9.45M
Категория: МедицинаМедицина

Балалардағы бөртпе синдромы. Қызылша

1.

КеАҚ «СМУ» Балалар жұқпалы аурулар кафедрасы
Дисциплина: Балалар жұқпалы аурулар
Тақырыбы:Балалардағы бөртпе синдромы
Қызылша
4 курс, игеру деңгейі Т-Е-Р
Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының ассистенті: Смаилов Е.С

2.

Лекция жоспары
1.Қызлша анықтамасы
2.Этиология
3.Патогенез
4. Эпидемиология
5.Классификация.
6.Диагностикалық критерилер (Шағымдары, Физикальды қарау)
7.Лабораторлы зерттеу.
8.Асқынуы
8.Дифференциалды диагностика.
9.Емі.
10. Профилактика

3.

Анықтамасы
1963 жылы қызылшаға қарсы вакцина енгізілгенге дейін және вакцинацияның
кең таралуына дейін әр 2-3 жыл қызылшаның эпиедемиясы жүріп отырды,
жыл сайын қызылшадан 2,6 миллион өлім жағдайы болды. ДДСҰ бағалауы
бойынша қызылшаға қарсы қауіпсіз және тиімді вакцинаның болуына
қарамастан, 2017 жылы қызылшадан 110 000 адам қайтыс болды, олардың
көпшілігі бес жасқа дейінгі балалар.

4.

Анықтамасы
Қызылша - РНҚ құрамды қызылша вирусымен шақырылатын, ауа-тамшлы
механизіммен берілетін, жоғары контагиозды, қызбамен, көздің және жоғары
тыныс алу жолдарының шырышты қабатында катарльды қабынумен, ауызқуысына арнайы бөртпе шығумен және тері жабындыларына дақты-папулезді
бөртпе пигментацияға өтумен жүретін жедел жұқпалы ауру.

5.

Этиология
Қызылша
вирусы
(Polynosa
morbillarum),
Paramyxoviridae
тұқымдасына,
Morbillivirus түріне
жатады.
Вирус
бөлшектері
сферикалық формалы, диаметрі 120250 нм, сыртқы қабықтан, спиральды
нуклеокапсидтен,
гемаглютиннен
тұрады. РНК құрамды
вирус,
белокты капсидтен және липидтібелокты ішкі қабықшасы бар. Вирус
гемагглютиндейді,
гемолизирлейді,
комплементбайланыстыруға белсенді
және вируснейтролиздейтін антитела
өндірілуін шақырады.
http://lemur59.ru/node/9804

6.

Эпидемиология
Инфекция көзі-қызылшамен ауырып жүрген науқас.
Берілу жолы-ауа-тамшылы, ұшпалы.
Берілу механизімі-аэрозольді.
Катаральды кезеңде вирус максималды түрде: жөтелу, түшкіру, сөйлесу
арқылы бөлінеді.

7.

Патогенезі
Вирустың жоғарғы тыныс алу
жолдарының эпителиіне
репликациясы
Жергілікті лимфа түйіндеріне
енуі
Жоғарғы тыныс алу
жолдарының катаральды
қабынуы
Энантема, Экзантема
Виремия
Лимфоидты тіннің
гиперплазиясы-иммунды
қабілеттің төмендеуі-анергия

8.

