922.19K
Категория: ПсихологияПсихология

XX – XXI ғғ. Басындағы батыс еуропа философиясы

1.

Дәрістің тақырыбы:
XX – XXI ғғ. басындағы
БАТЫС ЕУРОПА ФИЛОСОФИЯСЫ

2.

Дәріс жоспары
1. XX ғасырдағы Батыс философиясының
ерекшеліктері
2. XX ғасырдағы негізгі философиялық
мектептер және олардың сипаттамасы

3.

ХХ-ғасыр философиясының қалыптасуы
шарттары
ХХ-ғасырда Европа басынан кешкен тарихи-әлеуметтік өзгерістер
әсіресе бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстар қоғам мүшелерінің
бойында үрей мен қорқыныш, адамзат пен жеке адамның
болашағына деген сенімсіздік туғызды;
Қоғам дамыған сайын оның өміріндегі қарама-қайшылықтар күшейе
түсіп, адамзат пен өркениеттің алдында шешімі қиын, жаңа діни,
ұлттық, этникалық мәселелер пайда болды, оларды шешуге
дәрменсіз қоғамды дағдарыс жайлады;
адамзат тағдыры үшін алаңдаушылық, ол таңдаған даму жолының
дұрыстығына күмәндану, жаңа стратегиялық бағдарларды іздеу
және ұсыну;

4.

XVII ғасыр – математика ғасыры;
XVIII ғасыр – физика ғылымдары ғасыры;
XIX ғасыр – биология ғасыры;
XX ғасыр – қорқыныш ғасыры.
Альбер Камю

5.

1. ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ
Экзистенциализм философиясы – ХХ ғасырдағы батыстық өркениеттің
терең тоқырауының көрінісі. Бүгінгі әлемдегі адам өмірінің сандырақ,
тантушылығын экзистенциализм ғана ашты.
Өкілдері: Германияда М. Хайдеггер, К. Ясперс; Францияда Ж.-П. Сартр, А.
Камю, Г. Марсель .
2 бағыт:
діни (Ясперс, Марсель)
атеистік (Хайдеггер, Сартр)
Негізі мәселесі - адам оның өмірі, бостандығы, жауапкершілігі
Экзистенциализмнің пайда болуының себептері:
- әлеуметтік-экономикалық себептер (1-ші және 2-ші дүние жүзілік соғыстар
мен соғыс саладарнан кейінгі әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар);
-
рухани адамгершілік себептер (адам психикасына әсер еткен себептер);

6.

ЖАН-ПОЛЬ САРТР

7.

Жан-Поль Сартр (1905-1980)
басты еңбектері – «Өзге болмыс», «Экзистенциализм – ол
гуманизм»
адам өмірінің маңызды шарты, желісі, белсенділігінің негізі –
бостандық;
Адам өз бостандығын таңдау арқылы көрсетеді; мұндай өмірлік
маңызды таңдау Сартрда экзистенциалды таңдау деп аталады.
Адам өз алдына жауапкершілік алады, ол үшін «дәлелі, сылтауы
(алиби) болмайтын», жауапкершіліктен қашатын мүмкіндік жоқ.
Қорқақ өзінің қорқақтығы үшін, сатқын
сатқындығына жауап береді.

8.

АЛЬБЕР КАМЮ

9.

Альбер Камю (1913-1960)
• Нобель сыйлығының лауреаты
• Басты еңбектері – «Сизиф туралы аңыз», «Бүлікші адам».
философиясының мәселесі – адам өмірінің мағынасыздығы.
«Адамды қоршаған дүние мәнсіз, абсурд»
Оның екі дәлелі бар:
өліммен жүздесу - өмірде маңызды деп көрінетіндер
(мансап, байлық, байланыстар) мәнін жоғалтып, мағынасыздыққа
айналады;
дүние мен табиғатпен астасу – адам миллиондаған жылдар
өмір сүріп келе жатқан табиғат алдында шарасыз екендігін сезіну.
Камю бойынша өмір мағынасы – сыртқы дүниеде емес, адам
тіршілік етуінде, бар болуында.

10.

Альбер Камю (1913-1960)
•Дүниенің өзі абсурдқа айналғанда адам өмірінің мәнін іздеудің өзі
қисынсыз екендігін мойындағанымен, Камю өмір мәндік ізденісті тоқтатпауға
бекінді, өзінің ойы арқылы уайым-қайғысыз, қазақша айтсақ, «бір жөні болар»
деп ойын-күлкімен өмір кешкендерді де, тағдырға бас иіп, өмірге
құштарлығын жоғалтып, жасығандарды да оятуға ұмтылды.
Абсурдпен күресу керек. Камюдің бұл шешімінің дәлелі «Сизиф туралы
аңыз» шығармасын жазуы және фашизмге қарсы қозғалысқа қатысуы.
Бұл еңбектегі өзекті философиялық идея – адам өмірінің мағынасыздығы.
Оны Грек аңызының кейіпкері – Сизифпен байланыстырды.
Сизиф мәңгі-бақи тау басына тас домалатуға жазаланған, тас шың басына жете
бергенде қайтадан төмен қарай домалайды.
Адам өмірі де осындай – бір нәрсені бітірісімен келесі басқа нәрсені
бастап, үнемі еңбек пен қиыншылықтарды бастан кешіреді.

