282.27K
Категория: ФизикаФизика

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

1.

Сабақтың тақырыбы:
Өткізгіштерді тізбектей және
параллель жалғау

2.

Оқу мақсаттары:
8.4.2.11 – өткізгіштерді тізбектей және параллель
жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып,
электр тізбектеріне есептеулер жүргізу

3.

Бағалау критерийлері
-Тізбектей және параллель тізбектерді дұрыс
жинайды;
-Тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, ток
күшін, кернеуді есептейді.
-Тізбектің жалпы кедергісін есептейді.
-Дұрыс қорытынды жасайды.

4.

Жаңа сабақ
Электр тізбегі деген не?
Электр тізбегі – электр тогы өту үшін арналған элементтердің,
құрылғылардың жиыны.
Электр тогы ағып өтетін электр тізбегі тұйықталған деп аталады.
Электр тізбегіне енетін және онда анықталған қызметті атқаратын жеке
құрығыны электр тізбегінің элементі деп атайды.
Электр тізбектерінің сызбасы– электр тізбегінің графикалық кескіні.
Электр тізбегінің негізгі бөліктері:
Ток көзі
Ток тұтынушылары
Жалғағыш сымдар
Кілт
Электр тізбегінің қандай элементтерін білесіз? Олардың кейбіреулерін
атаңыз.

5.

Жаңа сабақ
Ойланыңыз және сызбаларды салыңыз:
а) Сізде гальвани элементі, шам, екі кілт және жалғағыш сымдар
бар. Екі кілт те қосулы тұрғанда электр тізбегіндегі шам
жанатындай сызба салыңыз.
б) төбеден аспашамдың орнататын жерден үш сым шығып тұр,
аспашамды қосқаннан кейін олардан электр тогы өтеді. Егер
аспашамды дұрыс қоссақ, екі сөндіргіш келесідей жұмыс
жасайды: олардың біріншісі бір шамды ғана қосып-сөндіреді, ал
екіншісі екінші шамды ғана қосып-сөндіреді. Аспашамдағы
шамдардың, сөндіргіш пен ток көзінің жалғану сызбасын
салыңыз.Екі сызбаның айырмашылығы неде?
Дескриптор:
-Электр тізбегінің элементтерін біледі.
-Электр тізбегінің сызбасын салады.

6.

Мұғалімнің демонстрациясы(D)
Тізбектей жалғаудың заңдылықтарын шығару
Құралдар: ток көзі, кілт, жалғағыш сымдар, екірезистор 47 және 100 Ом, 2
вольтметр, 1 амперметр.
Суретте көрсетілгендей сызбаны құрастырыңыз.
Әр резисторлардағы кернеуді, жалпы кернеуді өлшеңіз.
U1
U2

I1
I2

Әр резисторлардағы ток күші, жалпы ток
күшін өлшеңіз.
Өлшеулердің нәтижелерін кестеге жазыңыз:
Болжап қорытынды жасаңыз.
Дескриптор:
Тізбектей жалғау кезінде
-Ток күштері тең екендігін,
- Жалпы кернеу бірнеше кернеудің қосындысына теңдігін,
-Жалпы кедергі бірнеше кедергілердің қосындысына тең екендігін біледі.

7.

Мұғалімнің демонстрациясы(D)
Параллель жалғаудың заңдылықтарын шығару
Құралдар:
Суретте көрсетілгендей сызбаны құрастырыңыз.
Әр резисторлардағы кернеуді, жалпы кернеуді өлшеңіз.
Әр резисторлардағы ток күші, жалпы ток күшін өлшеңіз.
U1
U2

I1
I2

Өлшеулердің нәтижелерін кестеге жазыңыз:
Болжап қорытынды жасаңыз.
Дескриптор:
Параллель жалғау кезінде
- Кернеулері тең екендігін,
- Жалпы тоқ күші бірнеше ток күшінің қосындысына теңдігін,
- Жалпы кедергі бірден кем кедергілердің қосындына тең болатынын біледі.

8.

Мұғалімнің демонстрациясы(D)
Жұмыс нәтижелерін талдау және өткізгіштерді параллель және тізбектей
заңдылықтарын жазу.

9.

Есептер шығару
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау ережелерін пайдаланып төмендегі мысал
есептер сияқты шығару.
1.Суретте тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=36Ом
өткізгіштегі кернеудің төмендеуі U1=9B. Кедергісі R2=64Ом болатын өткізгіштің кернеуін
және олардың ұштарындағы кернеу 120В болғандағы өткізгіштің R 3 кедергісін
анықтаңдар.
Бер:
R1=36 Ом
U1=9B
R2=64 Ом
U3=120В
R3-?
U2-?
I=I1=I2= I3
English     Русский Правила