Қызылша
Ағымдағы жылы әлемнің көптеген елдерінде қызылша аурушаңдығы бойынша жағдайдың
асқынуы тіркеледі, оның ішінде: Үндістанда 70 мыңнан астам жағдай тіркелген, Украинада –
38 мыңнан астам, Қытайда – 29 мыңнан астам, Малайзияда (9110), Тайландта (5461),
Сербияда (5057), Пәкістанда (4447), Ресейде (4185), Мексикада (3690), Түркияда (3307),
Францияда (2787), Ауғанстанда (2783), Италияда (2592), Грецияда (2261), Грузияда (2019),
Жапонияда (1529), Қырғызстанда (1529), (1238), Англия (910 жағдай). Бұл ретте қызылшадан
68 өлім жағдайы тіркелді. ДДҰ-ның қызылша ауруымен сырқаттанушылықтың өсуі
қызылшаға қарсы вакцинацияның төмен қамтылуымен байланыстырады.
Қазақстан Республикасында 2018 жылы 576 қызылша жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа
дейінгі балалар арасында - 484 жағдай (84 %). Аурушаңдық көбінесе егілмеген балалар
арасында тіркеледі, олар 76 % (436 жағдай) құрайды. Оның ішінде егу жасына қол жеткізбеуі
себепті егілмеген (1 жастан кіші) – 272 (62 %), медициналық қарсылық білдіру – 119 (27 %),
бас тарту – 45 (11%). 2019 жылдың басынан қызылшаның 749 жағдайы тіркелді, оның ішінде
14 жасқа дейінгі балалар арасында – 534 (71,2%).

9.

Диагностикалық критери
Шағымдары:
Дене қызуының жоғарлауы;
Жөтел ;
Көзінен жас ағу, жарықтан қорқу;
Мұрнынан су ағу;
Басының ауырсынуы;
Әлсіздік, селқостық, енжарлық;
Тері жабындыларына бөртпе шығуы;
Сұйық нәжіс.

10.

Диагностикалық критери
Анамнез:
• Жедел басталады.
• Симптомдар пайда болғанға дейін 7-18 күн бұрын зертханалық расталған
жағдаймен қарым қатынаста болуы.
• Сырқаттың циклді ағыммен өтуі: бірінші күні айқын катаральды
белгілермен, 4-5 ші күндері бөртпе шығумен.
• Бөртпе шығуы аяқталғаннан кейін дене қызуы қалыпты сандарға түседі,
терінің пигментациясы және қабыршықтануы қалады.

11.

Физикалды қарау
Катаральды кезең (кезеңнің ұзақтығы 3-4
күн)
• катаральды синдром үдей түседі (жөтел,
ринит,
трахеит,
ларингит,
бронхит,
конъюнктивит, склерит, көзден жас ағу,
жарықтан қорқу, блефароспазм, көздің
қызаруы);
• науқастың беті домбыққан, қабағы ісінген;

12.

Физикалды қарау
Катаральды кезең (кезеңнің ұзақтығы 3-4
күн)
•қызылшаға тән энантема: ауыз қуысының
шырышты қабатында формасы дұрыс емес
қызғылт дақ
• Филатов-Коплик-Бельски дағы (кезеңнің
соңында): кіші азу тіске қарама қарсы ұрттың
шырышты қабатында және сирек жағдайда
еріннің шырышты қабатында, қызыл иекте
және көз коньюктивасында.
Бельски-Филатов-Коплик
симптомы
анықталған жағдайда клиникалық диагноз
күмәнсіз болып танылады.
https://zen.yandex.ru/media/zdravs
tvui/kor-simptomy-i-oslojneniia-kakzapodozrit5c14d2dc34e04800ab50e460

13.

Физикалды қарау
Бөртпе шығу кезеңі:
• Бөртпенің бірінші күнінде Бельски-ФилатовКоплик дағы
• Бөртпе сырқаттың 4-5-ші күндерінде шығады.
•Макуло-папулезді бөртпе қосылуға бейім
•3 күн бойы бөртпенің шығуы этапты: бірінші
тәулік ішінде құлақтың артында, бетінде,
мойында, кеуденің жоғарғы бөлігінде, 2 - ші
күні-денесінде, 3 - ші күні-аяқтарында;
•Тыныс алу жолдарының шырышты қабығы мен
көздің
конъюнктивасы
тарапынан
интоксикация, катаральды құбылыстардың
күшеюі (мұрынан серозды бөліністің бөлінуі,
жөтел, көзден жас ағу, жарықтан қорқу
трахеобронхит, ларингит, круп белгілері)
•Бөртпеден кейін пигментацияның пайда болуы
https://pandia.ru/text/79/311/14869.php

14.

