Похожие презентации:
Кампилобактерий, вибрионы
1.
Кампилобактериялар, вибриондар/Кампилобактерий, вибрионы/
Campylobacter, Vibrio
Лектор: профессор М.М Уразалин атындағы
микробиология кафедрасының
оқытушысы, PhD, Кайрханова Ы.О.
Семей, 2020
2.
Дәріс жоспары:1. Кампилобактериялардың, вибриондардың жалпы
сипаттамасы.
2. Кампилобактериялардың, вибриондардың қасиеті.
3. Кампилобактериоз, тырысқақтың эпидемиологиясы.
4. Кампилобактериоз, тырысқақтың патогенезі.
5. Кампилобактериоз, тырысқақтың клиникасы.
6. Кампилобактериоз, тырысқақтың зертханалық
диагностикасы.
3.
Кампилобактериоз (campylobacteriosis)бұласқорыту
жүйесінің
бұзылуымен,
интоксикациялық синдромның дамуымен жүретін
адам организмін зақымдауға, сонымен қатар
процестің
белсенді
жайылуына
қабілетті
инфекциялық ауру.
Ол кең таралған және эпидемиологиялық
маңыздылығы жоғары. Жедел ішек инфекциялары
арасындағы кампилобактериозбен аурушаңдықтың
жалпы үлесі 10-15% құрайды.
4.
Тарихи мәліметCampylobacter
(иілген
таяқша)
тұқымдасына
жататын бактериялар, олар үй жануарларында ауру
тудыратын (ірі қара мал, шошқа, қойлар және т.б.)
қоздырғыш
ретінде
алғаш
1909
ж
идентификацияланды. Бұл микроорганизм ауру
адамнан 1947 ж бөлініп алынды.
Соңғы кездері асқазан және он екі елі ішектің
жара
ауруын
кампилобактериялармен
байланыстырады.
5.
Кампилобактериозқоздырғышы
–
Campylobacter тұқымдасына жататын патогенді
ішек энтеробактериясы.
Қазіргі кезде бұл бактериялардың жануарлар мен
адамдардан бөлініп алынған 15-тен аса түрі белгілі.
Олардың арасында аурудың диареялық формасын
тудыратын C.jejuni және C.coli, сонымен қатар
инфекцияның
гематогенді-диссеминирленген
формасын
шақыратын
C.fetus
түрлерінің
эпидемиологиялық маңызы жоғары.
С. jejuni, С. Coli — термофилдер (температуралық
оптимум 42 °С).
C.fetus — мезофил (температуралық оптимум 37 °С).
6.
Кампилобактерияның морфологиясыГрам теріс, нәзік, ұзындығы 0,5‒5,0 мкм, диаметрі 0,20,8 мкм болатын, үтір немесе (вибрион) S-тәрізді
формасындағы иілген таяқша.
Екі таяқша қысқа тізбекпен
байланысқанда шағала қанатына
ұқсайды.
Спор және капсула түзбейді.
Полярлы орналасқан бір
немесе екі талшығы болады,
ол бактерияға «штопор тәрізді»
сипатта белсенді қозғалыс жасауға
мүмкіндік береді.
Микробиология, вирусология (руководство к практическим занятиям) В.В.Зверев Москва изд.группа«ГЭОТАР- Медиа» 2015
7. Сampylobacter жасушасының жағындыда орналасуы (“шағала қанаты” тәрізді)
Микробиология, вирусология (руководство к практическим занятиям) В.В.Зверев Москва изд.группа«ГЭОТАР- Медиа» 20158.
Биологиялық және дақылдық қасиетіХемоорганотрофтар, яғни энергия көзі ретінде
химиялық байланыстарды, ал көмірсу көзі ретінде –
органикалық заттарды пайдаланады.
37-44 °С өсуге қабілетті, бірақ 25 °С температурада өсе
алмайды.
Микроаэрофилдер
және
капнофилдер,
яғни
дақылдану үшін оттегінің аз мөлшерін және көмірқышқыл
газының жоғары мөлшерін талап етеді.
Оксидаза оң, каталаза оң.
Желатин және мочевинаны гидролиздемейді.
Кампилобактерияларды дақылдандыру үшін темір –
эритринді агар негіздегі қорек орталары қолданылады. Қорек
ортасына тотығу – тотықсыздану потенциалын төмендететін
заттар және антибиотиктер қосылады.
9.
ПатогенезКампилобактериялар, организмге түскеннен кейін
қабыну процесін тудырып, лимфоидты түзілістерге және
жіңішке ішектің шырышты қабатына өтеді. Ары қарай
лимфа жолдары арқылы миграцияланып, тоқ ішекке, соқыр
ішекке, шажырқайдың лимфа түйіндеріне енеді.
Кампилобактериялар цито- және энтеротоксин
түзеді.
