Өсімдіктер селекциясы
Жалпы мәлімет
Селекция туралы жалпы түсінік
Селекциялық процестің техникасы және оны ұйымдастыру
Құрғақшылыққа төзімділігін бағалау
5.20M
Категория: БиологияБиология

Өсімдіктер селекциясы

1. Өсімдіктер селекциясы

iKaz.kz – Ашық Мәліметтер Порталы

2. Жалпы мәлімет


Өсімдіктер селекциясы (лат. selectіo – таңдау, сұрыптау) –
өсімдік сорттары мен гибридтерін шығару әдістері туралы
ғылым; агрономия саласы. Өсімдіктер селекциясы теориясының
негізі
өсімдіктер генетикасы
ол өсімдіктерді жүйелеу
өсімдік морфологиясы, физиологиясы, биохимиясы
тұқымтану
тұқым өсіру ғылымдарымен тығыз байланысты
Қазақстанда Өсімдіктер селекциясы саласындағы жүйелі
зерттеулер 20 ғ-дың 30-жылдары басталды, қазіргі уақытта Қазақ
егіншілік ғылыми-зерттеу институты, Қазақ жеміс және жүзім
шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ картоп және
көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ мал
азығын өндіру және жайылым ғылыми-зерттеу институты, Қазақ
астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, т.б. бірқатар ауыл
шаруашылығы инситуттары, облысы ауыл шаруашылығы
және селекциялық тәжірибе ст-лары шұғылданады.
iKaz.kz – Ашық Мәліметтер Порталы

3.

• Өсімдік сорттары мен гибридтерін
шығарудағы негізгі мақсат –
өсімдіктің өнімділігін, аязға,
қуаңшылыққа төзімділігін арттырып,
аурулар мен зиянкестерге қарсы
тұру қабілетін күшейту, т.б. Қазіргі
кезде жеміс-жидектің, дәнді
дақылдардың, картоптың, көкөнісбақша дақылдарының, т.б. бірнеше
сорттары.
iKaz.kz – Ашық Мәліметтер Порталы

4. Селекция туралы жалпы түсінік


Ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыруда селекция және тұқым
шаруашылығының маңызы өте зор. Жергілікті жағдайда бейімделген
жоғары өнімді сорттар мен будандарды өсірудің нәтижесінде өндіретін
дақылдардың өнімділігі 40-50 және одан да жоғары пайызға көтеруге
болады. Селекция(латын тілінен аударғанда selection- сұрыптау немесе
іріктеу) – жаңа сорттар мен будандарды шығарумен айналысатын
ғылым. Алғашқы кезде жаңа сорттар шығаруда тек сұрыптау әдісі
қолданылған. Қазіргі кезде селекцияда сұрыптаумен қатар,
будандастыру, полиплодия, мутагенез, биотехнология сияқты басқада
әдістер кеңінен қолданылуда. Селекционерлердің жоғары мамандануын
қажет ететін генді инженерия, гаплоидты селекция сияқты әдістерді
пайдалану қазіргі күні басты бағытқа айналуда. Сондықтан
селекционерлер жасушаның ішкі құрлысын, тұқым қуалаушылық пен
өзгергіштікті, өсімдікте болатын ішкі құбылыстарды, аурулар мен
зиянкестерді, өнімді сақта, өңдеу технологиясын жақсы білумен қатар,
математиканы, химияны, өндіріс экономикасы мен ұйымдастыру
негіздерін білулері қажет. Селекция жұмысының ғылыми–теориялық
негізгі тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым генетика
болғанымен, селекция өз алдына дербес ғылым. Ол жаңа ағзалар
шығаруға негіз болатын ерекше әдістерге сүйенеді.
iKaz.kz – Ашық Мәліметтер Порталы

5. Селекциялық процестің техникасы және оны ұйымдастыру

Селекциялық процестің
техникасы және оны
• Жаңа сорттар шығару процесі ерекше селекциялық әдістерді
қолданумен және өнімді ету, күту,бақылау, жинау кезінде бір
ұйымдастыру
сыпыра техникалық тәсілдерді пайдаланумен байланысты
мәселелердің үлкен жиынтығын қамтиды. Бұған сондай-ақ
учаскені таңдау және оны селекциялық жұмыстарға дайындау,
сорттар мен селекциялық нөмірлерді сынау және оларды
көбейту, алынған мәлметтерді жөнлеу т.б. жұмыстарды
белгіленген схема бойынша ұйымдастыру мен іске асыру
мәселелері кіреді. Селекциялық процесс сорт шығарумен
аяқталады. Сорттар мен селекциялық материалдарды сынау
кезінде олар үшін барлық агротехникалық жағдайлар бірдей
болуы тиіс. Мөлдектердің көлемі мен мүсіні туралы көп
айтылып та, жазылып та жүр. Бірақ мөлдектің көлемі кішігірім
болып қайталымы көп болған дұрыс. Себебі топырақтың
шұбарлық әсері де аз болады. Егер мөлдек ұзартылған және ені
тарлау болса солғұрлым салыстыру қажеттері азайып,
нақтылығы артады.
iKaz.kz – Ашық Мәліметтер Порталы

6.

Өнімділік – бұл бір өсімдіктен алынған орташа өнім.
Белгілі бір көлемдегі егістіктің өнімі екі түрлі
көрсеткішке байланысты анықталады.

7. Құрғақшылыққа төзімділігін бағалау

• Құрғақшылық біздің елімізде жиі болатын
құбылыс. Кейбір жылдары олар үлкен жер
көлемін алып, барлық ауылшаруашылық
дақылдарының өнімділігін төмендетеді.
Құрғақшылықпен күресудің бірден – бір жолы
– бұған төзімді сорттар егу болып табылады.
Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігі дегеніміз
– олардың жоғары температурада, ауаның
төменгі ылғалдылығында топырақта
ылғалдылықтың жетіспеу кезінде өз
бойындағы суды дұрыс пайдалану арқылы
сапасы жақсы, жоғары өнім беру мүмкіндігі.

8.

9.

Қызанақтың алуан түрлілігі
iKaz.kz – Ашық Мәліметтер Порталы

10.

Ауруға қарсы күресте
агротехникалық және
химялық жолдармен қатар,
төзімді сорттар шығарудың
маңызы өте зор.
Селекциялық
материалдардың ауруға
төзімділігін зерттегенде,
көбіне оларға қолдан ауру
егу тәсілі қолданылады. Тат
ауруына төзімділігін бағалау.
Белгілі бір климаттық
жағдайда тат ауруы жиі өте
қатты байқалса, сорттың
төзімділігін оның шалдығу
дәрәжесі бойынша егі
алқабында анықтауға
болады.

11.

iKaz.kz – Ашық Мәліметтер Порталы
English     Русский Правила