Похожие презентации:
Тағамдық уытты инфекциялар. Ботулизм
1.
Тағамдық уытты инфекцияларБотулизм
2.
12
3.
11. Зоонозды инфекция
2. Эпидемия
3. Дезинсекция
4. Жұқпалы аурулар кезеңдері
5. Дезинфекция
6. Инфекция көзі
7. Іш сүзегі
8. Тырысқақ қоздырғышы
9. Сальмонеллез жасырын кезеңі
10.Шигеллез таралу жолы
11.Патогенетикалық ем
2
1. Антропонозды инфекция
2. Пандемия
3. Дератизация
4. Стерилизация
5. Беріліс механизмдері
6. Сальмонеллез
7. Іш сүзегі қоздырғышы
8. Тырысқақ жасырын кезеңі
9. Эшерихиоз таралу жолы
10.Этиотропты ем
11. Емдік тамақтандыру
4.
Тамақтан уланулар пайда болу себебінесәйкес 3 топқа бөлінеді:
1. Микробты тамақтан улану
2. Микробсыз тамақтан улану
3. Белгісіз уланулар
5.
Микробты тамақтан уланулар патогендіқоздырғыштармен не олардың токсиндерімен
ластанған тамақтардың әсерінен пайда болады
(90-95 %).
Микробсыз тамақтан уланулар
а) улы өсімдіктердің (улы саңрауқұлақтар, үлы
өсімдіктер, жасыл картоп)
б) жануарлардың улы органдарының,
в) химиялық заттардың, пестицидтердің
әсерінен болады.
6.
Микробты тамақтан улану 2 топқа бөлінеді:1. Тағамдық токсикоинфекциялар
2. Бактериалдық интоксикация
Тағамдық токсикоинфекциялар – тағам өнімдерінде
улы токсин бөліп шығаратын шартты патогенді
микроорганизмдердің әсерінен туындайтын уланулар
(протей, эшерихия, клостридиум перфрингенс,
ентерококк, иерсиниялар).
Бактериалдық интоксикация - арнайы қоздырғыштың
токсиндерінің тағамда көбеюінің әсерінен туындаған
уланулар (қоздырғыштың өзі болмауы да мүмкін).
Бактериалдық интоксикацияларға ботулизм,
стафилококкпен уланулар жатады.
7.
Ботулизм (botulus-колбаса) - жедел өте ауырформада, орталық нерв жүйесінің зақымдалуымен
өтетін тамақтан улану
Көздің көру қабілетінің нашарлауы, екілену,
торлану, көздің қабағының дірілдеу, көз қабағының
толық жабылмау (птоз) белгілері көзді
қимылдататын нервтің зақымдалуымен
байланысты.
Жұтынуы нашарлап дауысы әрең шығады не
мүлдем шықпайды - афония, парездер болуы
мүмкін.
Өлім жітім 35-85 %.
8.
Clostridium botulinum- ірі, грам оң, анаэробты, споратүзетін таяқша.
Ботулизм ауруын 1820 жылы неміс ғалымы Кернер
зерттеген, қоздырғышын 1895 жылы Ван Эрменгем ашқан.
Ботулизм таяқшалары сыртқы ортада өте төзімді, споралары
температура 100 С градуста 3-5 сағатқа дейін төзімді.
Топырақта ботулизм споралары жылдап сақталады,
вегетативті формаға айналып көбеюі де мүмкін.
Анаэробты жағдайда ботулизмнің қоздырғыштары өте улы
экзотоксин бөліп шығарады.
Ботулотоксиндер ең күшті табиғи улар қатарына кіреді.
Токсиндер 100 С температурада 10- минутта ыдырайды.
Ботулизм қоздырғыштарының токсиндері 8 типке бөлінеді:
А,В,С1-2, Д, Е, Ғ, G.
9.
10.
Ботулизм қоздырғыштарымен және токсиндеріменластанған тағамды жегенде дамиды.
Жұқтыру дозасы көп болған сайын жасырын кезең
қысқа болады және өте ауыр формада өтеді.
Инфекция көзі. Ботулизмнің қоздырғыштары
жылы қанды жануарлардың, адамның ішегінде
кездеседі, топырақта 9-33% зерттеулерде табылған.
Беріліс механизмі – нәжіс-ауыздық,
Таралуы - алиментарлы жолмен.
11.
