Похожие презентации:
Эссе жазу әдістемесі
1.
«Эссе жазу әдістемесі»2.
Мақсаты:Эссе жазудың тиімді жолдарын
практикада көрсету арқылы,
ұстаздардың оқу және жазу
сауаттылықтарын арттыруға
ықпал ету, әдістемелік қолдау
көрсету.
3.
Семинар жұмысының бағыттары:1. Теориялық бөлім: Эссе, оның түрлері
2. Практикалық бөлім: Эссе жазудың тиімді
жолдары
3. Кері байланыс
4.
Шығармашылық дегеніміз— өзінің жаңашылдығымен,өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік
жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім
мен біліктіліктің, түрткінің (мотивтің) болуы.
Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің
нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау - өте
күрделі үрдіс.
5.
1. Теориялық бөлім: Эссе, оның түрлері6.
Эссе – бұл еркін композицияға құрылған, көлемішағын прозалық шығарма. Нақты бір мәселеге
байланысты адамның жеке әсерін, түсінігін және ой
толғанысын бейнелейді.
Л.П. Крысин "Толковый словарь иноязычных слов"
«Жүйеленген ғылыми түрде емес, еркін үлгіде қандай
да бір мәселені сөз ететін очерк»
"Әдебиеттің қысқаша энцикпедиясы" •«Эссе – бұл жеке
тақырыпты түсіндіретін және соған байланысты әсері
мен түсінігін беруге тырысатын шағын көлемді және
еркін композициялы прозалық шығарма»
Жанрды қалыптастырған М.Монтень
(«Тәжірибелер", 1580 ж.)
7.
8.
Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium- құрау ) - философиялық, әдеби, тарихи,
публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы
басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке
көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде
енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе»
сөзін біріші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы
Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.
Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты –
авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті;
негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша
автордың көзқарасын ашу, таныту. Қолданылуына
қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде,
батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу
көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.
9.
10.
11.
Эссе түрлері 1. Сипаттамалық 2. Анықтамалық 3.Хабарламалық 4. Салыстырмалы немесе кереғар 5. Дәлелдеме 6.
Аргументтік 7. Әдеби
1. Сипаттамалық эссе Сипаттамалық эссенің мақсаты адамның,
жердің, заттың немесе дебаттың бейнесін сипаттау болып
табылады. Детальдар арқылы оқырманға сипатталған затты
елестеткізеді.
2. Анықтамалық эссе Анықтамалық эссенің мақсаты дәлелдер,
терминдер және (анекдоттар қолдану) арқылы берілген
терминнің мағынасын ашу.
3. Хабарлама эссе Субъективтік көзқараспен оқиғаны сипаттау
және бірінші жақта, өткен немесе осы шақта жазылатын эссе
түрі хабарламалық эссе. Хроникалық реттілікте жазыла бермесе
де, адамның тәжірибесі мен ойына сүйенеді. Әңгімешінің ойын
және субъективтіліктің жалпы белгілерін бейнелеу - бұл эссенің
басты мақсаты.
12.
4. Салыстырмалы немесе кереғар эссе Салыстырмалы немесе кереғар эссеніңмақсаты екі немесе одан да көп мәселелердің қарым-қатынастарын тарқатып
жазу. Жалпы, басты мақсат – жеңіл-желпі айырмашылықтар мен ұқсастықтар
табу жеткіліксіз екенін көрсету. Бірден көзге түсе бермейтін болса да, олардың
арасындағы маңызды айырмашылықтар мен қатынастарын терең зерттеу
нәтижесі көрсетеді. 5. Дәлелдеме эссе Дәлелдемелік эссенің мақсаты айтылған оймен оқырманды көндіру. Оқырманның зейінін аудартып, қатаң
дәлелдер көрсету арқылы жазылады.
6. Аргументтік эссе Аргументативтік эссе көбінесе қарама-қайшылық
тудыратын тақырыптарда жазылады. Аргументтер қолдайтын себептермен
бірге берілуі тиіс. Қарсы ойларды көрсету немесе оларды жоққа шығару – бұл
эссе типінің жалпы сипаттамасы.
