Хаттама №_____ «_____»__________2011 ж. Кафедра меңгерушісі:Темиргалиев К.А
Ф КГМУ 4/3-04/02 ИП №06 УМС при КазГМА от 14июня 2007
1.09M
Категория: ФилософияФилософия

Оқу-білім философиясы

1. Хаттама №_____ «_____»__________2011 ж. Кафедра меңгерушісі:Темиргалиев К.А

2. Ф КГМУ 4/3-04/02 ИП №06 УМС при КазГМА от 14июня 2007

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
ДӘРІС
Тақырыбы: «Оқу-білім философиясы»
Мамандығы: «5В130100 – Жалпы медицина»
Пән: «Философия»
Курс: 2
Уақыт (ұзақтығы) : 1сағат (50 минут)
Қарағанды – 2011 ж.
Аға оқытушы:Нұрмаханова Н.Ж

3.

Тақырыбы: «Оқу білім философиясы»
Дәріс мақсаты: Студенттерді оқу- білім философиясымен
таныстыру.
Дәріс жоспары.
Оқу білім философиясының пәні.
Оқу білім мен тәрбиенің өзара байланысы.
Оқу білім ортасы.
Білімді модельдеу
Даму және білім
Оқу білімдегі сапалық пен бейсапалық
Тұлға және оқу - білім
Оқу – білімдегі шығармашылық
Оқу білімнің оксиологиялық аспекткрі.

4.

Оқу білім
философиясы

5.

Білім мәдениеттің
элементі.Білім қатарына
шартты түрде сөзсіз
дәлелденген және логика
жағынан реттелген деректерді
жатқызады.Ал қалғандарын
білімге жатқызуға болмайды.

6.

Шығыс данасы Конфуций “Білу
дегеніміз – табиғатты емес, адамдарды
танып – білу” – деп есептейді. Кейбір
адамдарға “туа біткен білім” тән
болғандықтан, олар басқалардан
жоғарырақ тұрады. Олардан кейін
білімді оқу арқылы алғандар тұрады.
Оқу, таңдамалы түрде болуы керек.
Оқығанда тек өмірде керекті, ең дұрыс
деген қағидаларды білу керек те,
қалғандарынан аулақ болу қажет.

7.

Білу – дегеніміз тек қана өзіміз
білмейтінді үйреніп, білу
емес,сонымен қатар зерттеп
отырған мәселелерді жан –
жақты қарастыру тәсілі.

8.

Ежелгі грек данасы Сократ
жалаң білім беруге, құр білімді
дамытуға қарсы. Оның ойынша,
жалаң білім ештеңе бермейді,
қайта адамды бұзады, софистер
айтқандай, адамды өлтіреді,
бұрынғы қалпынан айырады.

9.

Қазір біз екі жақты қауіпке тап болдық. Бір
жағынан, ғылым өскен сайын адам өзінің
сауатсыздығын күннен күнге жете түсініп
келеді. Әсіресе, ғылыми – техникалық
революция кейбір адамдардың білімді
игерудегі дәрменсіздігінен,бейшаралығын
ашып көрсетуде. Ал, екінше жағынан,
көптеген мектептер мен жоғары оқу
орындарында жастарға шала білім
берілетіндігі әркімге аян. Ондай шала білім
жастардың өміріне, болашағына зияннан
басқа пайдалы ештеңе әкелмейді.

10.

Енді не істеу керек?
Біріншіден, шала, догмалық білімдерден бас
тартуымыз керек. Сөйтіп, “ақылдың жалқаулығынан”
бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн.
Екіншіден, қазіргі ғылыми – техникалық революция,
ақпараттық дәуір әкелген білімдерді игере отырып,
оны адамдандыру керек.

11.

Сократтың айтуынша білім
дегеніміз – ізгілік. Мұндай көзқарас
білімнің мәнін терең ашады.
Адамның алдына қойған мақсаты,
оның рухани өмірі – ілімді құрал
ретінде ғана емес, өмір сүрудің әдісі
ретінде пайдалануға жол бастайды.

12.

Философия тарихында Сократтың
маевтика әдісі.
Маевтиканың мақсаты –
қарастырып отырған мәселеге
түсініктеме бере отырып, осы
сияқты құбылыстардың бәрін
қамтитын жалпы ұғым
қалыптастыру. Индуктивтік әдіс
жекеден жалпыға қарай жүру.

13.

Платонның айтуынша
біріншіден, білім – сезімді қабылдау
емес;
екіншіден, білім – дұрыс пікір де емес;
үшіншіден, білім – мәні бар дұрыс
пікірге де жатпайды.

14.