Көбіне үйде дайындалған консервілермен(саңрауқұлақ, баклажан, қияр), ет, балық
тағамдарымен байланысты.
Тамақ өнімдеріне қоздырғыштар топырақ арқылы
түседі.
Тағамның органолептикалық қасиетері өзгермеуі де
мүмкін.
Токсин пайда болуына қолайлы факторлар:
А) анаэробты жағдай - жабық консервіленген банка,
колбаса, балық, окорок, сиректеу қамырдың орта,
ішкі жерлері.
Б) қолайлы температура –3-10 С, уақыт.
В) тұздың 10% кем болуы, қанттың 50% кем болуы,
рН 4,6-4,8 кем болуы.
12.
Сырқаттанушылық деңгейі әр түрлі, халықтыңтамақтану ерекшелігімен, тамақ дайындау әдістерімен,
топырақтың споралармен ластану деңгейі,
диагностикалау жайдайымен байланысты.
Консервілеген тағамдарды жиі қолданатын елдерде көп
тіркеледі.
Германия, Франция және Европа елдерінде –ет
тағамдары, колбаса,
АҚШта -өсімдік консервілері,
Ресейде –балық және балық консервілері,
Қазақстанда үйде дайындалған консервілермен
(саңрауқұлақ, баклажан, қияр), балық тағамдарымен
байланысты.
Балықпен, етпен байланысты аурулар жаз мезгілінде,
Консервіленген саңрауқұлақ, баклажандармен улану–
қыс айларында тіркеледі.
13.
14.
Жасырын кезең – 2сағат –10 күн, орташа 18-24 сағат.Ауру жедел басталады
Дене температурасы қалыпты.
Жалпы интоксикация, гастроинтестиналды және
паралитикалық синдром.
Интоксикация белгілері: бас ауыру, бас айналу, бұлшық
еттердің әлсіздігі, тез шаршау, ұйқысыздық.
Гастроинтестиналды синдром: жүрек айнуы, құсу, іш өту,
іштің кебуі, эпигастральды аймақтың ауыруы.
Ботулизмге тән белгілер (паралитикалық):
көрудің нашарлауы, екіленіп көруі (диплопия),
көз алдында «тұман», «тордың» пайда болуы,
қабақтың түсуі (птоз), дірілдеуі (нистагм)
Жұтынудың бұзылыстары:
ауыз қуысының және тамақтың шырышты қабығының
құрғауы,
жұтыну кезінде ауырлық,
тамағында бірдеңе тұрып қалғандай сезіну, жұтына алмау
15.
Тыныс алу жүйесінде бұзылыстар:дауыстың өзгеруі, қарлығып мүлдем шықпай
қалуы (афония),
сөйлеу қабілетінің бұзылып, кейінірек
мүлдем жоғалуы.
Ауа жетіспеушілік, кеуденің қысылуы,
беткейлі тыныс алу
тыныс алу мен жүрек бұлшық еттерінің
парезі мен параличтері өлімнің себепшісі
болады
тамыр соғуы жиі,
іші жүрмей қалады (парез, парличтер).
16.
17.
18.
Эпидемиологиялық анамнезклиникалық тексеру
Лабораториялық әдіс:
1. Бактериологиялық әдіспен құсық, асқазан
шайынды сулары, нәжіс, қан зерттеу.
2. Биосынама жасау арқылы ботулотоксиннің
түрі анықталады.
19.
Науқас адам міндетті түрде жұқпалы ауруларауруханасында емделеді.
Дезинтоксикациялық, арнайы және арнайы емес
емдік шаралар жүргізіледі.
Науқастардың асқазанын жуып-шаю және
клизмамен ішекті тазалау.
Энтеросорбент ретінде смекта, белсендірілген
көмір карболен, энтеродез, энтерол,
Дезинтоксикациялық ем ретінде трисоль, хлосоль,
5 % глюкоза ерітінділері қолданылады.
Этиотропты ем: левомицетин 0,5г тәулігіне 4 рет 710 күн. Ауыр түрінде бұлшық етке ерітілген
левомицетін 1г. тәулігіне 3 рет енгізіледі.
Тыныс алу бұзылыстарына қарсы жасанды өкпе
вентиляциясы қосылады.
20.
