Похожие презентации:
Кокктарға қатаң анаэробтар
1. Қабылдаған: БАЙТҰРСЫНОВ.Қ.Қ Орындаған: Шаполатов.Э Тобы: ЖМ-103 ТУРКІСТАН-2013
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралыққазақ-түрік университеті
ҚАБЫЛДАҒАН: БАЙТҰРСЫНОВ.Қ.Қ
ОРЫНДАҒАН: ШАПОЛАТОВ.Э
ТОБЫ: ЖМ-103
ТУРКІСТАН-2013
2. Кокктар
КОККТАРКокктар
- морфологиясы ұқсас микробтардың өте үлкен тобын
құрайды: кокктардың пішіндері шар тәрізді болып келеді.
Аэробты грам оң кокктар;
Стафилококктар
Стрептококктар
3.
Кокктарға қатаң анаэробтар (пептококктар,пептострептококктар, вейлонеллалар), факультативті анаэробтар,
(стафилококктар, стрептококктар, нейссериялар) аэробтар және
микроаэрофилдер жатады. Кокктардың арасында грам оң және грам
теріс бактериялар бар. Олардың барлығы адамда ауырлығымен және
орналасуымен ерекшеленетін іріңді қабыну үрдістерін туғызады.
4.
Стафилококктар (StарһуІососсus туыстастығы)Таксономиясы.
Тұқымдастығы: Місrососсасеае.
Туыстастығы: Stарһуlососсus.
Түрі: .S,aureus, S.ерidеrmidis, S.sарrорһуticus
Стафилококктарды Л.Пастер және Огстен
(1880 ж.) ашқан.1884 жылы Розенбах
стафилококктардың толық сипаттамасын
берді.
Stарhуlососсus туыстастығының 3 түрі
кездеседі. S.аurеus, S.еріdеrmіdіs, S.sарrорhуtісus.
Соңғы кезде ұсынылған жіктеуде
стафилококктардың көптеген түрлері бар S.hаеmolyticus, S.hоmіnіs, S.warneri, S.capitis,
S.cscchsrolyticus, S.pasteuri, алайда олар тек
ғылыми зерттеулерде ғана қолданылады.
5. Стафилококктар (StарһуІососсus туыстастығы)
СТАФИЛОКОККТАР (STАРҺУІОСОССUSТУЫСТАСТЫҒЫ)
6.
Стафилококктардың барлықтүрлері шар тәрізді, дұрыс пішінді диаметрі 0,5 1,5 мкм жасушалар, грам оң боялады, кеңістікте
дұрыс емес бөлініп жүзім шоғырына ұқсас шоқтық
түзеді . Жалғыз және қосақталған жасушалар да
кездеседі, Спора түзбейді, талшықтары жоқ.
Кейбір штамдары капсула түзеді. L-пішін түзуі
мүмкін. Жасуша қабырғасында рибитолтейхой
және глицеролтейхой қышқылдары және А
протенімен байланысқан жасуша қабырғасында
көптеген пептидогликандар кездеседі. .S,aureus тің А ақуызы адамның және көптеген сүтқоректі
жануарлардың IgG Fс-фрагментімен
байланысады. Көптеген стафилококктар беткей
орналасқан капсула түзеді.
Морфологиясы.
7. Стафилококктар, Staphilococcus aureus, Staphilococcus albus
СТАФИЛОКОККТАР, STAPHILOCOCCUSAUREUS, STAPHILOCOCCUS ALBUS
8.
Дақылдандыру. Стафилококктар қарапайым ортада (рН 7,07,5) өседі және факультативті анаэробтар, хемоорганотрофтар.Каталазасы бар, оксидазасы жоқ. Аэробты жағдайда өсіргенде амин
қышқылдар және витаминдерді, анаэробты жағдайда - қосымша урацил
және көмірсуларды қажет етеді. Жоғары осмостық қысымға төзімді,
соған байланысты стафилококктар ќұрамында тұздың жоғары
концентрациясы бар элективті қоректік орта - сарыуызды - тұзды агар
немесе сүтті -тұзды агарда өсе алады. Сарыуызды - тұзды агарда
бұлыңғыр, айнала - шеті тегіс, домалақ пішінді әртүрлі пигменттелген
(сарғыш, сары, қызыл - сары түсті) колониялар түзеді. Колониялардың
түсі липохромды пигментпен байланысты, оттегі бар жағдайда
түзіледі, қан, көмірсулар немесе сүт қосылған қорекітік орталарда айқын
белгіленеді. Пигменттің таксономиялық маңызы жоқ. Құрамында 8-10%
КаСІ бар ортада жақсы өседі. Сондықтан сарыуызды - тұзды агарда
лецитовителлаза ферменттің түзілуіне байланысты колониялар
айналасында тәж тәрізді сақина орналасады. Қанды агарда колониялар
айналасында гемолиз аймаєы пайда болады. Сұйық қоректік ортаны
стафилококтар біркелкі лайландырады, кейін кілегейлі тұнба пайда
болады.
9. Анаэробты стафилококктар
АНАЭРОБТЫ СТАФИЛОКОККТАР10.
Биохимиялық белсенділігіжоғары: көптеген штамдары глюкозасы бар
ортада ацетоин түзеді (Фогес-Проскауэр
реакциясы оң), аммиак бөледі, нитраттарды
нитритке немесе азотқа дейін қалыпқа
келтіреді, ақуыздарды, гиппуратты, майларды
және твиндерді гидролиздейді. Тек
Stарhу1оссосus туыстастығына тән қасиет анаэробты жағдайда глюкозаны қышқылға дейін
ыдыратуы, стафилококтардың
микрококктардан айырмашылығы болып келеді.
