124.45K
Категория: ЛингвистикаЛингвистика

Эссе жазуға қойылатын талаптар

1.

ЭССЕ ЖАЗУҒА
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

2.

ЭССЕ
• Эссе әдеби сынның, публицистиканың, көркем
әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан
қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек,
тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі
Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде
жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін
туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын,
дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем
туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша
салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл
өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын,
аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы
көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен
жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар
мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын
жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге
қозғау саларлық байламдар тән.

3.

ЭССЕНІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Эссе – шағын көлемді прозалық мәтін. Эссеге батыл болжамдар, өткір
ұсыныстар, талас тудыратын пікірлер, ойлар, қозғау саларлық
байламдар тән. Онда автордың жеке көзқарасы, өзіндік пікірі көрініс
табады.
Эссенің түрлері
• 1. Аргументті эссе. Пікірді, көзқарасты растайтын, қолдайтын немесе
жоққа шығаратын дәлелдер келтіріліп, аргументтермен түйінделіп
отырады.
• 2. Салыстырмалы эссе. Бірнеше мәселе талқыланып, олардың
арақатынасын ажыратып жазу көзделеді.
• 3. Сипаттамалық эссе. Детальдар арқылы жер, зат, адам бейнесіне
сипаттама беріледі.

4.

ЭССЕ ЖАЗУ ҮЛГІСІ
Эссені дұрыс жазу – жанрдың ерекшеліктерін түсінуге
байланысты. Жазудың негізгі принциптері мен ұсыныстарын
ұстанып жазса, эссе қызықты болады.
• Тақырыпты қалай таңдауға болады
Егер жалпы бағыт бойынша таңдау керек тақырыптар тізімі жоқ
болса, онда эссенің қандай аудиторияға керек екенін ескеру қажет.
Мұнда нұсқалар әртүрлі болуы мүмкін: университет оқытушысы,
комиссия, әдеби қауымдастық, жұмыс беруші болуы ықтимал.
Егер эссені мұғалімге өткізу үшін жазса, онда қандай
қасиеттердің бағаланатынын ойлану керек. Осыған байланысты
тексеруші автордан күтетін түпнұсқалық, сөйлемдерді қисынды
түрде қалыптастыру қабілеті, сауаттылық, кәсіби қасиеттер және
т.б. секілді қабілеттерді көрсету мүмкін болатын тақырыпты
таңдауы қажет.

5.

ЭССЕНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ НЕДЕН ТҰРАДЫ
Эссе жазу тәртібі әдетте үш қадамнан тұрады.
• Кіріспе бөлім
Кез келген жазбаша жұмыс секілді, эсседе де кіріспе бөлім немесе кіріспе болады.
Жақсы жазылған кіріспе оқырманның қызығушылығын оятып, эссені аяғына дейін
оқуға қызықтырады. Кіріспе бөлімде мәселенің тұжырымдамасы және оның маңызы,
риторикалық сұрақ, дәйексөз және т.б. болуы мүмкін. Сондықтан, ерекше
эмоционалды түрде ойлана отырып, оқырманды қаралатын мәселеге алып келу
маңызды.
Негізгі бөлім
Басты бөлімде қарастырылып отырған мәселе бойынша әртүрлі көзқарастар келтіріп,
мәселенің тарихын қозғауға болады.
• Әдетте негізгі бөлім әрқайсысында үш бөлім болатын бірнеше тармақшалардан
тұрады: тезис (дәлелді пікір), дәлелдеу (тезисті дәлелдеу үшін пайдаланылатын
дәлелдер) және тұжырым (негізгі мәселеге ішінара жауап). Дәлелдер оқырманды
қандай да бір көзқарастың шынайылығына сендіру үшін айтылған пікірлер болып
табылады. Бұл өмірден алынған түрлі жағдайлар, ғалымдардың пікірі,
дәлелдемелер және т.б. болуы мүмкін.
English     Русский Правила