Арнайы ем ретінде қандағы ботулотоксиндердінейтрализациялау үшін қоздырғыштың түрі анықталғанға
дейін поливалентті (А,В,Е) антитоксикалық сары суы
қолданылады: «А»,«Е» түріне10000 ХБ кем емес, «В»
түрінің 5000 ХБ.
Ақ тышқандарға биосынама жасап, қоздырғыштың түрін
анықтау, соған сай моновалентті сарысу қолдану.
Ауыр түрінде әрбір 6-8 сағат сайын, орташа ауыр түрінде
тәулігіне 2 рет енгізіледі, емдеу курсы 4 күн.
Сары суды көктамырға егу кезінде анафилактикалық
шокты алдын алу ережелерін қатаң сақтау керек.
Алдын алу мақсатында күдікті тамақты жеген, бірақ
ауырмаған адамдардың бұлшық еттеріне сары судың әр
түрінен 1000-2000 ХБ егеді.
21.
22.
Негізгі алдын алу шаралар тамақ өнімдерін ластанудансақтандыруға, қоздырғыштарды жоюға бағытталады.
Консервілеуге арналған жеміс-жидектерді,
саңрауқұлақтарды топырақтан жақсылап тазарту, ет, балық
өнімдерін ластанудан сақтау қажет.
Тағамдарды жоғары қысымда және 120 С температурада
стерилизациялау ботулизмнен сақтандырады.
Консервілеу барысында тұздың мөлшері 10% кем болмауы,
уксус қышқылы 2% кем болмауы қажет.
Консервілер төмен температурада сақталуы қажет.
Ет, балық, саңрауқұлақ, жерде өсетін өсімдіктерді жабық
банкілерге үй жағдайында консервілеуге болмайды.
Күдікті тағамдарды 3-4см бөлшектеп, 100 С температурада
1 сағат қайнату қажет.
23.
Науқас және күдіктілер ауырлығына қарай жұқпалы ауруларауруханасына жатқызылады.
Науқастың асқазанын шайып, патогенетикалық емдеу жасау
керек.
Арнайы ем ретінде А,С, Е типтеріне қарсы 10 000 МЕ, В
типтіне 5000 МЕ поливалентті антитоксикалық сарысу
егіледі.
Токсиннің типін биологиялық сынама жасау арқылы
анықтайды, анықталған типіне сәйкес егу жасалады.
Белсенді иммунитет пайда болуы үшін антитоксикалық
сарысумен қатар ботулизмнің әр типіне қарсы 0,5 мл
анатоксин 3 рет, аралығы 3-5 күнде егіледі.
Науқаспен бірге күдікті тағамды жегендерге
профилактикалық мақсатпен әр типке қарсы 1000 не 2000
МЕ антитоксикалық сарысу егіледі.
Аурудың себебін анықтау үшін науқастың асқазан
шайынды суын, құсық, нәжіс, қанын бактериологиялық
әдіспен зерттеледі
24.
Ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізубарысында күдікті тағамды анықтау, тағамның
ластану себебін анықтау және бірге тамақтанған
адамдарды анықтап, медициналық бақылауға
алынады.
Күдікті тағамдар лабораторлық зертеуге
стерильденген ыдысқа алынады, тағамдар жоқ
болса ыдыстардан жұғынды алынады.
Күдікті тағамды қолдануға тыйым салынады.
Бірге тамақтанған адамдардан соңғы 2 күн ішінде
қандай тағам жегендерін, қандай мөлшерде, қандай
уақытта жегендігін, тағамды кім, қашан
дайындағанын, қалай сақталғанын, қай жерден
алынғанын сұрастыру керек.
25.
Тағамдық токсикалық инфекциялар – экзотоксинбөлетін шартты патогенді микроорганизмдердің
әсерінен туындайтын, асқорыту жолдарының
зақымдалуымен және су-тұздардың алмасуының
бұзылуымен сипатталатын жедел жұқпалы аурулар
Этиологиясы:
Стафилококктар,
Энтерококктар (Д тобы стрептококктары),
Proteus,
Klebsiella,
Enterobacter,
Citrobacter,
Clostridium
26.
Инфекция көзі. Қоздырғыштар адам менжануарлардың нәжісінде, топырақта, суда, ауада,
заттардың үстінде кең тараған.
Беріліс механизмі –нәжіс-ауыз механизмі.
Берілу жолы - алиментарлы.
