1.37M
Категория: ФилософияФилософия

Білім, ғылым, техника және технологиялар философиясы

1.

Пән: «Философия»
Дәріс-презентация
Білім, ғылым, техника және технологиялар
философиясы
Құрастырған: әлеуметтік ғылымдарының магистрі Ғабит ХАФИЗ
Павлодар – 2022 -2023 оқу жылы

2.

Студенттерге арналған сұрақтар?
1. Білім деген не?
2. Білімге қалай жетеміз немесе білім қайдан келеді?
3. Ғылым деген не?
4. Техника деген не?
5. Технология деген не?

3.

Білім беру, ғылым, техника және
технологиялар философиясы
1.Білім беру философиясы
2.Ғылым философиясы
3.Техника философиясы
4.Технология

4.

Білім деген не?
Білім - адамның санасында берілген,
өзінің қызметінде шынайы дүниенің заңды
байланыстарын идеалды бейнелейтін объективті шындық.

5.

Білім беру философиясы
Білім беру философиясында
білімділік идеясы, білім берудің
мақсаты, білім беретін жүйелер
талқыланады.
Білім беру философиясының арнайы
ғылыми сала ретінде бөлініп
шығуының себептері :
1)білім беру технологияларының
өзгеруі;
2) білім көлемінің өсуі;
3) қоғам мен оқу-білім саласы
арасындағы қайшылықтардың
тереңдей түсуі.

6.

Білім беру – адам мен қоғам үшін
құндылық
Сократ: «бірден-бір ізгіліік білім, бірден-бір зұлымдық надандық»
Ф. Бэкон: «Білім – күш »

7.

Білім беру философиясының пайда болуы
Джон Дьюи
(1859—1952),
ағылшын-американдық
философ, прагматизмнің
өкілі, білім философиясының
негізін қалаушы
Джон Дьюи өзінің «Мектеп және қоғам» (1899), «Болашақ
мектептері» (1915), «Демократия және білім беру» (1916) атты
енбектерінде прагматизмге, әсіресе, оның инструментализм деген
тармағына сүйеніп, білім беру философиясының негізін қалаған.
Дж. Дьюи бихевиоризм психологиясына сәйкес интеллектті
қоршаған ортаға бейімделудің және аман қалудың басты құралы,
ол біздің қажеттіліктерімізге сәйкес шындықты өзгертуге
бағытталған деп сипаттайды.
Дж. Дьюидің білім беру философиясының түйінді ұғымдары:
коммуникация, ғылыми ойлау, тәжірибе.
Дж.
Дьюи
пікірінше,
білім
беру

қоғамды
демократияландырудың басты құралы. Сондықтан мектеп
баланың ойлау қабілетін дамыту үшін, оны еңбекке үйретуі тиіс.
Дьюи тарих, география, физика т.б. ғылыми мәліметтерді
хабарлайтын оқу пәндерді шеберлікке дағдыны дамытатын іс тігу,
ағаш бұйымдарды жасау ісі, слесарь ісі, кулинария сияқты
тәжірибелік оқу сабақтардың айналасында топтастыруды ұсынды.
Мысалы, кулинария сабағында қолданған технологиялық
процестердің және азық-түліктердің физикалық, химиялық,
биологиялық т.б. қасиеттерімен оқушыларды таныстырып өту
керек.

8.

Білім беру философиясының объектісі мен пәні
Білім беру философиясының объектісі – бұл
мәдениетті трансляциялаудың және адамды
әлеуметтендірудің
біртұтас жүйесі ретіндегі
білім берудің өзі.
Білім беру философиясының пәні – бұл
білім берудің мәні, негіздері және қызмет етуінің
детерминанттары ( себептері)

9.

Білім беру философиясының мәселелері және зерттеу
бағыттары
Білім беру философиясының мәселелері:
- білім берудің детерминанттары (себептері)
- білім берудің қозғаушы күші және білім беру
мазмұнының көзі
- білім беру жүйесінде мұғалім мен оқушының рөлі
- білім берудің генезисі
- білім беру жүйесіндегі әрекет (оқыту, тәрбие беру,
технологиялары
Білім беру философиясының бағыттары:
- білім берудің онтологиясы
- білім беру логикасы
- білім беру аксиологиясы
- білім беру этикасы
- білім беру әдіснамасы
- білім беру идеологиясы

10.

Білім беру философиясының екі негізгі
проблемалары
1) адам өміріндегі білім берудің алатын
орны мен рөлі
2) қоғам өміріндегі білім берудің
алатын орны мен рөлі

11.

