Похожие презентации:
Зигмунд Фрейдтің психоанализ ілімі
1. «Астана медициналық университеті» АҚ
Тақырыбы: «Зигмунд Фрейдтіңпсихоанализ ілімі»
Орындаған:Ботанбай М.
Топ: 208 ЖМ
Тексерген:Досыбаева Н.
Астана, 2015 жыл
2. Жоспары:
І. Кіріспе:«Зигмунд Фрейд»
ІІ. Негізгі бөлімі:
«Психоанализ ілімі»
«Меннің үш құрамы»
ІІІ. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
3.
Зигмунд Фрейд, нем. Sigmund Freud, толық аты СигизмундШломо Фрейд, нем. Sigismund Schlomo Freud; 6 мамыр 1856
жыл, Фрайберг, Австрия — 23 қыркүйек 1939
жыл, Лондон) — Австрия психологі,
психиатрі және неврологі. Психоанализ ілімінің негізін
қалаушы.
4.
Австриялық дәрігер психолог Зигмунд Фрейд 1856 жылы 6мамырда Фрейбурк қаласында, қарапайым тері сатушының отбасында
дүниеге келеді.
1860 жылы Фрейдтер отбасы Венаға көшеді. 83 жыл өмірінің 80 жылын
Зигмунд осы қалада өткізеді. Үлкен отбасында 8 бала болды, бірақ Зигмунд
өзінің алғырлығымен,таңқаларлық ақылымен,кітапқа деген құмарлығымен
ерекшеленді. Сол себепті оған ата-анасы жақсы жағдай жасауға тырысты.
Сабақ орындау барысында оған ешкім кедергі жасамау мақсатында, Зигмунд
әрқашан керосинді шаммен оқитын, ал басқа балалары шам арқылы оқитын.
17 жасында гимназияны өте жақсы аяқтап, әйгілі Вена
университетіне оқуға тапсырады. Университетте атақты профессорлар
дәріс береді. Сол жерде оқып жүріп Зигмунд Фрейд студенттік
одаққа қосымша тарих, политика, философия жайлы үйрену мақсатында
кіреді
5.
6.
Вена университетін бітірген соң З.Фрейд кәсіби ғылым қызметкері болудымақсат етті. Бірақ физиология институтында Брюккенің қол астында мұндай
жұмыс орны болған жоқ. Осы кезде Фрейдтің материалды жағдайы да болған
жоқ. Өзі сияқты кедей отбасынан шыққан Марта Бернейге үйленген соң
қиындығы көбейе түсті. Фрейд ғылымды тастап өмір сүру үшін жұмыс істеуге
мәжбүр болды. Бұдан шығар бір жол бар еді – ол тәжірибе жинақтаушы дәрігер
болу. Қалайда бұл мамандыққа ол қызығушылық танытпады. Ол невропатолог
ретінде жеке тәжірибе жинақтауға шешім қабылдады. Брейр бұл терминді
эстетикадан алып психотерапияға ауыстырды. Адам саналы түрде сезінбейтін
бұрынғы әсерлер, еске түсірулер елестетулердің адам санасына ықпалы
философтар мен психологтарға бұрыннан ақ белгілі болған. Брейр мен
Фрейдттің жаңа идеяларының мәні мынада: адам саналы түрде сезінбейтін
күйлерге қарсылық білдіреді. Ал бұл күй сезім және қозғалыс органдарының
түрлі ауруларға шалдығуына әкеледі. (тіпті уақытша дәрменсіздік күй тудыруы
мүмкін). Гипноз әдісін әсіресе француз ғалымдары өте сәтті қолданған.
Олардың тәжірибелерін зерттеу үшін Фрейд Парижге атақты невролог
Шаркоға барады (бүгінде ол дәрігер физиотерапия әдісінің бір түрі – «Шарко
жаны» әдісімен байланысты медицинада белгілі).
7. Психоанализ ілімі
8.