Ферменттік қасиеті.
11.
Антигендік қасиеті. Стафилококктардың антигендікқұрылымы өте күрделі және құбылмалы. Ақуыз, пептидогликан,
тейхой қышқылынан, капсуласынан тұратын антигендері белгілі.
Тїрлік арнайы антигені тейхой қышқылдарымен байланысты:
S.аиrеиs-те -рибитолтейхой қышқылы, S.ерdеrтedialis-те глицеролтейхой қышқылы, S.sарrорhуtісиs-та тейхой қышқылының
екі түрі де анықталады. А протейін ІgG молекуласының Fс
фрагментімен тығыз байланысады. Иммундыглобулиннің Fаb
фрагменті бос болып келеді және спецификалық антигенмен
байланысуы мүмкін. Осыған байланысты А протеин диагностикалық
әдісте (коаглютинация) қолданылады.
Бактериофагтарға сезімталдығы (фаготип) тұрақты генетикалық
сипаттамасына жатады, олар беткейлі рецепторларға негізделеді.
Стафилококктардың көп штамдары лизогенді болып келеді.
Экзотоксиннен анатоксин дайындалады.
12.
Патогенділік факторлары микрокапсула, жасушақабығының компоненттері, агрессия ферменттері (каталаза,
гиалуронидаза, липаза, плазмокоагулаза, лецетиназа,
фибринолоизин, |3 лактамаза, гемолизин- а, Р, у, р.) мен токсиндері
(лейкоцидин, эксфолиатин, токсикалық шок синдромының токсині,
энтеротоксиндер А, В, С, В, Е) . Стафилококктар өте бейімделгіш
болып келеді: антибактериалды препараттарға тұрақтылығы
жылдам пайда болады. Трансдукцияланатын фаг көмегімен бір
жасушадан басқа жасушаға берілетін плазмидалар өте маңызды рөл
атқарады.R -плазмидалар бір немесе бірнеше антибиотиктерге
тұрақтылығын қадағалайды, сонымен қатар жасушадан тыс бетталактамаза ферментін бөліп бетта-лактамды қатарға жататын
антибиотиктерді бұзады.
13. S. aureus - стафилококктар
S. AUREUS - СТАФИЛОКОККТАР14.
Стафилококктар қоршағанортаға тұрақты болғандықтан, санитарлық
микробиологияда олар ауаның санитарлық
көрсеткіш микроорганизмі болып табылады.
Стафилококктар кептіруге тұрақты, осы
жағдайда вируленттілік қасиеттерін жоймайды,
құрғақ ыстық әсерінен екі сағаттан соң
жойылады, таза этанолға да тұрақты. Басқа
антисептиктер және дезинфекциялық
ерітінділердің әсеріне сезімтал келеді.
Стафилококктар көптеген антибиотиктерге
тұрақты болып келеді. Олардың негізгі себептері
плазмидалар қадағалайтын бетталактамазаның түзілуі.
Резистенттілігі .
15. Грам әдiсiмен боялған стафилококктар
ГРАМ ӘДIСIМЕН БОЯЛҒАНСТАФИЛОКОККТАР
16.
Стафилококктар адамның жәнежануарлардың қалыпты микрофлора өкілдері
болып келеді. Соған байланысты ағзаның әртүрлі
биотоптарында орналасады, көп мөлшерде
теріде мекендейді.
Таралу көзі - науқас және тасымалдаушылар.
Аса эпидемиологиялық қауіп төндіретіндер медицина қызметкерлері, олар госпиталды
стафилококк штамдарының
тасымалдаушылары. Халықаралық жіктелуі
бойынша тасымалдаушыларды екі топқа бөледі:
тұрақтылар - мұрын қуысынан барлық уақытта
алтын түсті стафилоккоктар табылады,
тұрақсыз тасымалдаушылар - стафилококктар
бір мезгілде табылады немесе анықталмайды.
Эпидемиологиясы .
17. Терi абсцесi : гистологиялық препарат (гематоксилином и эозином бояуы).
ТЕРI АБСЦЕСI : ГИСТОЛОГИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТ(ГЕМАТОКСИЛИНОМ И ЭОЗИНОМ БОЯУЫ).
18.
Патогенезі және клиникасы. Стафилококктар басқаШПМ секілді оппортунисттік аурулар тудырады. Стафилококктар
этиологиялық фактор ретінде келесі нозологиялық аурулар
тудырады: тері және теріасты жасушаларының аурулары
(пиодермия, везикуло-пустулез, пемфигус, абсцесс, фурункул,
карбункул, гидроадениттер); тыныс алу мушелерінің аурулары
(баспа, плеврит, пневмония); жүйке жүйесі және сезіну мүшелерінің
аурулары (менингит, отит, конъюнктивит ж.т.б.); ауыз қуысы және
асқорыту ағзаларының аурулары (стоматит, перитонит,
парапроктит, энтерит, энтероколит, астан улану); сүйек-бұлшық
ет жүйесі мен дәнекер тіннің аурулары (артриттер, периоститтер,
остеомиелиттер ж.т.б.); қан айналымы жүйесінің аурулары
(эндокардит, перикардит, флебит ж.т.б.); зәр шығару-жыныс
мүшелерінің аурулары (пиелит, цистит, уретрит, мастит,
эндометрит, орхит ж.т.б.); стафилококктық сепсис.
19. Климаты ыстық жерде кездесетiн терi ауруларын тудыратын стафилококктар
КЛИМАТЫ ЫСТЫҚ ЖЕРДЕ КЕЗДЕСЕТIН ТЕРIАУРУЛАРЫН ТУДЫРАТЫН СТАФИЛОКОККТАР
Ячмень.
