Металдарға тән физикалық қасиеттер. Құймалар алу
Сабақ жоспары:
Металдардың физикалық қасиеттері
Металдардың химиялық қасиеттері
Металдарды алу әдістері
Металдар коррозиясы
Құймалар алу
831.80K
Категория: МедицинаМедицина

Металдарға тән физикалық қасиеттер. Құймалар алу

1. Металдарға тән физикалық қасиеттер. Құймалар алу

МЕТАЛДАРҒА ТӘН ФИЗИКАЛЫҚ
ҚАСИЕТТЕР. ҚҰЙМАЛАР АЛУ
Орындағандар: Ноян Маржан
Байменова Альмира
Олжабекова Жазира
Қабылдаған: Балгышева Б. Д

2. Сабақ жоспары:

САБАҚ
ЖОСПАРЫ:
Металдардың периодтық жүйедегі орыны
Металдардың табиғатта таралуы
Металдардың құрылысы және физикалық
қасиеттері
Металдардың химиялық қасиеттері
Алу әдістері. Металлургия
Металдардың тұрмыста, өнеркәсіпте
қолданылуы
Металдардың жемірілуі. Құймалар

3.

Металдар– Электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін,
пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар.
Бейметалдар мен металдардың периодтық жүйедегі
орнын “бор-кремний-мышьяк-теллур-астат” элементтерінен
тұратын диагональ шектейді. Осы диагональдан сол
жағынан
төмен
орындардағы
барлық
элементтер
металдарға жатады. Ал, диагональға жақын орналасқан
элементтер екідайлы болып табылады. Негізгі топшадағы
металдардың атомдық радиусы жоғарыдан төмен қарай
артады. Металдық қасиеті топ бойынша артады.

4.

5.

Жер қыртысында металдардың таралуы әр түрлі. Металдар табиғатта,
көбінесе қосылыстар түрінде кездеседі. Белсенділігі тым төмен металдар
(Cu,
Ag,
Au,
Pt)
ғана
coм
күйінде
кездеседі.
Кернеу
қатарындағы литийден магнийге дейінгі орналасқан ең белсенді металдар
табиғатта тұздар: хлоридтер, сульфаттар, карбонаттар, фосфаттар,
әсіресе силикаттар түрінде кең таралған.
Табиғатта көп кездесетін металдар қатарына жатады:
Al (8,1%)
Fe (4,65%)
Ca (3,6%)
Na (2,64%)
K (2,5%)
Mg (2,1%)
Tі (0,57%)
Mn (0,1%)
Ba (0,05%)
Sr (0,03%)

6. Металдардың физикалық қасиеттері

МЕТАЛДАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Металл кристалындағы атомдар, металдық байланыс
түзеді . Кристалдағы бос электрондарға тәуелді металдар
белгілі бір ортақ қасиеттерге ие болады. Бұл қасиеттерге
жылу және электрөткізгіштік, металдық жылтыры,
иілімділігі, т.б қасиеттері жатады.
Электрөткізгіштігі ең жоғары металдар күміс пен мыс,
одан кейін алтын, алюминий, темір болып келеді. Ең аз
электрөткізгіштік сынапқа тән
Металдың бәрі де мөлдір емес, өзіндік жылтыры бар.
Олар көбінесе сұр түсті болып келеді.
Металдарды соққанда, ұсақ түйіршіктерге бөлініп
шашырап қалмайды, небәрі пішінін өзгертіп тапталады не
жанашылады, яғни соғуға төзімді пластикалық қасиетін,
иілімділігін көрсетеді.
1000°
жоғары
температурада
балқитын
металдарды қиын балқитын, ал одан төмен болса, оңай
балқитын деп бөлінеді. Ең оңай балқитын металл-сынап
оның балқу температурасы 38,9 градус. Ең қиын балқитын
металл-вольфрам, оның балқу температурасы 3390
градус, сондықтан оны элеткр шамының сымын дайындау
үшін қолданады.

7.

