166.07K
Категории: ЭкологияЭкология ПравоПраво

Жерді қорғау және оның құқықтық режимі

1.

7-тақырып. Жерді
қорғау және оның
құқықтық режимі

2.

Жоспар:
• 1. Жер қойнауының түсінігі
• 2. Жерге меншік құқығының түсінігі
• 3. Жерге меншік құқығының объектілері мен субъектілері

3.

Қазақстан
Республикасының
жер
қоры
дегеніміз – мемлекет меншігіндегі, оның
аумағын түгел қамтитын жер шарының
құрылықтағы бір бөлігін айтамыз.
Қазақстан
Республикасындағы
жер
қатынастарын Жер кодексі және соған сәйкес
қабылданған
басқа
да
Қазақстан
Республикасының заң актілері реттеп отырады.

4.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 1
тарауының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының
жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай
санаттарға бөлінеді:
• ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
• елді мекендердің ( қалалардың, ауылдың елді мекендердің) жері;
• өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы
мақсатына арналмаған жер;
• ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы және
тарихи мәдени мақсаттағы жер;
• орман қорының жері;
• су қорының жері;
• Босалқы жерлер

5.

Жер қойнауы ұғымы кен байлығы ұғымынан кең. Кен байлығы
– жер қойнауының ең маңызды құрамдас бір бөлігі. Бағалы
кен байлығы, пайдалы қазбалар мемлекеттің әлеуметтік
экономикалық жағдайында өнеркәсіп өндірісін ұлғайтуда
көрнекті орын алады. Республиканың кен байлықтарын
неғұрлым халқымыздың игілігі үшін толығырақ пайдалану
барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделі ісі.
Ол үшін қолда бар мүмкіндіктерді, соның ішінде шет елдік
заңды ұйымдар мен жеке тұлғалардың қатысуымен жер
қойнауының байлығын пайдалану керек.

6.

Жер қойнауы және жер қойнауын
пайдалану
жағдайындағы
заңның
міндеттері
Қазақстан Республикасының мүдделерін және оның табиғи
ресурстарын қорғау;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын тиімді
пайдалану және қорғау
Жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерін қорғау;
Шаруашылық жүргізудің барлық нысандарының бірдей
дамуына жағдай жасау;
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастар саласында
заңдылықты күшейту мақсатында жүргізуді реттеу болып
табылады.

7.

Жерге меншік құқығының
объективті мағынасы
дегеніміз жермен
байланысты меншік
қатынастарын реттейтін
құқықтық ережелердің
жиынтығы болып табылады.
М: жер туралы заңның 3
тармағындағы нормалар.
Субъективтік мағынасы бұл
жерге меншік иелерінің
жерді иелену, пайдалану
және билік ету қызметерімен
байланысты құқықтық
ережелердің жиынтығы
болып табылады. М: ҚР
Конституцияның 6б сәйкес
жерге 2 түрлі меншік нысаны
көзделген: 1. мемлекеттік; 2.
жеке меншік

8.

Жерге
мемлекеттік
меншік
құқығының
мынадай
ерекшеліктері
бар
1.
мемлекет жерге және басқа да табиғи ресурстарға меншік
иесі ретінде өз құқығын жүзеге асыру. Оның мазмұнын өзі
белгілейді, ал басқа жеке меншік иелері мен жер пайдаланушылар
жерді мемлекет белгілеп берген нормалар шеңберінде ғана өз
құқықтарын жүзеге асыра алады.
2.
Табиғат ресурстарының соның ішінде жерге мемлекеттің
билік жүргізуі шексіз оған ешкім шек қоя алмайды және тоқтата да
алмайды;
3.
Мемлекет жерді және де басқа табиғи байлықтарды
қоғамның және барлық адамзаттық мүддесі үшін пайдаланады.
Жоғарыда көрсетілген негіздерге байланысты жерге жеке меншік
құқығына түсінік беруге болады. Жерге меншік құқығы дегеніміз
азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың заңда
белгіленген тәртіп негізінде өздеріне тиісті жер учаскесін иелену,
пайдалану және билік ету құқығы болып табылады.

9.

Жерге меншік құқығының
субъектілері:
ҚР азаматтары
мемлекеттік
емес заңды
тұлғалар
. шетелдіктер
және азаматтығы
жоқ адамдар

10.

ҚР азаматтарына мынадай мақсатқа
жер жеке меншік беріледі:
1.
Өзіндік үй,
қосалқы шаруашылық
жүргізу үшін
2.
Бау бақша
өсіру үшін
3.
Саяжай
құрылысын жүргізу
үшін

11.

Мынадай
жерлер
жеке
меншік
берілмейді:
1.
Ауылшаруашылық арналған жерлер
2.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ
жерлер
3.
Қорғаныс жерлері
4.
Орман
5. су қорының жерлері
6.
Елді мекен жерлердегі жалпы
пайдаланудағы жерлер
7.
Босалқы жерлер.

12.

Ұсынылатын әдебиеттер:
• Қазақстан Республикасының Жер кодексі
• Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N
442 Кодексі.И.С. Уханова. Экологическое право: учебник.
Изд-во СПб ун-та МВД России. ‒ СПб. : ООО «Р-КОПИ»,
2018. ‒ 216 с.
• О.Р.Саркисов, Е.Л. Любарский . Экологическое право: учеб.
-5-е изд. переработанное и доп – Казань:
• Центр инновационных технологий, 2014. – 335 с.Стамқұлов
Ә.С., Стамқұлов Г.Ә. ҚР жер құқығы. Жалпы бөлім. Оқу
құралы. – Алматы. Заң әдебиеті. 2004. - 334 бет
English     Русский Правила