20.
Микробиологиялық диагноз қою.Жеделдетілген әдіс: ИФА, КоАР, ПЦР.
Бактериологиялық әдіс: зерттеу материалы ретінде қан, ірің,
қақырық, несеп, мұрын - жұтқыншақтың шырышты қабығынан
жағынды, құсық массасы, нәжіс.
Серологиялық әдіс тек созылмалы инфекцияларда қолданады,
онда анти-альфа-токсин және рибитолтейхой қышқылына
антиденелер титры анықталады.
Микроскопиялық зерттеу көбінесе жүргізілмейді, себебі
жағындыда стафилококктар жалғыздан, жұптан, төрттен
орналасады. Стафилококктар туыстастығына жатқызу олардың
типті морфологиясына, жасушалардың боялуы, олардың кеңістікте
орналасуы және глюкозаны анаэробты жағдайда ыдыратуына
негізделген.
21.
Стафилококктар терiауруларын тудырады
22. Алтын түстес стафилококктар
АЛТЫН ТҮСТЕС СТАФИЛОКОККТАР23.
Емдеуі. Стафилококктық инфекцияларды антибиотиктер жәнесульфаниламидті препараттармен емдейді. Соңғы жылдары
науқастардан бөлінген стафилококтар көптеген химиотерапиялық
препараттарға түрақты екені белгілі болды. Бұндай жағдайда емдеу
үшін стафилококтық анатоксинімен иммунизацияланған донор
қанынан алынған стафилококтарға қарсы антитоксикалық плазма
немесе иммундыглобулинді қолданады. Белсенді иммунитет
қалыптастыру үшін (жоспарлы хирургиялық науқастар, жүкті
әйелдер) адсорбцияланған стафилококк анатоксинін қолдану мүмкін.
Көбінесе стафилококтың инфекциялармен иммунды компромисты
науқастар ауыратындықтан, иммунитетті белсендіретін
препараттар қолдануға болады.
24. Стафилококктық инфекцияның алдын алу
СТАФИЛОКОККТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫНАЛУ
25.
Алдын алуы.Жалпы сақтандыру кешендері бірнеше бағыт-тардантұрады: науқастар мен тасымалдаушыларды анықтап, емдеу.
Медицина қызметкерлерін тексеру (әсіресе, перзентхана, реанимациялық, хирургиялық бөлімдердің). Жоспарлы түрде медицина
қызметкерлері арасында стафилококк тасымалдаушыларының
резиденттік түрлерін анықтау және оларды емдеу (стафилококктыќ
бактериофаг, хлорфиллит, эктерицид, лизоцим). Ауруханаларда,
емханаларда санитариялық-гигиеналық ережелерді қатал қадағалау
(асептика, антисептика, дезинфекция, стерилизация). Жүре пайда
болған белсенді иммунитет қалыптастыру үшін стафилоккоктық
анатоксин қолдану. Пассивті иммунитет қалыптастыру үшін
стафилококктық иммунды глобулин немесе стафилококкқа қарсы
донорлық гипериммунды плазма қолдану.
26. Стрептококтар
СТРЕПТОКОКТАРСтрептококтарды әртүрлі жүйелер мен
ағзалардан бөліп, таза дақылын алған ғалымдар:
Билрот (1874), Л.Пастер (1879), Огстон (1881),
Филяйзен (1883), Розенбах (1884).
Стрептококктар Streptососсасеае
тұқымдастығына жатады. 20-дан астам түрі
бар. Олардың ішінде адам ағзасының қалыпты
микрофлорасына кіретін өкілдері және де
адамдарда ауыр түрде өтетін эпидемиялық ауру
қоздырєыштары кездеседі.
Таксономиясы
Тұқымдастығы: Strерtососсасеае.
Туыстастығы: Strерtососсus.
Түрі – Str.pyogenes ,Str.рnеumоnіае, Str.fаесаlіs, Str.аgаlасtіае
27. Стрептококктар
СТРЕПТОКОККТАР28.
Морфологиясы.Стрептококктар ұсақ, шар
тәрізді жасушалар, тізбектеліп немесе жұптасып
орналасады, грам оң, спора түзбейді, қозғалмайды
. Стрептококктардың көптеген штамдары
гиалурон қышқылынан тұратын капсула түзеді.
Жасуша қабырғасы ақуыздан, (М-, Т- және R,антигені), көмірсудан (топтық спецификалық)
және пептидогликаннан тұрады. Олар L-пшініне
жеңіл түрде ауысады. Стрептококктардың
беткейлі фимбрияларында орналасатын негізгі
адгезині - липотейхой қышқылы бар.
29. Грам әдiсiмен боялған стрептококктар
ГРАМ ӘДIСIМЕН БОЯЛҒАНСТРЕПТОКОККТАР
30.
Дақылдандыру .Факультативті анаэробтар,
капнофилдер, кейбір түрлері микроаэрофилдер.
Көптеген түрлері анаэробты жағдайды талғайды.
Көмірсу, қан, сарысу, асцит сұйықтығымен
байытылған қоректік орталарда әседі. Тығыз
қоректік ортада ұсақ, сұр түсті колониялар
түзеді. Сұйық қоректік ортада етрептококтар
түбінде тұнба беріп өседі. Стрептококктар факультативті анаэробтар. Қанды агарда альфагемолиз (жасылдану) және бетта-гемолиз
(толық), гамма-гемолиз (көзге көрінбейді) береді .
Адамның негізгі аурулар қоздырғыштары А
тобына жататын бетта-гемолиз беретін
түрлері.
31.
