585.81K
Категория: ФизикаФизика

Бұрыштық өлшеулер. Теодолиттің құрылысы және оның түрлері. Теодолиттің горизонталь және вертикаль дөңгелектері. 8-Дәріс

1.

Жер ресурстарын басқару, сәулет
және дизайн факультеті
«Жергеорналастыру және геодезия» кафедрасы
Оқытушы туралы мәліметтер: Капасова Айзада Зарлыковна– т.ғ.к,
«Жергеорналастыру және Геодезия» кафедрасының аға оқытушысы,
ЖРБСжД факультеті, (каб. 6113), байланысу телефон: 39-79-47; 8700-669-75-34; идентиф.номер ZOOM № 427-809-09-13; пароль 1953,
электрондық почта [email protected]
Пән:
ГЕОДЕЗИЯ
Оқыту бағдарламасы: «Геодезия және картография»
Білім беру бағдарламасының тобы: В074-«Қала құрылысы,
құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс»
Дайындау бағыты: 6В073-«Сәулет және құрылыс»
Білім беру саласы: 6B07 –«Инженерлік, өндеу және и құрылыс
саласы»
1

2.

ПӘН БОЙЫНША ОҚУ УАҚЫТЫН ШАМАМЕН БӨЛУ
Триместр
апталары
1
Дәрістер
2
2
2
2
2
2
2
2
ЗЖ
3
3
3
3
3
3
3
СОӨЖ
2
2
2
2
2
2
СӨЖ
8
8
8
8
8
Барлығы
15
15
15
15
15
2
3
4
10
Барлығы
2
2
20
3
3
3
30
2
2
2
2
20
8
8
8
8
8
80
15
15
15
15
15
150
5
6
7
8
9
2

3.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер:
1. Нурпеисова М.Б. Геодезия. - Оқулық. -Алматы: Эверо, 2015. -276 б.
2. Г.Г.Поклад, С.П. Гриднев. Геодезия: учебное пособие для вузов. – М.:
Академический проект, 2017. -592с.
3. Игильманов Ж.А., Кусаинова Г.Д., Игильманов А.А. Геодезия.– Оқу
құрал.- Астана, 2013-145с.
4. Капасова А.З. Геодезия. – Оқу құрал. -Қарағанды, 2014. -120 б.
5. Кочетова Э.Ф., Акрицкая И.И., Л.Р.Тюльникова, А.Б.Гордеев Н.
Инженерная геодезия: учебное пособие. Новгород: ННГАСУ, 2017. –
158 с.
Қосымша әдебиеттер:
1. Инструкция по топографической съемке в масштабах 1:5 000, 1:2000,
1:1000, и 1:500. http://www.racurs.ru/
2. Инструкция по топографической съемке в масштабах 1:5 000, 1:2000,
Москва, ЦНИИГАиК.
3. Условные знаки для топографических планов масштабов 1: 5000,
1:2000, 1:1000, 1:500. http://geo-fond.ru/docs/uz-top.pdf
3

4.

8-Дәріс
Бұрыштық өлшеулер. Теодолиттің құрылысы және оның
түрлері. Теодолиттің горизонталь және вертикаль
дөңгелектері. Есеп алу құрылғылары. Теодолиттерді тексеру
және түзету.
(1-сағ)
Дәріс жоспары:
1.Бұрыштық өлшеулер
2. Теодолиттің құрылысы және оның түрлері
3. Теодолиттің горизонталь және вертикаль дөңгелектері.
Есеп алу құрылғылары
4. Теодолиттерді тексеру және түзету
4

5.

1.Бұрыштық өлшеулер
Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу
геодезиямен ең жиі жүргізілетін жұмыстарға жатады.
Бұрыштарды өлшейтін негізгі аспапты теодолит деп атайды.
31-суретте А, В, С нүктелері жер бетінде әртүрлі биіктікте
орналасқан. Олардың горизонталь жазықтықтарының
проекциялары a ,с және b. Кеңістіктегі АВС горизонталь
бұрышты өлшеу дегеніміз сол бұрыш қабырғалары ВА және
СB проекцияларының (са және сb) арасындағы β бұрышын
өлшеу болып табылады. Демек, аbс бұрышы АВС
бұрышының жазық проекциясы.
31-сурет- Горизонталь бұрышты өлшеу
принципі
5

6.

Демек, горизонталь бұрышты өлшейтін аспаптың
негізгі лимб деп аталатын градустық және ұсақ бөліктері
бар горизонталь дөңгелектен жылжымалы визирлік
вертикаль жазықтықтан тұрады. Егер дөңгелектегі бөлшек
цифрлары сағат тілінің айналу бағытымен белгіленсе, β
бұрышы лимбпен алынған екі есептің (а/және b/)
айырмасына тең болады, яғни β=а/-b/.
Вертикаль бұрыштарды сызықтардың горизонталь
проекцияларынан жердегі сызықтардың бағыттарына дейін
есептегендегі бұрыштар ν1 және ν2 көлбеу бұрыштары
болып табылады. Вертикаль бұрыштарды градустың
шкалаларға бөлінген вертикаль дөңгелек арқылы өлшеуге
болады. Бір аспаппен горизонталь және вертикаль
бұрыштарды өлшеу үшін, онда екі жазықтық (дөңгелек)
бар. Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге
қолданылатын аспап не деп аталады?
6

7.

