Похожие презентации:
Деректер қоры
1. Деректер қоры
Орындаған:Жақсылық Ерасыл2.
3.
• Деректер қоры (дерекқор) (database) - компьютер арқылытез арада іздеу және керек құжатты алу мүмкіндігін арттыру
үшін
ұйымдастырылған деректер мен ақпараттар жиынтығы. [1].
• Деректер қоры деректерді сақтау, алу жаңарту, өшіру
барысын жеңілдету мен жалпы деректерді өңдеу бойынша
өзге де операцияларды жүзеге асыру үшін құрылымдалады.
• Деректер қоры файлдан немесе жеке жазбаларға
бөлінетіндей файлдар жиынтығынан құралады. Әр жазба
бір немесе бірнеше өрістен тұрады. Өрістер деректерді
сақтаудың қарапайым түрі болып саналады. Қолданушылар
ақпараттарды деректер қорынан көбінесе сұрау салу
арқылы алады.
4.
5.
• Ақпарат қорын бір жерге шоғырландыру (ЭЕМ-нің жадында)ақпараттарды сақтауды әрі оны толықтырып отыруды қамтамасыз
етеді; ал орталық ЭЕМ-мен желілік байланыс арқылы ақпаратты
тұрақты әрі жылдам алуға болады. Компьютерлік дерекқор
деректерді сақтауды, реттеуді, іздеуді және ЭЕМ-нің сыртқы
құрылғыларына жіберуді қамтамасыз ететін белгілі
бір файлдық жүйеге сүйенеді. Пайдаланушылар мен дерекқор
арасындағы қарым-қатынас дерекқорды басқару жүйесі арқылы
жүзеге асырылады. Басқару жүйесі пайдаланушының
сұранысын қабыл алады да файлдық жүйеге
қажетті бұйрықтар беріп, ақпараттық хабарды пайдаланушының
қолдануына ыңғайлы түрге келтіріп береді.
6.
• Дерек алмасу бірлігі ретінде арнаулы жазу өлшеміқабылданған. Әр жазудың құрамында өзіндік тақырып
немесе осы жазуды іздейтін кілт («кілттік сөз») болады.
Жазу тақырыптары дерекқордың мазмұны іспетті
анықтамалық кестелерге біріктіріледі. Кілттер мен анықтама
лық кестелер жасау дерекқордағы
ақпараттарды іздеу мәселесін толықтай автоматтандыруды
қамтамасыз ететін формальдық ережелерге бағынады.
Дерекқорға өзгерту енгізу әрі толықтырып
отыру компьютерлік желі әкімгерлері арқылы орындалады.[1]