Ыбырай Алтынсариннің білім беру
философиясы
Ыбырай
білімге
талпынуға,
білімдіден
үйренуге
үгіттейді.
«Қазақтардың
білімге
қолын
жеткізетін ең басты құрал – мектеп…
қазақ
халқының
болашағы
да
мектептермен байланысты»
Ыбырай Алтынсарин
(1841–1889)
«Бір құдайға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар!

12.

Ы. Алтынсарин оқу үшін қажетті
қасиеттер туралы
Ы. Алтынсарин оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына
ерекше мән берген ағартушы. Ол оқу үшін инемен құдық қазғандай
ыждағаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді.
Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ,
қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады.
«Надандықтың белгісі,
Еш ақылға жарымас.
Жайылып жүрген айуандай,
Ақ, қараны танымас...
Жөн білмеген наданға,
Қыдыр ата дарымас»

13.

Ыбырай Алтынсарин білімділіктің
маңызы туралы
Ы.Алтынсарин
«Өнербілім бар жұрттар» атты
еңбегінде
білімділіктің
маңызын
қазақ
халқын
дамыған елдердің қатарына
жеткізуінде деп білді:
«Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды,
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды,
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды,
Адамды құстай ұшырды
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді,
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді!..»

14.

Қазіргі қоғамда «білімді адам» моделі
• 1) функционалдық және шығармашылық білімді қолдану;
• 2) сыни тұрғыдан ойлау;
• 3) зерттеу жұмыстарын жүргізу;
• 4) ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды пайдалану;
• 5) коммуникацияның әр түрлі тәсілдерін
қолдану, соның ішінде тілдік дағдылар;
• 6) жеке және топта жұмыс істеу қабілеті
Қазіргі білімді адам - әлемді игеріп, ондағы өзінің орнын таба
алатын, заман сұранысына сай өзегін өзгерте алатын, іскер адам. Яғни
білімді тек білдіру үшін ғана емес, соған сүйеніп, тез жол табуға икемді,
ішкі қуаты мобильді, білікті тұлға пісіп-жетілуіне бағыттау қажет.

15.

Ғылым
Ғылым (араб.— білім, тану;
лат. scientia — білім) :
1) жаңа білімге жеткізетін әрекет;
2) ғылыми зерттеу арқылы
ашылған білім;
3) білімді өндірумен айналысатын
әлеуметтік институт
Ғылымның негізгі міндеттері –
өзі тауып ашқан заңдардың
негізінде дүниенің құбылыстарын
сипаттау, түсіндіру және болжау

16.

Ғылыми әрекеттің белгілері
- ғылыми зерттеу әдістерін жасап
шығару және пайдалану,
арнайы
жабдықтарды
(приборларды,
инструменттерді,
лабораторияларды
және
т.
б.)
пайдалану
кең
көлемдегі
ақпаратты
(кітапхананы, мәліметтер базасын
т.б.) игеріп алу және өндіру.

17.

Ғылымдардың бөлінуі
- жаратылыстану
ғылымдары
- әлеуметтік
ғылымдар
- гуманитарлық
ғылымдар
-техникалық
ғылымдар

18.

Аристотель іліміндегі ғылымдар
классификациясы
Аристотель
(б.д.д 384322жж.)
Аристотель ғылымдарды үш
топқа бөлді:
1) теориялық ғылымдар
(философия, физика,
математика).
2) практикалық ғылымдар
(саясат, этика, экономика).
3) шығармашылық
ғылымдар
(риторика және поэтика).

19.

Әл-Фараби іліміндегі ғылымдар
классификациясы
Абу Насыр
ибн Мухаммед
әл-Фараби
(870-950)
«Ғылымдар
энциклопедиясы»
I. Тіл ғылымы
II. Логика ғылымы
III.
Ақылмен
танылатын
ғылымдар
(арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка,
салмақты өлшеу туралы ғылым, механика
IV. Жаратылыстану (физиканың 8 бөлімдері прогностика, медицина, нигромантия, бейнелер туралы
ғылым, агрикультура, навигация, алхимия, оптика) және
метафизиканың 3 бөлімі – заттардың бар болу принциптері туралы; нақты теориялық ғылымдардың бастаулары
мен қағидаттары туралы; денеден тыс тіршілік ететін
тәнсіз денелер туралы
V. Азаматтық басқару ғылымы (юриспруденция
және қалам)

20.

Ф.Бэкон іліміндегі ғылымдар
классификациясы
Френсис Бэкон
1561 -1626
Ф. Бэкон адамның танымдық
қабілеттеріне қарай (ес, пайым,
қиял) ғылымдарды үш топқа бөлді) :
1) тарих (табиғи және азаматтық);
2) теориялық ғылымдар, немесе,
сөздің кең мағынасында
«философия». Оның құрамында Бэкон
«бірінші
философияны»
атап
көрсетіп, оны «табиғи теологияға»,
«антропологияға» және «табиғат
философисына» бөлді
3) поэзия, әдебиет, өнер

21.