2. Теодолиттің құрылысы және оның түрлері
Т30-теодолиті (32-сурет): 1-кремальера; 2-диоптрлі сақина; 3-жіпті
тор түзету; 4-оптикалық нысана; 5-вертикальды дөңгелек; 6-тұғыр; 7лимб бұрандасы; 8-қақпақ негізі; 9-бұранда;10-жетекші бұранда; 11алидаданың бекіту бұрандасы 12-деңгей; 13-көру дүрбісінің бекіту
бұрандасы; 14-дүрбі; 15-жетекші бұранда; 16-алидаданың жетекші
бұрандасы; 17-тұғыр; 18-көтеру бұрандасы; 19- лимбтың жетекші
бұрандасы; 20-окуляр; 21-айна
32-сурет- Т30-теодолитінің
құрылысы
7

8.

Бұрышты өлшеген уақытта, теодолит штативке орнатылады. 34суретте геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарда кеңінен
қолданылып жүрген 2ТЗОМ теодолиттің сыртқы бейнесі көрсетілген.
Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеудің принципіне
орай 33-суретте теодолит осьтерінің схемасы көрсетілген. Теодолит
мынадай осьтерден тұрады: ZZ1 - теодолиттің вертикаль айналу осі;
ТТ1 көру дүрбісінің айналу осі; UU1 цилиндрлік деңгейдің осі;
VV1 көру дүрбісінің нысаналау (визирлік) осі.
33-сурет-Теодолиттің негізгі өстері
8

9.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген теодолиттер бұрыш өлшеу
дәлдігіне, есеп алу құрылғыларының түрлеріне, горизонталь
дөңгелектің вертикаль осьтері жүйесінің конструкциясына және
атқаратын міндеттері жағынан әртүрлі болып бөлінеді.
Горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне қарай теодолиттер 3
топқа бөлінеді:
1. Техникалық Т15К, 2ТЗ0, 2ТЗ0М теодолиттік және тахеометриялық
жүрістер мен түсірістерде, сондай-ақ, жер бетіндегі және жерасты
қазбаларындағы
маркшейдерлік
жұмыстарды
атқару
кезінде
бұрыштарды өлшеуге арналған.
2. Дәл теодолиттер 2Т2–3 және 4 кластық триангуляция мен
полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған, ал 2Т5К–
триангуляциялық жүйелер мен 1 және 2 разрядтық полигонометриялық,
сонымен қатар, жер беті маркшейдерлік жұмыстарда бұрыштарды
өлшеуге арналған.
3. Жоғарғы дәлдікті электронды теодолиттер және тахеометрлер
Та2М мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған.
9

10.

Теодолиттің шартты белгілеріндегі Т әрпі "теодолит" деген аспап
атын білдірсе, сол әріптен кейінгі цифр горизонталь бұрышты өлшеудің
секундтық орташа квадраттық қателігін білдіреді, мысалы, Т5 теодолиті
үшін mβ=5//, ТЗ0М үшін mβ=30//, ал М-деген әріп маркшейдерлік
жұмыстарға арналғандығын көрсетеді. Кейінгі кезде теодолиттер
жаңартылып, 2Т2, 2Т5, 2ТЗ0 тектес болып шығарылуда.
Есеп алу тетіктерінің түріне байланысты теодолиттер тағы үш
топқа бөлінеді: а) бағалау микроскобы; ә) шкалалы микроскоп; б)
оптикалық микрометрлер.
Горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері конструкциясына
байланысты қайталанатын және қайталанбайтын теодолиттер болып
бөлінеді. Қайталанатын теодолиттерде лимб пен алидада жеке
айналады, әрқайсысының қысып қоятын және жетекші бұрандалары
болады.
Оларға
ТЗ0,
2ТЗ0
теодолиттері
жатады.
Ал
қайталанбайтындарға 2ТЗ0М, 2Т5, 2Т2, т.б. жатады, оларда лимб
арнайы құрылғы арқылы керекті жағына бұрылады.
10

11.

34-сурет-2Т30М -теодолиті
11

12.

3. Теодолиттің горизонталь және вертикаль дөңгелектері.
Есеп алу құрылғылары
Теодолиттің горизонталь дөңгелегі арқылы горизонталь
бұрыштар өлшенеді және ол лимб пен алидададан тұрады.
Лимб бұрыш өлшегіш шыныдан жасалған шеңбер және ол
градусты шкалаларға бөлінген. Техникалық теодолит штрихтары 5/,
10/, 20/, 30/ және 1° сайын бөлініп, цифрлары әр градус сайын сағат
тілінің бағытына сәйкес жазылған. Лимбтың жақын екі
штрихтарына сәйкес доғасының шамасын лимб бөліктерінің
дәлдігі (бағасы) дейді.
Осы күні теодолиттерде алидаданың қызметін арнайы есеп алу
жүйелері атқарады. Алидада өз осінің айналасында лимб қозғалмай
тұрған кезде, теодолиттің жоғарғы жағымен (дүрбімен) бірге
айналса, онда горизонталь дөңгелектегі есеп өзгереді. Егер алидада
өз осінде лимбпен бірге айналса (алидаданың бекіткіш винті
жабық, ал лимбті ашық), онда горизонталь дөңгелектегі есеп
өзгермейді.
12

13.