11.

Альбер Камю (1913-1960)
•Камюдің ойынша, «шын мәнінде байыпты бір сұрақ бар –
бұл өзін-өзі өлтірушілік туралы сұрақ.
• Өмір сүруге тұратындығы әлде тұрмайтындығы
туралы пікір айту философияның негізгі сұрағына
жауап беруді білдіреді... Қалғанның бәрі – әзіл-қалжың,
өйткені бәрінен бұрын философияның негізгі сұрағына
жауап беру керек»
(Камю А. Бунтующий человек)

12.

МАРТИН ХАЙДЕГГЕР

13.

МАРТИН ХАЙДЕГГЕР (1889-1976 жж.)
• басты еңбегі – «Болмыс және уақыт»
Адамның болмысын құрайтын оның экзистенциясы. Осы экзистенция
дүниенің жалпы бейнесінің негізі деген экзистенциалдық онтологияны
Хайдеггер ұсынды.
Адам болмысы – болмыс-сана немесе Daseіn категориясы арқылы
қарастырды.
Daseіn категориясының мәні – қазіргі болмыс, осы арадағы болмыс.
Адам өзінің «пендешілігін», «өткінші өмірін» мойындап, өзінің
алдында үнемі «ажал тұрғанын» сезініп, өмірдің әрбір сәтінің
маңыздылығын көре білу керек.

14.

Психоанализ
psyche

жан
+
analysis

ажырату, бөлшектеу, талдау)
адам өмірі мен қоғамдағы бейсаналықтың рөлін,
психикалық процестерді түсіндіретін ілім
(гр.
•негізін салушы австриялық ғалым, психиатр Зигмунд
Фрейд (1856-1939)
•Өкілдері: Альфред Адлер, Густав Юнг, Эрих Фромм.

15.

ЗИГМУНД ФРЕЙД

16.

Зигмунд Фрейд (1856-1939)
•Оның басты еңбектері «Мен және Ол», «Тобыр психологиясы мен
адам», «Тотем мен табу»
Фрейд ашқан 2 жаңалық:
1. бейсаналық – санамен қатар тіршілік ететін және белгілі жағдайда
сананы бақылайтын, әрбір адамға тән айрықша психикалық
реалдылық;
2. ығыстыру реакциясы – жағымсыз эмоция, теріс тәжірбие т.б.
адамның психикалық саулығы мен теп-теңдігін бұзатынның бәрінің
психикалық қорғаныш тәсілі ретінде санадан ығыстыру.

17.

Зигмунд Фрейд (1856-1939)
Психиканың динамикалық схемасы:
1. «Ол» (ID) - адам ойлары мен тілектері сақталған бейсаналдық әлем;
2. «Мен» (Еgo)- психиканың барлық бөліктерін біріктіріп тұрған адам
санасы;
3. «Жоғарғы-Мен» (Superego) - тұлғаға ықпал ететін, қысым жасайтын
сыртқы шынайылық: заңдар, тиымдар, мораль, мәдени дәстүр
«Мен» «Олды» өзіне бағындыруға тырысады. Оның сәті сирек түседі
керісінше «Ол» «Менді» өзіне бағындырады. «Менді» «Жоғарығы-Мен» де
(тиымдар, нормалар) бағындырады.

18.

Зигмунд Фрейд (1856-1939)
Бейсаналықтың ядросы - Эрос және Танатос
• Эрос (өмір инстинкті) – адамның жасаушылық тәртібі жатыр. сол
арқылы өз қажетіліктерін өтеп, ұрпақ жалғастырады.
• Танатос (өлім инстинкті) – адамды қауыпты, бөтен көрінетіннің
бәрін жоюға итермелейді. Адам өмірі Эрос пен Танатостың өзара
тоқтаусыз әрекеті.

19.

КАРЛ ГУСТАВ ЮНГ

20.

КАРЛ ГУСТАВ ЮНГ (1875-1961)
•З.Фрейдтің шәкірті, архетиптер теориясын қалыптастырды. Оның басты еңбегі:
«Метаморфозалар және либидо рәміздері».
АРХЕТИПТЕР — ол коллективтік бейсаналық, жалпы адамзаттың
түпбейнелері (первообразы), бұрыңғы кезеңдерде өмір сүрген
адамзаттың білімі мен рухын бейнелейтін рәміздер. Олар адамның санасында
көрініс табады. Архетиптер түстер, мифтер, көркем шығармалардың
рәміздерінде,
психикасы ауру адамдардың сандырағында, галлюцинацияларда көрініс
табады.
Юнг бойынша мынадай архетиптер бар: жер- ана, данышпан ақсақал,
демон, батыр, анима мен анимус, көлеңке, маска архетипі т.б.
Юнг мінездер типологиясын қалыптастырып, оларды екіге бөледі:
1. интроверттер, ішкі дүниеге түңілген адамдар,
2. экстраверттер, сыртқы дүниеге бағытталған адамдар

21.

