Похожие презентации:
Ауру тудыратын бактериялар
1.
Оңтүстік қазақстан мемлекеттікпедагогикалық университеті
Ауру
туғызатын
бактериялар
Қабылдаған: Исалиева Н.
Дайындаған Асилхан Н
Тобы : 1301-31
2.
Жоспар:Кіріспе
Жалпы бактерияға сипаттама
Негізгі бөлім
1 . Ауру туғызатын бактериялар
2 . Адамға пайдалы бактериялар
3 . Сальмонеллез бактериясы
4 . Дизентерия , Оба , Сіреспе Топалаң, Туберкулез , аурулары
5. Симбиотикалық бактериялар
6. Бактериялық аурды қалай емдейді?
Қорытынды
Пайдаланылған əдебиеттер
3.
КіріспеБактериялар (көне грекше: βακτηρία - «таяқша») — тек микроскопта ғана
көрінетін аса ұсақ жасушалар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады
бірақ көбінесе нейтралды қызметті атқарады.
Бактерия - бір жасушалы организм, көбісі таяқша пішінді болып келеді.
Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар
кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк-жасыл қызыл түсті өкілдерін
цианобактериялар деп атайды; ядросы, митахондриясы, пластидтері
қалыптаспаған өте кішкентай біржасушалы организмдер.Бактериялар –
табиғатта ең көп тараған, негізінен бір жасушадан тұратын, оқшауланған
ядросы жоқ, қарапайымдылар. Алғаш рет бактерияларды 17 ғасырда голланд
ғалымы, микроскопты жасаған – Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда
бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер,
неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді.
Бактериялардың жасуша құрамында тұрақты жасуша қабаты, цитоплазмалық
мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Ядроның қызметін
дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады. Бактериялар ядросы
мембрана қабығымен оқшауланбаған және онда хромотин жіптері түзілмейді.
4.
Ауру туғызатын бактерияларАуру туғызатын бактериялар (Болезнетворные бактерии) — көбінесе
бір жасушалы болып келетін, тек микроскоппен ғана көруге болатын
белок текті ұсақ организмдер.
Ауру туғызатын бактериялар қарапайым, өте тез бөліну жолымен
көбейеді, бірақ олардың көпшілігі күн сәулесі, дезинфекциялағыш
ерітінділер әсерінен, сондай-ақ қайнатқан кезде тез өледі. Төменгі
температураға және суыққа төзімді, өзінің ауру туғызғыштығын
толық сақтайды. Ауру туғызатын бактериялар оба, тырысқақ,
түйнеме, күйдіргі және т.б. ауруларды туғызады.
5.
Адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді ауруғашалдықтыратын бактериялар тобы ауру туғызатын
бактериялар деп аталады. Бактериялардың оба, сіреспе,
туберкулез, іш сүзек, баспа, топалаң және т.б. сияқты
ауруларды туғызатыны ертеден-ақ белгілі болды. Ауру
туғызатын бактериялар адам денесіне енген соң оның
ағзалық затымен қоректеніп, тез көбейе бастайды. Сөйтіп
өзінен бөлінген улы заттармен ағзаны улайды (мысалы, баспа
мен сіреспе аурулары кезінде, ағзаның қанайналымына улы
заттар шығарады).
Қан улы заттарды ауру адамның бүкіл денесіне таратады.
Ауру туғызатын бактериялар ауада, суда, тағамда
болатындықтан, солар арқылы сау адамдарға жұғады.
Көпшілік орындарда, бөлмеде неғұрлым ауа таза болса,
соғұрлым адамдар аз ауырады.
Оба мен көкжөтел бактериялары ауада тез жойылады.
Туберкулез таяқшалары лас шаңда 3 айға дейін тіршілік етіп,
шаңмен бірге ауаға таралады. Сондықтан үйді, сынып
бөлмесін күнде желдетіп отыру қажет. Оба бактериясы
топырақта 25 күнге дейін, ал іш сүзегінің бактериясы 3 айға
дейін сақталады. Ауру туғызатын бактериялар мен (4-сурет)
адамдардың жаппай ауруын індет (эпидемия) дейді.
6.