Лимбті шаң тозаң, ылғалдан сақтау және сынып қалмауы үшін
сыртын қаптап қояды.
Теодолиттің вертикаль дөңгелегі лимб пен алидададан тұрады.
Вертикаль дөңгелектің лимбісі айналу осіне бекітілген және онымен
бірге айналады. Лимбтің нөлдік диаметрі визирлік (көздеу) осіне
параллель болып келген.
Вертикаль
дөңгелектің
алидадасында
цилиндрлік
деңгей
орнатылған.
Теодолиттен есеп алу дегеніміз, лимб нөлдік штрихымен есептеу
индексі арасындағы доғаның мәнін анықтау. Есеп индекстері
микроскоп ішіндегі шыны пластинкаларға сызылған.
Геодезиялық
және
маркшейдерлік
жұмыстарға
арналған
теодолиттердегі есеп алу кұрылғыларының түрлері туралы бұрынырақ
айтылды. Жалпы геодезияда, солардың ішіндегі тек техникалық
теодолиттерде кездесетін екі түрі бағалау микроскобы мен шкалалы
микроскоптар оқып үйретіледі.
13

14.

39-суретте теодолит микроскопының көз жетері көрсетілген.
Теодолитте есеп бір индекс штрих арқылы бағаланып алынады. Бұлай
есептеу әдісі неғұрлым қарапайым және мейлінше кіші аралықтың
ондық үлестерін бағалауға мүмкіндік береді.
Микроскоптың көз жетерінде (39-сурет) вертикаль (үстінде В
әрпімен) және горизонталь (астында Г әрпімен) дөңгелекте кескіндері
көрініп тұрады. Есептеулерді қозғалмайтын индекс арқылы жүргізеді.
39-суретте вертикаль дөңгелектегі есеп 355°56/-қа, ал горизонталь
дөңгелектегі есептеу 91013/-қа тең.
39-сурет- Теодолит
есеп алу тетіктері
14

15.

ТЗ0 теодолитінің жаңа моделі 2Т30 теодолиті, ол негізгі
теодолиттен горизонталь және вертикаль дөңгелектер шкаласының
бағалау бөлігі 5/-тік шкалалық микроскоптың қолданылуымен
ерекшеленеді. Есептеулер бұл кезде шкала бөлігінің ондық үлесіне
дейінгі дәлдікпен 0,5/-қа дейін жүргізіледі. Вертикаль дөңгелек
шкаласының таңбалары "+" және "-" екі қатар цифрлары болады.
Шкаланың таңбасы "+" лимб штрихы қиып өтсе, шкала жазулары
солдан оңға өседі. Егер лимб штрихының таңбасы "-" болса, онда
шкаланың төменгі жазулары оңнан солға қарай өсетін цифрлар
қолданылады.
Есеп алу құрылғыларының біржақты және екіжақты оптикалық
микрометрлер деген түрлеріне 2 курстағы «Геодезиялық аспаптар»
пәнінде көбірек көңіл аударылады.
15

16.

4. Теодолиттерді тексеру және түзету
Теодолит мынадай осьтерден тұрады: ZZ1 - теодолиттің вертикаль айналу
осі; ТТ1 көру дүрбісінің айналу осі; UU1 цилиндрлік деңгейдің осі; VV1 көру
дүрбісінің нысаналау (визирлік) осі. Теодолит біліктері, оларға тән
геометриялық алғышарттарды тексеру және түзету. Теодолит аспабының
қажетті дәлдікпен жұмыс атқаруы оның біліктері мен «нөл орнына»
қойылатын мынадай геометриялық алғышарттардың қатаң сақталуымен
байланысты:
1-шарт. Теңгерме білігі (өсі) теодолит айналымы білігіне перпендикуляр
болу керек, яғни UU1 ZZ1 ;
2-шарт. Дүрбіні нысаналау білігі дүрбі айналымы білігіне перпендикуляр
болу керек, яғни VV1 ТТ1;
3-шарт. Дүрбі айналымы білігі теодолит айналымы білігіне перпендикуляр
болу керек, яғни ТТ1 ZZ1 ;
4-шарт. Қыл сызықты тордың горизонталь сызығы дүрбіні VV1 нысаналау
білігіне перпендикуляр болу керек;
5-шарт. Вертикаль дөңгелектің «нөл орны» 00-қа тең болу керек.
Енді осы аталмыш геометриялық шарттардың тексерілуі мен түзетілуіне
тоқталайық.
16

17.

