Похожие презентации:
Канада
1.
2.
КанадаЖерінің ауданы –9млн 970мың шаршы км.
Халқы- 34,1млн адам.
Астанасы –Оттава
Мемлекеттік құрылымы-Британ Бірлестігі
құрамындағы парламенттік конфедерация
Мемлекеттік басшысы – Ұлыбритания королевасы
Үкімет басшысы- премьер-министр.
Заң шығарушы органы-екі палаталы парламент.
Мемлекеттік тілі- ағылшын және француз тілдері
Ақша бірлігі – канада доллары
Әкімшілік- аумақтық бірлігі- провинциялар және
аумақтар
3.
4.
Канада – Солтүстік Америка құрлығындаорналасқан алып мемлекет. Астанасы – Оттава
қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен
ғана емес, сондай-ақ көптеген арктикалық
архипелагты аралдарымен ерекшеленеді.
Канаданың жағалауларын Атлант мұхиты, Тыных
мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхит шайып
жатыр. Көрші елдерінің ең үлкені АҚШ, одан басқа
Даниямен (Гренландия аралы) және Франциямен
(Сен-Пьер и Микелон (франц. Saint-Pierre-etMiquelon) аралдары қауымдастығы) көршілес
орналасқан. Канаданың АҚШ-пен шектесетін
оңтүстік және Альяскадағы солтүстік батыс
шекарасының ұзындығы 8893 км. құрайды.
Табиғаты керемет. Ормандар мен таулы
аймақтарға, туристік мекендерге толы әлемнің
сұлу бір мекені
5. Географиялық орналасуы
Территориясының ауданы 9 984 670 шаршы км.. Оныңішінде құрлықтың жері 9 093 507 шаршы км., сулы жері 891
163 шаршы км.. Канаданың территориясының басым бөлігі
жазықтық болып келеді. Канада жерінің аумағы бойынша
(суларымен қосақанда) әлемде екінші орынды иеленеді, ал
Солтүстік Америка материгінде ең үлкен ел болып
табылады. Канада аталған материктің солтүстігін түгелімен
алып жатыр деп айтуға болады, тек АҚШ-қа тиесілі
Альясканы қоспасақ. Елдің солтүстігіндегі жерлердің көбі
Арктикалық аймаққа кіреді. Олжерлерде үнемі мұз жатады
немесе екі жылдай уақыт бойы температура нөлден төмен
болып сақталады. Канаданың тағы бер географиялық
ерекшелігі – әлемдегі ең ұзын жағалау шекара Канадаға
тиесілі. Жалпы ұзындығы 202 080 км.-ге тең жағалаулық
шекарасы бар. Канаданың таулы аймақтары мен жазық
жерлері геологикалық жағынан сезімтал келеді. Жер
сілкінісі мен вулкандардың атқылауы қалыпты жағдай.
Мигер тауларында және Эдзиза тауларында үлкен
жанартаулар (вулкандар) орналасқан.
6.
7. Астанасы – Оттава
8. К А Н А Д А Т У Ы және ЕЛТАҢБАСЫ
9.
Оңтүстіктегі Онтарио және Квевек провинцияларындаүйеңкінің бірнеше түрі,соның ішінде қант үйеңкесі
өседі.Үйеңкі ағашын жергілікті халық өте жоғары
бағалайды.Үндістер мен алғашқы қоныс аударушылар бұл
ағаштың сүрегінен үй салып,қант үйеңкісінен қоймалжың
тәтті шырын алған.1956 жылы ресми түрде қабылданған
Канада мемлекетінің ұлттық байрағында үйеңкі жапырағы
қызыл түспен бейнеленген.
10.
Орасан зор Канада жерінің табиғат жағдайларыәркелкі.Климаты аса қатал болғандықтан елдің солтүстік
бөлігінде Канада Арктикалық топаралы мен жағалық
жазықтар орналасқан.Бұл аймақтың көпшілік бөлігінде
тұрғын халық мүлде жоқ.Соңғы жылдары мұнда
алтын,темір,уран және мұнай кен орындары
табылған.Канаданың Британ Колумбиясы деп аталатын
провинциясы орналасқан қиыр батысы таулы болып
келеді.Тынық мұхит жағалауының ылғалды,жұмсақ
климаты жағдайында қызыл самырсын,алып боз
арша,көгілдір шыршалар мен майқарағайлар өседі.Бұл
осында орман шаруашылығына негіз болған.Канадалық
Кордильера қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай.Мұнда
мыс ,алтын,күміс,сирек кездесетін металдар,мұнай газ
өндіріледі.Тынық мұхитына құятын қысқа,мол сулы
өзендерде су энергиясының мол қоры бар.Су қорының
молдығы суды көп қажет ететін алюминий өндірісін
орналастыруға мүмкіндік береді
11.