Физикалды қарау
Пигментация кезеңі:
•Бөртпе пайда болған ретпен кетеді
және өзінен кейін пигментацияланып,
қабыршықтанумен аяқталады.
http://worldmedicine.md/ru/main/news/175

15.

Классификация (Н.И. Нисевич, В.Ф. Учайкин, 1985 жыл)
Типі бойынша
Типті
Қызылшаның клиникалық
кезеңіне байланысты:
-катаральды кезең;
-бөртпе шығу кезеңі;
-пигментация кезеңі;
Атипті
-көмескі;
-митигирленген;
-геморрагиялық
(гипертоксикалық және
қатерлі)

16.

Классификация
Ауырлық
дәрежесіне
байланысты
Жеңіл
Орташа
Ауыр
-геморрагиялық
синдроммен:
-Геморрагиялық
синдромсыз:

17.

Классификация
Ағымы бойынша
Жедел;
Тегіс
(асқынусыз);
Тегіс емес
(асқынумен);
Микстинфекция;

18.

Классификация
Қызылша жағдайларының жіктелуі:
Аурудың клиникалық анықтамасы:
Науқаста қызба, дақты-папулезді (везикулезді емес) бөртпе және төменгі
белгілердің біреуі болса: жөтел, мұрнынан су ағу, коньюктивит.
Күдікті жағдай: аурудың клиникалық анықтамасына сәйкес келетін кез келген
науқас.

19.

Классификация
Қызылша жағдайларының жіктелуі:
Эпидемиологиялық байланысты жағдай: симптомдар пайда болғанға дейін
7-18 күн бұрын зертханалық расталған жағдаймен байланыста болған
қызылшаға сәйкес белгілері бар науқас;

20.

Классификация
Қызылша жағдайларының жіктелуі:
Зертханалық расталған жағдай: қызылшаға сәйкес симптомдары бар,
сондай-ақ жағдайды растаудың зертханалық критерийлеріне жауап беретін
науқас:
-Қан сарысуында, қанның құрғақ тамшысында, сілекейде қызылшаға қарсы Ig
M анықталса;
немесе
-ПЦР әдісімен зерттеу кезінде қанда, мұрынжұтқыншақтан алынған бөліндіде
және зәрде қызылша вирусының РНҚ анықталуы;
немесе
-Жұпты сарысулардағы қызылшаға қарсы Ig-антиденелердің едәуір өсуі (4
реттен артық)

21.

Классификация
Митигирленген қызылша аурудың алдын алу мақсатында гаммаглобулин
алған балаларда науқаспен байланыста болған сәттен бастап алғашқы 5 күн
ішінде байқалады. Митигирленген қызылша кезінде инкубациялық кезең 21
күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Бұл формада инфекциялық процестің
циклділігі бұзылады, катаральды құбылыстар әлсіз, катаральды кезең 1-2
күнге дейін қысқарады немесе болмауы мүмкін. Бельский-Филатов-Коплик
дақтары науқастардың негізгі бөлігінде болмайды. Бөртпе ауру басталғаннан 1
немесе 2 күн бойы бір мезетте пайда болады, ол тері жабындыларының
жекелеген учаскелерінде байқалуы мүмкін. Терінің өзгермеген фонында ұсақ,
мол емес, дақты-папулезді сипаттағы бөртпелер. Бөртпе 1-2 күн сақталады
және пигментті және қабыршақтануды қалдырмай бірден жойылады. Аурудың
ағымы әдетте асқынусыз.

22.

