177.00K
Категория: ЭкономикаЭкономика

Кәсіпкерліктің негіздері және кәсіпкерлік қызмет

1.

Кәсіпкерліктің негіздері және
кәсіпкерлік қызмет
1. Кәсіпкерліктің даму тарихы.
Кәсіпкерлікті дамытудағы шетелдік
тәжірибелер
2. Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау
жағдайлары, мемлекеттік реттеу
-Кәсіпкерліктің сыртқы және ішкі
ортасы

2.

• Кәсіпкерлік түсінігін алғаш рет ағылшын
экономисті Ричард Кантильон ХҮІІ ғ-ХҮІІІ
ғасырдың басында енгізген. Оның
пікірінше, кәсіпкер- тәуекел жағдайында ісәрекетін жүзеге асыратын адам.
• Ричард Кантильон –(1680-1734)Ағылшындық банкир, экономист,
демограф.

3.

• Экономист-ғалымы А. Смиттің пікірінше
кәсіпкер- капиталдың меншік иесі бола
отырып, белгілі бір коммерциялық
идеяларды жүзеге асыру және пайда табу
үшін тәуекелге баруы. Кәсіпкер өзі
жоспарлайды, өндірісті ұйымдастырады,
оның нәтижелеріне иелік етеді.
• Адам Смит- (1723-1790)-шотландиялық
экономист, философ-этик; қазіргі заманғы
экономикалық теорияның негізін
салушылардың бірі.

4.

• Экономисті Ж.Б. Сэй кәсіпкерлік қызмет негізгі
үш өндіріс факторының яғни жер, капитал,
еңбектің өзара үйлесуі мен бірігуі нәтижесінде
орын алады деп сипаттаған. Ол кәсіпкерді
тәуекелге бара отырып, өз есебінен өз
пайдасы үшін қандай да бір өнім өндіруді
қолға алған адам деп есептейді.
• Жан Батист Сэй- (1767-1832) француз
экономисті,политэкономияның классикалық
мектебінің өкілі

5.

• Экономисті А. Маршалл жоғарыда атап өткен
үші өндіріс факторына (жер, капитал, еңбек)
төртінші фактор ретінде ұйымдастыруды
қосты.
• Альфред Маршалл-(1842—1924) — ағылшын
экономист, экономика ғылымының
неоклассикалық бағытының негізін салушы,
кембридж экономика мектебінің өкілі

6.

Экономист Дж. Б. Кларк өнідірістік процеске
тұрақты түрде төрт фактор қатысады деп есептейді.
Капиталдық
игіліктер-өндіріс
құралдары мен
жер
Кәсіпкердің
қызметі
Жұмысшының
еңбегі
капитал
Өндіріс
Джон Бейтс Кларк (1847-1938) — американдық экономист, американдық
маржинализм мектебінің негізін салушы, шекті өнімділік теориясының авторы

7.

• Американдық ғалым Й. Шумпетер кәсіпкер түсінігін
«новатор» ретінде сипаттайды. Кәсіпкер-жаңа
технологияларды әзірлейтін новатор.
Й. Шумпетер өндіріс факторларын жаңаша үйлестірудің
төмендегі бес түрін бөліп көрсетті:
1. Жаңа тауарды немесе қызмет түрін дайындау не
болмаса оларды жаңа сапада жасау;
2. Жаңа ғылыми жетістіктер негізінде өндірістің жаңа
әдістерін енгізу не болмаса сәкес игіліктерді
коммерциялық пайдаланудың жаңа тәсілін ойлап табу;
3. Жаңа өткізу нарықтарын ашу;
4. Шиткізаттың жаңа көзін немесе түрін пайдалану;
5. Кәсіпкерлік құрылымдар қызметін ұйымдастырудың
жаңа қағидаларын енгізу.

8.