Кампилобактериоз иммунды жетіспеушілік жағдайы бар
науқастарда генерализденген формаға өтуі мүмкін, ол
септикопиемия және септицемияның дамуымен, көптеген
ағзалардың жетіспеушілігін, бауыр және көкбауырда абсцестің
қалыптасуымен
жүреді.
Кампилобактериоздың
генерализденген формасында соңы 30% жағдайда өліммен
аяқталады.
10.
Симптомдар - жергілікті өтеді, яғни инфекция асқазан – ішек жолыныңшеңберінен шықпайды.
- Инкубациялық кезең орташа 2 - 5 тәулікті құрайды.
Ауру кенеттен, бас және бұлшықетте ауырсынумен,
қалтырау,
дене
температурасының
38-39°С
дейін
жоғарылауымен басталады. Іш өту іштің толғақ тәрізді
ауырумен, тәулігіне 15 ретке дейін өтумен жүреді. Нәжіс
массасы сулы, құрамында қан, шырыш, өт қалдықтары болуы
мүмкін. Аурудың жергілікті формасында 25% науқаста жүрек
айну және құсу байқалады.
- Ауыр ағымда диарея профузды сипатта болады сусыздануға
әкеледі. Су – электролитті баланстың бұзылуы әсіресе мектепке
дейінгі балалар үшін қауіпті, менингизм көріністерін, ұстама
синдромын тудырады.
11. Зертханалық диагностика
Бактериологиялық әдіс:- зерттеу материалы - нәжіс, қан, қақырық, ірің, жұлын-ми
сұйықтығы, сыртқы орта нысандары (тағам өнімдері, су).
Материалды селективті қорек ортасына себу жасайды, 85 % азот, 10%
көмірқышқыл газы және 5 % оттегі қоспасында 37-42°С-та 72 сағат
өсіреді.
- кампилобактер сұйық қорек ортасында 48-72 сағат инкубациядан
кейін айқын тұнба бар біркелкі лайлану түзеді.
- жартылай сұйық ортада қорек ортасының бетінен 1-2 мм
тереңдікте орналасқан дискілер түрінде өседі.
- селективті тығыз қорек ортасында колонияның екі типін көруге
болады. Оның біреуі гемолитикалық емес, сұр түсті, тегіс,
жарқыраған, түссіз, ылғал, су буының тамшысы тәрізді болады.
Колонияның екінші типі де гемолитикалық емес, біршама тығыз,
бірінші типке қарағанда дөңес келеді.
12.
Серологиялық әдіс эпидемиологиялық зерттеулерде маңызды рөлатқарады. ИФР, иммуноферментті талдау
(ИФТ), иммуноэлектрофорез, агглютинация
реакцисы (АР), тура емес гемагглютинация
(ТеГАР) реакциясы, микроагглютинация,
латекс-агглютинация
реакциялары
қолданылады.
13.
Профилактика1. Гигиена талаптарын және тағамды дайындау
ережесін сақтау.
2. Ауыл шаруашылық құстар және жануарлардың
инфицирленуінің алдын алу.
3. Тағам өнімдерін сақтау және қайта өңдеу
технологиясын мұқият санитарлық бақылау.
14.
Вибрион – ТЫРЫСҚАҚ қоздырғышыТаксономиясы
Тұқымдасы: Vibrionaceae
Түрі:
Vibrio cholerae,
Vibrio eltor
15.
Vibrio choleraeТырысқақ вибрионы
(электронды микроскоп)
талшық
Медициналық микробиология. / Покровский В.И. ред Медицина. 2008.
16.
Vibrio cholerae жалпы сипаттамасыМорфологиялық ерекшеліктері
1. Пішіні иілген - вибрион
2. Монотрих – өте қозғалғыш
3. Спор және капсуласы жоқ
4. Грам теріс,
жағындыда ретсіз орналасады
17.
Дақылдық қасиеті- Аэробтар.
370С температурада, қарапайым сілтілі қорек
орталарында (алкалифил) жақсы өседі:
– 1% сілтілі пептонды суда (селективті орта) 6-8
сағаттан кейін нәзік жабын түзеді.
– тығыз ортада 12 сағаттан кейін S-формалы
колония түзеді:
• сілтілі ЕПА – көгілдір түсті диск тәрізді;
• TCBS агарда (құрамында натрий тиосульфаты,
цитрат, бромтимол көгі және сахароза бар) –
сары (сахарозаның ферментациясы).
18.
TCBS ортасында тырысқақ вибрионының өсуіСілтілі орта:
• Монсур отрасы;
• ХЭДО – тырысқақ
вибрионын бөліп алуға
арналған элективтідифференциальді орта;
• TCBS - тиосульфитцитрат-бромтимолсахарозалы агар);
Медициналық микробиология. / Покровский В.И. ред Медицина. 2008.
19.
Биохимиялық қасиеті - оксидаза оң;- маннозаны, сахарозаны газсыз ферменттейді;
- арабинозаны ферменттемейді;
- нитратты қалпына келтіреді;
- индол түзеді (нитрозоиндол сынамасы
немесе холеррот реакциясы оң);
- крахмалды өте тез жояды.