1. Теңгерме білігін тексеру (40-сурет):
1) Теңгерме «1-2»-ші көтергіш бұрандалары бағыты үстіне қойылады
да (40,а-сурет), осы бұрандаларды қарама-қарсы жаққа бұрау арқылы
көпіршік қақ ортаға /нульпунтке/ жылжытылады;
40-сурет- Теңгерме білігін UU1
тексеру: 1,2,3- көтергіш бұрандалары
17

18.

2) алидада айналымы 900-қа өзгертіп, теңгермені 3-ші көтергіш
бұрандаға бағыттайды да (40,б-сурет), осы бұранданы бұрау арқылы
көпіршік қақ ортаға жылжытылады;
3) алидада айналымын 1800-қа өзгертіп, теңгермені 3-ші көтергіш
бұранда бағытында тұрақтады (40,в-сурет).
Егер осы мезетте көпіршіктің қақ ортадан ауытқуы қалыпты
мөлшер-1мм шамасынан аспаса, онда теңгерме білігінің дұрыс
орналасқаны. Ондай болмаса, түзету жұмысы орындалуы қажет.
Мысалы, көпіршік қақ ортадан 8-мм-ге ауытқып тұр делік. Оны
кейін қайтарып, қақ ортада тұрақтату үшін мынадай түзету жұмыстары
орындалады:
1) түзету бұрандасының реттік бұралуы арқылы көпіршік қақ ортаға
қарай 4 мм, яғни ауытқудың жартылай шамасына жылжытылады;
2) 3-ші көтергіш бұрандасының (40,в-сурет) айналымы арқылы
көпіршік қақ ортаға әкелінеді. Түзету жұмысы осылайша аяқталады.
18

19.

2. Нысаналау білігін тексеру (коллимациондық қателік (С)):
1) дүрбіні «ДС» (дөңгелектің сол жақтағы) қалпында қайсыбір
анық көрінетін, алшақтау орналасқан «N» нүктесіне нысаналайды
да, горизонталь дөңгелектен ДС бұрыштың өлшемін алады.
Мысалы, ДС=5018/ делік;
2) дүрбіні өзінің білігі төңірегінде толық айналдыра отыра,
алидаданы 1800-қа бұрып, дүрбіні «ДО» ( дөңгелектің оң жақтағы)
қалпында қайтадан «N» нүктесіне нысаналайды да, горизонталь
дөңгелектен ДО бұрыштық өлшемін алады. Мысалы, ДО=185014/
делік.
Егер осы ДС және ДО доғалық өлшемдерінің өзара айырмасы
шамасында болса, онда нысана білігінің дұрыс орналасқаны (мұнда
– t бұрыштық өлшем алудың дәлдігі). Ондай болмаса, түзету
жұмысы орындалуы қажет. Ол үшін:
1)
ДС
және
ДО
өлшемдерінің
орта
мәні
ДО0=
((5018/+1800)+185014/):2= 185016/ микрометрлік бұранда көмегімен
горизонталь дөңгелекте дәлдестіріп қойылады. Бұл әрекет қыл
сызықты тордың торап нүктесін «N»-нысана нүктесінен оңға немесе
19
солға алшақтатады. Мұны дүрбі окуляры аясынан көруге болады.

20.

2) енді - осы алшақтықты жою үшін, қыл сызықты тордың оң
және сол жақтағы түзету бұрандаларының (41-сурет) көмегімен
торап нүктесін, «N»-нысана нүктесімен дәлме-дәл беттестіреді.
Түзету жұмысы осылайша аяқталады.
2
4
41-сурет- Дүрбі окуляры көз
аясындағы қыл сызықты тор:
(1-үстіңгі, ортаңғы, астыңғы горизонталь
сызықтар; 2- вертикаль сызық; 3-биссектор
(вертикаль орналасқан қос сызық); 4- торап
нүктесі; 5- түзету бұрандасы)
20

21.

N
Е
N
N
N
42-сурет- Дүрбі айналымы білігін /НН1/
тексеру: НН1 білігінің горизонталь бағыттан
ауытқуы
21

22.

3) Дүрбі айналымы білігін тексеру (42-сурет);
1) теодолит ғимарат қабырғасынан 10-20 м алшақтықта
тұрақталған соң, дүрбі, «ДС» қалпында 40-500 –тық
көлбеулікпен қабырға бетіндегі «N » нүктесіне нысаналайды
да, алидада бекітіледі. Бұдан кейін, дүрбіні НН1 білігі
төңірегінде айналдыра отыра, оны горизонталь қалпына
келтіріп, торап нүктесімен дәлдестіріп қабырға бетінде N1
нүктесін белгіленеді.
2) осындай әрекет дүрбінің «ДО» қалпында қайталанып,
қабырға бетінде N2 нүктесі белгіленеді.
Егер дүрбі окуляры көз аясында N1N2 алшақтығы
биссектор ені мөлшерінен аспаса, онда дүрбі айналымы
білігінің дұрыс орналасқаны. Ондай болмаса, шеберхана
жағдайында түзету жұмысы орындалуы қажет.
22

23.

