182.08K
Категория: ЭкономикаЭкономика

Кәсіпкерлік: мәні, түсінігі, оның негізгі түрлері

1.

КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛ
Тақырып Кәсіпкерлік: мәні, түсінігі, оның негізгі
түрлері

2.

Кәсiпкерлiк бұл ерекше экономикалық құбылыс
болып табылады. Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау
оның жалпы экономикалық құрылымы сияқты ұзақ
тарихы мен терең тамыры барын көрсетедi. Орта
ғасырларда “кәсiперлiк” деген термин, одан да бұрын
“антрепренер”
француз
тiлiнен
аударғанда
“делдалдық” дегендi бiлдiредi. Кәсiпкерлiк батыстың
экономикалық теориясында кең түрде XVIII ғасырдан
бастап қарала бастады. Оны атақты ғалымдар
Р.Кантилонаның, А.Тюргоның, Ф.Кэненiң, А.Смиттiң,
Ж.Сэйдiң есiмдерiмен байланыстырады. “Кәсiпкер”
терминiнiң атасы белгiлi ағылшын экономисi Ричард
Кантилон. Ол “кәсiпкер” деп рынок жағдайында
әрекет жасаған адамды айтқан.

3.

Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның
белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның еркін
өмір сүру түрі.
Белсенділік,
іскерлік
адамдардың
мінез-құлқы
типтерімен
байланысты
болатын
шығар.
Кәсіпкерлік
екі
мағынада
пайдаланылады: біреуі – белгілі бір істің түрі; екіншісі – сол іспен
шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап. «Кәсіпкерлік» деген ұғым
өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік
қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы
тап болады.
Экономикалық белсенділік – бұл барлық энергетикалық процесс
тауар өндірісімен айырбас арқылы пайда табуымен байланысты.
Өндірісте, айырбаста шектелген белсенділігін емес, адамдардың
жан-жақты белсенділігін талап етеді. Сондықтан экономикалық
белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін болуы керек.
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі,
қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталды: көпестер,
саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы
дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол
кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы
жабайы түрі.

4.

Кәсіпкерліктің субъектісі – жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар,
біріккен серіктестер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік
қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:
- дербестік және тәуелсіздік;
- экономикалық ынталылық;
- шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
- жаңашылдық.
Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін
кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.
1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал, еңбекті өнім өндіру процесіне қосу
ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі
пайда беретініне сенеді.
2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және
фирманың іс бағытын айқындайды.
3. Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа
технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай
жұмыс істейтін кісі.
4. Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжейтегжейін айқын талдап, қортындысында ие болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек
қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге
өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің
қаржыларын тәуекелге салады.

5.

Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші – мол пайда табу. Өндіріс факторлары жеке
кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде беріледі.
1. Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз алады.
2. Жер, су бергеніне рента алады.
3. Жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбек ақы алады.
4. Кәсіпкерлік табысты пайда деп атайды, ол зиян да болуы мүмкін.
Экономикалық ғылым сирек ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі ғылым
екенін кәсіпкер жеке түсінуі керек. Экономикалық тиімділік – бұл «шығын-өнім»
мәселесін қамтиды. Экономикалық тиімділіктің критериясы әрбір өнім бірлігіне
шаққанда неғұрлым аз шығын жұмсау. Қорытып айтқанда қоғам барлық
ресурстарды тиімді пайдаланып неғұрлым көп өнім өндіруге талаптанады. Ол
үшін ресурстарды толық іске қосып толық қамтуға және өндіріс көлемін толық
қамтамасыз ету қажет. «Толық қамтылу» деген пайдалануға жарамды барлық
ресурстарды іске қосу, жұмысшылар жұмыссыз қалмауы керек; егіске
жарамды жерлер, күрделі жабдықтар бос тұрмауы, яғни барлық жарамды
ресурстарды іске қосу керек. Ресурстардың барлығы жұмыс істесе шығын
көбейеді: жұмысшылар еңбек ақы алады, инвестициялық тауарлар сатылады
т.б. яғни ел байиды, нарық тауарға толады, адамдардың әлеуметтік тұрмысы
жақсарады. Қазақтың мақалы бар «шығын болмай, тығын болмайды» деген.
Қоғамның өмір сүру негізін материалдық өндіріс, яғни адамдарға қажет
байлықты өндіру құрайды.

6.

Бірінші ақиқат:
қоғамның
материалдық
қажеттілігі шексіз
немесе тойымсыз.
Екінші ақиқат:
экономикалық
ресурстар шекті
немесе сирек.

7.

8.

Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-құқықтық
Серіктестер – адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер
болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке
жауап береді. Олар шексіз жауапкершілікті серіктестер, командитті (сенімге
негізделген) серіктестер шектелген жауапкершіліктер.
Ұжымдар (қоағмдар) өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті
қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың
жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал қосымша
жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.
Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады.
Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары.
Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау
пакеттерін сатып алады.
Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі.
Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік,
экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
Консурциум – бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің
бірлестігі.
Сидикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері
жөнінде келісім.
Қаржы - өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.

9.

Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-экономикалық.
1.Шаруашылық серіктестік – толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара
кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес
мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға
қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық
төлейді.
2.Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік
атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның
тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
3.Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның
міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің
үлестерімен жауап береді.
4.Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің
заттарымен жауап береді.
5.Ашық және жабық акционерлік қоғам.
6.Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.
7.Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ.
Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек
мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын
федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.

10.

11.

Кәсiпкерлiк объектiсi – адамның белгiлi қызметi. Кәсiпкердiң соңғы нәтижесi
— өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет. Бiрақ, ең бастысы әр кәсiпкер
осылардың iшiндегi өзiне ең пайдалысын және тиiмдiсiн iске асырады. Мiне
сондықтан да рыноктық экономикада кәсiпкерлердiң басты мақсаты өз
пайдасын барынша максималдау және өндiрiс шығындарын барынша
минималдау болып табылады. Ал кәсiпкердiң табысы көбiне оның өз iсiн қалай
ұйымдастырғанына байланысты. Яғни, кәсiпкер өз iсiн бастағанда және оны
жалғастырғанда үлкен тәуекелге барады. Ал тәуекелдiлiк кәсiпкерлiк
қызметпен бiрге өмiр сүрiп отыратын заңды құбылыс.
Демек, нақты өмiрде кәсiпкерлiктiң объектiсi – новаторлық, жаңашылдық,
ерекше мағынадағы новаторлық өндiрiс, айырбас және бөлудiң түрлi
факторларын комбинациялау. Кәсiпкерлiк әр кезде де белгiлi бағытта
ұйымдастырылады, нақты формалары бар. Кәсiпкерлiктiң шаруашылық
жүргiзу тәсiлi ретiнде бiрнеше жалпы белгiлерi бар. Оның iшiнде негiзгiсi –
шаруашылық субъектiлерiнiң еркiндiгi мен тәуелсiздiгi. Кәсiпкерлердiң еркiн
қызмет етуi рынок механизмiнiң әрекетiн қамтамасыз ететiн тәртiп
қалыптастырады. Кәсiпкердiң тәуелсiздiгi оған экономикалық ресурстарды
алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндiру процесiн
ұйымдастыру және оларды рынокта кәсiпкердi қанағаттандыратындай өткiзу
болып табылады.

12.

Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің керектігін негіздей отырып, Ф.Котлер
осы заңдардың пайда болуын үш негізгі себептің әсер етуімен түсіндіреді:
1. Фирмаларды бір-бірінен қорғаудың керектігі. «Кәсіпкерлердің барлығы
бәсекелестікті бір кісідей жақтайды, бірақ өз мүддесі туралы сөз болғанда оларды
барлығы да бәсекелестікті бейтарап қалдыруға тырысады» (Ф.Котлер, 168-бет).
Сондықтан бәсекелестік арасындағы заңсыздыққа жол бермеу заңдары қабылданады.
2. Тұтынушыларды арам ниетті іскерлік практикадан қорғаудың
қажеттілігі.Сондықтан бақылаусыз қалған фирмалардың нашар тауарларды
шығаруына, жарнамаларда жалған ақпарат беруіне, әдемі қораптаумен және баға
деңгейімен шатастыруына қарсы заң шығарылды.
3. Қоғам мүддесін кәсіпкердің жеке мүддесінен жоғары ұстау. Ф.Котлер бұл
жағдайда «кәсіпкерлік іс кейбір жағдайларда өмір деңгейінің жоғарылауын
қамтамасыз ете алмайды», - деп өте жұмсақтап атап кетті.
Нарықтық қатынастарға өту барысында Қазақстанда «кәсіпкерлердің жүгенсіздігі»
жиі көрінеді. Қазақстан Республикасында заңдар жүйесі енді қалыптасып келеді.
Нарықтық экономика, оның жағымды қасиеттеріне қарамастан, қоғамның және
әрбір азаматтың мүддесіне сай экономикалық және әлеуметтік процестерді реттей
алмайды. Ол кірістің әлеуметтік тұрғыда дұрыс бөлінуін қамтамасыз етпейді, еңбек
ету құқығына кепілдік бермейді, халықтың әлеуметтік деңгейі төмен бөлігін қолдай
алмаумен бірге нарықтық экономика көптеген басқа да өзекті проблемаларды шеше
алмайды.
Осындай жағдайлардан туындаған кәсіпкерлік мәселелерді реттей отырып,
мемлекеттің бір бағытта айналысуы қажет. Басқа дамыған Батыс елдерімен
салыстырғанда, Қазақстан бұл процесті тез арада жүзеге асыруы тиіс.

