Жоспар
Кіріспе
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
5.31M
Категория: МедицинаМедицина
Похожие презентации:

Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік жағдайының дене дамуына әсері

1.

Қазақстан
Республикасының
Денсаулық Сақтау
Министрлігі
Оңтүстік Қазақстан
Мемлекеттік
Фармацевтика
Академиясы
Гигиена-1 кафедрасы
Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік жағдайының дене дамуына
әсері.
Орындаған: Мамыр М.
Тобы: 405 «Б» ҚДС.
Қабылдаған: Сағындықова Э.
Шымкент 2016ж

2. Жоспар

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуына әсер ететін
факторлар
Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік жағдайға
байланысты туындайтын ауруы
Акселерация
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

3. Кіріспе

Баланың қалыпты дамуы үшін отбасы және қоршаған ортада бала өзін
қорғайтындығын сезінуі шарт. Баланың қоршаған ортамен өзара
қатынасын реттеудің негізгі механизмдері эмоциялық байланысты құра
білу қабілетіне негізделген. Тілек пен қажеттіліктер тәрбие процесі
нәтижесінде, қоршаған ортадағылардың қолдауы, не қарсы ықпалы
негізінде қалыптасады. Егер бұл даму процесі қоршаған орта не мидың
зақымдануына байланысты дұрыс жүрмесе, жеке тұлға дамуында ауытқу
болады.

4.

Баланың жүйке жүйесінің психикалық саулығын қорғауда
отбасының тәрбиелік функциясының әсері зор. Отбасы
мүшелерінің жылы қарым-қатынасы баланың үйлесімді
дамуына әсер етеді. Бала тәрбиесінің типі мен оның
психикалық дамуының ерекшеліктері арасында тығыз
байланыс болуы заңды.

5.

Балалардың денсаулығын қалыптастыратын негізгі
факторлар мыналар:
Ата-аналардың денсаулығы мен конституциясына әсер
етуші (әсіресе аналарға жүкті болғанға дейін әсер
ететін) факторлар;
Генетикалық
факторлар;
Ауаның, судың, топырақтың санитарлық-гигиеналық
сипаты;
Тамақтану жағдайы;
Жанұя тұрмыстық факторлар: жанұяның құрамы,
тұратын мекен жайдың сипаттамасы, орташа кіріс
мөлшері, жанұя тұрмысы және сәбидің күтімі,
жанұяның психологиялық климаты, зиянды әдеттердің
(шылым шегу, арақ құмарлық т.с.с.) болуы;
Сәбидің мектепке дейінгі мекемелерде болу жағдайының
санитарлық-гигиеналық сипаты.
(тұқым
қуалағыштыққа
әсер
етуші)

6.

Анасының
шылым
шегуі,
әртүрлі
дәрі-дәрмектерді
бақылаусыз
пайдалануы,
ішімдікке
әуес
болуы
нәрестенің
құрсақта
жатқандағы өсуіне ғана емес,
одан кейінгі дамуына да зиянды
әсерлерін тигізеді. Аналардың
жұмасына екі рет 100 гр.
артығырақ арақ ішуі, салмағы
азайған балалар туу қаупін
көбейтіп
жібереді.
Емшек
сүтімен асырау және дұрыс
тамақтандыру
сәбилердің
денсаулығына
әсер
ететін
маңызды
фактор
болып
табылады.

7.

Бала дамуына көптеген факторлар әсер етеді. Себебі оның
дамуы — күрделі процесс. Баланың дамуына табиғи және
әлеуметтік орта ықпал жасайды. Некелік-отбасылық қатынас
адамзаттың өзара қарым-қатынасында жетекші маңызға ие.
Сондықтан жастарды бұл қарым-қатынасқа даярлау әрбір
өркениетті қоғам үшін үлкен қызығу тудыратыны даусыз.
Отбасы — қоғамның маңызды бір бөлшегі. Тәжірибеге
қарағанда, баланың психологиялық тұрғыдан қалыпты дамуы
отбасында дұрыс қарым-қатынастың болуына, отбасы
мүшелерінің бірін-бірі ұнатуына, құрметтеуіне, отбасында
еңбектің дұрыс жолға қойылуына байланысты екенін
көрсетеді.