4. Қыл сызықты торды тексеру былайша орындалады.
Қайсыбір анық көрінетін «N» нүктесіне торап нүктесін дәлме –дәл
беттестіріп нысаналайды да, алидаданы бекітеді. Бұдан соң, дүрбіні
НН1 білігі төңірегінде кішігірім айналдырады.
Егер дүрбі окуляры көз аясындағы «N»-нысана нүктенің вертикаль
бағыттан ауытқуы биссектор енінің 1/3 бөлігі шамасынан аспаса, онда
қыл сызықты тордың дұрыс орналасқаны. Ондай болмаса, шеберханада
түзету жұмысы орындалуы керек.
5. Вертикаль дөңгелектің «нөл орнын» тексеру (43-сурет);
1) дүрбіні «ДС» қалпында қайсыбір анық көрінетін, алшақтау және
жоғарылау орналасқан «N» нүктесіне нысаналайды да, вертикаль
дөңгелектен ДС бұрыштық өлшемін алады. Мысалы, ДС=6041/ дейік.
2) осындай әрекет дүрбінің «ДО» қалпында қайталанып, вертикаль
дөңгелектен ДО бұрыштық өлшемін алады. Мысалы, ДО=173025/
дейік.
Егер осы ДС және ДО өлшемдерінің орта мәні, яғни «нөл орны»
НО=[(ДС+ДО) 1800]/2 қалыпты мөлшері 00-қа тең немесе 00-жуық
болуы керек. Ондай болмаса, түзету жұмысы орындалуы қажет.
23

24.

Ол үшін:
1) вертикаль дөңгелектен алынған бұрыштық өлшемдер
ДС=6041/ және ДО=173025/ бойынша НО /нөл орны/ мен көлбеу
бұрыш есептеледі:
НО=[(6041/+1800) 173025/]/2=180003/
=(ДС 1800)-НО=(6041/+1800)- 180003/=+6038/
=НО-ДО=180003/-173025/=+6038/
=[(ДС 1800)-ДО]/2=[(6041/+1800)- 173025/]/2=+6038/
2) дүрбіні «ДС» қалпына келтіріп, көлбеу бұрыштың мәні ДС=
=6038/ микрометрлік бұранда көмегімен вертикаль дөңгелекте
дәлдестіріліп қойылады. Бұл әрекет қыл сызықты тордың торап
нүктесін «N» -нысана нүктесінен жоғары немесе төмен қарай
алшақтатады. Бұны дүрбі окуляры көз аясынан көруге болады.
3) ендігі мәселе - осы алшақтықты жою. Ол үшін, қыл сызықты
тордың жоғарғы және төменгі жақтағы түзету бұрандалары (41сурет) көмегімен торап нүктесін «N»-нысана нүктесімен дәлме-дәл
беттестіреді. Түзету жұмысы осылайша аяқталады.
24

25.

ДС
ДО
90
0
27
180
Н
О
индекс
О
НО
АД
18
0
О
0
90
О
но
0
27
0
Н1
ДС
v
ДО
43 - сурет- Вертикаль дөңгелектің «нөл орны» /НО/
тексеру:
НН1.... дүрбі айналым білігі; АД.... аспап деңгейі; «О-О»
....нөлдік диаметр; -көлбеу бұрыш; ДО және ДС....вертикаль
дөңгелектің тиісінше оң және сол жақта орналасқан қалпында
алынған бұрыштық өлшемдер /доғалар/
25

26.

Ескере кететін жағдай, теодолиттердің типтеріне байланысты НО мен
көлбеу бұрыш әртүрлі формулалармен есептеледі:
Мысалы: ТЗО, 2Т30М теодолиттері үшін,
НО=(ДС+ДО+180)/2
ν = ДС-НО
ν = НО- ДО-180°
ДС ДО 1800
2
900 кіші алынған есепке 3600 қосады.
26

27.

900 кіші алынған есепке 3600 қосады.
2Т30 теодолиттері үшін, НО мына формуламен есептеледі:
НО
ДС ДО
,
2
ДС ДО
,
2
ДС НО НО ДО.
Себебі, Т30 теодолиттерінде вертикальды дөңгелек бір градус
сайын 00-тан 3600-дейін бөлініп, сағат тіліне қарама-қарсы белгіленген,
ал, 2Т30М теодолиттері сағат тілімен бағыттас белгіленген.
2Т30 теодолиттері секторлы 00-тан +750-дейін және 00-тан -750дейін белгіленген. Вертикальды дөңгелек (44-сурет).
27

28.

44-сурет-Вертикальды дөңгелек
28

29.

СӨЖ тақырыб бойынша тестке дайындық:
7-Дәріс.
Геометриялық нивелирлеу. Биіктік өсімшелерін өлшеу
әдістері. Нивелир және оның құрылысы. Лазерлі және
сандық нивелирлер. Техникалық нивелирлеу.
5СӨЖ:
Бұрыш
классификациясы
өлшеу
аспаптарының
29

30.

