Похожие презентации:
Сыбайлас жемқорлық қарым-қатынастарының типологиясы
1.
Сыбайлас жемқорлыққарым-қатынастарының
типологиясы
2.
(1-Кесте)Сыбайлас жемқорлық
типологиясының өлшемдері
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері
Қызметтік бабын өз басының
пайдасына пайдаланушы субъект
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық Коммерциялық сыбайлас жемқорлық
Саяси сыбайлас жемқорлық
Сыбайлас жемқорлықтық қарымқатынастың бастамашысы
Мекемені басқарушы тұлға алдына келген адамды пара беруге мәжбүрлейді.
Көмек сұрап келген адамның өзі пара ұсынады.
Пара беруші субъект
Жеке адам парасы (кез келген азамат)
Кәсіпкерлік пара (нақты фирмалар)
Қылмыстық пара (ұйымдасқан қылмыс өкілдері, мысалы, есірткі таратушылар)
Параның түрі
Ақшалай пара; Қызмет көрсету
Пара берушінің пара беру мақсаты
Тездету үшін пара беру (пара алған адам бір істі жедел орындауы тиіс)
Тежеу үшін пара беру (пара алған адам бір істің орындалуын тоқтатуы тиіс, сөйтіп өз қызметтік
міндеттерін бұзады)
«Жылы көзбен қарау» үшін берілетін пара (пара алған адам қызмет бабында белгілі бір тұлғаның
«тырнақ астынан кір іздей бермеуі тиіс» )
Сыбайлас жемқорлықтық қарымқатынастың орталықтандырылу
дәрежесі
Орталықтандырылмаған жемқорлық (пара беруші кез келген адам өз бетінше әрекет етеді).
Орталықтандырылған сыбайлас жемқорлық «төменнен жоғары жаққа қарай» (төменгі сатыдағы
шенеуніктер жинаған парасын өзара және жоғары тұрған басшылықпен бөліседі)
3.
Сыбайлас жемқорлықтық қарымқатынастың таратылу деңгейіБиліктің төменгі сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық (биліктің төменгі және ортанғы
сатыларында)
Биліктің жоғарғы сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық (жоғыры қызметтегі шенеуніктер
және саяси қайраткерлер)
Халықаралық сыбайлас жемқорлық (шаруашылық қарым-қатынас саласында)
Сыбайлас жемқорлықтық
байланыстардың жиілігі
Ауық-ауық түрдегі сыбайлас жемқорлық
Жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлық
Клептократия (биліктің ажырамас бөлігі ретіндегі сыбайлас жемқорлық )
4.
Көне заман тарихына көз жүгіртетін болсақ, алғашқы және ертетаптық қоғамдарда абыздарға, көсемдерге, әскербасыларына олардың
көрсеткен көмегі, қызметі үшін төлемақы беру әдеттегідей норма
болып қабылданғаны мәлім. Жоғары шенде тұрған басшылар
қарамағындағы төменгі шендегі қызметкерлердің белгіленген бір
төлемақыға риза болғанын талап ете бастады, яғни олар белгілі бір
көлемде жалақы алатын болды. Ал төменгі шендегі қызметкерлер
лауазымдық міндеттерін орындау барысында көрсеткен қызметі үшін
жасырын түрде қосымша төлем талап еткен. Біздіңше осы құбылысты
сыбайлас жемқорлықтың алғашқы белгілері деп қарастыруға болады.
5.
Антик қоғамы (көне грек қала-мемлекеттер, республикалық Рим) тарихыныңерте заманында кәсіби мемлекеттік шенеуніктер болмаған, сондықтан сыбайлас
жемқорлық құбылысы да жоқтың қасы еді. Бұл құбылыс антик қоғамы құлдыраған
дәуірде кең өріс ала бастады. Осы кезде рим құқығында «corrumpire» деген термин
пайда болып, «бүлдіру», «біреуді сатып алу» деген мағынаны білдіріп, билікті асыра
пайдаланушылық жағдайы болған кезде қолданылған. Мемлекет неғұрлым
орталықтандырылған болса, соғұрлым азаматтардың мемлекеттік деңгейдегі істі өз
бетінше шешуі шектеулі болады, осыған орай төмендегі және жоғарыдағы
шенеуніктер қатаң қадағалаудан босағысы келген адамдардан жасырын түрде пара
алып, сөйтіп заңды бұзушылыққа жол беріледі.
