1.70M
Категория: ПравоПраво

ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексі

1.

ҚР «Жер қойнауы және жер
қойнауын пайдалану туралы»
кодексі
ИБӘДІЛДАЕВ ДУЛАТ, АСЫЛБЕК МАДИЯР, РАХМЕТОВ ДӘУЛЕТ

2.

ҚР Президентімен жер қойнауын пайдалану режимін, жер
қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару мен
реттеуді жүзеге асыру тәртібін, жер қойнауы учаскелеріне
құқықтардың туындау, оларды жүзеге асыру және тоқтату, жер
қойнауын пайдаланушылардың құқықтық жағдайы мен олардың
тиісті операцияларды жүргізу ерекшеліктерін, сондай-ақ жер
қойнауын пайдалану және жер қойнауын пайдалану құқығына
билік ету мәселелерін және жер қойнауы ресурстарын
пайдалануға байланысты басқа да қатынастарды айқындайтын
ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»
кодексіне қол қойылды.

3.

Осы Кодекс жер қойнауын пайдалану режимін,
жер қойнауын пайдалану саласындағы
мемлекеттік басқару мен реттеуді жүзеге асыру
тәртібін, жер қойнауы учаскелеріне құқықтардың
туындау, оларды жүзеге асыру және тоқтату, жер
қойнауын пайдаланушылардың құқықтық жағдайы
мен олардың тиісті операцияларды жүргізу
ерекшеліктерін, сондай-ақ жер қойнауын
пайдалану және жер қойнауын пайдалану
құқығына билік ету мәселелерін және жер қойнауы
ресурстарын пайдалануға байланысты басқа да
қатынастарды айқындайды.

4.

Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер
қойнауын пайдалану туралы заңнамасының мақсаты мен
міндеттері
1) мемлекеттің жер қойнауына меншік құқығын қорғау;
2) жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және қатынастарды реттеу;
3) мемлекеттің, Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін және жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтарын
сақтау;
4) Қазақстан Республикасы минералдық-шикізаттық базасының өсімі;
5) жер қойнауын пайдалану құқықтарының туындау, оларды жүзеге асыру, өзгерту және тоқтату негіздерін, шарттарын және
тәртібін белгілеу;
6) жер қойнауын пайдалануды тұрақты дамыту үшін құқықтық негізді қамтамасыз ету;
7) жер қойнауын геологиялық зерттеуге және жер қойнауын пайдалануға инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасау;
8) жер қойнауын пайдалану саласындағы заңдылықты нығайту.

5.

Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану
туралы заңнамасының қағидаттары
Жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу
мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) мемлекеттік жер қойнауы қорын ұтымды пайдалану;
2) жер қойнауын пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету;
3) жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпараттың қолжетімділігі;
4) жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы;
5) жер қойнауын пайдаланушылардың адалдығы;
6) жер қойнауын пайдалану шарттарының тұрақтылығы.

6.

Жер қойнауын пайдалану жер
қойнауының ластануын болғызбауға
және қоршаған ортаға зиянды әсерді
азайтуға бағытталған шараларды
қабылдай отырып, экологиялық қауіпсіз
тәсілдермен жүзеге асырылуға тиіс.

7.

Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жеке және заңды
тұлғалар жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері болуы
мүмкін.
Жер қойнауын пайдалану құқығының иелері бір мезгілде
бірнеше тұлға болуы мүмкін. Бұл жағдайда жер қойнауын
пайдалану құқығын иелену ортақ болып табылады. Жер
қойнауын пайдалану құқығын ортақ иелену жер қойнауын
пайдалану құқығы бір мезгілде екі немесе одан да көп тұлғаға
берілген жағдайда немесе жер қойнауын пайдалану
құқығындағы үлестің бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысуы
нәтижесінде туындайды.

8.

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 27 желтоқсанда
қабылданды.
Және ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»
кодексі 35-тарау 278-бапты құрайды.

9.

Назарларыңызға рахмет!
English     Русский Правила