12.44M

Сазсырнай аспабы

1.

САЗСЫРНАЙ
АСПАБЫ

2.

Дала фольклоры мен музыкасы
Бабаларымыздан қалған өнер мұрасын өскелең
ұрпақтың
бойына
сіңіріп,
мәдениетімізді
жаңғырту жолында "Дала фольклоры мен
музыкасының мың жылы" атты жоба іске асып
келеді. Байыпты бастама Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты
мақаласының
аясында
қолға
алынды.
Нәтижесінде жинақтардың алғашқы бес томы
жарыққа
шығып,
335
ән
тұңғыш
рет
аудиотаспамен сәйкестендіріліп, нотаға түсірілді
және әндердің сақталуы мен насихатталуына үлес
қосқан 140-тан астам әншінің репертуары қайта
сараланды.

3.

Көшпелілер мәдениетінің ең бір көне
нұсқалары — ол миф . Миф — фольклордың
ең көне жанры. Оның тұп-тамырлары сонау
алғашқы қауымдық құрылыстан басталады.
Адам баласы өзін қоршаған орта, табиғат,
жан-жануарлар, өмір, өлім, өсіп-өну туралы
ерте заманнан-ақ өз түсініктерін
қалыптастырған.
Көшпелілердің көне мифтік көзқарастары жыраңыздарда көрініс тапқан. Түркі көшпелілерінің ең
көне аңыздарына Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер
жатады. Қорқыт туралы аңыз-әңгімелердің негізгі
сюжеті — өмір мен өлім, адамның ажал алдындағы
дәрменсіздігі.

4.

Сазсырнай
Сазсырнай — үрлемелі аспап. Сазсырнай ысқырып
ойналатын флейталар тобына жатады. Кейбір
сазсырнайдың ысқырғыш тетігі болмайды. Оған қазақ
халқының сазсырнайы мысал. Сазсырнайға ұқсас
аспаптар көптеген халықтарда кездеседі. Атауы әр
халықтың өз тілінде айтылатын аспаптың пішіні де әр
түрлі. Оның пішінін шеберлер құсқа, балыққа, көп
басты атқа, жұмыртқаға ұқсатып жасай берген.
Сазсырнайдың дыбыс диапазоны терция, кейде
октаваға шейін барады. 1971 жылы Отырарда
жүргізілген қазба жұмыстарда саздан жасалған қаздың
жұмыртқасындай музыкалық аспап табылған.
Аспаптанушылардың зерттеуінен өткен бұл сазсырнай
үш дыбыс шығарады. Олар екінші октаваның “мибемоль”, “фа”, “соль” ноталары.

5.

Сазсырнайды жасау үшін дәстүрлі түрде жануарлардың жүні қосылған
сазды қолданады. "Саз сырнай" деген екі сөзден тұрады, олар "саз" және
"музыкалық аспап"деп аударылады.
Қазіргі таңда жас орындаушылар ата-бабаларымыздың музыкалық
мәдениетін жандандыруға және сазсырнайда ойнауды үйренуге тырысады.
Танымалдылықтың артуына байланысты қазақ аспабын
мамандандырылған қойылымдарда немесе фольклорлық ансамбльдер
құрамында жиі естуге болады. Тәжірибелі қолдарда оның дыбысы
тыңдаушыларға ежелгі атмосфераны жеткізіп, қиялдағы дала рухын
жандандыра алады.

6.

"Балапан қаз" әнінің Арғынбай Жұмажанұлы шығарған
мәтіні бұл кісінің 1979 жылы "Меңдікөл" деген атпен
Өлгийде жарық көрген жыр кітабының 12-13 беттеріне
басылды. Өлеңге "Бұл өлке" деген тақырып берілген.
Тақырып астында "Халық әні "Балапан қаз" әуенімен"
деген тақырыпша бар. Өлеңнің мәтіні мынандай:
Бұл өлке — біздің ауыл жайлаған жер,
Желіге асау құлын байлаған жер.
Көзіме от-жалындай көрінеді,
Айқасып құлын-тайдай ойнаған жер.

7.

"Балапан қаз" әнін қазақстандық әншілердің
ішінде алғаш айтушы Жанар Айжанова.
Жанар бұл әнді 1991 жылы Моңғолияға
барғанда үйреніп қайтқан. Кейін "Балапан
қаз" әнін Роза Рымбаева, Бағдат Сәмединова
сияқты жез таңдай әншілеріміз де келістіре
шырқады. Ал, "Көшпенділер" фильмінде
"Балапан қаз" әнін белгілі әнші Ұлту
Қабаеваға айтқыздық. Ұлтудың айтуындағы
далалық табиғилық және әннің иірімқайырымына, саз-сарынына сәтті нақыс
дарытып айтушылық бізге ден қойғызды.

8.

Назарларыңызға рақмет!
English     Русский Правила