Классификация
Көмескі түрі клиникалық митигирленген формадан айырмашылығы жоқ, 2ден 10 жасқа дейінгі жас тобындағы вакцинацияланған балаларда кездеседі.
Аггравирленген
симптомдары
бар
қызылша
(гипертоксикалық,
геморрагиялық, қатерлі) өте сирек кездеседі. Геморрагиялық формада
интоксикация және геморрагиялық синдромдардың есебінен науқастардың
жағдайы ауыр дәрежеде болады. Теріде, шырышты қабаттарда көптеген қан
құйылулар байқалады, мұндай науқастарда несепті талдауда гематурия
анықталады. Гипертоксикалық және қатерлі формада, клиникада
интоксикация симптомдары, жүйке жүйесі тарапынан: гиперестезия, тырысу
алды және тырысу түріндегі өзгерістер басым болады. Бұл өлімге әкелуі
мүмкін.

23.

Классификация
Қызылшаның жеңіл түрінде интоксикация белгілері айқын емес , дене
қызуының 2-3 күн бойы 38,0С дейін жоғарылауымен, жеңіл жөтелмен,
мұрынан серозды бөліністің бөлінуімен және конъюнктивитпен сипатталады.
Бельский-Филатов-Коплик дақтары 30% науқастарда байқалады. Дақты және
дақты-папулезді бөртпе сырқаттығ 4-5-ші күндерінде пайда болады, қосылу
үрдісі әлсіз. Аяқтардағы бөртпелер әдетте көп емес немесе болмайды.

24.

Классификация
Қызылшаның жеңіл түрінде интоксикация белгілері айқын емес , дене
қызуының 2-3 күн бойы 38,0С дейін жоғарылауымен, жеңіл жөтелмен,
мұрынан серозды бөліністің бөлінуімен және конъюнктивитпен сипатталады.
Бельский-Филатов-Коплик дақтары 30% науқастарда байқалады. Дақты және
дақты-папулезді бөртпе сырқаттығ 4-5-ші күндерінде пайда болады, қосылу
үрдісі әлсіз. Аяқтардағы бөртпелер әдетте көп емес немесе болмайды.

25.

Классификация
Қызылшаның жеңіл түрінде интоксикация белгілері айқын емес , дене
қызуының 2-3 күн бойы 38,0С дейін жоғарылауымен, жеңіл жөтелмен,
мұрынан серозды бөліністің бөлінуімен және конъюнктивитпен сипатталады.
Бельский-Филатов-Коплик дақтары 30% науқастарда байқалады. Дақты және
дақты-папулезді бөртпе сырқаттығ 4-5-ші күндерінде пайда болады, қосылу
үрдісі әлсіз. Аяқтардағы бөртпелер әдетте көп емес немесе болмайды.

26.

Классификация
Қызылшаның ауыр түрі 40,0С-қа дейінгі гипертермиямен, сананың
бұзылуымен нерв жүйесінің зақымдануымен, (тырысу алды және тырысуы
белгілерімен) адинамиямен сипатталады. Катаральды құбылыстар айқын,
Бельский-Филатов-Коплик дақтары барлық науқастарда кездеседі. Бөртпелер
мол, дақ-папулезді бөртпе қосылуға бейім, кейде геморрагиялық сипатқа ие.
Бөртпе кезеңі сақталады. Басқа түрлерге қарағанда, ОЖЖ және бронх-өкпе
жүйесі тарапынан асқынулар байқалады.

27.

Асқынуы
Тыныс
алу
мүшелері
жағынан
(пневмониялар,
ларингиттер,
ларинготрахеиттер, бронхиттер, бронхиолиттер, плевриттер);
Ас қорыту жүйесі (стоматиттер, ауыз қуысындағы терең немесе кең жаралар,
энтериттер, колиттер);
Жүйке жүйесі (энцефалиттер, менингоэнцефалиттер, миелиттер);
Көру
мүшелері
(конъюнктивиттер,
кератиттер,
блефариттер,
кератоконъюнктивиттер);
Есту мүшелері (отиттер, мастоидиттер );
Зәр шығару жүйесі (циститтер, пиелонефриттер);
Тері (пиодермия, абсцесс, флегмон).

