Қолданылған әдебиеттер:
966.60K
Категория: МедицинаМедицина

Медициналық тәжірибедегі потенцияметрия

1.

Қарағанды Мемлекеттік Медицина университеті
Орындаған: Кәріқұл Ж.Қ
Қабылдаған:Ногаева А.Н
Қарағанды 2017

2.

1.Потенциометрия анықтамасы:
2.Потенциометрияның теориялық
негіздері:
3.Потенциометриялік титрлеу:
4.Потенциометрлік өлшеу:
5.Потенциометрлік титрлеуді қолдану:
6.Қорытынды:

3.

Потенциометрия - теңгерілген электродты потенциал мен электрохимиялық реакцияға
қатысушы қоспалардың термодинамикалық активтілігі арасындағы тәуелділікті анықтауға негізделген
электрохимиялық зерттеудің тәсілі.
Потенциометрлік әдіс қайтымды немесе қайтымсыз гальваникалық элеменггердегі электродта пайда
болатын электр потенциалдарының айырымын өлшеуге негізделген. Мұны ерітіндідегі заттың мөлшері мен
физикалық-химиялық сипаттамасын анықтау үшін қолданады.
Бұл әдісте қолданылатын гальваникалық элемент индикаторлық, салыстырмалық деп аталатын екі
электродтан тұрады. Бұларды тасымалсыз элемент болатындай бір ерітіндіге немесе аралары сұйық
қосқыш арқылы жалғасқан тасымалды тізбек құратын әр түрлі ерітіндіге енгізуте болады. Индикаторлық
электродтың потенциалы ерітіндідегі анықталатын иондардың активтігіне, яғни концентрациясына
тәуелді. Ал оның мәнін өзге иондарға тәуелсіз тұрақты потенциалы бар салыстырмалы, яғни қалыпты
электрод көмегімен анықтайды. Талдауда қолданатын потенциометрлік әдістің басты артықшылығы оның аса дәлдігі, сенімділігі, сезімталдығы, оңай қайталампаздығы, сұйытылған, боялған әрі лайлы
ерітінділерге қолдану мүмкіндігі. Сондай-ақ, бұл әдіспен алдын ала жеке бөліп алмай-ақ, екі не одан да көп
заттан тұратын құрамдас бөліктерді де анықтай береді. Бұл оның талдау мүмкіндігінің шеңберін кеңейте
түседі. Бұл әдістің тағы да бір артықшылығы сигналдарды, сенсорларды пайдаланып, титрлеу ісін
автоматты жүргізуге, тіпті едәуір қашықтықтан (не көрші бөлмеден де) басқаруға болады.

4.

5.

6.

Потенциометрия
Потенциометрия деп зерттеудің физикалық –химиялық
әдістерінің бірін айтады,бұл әдістің негізінде
индикаторлық электрод пен салыстыру электродынан
құрастырылған тізбектің электроқозғаушы күшін өлшеу.
Индикаторлы электродтың потенциалы ерітіндегі
зерттелінетін ион активтілігіне байланысты
болғандықтан, электрқозғаушы күшті өлшеу арқылы
сәйкес иондар мөлшерін анықтауға болады.
Потенциометрия әдісі тура және жанама
потенциометрлік әдістер болып бөлінеді. Тура
потенциометрлік әдісте ион активтілігін немесе
концентрациясын анықтау үшін мәлімет беруші
индикаторлы электрод потенциалының сандық мәндері
алынады. Жанама потенциометрлік әдістер, көбінесе
титрметрлік анализде эквиваленттік нүктені анықтау
үшін пайданылады. Потенциометрлік титрлеудің
эквиваленттік нүктені титрлеп табу әдісінен
артықшылықтары бар; лайлы және бояулы биологиялық
сұйықтарды титрлеу мүмкіндігі мен зерттеуді үздіксіз
жүруі.

7.