Антигендік қасиеті. Жасуша қабатыполисахарид тектес субстанция болуына
байланысты (1933 жылы Лэнсфилдтің ұсынысы
бойынша) стрептококктар 20 серологиялық
топтарға бөлінеді (А -дан ,. У-ға дейін ). Альфа
және гамма гемолитикалық стрептококктардың
ешқайсысы ешқандай серотопқа кірген жоқ. Адам
патологиясында А тобындағы стрептококтардың
алатын орны жоғары. А-тобындағы
стрептококктардың жасуша беткейінде ақуызды
М-антиген орналасады, олар вируленттік
қасиеттерімен (фагоцитозға кедергі жасайды)
тығыз байланысты. Бұл ақуыз стрептококктың
түрлік спецификалығын анықтайды. А тобына
жататын стрептококктар 20-дан астам
антигендік белсенділікке ие жасушаішілік заттар
бөледі.
32. Стрептококктардың споралары мен капсулалары
СТРЕПТОКОККТАРДЫҢ СПОРАЛАРЫ МЕНКАПСУЛАЛАРЫ
33.
Маңыздылығы бойынша стрептококтардыңекінші патогенді факторы — капсула, ол
фагоцитоздан қорғайды және эпителиге
жабысуын жеңілдетеді; капсула гиалурон
қышқылынан құралғандықтан оның иммуногенді
белсенділігі төмен. Ескере кету керек,
бактериялар тіндерге инвазиясын жүргізгенде
гиалурон қышқылын түзу арқылы өздігінен
капсуласын ыдыратады.
Фагоциттердің
белсенділігін, күшті хемоаттрактант болып
есептелетін фермент, комплементтің С5акомпонентін ыдыратады.
34.
Стрептококктар агрессия ферменттері (О және Sстрептолизиндер, гиалуронидаза, ДНЌ-аза, НАД - аза жәнестрептокиназа) мен эритрогенді токсиндер түзеді. О стрептолизині
оттегіге сезімтал; иммуногенді қасиеті басым және эритроциттерді
гемолизге ұшыратады; S стрептолизині керісінше оттегіге тұрақты,
антигендік қасиеті жоқ және қанды агарда беткейлік гемолиз береді.
Екі фермент эритроциттерді ғана емес, ағзаның басқа жасушаларын
да бұзады, мысалы S стрептолизин өнімдері оларды жўтќан
фагоциттерді ыдыратады. Стрептокиназа (фибринолизин) –
протеолитикалық фермент, басқа ақуыздармен бірге фибринді
ыдыратады. ДНҚ-аза -ДНҚ деполимерлеуші фермент. ДНҚ-аза мен
фибринолизин қоспасы экссудаттарды сұйылтады, көк-тамырлы
тромбыларды ыдырату қабілетіне ие. Сондықтан, жарадағы
некроздалған тіндерді және іріңді жою үшін қолдануға болады.
Гиалуринидаза («өткізгіштік фактор») - агрессия ферменті,
стрептококтардың дәнекер тіндерінде таралуына ықпал жасайды,
гиалурон қышқылын бұзады.
35.
Резистенттілігі .Қыздыруға тұрақсыз (56°- 30
минут), қайнатқанда тез өледі. Ақуызды ортада
кептіруге тұрақты, дегенмен вируленттік
қасиеті жойылады. Кесінен қолданатын
антисептиктер мен дезинфектанттарға
сезімтал. Стрептококктардың көбісі В -лактамды
антибиотиктерге және макролидтерге сезімтал;
А серологиялық топтарының стрептококтары
пенициллин қатарындағы антибиотиктерге
жоғары сезімтал, оларға деген тұрақтылықты
байқатпайды.
36.
Стрептококтар адамдар менжануарлардың қалыпты микрофлорасының өкілі. А
тобының стрептококтары адамдарда тері және
шырышты қабықта; В тобы мұрын - жұтқыншақ,
асқазан — ішек жолдары және қынапта
мекендейді.
Инфекция көзі - науқас адамдар немесе
тасымалдаушылар, өте сирек жағдайда ауру
жануарлар, пневмококты инфекция кезінде –науқас
адамдар мен тасымалдаушылар. Стрептококтар,
басқа ШПМ тәрізді, иммунитеті төмен
науқастарда, мысалы жоғары тыныс алу
жолдарының инфекциялынан кейін, жиі
стрептококктық инфекция тудырады.
Эпидемиологиясы.
37.
Патогенезі және клиникасы. Стрептококктарбасқа ШПМ сияқты оппортунистік инфекциялар
тудырады. Патогенезі бактерияның көптеген
патогенді факторлар әсерімен байланысты.
Стрептококтық инфекциялар келесі топтарға
бөлінеді: жедел стрептококтық аурулар
(скралатина, тілме, баспа, импетиго, жедел
гломерулонефрит, жедел және жеделдеу
бактериялық эндокардит, туғаннан кейінгі
сепсис), бұл кезде негізгі қоздырғыш стрептококк;
созылмалы стрептококтық аурулар (ревматизм
және созылмалы тонзилит), бұл кезде негізгі
қоздырғыш стрептококк; жедел және созылмалы
іріңді-қабыну аурулары, бұл кезде стрептококк
көптеген қоздырғыштардың біреуі болуы мүмкін.
Пневмококк - ауруханадан тыс кездесетін
бактериялық пневмонияның негізгі қоздырғышы
болып табылады.
38. Скарлатина. Scarlatina Ауру тудыратын стрептококктың бiр түрi
СКАРЛАТИНА. SCARLATINAАУРУ ТУДЫРАТЫН СТРЕПТОКОККТЫҢ
БIР ТҮРI
39.