28.

Лабораторлы зерттеу
ҚЖА:
-катаральды кезеңде (лейкопения, нейтропения );
-бөртпе кезеңінде (лейкопения, эозинопения, тромбоцитопения болуы мүмкін);
-бактериялық асқынулар дамыған жағдайда-лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ
үдеуі ·
ЗЖА:протеинурия, микрогематурия, цилиндрурия (ауыр формада);
ИФА әдісімен қан сарысуында IgM класындағы арнайы антиденелерді (IgMдің пайда болуы вакцинациядан туындаған жағдайларды қоспағанда) анықтау
(бөртпенің басталуынан 5 күннен ерте емес));
Мұрын жұтқыншағының немесе несептен ПЦР әдісімен қызылша вирусының
РНК анықтау (бөртпенің пайда болғаннан бастап алғашқы 3 күн ішінде
үлгілерді алу) ·

29.

Дифференциалды диагностика
Диагноз: Жәншау
Дифференциалды
диагноз
үшін
негіздеме: Интоксикация және бөртпе
синдромы
Зерттеу:
Патогенді
флораға
ауыз
жұтқыншақтан бактериологиялық талдау.
Диагностикалық критери: Іріңді баспа,
гиперемирленген тері фонында ұсақ
нүктелі бөртпе, бөртпе бір уақытта
шығады, ауыз-мұрын ұшбұрышының
бозаруы,
катаральды
белгілердің
болмауы, «таңқурай тәрізді тіл», қол мен
аяқ саусақтарының , алақан мен
табанның ірі пластинкалы түлеуі
https://www.google.com/url?sa=t&source=web&rct=j&url=http://www.my
shared.ru/slide/977995/&ved=2ahUKEwjqvs36pJLmAhVEcZoKHZ9NAgcQFjA
CegQICRAD&usg=AOvVaw3ouZAURR0HoQEjEGKygaA6

30.

Дифференциалды диагностика
Диагноз: Менингококкты инфекция
Дифференциалды
диагноз
үшін
негіздеме: Интоксикация және бөртпе
синдромы
Зерттеу:
Мұрын
жұтқыншақтан,
менингоккаға бөртпелер элементтерінен
менингококқа бактериологиялық талдау.
Менингеалдық симптомдар болған кезде
- ликворды бактериологиялық зерттеу.
Диагностикалық критери: ортасында
некрозды компоненті бар «жұлдызша»
геморрагиялық бөртпе, қосылуға бейім,
экзимоздар, бастың қатты ауырсынуы,
менингиалды симптомдар, шок белгілері
https://www.syl.ru/article/91373/meningokokkovayainfektsiya-u-detey-simptomyi-pervaya-pomosch-lechenie

31.

Дифференциалды диагностика
Диагноз: Желшешек
Дифференциалды диагноз үшін
негіздеме: Интоксикация және бөртпе
синдромы
Зерттеу: Зостер варицелла вирусына
М
класты
иммуноглобулиндерді
анықтау..
Диагностикалық критери: терідегі
везикулезді бөртпелер, оның ішінде
бастың
шаш
бөлігінде
және
шырышты
қабықтарда,
"жалған
полиморфизм": дақ-папула-везикулақабық,
желшешекпен
немесе
белдемелі
герпеспен
ауыратын
науқастармен байланыс.
https://dp3.ru/drugoe/vetryanaya-ospa-u-detejsimptomy-i-klinicheskie-formy-bolezni-effektivnyelechebno-diagnosticheskie-meropriyatiya-v-domashnihusloviyah.html

32.

