1.88M
Категория: ЭкологияЭкология

Қалдықсыз өндіріс экологиялық мәселелерді шешу

1.

Қалдықсыз өндіріс - экологиялық
мәселелерді шешудің бір жолы
Дайындаған: Хадан Айнұр
Жанділлә Жұлдыз

2.

Қалдықсыз өндіріс
• Қалдықсыз өндіріс — өндіріс барысында
табиғатқа зиянды қалдықтар шығарылмайтын
процесс. Шаруашылық іс-әрекет үшін шартты
ұғым. Шын мәнінде кез келген қалдықсыз
өндірісте пайдаланылған энергия түрінде болса да
қалдықтар болады. Қалдықсыз өндіріс үшін
қалдығы аз өндіріс термині дәлірек келеді.
• Қалдығы аз өндірістің міндетті шарттарының бірі
– алынатын өнімнің экологиялық тазалағы,
қоршаған ортаны қорғау оның сапасын жақсарту,
сонымен қатар өндіріс жұмысының нәтижесінде
өндіріске, халыққа зиян келтірмей, табиғатта
экологиялық тепе-теңдікті бұзбауы керек.

3.

Қалдықсыз технология бұл өнім өндіру кезеңінде энергия мен
шикізатты кешенді және орынды түрде пайдалану. Шикізат
ресурстары - өндіріс — тұтыну- қайталама
шикізат ресурстары схемасы бойынша жүргізіледі.
Қалдықсыз технология ережесі- шикізаттың
барлық компоненттерін ұтымды және кешенді пайдалану.
Қалдықсыз өндірісті құру ұзақ мерзімге
созылған процесс. Ол өзара байланысты технологиялық,
экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа
күрделі міндеттерді шешуді талап етеді.
Қалдығы аз ресурс үнемдеуші технологияны енгізудің
талаптары:
Оның барлық компонентерін пайдалана отырып,
шикізатты кешенді түрде өңдеу.

4.

5.

Қалдықсыз технологиялық үрдістер теориясы
табиғатты пайдаланудың негізгі заңдарына
сай екі алғы шартқа сүйенеді:
бастапқы табиғат ресурстарынан барлық
мүмкін болатын өнімдер бір рет толық
өндірілуі тиіс
өндірілетін өнімдер қолданыстан кейін тіке
бағыттар бойынша жеңіл түрде жаңа
өндірістің бастапқы элементтеріне айналуы
мүмкін.

6.

Қалдықсыз технологияның
принциптері
тазартудың тиімді әдістері негізінде әртүрлі ағынсыз
технологиялық схемалар мен су айналымы циклдерін
әзірлеу және енгізу;
қалдықтардың кез келген түрінің пайда болуын
болдырмайтын қағидатты жаңа технологиялық
процестерді әзірлеу және енгізу;
кешен ішінде шикізат пен қалдықтардың материалдық
ағындарының тұйық жүйесі іске асырылған аумақтықөнеркәсіптік кешендерді, экономикалық аудандарды құру;
қалдықтарды қайталама материалдық және энергетикалық
ресурстар ретінде кеңінен пайдалану

7.

8.

Пластик өнімдері
Бөтелкелер;
Банкалар;
пакеттер;
орам қағаздары;
Сөмкелер
Скотч
Пластик өнімдері табиғатта қанша уақыт өтседе,
сақталып табиғатқа кері әресін тигізеді. Оны
жандыратын болсақ, ағзада қорытылмайтын
химиялық токсинді заттар атмосфераға таралады.

9.

Пластмасса қалдықтарын қайта өңдеу
Пластмассаның теріс әсерлерінен құтылудың ең ықпалды әдісі –
қайта өңдеу. Қалдыққа айналған пластмасса бұйымдар ерітіліп,
қайтадан қолдану үшін шикізат болады. Осы әдіс табиғаттың
ластануының да алдын алады, экономикалық жағынан да едәуір
тиімді. Қайта өңделген пластмасса бірінші шикізатқ қарағанда
арзан және өндірісі барысында да аз энергия жұмсалады.
Бір тонна пластмасса қалдықты қайта өңдеу энергияны 95 пайыз
үнемдейді. Қайта өңдеудің тиімділігі қалдықтың өз жерінде
жіктелуінде. Үйлерде немесе жұмыс орындарында шығатын
пластмасса қалдықтары қоқыстарға араластырылмау керек, бөлек
жиналып, арнайы жерлерге табысталуы керек. Осылайша
пластмассаның басқа қоқыстармен табиғатқа тасталуының алды
алынады. Пластмасса қалдықтарының қоқыс емес екенін
ұмытпауымыз керек.

10.

Азық-түлік қалдықтары
• Жыл сайын әлемде шығарылатын азық-түліктің 3/1 бөлігі
қоқыс жәшіктеріне лақтырылады. Өз кезегінде бұл проблема
судың, жердің, еңбекшілердің ресурстардың
тиімсіз жұмсалуына әкеп соғады. Нәтижесінде әлемдік
климат өзгеруі және де парниктік газдардың әкеп соғуына
әкеліп соғады. Ғылымдардың пайымдауынша, егер әр адам
осы проблемаға назар аударып, оны шешуге ат салысса, бұл
проблемманы шешу оңайырақ болады.
• Шіритін тамақ қалдықтары – микробтарды тудырады. Шіру
барысында жаман иіс және улы заттар бөледі. Шіру мерзімі 1
– 2 жұма. Жану барысында диоксиндер түзеді.
Тамақ қалдықтары барлық қалдықтардың 10% құрайды.
Компосттеу әдісі- маңызды органикалық тыңайтқыш.
Топырапаққа сіңіп, оның құрамын және өнімділігін
жақсартады.

11.

12.

Қорытынды
• Ең жетілдірілген тазарту қондырғыларын құру
қоршаған ортаны қорғау мәселесін шеше алмайды.
Қоршаған ортаның тазалығы үшін шынайы күрес-бұл
тазарту құрылыстары үшін күрес емес, мұндай
құрылыстардың қажеттілігіне қарсы күрес. Мәселені
экстенсивті әдістермен шешу мүмкін емес екені анық.
Жаһандық экологиялық проблеманы шешудің қарқынды
жолы — бұл ресурстарды көп қажет ететін өндірісті
азайту және аз қалдықты технологияларға көшу.
Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету
жағдайында табиғи ресурстардың бүкіл кешенін
ұтымды пайдалану арқылы қоршаған ортаның сапасын
тұрақтандыру және жақсарту мүмкіндігі қалдықсыз
өндірісті құрумен және дамытумен байланысты.
English     Русский Правила