13.

Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің
керектігін негіздей отырып, Ф.Котлер осы
заңдардың пайда болуын үш негізгі себептің әсер
етуімен түсіндіреді:
Фирмаларды
бір-бірінен
қорғаудың
керектігі.
Тұтынушыларды
арам ниетті
іскерлік
практикадан
қорғаудың
қажеттілігі
Қоғам мүддесін
кәсіпкердің
жеке
мүддесінен
жоғары ұстау.

14.

15.

Экономиканы тұрақты болуы және
оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі
кәсіпкерлікті
жетілдіру
болып
табылады.
Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін
бірнеше белгілі шарттар орындалуы
қажет.

16.

Кәсіпкерлік субъектінің
белгілі бір дәрежеде еркіндігі
мен құқығы болуы қажет. Ол
– шаруашылық қызметінің
бағытын таңдау, өндірістік,
сауда бағдарламаларын
анықтау, қаржы көзін таңдау,
өнімдерді тасымалдау, өнімге
баға белгілеу, табысты өз
мұқтажына жұмсау
Кәсіпкерлік
қабылданатын
шешімдерге, одан
туындайтын
нәтижелерге тәуекелдікті
қажет етеді. Қабылдаған
шешімдерге деген
жауапкершілік
болмайтын болса, ол
кәсіпкерліктің де
болмағаны
Кәсіпкерлік
қызметтің белгілі
коммерциялық
табысқа жетуге
бағдар ұстауы,
экономикада
қажетті нарықтық
құрылым
орнатумен
байланысты. Яғни
кәсіпкерлік дамуы
үшін оның
құқықтық базасы,
әлеуметтікэкономикалық
шарттары
қалануы керек
Еркін кәсіпкерлік
меншіктің әр түрлі
формада, түрде, типте
болуын қалайды.

17.

Кәсiпкерлiктiң экономикалық мiндеттерiне
келесiлердi жатқызуға болады:
-Рыноктық қатынастарды дамыту;
-Шектеулi ресурстарды тиiмдi пайдалану;
-Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
-Жаңа жұмыс орындарын ашу;
-Рыноктағы сұранысты қамтамасыз ету;
-Экономикалық активтi халықты барынша ынталандыру;
-Инвестицияларды тиiмдi салаларға тарту;
-Инновациялық жаңалықтарды ашып оны өндiрiске
енгiзу;
-Кластерлiк жүйенiң дамуы;
-Лизингтiк қатынастардың дамуы;
-Өнiмдердiң сапалылығының жоғары болуы;
-Тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етiп, ЖIӨ-нiң
негiзгi бөлiгiн құрайды.

18.

Қазақстанда бүгiнгi күнi шағын және орта кәсiпкерлiк бастан кешiрiп
отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың серпiндi дамып
келе жатқаны белгiлi болып отыр. Ең бастысы шағын кәсiпкерлiк саны
өсiп келедi. Өсiм соншалықты жоғары да емес, небәрi пайыздық
бөлiгi ғана. Оның ЖIӨ-де өзiндiк үлесi бар. Ол 30 % құрайды. Қазiргi
кезде кәсiпкерлiк Қазақстанның бүгiнгi экономикасында лайықты
орын алуда.
Бірінші кезекте экономикадағы құрылымдық жаңғыруларды жүзеге
асыруға мүмкіндік берген қажетті заңдар қабылданып, нарық катынастарының қисынына қайшы келетін құқықтық нормалар күшін жойды.
Келесі ірі кадам мемлекеттік меншікті сатылап жекешелендіру болып
табылды. Соның нәтижесінде бүгінде онеркәсіп өндірісі көлемінің 85
пайызы жеке секторда өндіріледі.
Елдің ІЖӨ-дегі шағын және орта
бизнестің үлесі шамамен 45 пайыз құрайды, экономиканың жеке
секторында еңбекпен қамтылған халыктың 80 пайыздан астамы еңбек
етеді. Бизнес құру жолындағы бюрократиялық кедергілер айтарлықтай
азайтылды.
Тек соңғы
жылдары ғана лицензияланатын
қызметтердің 350-ге
жуық түрлері қысқартылды. Кейбір ляцензияларды беру өңірлік деңгейге
көшіріліп, процедуралар айтарлықтай қарапайымландырылды. Бүгінде біздің
елімізде кәсіпкерлікті дамытудың перспективасы айқын көрініске ие. Жеке
бизнесті, ең алдымен шағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттік
саясаттағы түйінді мәселелердің бірі.

19.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
English     Русский Правила