8.

Оқушылардың денсаулығына елеулі әсер ететін төмендегі
факторлар анықталды:
жергілікті жердің климаттық ерекшеліктері;
атмосфералық ауаның ластануы;
қанағаттанғысыз санитарлық-гигиеналық жағдайлар (әсіресе мектеп
сиымдылығының жоғарылауы, екі сменде сабақ оқу, оқу бөлмелерінің
ауданының жеткіліксіздігі т.с.с.);
жанұяның материалдық деңгейінің нашарлығы;
анасының жұмыс бастылығы;
мектепке дейінгі жаста бала бақшаның сәбилер тобында болуы,
бастауыш сыныпта ұзартылған күн тәртібінде болуы;
әкесінің маскүнемдігі;
мектептегі оқу жүктемесінің жоғары болуы;
күн тәртібін сақтамау, әсіресе ұйқы қанбауы;

9.

Балалардың денсаулығы мен күн тәртібінің де арасында айқын
корреляциялық байланыс бар екені анықталған. Ұйқысы қанбаған
оқушылар арасында денсаулық көрсеткіші төмен екендігі, таза
ауада күніне 1-ақ сағат немесе одан да аз болатын оқушылар көз
рефракциясының анамалиясымен, ревматизммен, зат алмасу
бұзылыстарымен,басқа мұндай тәртіпті сақтаған балаларға
қарағанда жиірек зардап шегеді. Жедел респираторлық аурулардың
балалар арасында таралуы, негізінен, оқу-тәрбие бөлмелерінің
ауданының жеткіліктілігіне, желдетілуіне және сонымен қатар,
ғимараттың жоспарлануына тікелей байланысты болып келеді.

10.

Даму — жеке адамды жетілдірудің
өте күрделі және диалектикалық
процесі. Балада анадан туа біткен
белгілі идеялар мен түсініктер және
өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез
болмайды.
Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі
әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді.
Адаманың дамуы және оның дүниені
тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға
байланысты.
Сондықтан
оның
мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен
процестер пайда болады.

11.

Орта — адам дамуына табиғи және
әлеуметтік орта ықпал жасайды.
Табиғи орта — бұл түрлі табиғат
жағдайының адам тұрмысына қызметіне
ықпал жасауы. Балалар кез-келген жағдайға
өте тез бейімделе алады. Жылы және суық
климат жағдайы халықтардың тұрмысына
әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты
ыстық жерлерде егін шаруашылығымен
шұғылданады. Ал солтүстіктегі жерде
балық,
бұғы
шаруашылығымен
айналысады.
Табиғат
жағдайына
байланысты олардың мінез-құлықтары да
ерекшеліктер байқалады.

12.

Әлеуметтік орта — жеке адамның
мінез-құлқының
дамуына
ықпал
жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың
көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік
ортаға мектептің ықпал жасауы
нәтижесінде
баланың
дүниеге
көзқарасы, құлықтық, эстетикалық
және осы сияқты болымды қасиеттері
дамып қалыптасады. Адам өзінің
дамуы үшін қажетті материалдарды
осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер
бала әлеуметтік ортадан тыс қалса,
онда оның даму дәрежесі жануарлардан
жоғары болмайды.

13.

Жақсы әлеуметтік ортада бала көңілді әрі қалыпты өсіп
дамиды. Кейде толық отбасының өзі баланың дұрыс
қалыптасуына негіз бола бермейді. Балалар бірдей
биологиялық,
психологиялық
заңдылық бойынша
дамиды. Демек, отбасы өсіп келе жатқан тұлғаны
қалыптастырады немесе бұзады, оның мүшелерінің
психикалық денсаулығының нығайып немесе нашарлауы
отбасы билігінде. Отбасы қауіпсіздік, бақыт, өзін
қалыптастыруды құрылымдаушы. Идентификацияның
шекарасын көрсетіп, тұлғада "Мен” бейнесінің пайда
болуын қамтамасыз етеді.