Иммунитеті.Басқа оппортунистік инфекциялар
кезіндегідей иммунитет қалыптасады, тұрақсыз,
қарқынды емес.
Микробиологиялық диагноз қою. Зертханалық
диагноз қою үшін экспресс әдіс, бактериологиялық
және серологиялық әдістер қолданады, ал
пневмококтық инфекцияға күмәнданғанда
қосымша бактериоскопиялық пен биологиялық
әдістер жүргізу қажет. Жеделдетілген әдіс: ИФТ,
КоАР, ПТР.
40.
Бактериологиялық әдіс: Науқастың клиникалықбелгілеріне байланысты алынатын зерттеу
материалдары: 1) эндокардитке және сепсиске
күмәнданған кезде - қан; 2) баспа мен скарлатина
кезінде -бадамша бездері мен мұрын - жұтқыншақ
кілегей қабығынан сүрінді және сілекей; 3)
жарақаттар мен тері зақымданған кезде жарақат бөліндісі; 4) зақымданған жерлерден өріс;
5) жүкті әйелдердің қынабынан бөлінді; 6) төменгі
тыныс алу жолдары зақымданғанда -қақырық,
бронхылардың шайындысы, өкпе абсцессінің өрісін
және плевра сұйықтығын пункция жасап алады.
41. Стрептококктардың ағзаға енуiнен пайда болған асқынулар
СТРЕПТОКОККТАРДЫҢ АҒЗАҒА ЕНУIНЕНПАЙДА БОЛҒАН АСҚЫНУЛАР
42.
Стрептококктың таза дақылын бөліп алу үшін тампонмен алынғанзерттеу материалын қойдың қан тамшысы қосылған жартылай сүйық
агары бар пробирканың тереңдігіне батырады, 3-4 сағат 37°
температурада инкубациялағаннан кейін қанды агарға себеді. Бетта
гемолитикалық стрептококтар гемолиздік аймақ береді. Серо:
топтарын анықтау үшін стрептококтардан алынған тұз қышқылды
"экстракттарды және диагностикалық топтық сарысуларды
пайдалана отырып сұйық ортада преципитациялық реакция қояды,
сонымен бірге А ақуызы бар стафилококпен Fс - фрагментінің
көмегімен байланысатын спецификалық антиденелердің көмегімен
стрепто-коктарды коагглютинациялайды. Эпидемиологиялық талдау
жасағанда А тобының стрептококтарының Т- және М антигендері
бойынша типтеу жүргізеді. Т - антигенін типтеу Т - антисарысумен
әйнекше бетіне қойылатын агглютинациялық реакция арқылы
анықталады (Гриффитс әдісі), М - антигені сұйық қоректік ортада
типтік спецификалық адсорбцияланған М - антисарысуларымен
преципитациялық реакция көмегімен анықталады (Лэнсфилд әдісі).
43. А тобындағы стрептококктар
А ТОБЫНДАҒЫ СТРЕПТОКОККТАР44.
Емдеуі А тобының стрептококктары бөлінгенде емдеу препараты- пенициллин. Пенициллинге резистентті штамдарын басқа сезімтал
антибиотиктермен емдейді (левомицетин, цефтриаксон, ванкомицин,
рифампицин және басқалары). Стрептококтарға қарсы емдік
иммундыбиологиялық препараттар жоқ.
Алдын алуы. Арнайы сақтандыру шаралары жоқ, себебі
иммунитет типтік спецификалық. Пневмоктық инфекцияның алдын
алуы үшін әртүрлі 23 полисахаридті антигендердіө серологиялық
варианттары кіретін поливалентті вакцина ұсынылған.
Егу сезімталдылықтары жоғары топтара, 5 - 10 жыл аралығынды
жасалып отырады.
45. Пневмококтар
ПНЕВМОКОКТАР46. Пневмония пневмококктары
ПНЕВМОНИЯ ПНЕВМОКОККТАРЫ47.
Пневмококтар — сопақша немесе ланцет төрізді кокктар,клиникалық материалдан дайындаған жағындыда жұптасып
орналасады, айналасында өте қалың капсула пайда болады.
Ќапсуланың түзілуін қан, сарысулар, асциттік сұйықтықтар
белсендіреді. Қозғалмайды, спора түзбейді .
48.
Пневмококктар 0,1% глюкозамен байытылғанқанды немесе сарысулық ортада жақсы өседі.
Сұйық қоректік ортаны біркелкі лайландырады және
жапалақ қар секілді тұнбаға түседі; тұрып қалған
дақылда тұнбасы қалыңдайды. Тығыз қоректік
орталарда нәзік жартылай мөлдір, шеттері тегіс
диаметрі 1 мм колониялар түзеді; кейбір
жағдайларда ортасы шұңқыр жазық колониялар
пайда болады; стрептококктардың колониялары бірбірімен қосылмайды. Қанды агарда
пневмококтардың колониялары альфа-гемолиз
түзеді де, түссізденген жасылтым аймақпен
қоршалады. Стафилококтармен салыстырғанда
ферменттік белсенділігі төмен. Хемоорганотрофтар;
метаболизмі ашу арқылы жүреді; клиникалық
маңызы бар түрлері глюкозаны сүт қышқылына
дейін ыдыратады. Каталазасы жоқ.