12. Табиғаты
Ниагарасарқырамасы
Альберттегі Банф
ұлттық паркі
13. Халқы мен діні
2006 жылы жүргізілген санақтың нәтижесі бойыншаКанаданың халқының саны 31 612 897 адамды құраған.
Негізінен, халықтың басым бөлігі иммигранттардың
есебінен артып отырған. Канадалық халықтың этникалық
құрамы жағынан ағылшындар алғашқы орында (21%), одан
кейінгі орындарда француздар (15,8), шотландықтар
(15,2%), ирландиялықтар (13,9%), немістер (10,2%),
итальяндар (5%), қытайлар (3,9%) және украиндар (3,6%).
Бұлардан бөлек канадалық Аборигендер де бар. Олардың
үлес салмағы 3,6% болады. Қазіргі кездегі деректер
бойынша Канада халқының саны 34 миллионға жеткен.
Канаданың жері ұлан-байтақ болғанымен, халықтың
орналасу тығыздығы бойынша ең төменгі көрсеткішке ие
елдердің қатарына кіреді. Халықтың орналасу
тығыздығының орташа көрсеткіші: бір шаршы км.-ге 3,3
адамнан ғана келеді.
14. 1961 жыл мен 2010 жылдар арасындағы Канада халық санының өсуі
15. Эскимостар мен үндістер
16. Ақша бірлігі – канадалық доллар
Луни деп аталатын тиындоллары
17.
Үйеңкі ағашыЛишайник
Қарағай
Үйеңкі
жапырағы
18. Қалалары
Торонто – әйгіліхалқы ең көп
қалаларының бірі
Түнгі қала
Ванкувер – жас
қала
19. Монреаль қаласы 1642 жылы Әулие Лаврентий өзенінің сол жақ жағалауында Монт-Ройяль төбесінің етегінде бой көтерді.Қала аумағы бірнеше терра
Монреаль қаласы 1642 жылы Әулие Лаврентий өзенінің сол жақжағалауында Монт-Ройяль төбесінің етегінде бой көтерді.Қала аумағы
бірнеше террасаларда орналасқан.Мұнда коптеген шіркеулер бар.Олардың
ең ежелгісі- Париждегі Құдай ана соборының кішірейтілген көшірмесі
іспеттес Нотр-Дам.Қалада бірнеше университеттер,киностудиялар мен
кітапханалар орналасқан.Монреаль маңындағы кішігірім қалалармен бірге
Монреаль агломерациясын құрайды.Мұнда 3 млн-нан артық халық тұрады
20. Торонто қаласы елдің қаржы орталығы болып табылады.Осындағы Бей-стрит көшесінің бойында елдегі аса ірі банктер мен қаржы ұйымдары орналас
Торонто қаласы елдің қаржы орталығы болып табылады.ОсындағыБей-стрит көшесінің бойында елдегі аса ірі банктер мен қаржы
ұйымдары орналасқан.Торонта маңындағы бес серіктес қаламен
бірігіп,4 млн-нан аса халқы бар Үлкен Торонто агломерациясын
құрайды.
21. Батыстағы Фрейзер өзенінің сағасында тұрған Ванкувер қаласы жан – жағынан таулармен қоршалған.Қала орналасқан жер елдегі климаты жұмсақ
Батыстағы Фрейзер өзенінің сағасында тұрған Ванкувер қаласы жан –жағынан таулармен қоршалған.Қала орналасқан жер елдегі климаты
жұмсақ жер болып табылады.Мұнда 2 млн-ға жуық халық тұрады
22. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ § 41.Канада.Мемлекеттің қалыптасуы мен құрылымы.Халқы.Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Мемлекеттің қалыптасуы мен құрылым
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ§ 41.Канада.Мемлекеттің қалыптасуы мен
құрылымы.Халқы.Табиғат жағдайлары
мен ресурстары. Мемлекеттің
қалыптасуы мен құрылымына шағын
конспект жазып келу.Қосымша
материалдар қарастыру.