Платонның білімді жіктеп көрсетуі:
Білім
Интеллектуальдық
Сезімдік
Ойлау
Сезім
Пайымдау
Ұқсату

15.

Ойлау ақылдың қызметі, ол
сезімдік білімнің қосындыларынан
тазартылған.
Пайымдау Платонша, тануға
ұмтылушының ақылды
пайдалануы.

16.

Сезім арқылы заттарды тіршілік етіп
тұрған қалпында қабылдаймыз және
сол күйінде олардың сапасын ашамыз.
Ұқсату қабылдау емес, заттардан
елестете, бірдеңеге ұқсатып көру.

17.

Аристотель
ізгілікке көңіл аударып былай деді:
“Табиғат бізге игілікті қабылдайтын
мүмкіндіктерді ғана береді. Содан бара
– бара ол мүмкіндіктерді шындыққа,
шын мәніндегі ізгілікке, адам
жанының жақсы сапаларының біріне
айналады.

18.

Ізгіліктерді қабылдап алу екі процеске
байланысты:
Бірі – оқып білім алуға,
екіншісі, адамгершілікке,
тәлім - тәрбиеге байланысты.

19.

Аристотель
ойынша, ең басты негізгі тәрбиеші –
мемлекет және оның заң шығарушы
органы. Олар осы мемлекеттегі
адамзаттарды тәрбиелеуде ерекше
роль атқаруға тиіс. Адам өзінің
рухани қабілеттерін үнемі жетілдіре
және жаттықтыра отырып, зор
жетістіктерге жетеді.

20.

Әл – Фараби бабамыздың
айтуынша:
“Білімді болу деген сөз –
белгісіз нәрсені ашу, игеру
қабілетіне ие болу деген сөз”.

21.

Жүсіп Баласағұнидың “Құтты білігінде”:
«Ақыл
қайда болса, ұлылық толады,
Білім кімде, сол білікті болады.
Ақылды ұғар, білімділер біледі,
Түгел болар білімді, есті тілегі.»
« Білім
мәнін біл, не дейді білген ер
Білім білсең, бәле жүрмес іргеден.
Білімсіздер бар кеселді көреді,
Емделмесе, тектен текке өледі. »

22.

Жаңа заман философы
Ф.Бэконның айтуынша:
«Білім
дегеніміз –
күш».

23.

Ақпараттық қопарылыс
және жаңа ақпараттық
технологиялардың дамуы
білімге жаңа талаптар
қойып отыр. Қазіргі био,
гидро және
атмосфералардан бөлек
өзгеше инфосфера, яғни Интернетті пайдалану барлық
өркениетті елдермен қатар
жердің бірыңғай
жүруге мүмкіндік береді және
ақпараттық қабығы,
бүгінгі таңдағы интернет жаңа технологиялар арқылы
әлеммен қарым – қатынастың
қалыптасып отыр.
жаңа әдіс тәсілдерімен
қамтамасыз етеді.

24.

Әлемдегі ең жақсы білім дегеніміз – бос қиял ,
яғни ескі жүйемен таратушыларын әсіресе
жоғары мектепте жаңа идеялардың
бәсекелестігінен және ең бастысы , оны
өзгертуге қабілетті жаңашыл адамдардан
қорғайды. Дәстүрлі классикалық білім
жүйесіндегі оқу мәтіндері әр түрлі ғылым
негіздерінен алынған «сығындыларды»
құрайды.

25.

1998 жылы Парижде өткен ИНСКО –ның
конференциясында қабылданған 21 ғасыр үшін жоғары
білім жөніндегі Дүниежүзілік декларациясында былай
делінген:
« Жоғары оқу орындары оқушыларды жақсы
ақпараттанған, ынталы азаматтарды
тәрбиелейтін, сыни тұрғыдан ойлауға қоғамдық
мәселелерге талдау жасауға оларды шешу
жолдарын іздеуге қабілетті сонымен қатар
әлеуметтік жауапкершілікті өзіне ала алатындай
біліммен қамтамасыз ете алулары керек».

26.

Оқытуда біздің дәрістеріміз монолог
емес, диалог, ал семинар сабақтарымыз
- пікірталасқа құрылу керек. Еске сала
кететін жайт, студенттерге әртүрлі
көзқарастарды дұрысын да, бұрысын
да келістіре отырып беру қажет.

27.