23 Бағыттардың негізгі және магниттік азимуттары
өзгереді:
А) 0 ден 360 дейін;
В) 0 ден 180 дейін;
С) 0 ден 90 дейін;
D) 180 нен 360 дейін;
Е) 0 ден 270 дейін.
57 Жергілікті жерде сызықтың ұзындығы D = 500 м.
Сәйкесінше картадағы ұзындығын анықта М 1: 10000.
A) 50 мм
B) 10 мм
C) 35 мм
D) 18 мм
Е) 20 мм
30

31.

45 Негізгі меридиан бойынша компастың көмегімен картаны
бағдарлау кезінде еске алу қажет:
А) магниттік тілінің ауытқуы және меридиандардың
жақындасуы;
В) магниттік тілінің ауытқуы;
С) меридиандардың жақындасуы;
D) негізгі азимуты;
Е) дирекциондық бұрыш және магниттік тілінің ауытқуы.
46 Белгілері 120 және 121 м горизонтальдардың арасында
орналасқан М нүктесінің белгісін анықтау керек, егер
салындысы d =24 мм, ал М нүктесі мен аға горизонтальдың
аралығы l = 6мм:
А) Нм =120,25 м;
В) Нм =121,25 м;
С) Нм =120,75 м;
D) Нм =120,50 м;
Е) Нм =120,85 м.
31

32.

58 Магнит тілінің ауытқуы (δ) деп:
А) шын және магниттiк меридиандар арасындағы бұрышы;
В) нүктеден нүктеге көшу кезіндегі магниттік тілінің
еңкейюінің өзгеруі;
С) магниттік тілінің бастапқы бағыттан еңкейюі;
D) солтүстік магниттік меридиан бағыттан берілген бағытқа
дейін есептелетін бұрыш;
Е) негізгі және осьтік меридиан арасындағы бұрыш.
59 Магниттік азимуты АМ = 115 16 , магниттік тілінің ауытқуы
(батыс) = 1 08 болғанда, негізгі азимутты анықтаңыз:
А) A = 116 24 ;
В) A = 63 36 ;
С) A = 114 08 ;
D) A = 117 32 ;
Е) A = 113 00 .
32

33.

60 Румба деп:
А) сағат тілі жүріс бойынша ең жақын бастапқы меридиан бағыттан
берілген бағытқа дейін;
В) ең жақын (солтүстік немесе оңтүстік) У осі бағыттан берілген бағытқа
дейін;
С) бастапқы меридианның солтүстік бағыттан берілген бағытқа дейін;
D) сағат тілінің жүрісіне қарсы ең жақын бастапқы меридиан бағыттан
берілген бағытқа дейін;
Е) осьтік меридианның жақын бағытынан eкi жаққа қарай бiр нақты
сызыққа дейiн есептелетiн сүйiр бұрыш.
61 Магниттік азимут деп:
А) сағат тілі жүрісі бойынша ең жақын негізгі меридианның солтүстік
бағыттан берілген бағытқа дейінгі бұрыш;
В) сағат тiлiнiң бағыты бойымен магниттiк меридианның солтүстiк
бағытынан (магнит тiлiнiң солтүстік шетiнен) белгiлi бiр алынған бағытқа
дейiн есептелетiн горизонталь бұрыш;
С) ең жақын магниттік меридиан бағыттан берілген бағытқа дейінгі
бұрыш;
D) осьтік меридианның солтүстік бағыттан берілген бағытқа дейінгі
бұрыш;
Е) негізгі меридианнан магниттік меридианға дейінгі бұрыш.
33

34.

95 Геодезиялық аспаптарын тексеру әрекеті қандай айқындау
мақсатпен жасалады:
А) аспапты пайдалануға жарамдылығын;
В) аспаптың механикалық және оптикалық бөлшектерін реттеу;
С) аспап конструкциясына қойылатын геометриялық
шарттарын орындау;
D) жіп торының көріністің анықтылығын;
Е) аспаптың барлық бөлшектерінің бар болуын.
96 Теодолитқа нивелирлеу (горизонтальдау) жасалады:
A) жіп тіктеуіш немесе оптикалық центрирдің көмегімен;
B) горизонталь дөңгелекте орналасқан тексерілген цилиндрлік
деңгейді қолданып көтергіш бұрандалармен;
С) теодолит тұғырығынын көтергіш бұрандалары мен стан
бұрандамасымен;
D) көру дүрбісінің бекіткіш және микрометриялық
бұрандаларының көмегімен;
E) көру дүрбісінің көтергіш және микрометриялық
бұрандаларының көмегімен.
34

35.