49. Пневмококктық инфекцияны алдын алу мақсатында маска қолдану
ПНЕВМОКОККТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫ АЛДЫН АЛУМАҚСАТЫНДА МАСКА ҚОЛДАНУ
50. Грам әдiсiмен боялған пневмококктар
ГРАМ ӘДIСIМЕН БОЯЛҒАН ПНЕВМОКОККТАР51. Өкпедегi пневмогококктардың асқынуы
ӨКПЕДЕГI ПНЕВМОГОКОККТАРДЫҢ АСҚЫНУЫ52. Пневмококка жол жоқ
ПНЕВМОКОККА ЖОЛ ЖОҚ53. Аэробты грам терiс кокктар Менингококктар
АЭРОБТЫ ГРАМ ТЕРIС КОККТАРМЕНИНГОКОККТАР
Менингококты инфекция - Nеіssегіа mеnіngitidis
тудыратын ж ұқпалы ауру, оларды ң көрінісі
белгісіз тасымалдаушыдан ауыр т үрдегі
менингиалды форма ға дейін болуы м үмкін.
Қоздырғышты алғаш ашып және зерттеген
А.Вексельбаум (1887 ж). Морфологиялы қ
құрлысының сипаттамасын 1907 жылы
Флекснер берді, ал Ослер деген ғал ым 1899 жылы
науқастың қанынан менйнгококты б өліп
Таксономиясы.
Тұқымдастығы: Neisseriaceae
Түрі: Neisseria meningitidis
‘Туыстастығы;Neisseria
54. Грам әдiсiмен боялған менингококктар
ГРАМ ӘДIСIМЕН БОЯЛҒАН МЕНИНГОКОККТАР55.
Морфологиялқ және тинкториалды қасиеттері. Менинго-кокктар - ұқсасдиплококктар. Бір-біріне ойыс беткейлермен қарап, кофе дәні тәрізді
жұптасып орналасқан. Менингококктар грам теріс боялады, қозғалмайды,
спорасы жоқ, пилиі бар, жасанды қоректік ортада тұрақсыз микрокапсула
түзеді.
Дақылдандыру. Нағыз аэроб. Қоректік ортаға және өсіру
температурасына өте талғамды. Қарапайым қоректік орталарда
өспейді, сондықтан құрамында қой немесе жылқының дефибринделген
(фибринсіз) қалыпты сарысуы бар ортасында, сонымен қатар
ристомицин қосылған селективті ортада өсіреді. СОг
кояцентрациясының жоғарылығы менингококтың өсуіне ықпал етеді.
Ең қолайлы сарысуы жоқ қоректік орта - Мюллер, Хинтон ортасы (өсу
факторы ретінде құрамьшда толық аминқышқылдар жиынтығы және
ет экстракттары болады). Сарысулы агарда нейссериялардың
колониялары домалақ, түссіз, нәзік, консистенциясы майлы, диаметрі
0,5-1,5мм. Шартты-патогенді нейссериялардан айырмашылығыпигмент түзбейді.
.
56. Аэробты грам терiс кокктар Менингококктар
АЭРОБТЫ ГРАМ ТЕРIС КОККТАРМЕНИНГОКОККТАР
57.
Ферменттің белсенділігі төмен. Глюкоза мен мальтозаны ыдыратудифференциалды-диагностикалық белгісі болып табылады, желатинді
сұйылтпайды, индол мен күкіртті сутек түзбейді, нитраттарды
қалпына келтірмейді. Барлық аэробтар тәрізді менингококктар
каталаза мен цитохромоксидаза ферменттерін түзеді, сонысымен
олар пневмококктар мен гемофилдерден ажыратылады.
Антигендік қасиеті. Капсулалы қ
антигендері бойынша менингококтарды А,
В, С, Д негізгі ж әне қосымша X,Y,Z,W -1356 29Е
серологиялық топтарға бөледі. Жасуша
қабырғасының антигені бойынша
менингококтарды серологиялық
варианттарға бөлуге болады (1, 2, 3 т.б.).
Эпидемиялық менингиттің бұрқ етуі кезінде
көбінесе менингокок ктардың А және С
топтары айналымда болады, себебі олар
неғұрлым патогенді.
58. Менингококкпен зақымдану
МЕНИНГОКОККПЕН ЗАҚЫМДАНУ59.
Патогенділік факторлары. Негізгі патогенділік факторлары:капсуласы (ол фагоцитоздан қорғайды), менингококтың эндотоксині,
жасуша қабырғасының липополисахариды. Олардың мөлшері ауру
ағымының ауырлығына әсер етеді .
Резистентгілігі.
Менингококктар қоршаған
ортада тұрақсыз, кептіру мен
суыққа сезімтал болып келеді.
50°С-тан жоғары және 22°С—тан
төмен температурада бірнеше
минутта жойылып кетеді;
ристомицинге және
сульфанидамидтерге тұрақты;
1% фенол, 0,2% хлорлы әкке, І%
хлорамин ерітінділеріне, ауыр
металдарға, карбол қышқылының
ерітіндісіне, этанол ға сезімтал;
пенициллинге,
тетрациклинге,
60. Ағзаға менингококк қоздырғышының енуi
АҒЗАҒА МЕНИНГОКОККҚОЗДЫРҒЫШЫНЫҢ ЕНУI
61.
Эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық белгілері. Адам менингококтардың жалғыз табиғи иесі. Инфекция көзі — Науқасадам және тасымалдаушылар. Инфекция көзін үш топқа бөледі:
ауруы генерализациялық түрде дамыған науқас адам (жалпы
жұқтырылғандардың 1%), назофарингитпен ауыратын науқастар
(жалпы жұқтырылғандардың 10-20%); сау тасымалдаушылар
(жалпы жұқтырылғандардың 80-90%). Тасымалдаушылық орташа
есеппен 2 -3 аптаға созылады, мұрын - жұтқыншақтың созылмалы
қабынулары болған жағдайда 6 аптаға дейін созылуы мүмкін.