2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту
мен қолдау жағдайлары, мемлекеттік реттеу
Заңдылық
Жарысқа
қатыспау
шылық
Мемлекеттің
кәсіпкерлік
қызметке қатысуы
кезінде мынандай
қағидалар
сақталуы қажет
Шектеулілік
Негізділік

9.

Мемлекеттің кәсіпкерлікке қызметке
қатысу түрлері
1. Мемлекет кәсіпкерлік қызметке заңды тұлғалардың
жарғылық капиталдарына қатысу және мемлекеттік
кәсіпорындар құру арқылы;
2. Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін
немесе қоғам мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің өзге
мүмкіндігі болмаған жағдайда;
3. Мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілер
пайдаланылған кезде;
4. Қоғамдық өндірістің бәсекелестік жоқ немесе бәсекелестік
жеткілікті дамымаған салаларындағы тауарлар өндірісіне
қоғамдық қажеттілік болған жағдайларда айқындалатын
әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу мақсатында.

10.

ҚР кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың
құқықтық тетіктері

1
2
Құқықтық акт
(заң, стратегия,
бағдарлама)
ҚР
Конституциясы
ҚР Азаматтық
кодексі
Кәсіпкерлікті
дамыту
мен
мемлекеттік қолдау жөніндегі
міндеттер
Әркімнің
кәсіпкерлік
қызмет
еркіндігіне, төз мүлкін кез келген
заңды кәсіпкерлік қызмет үшін
еркін пайдалануға құқығы бар.
Монополистік қызмет заңмен
реттелінеді. Жосықсыз бәсекеге
тиым салынады
Мемлекет кәсіпкерлік қызмет
еркіндігіне кепілдік береді және
оны
қорғау
мен
қолдауды
қамтамасыз етеді.

11.

3
ҚР
үдемелі
индустриялықинновациялық
дамуының 20102014
жж
арналған
мемлекеттік
бағдарламасы
Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау
мемлекет пен бизнестің өзара ісқимылын қамтамасыз ету осы
бағдарламаны
Республикалық
және өңірлік деңгейде іске
асырудың негізгі құралы ретінде
қарастырылады.
4
Қазақстан-2030
стратегиясы
Мемлекет жекеше сектор басты
рөл атқаратын нарықтың заңды
шеңберлерін
құра
отырып,
экономикада
маңызды,
бірақ
шектеулі рөл атқаруға тиіс.

12.

5
ҚР Президентінің
«Қазақстан-2050»
стратегиясы
қалыптасқан
мемлекеттің жаңа
саяси
бағыты»
атты
Қазақстан
Халқына жолдауы
(14.12.2012)
Отандық
кәсіпкерлік
жаңа
экономикалық
бағыттың қозғаушы күші
болып табылады. Шағын
және орта бизнестің
экономикадағы
үлесі
2030 жылға қарай, ең аз
дегенде екі есе өсуге
тиіс.

13.

6 ҚР Президентінің
«Қазақстанның үшінші
жаңғыруы: жаһандық
бәсекеге қабілеттілік»
атты Қазақстан
Халқына жолдауы
(31.01.2017)
Бірінші басымдық – экономиканың
жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы.
(3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг,
цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық
сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және
басқа да перспективалы салаларды дамыту
керек)
Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі
жақсарту және кеңейту. (елдің ішкі жалпы
өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050
жылға қарай кем дегенде 50% болуын
қамтамасыз ету)

14.

7 «Бизнестің жол
картасы 2020»
бағдарламасы
Экономиканың
шикізат
емес
секторларында
өңірлік
кәсіпкерліктің
орнықты
және
теңгерімді өсуін қамтамасыз ету,
сондай-ақ қазіргі тұрақты жұмыс
орындарын сақтап қалу және
жаңаларын құру.
Бағдарламаның міндеттері
1. Жаңа биз нес-бастамаларды қолдау
2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру
3. Экспортқа бағдарланған өндірістерді
қолдау
4.Кәсіпкердің әлеуетін күшейту