Потенциометрияның теориялық негіздері
Әдістің мәні. Талдаудың потенциометрлік әдістері, электрохимиялық ұяшықта пайда
болатын электр қозғаушы күштің талданатын ерітіндідегі анықталатын құрамдас
бөлік таралымына тәуелділігін пайдалануға негізделген.Екі электрод потенциалының
айырымы ЭҚК болады, яғни ЭҚК = Е1-E2
Қарапайым электролиттік ұяшықта екі электрод болады, олардың бірін
индикаторлық электрод дейді. Оның потенцалы анықталынатын ион
концентрациясына тікелей тәуелді болады, екіншісін - салыстыру электроды дейді,
оның потенциалымен салыстыра отырып, индикаторлық электродтағы потенциалды
өлшейді.

8.

Потенциометрлік титрлеу Эквиваленттік нүктені табуға негізделген
титрлеу реакциясына қатынасқан қосылыстың тек біреуі ғана электродты
құбылысқа араласатын болғанда, эквиваленттік нүктенің маңында
индикаторлы электродтың потенциалы өзгереді. Айталық қышқылды негізді әдіс бойынша титрлегенде, шыны электродын хлоридті хлор-күміс
арқылы жүзеге асырады. Мұндағы реакциялар тез өтіп, соңына дейін толық
жүреді. Жалпы потенциометрлік титрлеуді жүргізу үшін талданатын
ерітіндідегі индикаторлы электрод пен салыстыру электродынан тұратын
тізбекті жинақтайды.

9.

10.

Потенциометрлік өлшеу Потенциометрлік өлшеу қолданылатын
әдістердің бәрінде
индикаторлық электрод потенциалының анықталатын құрамдас
бөліктердің активтігіне, яғни концентрациясына тәуелділігі
пайдаланылады. Сонымен қатар бұл әдіспен жалпы электрохимиялық
тізбекте ток өтпей тұрғанда, ондағы электр козғаушы күшті өлшейді.
Тізбектен ток өтсе, онда электродтар полюстенеді, яғни қайтымсыз
ток көзі ретінде жұмыс істеп, ЭҚК мәні тепе-теңдік жайдағыдан
төмендейді. Тізбектегі қосымша токтан мүлдем арылу мүмкін емес,
сондықтан оны мейлінше 10−7 А шамасында азайтуға тырысады.

11.

Потенциометрлік титрлеуді қолдану:
Потенциометрлік титрлеу әдісі бойынша талдаулық әр түрлі физика-химиялық
мәселелер шешіледі: ерітіндідегі бір не бірнеше заттардың концентрациясын
анықтау; әлсіз негіздер мен қышқылдардың диссоциациялану тұрақтысын табу;
кешенді қосылыс тұрақтысын анықтау; ерігіштік көбейтіндісін анықтау;
қалыпты тотығу-тотықсызданудың потенциалын табу.
Потенциометрлік титрлеу әдістері реакция түріне байланысты тұнбалау,
кешенді қосылыс түзу, тотығу-тотықсыздану, бейтараптау әдісі болып бөлінеді.
Потенциометрлік титрлеуді суы бар және сусыз, әрі аралас ерітінділерге
қолданады. Алайда, органикалық еріткіштердің ерітінді құрамында кездесуі
диффузиялық потенциалды дәл анықтауға мүмкіндік бермейді де, мұның
салдарынан термодинамикалық өлшемдерді анықтау қиындайды.

12.

13.

Типы кривых потенциометрического титрования (Е измеряемая ЭДС, ...

14.

15.

Потенциометрия теңгерілген электродты потенциал
мен электрохимиялық реакцияға
қатысушы қоспалардың
термодинамикалық активтілігі
арасындағы тәуелділікті анықтауға
негізделген электрохимиялық
зерттеудің тәсілі.
Потенциометрия әдісі
тура және жанама
потенциометрлік
әдістер болып
бөлінеді.
Потенциометрлік титрлеу
әдістері реакция түріне
байланысты тұнбалау,
кешенді қосылыс түзу,
тотығу-тотықсыздану,
бейтараптау әдісі болып
бөлінеді.

16. Қолданылған әдебиеттер:

Құлажанов Қ.С.Аналитикалық химия: II томдық оқулық . II - том.
Оқулық. Алматы:«ЭВЕРО» баспаханасы, 2005.
Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия, 1992ж
English     Русский Правила