Таралу механизмі — аэрогенді, таралу жолы - ауалы-тамшылы. Басқа респираторлы
инфекциялардан айырмашылығы жұқтыру ұзақ және тығыз қарым-қатынас кезінде
дамиды. Ауру мезгілдік сипат алады, күз-қыс айларында жиілейді. Инфекцияның ену
қақпасы мұрын жұтқыншақ болып табылады. Осы жерде бактериялар қабынуды
туғызбай, көп уақыт мекендейді (тасымалдаушы), пилилерінің көмегімен
эпителидің кірпікшесіз жасушаларына жабысып, бекініп, биоүлбір түзеді.
62.
Иммунитеті. Аурудың жайылған түрінде инфекциядан кейінгі иммунитет тұрақты,қарқынды. Дегенмен, иммунитет гуморалды топспецификалық болып келеді.
Нәрестелер табиғи пассивті трансплацентарлыќ иммунитетке ие, ол 2 - 6 ай
сақталады. Микробиологиялық диагноз қою. Зертханалық диагноз қою үшін
экспресс, бактериологиялық, серологиялық әдістер қолданылады. Жеделдетілген
әдіс: менингококктық эритроцитарлы диагностикумның көмегімен сарысуды ИФТ,
РИТ және иммундыэлектрофорез, коагглютинация, ПТР реакцияларымен зерттеу.
Менингококктық инфекциямен науқастанған адамнан аурудың бірінші аптасында қан
сарысуында антиденелер (бактериоцидтер, агглютининдер, гемагглютининдер)
анықталады, олардың мөлшері (титры) 2-3 аптадан кейін ең жоғарғы деңгейге
жетеді, содан кейін төмендей бастайды.
63. Менингококкпен ауырған адам
МЕНИНГОКОККПЕН АУЫРҒАН АДАМ64.
Зерттеу материалдары ретінде қан, жұлын сұйықтығы, мұрын қуысының кілегейіалынады. Жұлын миы сұйықтығының центрифугаланған тұнбасын және көмейден
алынған жағындыны микроскопта зерттегенде нейтрофилдың ішінде немесе
жасушадан тыс нейссериялар көрінеді. Материалды алғаннан кейін бірден қанды
агарға (шоколад тәрізді агар), құрамында ристомицині бар агарга (немесе
линкомицин)* құрамында антибиотиктер бар (ВКН -ванкомицин, колистин,
нистатин) Мартен ортасына себеді. Инкубацияны - құрамында 5% көмірқышқыл
газы бар атмосферада өткізеді.
Емдеуі. ‘Этиотропты - пенициллин, левомицетин,
рифампицин антибиотиктері қолданылады.
Симптоматикалық емді микробқа қарсы препараттармен,
сонымен бірге седативті заттар мен
глюкокортикостероидтармен үйлестіре отырып жүргізеді,
емдеу барысында су - тұз және қышқылды - сілтілік
балансты сақтауды ескерген жөн.
65.
Алдын алуы. Инфекция көзін жоюға бағытталған шаралар қарастырылады:науқастарды жылдам тауып, оқшаулап, дереу емдеу керек; тасымалдаушыларды
анықтау және антибиотиктермен емдеу. Ошақтарда күнделікті дезинфекция,
желдету, ультра күлгін сәулемен өдеу және т.б. шаралар жүргізіледі (бала
бақшаларда, жатақханаларда, колледждерде, оқу орындарында). Инфекциялық
ошақтарда спецификалық активті және пассивті алдын алу шаралары
жүргізіледі. Пассивті иммунитет қалыптастыру үшін мектепке дейінгі
балаларға бір реттік иммунды глобулин (1,5 - 3,0 мл) науқастанушылар
табылғаннан кейін 7 күннің ішінде егілуі керек. Иммундыглобулиннің күші бірнеше
айға дейін сақталады. Белсенді иммунизация үшін эпидемиялық көрсеткіштері
бойынша А, В, С серологиялық топтарынан (штамдарының айналуына
байланысты) тұратын менингококты химиялық полисахаридті вакцина
қолданылады.
66. Науқастарды жылдам тауып, оқшаулап, дереу емдеу керек
НАУҚАСТАРДЫ ЖЫЛДАМ ТАУЫП,ОҚШАУЛАП, ДЕРЕУ ЕМДЕУ КЕРЕК
67.
ГонококктарГонорея (соз) - Neissегіа gоnоrrhоеае туғызатын жедел немесе созылмалы
жыныстық (венерологиялық) жұқпалы ауру, несеп-жыныс жүйесінің шырышты
қабығының, көз конъюнктивасының (бленнорея), басқа ағзалардың іріңді
қабынуымен сипатталады. Соз қоздырғышын (гонококк) 1879 жылы А.Нейссер ашты.
Таксономиясы.
Тұқымдастығы: Nеіssегіасеае.
Туыстастығы: Neissегіа.
Түрі: Nеіssегіа gоnоrгhоеае.
Морфологиясы. Гонококк - бұршақ тәрізді грам теріс диплококк, қозғалмайды, спора
түзбейді, пилиі, микрокапсуласы бар. Анилин бояуларымен жақсы боялады (метилен
көгі, бриллиант жасылы және т.б.).
68. Әртектi гонококктар
ӘРТЕКТI ГОНОКОККТАР69. Грам әдiсiмен боялған гонококктар
ГРАМ ӘДIСIМЕН БОЯЛҒАН ГОНОКОККТАР70.
Іріңді бөліндіде гонококтар лейкоциттердің ішінде орналасады (аяқталмағанфагоцитоз). Пенициллин әсерінен L-пішіндері пайда болуы, химиотерапиялы
препараттардың әсерінен қасиеттерін жылдам өзгертіп, грам оңға айналуы мүмкін.
