Похожие презентации:
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі
1.
§ 37. Қазақстанның өсімдіктері менжануарлар дүниесі
2.
Қазақстан өсімдіктері су басып жатқан кезен, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезіненбасталады.Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір
теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Палеоген дәуірдің алғашқы
жартысында теңіз жағалауындағы қыраттар мен тауларда субтропиктік жалпақ жапырақты өсіп тұрған.
Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл
қылқан жапырақты өсімдік түрлері тараған. Палеоген дәуірінің екінші жартысында, теңіз суы тартылып,
құрғап, ірілі, ұсақты көлдер қалыптасқан.
Неоген дәуірде климат суып, таулы аудандарды мұз басқан кезде жылу сүйгіш өсімдіктер жойылып кетіп,
қазіргі орман типтері қалыптасқан, грек жаңғағы, алма сияқты өсімдіктер сақталып қалған. Каспий маңы
ойпаты мен Тұран ойпаты теңіз астынан неоген дәуірінде ғана босаған. Үстірт пен Бетпақдаланың босауы
одан сәл ғана ертерек.
Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен
(Ресей, Орта Азия, Кавказ) салыстырғанда бұл онша көп емес.
3.
Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады. Сырдария-Қаратау флорасыөте бай. Онда 1000-нан асатын өсімдік түрі, оның 150 түрі тек осы ауданға ғана тән,басқа жерде
ұшыраспайтын өсімдіктер.
Қаратау жотасы.
4.
Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жоңғар Алатауының тау беткейлерінде қылқан жапырақтыормандар таралған. Оларда шырша, май қарағай, бал қарағай, самырсын түрлері өседі.
Итмұрын, долана, бөріжидек бұталары мол.
Самырсын
Бал қарағай
Долана
5.
Алтай тауы.Жоңғар Алатауы.
Тянь-Шань тау.
6.
Қазақстанда өсімдік дүниесінің 303 түрі Қызыл кітапқа енген және оның сақталуына мемлекеттік қорықтарқамқорлық жасайды. Қазақстанның кең жазиралы жазығында дала мен шөл өсімдіктері басым. Қазақстан
дүние жүзі бойынша орманы аз елдердің қатарына жатады. Бүкіл аумағының 11,4млн гектар жерін ғана
ормандар алып жатыр.Ол табиғатты тазартуда, топырақты эрозиядан сақтап, құм көшкіндерін бөгеуде аса
маңызды рөл атқарады. Шөлді аймақтарда сексеуіл, өзендер бойында жыңғыл , жиде, тораңғы тоғайлары
кездеседі.
Жыңғыл
Жиде
7.
Қазақстанның жануарлар дүниесінің қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Мұзбасу дәуірінде жылы климатқа бейім жануарлардың кей түрлері қырылып, біразы жылы жаққа қоныс
аударған.Олардың кейбір түрлері Қазақстанның оңтүстік- шығысындағы таулы аймақта сақталып қалып, мұз
басу дәуірінен кейін қайтадан дамып өскен. Қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұғы, аққұтан,
қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері осы топқа жатады. Сонымен бірге құстары өскен. Оларға құр,
тоқылдақ, самырсын құс, ақ қоян жатады.
Қазақстанның жануарлар дүниесі қазір сүтқоректілердің 178, құстардың 489, балықтың 104 және
омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады.
Марал.
8.
Орманды даланың сүтқоректілері қатарына қоян, су тышқаны, ақ тышқан, елік кіреді. Қасқыр мен түлкі жиікездеседі. Құстардан құр, шіл кең тараған, қайыңды ормандарды қырғи, бөктергі, ителгі сияқты жыртқыш
құстар мекендейді.Ашық алаңдарда тоқылдақ, қарғаның түрлері, бұлдырық бар. Орман ішінде жылан аз
кездеседі, кесірткенің біраз түрлері ұшырасады.
Қырғи
Шіл
Бұлдырық
9.
Дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемделіп, түсі де дала бояуына қарай өзгере дамыған. Далатышқаны, ала қоржын, қасқыр, түлкі, борсық көп мекендейді. Киік жиі ұшырасады. Дала құстарынан
дуадақ, тырна, торғайдың әр түрі ( қараторғай, бозторғай, шымшық торғай) кездеседі.
Дуадақ
Тырна
Борсық
10.
Шөл даланың жануарлары ыстыққа, шөлге шыдамды болуға бейімделген. Ала жертесер, сарышұнақтың,құм тышқандарының кей түрлері, кірпі, құм қояны, құстардан сексеуіл жорға торғайы, дала бүркіт, бөктергі,
ақ құйрық сауысқан бар.
Кірпі
Кесіртке
Жылан
11.