Сыни тұрғыда оқытудың негізінде «шақыру – ұғыну –
ойлану» базалық үлгісі жатыр. Бірінші кезеңде:
1. Үйренуші берілген тақырып бойынша не біледі,
соны қалыпқа келтіруге қатысады.
2. өзінің білімі сараптай бастайды және айтылатын
тақырып жөнінде ойлана бастайды.
3. адамның білген және түсінген контекісінде
алынған білім ған берік болмақ.
4. студентке берілетін ақпарат контексіз не болмаса
алынған біліммен байланыстырып берілмесе ,
онда ол жойылып кетеді, есте сақталмайды.

28.

Шақыру кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің
белсенділігі .
«Шақыру» кезеңінде идеяны
анықтайтын сонымен қатар, тәжірибеде
оны жүзеге асуына мүмкіндіктер беретін
«ой қозғау» әдісі қолданады.

29.

Екінші сатысы – ұғыну.
Бұл саты білім алушылардың жаңа
ақпаратпен не болмаса идеялармен
қатынасқа түсетін сатысы. Олар бұл
жұмысқа ақпаратты сыни тұрғыда
салыстырмалы түрде талдай отыра өздігінен
және белсенді түрде қатысулары керек.

30.

Үшінші сатысы – Ойлану.
Бұл сатыда білім алушылар алынған жаңа
білімдерін бекітеді және оны еске сақтап
қалуға тырысады. Дәл осы сатыда студенттер
алынған жаңа білімді өздерінше игереді.

31.

Білімнің түрлері:
•Практикалық білім
•Рухани білім
•Эмпириялық білім
•Экзотериялық білім
•Теориялық білім

32.

Практикалық білім адамның арекетпен
шұғылдануының нәтижесінде
қалыптасады және оның шеберлігі
дағдысымен біте қайнасқан. Ол
практиканың белгілі бір түрлері қызмет
етеді.( жер өңдеу, жас балаға, малға қарау, ,
үй салу, балаларды тәрбиелеу, ауруларды
емдеу, механизмдермен, информациямен
жұмыс істеу және т.б.) былайша нақтылы
арекет, қимылдармен тығыз байланысты.

33.

Рухани білім, қатынас туралы
білімнің жиынтығы және
адамдардың қарым – қатынасын
реттейді (отбасы, этникалық,
ұлттық, таптық, ұжымдық,). Оның
ұлаң ғасыр әртүрлі құралдары бар,
оның ішінде мифтер, аңыздар,
тарихи ескерткіштер, көркем өнер,
қадірлі әруақты текстер және т.б.

34.

Эмпириялық білім, бұл арнайы
ғылымдарда жазылған, сезімдік
және экспериметальдық тәжірибе
негізінде қалыптасқан
табиғаттағы, қоғамдағы табиғи
процестер.

35.

Теориялық білім, ілімдермен
теорияларда белгіленеді. Субъектінің
объектіден қашықтауының
нәтижесінде қалыптасады, тек қана
практика емес, білімнің өзінде ұғынып,
мағына береді, Білім ғылымды ғана
дамытпай, сонымен қатар
идеологияны, философияны,
әлеуметтік және діни ілімдерді
дамытуға шешуші ықпалын тигізеді.

36.

Экзотериялық білім – мистика
туралы білімді кеңейтетін
ерекше вариант. Білім
жалпылама қоғамдық
қалыптасу сатысында өзіне тән
саяси және коммерциялық
қарым – қатынас арқасында
кеңінен таныла бастады.

37.

Білім
Ілім
Миф
ДІН
Философия
Ғылым
Жаратылыстану
Техникалық
Гуманитарлық

38.

Әдебиеттер.
Антология мировой философии В 4Х т.М: Мысль 1969-1972
Баласағұни Құтты білік Алматы 1986 ж.
Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық жинағы Алматы 1977 2 том.
Платон . Соч т 2 Мәскеу1965ж
Қосымша әдебиеттер.
Айтбаев О. Дінтану негізі Қарағанды 2005.
Мырзалы С Алматы 2009
Төкенов Ө Мәдениеттану Тараз 2002 ж
Кішібеков Д. Философия. Алматы 2011ж
Философия және мәдениеттану: Оқу құралы
Құрастырған: Ж. Алтаев, Т.Ғабитов, А.Қасабек. және Т.б. Алматы 1998 ж.
Философиялық сөздік «Қазақ энциклопедиясы» Алматы 1993ж
Проблемалық сұрақтар (Пікір-таласқа арналған)
Студенттер 4топқа бөлінеді:
1 топ Сократтың білім-ізгілік деген ойының сырын ашады
2топ Платонның білім дегеніміз еске түсіру афоризміне талдау жасайды
3топ Білім мен мәдениет,өркениет ара-қатынасын анықтайды
4топ Қазіргі заманғы білім,білім беру,білім алу кестесін жасайды
English     Русский Правила