948.41K

1-сабақ. Мемлекеттік органдардың қызметі қандай

1.

Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы
Бөлім тақырыбы:
9.2 Мемлекеттік органдардың конституциялық
құрылысы
Сабақтың тақырыбы:
Мемлекеттік органдардың қызметі қандай
9-сынып. Құқық негіздері
Пән мұғалімі: Арапова Айнұр Шанжарханқызы, №78
мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі

2.

Сабақ мақсаты:
9.2.2.1
Конституция
негізінде
мемлекеттік
органдардың қызметтерін анықтап, салыстыру

3.

Тірек сөздер
ҚР президенті - Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы
және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін
басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі
бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда
Қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға;
ҚР Парламенті - елдің заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең
жоғарғы өкiлдiктi орган.
ҚР Үкіметі - Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiк
органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге
асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың
қызметіне басшылық жасайды.
Жергілікті басқару және өзін өзі басқару - мемлекеттегі белгілі бір
әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы
органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі.

4.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

5.

6.

7.

8.

9.

10.

1-тапсырма. Қазақстан Республикасының
Конститутциясын пайдалана отырып, келесі кестені
толтырыңдар. (5 ұпай)
Мемлекеттік билік
органдары
ҚР президенті(44-б)
ҚР парламенті (5357бб)
ҚР Үкіметі(66-б)
ҚР сот жүйесі (75-82 бб)
ҚР Конститутциясы бойынша атқаратын
қызметі

11.

2-тапсырма. Төменде берілген сұрақтарға жауап беру (5 ұпай)
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қандай
өкілеттері бар?
2.Жергілікті әкім қандай өкілеттілікті жүзеге асырады?
3.Соттар қандай қызмет атқарады?
4. Қазақстан Республикасының сот жүйесі қандай?
5. Сотсыз мемлекет болама?

12.

Оқу тапсырмасы
Мемлекеттік органдар жүйесіндегі ҚР Президентінің
орнын анықтаңдар. Мемлекет басшысының ерекше
рөлі немен байланысты? деген сұраққа жауап беру.
English     Русский Правила