Дифференциалды диагностика
Диагноз: Қызамық
Дифференциалды
диагноз
үшін
негіздеме: Интоксикация және бөртпе
синдромы
Зерттеу: Аурудың жіті кезеңінде M
класты қызылшаға қарсы антиденелерді
анықтау..
Диагностикалық критери: кіші дақтыпапулезді
бөртпе,
әлсіз
білінетін
катаральды
және
интоксикация
синдромы, артқы-мойын және шүйде
лимфа түйіндерінің ұлғаюы, қызамықпен
ауыратын науқастармен байланыс.
http://metodisty.ru/m/news/view/krasnuha_u_detei

33.

Дифференциалды диагностика
Диагноз: Аллергиялық бөртпе
Дифференциалды
диагноз
негіздеме: бөртпе синдромы
үшін
Зерттеу: аллергендерге зерттеу
Диагностикалық критери: дене қызуы
қалыпты сандарда, интоксикациясыз.
Катаральды
белгілерсіз
қышумен
жүретін дақты-папулезді, күлдіреуікті
бөртпе. Бөртпе патенциалды аллергенмен
контакт
болғаннан кейін шығады
(медикамент, тағам өнімдері, және т/б)
https://en.wikipedia.org/wiki/File:SkinConditionFront1.PNG

34.

Дифференциалды диагностика
Диагноз: Энтеровирусты экзантема
Дифференциалды диагноз үшін негіздеме:
интоксикация және бөртпе синдромы
Зерттеу: Қанды аурудың басында және 2-3
аптадан кейін энтеровирустық (ЭВ) антигено
бар ТГР және КБР әдісімен зерттеу;ПТР
әдісімен нәжісті энтеровирусқа тексеру
Диагностикалық критери: Бөртпе денеде,
бетінде, сирек - қолында, ұсақ нүктелі немесе
кіші дақты- папулезді, кейде-геморрагиялық.
Бөртпе бірнеше сағат бойы немесе бірнеше
тәулік бойы сақталады және із, пигментация
қалдырмай жоғалады. Ауыздың шырышты
қуысында энантема болады; энтеровирустық
экзантема нұсқаларының бірі - қолдың,
табанның және ауыз қуысының шырышты
қабығының
(қол-аяқ-ауыз)
терісінде
везикуланың пайда болуы.
http://hepatolog.dom-pc.ru/lechenieehnterovirusnoj-infekcii-spb

35.

Емі
Режимі:
- Мельцер боксына жатқызу;
- Науқастың қатаң гигиенасы: ауыз қуысының, көздің шырышты қабықтарын
гигиеналық күту, мұрын, құлақтың дәретханасы, күніне бірнеше рет көзді жылы
қайнаған сумен жуу.
- Диета: үстел № 13.2011 жылғы 31 наурыздағы № 172 бұйрығы. "Балаларға
стационарлық көмек көрсету бойынша қалта анықтамалығы. Схемасы 16". Дені сау
және науқас баланың тамақтануы бойынша ұсыныстар. Бөлшек жылы сусын. Сүтөсімдік диета.

36.

Емі
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Орташа ауырлықтағы қызылша:
• 38,5ос жоғары гипертермиялық синдромды тоқтату үшін кемінде 4 сағат
аралығымен 10 - 15 мг/кг парацетамол немесе per rectum немесе ибупрофен ауыз
арқылы тәулігіне 3 реттен артық емес 5-10 мг/кг дозасында тағайындалады;
• Десенсибилизациялық терапия мақсатында хлоропирамин тәулігіне 1-2 мг/кг ауыз
арқылы немесе парентеральды, тәулігіне екі рет, 5-7 күн ішінде;)
• Конъюнктивит кезінде-көзді нитрофурал ерітіндісімен 1:5000 3 - 4 рет күніне-5 күн
шаю, сульфацетамид 20% 1 тамшыдан күніне 4 рет әрбір көзде-5 күн;
• Ретинол-күніне 1 рет, 2 күн: 6 айға дейін-50.000 ХБ, 6-11 ай-100.000 ХБ, 12 ай және
одан жоғары-ауыз арқылы 200.000 ХБ.