Бертран Рассел

22.

ПОЗИТИВИЗМ , НЕОПОЗИТИВИЗМ
•(лат. positives – дұрыс пікір) – “дұрыс білімді” білімнің
негізі деп ғылымды санайтын философиялық бағыт .
•Позитивизмнің мақсаты – философияны толып жатқан
бос, пайдасыз ойлардан азат етіп, тек қана дұрыстарын,
пайдалыларын қалдыруды көздеді.
•Тек тәжірибе немесе ғылыми эксперимент арқылы
тексерілген позитивті, жағымды білім ғана ақиқат,
•Позитивизм терминін енгізген француз философы – О.КОНТ.
•Неопозитивизм
К. Поппер
Б. Рассел, Л. Витгенштейн,

23.

Ч.С. Пирс (1839 — 1914)

24.

ПРАГМАТИЗМ
•ПРАГМАТИЗМ (грекше рragma – іс, әрекет, қимыл деген сөз) – субъективтік
философиялық ағым. Басты міндеті – білімнің маңызын оның практикалық
нәтижелері арқылы белгілеу. XIX ғасырдың 70-жылдары АҚШ-та пайда
болды.
Бұл бағыттың негізін қалаушы америка философы, математик ЧАРЛЬЗ ПИРС
(1839-1914 жж.)
ДЖОН ДЬЮИ ақиқатты пайдамен теңестіріп, егер ол жетістікке
жетудің «құралы», «аспабы» болса, онда идеяны ақиқат деп есептейді.
Прагматизм американдық өмір мен мәдениеттің нақты
сипатын көрсетеді, мұнда іскерлік, практикалық бағыт
манызды болып табылады, ал табыс пен таңдау еркіндігі ең
жоғары құндылықтар ретінде танылады.

25.

Негізгі идея -интеллект тек шындықты
көрсетуге арналмаған; оның мақсаты — оны
біздің қажеттіліктерімізге сәйкес өзгерту.
Адам-бұл ойлаушы емес, орындаушы.
Педагогикада Дьюи білімді есте сақтау мен
көбейтуден бас тартуға шақырды.
Оқытудың мақсаты-проблемаларды өз
бетінше шешу қабілетін дамыту.

26.

Постмодернизм
Ерекше құбылыс ретінде постмодернизм өзін ХХ ғ. 70-ші
жылдары айқын көрсетті.
Постмодернизмнің табиғатын зерттеуге 1979 жылы жарық
көрген Ж.Ф.Лиотардың «Постмодернизмнің күйі» атты
шығармасы арналды.
Өкілдері: батыс ойшылдар
Ф.Гваттари, У.Эко.
Ж.Бодрийяр,
Ж.Делез,

27.

Жалпы, постмодерндік адамның
көзқарасын неофатализм деп анықтауға
болады.
Оның ерекшелігі - адам енді өзін
тағдырдың қожайыны ретінде
қабылдамайды.

28.

Постмодернизм философиясына дейін
модернистік философтар адамдардың
өміріне, сеніміне, ақыл-ойы мен
ағартушылығына баса назар аударды.
Енді, керісінше, философтар әлемге,
ғылымға және жарқын болашаққа
деген сенімге қарсы шығады.

29.

Постмодерндік адам өзін-өзі
қанағаттандырмайды және өзін-өзі
қамтамасыз етеді: қазіргі уақытта
оның тірегі жоқ. Оның болашаққа
сенуіне де негіз жоқ, өйткені оның
"ертеңі" болжау мүмкін емес, қауіпті,
қауіпті болды.

30.

Гуманитарлық ойдың
өзекті бағыттары
Ақпарат философиясы
Экологиялық философия
Биоэтика
Практикалық философия (Саясат философиясы,
Құқық философиясы, Тарих философиясы, Ғылым
философиясы, Отбасы философия, Табыс
философиясы)

31.

Қазіргі "философиялық өрісте"
пәнаралық қиылыстар пайда болды:
космолог Стивен Хокинг (1942-2018)
изобретатель,предприниматель Стив Джобс (1955-
2011)
политолог Самюэль Хантингтон (1927-2008)
политолог, писатель, экономист Фрэнсис Фукуяма
(р. 1952)
футуролог Реймонд Куртцвейл (р. 1948)
статистик и риск-менеджер Нассим Николас Талеб
(р. 1960)

32.

Қорытынды
Қазіргі философия әлемді өзгертудің бір
ғана жолы бар деп санайды – адамның
өзін өзгертуі.
Егер әр адам өзінің күш-жігерімен, сенімімен,
адам кейпіне енуге тырысып, өзінің тіршілігін
сақтамаса, қазіргі әлем сөзсіз құлдырайды
English     Русский Правила