14.

Туберкулез. Балалар туберкулезi ересектер арасындағы туберкулезбен
тiкелей байланысты. Қауiптi дерт негiзiнен жанұяда науқаспен тығыз қарымқатынаста болғанда, сонымен қатар үйге қонаққа келген туберкулезге
шалдыққан адамдардан жұғады. Жалпы иммунитетi нашарлаған және жиi
ауыратын балалардың ағзасында туберкулез микробактериясының өсiпөнуiне мүмкiншiлiк мол. Баланың туберкулезге шалдығуы ағзаның
иммундық ауруға қарсы тұратын қабiлетiмен қатар, туберкулез
микробактериясының күшiне (вируленттiгi), мөлшерiне, қайталап жұғу
жиiлiгiне байланысты. Туберкулез таяқшасына өте сезімтал ағза - нерв
жүйесі болғандықтан, ауру басталған кезде баланың мінез-құлқы өзгеріп,
мазасызданады. Баланың ұйқысы қашады, жылай береді, өкпелегіш болып
алады, ал кейбір балалар керісінше ойыннан қалады, көп ұйықтайды, үшінші
біреулері күндіз қалыптан тыс көңілді болып көп ойнайды, ал кешке қарай
көңілсізденіп, тез жатуға тырысады. Мектеп жасындағы балалардың
сабақтарда бастары ауырып, сабаққа, еңбекке қабілеті төмендейді, зейінсіз
болып, сабақ үлгірімдері нашарлайды. Ауру күшейе келе сырқат баланың
тәбеті нашарлап, бозарып жүдей бастайды, кешке қарай денесінің қызуы 3737,5оС-ге дейін көтерілуі мүмкін.

15.

16.

Қант диабеті. Баладағы қант диабетінің 2 түрі болады: инсулинге тәуелді және инсулинге
тәуелді емес. Балаларда көбінесе инсулинге тәуелді түрі кездеседі. Қантты диабеті – ұйқы
безінің бета клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруына байланысты зат алмасуының,
әсіресе көмірсулар алмасуының бұзылуымен сипатталатын созылмалы ішкі секреция безінің
ауруы. Диабетпен барлық жастағы балалар ауырады, соның ішінде 5-13 жас аралығындағы
балаларда бұл кесел жиірек байқалады.
Кесел себептері:
- Тұқым қуалаушылық (60 %).
- Вирустар шақыратын балалардың жұқпалы аурулары: қызылша, қызамық, жел шешек,
тұмау т.б. әсері.
- Көмірсулар мен майларға бай, тәтті тағамдарды қалыптан тыс көп қолдану.
- Психикалық, физикалық стресс салдары.
Клиникалық айқындалуы:
3 негізгі клиникалық симптоммен сипатталады:
1. Полидипсия-шөлдеу.
2. Полиурия-кіші дәретке жиі отыру.
3. Полифагия-кенеттен тәбеттің ашылуы.
4. Бала тамақты жақсы ішкенімен азады.
5. Баланың терісі құрғақ, дуылдап қышиды.

17.

Вирусты гепатит А. Дүние жүзінде кең тарағана инфекциялардың бірі. Сырқат
көбінесе балалар арасында тарайды. ВГА-ға маусымдық тән. Көбінесе ауру –
сырқаттың деңгейі күз – қыс кезінде жоғарылайды. Мектептегі балалар арасында
көбінесе қыркүйек – қазан, 3-6 жастағы балаларда қараша – желтоқсан айларында,
ал 3 жасқа дейінгі балалар арасында жыл басы бірен – саран оқиғалар түрінде
кездеседі.
Тарау жолдары. Тұрмыстық қатынас, алиментарлық, су арқылы, 5% жағдайда
парентеральді, жыныстық жол арқылы тарауы мүмкін.
Алдын алуы. Жергілікті санитарлық – гигиеналық жағдайларды жақсартуға
бағытталған шаралар жүргізілуі керек. Ең тиімді әдіс вакцинация. Келесі
биопрепараттар қолданылады: Вакцинация тиімді әсер береді. 1 рет бұлшық етке
салған кезде 90-100% тиімділікті көрсетеді, ал 6-12 айдан кейін қайталап салынған
вакцина ұзақ уақыт 100%-ға дейін тиімді болып саналады. Орташа 10 жылға
тиімді.