15.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдаудың
негізгі қағидалары:
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытудың
басым бағыттары
шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі
шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының және
шағын кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін іске
асырылатын іс-шаралардың қолайлығы
кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық
ынтымақтастық

16.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарына
келесілер жатады:
• кәсіпкерлік субъектілері үшін кадрларды дайындауды,
біліктілігін жоғарлату мен қайта даярлауды ұйымдастыру;
• мемлекеттік қаржылық, статистикалық, материалдытехникалық және ақпараттық, ғылыми-техникалық
әзірлемелер мен технологияларды шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің қолдануында жеңілдік жағдайларды
қалыптастыру;
• шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу,
олардың қызметін лицензиялауда жеңілдетілген реттілікті
бекіту;
• өзіне салық салудың, кедендік баж салықтарын төлеудің
жеңілдетілген режимдерін енгізетін шағын кәсіпкерлік
субъектілері үшін жағымды құқықтық режимді бекіту;
• шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен дамыту үшін
шет елдікті қоса алғандағы инвестицияларды тарту және
қолдану жүйесін құру;

17.

• сауда, ғылыми-техникалық, өндірістік және басқа да
шет елдік әріптестермен байланыстарды қоса
алғандағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы
экономикалық қызметін қолдау;
• қаржылық көздерді анықтай отырып шағын
кәсіпкерлікті несиелендірудің арнайы бағдарламаларын
қабылдау;
• өнімдер өндірісі мен жұмыстар, қызметтерді орындауға
мемлекеттік сатып алуларды жүргізуде шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті беру;
• Қазақстан Республикасы Үкіметіне қарасты шағын
кәсіпкерлікті дамыту бойынша комиссия мен жергілікті
атқарушы органдардың қызметін ұйымдастыру;
• Мемлекеттік органдар шағын кәсіпкерлік субъектілері
қызметін өздерінің құзырлығы шегінде тексеруді
Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекіткен реттілікте
жүргізеді.

18.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен
дамыту жолдары:
қаржылық қолдау көрсету
шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары желілерін
ұйымдастыру
бизнес-инкубаторлар мен технопарктер қызметін
ұйымдастыру
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сенімділік басқару
немесе қолданылмайтын мемлекеттік меншік
объектілерін бір жылдан астам мерзімге жалға беру
жалға беріліген объектілерді шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне қайтарымсыз негізде меншікке беру
немесе өнеркәсіптік өндіріс бен тұрғындарға қызмет
көрсетуді дамыту үшін объектілерді басқаруға беру

19.

• Қазіргі уақытта «Бизнестің жол картасы2020» бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде Жеке
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір
шаралары туралы ҚР Үкіметінің 2016 жылғы
19 сәуірдегі №234 қаулысына сәйкес
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тетіктері
жүзеге асырылып келеді.

20.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде
міндеттерді шешу төмендегі бағыттар
бойынша жүзеге асырылады:
1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;
2) кәсіпкерлік секторды сауықтыру;
3) Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін
төмендету (экспортқа шығаруға
бағдарланған өндірістерді қолдау)
4) Кәсіпкердің әлеуетін күшейту

21.

Бірінші бағыт: жаңа бизнес
бастамаларды қолдау
жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері
бойынша пайыздық ставканы субсидиялау
банктердің жобаларды іске асыруға
бағытталған кредиттері бойынша ішінара
кепілдік беру
өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды
дамыту
бизнесті жүргізуді сервистік қолдау
кадрларды даярлау, жастар практикасы және
әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру

22.

Екінші бағыт: кәсіпкерлік секторды
сауықтыру
борышкерге бюджетке төленетін салық берешегін
(төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа)
өтеу бойынша мерзімін ұзартуды Салық кодексінде
белгіленген тәртіппен көзделетін өсімпұл есептемей
беру мәселесін қарау
қаржы-экономикалық сауықтыру жоспары шеңберінде
кәсіпорындарды сауықтыру бойынша, оның ішінде Қазақстандық
қор биржасынада орналастырылған облигациялар бойынша ішкі
кредиторлар алдындағы берешек бойынша басқа да іс-шаралар
борышкерге банктердің бар кредиттері бойынша
(мақұлдау сәтінде) пайыздық ставканы және жобаны
мақұлданғаннан кейін пайда болатын бір кредиттік
желі шеңберінде жаңа берешекті субсидиялау

23.