Г.Гегельдің ілімігдегі ғылымдар
классификациясы:
Георг Вильгельм
Фридрих Гегель
(1770-1831)
• 1) логика (үш ілімнен тұрады:
болмыс туралы, мән туралы,
ұғым туралы);
• 2) табиғат философиясы
(механика, физика, органикалық
физика);
• 3) рух философиясы (субъективті
рух - антропология,
феноменология, психология),
объективті рух (мемлекет, құқық,
азамат туралы әлеуметтік-саяси
ғылымдар), абсолютті рух – өнер,
дін, философия)

22.

О. Конт іліміндегі ғылымдар
классификациясы
Исидо́р Мари́ Огю́ст
Франсуа́ Ксавье́ Конт
(1798-1857)
1) сыртқы дүниеге
қатысты ғылымдар
және адамға қатысты
ғылымдар;
2) табиғат философиясы
– бейорганикалық және
органикалық;
3) шынайы философия
(астрономия, химия,
биология)

23.

Ғылым әлеуметтік институт
ретінде
Ғылым әлеуметтік институт ретінде
ғылыми
қауымдастықтардың,
мекемелердің қызмет етуімен, ғылыми
басылымдармен,
ғылыми
конференцияларды,
дискуссияларды
өткізуімен сипатталады.
Ғылыми
коғамдастық
дегеніміз,
Т.Кунның түсінігі бойынша, белгілі бір
сала бойынша ғылыми зерттеулер
жүргізу мақсатымен парадигмаларды
немесе осы ізденістердің теориялық
алғышарттарын негізге ала отырып
біріккен ғалымдар ұжымы

24.

Ғылым және материалдық өндіріс
Ғылым
әлеуметтік
институт ретінде қоғамдық
өндірістің, өңдірістік күштердің дамуын жеделдетуіне
және ынталандыруға ықпал
етеді
Ғылымның өзі өндіргіш
күшке айналады

25.

Ғылыми және ғылыми емес
білімнің демаркациясы
Бір жағынан, эмпирикалық ғылымдардың ар
асындағы, екінші жағынан, математика,
логика, сондайақ «метафизикалық» жүйелер
арасындағы айырмашылықтарды
анықтау үшін қажет құралдарды беретін
философия мен ғылым шекаралығын немесе
критерийлерді табу мәселелерін Поппер
демаркация мәселелері деп атайды
Карл Поппер
1902 —1994)
«Ғылыми білімнің
логикасы және өсуі»

26.

Сциентизм
Дэниел Белл
(1919-2011)
Сциентизм- (лат. sсіеntіа – ғылым) –

ғылымның әлеуметтік
рөлін абсолюттеу.
Сциентизм – арнаулы
ғылыми таным ғылыми-теориялық
қызметтің жалғыз мүмкін
болатын типі және құндылықтынейтральды, рационалды,
сондықтан барлық әлеуметтік
проблемаларды шешуге қабілетті
бәрін қамтитын дүниетанымды
жасауға жеткілікті негіз қалайды
деп есептейді

27.

Антисциентизм
Антисциентизм - қоғамдық прогресс идеясынан түңілуді білдіретін,
ғылымның мүмкіншіліктерінің шектеулігін көрсететін, оның және ол
туындатқан техниканың адамзатты
қауіп-қатерлі
жолға
бастайтын күш дейтін бағыт (ғылымнан,
техникадан «қорқу, үрку».
Герберт Маркузе
1898 -1979

28.

Ғылым философиясы
Ғылым философиясы - ғылымитанымдық қызметінің қасиеттерін
зерттейтін
философиялық
пән,
сонымен катар, ғылым феноменіне
қатысты философиялық ілімдердің
жартысын қамтиды.
Өзгеше философиялық пән ретінде
ғылым философиясы ХІХ ғ. бастап
қалыптасты, философияның қосымша
ілімі ретінде одан әрі дамыған.

29.

Ғылым философиясының
қалыптасу себептері
• 1. Институционалдық революция профессияландыру (мамандандыру).
Франциядағы политехникалық
мектептердің пайда болуы.
Германиядағы университет
реформалары.
• 2. Әлеуметтік және гуманитарлық
ғылымдар ғылыми пәндер түрінде
қалыптасты: саяси экономика,
әлеуметтану, тарих, жантану.
Әдістердің 12 өзгешелігі туралы
сұрақтар туылды.
• 3. Қоғам өмірінде ғылымның
маңыздылығы үстемді болды

30.