Адамға пайдалы бактерияларМикроорганизмдердiң адам үшiн маңызы
зор: бiрiншiден, олар биосферада үлкен рөл
атқарады және екiншiден, оларды әртүрлi
әдiстер арқылы қажеттi мақсатта қолдануға
болады.
Осыған қарамастан, бiз күнделiктi қолданыс
заттарының, соның iшiнде қоректi заттар мен
энергия көзiнiң алыну әдiсiнiң түбiрiмен
өзгертетiнiне сенiмдiмiз. Биотехнологияның
өркендеуi көп жағынан генетикамен
байланысты. Генетикалық бiлiмнiң
жиналуынан, кез-келген организм генiмен,
соның нәтижесiнде, айналымға қатысуға
еркiн мүмкiндiк алдық. Осылай гендiк
инженерия пайда болды.
Кейбіреулер адамдар үшін пайдалы
бактериялар болып табылады Escherichia coli, E. coli,
Bacteroides сынғыштары, Lactobacillus
acidophilusбасқаларымен қатар. Бактериялар - барлық
жерде кездесетін жəне көптеген прокариоттық
микроскопиялық организмдер. Біз оларды əртүрлі
мөлшерде жəне формада кездестіреміз.
Олардың адамдармен қарым-қатынасына келетін болсақ,
бұл түрлерге жəне олар дамып отырған ортаның
биотикалық жəне абиотикалық жағдайларына
байланысты жағымды, жағымсыз немесе бейтарап
салдары болуы мүмкін.
7.
Сальмонеллез бактериясыСальмонеллез — жұқпалы ішек ауруы. Аурудың
қоздырғышы — сальмонелла туысына жататын
таяқшалы бактериялар. Бұл бактерияларды алғаш рет
1885 ж. Америка ғалымдары Дж.Смит пен Д.Е. Сальмон
обамен ауырған шошқалардан тапқан. Қазіргі кезде
2500-ден астам сальмонелла бактериясы бар.
Сальмонеллалар сыртқы ортада қолайлы жағдай туса,
көбейе береді. Олар суда 5, ет-шұжық, сары майда 4
айға, сүтте 20 күнге, ірімшікте 1 жылға дейін тіршілігін
жоймайды. Малға беретін жемдерде 10 ай, топырақта
18 айға дейін сақталады. Сальмонеллар — негізінен
көптеген жабайы және үй жануарларының ішек
жолының қалыпты микрофлорасы. Адамдарға
Сальмонеллез әр түрлі үй жануарлары мен құстардан
жұғады. Ауру, әсіресе, нәрестелер мен қарт адамдарда
ауыр өтеді. Ауруды лаб-да арнайы бактериол. (қан, нәжіс,
құсық қалдығы, т.б. алынады) және серол. әдіспен
(Видаль реакциясы, т.б.) анықтайды. Емі: асқазанды
жедел жуып-шаяды, дененің улануын әлсірететін,
жоғалтқан тұз-су балансын қалпына келтіретін әр түрлі
сұйықтықтарды тамырға құю, витаминдер,
бактериофагтар, антибиотиктер (левомицетин,
циклофлоксацин, т.б.) қабылдау. Сальмонеллез бен
күресу және оның алдын алу үшін сан.-гигиен.,
8.
ДизентерияДизентерия-антропонозды
бактериальды ауру. Жұғу
механизмі фекальдіоральді. Клиникалық
картинасы комплитикалық
синдроммен және жалпы
интоксикациялық
синдроммен белгіленеді.
Ауру туғызатын бактерия Шигелла.
9.
Оба ауруыОба(лат. pestіs – кенеттен басып кіру) – аса
қауіпті зоонозды табиғи ошақты карантиндік
жұқпалы ауру. Обаның өкпелік, ішектік, терібубондық, септикалық түрлері болады. Себебі
Үеrsіnіа реstіs, бактериялық тобына жататын
табиғи - ошақты жұқпалы ауру; адамға жанасу,
ауа - тамшы және алиментарлық жолмен
жұғады, сонымен қатар тасымалдаушылар бүргелер арқылы жұғады карантиндік
инфекцияға жатады
10.