97 Бірінші және екінші жартылай тәсілі бойынша өлшенген
жазық бұрыштардың нәтижелер айырмашылығы аспау керек:
А) теодолиттің есеп алу құрылымының дәлдіктен;
В) коллимациялық қателіктің екі шамасынан;
С) теодолиттің есеп алу құрылымының екі есе дәлдіктен;
D) алидаданың эксцентриситетнің екі шамасынан;
Е) коллимациялық қателіктің шамасынан.
98 Теодолит – тахеометрдің вертикаль дөңгелегінің НО
тексеру анықтамасын беру керек:
A) орталық деңгейдің осі көру дүрбісінің горизонталь айналу
осіне параллель болу керек;
B) вертикаль дөңгелектің НО тұрақты болу керек;
C) вертикаль дөңгелектің алидадасындағы цилиндрлік
деңгейдің осі алидада нөлдік диаметрге параллель болу керек;
D) вертикаль дөңгелектің НО 00 тең немесе нөльге жақын болу
керек;
E) цилиндрлік деңгейдің осі нысаналау осіне парпллель болу
керек.
35

36.

99 Теодолиттің негізгі бөліктерін атаңыз:
А) трегер, көтеру бұрандалары, көру дүрбісі, горизонтальды
дөңгелек, верньерлер, лупалар, дөңгелек деңгей;
В) тұғыр, көтеру бұрандасы, бекіту және жетекші бұрандалар,
станокты бұранда,көру дүрбісі, бағана, деңгей;
С) үш көтергіш бұрандасы бар тұғыр, горизонтальды дөңгелек,
лимб және алидададан тұрады, көру дүрбісі және вертикальды
дөңгелек;
D) штатив, лимб, алидада, цилиндрлік деңгей, вертикальды
дөңгелек, станокты бұранда;
Е) бұрышөлшегішті дөңгелектер, көтеру бұрандасы, бекіту
және дәлдеу бұрандалары, бағаналар.
100 Нүкте үстіндегі теодолитті центрлеу ненің көмегімен
жүргізіледі:
А) қадалардың;
В) эккердің;
С) жіпті немесе оптикалық тіктеуіштің;
D) компастың;
Е) теодолиттің көтеру бұрандаларының.
36

37.

101 Сызықтың жармасы деп:
А) соңғы нүте сызықпен өтетін тіктеуіш жазықтығы;
В) өлшенетін сызықтың соңғы нүктелер арасындағы
қысқаша қашықтығы;
С) соңғы нүте сызықпен өтетін жазық жазықтығы;
D) соңғы нүте сызықпен өтетін шартты сызығы;
Е) сызық бағыты бойынша тартылған өлшеуіш сым.
102 Теодолиттi орнату нүктесінің үстіне қандай дәлдiкте
центрлейді:
А) 15мм қателікпен;
В) 1мм қателікпен;
С) (5-10) мм қателiкпен;
D) (1-3) мм қателікпен;
Е) қателіксіз.
37

38.

103 Теодолиттің неше тексермесі бар:
А) он ;
В) бес;
С) үш;
D) екі;
Е) төрт.
104 Геодезияда теодолиттік жүрісте жазық
бұрыштары өлшенеді:
А) бір толық тәсілімен;
В) қайталау тәсілімен;
С) бір жартылай тәсілімен;
D) дөңгелек тәсілімен;
Е) полярлық тәсілімен.
38

39.

105 Буссоль қандай мақсатта қолданады:
A) ара қашықтықты өлшеу үшін қажет;
B) басты меридиан бағытында теодолитті бағыттау
үшін қажет;
C) өстік меридиан бағытында теодолитті бағыттау
үшін қажет;
D) магниттік меридиан бағытында теодолитті
бағыттау үшін қажет;
E) бұрыш өлшейтін аспап.
106
2Т30М теодолитінде НО анықтау:
А) нөльге тең;
В) НО=ДС/2;
С) НО=(ДС+ДО+1800)/2;
D) НО=(ДС+ДО);
Е) НО=(ДС+ДО)/2
39

40.

107 Теодолиттің екінші тексермесі (Коллимациондық
жазықтық жағдайы):
А) ДС және ДО айырымы 00;
В) ДС және ДО (горизонтальдөңгелектен алған ) өзара
айырмасы 900 ±2t;
С) ДС және ДО (вертикаль дөңгелектен алған ) өзара
айырмасы 1800 ;
D) ДС және ДО (горизонтальдөңгелектен алған ) өзара
айырмасы 1800 ±2t;
Е) ДС және ДО (вертикаль дөңгелектен алған ) өзара
айырмасы 1800 ±2t .
108 Жоғарғы дәлдікті теодолиттер:
А) Т15К, 2Т30, Т60;
В) Т1;
С) 2Т30М;
D) 2Т2, 2Т5К;
Е) Т5.
40

41.

109 Теодолитті горизонталь жазықтық қалпына
келтіреді:
А) дүрбі;
В) вертикаль дөңгелек;
С) қыл сызықты тор;
D) микроскоп;
Е) деңгей – теңгерме
110 Техникалық теодолиттер:
А) Т15К, 2Т30, 2Т30М, Т60;
В) 2Т2, 2Т5К;
С) Та2М;
D) Т1;
Е) Т1, Т5.
41

42.