20.
Антигендік құрылымы1. Н-антиген: ақуыздық, термолабильді,
барлық вибриондарға ортақ;
2. О-антиген: 139 серотоп
– Огава (А және В фракциясынан тұрады)
– Инаба (А және С фракциясынан тұрады)
– Гикошима (А, В және С фракциясынан
тұрады)
Тырысқақ қоздырғышының варианттары:
• О1 серотобы V. cholerae biovar cholerae;
• О1 серотобы V. cholerae biovar eltor;
• О139 серотобы V. cholerae.
21.
Тырысқақ вибрионының патогенділік факторлары1. Талшықтар
2. Ферменттер:
- муциназа (шырышты ыдыратады),
- нейраминидаза (тырысқақ вибрионының эндотелиоциттер
микроворсинкаларымен әрекеттесуін жеңілдетеді)
3. Токсиндер:
эндотоксин (О-антиген)
- басқа да грам теріс бактериялардың эндотоксиніне ұқсас;
- организмнің жалпы интоксикациясы және құсу.
ақуыздық токсин (холероген), су – тұз алмасуын бұзатын,
цитотоксикалық әсер көрсететін, жіңішке ішек эпителиінің
өлуін, ішек сыртына құрамында еріген электролиттері бар
сұйықтықтың шығуын тудыратын токсин.
22.
Тырысқақ эпидемиологиясы• Инфекция көзі – науқас (науқас, ал eltor
кезінде – науқас және тасымалдаушы)
• Инфекцияның ену қақпасы – жіңішке ішектің
шырышты қабаты.
• Инфекцияның беріу механизм – фекальдіоральді, жолы:
– су, негізгі
– алиментарлы
– контактілі (контактілі - тұрмыстық)
23.
Тырысқақ патогенезіЕну қақпасы – жіңішке ішектің
шырышты қабаты.
Колонизация, токсиндер → диарея →
сұйықтық жоғалту → қанның қоюлануы,
сусыздану, гипоксия, метаболикалық ацидоз
→ дегидратациялық және жедел бүйрек
жетіспеушілігі.
Біршама зақымдалатын ағзалар –
жіңішке ішектің шырышты және шырыш асты
қабаты.
Қоздырғыш шығады – науқастың нәжісі.
24.
Клиникалық көрінісі• Ауру ағымының 3 сатысын бөледі:
• тырысқақтық энтерит – іштегі ауырсынумен,
диареямен сипатталады. Нәжіс «күріш суы» (тәттілеу
иісті, көп мөлшердегі түссіз нәжіс) тәрізді сипатта
болады.
• тырысқақтық гастроэнтерит – диарея және құсу,
диурездің азаюы, ұстамалар.
• тырысқақтық алгид – дене температурасының
төмендеуі, цианоз, тұз – су алмасуының бұзылуы, жүрек
– қантамыр жүйесі қызметінің әлсіреуі. Дұрыс ем
жүргізілмеген жағдайда өлім 60% құрайды.
25.
СусыздануКоротяев А.И., Бабичев С.А. Медициналық микробиология, иммунология және вирусология. Санкт-Петербург. 2008.
26.
Микробиологиялық диагностикаМатериал: нәжіс, құсық массасы, жіңішке ішек
қабырғасының кесіндісі (өлген адамдарда).
Бактериоскопиялық әдіс. Грам бойынша бояу;
қозғалғыштығын анықтау.
Бактериологиялық әдіс. 1% пептонды су →
Грам, ИФР, АР және О-тырысқақтық сарысумен
тырысқақ
вибриондарын
иммобилизациялау
реакциясы → сілтілі агар, TCBS → таза дақыл → АР,
Хейберг бойынша ферментативтілігін анықтау,
фаголизабельділік → қорытынды.
Серологиялық әдіс. АР.
Аллергологиялық, биологиялық әдістер жоқ.
27.
Тырысқақтың жедел диагностикасы1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
Себу жасаған соң 6 сағаттан кейін 1% пептонды
су
бетінде
жабында
вибрионды
жылдам
идентификациялау (алдын –ала жауап):
Микроскопия, Грам бойынша бояу;
01, 0139 сарысулармен АР;
О-тырысқақтық диагностикалық сарысумен
арнайы иммобилизациялау;
АД-эритроцитарлы диагностикуммен ТеГР;
Иммунофлюоресцентті әдіс;
ПТР;
Тырысқақтық фагтарға сезімталдық;
Хейберг тобына жатуы.
28.
ПрофилактикасыТырысқақ вакцинасы, корпускулярлы
инактивтендіріген, құрғақ таблеткалар;
Тырысқақ
вакцинасы
(Холерогенанатоксин+О-антиген) құрғақ немесе
сұйық;
Тірі, ауыз арқылы енгізілетін тырысқақ
вакцинасы.