Үшінші бағыт: Экспортқа
бағдарланған өндірістерді қолдау
Бағдарламаны іске асырудың
үшінші бағыты өнімді
сыртқы нарықтарға
экспорттайтын кәсіпкерлерді
қолдауға бағытталған.

24.

Төртінші бағыт:
Кәсіпкердің
әлеуетін күшейту:
• Төртінші бағыт халықты кәсіпкерлік
қызметке тартуды, кәсіпкерлікті қолдау
инфрақұрылымын қалыптастыруды және
өндірістерді жаңғырту мен бизнесті
басқарудың қазіргі заманғы үлгілерін енгізу
мақсатында кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуге
бағытталған шағын және орта бизнеске (
ШОБ) мемлекеттік қолдау көрсетуді
көздейді.

25.

Шағын және орта бизнеске мемлекеттік қаржылық емес қолдау көрсету:
1) кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастырудан;
2) кәсіпкерлік әлеуеті бар адамдарды және ісін жаңа бастаған
кәсіпкерлерді «Бизнес-кеңесші» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне
оқытудан;
3) Жұмыс істейтін кәсіпкерлерді «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша
оқытудан;
4) «Жас кәсіпкер мектебі» жобасы (бұдан әрі - «ЖКМ» жобасы)
шеңберінде жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан;
5) жұмыс істейтін бизнесті жүргізуді сервистік қолдаудан;
6) шағын және орта бизнестің алдыңғы қатарлы кәсіпорындарын
консультациялық жобаларды (бұдан әрі - ВАS Бағдарламасы) іске асыруда
қолдаудан;
7) шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқытудан;
8) шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар (бұл «Іскерлік
байланыстар» жобасы») орнатуды қолдаудан;
9) технологиялар мен басқарудың жаңа әдістерін енгізу саласында басшы
қызметкерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттырудан (бұдан әрі - «Аға
сеньорлар» құрамдауышы);
10) «Бизнес-Насихат» жобасы шеңберіңде кәсіпкерлікті насихаттаудан;
11) ірі компаниялардың айналасында шағын кәсіпкерлікті дамыту
жөніндегі серіктестік бағдарламаларды іске асырудан тұрады.

26.

• Кәсіпкерлік орта түсінігіне нарықтық
экономикадағы барлық сұраныстарды
қамтамасыз етуге бағытталған, кәсіпкерлік
қызметпен айналысушылар үшін қабілетті
адамдарға экономикалық еріктілікті
орнықтыратын мемлекеттегі әлеуметтікэкономикалық, саяси, азаматтық-құқықтық
және т.б. Жағдайлар жатады
• .

27.

• Ішкі кәсіпкерлік ортаға: меншіктік капиталдың
қажетті көлемінің болуы; кәсіпкердің қызмет
ету аясын таңдауы және оны дамыту;
фирманың ұйымдық-құқықтық формасын
дұрыс таңдау; әріптестер командасын іріктеу;
нарықты білу және білікті түрде маркетингтік
зерттеуді жүргізу; кадрларды іріктеу және
қызметкерлерді басқару, оларды материалдық
ынталандыру арқылы уәждеме жасау;
кәсіпкерлік құпияны сақтау механизмін
қалыптастыру факторлары жатады

28.

• Сыртқы кәсіпкерлік ортаға :
• экономикалық жағдай;
• саяси жағдай;
• заңнамалық-құқықтық орта;
• мәдени орта;
• инновациялық-технологиялық орта;
• табиғи факторлар жатады.
English     Русский Правила