Психоанализ — Австрия ғалымы Зигмунд Фрейд қалыптастырған XX ғасырмәдениетінің барлық саласына зор ықпал еткен психологиялық ілім және
психиатрияны емдеу әдіснамасы. З. Фрейд өз зерттеуін бастаған кезде
психиатрия ғылымы биологияның ықпалына айырықша ұшырағаны соншылық,
психологиялық құыбылыстардың қалыптасуы мен дамуын түсіндіру және
рухани ауруларды емдеу түгелдей өнеркәсіп дәуіріне тән механикалық
әдістермен орындалатын. Фрейд 1885 жылы Парижде әйгілі психиатр, қосымша
митанушы Charcot-тан тәлім алып, Charcot-тың қояншық\ (истерия) ауыруын
зерттеуінің ықпалына ұшырады. Сөйтіп ол бала кездегі рухани жарақат пен
жайсыз кешірменің кейінгі өмірдегі көңіл күйге әсерін зерттей бастады.
Алғашқы емі Anna O деп аталған Josef Breuer деген қыздың психологиялық
ауруына психоанализ жасаудан . Ол кезде фрейд гипноз және сөйлетіп емдеу
(talking cure) тәсілдерін қолданып, емделушінің көңілін мазалаған, алаңдатқан
астыртын істі ашуға тырысты. Кейін фрейд гипноз амалы арқылы ауырудың
кезінде көңілінде жарақат қалтырған оқиғаны тауып шығуға тырысты. Бірақ бұл
ауруды жақсартпаған соң фрейд басқа амалдарды қарастырды.
9. Психоанализдің бейресми таңбасы
10.
Психоанализдің басты ережелері• Адамның ата тегіне тартқан мінезіне дейінгі барлық психологиялық
қасиеттерін бала кезіндегі кешірмесі белгілейді.
• АДамзаттың ісін, кешірмесін және танымын негізінен адамның
иррационалды (жабайы, ақылсыз, нәпсілік) аңсары қалыптастырады.
• Бұл аңсарлар незінен санасыз күйде болады.
• Осынау санасыз аңсарларды саналы қабатқа әкелу психологиялық өзөзін қорғау механизмінің қарсылығын туғызады.
• Сана мен астынсана (шектелген, жасырынған сана) және нақты
шындық арасындағы қайшылықтан рухани соққы пайда болады,
ауытқулар туады, психологиялық аурулар келіп шығады.
• Осынау тосылған, тұйықталған астынсаналық оқиғаны (әлдеқашан
ұмытылған ерекше ұятты оқиғаның жасырын ықпалы) белгілі
кәсіптік амалдар арқылы рухани ауруға білдіруге болады. (Қазақтың
"көйлектің кірі жуса кетеді, көңілдің кірі айтса кетеді" деген
мақалында айтылғандай, өзі ұмытып қалған "өз сырын" білген соң
адам психикалық ауытқудан айыға бастайды екен).
11. Меннің үш құрамы
Фрейд адам психикасын Өз (It), Мен (Ego), Жоғары Мен (Superego)сынды үш бөліктің өзара байланысы арқылы түсіндіреді.
Астынсана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты
ретінде көрініс табады. Оның қойнауында адамның жасырын жан
сезімдері, құмарлығы мен ынта-қалауы ұялаған. Бұл құрылым
«ләззаттану ережесін» басшылыққа алады. Фрейд оны It (өзі,
нәрсеге қаратылатын ол мағынасында, "Өз" деген сөз жақын
келеді) деп атап, «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп
бағалайды. Адамның саналы Мені — Өз бен (Астынсана) қоршаған
дүние арасындағы делдал рөлін ойнайды. Бұл құрылым
«шынайылық ережесін» басшылыққа алады, оның мақсаты —
адамның астынсанасына қызмет көрсету. Адам Мені Өзді өзіне
бағындыруға тырысады, алайда кейде Өздің ықпалында болады.
Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейтін
тәрбиелік, этикалық, адамгершіліктік, діни, рухани сананы
көрсетеді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе астыртын күнә
сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін.
12.