Сыбайлас жемқорлықтың осындай «төзімді нормасы» әсіресе өндірістің
азиялық тәсілінде байқалады. Сөйтіп, Артхашастраның авторы сараң шенеуніктердің
мемлекеттік мүлікті талан-таражға салудың 40 тәсілін көрсеткен.
6.
Сыбайлас жемқорлықтың жаңа қарқынмен кең өріс алуы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХғасырдың басына келеді. Бір жағынан, іс-шараларды мемлекеттік реттеу дәрежесі көтеріліп, осыған
орай шенеуніктердің билігі күшейе түсті. Екінші жағынан, ірі кәсіпкерлік пайда болып, олар өз
мақсатына жету үшін «мемлекетті сатып алуға» кірісті. Дамыған елдерде (Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін Батыс Еуропа елдерінде) саяси партиялардың маңызы өскен сайын партиялық
сыбайлас жемқорлық кең етек ала бастады. ХХ ғасырдың екінші жартысында «үшінші әлем» елдері
саяси дербес ел болып дамыған кезде, олардың мемлекеттік аппараты алғашқы кезден бастап
сыбайлас жемқорлық жолына түскен еді. «Үшінші әлем» елдерінде «төменнен жоғары жаққа қарай»
сыбайлас жемқорлық түрі кездеседі, бұндай жағдайда парақор басшы өз кінәсін мойындамай,
қарамағындағы қызметкерлерді жазаға тартады.
Сондай-ақ «жоғарыдан төменге қарай» сыбайлас жемқорлық түрі де болған, бұндай жағдайда
жоғары қызметте тұрған шенеуніктер ашық түрде пара алып, алған парасымен қарамағындағы
қызметкерлермен жартылай бөліскен (сыбайлас жемқорлықтың осындай жүйесі Оңтүстік Кореяда
байқалады). «Үшінші әлем» елдерінде (Филлипинде, Парагвайда, Гаитиде, Африканың кейбір
елдерінде) клептократиялық тәртіп орнаған, бұл елдерде сыбайлас жемқорлық барлық әлеуметтікэкономикалық қарым-қатынасты қамтыған және пара бермесе ешбір іс орындалмайды. 1990 жылдары
сыбайлас жемқорлық мәселесі аса өзекті мәселеге айналды. Осы кезде бұрынғы социалистік елдерде
сыбайлас жемқорлық аса үлкен қарқынмен дамыды.
7.
Қорыта келе айтатынымыз, ХХ ғасырда сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастыңдаму үдерісі мынадай:
- сыбайлас жемқорлықтың түрі мен формасы көбее түсті.
- ауық-ауық түрдегі сыбайлас жемқорлық жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлыққа
айналды.
- биліктің төменгі сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық биліктің жоғарғы
сатысында кездесетін, одан әрі халықаралық сыбайлас жемқорлық сипатына ие болды.
Сыбайлас жемқорлық – лауазымды тұлғалардың жеке басының пайдасы үшін билік
құзіретін асыра пайдалануын білдіретін термин. Бұл термин бюрократтық аппаратқа
және саяси элитаға қатысты жиі қолданылады.
8.
Сыбайлас жемқорлық және онымен күрес сонау ежелгі замандапайда болған. Сазға жазылған сына жазудың арқасында қазіргі
уақытқа дейін жеткен тарихи мәліметтерге сәйкес, сыбайлас
жемқорлықпен күресуші боп танылған бірінші билеуші б.з.д.
2400 жылда өмір сүрген шумерлік билеуші болған. Ол
жемқорлық үшін өте қатал жаза енгізген. Өкінішке орай,
тақтайшаларда, оның оң нәтижеге жеткен жетпегені туралы
айтылмаған.
9.
Жемқорлықты айыптау көптеген діни кітаптарда кездеседі, бірінші кезекте Құран иенБиблияда. Ал б.з.д. IV ғасырда Индияда «Арташастра» трактаты жазылған болатын, онда
жемқорлықтың түрлері мен онымен күресу тәсілдері талқыланған. Қоғамның дамуына және
кітапбаспаның пайда болуына қарай ол туралы жиірек және көбірек жазылатын болды. 1787 жылы
қабылданған АҚШ Конституциясына сәйкес сыбайлас жемқорлық президентке сенімсіздік
жариялануға себеп болатын екі қылмыстың бірі болып табылады.Тарихқа сыбайлас жемқорлықпен
сәтті күрестердің көптеген мысалдары мәлім. Міне солардың тек біреуі ғана. Франция, XVIII ғасырдың
аяғы. Якобиндік диктатура қазасынан кейін билікті мемлекет тарихындағы ең сыбайластық тәртіп
Директория жаулап алды. Директория басқарған жылдары Франция құлдырады. Кейін билікке бірінші
консул болып сыбайлас жемқорлықпен батыл күрес бастаған Наполеон келді. Бұл күрес қатігездікке
емес, жазаның бұлтартпастығына сүйенген. Бірнеше ай ішінде Наполеон керемет жетістіктерге жетті,
сонымен қатар Директория кезінде ұрланған ақшаларды қазынаға қайтарды.