8. Металдардың химиялық қасиеттері

МЕТАЛДАРДЫҢ
ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Металдардың көпшілігі химиялық активті элементтер
болғандықтан жай және күрделі заттармен әрекеттеседі:
Жай заттармен:
2Mg + 02 = 2MgO + Q жану реакциясы
Fe + S = FeS темір (II) сульфиді
Са + Сl2 = СаСl2 кальций хлориді
Күрделі заттармен:
2Na + 2Н2O = 2NaOH + Н2↑
Металдар қышқылдармен әрекеттеседі.
Zn + H2SO4 (сұйык) = ZnSO4 + Н2
Zn + 2H2SO4(конц.) = ZnSO4 + SO2↑ + 2H2O
Металдар тұздармен әрекеттеседі.
Cu + Hg (NO3)2 = Cu (NO3)2+Hg
Zn + CuSO4 = ZnSO4 + Cu
Металдар оксидтермен әрекеттеседі:
2Al + Fe2O3 = Al2O3 + 2Fe
Mg + CO2=MgO + CO

9. Металдарды алу әдістері

МЕТАЛДАРДЫ АЛУ ӘДІСТЕРІ
Металдар табиғи кендерден алынады. Кендегі металды бос
жынысынан айыру арқылы байыту жүргізіледі — олардың
бірі флотация әдісі. Алу әдістері металдардың химиялық
белсенділіктеріне негізделген.
Қазақстандағы металл кендері:
Mg, Ti, Zn, In, Be, Ta - Өскеменде өндіріледі (Қорғасынмырыш, Титан-магний комбинаттары, Қазмырыш АҚ);
Сr - Хромтау Ақтөбе облысы;
Cu - Жезқазған, Ақтоға, Айдарлы;
Fe - Қарағанды, Орал, Рудный;
Мо - Ағадыр, Катонқарағайда (Шығыс Қазақстан облысы);
Sn - Көкшетау (Сырымбет), Қорғалжын;
Аu - Бақыршық, Майқайың, Жітіқара.

10.

Металлургия
- ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа
да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл
қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын
өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын
саласы.
* Металлургияға кендерден металдарды ажыратып алуға
дайындау мақсатымен кентастарды өңдеу процестері
(уату, байыту, кесектеу, т.б.);
* Металдар мен қорытпалар өндіру;
*Металдарды
термиялық,
химия-термиялық
және
термомеханикалық өңдеу;
* Металдарды қысыммен және құймалап өңдеу;
* Металл бұйымдардың бетін әрлеу не қорғау мақсатында
басқа металл қабатымен қаптау, т.б. жатады.
Металлургия өндірісі үш топқа бөлінеді:
пирометаллургия
гидрометаллургия
электрометаллургия

11.

12. Металдар коррозиясы

МЕТАЛДАР КОРРОЗИЯСЫ
Металдардың басым көпшілігі қоршаған орта
(су, ауа) әсерінен жемірілуге (коррозияға)
ұшырайды. Металдарды жемірілуден қорғау қазіргі заманның ең негізгі мәселесі болып
отыр.
Жемірілуден қорғаудың негізгі әдістері:
лактау, бояумен бояу
Электрохимиялық қорғау
Катодтық, анодтық қорғау
Электрлік қорғау, т.б.

13. Құймалар алу

ҚҰЙМАЛАР АЛУ
Құймалар — қажетті қасиеттері бар, екі немесе одан
да көп компоненттен түзілген, оның біреуі міндетті
түрде
металл
болатын
қосылыстар.
Құйманың
компонеті қасиеттері металға ұқсас бейметалл болуы да
мүмкін.
Техникада
құйманың
әр
түрлі
қасиеттері
қолданылады. Мысалы дәнекерлеу үшін балқу
температурасы төмен металл қажет болса, ғарыштық
зымырандардың сыртын қапауға қиын балқитын
металдар керек. Ерекше құймалар электротехникада
қолданылады. Кейде құймалардың электр тогын жақсы
өткізуі қажет. Ал құйма қыздыру аспаптарында
қолданылатын болса, онда оның кедергісі жоғары
болуы қажет. Кез-келген металл өзара құйма түзе
бермейді. Мысалы, тығыздықтарының әртүрлілігіне
байланысты темір мен қорғасын немесе висмут балқытқ
анда бір-бірімен араласпайды.
English     Русский Правила