Астынсанада белгілі бір жағдайдасана аймағынан ауытқып кететін
әлементтер болады. Мен қабылдау
мен қозғалыс органдарының жүйесін
бақылайды. Жоғарғы Мен арулану
(сублимация) арқылы Эдип
комплексін шешкеннен кейін пайда
болатын ең жас құрылым. Тиым
салынған ЛИБИДО (жыныстық
қуат) импульстары мәдени
шығармашылықтың қайнар көзі мен
құпиясы есептеледі. Мәдениет
адамды жүйке науқасы (неврозға)
ұшырататын тиым салулар жүйесі
ретінде көрініс табады, ал екінші
жағынан шығармашылық фантазия
және оның рәміздік бейнеленуі
арқылы либидо энергиясының
(қуатын) босатуға (сыртқа шығаруға)
мүмкіндік береді.
13.
Фрейд адамның психологиялық өмірітуылған соң басталады деп санайды, ал
жаңа туған сәбиді ол «tabula rasa» (таза
тақта) деп атайды. Кейде ол организмнің
анықталмаған бейімділігі туралы, тіпті
адамның түс көруі мен қиялында орын
алатын филогенездік сипаттағы, өзіне тән
архаикалық еске түсірулер туралы айтады.
Фрейд психикалық процесстер
динамикасында инстинкті құмарлықтар
шешуші рөл атқарады деп санайды. Оларды
Фрейд психикалық және тәндік аймақтарды
байланыстыратын күштер ретінде
қарастырады.
14.
Ол жыныстық құштарлықтар мен эгоның жыныстық емес,өзін-өзі қорғау инстинктілері кіретін бастапқы дуализм туралы
идеяны алға тартты. Ол жыныстық инстинкт — либидоға көп
көңіл бөледі. Ол жыныстық құмарлықтың бастауы балалық
шақта жатқандығын байқады. Фантазия адам бойындағы
агрессивтілікті жеке инстинкт деп қарастырады. Оның
бастауы сүйек еттерінде жатыр, ал оның мақсаты —
талқандау.
Кейінгі еңбектерінде Фрейд екі тұрлі инстинктер бар деген
болжамды алға тартты: олардың бірі тіршілікті сақтауға
бағытталса, енді бірі тіршілікке қарсы әрекет етеді, оны
неоорганикалық күйге қайтаруға талаптанады. Оның түпкілікті
қорытындылары «Психоанализ очерктері» еңбегіндегі баяндалған
өлім инстинктінің рөліне қатысты. Мұндағы махаббат
инстинкті (эрос) мен өлім инстинктінің (танатос)
дихотомиясы психоанализ теориясының басты тақырыбына
айналды.
15. Психоанализшілердің халықаралық құрылтайы
16. ІІІ. Қорытынды:
Фрейд психологияға келгенде бұл ілім сана туралы ғалым депсаналды. Бұл жерде сана деп – адамның өз жанындағы (ішкі
дүниесіндегі) өтіп жатқан құбылыстар туралы тікелей білуі
аталады. Психологияның негізі де білудің дәл осы түрі еді.
Фрейд өзінің медициналық тәжірибесіне сүйене отырып
санасыздық күйкүштерін зерттей бастады. Ол емдеген адамдар
өздерін не қызықтыратынын, жан дүниесін не ауыртқанын
білмегендіктен ауруға ұшыраған. Тек гипноздың көмегімен сана
бақылауын қадағалау арқылы тұлғаны ауруға шалдықтырған
оқиғалар ізін табуға мүмкіндік туды. З.Фрейдтің бұл жердегі
батыл қадамы санасыздық күйі психикасының түрі
қалтарыстарын зерттеуде болды. Адамның жан дүниесінің
құпияларына барар жолды ол сана психологиясынан да,
физиологиясынан да емес санасыздық күйі психологиясынан
іздей бастады.
17. Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Орысша-қазақшатүсіндірме сөздік:
Философия/жалпы редакциясын басқарған
э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО»
ҒӨФ, 2006.
2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың
түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь,
2007.