Берілу факторлары: ет, балық, шұжық, жұмыртқа,
сүт, шырындар, кремдік және кондитерлік тағамдар.
ТТИ ерекшеліктері: белгілі тағаммен байланысты
болады, тек күдікті тағамды жегендер ауырады,
топтасқан түрде тіркеледі, жасырын кезеңі қысқа,
көбіне ыстық мезгілде таралады.
27.
Жасырын кезең 30 минут-24 сағат, орташа 2-6 сағат.Клиникалық көріністері интоксикация белгілерімен және
асқазан-ішек бұзылыстарымен сипатталады.
Интоксикация белгілері: әлсіздік, қалтырау, дене қызуының
көтерілуі, бас ауыру, бұлшық еттердің ауыруы.
Асқазан-ішек бұзылыстары гастрит, гастроэнтерит,
гастроэнтероколит түрінде өтеді.
Жүрек айну, қайталама құсу, эпигастрий аймағында ауыру,
іш өту.
Құсықта тағам қалдықтары, кейін өт аралас.
Нәжіс көп мөлшерде сары-жасыл түсті, қышқыл иісті,
ботқа тәрізді, кейін сулы консистенция, кейде көпіршікті.
Жиілігі 3-5 немесе 15-20 рет.
Іші толғақ тәрізді қатты ауырады
Тілі ақшыл-сұр жабынмен жабылған,
Терісі бозғылт, кейде акроцианоз, аяқ-қолдың мұздауы
байқалады.
28.
Диагностикасы:1. Клиникалық-эпидемиологиялық анамнез
2. Бактериологиялық зерттеу: құсық, асқазан шайынды
сулары, нәжіс, тағам қалдықтары.
Ауруханаға жатқызу клиникалық –эпидемиологиялық
қажеттілік бойынша
Емі:
Асқазан мен ішекті тазалау.
Диета № 4.
Сусыздануға қарсы, дезинтоксикациялық ем
Жеңіл түрінде регидрон, глюкосолан
Орташа және ауыр түрінде:декстроза, дисоль
Энтеросорбенттер: смекта, энтеродез
Симпоматикалық ем
29.
Стафилококктармен байланысты тамақтан уланулардыалғашқы рет орыс ғалымы Лащенков П.Н. 1901 жылы
зерттеген.
Этиологиясы. Стафилококктар 6,6-45 С температурада
көбейеді (оптимум 37 ), күн сәүлесі, кептіру әсеріне
төзімді. 80 С температурада 10 минут сақталады.
60 % қант, 10% тұз ерітіндісінде микробтардың өсіпөнуі тоқтайды.
Қолайлы жағдайда қысқа уақыт ішінде көп мөлшерде
энтеротоксиндер бөліп шығарады, тағамдардың
органолептикалық қасиеттері өзгермеуі де мүмкін.
Энтеротоксиндер 6 типке бөлінеді: А, В, С, Д, Е, Ғ;
Токсиндер жоғары температура әсеріне төзімді.
30.
Улану өте ауыр түрде асқазан-ішек, жүрек-қантамыржүйесінің зақымдаулуымен өтеді.
Инфекция көзі- тері және тыныс алу жүйесінің стафилококк
науқастары (фурункулез, іріңді жарақат, ангина).
Стафилококк тасымалдаушы адамдар да өте қауіпті.
Ауыл шаруашылық жануарлары да инфекция көзі болуы
мүмкін, әсіресе мастит болса
Көпшілік тамақтандыру мекемелерінде санитарлық жағдай
төмен болса стафилококктар құрал -жабтықтардан,
ыдыстардан алынған жұғындылардан табылып тұрады,
өйткені жұмысшылар сыртқы ортаны, жабдықтарды
ластайды, лас қол арқылы тағамдарға түсіп көбейеді.
31.
Қоздырғыштартағамдарға түсіп, онда көбейіп, токсин
бөліп шығарған жағдайда стафилококктармен улану
болады.
1грам тағамда 150 000 көп стафилококктар жиналған
кезде токсиндер бөліп шығарылады
Температура 37-38 С және бөлме температурасында
қоздырғыштардың тез көбеюіне қолайлы жағдай
туындайды.
Стафилококкты уланудың таратушы факторлары:
сүт және сүт тағамдары,
ет тағамдары,
кондитерлік және кремдік тағамдар,
салаттар,
балық.
32.
