972.00K
Категория: МедицинаМедицина

Мойынның және өңештің хирургиялық аурулары мен зақымдары

1.

Тақырып: “Мойынның және өңештің
хирургиялық аурулары мен зақымдары”.

2.

І.Қисық мойын – бастың қиғаш орналасуымен
сипатталатын мойынның деформациясын айтады.
Себебі : төс – бұғана – емізік бұлшық етінің қысқару немесе
мойын омыртқаларының ауытқуы.
Түрлері:
1.Сүйек түрі.
2.Бұлшықет түрі.
Клиникасы:
1) бастың бір жағына бұрылып, қыйсайуы,
2) бет пен бас сүйектің асимметриясы,
3) зақымдалған жақтағы бұлшық еттің сіңірленіп өзгеруі,
4) сау жағындағы мойын бөлігінің қисайып иілуі (сколиоз).
Емі:– 1 жасқа дейін – консервативті:
-мойынға массаж жасу,
-Ортопедиялық бандаж(жаға) кигізу,
-Физиотерапиялық ем.
Консервативті ем нәтиже бермегенде , бір жастан кейін
оперативті ем:
-Төс – бұғана – емізік бұлшық етін кеседі немесе ұзартады.
-Операциядан кейін мойынды бандажбен бекітіп,
физиотерапия қолданады.

3.

ІІ.Мойынның орталық кисталары мен жыланкөздеріқалқанша – тіл өзегінің қалдығы болып табылады.
Олар тіл асты сүйегі мен қалқанша шеміршегінің жоғарғы
қырының арасында дененің ортаңғы сызығы бойымен
орналасады.
Клиникасы:
-Киста домалақ пішінді, жұмсақ эластикалық
консистенциялы;
-Терімен жабысқан және жұтынғанда тіл асты сүйенімен бірге
қозғалатын ісік ретінде байққалады
-Киста қабынғанда шекарасы жоқ, ауыратын инфильтрат
пайда болады. Ол іріңдеп, жыланкөздің дамуына алып келеді.
Емі -хирургиялық, киста мен жыланкөзді кесіп алып
тастайды.
ІІІ.Мойынның қосымша қабырғалары- мойын
омыртқаларының даму ақауы.
Клиникасы:
-мойынның қысқаруы,
-мойын деформациясы,
-тамырлармен нервтердің қысылуы.
Диагностикасы: рентгенография.
Емі: қосымша қабырғаны кесіп , алып тастау.

4.

Өңештің бөгде заттармен жарақаттануы- көбнесе балаларда
,психикалық ауытқуы бар науқастарда кездеседі. Ол ; түйме,
шеге, ине,тиын т.б.
Клиникалық белгілері:Үшкір зат өңештің тесілуіне алып келіп.
Кейін параэзофагогендік іріңді ісіктермен медиастенитті
дамытуы мүмкін.
Өңеш зақымының клиникалық белгілері , жергілікті және жалпы
симптоматикамен сипатталады.
Мәселен , өңештің мойындық бөлімінің зақыымы үшін
белгілері:
-Жұтынғанда өңештің аурсынуы,
-Дисфагия,
-гиперсаливация,
-шелдегі өрши түсетін эмфизема,
-ауыр жағдайда бетке тарайтын мойын инфильтрациясы және
гиперемия тән.
Өңештің кеуде бөлімі зақымданғанда мына белгілер қосылады:
-дауысының қырылдауымен жөтел де жиі пайда болады,
-кеуде қуысының ауырсынуы,
-жұтынғанда қиналуы( дисфагия),
-қою және суюқ тамақтын өтпеу,
-ішкен асын ,қайта құсу,
-кеуде қуысының эмфиземасы , пневмоторакс қосылады

5.

Жалпы клиникалық белгілері:
-терінің бозаруы,
-тахикардия, АҚҚ төмендеуі,
-демікпе,
Алғашқы көмек:
-тыныштандыру,
-анальгетик,
-ауызқуысын, көмейдіқ арау,
-тасымалдау.
Диагностикасы:
1.Анамнез.
2.Рентгенграфия.
3.ЭФГДС.

6.