10.
Қазіргі уақытта ең танымал болып сингапурлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес моделітанылады. Тәуелсіздік алған сәтінде 1965 жылы Сингапур сыбайлас жемқорлығы ең жоғарғы
көрсеткішті ел болған: шенеуіктерге парасыз бір шешімді де рұқсат та берілмейтін. Сыбайлас
жемқорлықпен күресу басырында елеулі жетістіктерге жету үшін бірқатар іс-шаралар өткізілді,
бірінші кезекте, шенеуіктердің жалақыларының елеулі көтерілуі және олардың іс-әрекеттерен
регламенттеу, экономиканы орталықсыздандыру және бюрократиялық рәсімді жеңілдету.
Орталық буын болып азаматтар мемлекеттік қызметкерлерге шағымдармен жүгіне алатын және
шығынның орнын толтыруды талап ете алатын сыбайлас жемқорлықты тергеу бойынша дербес
Бюросы болды. Сонымен бірге заңдар қатаң болды және соттық жүйе тәуелсіздігі жоғарылады
(соттардың жоғарғы жалақысы мен артықшылықтанған мәртебесімен).
Бар – жоғы бірнеше жылдан соң осы іс-шаралар кешені сыбайлас жемқорлық деңгейінің
жылдам төмендеуіне әкелді.
Қазіргі уақытта Сингапур әлемнің аз сыбайласқан
мемлекеттерінің бірінші ондығының ішіндегі құрметті
орынды алады.
11.
Жемқорлық-антиәлеуметтік көрініс ретінде.Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – заңда қарастырылмаған жеке немесе
дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын
басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдық
дәрежелерін қолдана отырып және де лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне
қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар. Құқық қорғау
органында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкер, жемқорлықпен күрес жүргізуші
органға басқа құқық қорғау органына қатысты жемқорлық қылмыс туралы жалған
ақпарат беретін болса, құқық қорғау органының қызметкері тәртіп бойынша
қызметінен босатылады немесе жемқорлықпен күрес жүргізетін органның ұсынуы
бойынша сәйкес функцияларды орындаудан босату жолымен жауапқа тартылады.
12.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсыкүрес
ӘЛЕМ
Қазақстан
13.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларыКәсіпорындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мынадай негізгі шараларды қолдану арқылы
жүзеге асырылады:
1) төмендегілер арқылы Кәсіпорын қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық тәртібіне төзбеу қылығын
қалыптастыру:
- қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ҚР заңнама нормалары мен басқа да
актілерін түсіндіру;
- Кәсіпорын қызметкерлеріне Кәсіпорында және квазимемлекеттік сектордың өзге мемлекеттік органдары
мен ұйымдарында анықталған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы мәлімдеу;
- Кәсіпорын қызметкерлерімен түсіндіру әңгімелерін өткізу;
2) Кәсіпорынның лауазымды тұлғаларына және қызметкерлеріне, соның ішінде бос лауазымға отыратын
үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарын қою;
3) қағиданы кадрлық жұмыс тәжірибесіне енгізу, соған сәйкес лауазымды тұлғаның өзінің қызметтік
міндеттерін ұзақ, мінсіз және тиімді орындауы оны жоғары тұрған лауазымға тағайындаған кезде немесе
оған сыйақы беру кезінде міндетті тәртіпте ескерілуге тиіс;
4) Кәсіпорын қызметкерлерін, сондай-ақ үшінші тұлғаларды алаяқтық, асыра пайдалану және басқа да заңға
қайшы әрекеттерді жасауға қатысты белгілі фактілер немесе күдіктер туралы Қазақстан Республикасының
заңнамасына қайшы келмейтін кез келген әдістермен хабарлау құқығымен қамтамасыз ету.