[email protected]33.
Стафилококктармен байланысты тағамдықуланулар барлық жерде таралған, тамақтан
уланулардың ішінде 20-30% құрайды.
Стафилококкпен уланулардың өршуі жедел түрде
өтеді, ластанған тағамды жегендердің 60-90%
ауруы мүмкін. Ауырған адамдардан жұқтыру
болмайды.
Жазғы мезгілінде уланғандардың саны көбееді.
34.
Науқастан, күдікті тағамдардан алынған стафилококкштаммдарының энтеротоксиген-ділігін, фаготиптерін
анықтау
Стафилококк ауруларын және тасымалдаушыларды
тамақпен байланысты жұмыстан аластатып, емдеу
Тасымалдаушыларды стафилококқа қарсы
бактериофагпен санация жасау
Маститпен ауыратын малдарды сау малдардан
жекешелеп, сүттерін бөлек жинап, қайнатып бұзауларға
беруге болады.
Адамдарға ауру малдардың сүтін қолдануға болмайды
35.
Тамақ өнімдерін ластанудансақтандыру үшін
көпшілік тамақтандыру орындарында санитарлық
жағдайды қадағалау, асхананың ауасын,
жабдықтарын ультракүлгін сәулесімен өңдеу
Тамақ өнімдерінде қоздырғыштар мен токсиндер
көбеймеу үшін тағамдардың дайындау уақыты мен
қолдану мерзімін қысқарту
Егер тез арада қолдану мүмкін болмаса тағамдарды
суықта сақтап, кейін екінші рет термиялық
өңдеуден өткізіп қолдануға болады.
Қызметкерлердің стафолококктарға қарсы уақтылы
медициналық тексеруден өткендігін қадағалау
36.
грамтеріс, жылжымалы бактериялар, экзотоксин жәнеэндотоксин бөліп шығарады.
Протейлер табиғатта кеңінен таралған, топырақта, суда,
ауада кездеседі.
Инфекция көзі ретінде жануарлар болуы мүмкін, мысалы
сойылуға түскен малдардың ішегінен 40 %, бауырынан 33 %,
лимфа бездерінен 35 % жағдайда протей қоздырғыштары
табылған.
Сау адамның ішегінен де табылып отырылады.
Инфекция көзінен, сыртқы ортадан протейлер тағамдарға
түсіп, онда көбейеді.
Микробтардың көбеюіне тағамдардың бөлме
температурасында ұзақ сақталуы ықпал етеді.
Протейлермен байланысты тамақтан улану көбіне ет
тағамдарымен байланысты болады.
37.
Ластанған тағамды жегендердің 25-50% ауырады.Протейлермен байланысты өршулер бірнеше күнге
созылады, қайталануы мүмкін.
Өршулер санитарлақ жағдайдың нашарлауы, тамақ
дайындауда, сақтауда санитарлық ережелердің
бұзылуы себебінен болады.
Энтерококктармен байланысты тамақтан улану (не
Д тобының стрептококктары) 1 г (мл) тағамда 106
микроб клеткалары жиналағанда туындайды,
Тағамның органолептикалық қасиеттері бұзылады,
әшші дәм, шырыштану пайда болады.
38.
төзімді микробтар, температура 10-50 С өседі,температура 60 С - 30 мин сақталады, кепкен және
тұзды ортада төзімді.
Инфекция көзі –адамдар.
Энтерококктар көбіне адамның ішегінде,сиректеу
мұрын жұтқыншақта кездеседі.
Қоздырғышты тасымалдаушылар сыртқы ортаны,
оның ішінде тағамдарды ластап отырады.
Сүт тағамдарының 42%,
Ет тағамдарының 29% энтерококктар табылған.
39.
Протейлермен, энтерококктармен байланыстытамақтан уланулардың этиологиясын анықтау өте
қиын, өйткені олар науқастың, сау адамның
нәжісінде, тағамдарда бола береді.
Тамақпен байланыстыру үшін тағамдардан
микробтардың үлкен мөлшерін табу мен қатар
науқастың нәжісінен, құсығынан қоздырғыштарды
және қанның сарысуынан антиденелердің көбею
динамикасын анықтау қажет.
Диагнозды дәлдеу үшін 1 грам тағамда
энтерококктардың саны 106 көп болуы, науқастың
1гр нәжісінде- 104 көп болуы қажет.