18.

Алдын алу шаралары.
Бірінші кезекте, жеке гигиенаға, әсіресе, қол тазалығына аса көңіл бөлу
қажет.
тек қайнатылған су ішу!
көкөністер мен жемістерді мұқият жуу!
ас дайындау, ыдыс жуу және ауыз су үшін ашық су көздерінен,
арықтардан суды пайдаланбау!
дайындалған тағамдарды ашық қалдырмау!
тез бұзылатын тағам түрлерін тоңазытқышта сақтау!
үйдегі қоқысты уақытында шығару!
жас сәбилердің, балалардың заттарын (сүт ішетін бөтелке, еміздік т.б),
ойыншықтарын таза ұстау керек!

19.

Акселерация
латынша
(accelarae)
жылдамдық деген сөзден шыққан. Адамның
өсіп жетілуінде белгілі заңдылық болады.
Ал, бұл заңдылық әр балада әр қалай
болады. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін
олардың жас және дара ерекшеліктерін білу
қажет. Мектептегі кезеңнің өзі бастауыш (610 жасқа дейін), тоғыз жылдық (10-15-ке
дейін), орта мектеп оқушылары (15-18-ге
дейін) болып үшке бөлінеді. Баланың дене
дамуындағы ең маңыздысы - орталық жүйке
жүйесі, өйткені адамның психикалық
әрекеттері осы орталық жүйке жүйесіне
байланысты болады. Балалардың дене және
психикалық дамуында соңғы жылдары
айқындалған күрделі өзгерістердің бірі ағзаның жедел дамуы. Бұл құбылыстарды
акселерация (латынша "дәлелдеу") деп
аталады.

20.

Акселерацияға тән ерекшелік: балалардың бойының, салмағының
бұлшық еттерінің жедел түрде өсіп жетілуі. Акселерация құбылысы
түрғысынан қарағанда қазіргі жеткіншек балалардың бойы биік,
иықтары қысыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді. Күні бұрын
тез жетілген ағза ауруға, суыққа және дене салмағына төзімсіз келуі
анықталуда. Ересек жастағы балалар жыныс мүшесі жетілу кезінде
тез шаршайды. Осындай тез өсетін ағзада жүрек тамыр жүйесінің
дамуы бірнеше есе қалыс қалады да, өз міндеттерін атқара алмайды.
Ал баланың психикалық жетілу денгейі артта қалады. (соңдықтан ер
немесе қыз бала қоғам, отбасы алдындағы өзінің борышын арнамысын, міндеттерін, жауапкершілігін түсіне көрмейді. Осы мәселені
ата-аналар,
мұғалімдер
ескеріп
отыруы
қажет.

21. Қорытынды

Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында
дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп
отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда
тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне
байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудық арасында екі
жақты байланысы болады. Сондықтан жеке адамның даму
заңдылықтарын
тереңірек
қарастырған
жөн.
Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады.
Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді,
оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын
белгілеп бере алмайды. Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани
өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын
барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға,
адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде
болатын
сапалық
өзгерістер
процесі.

22. Пайдаланылған әдебиеттер

Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер
гигиенасы(Оқулық).- Алматы 2002.344б.
Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков., М., Медицина,
2004.,
Ерманова С.А Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Ақнұр 2014
Бөлешов М.Ә Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы:
оқулық –Эверо, 2015
Бөлешов М.Ә Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы:
оқулық – Алматы: Эверо, 2010
Google.kz
English     Русский Правила