37.

Емі
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Ауыр дәрежедегі қызылша:
• 38,50 С жоғары гипертермиялық синдромды тоқтату үшін кемінде 4 сағат аралықпен 10 - 15
мг/кг парацетамол, ауыз арқылы үш күннен аспайтын немесе per rectum немесе ибупрофен
арқылы 5-10 мг/кг дозада ауыз суткичерезінде 3 реттен артық емес тағайындалады
• Десенсибилизациялық терапия мақсатында хлоропирамин тәулігіне 1-2 мг/кг ауыз арқылы
немесе парентеральды, тәулігіне екі рет, 5-7 күн ішінде;)
• Вирусқа қарсы және иммуномодуляциялаушы мақсатпен-интерферон α - 2b-адами
рекомбинантты: екі жасқа дейінгі балалар үшін 150000-нан, екі жастан 5 жасқа дейінгі
балалар үшін 500 000 ХБ-нан және бес жастан асқан балалар үшін 1 млн. ХБ-дан тәулігіне 2
рет per rectum, емдеу курсы 10 күн;
• Конъюнктивит кезінде - көзді нитрофурал ерітіндісімен:5000 3 – 4 рет күніне-5 күн,
сульфацетамид 20% 1 тамшыдан күніне 4 рет әр көзде-5 күн;
• Ретинол-күніне 1 рет, 2 Күн: 6 айға дейін-50.000 ХБ, 6-11 ай-100.000 ХБ, 12 ай және одан
жоғары-200.000 ХБ;

38.

Емі
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Ауыр дәрежедегі қызылша:
• Дезинтоксикациялық терапия мақсатында 30 – 50 мл /кг есебінен көктамырішілік
инфузия: молекулалық салмағы 30000 - 40000 (10-15 мл/кг) декстран, 5% немесе
10% декстроздар (10 - 15 мл/кг), 0,9% натрий хлориді (10 - 15 мл/кг);

39.

Емі
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Орталық нерв жүйесі тарапынан асқынған кезде (энцефалит) – дегидратациялық
терапия: маннитол – 15% 0,5 - 1,5 гр/кг есебінен көктамыр ішіне 3-5 күн бойы
тамшылатып ;
Фуросемид 1% – 1 - 3 мг/кг тәулігіне 3-5 күн ішінде 12 сағат аралықпен, содан кейін
ацетазоламид 0,25 г – 8 - 10 мг/кг тәулігіне , схема бойынша күніне бір рет: үш күн
сайын, бір күн үзіліс, калий препараттарымен бірге бес курсқа дейін;
Ісінуге
қарсы, қабынуға қарсы және десенсибилизациялайтын терапия:
дексаметазон схема бойынша: 1 доза - 1 мг/кг, содан кейін әрбір 6 сағат сайын тәулігіне 0,2 мг/кг немесе 1 мг/кг (бұлшықет ішіне) есебінен преднизолон – 5 - 7 күн,
дозаны біртіндеп азайтып, динамикадағы жағдай бойынша, қажет болған жағдайда
ауыз арқылы 0,1 - 0,5 мг/кг есебінен преднизолонмен емдеуді жалғастыру.;

40.

Емі
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Тырысулар мен энцефалит кезінде:
Фенобарбитал (тәулігіне 1-3 мг/кг) немесе диазепам – 0,5% - 0,1 мл - ден кг– ға (0,2 - 0,5
мг/кг б/е; к/і; ректальді) немесе натрий оксибутираты - 20% ерітінді-50-150 мг/кг (бір реттік
доза б/е; к/і)немесе вальпрой қышқылы 10 мг/кг к/і, содан кейін ауыз арқылы 15-20 мг/кг;
Ми ісінуі кезінде-оксигенотерапия

41.