ІV.Өңештің химиялық күйіктері- ең ауыр зақымдарға
жатады.
Күйік зақымының ауырлығы химиялық заттың ерекшелігімен
оның концентрациясын да байланысты:
1.Егер химиялық ертінділер әлсіз болса , онда катаралдық
қабынумен сипатталады.
Клиникалық көрінісі негізінен белгілі бір жердің ауру белгісі;
ауыз қуысының, кеуденің ішкі жағының бірқалыпты ауруы,
денедегі күйгенді сезіну, гиперсаливация, дисфагия ретінде
білінеді.
2.Ауыр зақым концентрациясы жоғары заттармен болады.
-алдымен ауыздың, жұтқыншақтың, қарынның, өңештің күшті
ауырсынуы байқалады. Ауырсыну жұтқан сайын күшее түседі.
-ауыздан ерекше өткір иіс шығады,
-науқастың жағдайы өте ауыр болады,
-тернісі бозарған,тахикардия, АҚҚ төмендейді,
-дене температурасы жоғарлайды.
-Лоқсу, қан түкіру, кейде түкірікпен қоса некрозданған өңеш
кілегейлі қапшығының үзінділері байқалады.
-Қарау кезінде ;еріндерінде, ауыз қуысында, көмейінде қызару
, ісінулер байқалады.
-Мойын флегмонасы кездесуі мүмкін.

7.

-Химиялық элемент тыныс жолына да енсе -тұншығу,
ентігу, үрейлену байқалады.
Өңештің қабырғаларының тереңдігіне қарай 3дәрежесін ажыратады:
І –дәрежесі- шырышты қабатының катаралдық
зақымдануы.
ІІ –дәрежесі- шырышты қабатының некроздары, басқа
қабаттары заққымданбайды.
ІІІ –дәрежесі- өңештің барлық қабаттарының зақымдануы
болады да, медиастенит, плеврит, перитонит түрінде
асқынуларға әкеп соқтыратын өңештің жиі- жиі тесілуі
мүмкін.
Алғашқыкөмек:
1. Өңешті, карынды ішілген химиялық элементті
нейтрализациялайтын ерітіндімен жуу.
- Сілтімен уланған адамға 1-2% лимон қышқылын ішкізу,
мұздай сумен жуу.
2.Қышқылдармен күйгенде.
-Натрий гидрокарбонатының 2 % ерітіндісі ішкізіледі.
- Кан тамырына 5% глюкоза, физиология ерітінідісі егіледі,
-Ауыруды басу үшін наркотикалық анальгетиктер
пайдаланылады, жүрек жағдайы жақсартылады.

8.

V.Өңештен кан ағуы.
Себептері:
1.Өңеш қан тамырларының кеңеюі.
2. Өңештің сыртқы қан тамырларының
жарақаттануы.
3.Өңеш қабырғаларынан аққан қанның өңешке
құйылуы.
4. Өңештің шіріген ісіктерінің қанауы.
5.Өңеш ойық жарасының қанауы.
Клиникалық белгілері:
- Өңештен қан ағу еш белгісіз басталады.
- Кейде көмекей қышынады, ауыздың демі
бұзылады,
-Одан соң қоңырқай түсті көпіршіксіз қан құсады. - Егер өңештен аққан қан алдымен қарынға ағып,
одан соң құсықпен шықса ол ұйып шығуы мүмкін.
Көп-мөлшерде қан ақса - анемияның жалпы
көріністері (бас айналуы,әлсіреу, шөлдеу, дене
бозаруы, қан қысымы төмендеуі т.б.) .

9.

Жедел жәрдем.
Тыныштандыру керек
эпигастрий аймағына мұз қою керек
Көк тамырға10 мл 10% кальцияй хлорид және
Диценон -2мл бұлшық етке.
Тез арада стационарға жеткізу.
Емдеу консервативті :
1.Қан ағуын бәсендететін белгілі жалпы және жеке
тәсілдерге қоса Блекмор зондын жұтқызу орындалады.
2. Өңешке енгізілген зондтың манжеткасын ауамен
толтырғанда, онымен варикозды кеңейіп жыртылған
қан тамырлары қысылып қан ағуы тоқтайды.

10.

Өңештің қатерлі ісігі.
Өңештің мойын бөлігі ракпен сирек зақымданады. Ал ортаңғы
бөлігі, кеңірдек аймағында басым болады.
Өңеш рагы лимфогенді таралады.
Дамуы төрт сатыдан тұрады:
І. саты- ісік өңештің шырышты қабығының шегінде
орналасады, метастаз жо.
ІІ. сатысы – ісік өңеш қабырғасының ең терең қабатында
өседі. Бірақ ең жақын лимфа түйіндеріне бірен – саран
метастаз береді.
ІІІ. сатысы - ісік өңеш қабырғасының барлық қабатында
өседі , кейде өзін қоршаған мүшелерге жабысады, жиі – жиі
метастаз береді.
ІV. Сатысы - шалғайдағы метастаздар береді немесе басқа
мүшелерде ісік өседі.
Клиникасы:
- Өскен жерінде ауырсыну,
- дисфагия,
- лоқсу, құсу,
- саливация,
- Ауыздан сасық иістің шығуы.
-Науқас шапшаң жүдейді, кахексия, тері құрғайды, тырысады.
Диагноз: Эзофагоскопия және биопсияның маңызы зор.
English     Русский Правила