Похожие презентации:
Құтырық ауыруының сипаттамасы , диагностикасы және алдын алу
1. Құтырық ауыруының сипаттамасы , диагностикасы және алдын алу
ҚҰТЫРЫҚ АУЫРУЫНЫҢСИПАТТАМАСЫ , ДИАГНОСТИКАСЫ
ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ
Орындаған:
Тексерген :
2. Тарихы
Құтыру өте ерте заманнан, адамзаттың мәдени тарихи қалыптасабастаған кезден белгілі. Ол туралы мәліметтер Вавилонның б.з.д.
2300 жылы жасалған заңдар жинағында кездеседі. Демокрит
иттің құтырығын жан-жақты баяндаса, Аристотель әртүрлі
жануарларға құтырықтың ит қапқанға жұғатындығын жазды.
І.Есенберлиннің "Алтын Орда" романында Әмір Темірдің Алтын
Орданың болашақ ханы Тоқтамыстың құтырған ит талаған әйелі
мен баласын өртетіп жібергені суреттелген. Құтырған ит
сілекейінің жұғымталдығын алғаш рет тәжірибе жүзінде 1804
жылы Францияда Цинке дәлелдеді. Оның отандасы Лион
ветеринария мектебінің профессоры В.Гальте үй қоянына
құтырық жұқтырып, қойды ауырған жануардың сілекейімен
иммундеуге тырысты. Бұл деректерді пайдаланған Л.Пастер үй
қоянының миына бірнеше рет өткізу арқылы аурудың
қоздырушысын әлсіретіп, өзінің дүниежүзіне әйгілі вакцинасын
алды. Құтырық қоздырушысының вирус екендігін бұдаен көп
кейін 1903 жылы Ремленже мен Риффат-бей делелдеді. Румын
ғалымы В.Бабеш және италяндық А.Негри кейіннен БабешНегри денешігі деп аталып кеткен құтырыққа шалдыққан
жануардың ми нейрондарының протоплазмасында болатын
ерекше құрылымды ашты.
3. Қоздырушысы
ҚОЗДЫРУШЫСЫPabies lyssavirus рабдовирустар тұқымдастығының лиссавирустар туыстасты
ғына жатады. Барлық рабдовирустар секілді оқ пішінді.
Вириондарының ұзындығы 180 нм, көлденеңі 75-80 нм.
Өсіп келе жатқан тауық және үйрек эмбриондарында,
кейбір торшалардың өсінінде өсіруге болады. Бұл вирустың
екі негізгі антигендері бар. Еритін S-антиген (капсид
нуклеопротеиді) - барлық құтырық вирустарына ортақ және
V-антиген (вирионның сыртқы қабығындағы гликопротеид)
вирустың әрбір жеке титріне тән. Соңғы антигенге
байланысты құтыру вирустары 4 сереворға бөлінеді. Індет
кезінде кездесетін және лабороториялық құтыру
вирустарының көпшілігі бірінші сереворға жатады. Басқа
сереворлары әзірше тек Африкада бөлініп алынған.
4. Төзімділігі
ТӨЗІМДІЛІГІҚұтыру вирусы 60 градус
кезінде 10 минут өткенде
100 градустан бірден
белсенділігін жоғалтады.
Төменгі температураға
төзімді болады да,
тоңазылтқыш қатырылған
мида айлап сақталады.
Шіри бастаған материалда
2-3 апта бойы тіршілігін
жоймайды. Қолданып
жүрген
дезинфектанттардың
кәдуілігі концентрациясы:
1-2% лизол ерітіндісі, 2-3%
сілтілер, формалин және
хлорамин вирусты тез
арада белсенділігін
айырады
5. Індеттік ерекшеліктері
ІНДЕТТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІҚұтырықпен барлық жылы қанда үй және жабайы жануарлар,
сонымен бірге адам да ауырады. Ит тектестер, сусар тектестер,
жарқанат, кемірушілердің көптеген түрлері және үй мысығы
аса бейім. Бұлардан адам мен төрт түлік малдың бейімділігі
төмен, ал құстардың бейімділігі өте төмен. Жас жануарлар
ересектерінен гөрі құтырық вирусына сезімтал келеді.