Дақылдандыру. Гонококтар аэроб, хемоорганотрофтар;
құрамында сарысу, қан немесе асцитті сұйық бар арнайы
қоректік орталарда, 37°С температурада, көмірқышқыл
газының мөлшері жоғары болғанда түссіз, колониялар түзіп
өседі. Қанды агарда гемолиз бермейді, құрамында сүт,
желатин және картоп қосылған қоректік ортада өспейді.
Тығыз ортада колониялары түссіз шық тамшысына ұқсас
келеді. Сұйық қоректік орта бетінде нәзік қабықша пайда
болады, сорпаны лайландырады.
Ферменттік белсенділігі төмен.
71. Нейсер гонококктары
НЕЙСЕР ГОНОКОККТАРЫ72.
Антигендік қасиеті және патогенділік факторлары.Антигендік құрылымы күрделі, соматикалық және
капсулалық антигендері бар. ЛПС күшті иммуногенділік
көрсетеді. Негізгі антигендік жүк пилилер мен сыртқы
мембрананың беткей ақуыздарында болады. Пилилер
ақуыздық суббірліктердің тізбегінен, қанттардың
қалдықтарынан және фосфорлыө қышқылдан тұрады.
Сыртқы мембрана протеиндерден тұрады.
Резистенттілігі. Гонококк кептіруге, дезинфекциялық
заттарға, температураға жоғары сезімталдығымен
ерекшеленеді; бензилпенициллинге, эритромицинге,
тетрациклинге, доксициклинге, цефалоспориндерге,
бисеитолға сезімтал.
73. Гонококктар
ГОНОКОККТАР74.
Эпидемиологиясы. «Гонорея» терминін жаңа дәуірдің II ғасырында Талон ұсынды.Гонококк антропонозды инфекция. Табиғи және тәжірибелік жағдайда гонококтарға
бір де бір жануар сезімтал емес. Қоздырғыштың негізгі таралу жолы - жыныстық
қатынас. Бленнорея кезінде қоздырғыш (гонококк) ананың туу жолы арқылы
нэрестеге жұғады. Сирек жағдайда тұрмыстық заттар арқылы таралуы мүмкін.
Патогенезі, клиникалық белгілері. Гонококктар ағзаға ене
отырып, зэр жолының эпителиіне және жыныс жолдарының
шырышты қабығына жабысып жасуша ішіне өтеді.
Шырышты қабаттарда көбейіп, жасушалары бұзылғаннан
кейін эндотоксин белінеді, лейкоциттердің көптеп көшуімен
белгіленетін қабыну процестерін тудырады . Гонококктар
лейкоциттермен қоршалады, олардың ішінде қарқынды
түрде көбейеді (аяқталмаған фагоцитоз), сонымен бірге
көршілес ағзаларға көшіп, зақымдай бастайды («метод
троянского коня»). Эпителиден гонококтар субэпителилік
тіндерге енеді.
75. Зәр жолын зақымдаған гонококктар
ЗӘР ЖОЛЫН ЗАҚЫМДАҒАНГОНОКОККТАР
76. Гонококктардың ағзаға енуi
ГОНОКОККТАРДЫҢ АҒЗАҒАЕНУI
77.
Иммунитеті. Ауырып жазылғаннан кейін тұрақсызиммунитет қалыптасады, сондықтан қайта ауыру
мүмкүншілігі жоғары.
Микробиологиялық диагноз қою. Жедел созға және
бленнореяға диагноз қоюдың негізгі әдісі - іріңді бөліндінің
жағындысын Грам бойынша, метилен көгінің 1%
ерітіндісімен және эозиннің 1% спиртті ерітіндісімен бояп,
бактериоскопиялық зерттеу. Нәтижесі теріс болса
бактериологиялық әдісті қолданады.
78.
Бактериологиялық әдіс: зерттеу материалын (іріңді бөлінділер) құрамындасарысу, қан немесе асцитті сұйық бар арнайы қоректік орталарға себеді; асцитсіз
орта да қолданылады (мысалы, казеині, ашытқылы аутолизат, сарысуы бар КДС-1);
өсу оптимумы-ауада 10-20% көмірқышқыл газының болуы, рН 7,2-7,4 және 37°С
температура.
Серологиялық әдіс: науқастың қан сарысуымен қойылған КБР (Борде-Жангу
реакциясы) немесе ПГАР.
Жеделдетілген әдіс: Молекулярлы-генетикалық әдіс - ДНҚ зонд арқылы тест, ПТР,
ИФР.
79.
Емдеуі. Антибиотиктер (цефалоспориндер, фторхинолондар, макролидтер,спектиномицин) мен химиопрепараттар қолданылады. Иммунды терапия
мақсатында созылмалы соз кезінде өлі гонококктық вакцинаны енгізеді.
Алдын
алуы. Арнайы сақтандыруы жоқ. Негізгі сақтандыру әдісі жыныстық қатынас
кезінде презерватив пайдалану. Созбен күресу шаралары инфекция көзі болып
табылатын адамдарды табу және емдеу.
Бленнореяның алдын алу үшін туылған сәтте нәрестелердің көзін 1% күміс
нитраты ерітіндісін тамызып өңдеу әдісін жүргізеді.
80. Денсаулығыңды уақытылы тексерте жүрiңiз
ДЕНСАУЛЫҒЫҢДЫ УАҚЫТЫЛЫ ТЕКСЕРТЕЖҮРIҢIЗ
81. Созбен күресу шаралары инфекция көзі болып табылатын адамдарды табу және емдеу.
СОЗБЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ ИНФЕКЦИЯ КӨЗІ БОЛЫПТАБЫЛАТЫН АДАМДАРДЫ ТАБУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ.