хирургиялық әрекеттесулер, жалқықтың іріңді ошақтан шығуы,
жергілікті дәрілік әсер ету жараны тазарту үшін жағдай жасайды. Іріңнің
ағуы тоқтап, жара өлеттенген тіндерден 3-ші тәулікте, абсцесс кезінде 5-6
тәулікте ажыратылады, беттің бір немесе екі аймағының флегмонасында
біріншілік
тігістер салынады; бет пен мойынның таралмалы
флегмоналарында 10-14 күндері екіншілік тігіс салынады.
Біріншілік немесе екіншілік тігістер жергілікті инфильтрациялық
жансыздандыру арқылы салынады. Тіндерді өңдеп, грануляцияланған
тіндерді алып тастағаннан кейін жараның жиектерін жақындастырады
(0,6-1см). Біріншілік-кейінге қалдырылған тігістер салу кезінде рәзеңкелі
түтікшелер қалдыру керек. Қабыну белгілерінің басылуына байланысты
дренажды 2-3ші күні алады, диализ және жалқықты сору 3-4ші күні
тоқтатады, жіптері 7-8ші
күндері алынады. Операциядан кейінгі
кезеңдерде көрсеткіштеріне байланысты
жалпы қуаттандырушы,
стимулдеуші ем, иммуномодулдеуші ем, физиоем әдістері және ЕДШ
жалғастырылады. (5 кестені қараңыз).
Болжамы. Жақ-бет аймағы және мойынның флегмонасына
уақытымен және дұрыс ем жүргізгенде болжамы жағымды.
Медиастиниттің,
бассүйекішілік
іріңді
процестердің,
сепсистің
асқынуларының дамуы – еңбекке қабілетсіздігінің созылмалылығына,
мүгедектікке, летальді аяқталуына әкеледі.
Алдын алу. Жақ маңы абсцестері мен флегмоналарының алдын алу
ауыз қуысының инфекция ошағының санациясына және ағза
реактивтілігінің жоғарылауына негізделеді.
102

103.

7. Бет пен мойынның лимфангиті, лимфадениті,
аденофлегмонасы
Бет пен мойынның лимфа жүйесінің қабыну ауруларының арасынан
лимфангит –лимфа тамырларының қабынуы; лимфаденит – лимфа
түйіндерінің қабынуы; аденофлегмона – лимфа түйіндерінің және оның
маңындағы клетчаткалардың жайылған іріңді қабынуы ажыратылады.
Лимфангит
Лимфангит –лимфа тамырларының қабынуы; лимфаденит – лимфа
түйіндерінің қабынуы; аденофлегмона – лимфа түйіндерінің және оның
маңындағы клетчаткалардың жайылған іріңді қабынуы.
Анатомиясы. Лимфа түйіні сыртынан дәнекер тін қабымен
жабылған. Қаптан түйіннің ішіне, паренхимасына жұқа дәнекер тінді
перделер – трабекулалар өтеді. Лимфа түйінінің паренхимасы ретикулярлы
тіннен түзіледі. Жасушалық заттар қыртысты заттарға және милық
заттарға бөлінеді. Қыртысты затта лимфоидты фолликулалар орналасады.
Милық заттар лимфоцит тартпаларынан тұрады. Қаптың, трабекуланың
және паренхиманың арасында жіңішке саңылаулар – синустар болады.
Синустың шетінде келетін лимфа тамырлар ашылады, ал қақпасынан –
шығатын тамырлар шығады. Бас пен мойынның жергілікті лимфа
түйіндерінің арасында бірнеше топтар ажыратылады: бассүйек күмбезінің
аймағы (шүйде, емізікше, беткей және терең құлақ маңы аймағы), бет
аймағы (ұрт, мұрын-ерін, азу тістер, төменгі жақ аймағы), иек, төменгі
жақ, алдыңғы және латеральді мойын бөліктері (беткей және терең).
Бастың, бассүйек күмбезінің лимфа түйіндеріне шүйде, емізікше,
беткей және терең құлақ маңы лимфа түйіндері жатады. Құлақ маңы
лимфа түйіндері жиі зақымданады.
Құлақ маңы лимфа түйіндері құлақ маңы қалқанынан алдыға қарай
және құлақ маңы сілекей безі қабының үстінде, без бөліктерінің
аралығында, оның қабының астында, сыртқы есту жолынан сыртқа қарай
орналасады.
Иектің лимфа түйіндері иекасты үшбұрышыының клетчаткасында
орналасады. Олардың саны 1ден 4ке дейін жетеді. Иектің алдыңғы лимфа
түйіндері иекасты аймағында, жиі жағдайда төменгі жақ жиегінің артында
орналасады. Артқы түйін тіласты сүйегінің денесінен алдыға қарай
орналасады. Иектің лимфа түйіндері лимфаны жоғарғы және төмегі
еріннің терісінен, төменгі күрек және ит тістердің периодонтынан, төменгі
жақтың иек бөлігінің сүйекүстінен және жартылай ауыз қуысы түбінің
тіндерінен алады.
Төменгі жақсүйекасты лимфа түйіндері төменгі жақсүйекасты
үшбұрышында орналасады және төменгі жақ жиегінің ортасында шынжыр
түрінде жатады.
Бірінші түйін жақсүйекасты үшбұрышының төменгі бөлігінде
103

104.

орналасады. Түйіндердің екінші тобы - яғни ортаңғылары, сыртқы бет
артериясының медиальді жағында, шайнау бұлшықетінен алдыға қарай
орналасады. Біршама артқа қарай бет артериясы мен бет венасының
арасында үшінші түйін орналасады. Сонымен қоса, тұрақсыз төртінші
түйін төменгі жақсүйекасты сілекей безінің төменгі-артқы полюсында
орналасады. Төменгі жақсүйекасты лимфа түйіндерінің топтарына төменгі
жақсүйекасты сілекей безі қабының ішінде орналасқан түйіншектер
жатады.
Төменгі жақсүйекасты лимфа түйіндеріне төменгі жақ тіс қатарының
айналасындағы тіндерден – альвеолярлы өсіндіден, төменгі жақ денесінен
және төменгі еріннің жартылай бүйір бөлігінен , сондай-ақ сыртқы мұрын
терісінен, мұрын қуысының кілегей қабатының алдыңғы бөлігінен лимфа
тамырлары шығады. Сонымен қоса, кіші және үлкен азу тістер, жоғарғы
жақтың альвеолярлы өсіндісі төменгі жақсүйекасты лимфа түйіндерінің
лимфа тамырларымен байланысты.
Беттің лимфа түйіндеріне ұрт түйіні жатады, ол осы аймақтан алдыға
қарай, көбінесе шайнау бұлшықетінің алдыңғы жиегінде орналасады;
молярлы - төменгі азу тістер немесе одан төмен орналасады; төменгі
жақтық – төменгі жақ негізінің ортасында орналасады. Беттің лимфа
түйіндеріне лимфа кіші азу тістерден, жоғарғы жақтың альвеолярлы
өсіндісінен, төменгі жақтың бірінші және екінші үлкен азу тістерінен
келеді.
Жұтқыншақарты
лимфа түйіндері төменгі жақсүйекасты
үшбұрышының және мойын бұлшықеттерінің терең бөлімдерінде
орналасады. Олар лимфаны мұрын қуысының алдыңғы бөлімдерінен,
жартылай қатты және жұмсақ таңдайдан алады.
Мойынның алдыңғы және латеральді лимфа түйіндері төс-бұғанаемізікше аймағының медиальді үшбұрышында және мойынның латеральді
үшбұрышында орналасады. Мойынның алдыңғы және латеральді лимфа
түйіндері беткей және терең болып бөлінеді. Терең орналасатындарға
латеральді және алдыңғы мойылдырық лимфа түйіндері, мойылдырықекіқарыншалы түйін, мойылдырық-жауырын-тіласты, бұғанаүсті және
жұтқыншақарты лимфа түйіндері. Лимфа тамырларының торы жоғарғы
жақпен, ауыз қуысының кілегей қабатымен, ауыз қуысы түбінің
тіндерімен, тілмен байланысты.
Этиология. Лимфангиттің, лимфадениттің микробты агенттері
патогенді стафилококктар, сирек – стрептококктар және олардың
ассоциациясы болып табылады. Осымен қатар қоздырғыштар ретінде
анаэробты микробтар болып табылады.
Патогенез. Жақ-бет аймағының лимфангиті және лимфаденитінің
инфекция көзі одонтогенді инфекция болуы мүмкін: жедел периодонтит
немесе созылмалы периодонтиттің өршуі, түбір ұрасының іріңдеуі, төменгі
ақыл тістердің қиын жарып шығуы, альвеолит. Сонымен қоса, жедел
лимфаденит жақтың жедел іріңді периоститінің, жақтың одонтогенді
остеомиелитінің, жақ маңы абсцесі мен флегмоналарының , одонтогенді
104

105.

гайморит ағымын асқындырады.
Жақ-бет аймағының лимфадениті сондай-ақ ауыз қуысы кілегей
қабатының қабыну аурулары мен зақымданулары кезінде миндалинадан,
сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтың тіндерінен инфекцияның таралуынан
дамуы мүмкін. Сирек жағдайда жақ-бет аймағы лимфа түйіндерінің
зақымданнуы бас пен мойынның тері жамылғысының ауруларымен және
зақымдануларымен байланысты болады.
Лимфа түйіндер биологиялық сүзгі болып табылады. Олар
микробтарға, токсиндерге, басқа да антигенді тітіркендіргіштерге кедергі
болады. Лимфа түйіндері иммунды мүшенің бір бөлігі болып табылады,
оларға микробтардың тұрақты әсер етуінен олардың нейтрализация
мүмкіншілігі жоғалады. Фильтрдан олар микроағзалардың және олардың
ыдырау өнімдерінің көбеюіне арналған резервуарына айналады. Лимфа
түйіндерінің қабыну ауруларында күрделлі процестер дамиды. антигенді
тітіркендіргіштердің әсерінен плазмалы жасушалардың пролиферациясы
жүреді. Соңғылары антидененің синтезіне қатысады және осы
жасушалардан сенсибилизденген лимфоциттер – Т-жасушалар түзіледі.
Сонымен қоса, лимфа түйінінде сарысу ақуыздары бөлінеді. Бұл
реакциялардың сандық, сапалық қасиеттері қабыну процесі дамығанда
инфекцияны жою мүмкіншілігін немесе қарсы әсер етпеуін анықтайды.
Процесс
ағымының
дамуы
және
клиникалық
ерекшелігі
иммунопатологиялық реакцияларға, көбінесе, аллергиялық және
аутоиммунды реакцияларға байланысты. Инфекцияның белсенуі және
инфекцияға қарсы гуморальді және жасушалық реакциялардың төмендеуі
үшін лимфа түйінінде суық тию, ыстықтың әсер етуі, стрестік, вирустық
әсер ету сияқты факторлардың маңызы зор. Көбінесе қабыну балаларда
лимфа түйінде, ал ересек адамдарда біріншілік немесе екіншілік
иммундықжетіспеушілік ауруларында және жағдайларында, лимфа
түйініне жергілікті «блокада» жасау кезінде антигенді тітіркендіргіштен
дамиды.
Патологиялық анатомия. Жедл лимфангит лимфа тамырлары
қабырғасының инфильтрациясымен, олардың өткізгіштігінің және сол
аймаққа жататын клетчатканың жалқықтануының жоғарылауымен
сипатталады. Тамырда фибриннің ұюы, олардың тромбталуы жүреді,
нәтижесінде стаз дамиды. Лимфангит кезінде лимфа түйінінде сірлі
лимфаденит белгілері байқалады.
Жедел лимфадениттің бастапқы кезеңінде тамырлардың кеңеюі,
лимфа түйіндердің ұсақ ошақты жасушалық инфильтрация және ісіну
байқалады. Ең бастысы аралық синустар кеңейеді. Оларда сегменттіядролы лейкоциттер, макрофагтар, лимфоциттер, сірлі, сосын іріңді
жалқық, детритті массалар байқалады. Лимфалық фолликулалар ісіну мен
гиперплазияның нәтижесінде ұлғаяды. Қан тамырлар кеңейеді және қанға
толы болады (жедел сірлі лимфаденит).
Әрі қарай лейкоцитарлы инфильтрацияның күшеюі, лимфоидтыретикулярлы тіндерде өлеттенген аумақтардың дамуы болуы мүмкін, олар
105

106.

өзара бірігеді, қуыс түрінде іріңдік түзеді (жедел іріңді лимфаденит). Іріңді
процесс кейбір жағдайда лимфа түйінінің қабына, сосын оның
айналасындағы тіндерге таралады.
Созылмалы процесс кезінде лимфа түйінінің гиперпластикалық,
десквамативті, гиперпластикалық-десквамативті және
продуктивті
зақымданулары
ажыратылады.
Созылмалы
лимфаденит
кезінде
лимфоидты жасушалардың гиперплазиясы жүреді, соның нәтижесінде
түйін ұлғаяды. Біртіндеп лимфоидты тіндер ығысады.
Олардың
ауымақтарының арасында ұсақ абсцестер түзілуі мүмкін. Іріңдіктердің
ұлғаюы созылмалы лимфадениттің өршуіне әкеледі, ол абсцестелген
лимфаденит немесе аденофлегмона ретінде өтуі мүмкін.
Клиникалық белгілері. Лимфа жүйесі ауруларының клиникалық
және патологоанатомиялық белгілерінің ерекшеліктеріне байланысты
жедел және созылмалы лимфангитті, жедел сірлі, жедел іріңді
лимфаденитті, аденофлегмонаны және созылмалы лимфаденитті
ажыратады.
Лимфангит жедел және созылмалы болады. Беткейлік (торлы, немесе
ретикулярлы лимфангит) және бағаналы (бағаналы лимфангит) лимфа
тамырлар зақымданады.
Жедел торлы немесе ретикулярлы лимфаденитлимфа тамырларының
ұсақ беткейінің қабынуымен сипатталады, бетте жолақ түрінде дамиды.
Көбінесе ретикулярлы лимфангит жараның, шиқанның, көршиқанның
айналасында туындайды. Жергілікті лимфа түйіндеріне баратын
гиперемия, ісіну, жолақ түрінде беткейлік инфильтратрация пайда болады.
Соңғысы
ұлғаяды, ауырсынбайды, пальпацияда жұмсақ болады.
Инфекция көзі болған ауруға байланысты
әртүрлі интоксикация
симптомдары пайда болуы мүмкін: дене қызуы жоғарылауы, қалтырау, бас
ауруы, ұйқы мен тәбеттің бұзылуы .
Жедел трункулярлы, немесе бағаналы лимфангит теріде, мойында,
көбінесе төменгі жақсүйекасты үшбұрышында бір-екі қызыл жолақтың
пайда болуымен ерекшеленеді. Олар инфекция ошағынан лимфа
түйіндерге қарай өтеді. Пальпацияда тамырдың бойымен көрші тіндерге теріасты клетчаткасына, теріге таралатын ауырсынбалы инфильтрация
анықталады. Лимфа түйіні ұлғаяды, ауырсынбалы болады, көбінесе
перилимфаденит белгілері байқалады.
Жедел лимфангит созылмалы лимфангитке ауысуы мүмкін. Ол жиі
әлсіреген науқастарда, әсіресе егде жастағы науқастарда, емдец
рациональді жүргізілмегенде туындайды. Ауру тығыз ауырсынбалы
беткейлік инфильтрация түрінде көрінеді. Оның бетіндегі тері жабысады,
бірақ ортасында өзгермеуі мүмкін немесе қошқыл-көк түсті болуы мүмкін.
Терең пальпацияда инфильтраттың ауырлығы анықталады.
Диагностика. Клиникалық диагноз цитологиялық зерттеу арқылы
нақтыланады. Лимфангитті тілмелі қабынудан, бет венасының флебитінен,
тромбофлебитінен ажырату керек. Тілмелі қабыну кезінде беттің көптеген
аумақтарында тері қызыл, инфильтрацияланған болады. Флебит және
106

107.

тромбофлебит вена бойымен тартпа түрінде көрінеді, оның бетіндегі тері
көпке дейін өзгермейді. Бұл аурулар кезінде жалпы интоксикация
симптомдары айқын болады.
Жедел сірлі, жедел іріңді лимфаденит
Лимфаденит жедел және созылмалы түрде өтуі мүмкін.
Жедел сірлі лимфаденит лимфа түйінінде немесе бірнеше түйінінде
ауырсынудың және ісінудің пайда болуымен сипатталады.
Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Кейбір науқастарда субфебрильді
дене қызуы, жалпы жағдайының нашарлауы байқалады. Домалақ немесе
сопақ пішінді ұлғайған, ауырсынбалы түйін анықталады. Бетіндегі тері
жабыспайды, түсі өзгермейді.
Лимфа түйінінде инфекция көзі болған патологиялық процесті басу
кезінде соңғысы азаяды, жұмсарады, ауырсыну сезімі жоғалады. Қанда,
зәрде өзгерістер байқалмайды, кейбір науқастарда қандағы лейкоциттің
саны жоғарлауы мүмкін.
Жедел іріңді лимфаденит сірлі процестің іріңді немесе өршіген
созылмалыға ауысуының нәтижесінде туындайды. Ауру зақымданған
лимфа түйінінде ауырсынудың пайда болуымен сипатталады. Жалпы
жағдайы нашарлайды, дене қызуы 37,5-38С дейін жоғарылайды. Тексеру
кезінде зақымданған лимфа түйінінің ісінуі анықталады. Пальпацияда
ауырсынбалы, шектелген, домалақ пішінді инфильтрат байқалады; оның
бетіндегі тері гиперемияланады, ісінеді, біртіндеп лимфа түйінімен
жабысады. Қабыну процесінің жұтқыншақарты, құлақ маңы лимфа
түйіндерінде орналасуынан жұтынғанда ауырсынады, ауыздың ашылуы
шектеледі. Кейбір науқастарда абсцестелу баяу және біртіндеп, кейде 1-2
апта жүреді. Қабыну белгілерінің күшейе түсуі айқын периаденитке
әкеледі. Инфильтрат көлемі жағынан ұлғаяды, бетіндегі тері тіндермен
жабысады, ортасында жұмсару ошағы байқалады (іріңді шектелген
лимфаденит)
Диагностикасы. Аурудың анамнезі және клиникалық белгілері
диагностика үшін негіз болып табылады. Цитологиялық тексеру жүргізілуі
мүмкін.
Жедел іріңді лимфаденит және іріңді шектелген периаденит лимфа
түйіндерінің спецификалық ауруларынан, ең бастысы актиномикоздан
ажыратылады. Лимфа түйіндерінің актиномикозына аурудың неғұрлым
баяу ағымы тән. Диагнозды қоюға іріңді зерттеу көмектеседі.
Емдеу. Жедел лимфаденит кезінде микроағзалардың лимфа түйініне
кіруін тоқтату үшін одонтогенді инфекция көзі аймағына қажетті
әрекеттесулер жасалады.
Тек сірлі лимфангитте және лимфаденитте емдеу консервативті болуы
мүмкін. Физиотерапиялық емшаралар көрсетіледі. Калий иодиді және
мазімен қыздыратын байламдар, Дубровин бойынша байламдар жақсы
емдік нәтиже береді. Түйінге тримекаин немесе лиокаин блокадасымен
107

108.

инфильтрациялық жансыздандыру арқылы пункция жасау
жақсы
нәтижелер береді.
Жедел іріңді лимфангитте, іріңді немесе созылмалы өршіген
лимфаденитте хирургиялық емдеу – іріңді жараны алғашқы хирургиялық
өңдеу жүргізіледі: тілік процестің орналасуына сәйкес жасалады,
өлеттенген тіндер қырып алынады, қабыну ошағына медикаментозды ем
жүргізіледі.
Кешенді ем ағзаның реактивті жағдайына және жедел немесе
созылмалы өршіген лимфаденитке байланысты. Жалпы қуаттандырушы
ем, стимулдеуші ем, иммунотерапия жүргізіледі. Әлсіреген науқастарға,
егде жастағы адамдарға антибиотикпен және сульфаниламидпен емдеу
курсы жүргізіледі.
Созылмалы лимфаденит
Созылмалы лимфаденит лимфа түйініндегі жедел процестің
нәтижесінде
болады.
Көптеген
авторлар
мұны
микрофлора
ерекшеліктерімен,
оның
әлсіз
вируленттілігінің
ерекшелігімен
байланыстырады. Клиникалық тұрғыдан, созылмалы гиперпластикалық
және созылмалы өршіген (іріңді) лимфаденит ажыратылады. Ауру баяу,
кейде 1-2 ай және одан көп мерзімде дамиды. Бастапқыда ауырсынбалы
«бұршақ» пайда болады, ол біртіндеп ұлғаяды және тығызданады.
Пальпациялағанда домалақ немесе сопақ пішінді, контуры айқын,
қозғалмалы және айналасындағы тіндерге жабыспаған лимфа түйіні
анықталады.
Науқастар қандай да бір түзілімнің болуына, кейде әлсіздікке,
мазасыздануына
шағымданады.
Созылмалы
гиперпластикалық
лимфаденитте жалпы жағдайы қанағаттанарлық болады. Тек, кейбір
науқастарда дене қызуының
37-37,5С дейін жоғарылауы, жалпы
жағдайының бұзылуы байқалады.
Кейде лимфа түйінінің созылмалы қабынуында онда грануляциялық
тін өседі, ол лимфоидты тінді ығыстырады, түйіннен тыс таралады және
теріге қарай өседі, тері жұқарады. Жұқарған аумақ тесілгенде
грануляциясы бар жыланкөз пайда болады. Созылмалы гиперпластикалық
лимфаденит өршуі мүмкін. Мұндай жағдайларда клиникалық симптомдар
жедел іріңді лимфаденитке сәйкес келеді.
Аурудың ұзаққа созылуында лейкоциттердің көлемі азаяды,
лимфоцит пен момноциттер аздап көтеріледі, СОЭ 25-30мм/с дейін
ұлғаяды. Көбінесе қанда өзгерістер болмайды.
Диагностикасы.Диагноз қою үшін клиникалық белгілер, зертханалық
мәліметтер және цитологиялық тексеру көрсеткіштері негіз болады.
Ажыратпалы диагностикасы.
Созылмалы гиперпластикалық
лимфаденитті туа пайда болған ұра, бет пен мойынның жыланкөзінен,
ісіктерден ажырату керек.
Бет пен мойынның туа пайда болған ұралары бірінші және екінші
желбезек саңылауы мен доғаларында, қалқанша-тіл түтігінде орналасады.
108

109.

Олар біртіндеп, бірнеше жыл бойы ұлғаяды. Түзілімді пальпациялағанда
эластикалық консистенциялы, ауырсынбайды. Пункция мен цитологиялық
зерттеулер диагностикада көмектеседі.
Созылмалы
лимфадениттің
және
созылмалы
гранулденген
периодонтиттің теріасты гранулемасының ажыратпалы диагностикасы
неғұрлым күрделі. Екі ауруда да бет терісінде жыланкөз пайда болады.
Лимфаденит кезінде жыланкөз жартылай ыдыраған түйінге қарай, ал
периодонтитте – периапикальді ошақ маңындағы сүйек аумағына
өтеді.Ажыратпалы диагностика жасауға тістердің рентгенографиясы,
морфологиялық өзгерістер көмектеседі.
Жедел
және
созылмалы
лимфадениттің
ажыратпалы
диагностикасында басқа лимфа түйіндерінің ұлғаюына назар аудару керек.
Бет және мойынның көптеген лимфа түйіндерінің ұлғаюында дәрігерде
ВИЧ-инфекциясына қатысты күдік туындайды. Мұндай жағдайда науқасқа
арнайы серодиагностика жүргізу қажет.
Емі. Созылмалы лимфадениттің емін одонтогенді инфекция көзін
жоюдан бастайды. Ұлғайған лимфа түйінінің сорылуын жылдамдату үшін
тримекаинмен немесе лидокаинмен блокада жасалады, мазьбен байлам
қойылады. Физиотерапиялық емшаралар (калий йодидімен, ферментпен,
димексидпен электрофорез) тағайындалады. Созылмалы лимфаденит
ұзаққа созылғанда, ошақта грануляция дамығанда, олар теріге қарай өсіп,
жыланкөз пайда болғанда лимфа түйіндерін жыланкөзбен бірге алып
тастайды және тіндерді қабат-қабатымен тігеді. (4 кестені қараңыз).
Кейде лимфа түйіндерінің қабы ериді және ірің айналасындағы
клетчаткаға таралады. Лимфа түйінінің және айналасындағы клетчатканың
жайылған іріңді қабынуы – аденофлегмона туындайды.
Науқастар зақымданған аймақта өздігінен пайда болатын, қарқынды
ауырсыну сезіміне, жалпы жағдайының нашарлауына шағымданады.
Анамнезінен сірлі, іріңді немесе созылмалы лимфаденитке тән
симптомдарды – ауырсынбалы «төмпешік» немесе «бұршақ» пайда
болуын, біртіндеп ұлғаюын анықтауға болады. Аденофлегмона қабыну
белгілерінің күрт
күшейе түсуімен ерекшеленеді: жалпы жағдайы
бұзылады, дене қызуы 38-38,5С дейін жоғарылайды, қалтырау және
интоксикацияның басқа симптомдары пайда болады. Кейбір науқастарда
аденофлегмона баяу дамиды, дене қызуы 37,5-38С аспайды.
Клиникалық белгілері. Аденофлегмонаның клиникалық белгілері
нормергиялық немесе гипергиялық қабыну реакциясымен сипатталады,
кейбір науқастарда процесс көрші аймақтарға таралады.
Аденофлегмонаның жергілікті суреті орналасуына байланысты және
төменгі жақсүйекасты, иекасты үшбұрышының, мойынның латеральді
аймақтарының флегмоналарының жергілікті клиникалық симптомдарына
сай келеді.
Аденофлегмона
кезінде
лейкоциттердің,
нейтрофильді
лейкоциттердің мөлшерінің, ЭТЖ (СОЭ) – 35-40мм/с дейін ұлғаюы
байқалады. Аденофлегмона кезінде қабыну реакциясының түріне
109

110.

байланысты қанда басқа да өзгеістер болуы мүмкін.
Диагностикасы
клиникалық
суретіне
және
зертханалық
көрсеткіштерге негізделеді. Пункция және цитологиялық зерттеу
диагнозды нақтылауға мүмкіндік береді.
Аденофлегмонаны актиномикоз бен туберкулезден ажырату керек.
Соңғысы баяу және әлсіз дамиды, жергілікті және жалпы симптомдары
аденофлегмонадағыдай айқын болмайды. Актиномикоз кезінде іріңді
ошақты ашқанда бөлініс түйіршікті консистенциялы болады, ал туберкулез
кезінде – ірімшік тәрізді ыдырау болады.
Емі. Флегмона кезінде қандай ем жүргізілсе, сондай ем жүргізіледі.
Асқынулары. Мойынның аденофлегмонасы кезінде таралмалы қабыну
процесс дамыса, асқыну байқалады.
Болжамы. Лимфа түйіндерінің қабынуы кезінде болжамы жағымды.
Тек аденофлегмона мойын аймағында орналасқанда, инфекцияның тамырнерв шоғырының айналасындағы клетчаткаға, кеуде қуысына таралу қаупі
туындайды.
Алдын алулар ауыз қуысының, ЛОР-мүшелерінің санациясымен,
сондай-ақ ағзаның
және
иммунитеттің
инфекцияға
қарсы
резистенттілігінің жоғарылауымен сипатталады.
110

111.

Қорытынды
Жедел одонтогенді қабыну процестерінің дамуы мен ағымы
жергілікті спецификалық емес және спецификалық қорғаныш
реакцияларына тәуелді.
Жергілікті қорғаныш факторлары микробтардың ағзаға ену
жолдарында барьер түзеді. Жедел одонтогенді қабыну процестерінің
дамуында бактериялардың адгезивтілігін (жабысқақтығын) туындататын
ауыз қуысындағы инфекция ошақтары маңызды орын алады. Бұл тістің
түбір ұшы аймағының гранулематозды және гранулденген ошақтары және
тіс айналасындағы бактериальды бляшка. Микробтардың адгезивті
қабілеттілігі арнайы антиденелермен реттеледі, олар ауыз қуысындағы
антиинфекционды қорғаныштың біріншілік звеносын құрайды.
Ауыз сұйықтығы, ауыз қуысындағы кілегей қабат, жақтардың сүйек
миының жүйесі, лимфа түйіндер, дәнекер тіндердің спецификалық емес
және спецификалық қорғаныштық құрамы бар. Одонтогенді қабыну
процестерінің дамуында жақтардың, жақ маңы тіндерінің, сонымен қоса,
қан және лимфа тамырларының анатомо-топографиялық ерекшеліктері
маңызды орын алады.
111

112.

Тақырыпқа байланысты тест сұрақтары
1.Жұткыншақ маңы флегмонасындағы оперативті тәсіл.
A) төменгі жақтың бұрышын айналдыра
B) өтпелі қатпар бойымен
C) бет нервісі бойымен
D) жаға тәріздес тілік
E) тілдің ортанғы сызығы бойымен
2.Көз венасының флебитына тән белгі.
A) инфильтраттың тез жайылуы
B) хемоз, көздің ішкі бұрышында шнур тәріздес қатқылдықтың болуы
C) дене қызуының көтерілуі
D) әлсізденуі
E) қалтырауы
3. Қай флегмона ауыздың ашылуының шектелуімен жүреді.
A) тіл асты
B) иек асты
C) ұрт
D) қанатша төменгі жақ
E) шықшыт
4.Тіл флегмонасының клиникалық белгісі.
A) беттін ассиметриясы
B) ауыздың ашылуының қиындауы
C) қанатша жақ қатпарының ісінуі
D) тіл асты біліктерінің ісінуі
E) дене қызуының көтерілуі
5. Аденофлегмона дегеніміз:
A) лимфа түйіндерінің және оның маңындағы клетчаткалардың жайылған
іріңді қабынуы.
B) лимфа тамырларының қабынуы
C) лимфа түйіндерінің қабынуы
D) самайасты аймағының қабынуы
E) көзасты аймағының қабынуы
6.Тіл флегмонасын ажырату қажет.
A) төменгі ерін көршиканымен
B) ұрт аймағының флегмонасымен
C) ауыз қуысы түбір флегмонасымен
D) самай аймағы флегмонасымен
E) жұткыншақ маны кеністігінің флегмонасымен
112

113.

7.Құлақ маны шайнау аймағының флегмонасында дамитын қызметтік
өзгеріс.
A) птоз
B) естудің төмендеуі
C) жұтынудың қиындауы
D) тін нервісінің парезі
E) қабынған жақта гипосаливацияның болуы
8.Жедел одонтогенді остеомиелитте оперативті ем.
A) себепші тісті жұлу
B) жақтың екі жағынан бірдей периостотомия жасау
C) себепші тіс манына периостотомия, дренаж салу
D) себепші тісті жұлу, жаққа периостотомия, дренаж салу
E) барлық бос тістерді жұлу
9.Төменгі жақтың жедел периоститінде ауыздың ашылуының шектелуі
қабыну үрдісі қай аймақта дамығанда болады.
A) жоғарғы жақтын кіші азу тістері
B) төменгі жақтын кіші азу тістері
C) жоғарғы жақтың алдынғы тістері
D) төменгі жақтың алдыңғы тістері
E) төменгі жақтың үлкен азу тістері
10.Зақымданған остеомиелиттің созылған сатысында секвестрді алып
тастау уақыты:
А) 1-2 апта
B) 2-3 апта
С) 3-4 апта
D) 6-7 апта
E) 8 апта
11.«Себепкер» тісті жұлу, периостотомия, қабынуға қарсы терапия. Бұл
емдеу шараларын қолданамыз:
А) жедел іріңді пульпитте
B) жедел іріңді периодонтитте
С) жедел іріңді периоститте
D) жедел іріңді лимфаденитте
Е) жедел іріңді флегмонада
12.Жедел ірінді периодонтит кезінде периостта, периодонтта, қоршаған
сүйектерде төмендегі өзгеріс болады:
А) нейтрофильды инфильтрация, жалпақ клеткалы инфильтрация
B) ісік, нейрофильді инфильтрация
С) ісік, ірінді ошақтар, нейрофильді инфильтрация
D) ірінді ошақ, ісік
113

114.

Е) патология жоқ
13.Жақтың жедел одонтогенді остеомиелитінде және жедел периодонтитте
сүйекте ұқсас патолого-анатомиялық өзгерістер:
А) қан тамырларының тромбозы
B) сүйек мишығы кеністіктерінің нейрофильдармен инфильтрациясы және
сүйектін лакунарлы сінірлуі
С) сүйекте секвестрдін түзілуі
D) сүйек каналдарының нейрофильді инфильтрациясы және ісінуі//
Е) сүйек тінінің некрозы
14.Жақтын жедел одонтогенді остеомиелитінде тіс топтарының
қозғалмалы болуы және ауырсыну себебі:
А) сүйек тінінің некрозы
B) жақтын кемікті қабатының ірінді инфильтрациясы
С) периостын ірінді екі жақты қабынуы
D) организімнің ұлануы
Е) инфекцияның зақымдалған тіс ошағынаң көршілес тіс периодонтына
жайылуынан
15.Медиастинитпен ауырған науқастың қалпы
A) мәжбүрлік жағдайда басы жанама қисайтып отыру
B) белсенді
C) шалқылап жатуы
D) мәжбүрлік жағдайда басын төмен түсіріп отыруы
E) мәжбүрлік жағдайда басын шалқайтып жатуы
16.Жедел одонтогенді остеомиелиттің рентген суреттік сипаттамасы
A) сүйектің қабыну ошағы
B) сүйек тінінің деструкциясы
C) "себепші тіс" түбір ұшының аймағында сүйек тінінің патологиялық
өзгерісі
D) бос жатқан секвестрлердің болуы
E) сүйек тіні суретінің мрамор тәрізді
17. «Өскен» тіс сезімі тән:
A) жедел іріңді пульпитке
B) жедел серозды пульпитке
C) жедел серозды периодонтитке
D) жедел іріңді периодонтитке
E) жедел ошақты пульпитке
18.Лимфангит дегеніміз бұл:
А) аймақтық лимфа түйіндерінің қабынуы
B) жекелеген лимфа түйіндерінің қабынуы
114

115.

С) лимфа талшықтарының қабынуы
D) лимфа талшықтарының дистрофиялық зақымдануы
Е) лимфа түйіндерінің димстрофиялық зақымдануы
19.Периодонтиттің этиологиялық факторларын атаңыз
А) парадонтоз ,тісжегі
B) ауыз қуысының кілегеилі қабынудағы жаралы процесі
С) жұмсақ тілдердің жедел жарақатануы
D) пульпит, пародонтит,жедел және созылмалы тіс жарақаты дәрілік
заттардың токсикалық әсері
Е) генгивит , стамотит, глоссит
20.Жақтың жедел одонтогенді остеомиелитінің жергілікті белгілері:
А) жақтағы барлық тістердің қозғалуы
B) альвеола өсіндісі төңірегінде қабыну инфильтраты оның шекарасы жоқ
қысым түсіру симптомы он тістерді қағып тексергенде ауырады
С) муфта тәрізді альвеола өсіндісінде шекарасы анық емес инфильтрат
Венсан симптомы, тістер қозғалады
D) жақ деформациясы, Герке симптомы жақта ауру сезім
Е) қабыну инфильтраты анық шекаралары бар қысым түсіру симптомы
теріс
21.Жедел одонтогенді инфекцияның өршуіне әсер тететін факторлар:
А) әлеуметтік
B) бет жақ аймағының топографо-анатомиялық құрылысының ерекшелігі
С) тістердің топографо-анатомиялық құрылысының ерекшелігі
D) бет бедерінің қиындығы
Е) спецификалық қорғаныс факторының жағдайы
22.Одонтогенді периоститтің дамуының біріншілік инфекциялық
дамуының ошағы
А) беттің жұмсақ тіндерін жарақаттау созылмалы периодантиттің өршуі
эпулид
B) төменгі жақтың ұяшықты өсіндісінің сынуы
С) альвеола өсіндісінін фибромасы эпулид іріңді радикулярлы киста
D) созылмалы гаймариттің өршуі пародантит альвеола өсіндісінің
фибромасы
Е) созылмалы периодонтит, альвеолит, іріңді киста
23.Жедел
периодонтит,
созылмалы
салыстырмалы диагностикасын жүргізеді.
А) тіс сынуымен
B) созылмалы гаймориттің өршуімен
С) созылмалы сиалодинттің өршуімен
D) созылмалы лимфадениттің өршуімен
115
периодонтиттің
өршуінің

116.

Е) жедел ұлпа, периост қабынуымен
24.Периостит кезінде іріңді процесс орналасады.
А) тері астында
B) бұлщықет астында
С) сүйек қабығы астында
D) жақтың сыртқы кортикальды пластинкасының астында
Е) альвеолярлы өсіндінің шырышты қабат астында
25.Абсцесс пен флегмонаның этиологиялық факторын көрсетініңіз:
А) жақтың остеомасы
B) жедел ірінді ренит
С) тістердің дистопиясы
D) жедел периодонтит, созылмалы периодонтиттің өршуі
Е) жақтың жедел остеомиелиті, перикоронарит
26.Этиологиясы бойынша периодонтиттерді ажыратады:
А) жедел, созылмалы
B) грануляциялайтын, гранулематозды, фиброзды
С) инфекциялы, дәрі-дәрмекті, жарақаттық
D) инфекциялы, маргинальді, гематогенді
Е) инфекциялы, маргинальді
27. «Себепші» тісті көрсеткіш бойынша жұлу, периостомия, қабынуға
қарсы ем манипуляцияларын қай ауруда қолданады://
А) жедел іріңді пульпит
B) созылмалы периодонтит
С) жедел іріңді периостит
D) жедел іріңді лимфоденит
Е) БЖА флегмоналарында
28. Жақтардың жедел одонтогенді периоститі кезінде науқас қаралуға
келгенде дәрігердің әрекеті:
А) іріңді ошақты ашу
B) тісті жұлу
С) себепші тісті жұлып, периостотомия жасау
D) физиотерапиялық ем жүргізу
Е) тыныс аналептиктерін бұлшық етке енгізу
29. Келесі симптомдар қандай ауруларға тән: тұрақты қарқынды
солқылдап ауыру, тіс өсіп кеткендей сезім, тіске тигенде ауыру, соғып
тексергенде жедел ауыру сезімі пайда болады, себепші тіс тұсындағы
өтпелі қатпар қызарған, ісінген:
А) жедел іріңді пульпит
B) жедел іріңді периостит
116

117.

С) жедел іріңді периодонтит
D) жедел одонтогенді остеомиелит
Е) созылмалы периодонтит
30.Остеомиелиттің созылмалы сатысына мынадай уақытта өтеді:
А) 1-2 аптада
В) 2-3 аптада
С) 3-6 аптада
D) 2 айдан кейін
Е) жарты жылдан кейін
Тест жауаптары
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
A
B
D
D
A
C
E
D
E
C
11.
12.
13.
14.
15.
16.
17.
18.
19.
20.
C
C
B
E
D
C
D
C
D
C
117
21.
22.
23.
24.
25.
26.
27.
28.
29.
30.
B
E
E
C
D
C
C
C
C
C

118.

Қолданылған әдебиеттер
1. Бернадский Ю.И. Основы хирургической стоматологии/
Ю.П.Бернадский.- Киев: Здоровье, 2005. –С.27 -92.
2. Лекарственные препараты в Казахстане: Справочник.М:АстраФармСервис, 2009.-С.927-928.
3. Машковский М.Д. Лекарственные средства: В 2.Ч/ М.Д. Машковский. –
12 изд.перераб.и доп.-М:Медицина, 2002.-С.25-42.
4. Медициналық терминдер сөздігі. Орысша-қазақша-ағылшынша.(40
мыңға жуық сөздік).- Алматы: Дайк-Пресс, 2009.
5. Робустова Т.Г., Хирургическая стоматология: Учебник/Т.Г.Робустова .
Москва «Медицина», 2003. – С 127-206.
118

119.

1 кесте
Периодонтиттер
Жіктелуі
Ауру
симптомдар
ы
Рентгеногра
фия
Емі
Жедел
Сірлі
Іріңді
Тістің
ауырсынуы,
қызыл
иектің
қызаруы,
тіс
қозғалғыштығы,
перкуссия
ауырсынбалы
Периодонтальды
саңылау кеңеюі
мүмкін
Консервативті
ем
Созылмалы
Фиброзды
Гранулденген
Гранулематозды
Жедел қабыну
симптомдарынсыз
өтуі мүмкін
Созылмалы асқынған
Периодонтальды
Саңылаудың
деформациясы
Сүйек тіні мен тіс
түбірі
резорбциясының
шекарасы анық емес
Тісті
Түбір
жұлу
ұшының
резекциясы
Зақымданудың созылмалы
түріндегідей болады
119
Зақымданудың жедел
түріндегідей болады
Түбір
Тіс
гемисекциясы, реплантаци
ампутациясы
ясы

120.

2 кесте
Жақтың жедел одонтогенді периоститі
Бастапқы
одонтоген
ді аурулар
Периодонтит Пародонтит
(жарақаттық,
медикаментоз
ды,
маргинальды)
Түбірлік,
тіс Ретенция
құрамды,
және
фолликулярлы ұра
полуретенци
я
Жалпы
аралық
факторлар
Суық
Авитаминоз
Ауру
симптом
дары
Әлсіздік
Жергілікті
Жалпы
Тіндердің
ісінуінен беті
ассимметрия
лы,
терісі
өзгермейді
Альвеолярлы
өсінді
аймағындағы
инфильтраттың
флюктуациясы
Дене қызуының жоғарылауы
Альвеолярлы
өсіндінің
кілегей
қабатының
инфильтраци
ясы
бір
жағында
болады
Тістің
перкуссиясы
ауырсынбалы
инфекция көзі
Бастың ауыруы
Жақ
аймағында
таралмалы
ауырсыну
Ұйқының бұзылуы
Процесс
ретромолярлы
аймақта таралған
кездегі
жақ
туралы
мәліметтер
Жедел іріңді Жақ
периодонтит остеомиелиті
Ажыратпа
лы диагностика
Қосалқы
аурулар
(жедел түрі)

Жақ маңы флегмоналары
Аллерг
иялық
ісіну
Тісті
ашу Инфильтрат
Медикаментозды
қабынуға
немесежұлу
аймағын
тілу, қарсыжәне десенсибилиздеушіем
дренаж қою
Емі
120

121.

3 кесте
Жақтың одонтогенді остеомиелиті
(жіктелуі, клиникасы, диагностикасы, емі)
Жікте
луі
Диаг
нос
Жедел
сатысы
Шағым
ы
Жеде
лдеу
сатыс
ы
Ауру
анамн
езі
Созылмалы сатысы
Деструктивті процесс
кезінде
Рарефицир
ленгентүрі
Секвестрл Біріншілік-созылмалы
енген түрі остеомиелит
Жергілікті
статус
Науқас
ағзасыны
ң жалпы
реакцияс
ы
тика
Бактериологиялық зерттеу
Ажыр
атпал
ы
диагности
ка
Емі
Продуктивті процесс кезінде
Рентгенография
Электроодонтометрия
Өз арасында
Периостит
Флегмона
Актиномикоз
Туберкулез
Мерез
Қатерсіз
ісік
Қатерлі ісік
Хирургиялық
Себепші
тісті жұлу
Абсцесс
және
флегмона
ны ашу
Декомпрессивті
остеоперфорация
Қабынуға
қарсы және
антибактер
иальдыем
Дезинток
сикацион
ная
терапия
Стимулдеушіем
Э.П. УЖЖ
УФ –
сәуле
Медикаментоз
ды
Физиоем
121
Секвестрэк
то
мия
Ультрады
быс
Симптомат
ика-лықем
Электр
офорез
Пара
фин,
озоке
рит
аппли
кация
сы

122.

4 кесте
Жікте
-луі
Бас және мойыннын лимфадениттері
Жедел
Созылмалы
Спецификалық емес
Сірлі
Ауру
симпт
омдар
ы
Ауру
симпт
омдар
ы
Ажыр
атпал
ы
диагн
остика
Емі
Іріңді
Абсцестелген
лимфаденит
Аденофлегмон
а
Лимфа
Инфильтрат,
түйіндерд ортасында
ің
флюктуацияны
ұлғаюы,
ң болуы,
коллатера ауырсыну
льді
ісіну,
ауырсыну
Остеофлегмона
Жедел сиалоаденит
Тілмелі қабыну
Созыл
ма-лы
лимфа
дениттің
асқыну
ы
Спецификалық
Спецификалық
емес
Ірің Гипер
Ірің Гипер
ді
пластикалы ді
пластикал
қ
ық
Лимфа түйіндердің
ұлғаюы, тығыз,
қозғалмалы,
ауырсынбайды
Лимфа түйіндердің
ұлғаюы, тығыз,
қозғалмайды,
ауырсынады.
Ортасында
флюктуацияның
болуы
Инфекциялық мононуклеоз
Зооноздар
Қан аурулары
Қатерсіз ісіктер және ісік тәрізді аурулар
Медикаментозды
Іріңдікті ашу
Физио ем Ірің Инфекц
дікті ия
ашу көзінің
алғашқы
ошағын
жою
122
Эксцизионды Специ
биопсия
фикал
ық

123.

5 кесте
Жақ-бет аймағының одонтогенді қабыну ауруларының
асқынулары
Аурулар
Медиастенит
Диагностик
а
1. А.А.Герке
симптомы
2. А.Я.Иванова
симптомы
3. В.П.Равич-Щербо
симптомы
4. Көкірекаралық
көлеңкенің кеңеюі
(рентгенологиялық
тексеруде)
5. Ауыр
интоксикация
белгілері
6. Ентігу
7. Тұрақты жөтел
8. Жұтынғанда күрт
ауырсыну
9. Науқастың
мәжбүрленген
қалыпта отыруы
Ажыратпал Флегмонлар:
ы
жұтқыншақ маңы
диагностик кеңістігі, ауыз
а
қуысының түбі.
Мойынның терең
флегмоналары.
Кешенді ем.
Хирургиялық ем
Сепсис
1.
Біріншілік
ошақтың
адекватты
терапиясы кезінде
жалпы жағдайдың
нашарлауы.
Айқын
интоксикация
белгілері
Токсикалық
гепатит
және
нефрит
Гипопроеинемия
септикопиемия
Бактеремия
Метастаздық
септикалық
ошақтар
2.
3.
4.
5.
6.
Іріңді-резорбтивті
қызба.
Алғашқы ошақты
ашу, дренаждау
Кавернозды
синустың тромбозы
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
Бастың ауруы
Қабақтың ісінуі
Экзофтальм
Хемоз
Көз алмасы
қозғалысының
шектелуі
Көру
өткірлігінің
төмендеуі
Көру нервісінің
іркілген бүртігі
Ауыр
интоксикация
белгілері
Гиперкоагуляци
я
Көз шарасының
флегмонасы.
Қабақтың реактивті
ісінуі. Бет
көктамырының
тромбофлебиті.
Детоксикация: гемо
және лимфосорбция
Медиастинотомия
Медикамен
-тозды ем
Қабынуға қарсы, антибактериальді,
антикоагулянтты және интенсивті инфузиондытрансфузиялық ем
Алдын алу
Алғашқы ошақтың белсенді және кешенді емі.
Бет және мойынның қабыну ауруларының ерте
диагностикасы және адекватты емі.
123
Гипербаротерапия

124.

18.06.2012 ж. басуға қол қойылды
7,8 есепті-баспа табағы
Пішімі 60х84 1/16. 100 дана. Ризо басылымы.
ҚММУ-баспаханасында басып шығарылды
Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 40
124
English     Русский Правила