Қазақстанның таулы аймақтарының да өзіне тән жануарлары бар. Алтайда қоңыр аю, тундра құры, тау ұларыкездеседі. Жерорта теңізінен ауысып, Алтайға жетпей, Тянь-Шань, Тарбағатай шекарасынан өтпей қалған аңдар
қатарына гималай ұларын, күштігенді, байғызды атауға болады. Жоңғар Алатауы, Күнгей Алатау бойын бұғы,
сілеусін, шымшық торғай,т.б. Батыс Тянь- Шаньды ұзын құйрықты тышқан, шыбыншы торғай, ақтамақ бұлбұл
мекендейді. Орталық Тянь-Шаньда алтай суыры,имек тұмсық балықшы, қызыл мойын бұлбұл ұшырасады. Өзен,
көл аймақтарындағы қарақұс, сұр шымшық,елік,ақ тышқан жіне балық түрлеріне бай. Аралда балықтың 40,
Каспийде 50 түрі бар.
Сілеусін
Бұғы
12. Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі
І нұсқаҚазақстан өсімдіктері су басып жатқан кезен,
Бор дәуірінің аяғы мен Палеоген дәуірінің бас кезінен
басталады.Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз
басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір
теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған
құрлықты екіге бөлген. Палеоген дәуірдің алғашқы
жартысында теңіз жағалауындағы қыраттар мен
тауларда субтропиктік жалпақ жапырақты өсіп
тұрған. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа
аймақтарында, жалпақ жапырақтылары мен мәңгі
жасыл қылқан жапырақты
өсімдік түрлері тараған. Палеоген дәуірінің екінші
жартысында, теңіз суы тартылып, құрғап, ірілі, ұсақты
көлдер қалыптасқан. Неоген дәуірде климат суып,
таулы аудандарды мұз басқан кездежылу сүйгіш
өсімдіктер жойылып кетіп, қазіргі орман типтері
қалыптасқан, грек жаңғағы, алма сияқты өсімдіктер
сақталып қалған. Каспий маңы ойпаты мен Тұран
ойпаты теңіз астынан неоген дәуірінде ғана босаған.
Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай
өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен
(Ресей, Орта Азия, Кавказ) салыстырғанда бұл онша
көп емес.Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның
таулы аймақтары болып саналады. Сырдария-Қаратау
флорасы өте бай. Онда1000-нан асатын өсімдік түрі,
оның 150 түрі тек осы ауданға ғана тән,басқа жерде
ұшыраспайтын өсімдіктер. Тянь-Шаньның,
Алтайдың, Жоңғар Алатауының беткейлерінде
қылқан жапырақты ормандар таралған. Оларда
шырша, май қарағай, бал қарағай, самырсын түрлері
өседі. Итмұрын, долана, бөріжидек бұталары мол.
ІІ нұсқа
Қазақстанның жануарлар дүниесінің қалыптасуы
өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Мұз
басу дәуірінде жылы климатқа бейім жануарлардың
кей түрлері қырылып, біразы жылы жаққа қоныс
аударған.Олардың кейбір түрлері Қазақстанның
Оңтүстік- шығысындағы таулы аймақта сақталып
қалып, мұз басу дәуірінен кейін қайтадан дамып
өскен. Қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұғы,
аққұтан, қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері
осы топқа жатады. Сонымен бірге құстары өскен.
Оларға құр, тоқылдақ, самырсын құс
жатады.Қазақстанның жануарлар дүниесі қазір
сүтқоректілердің 178, құстардың 489, балықтың 104
және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен
тұрады. Орманды даланың сүтқоректілері қатарына
қоян, су тышқаны, ақ тышқан, елік кіреді. Қасқыр
мен түлкі жиі кездеседі. Құстардан құр, шіл кең
тараған, қайыңды ормандарды қырғи, бөктергі, ителгі
сияқты жыртқыш құстар мекендейді. Ашық алаңдарда
тоқылдақ, қарғаның түрлері, бұлдырық бар. Орман
ішінде жылан аз кездеседі, кесірткенің біраз түрлері
ұшырасады. Дала жануарлары табиғаттың
ерекшеліктеріне икемделіп, түсі де дала бояуына
қарай өзгере дамыған. Дала тышқаны, ала қоржын,
қасқыр, түлкі, борсық көп мекендейді. Киік жиі
ұшырасады. Дала құстарынан дуадақ, тырна,
торғайдың әр түрі кездеседі. Шөл даланың
жануарлары ыстыққа, шөлге шыдамды болуға
бейімделген. Қазақстанның таулы аймақтарының да
өзіне тән жануарлары бар. Алтайда қоңыр аю, тундра
құры, тау ұлары кездеседі. Жерорта теңізінен
ауысып, Алтайға жетпей, Тянь-Шань, Тарбағатай
шекарасынан өтпей қалған аңдар қатарына гималай
ұларын, күштігенді, байғызды атауға болады. Жоңғар
Алатауы, Күнгей Алатау бойын бұғы, сілеусін,
шымшық торғай,т.б. Батыс Тянь- Шаньды ұзын
құйрықты тышқан, шыбыншы торғай, ақтамақ бұлбұл
мекендейді. Өзен, көл аймақтарындағы қарақұс, сұр
шымшық,елік,ақ тышқан және балық түрлеріне бай.
13.
§ 37. Қазақстанның өсімдіктері менжануарлар дүниесі