40.
Тамақ дайындау мекемелерінде санитарлық тәртіптіқатал сақтау, шикі және дайын тағамдардың дұрыс
сақталуын қадағалау, тарату алдында екінші
термиялық өңдеуден өткізу
Аурудан сақтандыру мақсатында сұйық колипротей бактериофагын беру тиімді.
Инфекция ошағында бактериофаг 2 рет, аралығы 3
күнде беріледі.
Бір берілетін доза: 6 айға дейін балаларға –10 мл; 6
ай –3 жас – 15-20 мл;
үлкендерге – 25-30 мл.
41.
Cl. рerfringens- ірі, грам оң, жылжымайтын, спора
түзетін анаэробты таяқша.
Споралары қайнатқанда 1-6 сағатқа дейін төзімді.
Токсин бөлуіне қарай А, В, С, Д, Е, Ғ типтерге
бөлінеді.
Инфекция көзі. А типті клостридиялар табиғатта
кеңінен таралған, адамның және жануарлардың
ішектерінде кездеседі.
42.
А типті Cl. рerfringens алиментарлы жолмен, түрлі еттағамдармен: колбаса, сосиска, фарш, балық, сүт
тағамдары арқылы таралады
Ауру тудыру үшін тағамдар қоздырғыштармен көп
мөлшерде 1грамда 10 5-6 микроб клеткаларына дейін
ластанған болуы керек.
Қоздырғыштың көбеюі, токсин бөліп шығаруы
анаэробты жағдайда, температура 20-50 С бірнеше
сағатта болады.
Өршулер спорадиялық, жанұялық түрде, ал тамақ
дайындау мекемесімен байланысты болса ірі өршу
түрінде кездеседі.
Ет тағамдарымен байланысты болғандықтан көбіне
үлкен адамдар ауырады.
Көбіне жазғы мезгілде кездеседі.
43.
Ластанған тағамдарды жоюАлдын алу мақсатында ет өңдеу өндірісінде санитарлық
ережелердің сақталуын қадағалау
Шартты түрде сойылған күдікті малдардың етін Cl.
рerfringens қарсы тексеру
Еттің бөлшектерін 10 С төмен температурада сақтау керек.
Колбаса дайындау үшін еттің 1 грамында Cl. рerfringens 100
клеткадан көп болмау керек, консервілерде –1000 клеткадан
көп емес.
Көпшілік тамақ дайындау мекемелерінде етті 0,5-1 кг
бөлшектеп 2,5 сағат қайнату
Ет тағамдарын қуырған кезде ішіндегі температура 85 С
кем болмау керек.
Дайын тамақты температура 4-6 С тез суытып сақтау керек
не 60 С температурада ыстық пеш үстінде сақтау керек.
44.
А. есімді темір жолшы азамат жұмыс орнындақайтыс болған. Онымен бірге тамақ жеген 4 адам
ауруханаға жатқызылған.
Шағымдары: әлсіздік, көз алдында «тор» пайда
болуы, заттардың екіленіп көрінуі, ауыздың кебуі,
шөлдеу, әрең жұтыну, кеудесінің тарылуы, демікпе.
Тексеру кезінде А. азаматтың жұмысқа үйде
консервіленген баклажан банкасын алып келіп
жегендігі анықталған. Ауырған 4 адам да оны бірге
жеген.
Аурудың себебін анықтау,
алдын алу шараларын ұйымдастыру.
45.
Жұқпалы аурулар ауруханасына 6 сағат ішіндебалалар санаторийінен 32 бала жеткізілген.
Санаторийде барлығы 85 бала емделеді.
Барлығы асханада тамақтанады
Қосымша өздері балмұздақ, торт, пирожныйлар,
лимонад, кириешки, чипсы, хотдог сатып алып
жеген.
Аурудың себебін анықтау, алдын алу шараларын
ұйымдастыру.
46.
40 жасар К. азамат ауырған.3 қаңтар және 4 қаңтарда тағы
8 адам ауырған.
Барлық ауырғандар бір мерекелік кеште бірге
тамақтанған.
Барлығы 12 адам болған, олар торт, балмұздақ,
балық, үйде консервіленген қияр пен баклажан
жеген. Консервілер бөлме температурасында
сақталған.
Аурудың себебін анықтау, алдын алу шараларын
ұйымдастыру.