Құтырық табиғи ошақты жұқпалы аурулардың қатарына
жатады, оның қоздырушысының табиғатта сақталатын
қорламасы үй және жабайы ет қоректілер, ал кейбір өлкелерде
- жарқанат. Қорламасына байланысты құтырық індетінің
табиғи және қалалық түрлері болады. Инфекция
қоздырушысының бастауы қалалық індет кезінде иесіз иттер
мен мысықтар, ал табиғи індет кезінде жабайы ет қоректі
жануарлар.
6. Дерттенуі
ДЕРТТЕНУІВирус денеге түскен соң аз уақыт енген жерінде сақталады
да, жүйке талшықтары арқылы орталық жүйке жүйесі
бағытында алдымен жұлынға, соғынан миға өтеді.
Қоздырушының мидың сұр затында өсіп-өнуі іріңсіз
шашыранды энцефалиттің өрбуіне әкеп соғады. Мидан
вирус қайтадан орталықтан кері бағытта сілекей бездеріне
келіп түседі. Онда жүйке торшалары бүлінген кезде вирус
бездің түтігіне өтіп, сілекеймен араласады. Мидан
қоздырушы сонымен қатар көздің тор қабаты мен мүйіз
қабатына, бүйрек үсті безіне жетеді, бәлкім оларда да өсіп
өнеді.
7. Өтуі мен симптомдары
ӨТУІ МЕН СИМПТОМДАРЫЖасырын кезеңі бірнеше күннен бір жылға дейін, кейде одан
да арттыққа созылады, әдетте 2-3 апта аралығындай болады.
Оның ұзақтығы құтырған жыртқыштың тісінен болған
жарақаттың шамасы мен түскен орнына, вирустың мөлшері
мен уыттылығында, таланған малдың төзімділігіне
байланысты. Инкубациялық кезең жас төлде ересек малға
қарағанда әдетте қысқарақ болады. Құтырық жіті өтетін ауру.
Әр түрлі жануарларда оның клиникалық белгілері ұқсас
болады, әсіресе иттің құтыруы жан-жақты зерттелген. Итте
құтырық өршіген және бәсең түрде өтеді. "Өршіген
құтырықтың" 3 кезеңі болады:
біліне бастаған;
көтерліген;
Дел-сал.
Біліне бастаған кезең 12 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады,
бұл кезде жануардың мінезінің өзгеруі байқалады. Ит көңілсіз
немқұрайлы болып, қараңғы бұрышқа немесе үйшігіне
тығылады, иесінің шақуруына ықылас білдірмейді. Кей
жағдайда иесіне тым еркелеп, қолын бетін жалауға
тырысады.Бұл кезде иттің сілекейінде вирус болтаныдықтан,
өте сақ болған жөн.
8. Патологиялық өзгерістер
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР"Патологиялық өзгерістердің" құтырық кезінде
айтарлықтай ерекшеліктері болмайды,
клиникалық белгілерімен қарастырғанда ғана
айтарлықтай диагностикалық маңызы бар.
Өлексені сырттай қарағанда арықтағаны,
тістелінген, үйкелген орындары көрінеді.
Басындағы, мойынындағы жүндері
сілекейленген. Сойып қарағанда ішкі
ағзаларында қан іркілген. Қарыны бос, ет қоректі
жануарлардың қарынында жеуге жарамсыз
заттар болады.
9. Емі
ЕМІҚұтырған жануарды емдемейді, тез арада
өлтіреді, өйткені оның адамға ауру жұқтыру қаупі
зор.
10. Алдын алу
АЛДЫН АЛУҚұтыруды деп сезік туғызған кез
келген хайуанды өлтіріп, көміп
тастаңыз (немесе бір апта бойы
үйшікте ұстаңыз);
Иттерді вакцина жасау жөніндегі
шараларға қатысыңыз;
Ауырған сияқты көрінген немесе
мінезінде өзгеріс болган кез
келген хайуаннан бала-ларды
аулақ үстаңыз.
Ауырған сияқты көрінетін немесе
мінезінде өзгеріс бар
хайуандарға көңіл бөліп, барлық
сақтық шараларын қолданыңыз.
Тіпті ол ешкімді тістеп қаппағанда
да оның сілекейі дененің кесілген
немесе жырылған жеріне түссе
құтыру туғызады.