Емі
Антибактериалды препараттар қоздырғышқа байланысты тағайындалады:
- қызылшаның ауыр түрлері;
- бактериялық асқынулардың дамуы;
- қолайсыз преморбидты фоны бар ерте жастағы балаларда қызылшаның
дамуы (2 және 3 дәрежелі анемия, 2 және 3 дәрежелі ақуыз - энергетикалық
жетіспеушілігі, иммунитет тапшылығы жағдайы) ·

42.

Емі
Тобы
Препарат атауы
Енгізу жолы
Тәулікті доза
Цефуроксим
Ішке , б/е, к/і
50-100 мг/кг (2-3) 5- 7
күн
Цефтриаксон
б/е, к/і
50- 100 мг/кг (1-2)- 5- 7 күн
Цефотаксим
б/е, к/і
50-100 мг/кг (2 -4)-5- 7 кұн
Амикацин
б/е, к/і
10-15 мг/кг (2- 3) 5- 7 күн
цефалоспориндер
аминогликозидтер
Гентамицин сульфат
б/е, к/і
Жартылай синтетические
пенициллиндер
Макролидытер
Ампициллин/сульбактам
б/е, к/і
3-7 мг/кг (2) - 5- 7 күн
150 мг/кг (2- 3) -5- 7 күн
Амоксициллин/клавуланат Ішке, к/і,б/е
25-45мг/кг
Азитромицин
1сут.- 10мг/кг, кейін 5мг/кг
(1) - 4 күн
per os

43.

Қызылша (Morbilli)
Ошақта эпидемияға қарсы шаралар:
Бөртпелер шыққан уақыттан науқасты 5-ші күнге дейін жекешелеу
Пневмониясы бар науқастарды жекелеу мерзімін 10 күнге дейін ұзарады
Қарым-қатынаста болған науқастарды, егу егілмегендерді, қызылшамен
ауырмағандарды 18 күнге карантинге алады.
Балалар мекемесіне баратын, алғашқы екі сынып оқушыларын қатынастын 7 -ші
18-ші күндерінде карантин
Вирус қоршаған ортаға төзімсіз болғандықтан дезинфекция жүргізілмейді

44.

Профилактика
• 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстан
Республикасында
халықты
қосымша
иммундау басталады. 9 айға толған
балалар, егу мәртебесі белгісіз 30 жасқа
дейінгі адамдар, бұрын егілмеген және
қызылша ауырмаған, 5 және одан да көп
жыл бұрын инфекция ошақтарында
қызылшаға қарсы бір екпемен егілген
адамдар, сондай-ақ эпидемиологиялық
көрсеткіштер бойынша вакцинациялауға
жататын
медицина
қызметкерлері
вакцинацияланатын
болады,
себебі
халықтың осы тобында әлеуетті қызылша
ауруымен ауыратын науқастармен жиі
байланыста болғандықтан жұқтыру қаупі
жоғары.»

45.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Инфекционные болезни у детей: Учебник для пед.фак.мед.вузов/ Под ред. В.Н.Тимченко.-2-е
изд.,испр.и доп.-СПб.:СпецЛит,2006.-576 с.:ил.
Инфекционные болезни: Нац. рук-во /Гл. ред.: Н.Д.Ющук, Ю.Я. Венгеров.- М.: ГЭОТАР Медиа, 2009.-1056с.+ CD: ил. - (Национальные руководства).
Зубик Т.М., Иванов К.С. «Дифференциальная диагностика инфекционных болезней»,
Ленинград, 1991 г.
Симованьян Э.М. «Инфекционные болезни у детей», справочник в вопросах и ответах,
Ростов-на-Дону, 2002 г.
Учайкин В.Ф. «Руководство по инфекционным болезням у детей». – М., ГЭОТАР – МЕД,
2002.
ДСД РО 2016 жылғы клиникалық хаттамалар: «Балалардағы қызылша», «Балалардағы
қызамық», «Балаларадағы желшешек», «Балалардағы жәншау».
Фото суреттер интернет желісінен алынды.
English     Русский Правила