Похожие презентации:
Болашақтың өздігінен басқарылатын көлігі
1.
Болашақтыңөздігінен
басқарылатын көлігі
Р.Жания, Е.Ердаулет
2.
Жалпыға ортақ қолданыстағы жолдармен жүргізушініңкөмегінсіз жүру үшін, автомобильдер толыққанды
автопилот пайдалана алатындай уақытқа дейін әлі
бірнеше жыл бардай болып көрініп еді. Алайда Tesla
компаниясы, осы күмәнді сейілте отырып,
автопилоттарды бүгінгі күні-ақ ұсынуда.
Автомобильдерге жүргізушісіз жүйе әзірлеумен
айналысып жатқан тағы басқа да компаниялар бар. Ол
толығымен жүргізушісіз Google мобиль және
жүргізушісіз такси концептері. Осы материалда біз
оларға талдау жасап және бұл технологияның
«жолашарларын» бүге-шігесіне дейін жіктеп көруге
тырыстық.
3.
Tesla автопилоты4.
Tesla автопилотның жұмысістеу қағидасы төрт жерден
келетін деректерге құрылған.
Біріншіден, Tesla арнайы
ультрадыбыстық сенсорларды
қолданады, ол кедергілер мен
басқа машиналарды іздеп
автокөліктің жан-жағындағы
кеңістікті сканерлеп отырады.
Екіншіден, арнайы алдыңғы
радар қолданылады, ол
автокөлікке жаңбыр мен тұман
күндері де алдыңғы жағында не
болып жатқанын көруге мүмкін
береді.
5.
Үшіншіден, Tesla автопилотыныңжүйесі алдыңғы камераны қолданады,
ол жол белгілері мен таңбаларды
бақылап отыруға мүмкіндік береді. Ал
Tesla автопилотының төртінші
құрамдас бөлігі – жоғары дәлдіктегі
GPS-трекер, ол жүйенің барлық
жұмысын қадағалап және қозғалыстың
дұрыстығын тексеріп отырады.
Шындығында Tesla-да өздерінің
автопилоты қалада жүруге
арналмағандығын, тек
автодаңғылдарда (автобан, хайвей)
жүруге арналғандығын растайды.
Алайда, ол қалада да жүре алады.
6.
Google-мобиль7.
Алайда тек Tesla ғана автопилот шығарумен айналысып жатқанжоқ. Сірә, жүргізушісіз қозғала алатын әлемдегі ең танымал
автокөлік – бұл Google-мобиль. Google автокөліктері әлі күнге
дейін тек тесттен өтіп жатқандығына қарамастан, олар туралы
әлемнің кез-келген жерінде біледі. Бұған қоса Google автопилот
жүйесі үшін өзінің әзірлеген шағын екі орындық автокөлігін де,
азаматтық Lexus RX, Toyota Prius және тіпті Audi TT-ны да
пайдаланады. Google автопилоты үшін Google Street View
сервисінің мәліметтерін және автокөліктің төбесіне орнатылатын
айрықша LIDAR тетігін қолданады. LIDAR тетігінің Light
Identification Detection and Ranging тәрізді шифры шешіледі, яғни
жарықпен көру және қашықтықты анықтау мүмкіндігі бар. Шын
мәнінде бұл оптикалық диапозонның қашықтық өлшеуіші және
оның жұмыс істеу қағидасы радарға өте қатты ұқсайды.
8.
Жүргізушісіз такси9.
Жүргізушісіз автокөліктертақырыбы өзекті болғаны
соншалықты, оған іс жүзінде
барлық ірі автоконцерндер мен
мемлекеттер алаңдаушылық
білдіріп отыр. Бүгінгі күні
жүргізушісіз автокөлік әзірлеу
бойынша бірнеше ірі
бағдарламалар, оның ішінде
бюджеті 800 млн евродан тұратын
Еуропалық Комиссияның
бағдарламасы да бар.
10.
Жүргізушісіз автокөліктер бойынша Volkswagen, Audi,BMW, Volvo және Nissan маркаларында да өзінің жобалары
бар. Осы жылғы CES 2016 көрмесіне көптеген автокөліктер
мен автопилот жүйесінің күнделікті өміріне енгізу үшін
әзірленген жүйелер қойылған. Әрине, көпшілігіміз үшін бұл
тек қиял-ғажайып сияқты естіледі, бірақ бүгінгі күннің
өзінде-ақ Tesla тәрізді автокөліктер болашаққа көз жүгіртуге
және өте жақын уақыттарда, өз автокөлігімен жұмысқа бара
жатқан көлік иесінің жолға қараудың орнына өз ісімен
айналысуына жағдай туғанда, қандай болатынын көруге
мүмкіндік береді. Әрине, жүргізушісіз көліктерді
қолданысқа енгізу, әлем бойынша миллиондаған адамды
жұмыссыз қалдыруы және жаңа дағдарыс туындатуы
мүмкін. Бірақ, бұл мәселенің басқа, этикалық жағы, оны
осындай жүйе өндірушілер де, бүкіл әлемдегі үкімет
орындары да әлі реттеуі қажет.