Ғылым философиясының
мәселелері
- Ғылыми білім дегеніміз не? Оның
ұйымдастыру мен қызмет атқару
принциптері қандай?
- Ғылым қандай әдістерді қолданады?
- Білім қалай дамиды? Ғылым мен ғылым
еместің айырмашылығы неде?
- Философия, діндік сана, жалпы
әлеуметтік-мәдени тұрғыда ғылыммен
қандай өзара байланыс түрлері
қалыптасады?

31.

Ғылым мен техниканың дамуын төмендегідей
тәртіпте көрсетуге болады:
• 1. Қоғам дамуындағы ғылымға дейінгі кезең
(көне заманнан XV ғасырға дейін).
• 2. Заманға сай ғылымның қалыптасуы (XVI
ғасырдан XIX ғасырдың 70 жылдарына дейін).
• 3. Ғылым мен техника дамуындағы классикалық
(айқын) кезең – XIX ғасырдың 70 жылдары – XX
ғасырдың ортасы).
• 4. Ғылым дамуындағы классикалықтан кейінгі
кезең (XX ғасырдың ортасынан осы уақытқа
дейін).

32.

Ғылым философиясының
өкілдері
Ғылым философиясын XIX ғ. бастаған
ойшылдар - Г. Гельмгольц, Э.П. Дюгем
(Дюэм), Э. Мах, К.Пирсон, А.Пуанкаре
XX ғ. ғылым философиясының дамуына
зор үлес қосқан постпозитивизмнің
өкілдері: К. Поппер, Т. Кун, И. Лакатос,
П. Фейерабенд

33.

Шоқан Уәлихановтың ғылым
философиясы
Шоқан Уәлиханов
(1835-1865)
Шоқан Уәлихановтың географиялық, тарихи-мәдени, этнографиялық
және
этномәдени
ізденістері,
Қашғардағы миссиясы, қырғыздың
«Манас» эпосын хатқа түсіруі, қазақ
халқының
эпикалық
мұрасын
жариялауы ірі ғылыми жетістіктеріне
жатады.
Оның пікірінше, жаңа идеяларды
енгізу арқылы әрбір адамға білім
беріп, санасын өзгерту арқылы қоғам
мен
адамның
материалдықэкономикалық жағдайын, әлеуметтікмәдени дамуын, құндылықтық-мәндік
мазмұнын
және
практикалық
қызметін өзгертуге болады

34.

Техника
«Техника»
түсінігі
гректің
(«techne») - өнер, шеберлік,
іскерлік деген сөзінен шыққан.
Антика заманында техника
түсінігі, адамның жасампаз
іскерлігі мен ішкі қабілетін, осы
іскерліктің өзіндік заңдарын,
сонымен бірге адам әрекетінің
жемісті болуындағы көмегін
айтады

35.

Тар мағынада:
инженерлік қызмет әдістерімен жасалынатын және қолданылатын артефак
тар (жасанды) жиынтығы.
Кең мағынады:
адам қызметінің кез келген саласындағы ерекше техникалық үрдіс
түрі. Техниканы кейде белгілі бір механизмдердің жиынтығы ретіндегі
инструменталдық (құрал ретінде) түсінуде кездеседі.

36.

Қазіргі замандағы техника түсінігі
- білім саласында эмпириялық пен
теориялық білімді байланыстырушы жүйе
саласында көрінеді;
- адам әрекеті саласында: барлық құралдар
мен іс-қимыл мүмкіндіктері және
қажеттігіне сәйкес табиғатты өзгерту мен
үстемдігін орнатудың амал-тәсілдерінің
жиынтығы;
- шеберлік пен дағдылықтың бірлігі, кәсіп
ерекшелігіне байланысты адамдар
әрекетінің түрі. Дағдылықты толық игеру,
шұғылданатын ісінің өнерлігі мен
шеберлігі.

37.

Техника философиясы
Техника
философиясы
техника феномені табиғатын,
оның пайда болу және даму
кезеңдерін
жан-жақты
зерттеп, оның қазіргі адамга,
жалпы қоғамға тигізетін оң
және
теріс
ықпалын
талдайды,
техниканың
болашагы туралы гылыми
болжамдар жасайды

38.

Технология
Технология – инструментальдік
жүйе (инструменттер, машиналар,
техникалық
және
транспорттық
коммуникациялар жүйесі), операциялық
әрекеттер жиынтығы және
инструментальдік
жүйеге
байланысты туындаған және
оған әсер ететін қьізмет жүйесі,
осы қызметті басқару жүйесі

39.

Назарларыңызға рахмет!
English     Русский Правила