111 Теодолит 2Т-30 теодолиті жұмыстық өлшемде
қайсысына жатады
A) механикалық теодолит
B) оптикалық теодолит
C) электронды теодолит
D) автоматикалық теодолит
E) гироскоптық теодолит
112
2Т30 теодолит дәлдігі бойынша қайсысына
жатады
A) электронды теодолит
B) дәл теодолит
C) техникалық теодолит
D) жоғарғы дәлдікті теодолит
E) астрономиялық теодолит
42

43.

113 2Т30 теодолитінің сонғы саны нені білдіреді ?
A) өсімшені өлшеудегі оның дәлдігін
B) бұрышты өлшеудегі оның минуттық дәлдігін
C) бұрышты өлшеудегі оның градустық дәлдігін
D) сызықтың ұзындығын өлшеудегі оның дәлдігін
E) бұрышты өлшеудегі оның секундтық дәлдігін
114 Станцияда вертикаль бұрыштарды өлшеу кезінде НО
өзгеруі аспау керек:
A) коллимациялық қателіктен;
B) вертикаль дөңгелектің есеп алу тетігінін үш дәлдігінен;
C) коллимациялық қателіктің екі шамасынан;
D) теодолиттін горизонталь есеп алу тетігінін дәлдігінен;
E) теодолиттін вертикаль есеп алу тетігінін екі дәлдігінен.
43

44.

115 Бірінші және екінші жартылай тәсілімен жазық
бұрышты өлшеу нәтижелер айырмашылығы аспау керек:
А) лимба бойынша есеп алу дәлдіктен;
В) лимба өлшеу бөліктен;
С) коллимациялық қателік шамасынан;
D) теодолиттің есеп алу құрылымның екі есе дәлдіктен;
Е) теодолиттің есеп алу құрылымның дәлдіктен.
116 Тік бұрыштарын өлшеу кезінде НО ауытқуы 0-ден
қаншаға аспауы керек:
А) 2t;
В) 5t;
С) 3 ;
D) 2 ;
Е) 1,5 t.
44

45.

117 Теодолиттік түсіріс кезінде қолданылатын аспаптар:
A) штатив, үш көтергіш бұрандалары бар тұғырық, деңгейі бар
кипрегель;
B) үш көтергіш бұрандалары бар тұғырық, деңгей және
буссоль-бағдарлауыш;
C) штатив, теодолит, жіпті тіктеуіш, 20м-лік таспа, 2-ала таяқ,
буссоль;
D) тіктеуіш, үш көтергіш бұрандалары бар тұғырық, буссольбағдарлауыш;
E) теодолит, жіпті тіктеуіш.
118 Дәлдігі бойынша теодолиттер келесі түрлерге бөлінеді:
А) дәл, орта және аз дәлдікті;
В) жоғары дәлдікті, дәл және техникалық;
С) жоғары дәлдікті және аз дәлдікті;
D) дәл, орта дәлдікті, техникалық және аз дәлдікті;
Е) өрескел, орта, дәл және жоғары дәлдікті.
45

46.

119 Жеке бұрышты өлшеу үшін, қолданылатын әдіс:
A) тәсілдер
B) айналма әдіс
C) барлық өлшемдермен
D) Струве әдісімен
E) Томилин әдісі
120 2Т-30 теодолитімен вертикальды алынған есеп ДС
= -2 50 ; ДО = +2 49 . НО “ноль орнын” анықтау?
A) 3
B) 2
C) 1.5
D) 1
E) -0,5
46

47.

121
2Т-30 теодолитімен өлшегенде көлбеу
бұрышты есептеу формуласы :
A) = ДС – НО; = НО - ДО
B) = ДС + НО; = НО + ДО
C) = ДС – НО; = НО + ДО
D) = ДС + НО; = НО - ДО
E) = НО - ДС; = НО – ДО
122 2Т-30 теодолитімен вертикальды дөңгелек
бойынша есеп ДС= 7 10 , ал НО= 0 01 тең. көлбеу бұрышты анықта
A) 7 29
B) 7 19
C) - 7 26
D) 7 09
E) - 7 45
47

48.

123 Горизонтальды бұрышты өлшегенде нысаналау немен
орындалады :
A) нивелирдің көру дүрбісімен
B) оптикалық микрометр окулярымен
C) теодолиттің көру дүрбісімен
D) теодолиттің көру дүрбісінің окулярымен
E) нивелирдің көру дүрбісінің окулярымен
124 Нысаналау нүктелеріндегі горизонтальды дөңгелектер
бойынша есептер: сол бағыт = 30 09 , оң бағыт = 50 19 .
Өлшенген бұрыш тең:
A) 80 09
B) 20 10
C) 10 10
D) 80 28
E) 60 09
48

49.

125 2Т30 теодолитінің вертикальды дөңгелегінің ноль орнын
есепте, егер ДО = -1°13/, ДС = +1°17/ болса:
А) НО = +0°02/
В) НО = +1°15/
С) НО = -1°15/
D) НО = -0°02/
Е) НО = +0004/
199 Геодезиялық аспаптардың геометриялық алғы
шарттарын қадағалайтын жұмыстар аталады?
А) түзету
В) тексеру
С) зерттеу
D) жөндеу
Е) қарау
49
English     Русский Правила