Топалаң
Топалаң – жануарлар мен адамдарда
болатын аса жұқпалы ауру. Ауыл
шаруашылық малдарының барлығы
және жабайы жануарлардың көптеген
түрлері ауырады. Топалаңмен ауырған
кезде көршиқандар шығады, түрлі
ағзалары серроздық-геморрагиялық
қабынады. Қоздырғышы капсула мен
спора құратын Bacіllus anthracіs
бацилласы жер қыртысында көбейеді
және ондаған жылдар бойы сақталады
11.
СіреспеСіреспе (лат. Tetanus) — бұл малдың
қиында немесе адамның дәретінде
болатын микробтардың жарақат
арқылы организмге түсуі салдарынан
пайда болатын ауру. Микроб терең
немесе лас жараларға түссе аса қауіпті.
Мына жарақаттарда сіреспенің болуы
мейлінше ықтимал:
Хайуандардың қауып тістеуі, әсіресе ит
пен шошқаның.
Оқ тиюден және пышақтан болған
жарақат.
Лас иненің кіруі.
12.
ТуберкулезТуберкулез (лат. tuberculum – төмпешік),
ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен
жануарларда болатын созылмалы
жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы
– микробактерияны (“Кох таяқшасын”)
неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910)
ашты (1882). Туберкулез
микобактериялары жіңішке, түзу не сәл
иіліп келген таяқшалар, ұзындығы
13.
Симбиотикалықбактериялар
Сүтқоректiлер мен басқа жануарлар
целлюлозаны қорыта алмайды,
себебi целлюлоза ферментi жоқ.
Шөппен қоректенушi жануарлардың
қорегiнiң негiзгi массасы жасұнық
құрайды. Бiрақ олардың iшектерiнде,
жасұнықтарды қорытатын
симбиотикалық бактериялар мен
қарапайымдылар тiршiлiк етедi.
Жанама түрде бұл бактериялар
адамға да қызмет етедi, себебi адам
үй жануарлар етiн қорек ретiнде
қолданады.
14.
Бактериялық аурдықалай емдейді?
Пенициллин дәрісін (антибиотик)
қабылдағанда ауру қоздырғыш
бактериялар тіршілігін жояды. Сондықтан
да бактериялар қоздыратын түрлі
ауруларды пенициллин, ампициллин,
бисептол сияқты дәрілермен емдейді.
Адамға суық тиіп ауырғанда да ағзада
бактериялар көбейіп кетеді. Сондықтан ол
аурулы антибиотиктердің көмегімен 2-24
сағат арасында жазып жіберуге болады.
Ертеде (VI ғасырда) Қытайдан басталып,
Еуропаға таралған оба ауруы күніне (үлкен
қалаларда) он мыңдаған адамдардың
қазаға ұшырауына себепші болған.
15.
Қорытынды
Бактериялардың халық шаруашылығында да маңызы зор. Оны өте
ертеден– ақ, ірімшік жасау, сүт тағамдарын ашыту, тері илеу, сүрлем
дайындау үшін қолданған. Мата былғары өнеркәсібіне кеңінен
пайдаланады. Бактериялар сүттің құрамындағы қант пен қоректеніп,
сүт қышқылын түзеді. Сүт қышқылы сүтті ашытып, айранға
айналдырады. Сірке қышқылы бактерияларының көмегімен тамаққа
пайдаланатын сірке суы алынады. Оны қияр, саңырауқұлақ, алма,
қарбыз т.б. жемістерді тұздау үшін қолданады.
Әдейі ауру тарату үшін қоздырғыш бактерияларды, вирустарды,
саңырауқұлақ түрлерін арнайы қоректік ортада егеді. Оны
бактериялогиялық қару деп атайды.
16.
Пайдаланылғанәдебиеттер
1. Шигаева М .Х., Канаев А. Микробиологи және бактерия
мен вирусология негіздері. 2012.
2. Шлегель. Общая микробиология. 2005.
3. М.Х.Шигаева. Экология микроорганизмов.
Алматы, Қазақуни-ті, 2002.
4 .М.Құлдыбаев. Ауыл шаруашылығы
микробиологиясы. Алматы, Білім, 1994.
5. Ж.Қожантаева; « Биология» 7 сынып оқулығы Алматы « Атамұра» 2011ж;