Адам психикалық функцияларының ерекшеліктері
1.59M
Категория: МедицинаМедицина

Адам психикалық функцияларының ерекшеліктері

1. Адам психикалық функцияларының ерекшеліктері

Орындаған: Аптарбек М
Қабылдаған:Сағынбаев Қ

2.

Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Темперамент туралы ілім.
Жіктелуі.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

3.

Кіріспе
Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен,
жүйке жүйесінің қызметіне байланыстып тұр, ал
екіншіден, мұндай бейнелеу адам санасында өз
таңбасын, ізін қалдырып отырады, сөйтіп адамның жан
дүниесінің сырына айналады.
Психика – адам миында бейнеленетін таңба, әсер. Адам
күнделікті іс-әрекетінде мақсатты істерін жүзеге асыру
үшін сыртқы ортаның жағдайына бейімделіп, табиғатқа
ықпал етеді, оны мақсат — мүдделеріне лайықтап қайта
жасайды. Адамның мұндай белсенді әрекеттері,
еңбектенуі оның өз табиғатына, психикасын дамытуға
қолайлы жағдай тудырады.

4.

Темперамент
туралы ілім ерте замандарда
пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален
сияқты дәрігерлер адамдардың мінезқұлықтарының дара көріністерін бақылау
арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап
жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент
туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек
дәрігері Гиппократ болды.

5.

Гиппократтың
пікірінше, адамның тәнінде
төрт түрлі сұйықтық болады: қан, шырын,
сары және қара өт, олар дұрыс араласса
— адамның дені сау, дұрыс араласпаса —
сырқат болады. Ағзадағы сұйықтардың
біреуінің басым болуы адамның
темпераментін анықтайды. Сұйықтардың
аттарына орайлас қойылган темперамент
атаулары күні бүгінге дейін сақталып
келеді.

6.

Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің
қажетті арасалмағы) адамның психикалық ісәрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке
ерекшеліктердің: психикалық процестер мен
күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының
ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз
психикалық процестердің өтуінің динамикалық
ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың
күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен
өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы.

7.

Жіктелуі
Холерик
Флегматик
Сангвиник
Меланхолик

8.

9.

Холерик
Бұл темперамент өкілі тездігімен,
шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым
қозғалғыштығымен ерекшеленеді.Оларда психикалық
процестер шапшаң өтеді.Күйгелектік сондай адамдарға
тән.Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп,күші
таусылғанда оны тастап кете береді.Адамдармен қарымқатынаста тынымсыз,агрессивті,шамданғыш болып
келеді.Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі
болады.Холерик темпераментінің жағымды жағы энергия,белсенділік, құштарлық,инициативтік.Жағымсыз
жағы - ұстамсыздығы,қаталдық,қатаңдық,шамдану,ыза.

10.

Мысалы, кіші холерик оқушыдан талпыныс пен құштарлық ерекше
көзге түседі.Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холериктіанық
мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға
болады.Тақтада жауап бергенде , кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне
ауыстырып тұрады,өте жылдам жауап береді.Ондайлар тез
істеуге,үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады.Міне, мұғалім кезекшіні
бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы
орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге
құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі
кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым
қиыншылықтар үшін күйіп-піседі, мұғалімдер мен ата-аналарына
айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына
келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе
істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол
үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде
ұрсысады.

11.

Флегматик Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен
істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған
ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл
баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау,
тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ
мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде
тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен
байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе
эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі
қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде
іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда
әлсіздік, жалқаулық пайда болады. Мысалы,2-ші сынып оқушысы – флегматик, ол
барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан
тұрып, азғана үндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен
сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына
жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал
достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос,ашық және өте
ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.

12.

Сангвиник Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы
ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл
өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл
табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу
үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер
оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы жаңа
берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал
қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ
уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары
дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі
ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде,
сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар
кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды. 3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің
өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз,
жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық
жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғм да сыйлы және оларға
көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер
берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс
қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында есеп
беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай
шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.

13.

14.

Қорытынды
Сонымен, адамның қай мазмұнда болмасын өз іс - әрекетін жүзеге
келтіруі тікелей темпераментке байланысты. Темперамент
психикалық процестердің желісінде көріне отырып, еске түсіру,
қабылдағанды бекіту жылдамдығына ықпалын тигізеді, ой
жүйріктігі мен зейін тұрақтылығын және оның ауыспалығын
айқындап береді.
Темперементтерді тәрбиелеуде баланың ерік – жігерін, мінез
бітістерін, сезім эмоцияларын тәрбиелеумен ұштастыруға жүргізілген
дұрыс. Адамның өзін - өзі ұстай алу қабілетінің дамуы темперамент
тәрбиесіне жақсы жәрдем береді

15.

Пайдаланылған әдебиеттер
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Бап – баба С.Б.. Жантану негіздері: Алматы,, 2003.- 306 б.
2. Жарықбаев Қ. Жалпы психология.- Алматы, 2004.- 377 б.
3. Жарықбаев Қ. Жантануға кіріспе, Алматы, 2004
4. Немов Р.С. Психология. – М., 2001
English     Русский Правила