7. Әдеби эссе Әдеби эссе басқа эссе түрлеріне ұқсамайды. Біріншіден, ол әдеби
шығармаларға негізделген. Екіншіден, автордың айтқысы келген идеяларын
болжап түсінуге негізделген, яғни түсіндірмені қажет ететін пікірталас немесе
жұмбақты табуды қажет етеді. Ол үшін тәжірибе керек. Таңдаған
шығармаңызға басқа көзбен қарасаңыз, ерекше қолданылған әдеби жанрлар,
күтпеген сюжеттер мен оқиғаларға, тіл ерекшеліктеріне толы болады.
13.
14.
15.
16.
17.
18.
19.
20.
ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиісТАЛАПТАР:
Жеке көзқарастың көрінісі
Фактілі дәлелдер (аргументтер)
Теоретикалық негіздеме
Терминдерді қолдану
Цитаталарды келтіру
Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу
Логикалық заңдылықтың сақталынуы
Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану
Сауаттылық (пункт., орфогр.)
Юмор, сарказм
21.
Жиі кездесетін қателіктер:– Проблема ашылмайды.
– Автордың жеке позициясы көрінбейді.
– Теоретикалық негіздемесі жоқ.
– Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану.
– Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп.
– Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер.
– Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы.
– Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ.
– Логиканың болмауы.
22.
Эссе- тәжірибені құрауТақырыбы: Ананың бәрі ардақты
Тірек сөз- ана, ардақты
Кіріспе: 3-4 сөйлем. Тақырыпты түсіну сөйлемі
Ана – өмірдің нәрі, ғаламның сәні деп айтуға болады. Себебі, ана –
тіршілік дәнін егуші, онсыз дүние қараң. Сондықтан жер бетіндегі ананың бәрі
ардақты да, аяулы.
Тезис- ең құнды идея, пікір
Жай тезис- бір сөйлеммен
Күрделі тезис- бірнеше сөйлеммен
Дәйексөзді тезис- цитатамен
Тезис: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, парызыңнан
құтылмайсың», «Жұмақ ананың табанының астында» деген даналық ойлар ананың,
расымен де ардақты, асыл жан екенін дәріптейді.
Аргумент- дәлел
1-аргумент
Біріншіден, тоғыз ай құрсағында көтеріп, түн ұйқысын төрт бөлген анаға
қандай құрмет көрсетсек те, артық емес деп ойлаймын. Неге десеңіз, ана болмаса,
тіршілік те болмайды. Сондықтан болар, тіршілік беретін жерді, күнді, Отанды анаға
теңейміз. Бұл ананың құдіреті мен киесін тағы бір айқындап тұр. Адам аяғы әзер
жететін Меккеге үш рет анамызды арқалап апарсақ та, қарызымыз өтелмейді екен.
23.
Мұның мәнісі неде? Ата-бабамыз Меккеге барар сапардың азабын жақсыбілген.Сондай азап шегіп, тер төгіп анамызға қызмет етсек қана, перзенттік
парызымызды өтей аламыз.Қолымыздағы бар асылымыз бен байлығымыз да
ананың парызын өтеуге жетпейді екен.Бұдан шығатын қорытынды анамызға
қасымызда бар кезінде асқан мейірім мен қамқорлық
көрсетуіміз керек деп білемін.
2- аргумент
Екіншіден, қай заманды алып қарасақ та, анаға деген құрмет, ізет
толастаған емес. Қаламгердің жыры мен қарасөзі болып, әншінің әсем әуені мен
күйшінің төгілген күйінің де арқауы Ана болды емес пе? Майлықожа: «... Аязды
күні айналған, Бұлтты күні толғанған, Анаң бір өлмес болсайшы» десе, жасын
ғұмырлы Баубек: «Ананың тілі, тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе?..» деп,
толғанған екен. Осы сөздерден жер бетінде анаға жетер жақұт, байлық жоқ
екеніне тағы да бір көз жеткіземіз. Ана десе, толқымайтын жүрек, тасымайтын
қан жоқ шығар.Ананың тілегі мен жүрегі, асыл қасиеттері аңыз болып, ел арасына
тарағаны қаншама? Кешегі Найман ананың өзі перзенті үшін жанын құрбан етпеді
ме? Ананың құдіреті өз перзентіне деген ешқашан толастамас, асқан
махаббатында екенін көруге болады.
3- аргумент
Үшіншіден, «Жұмақ ананың табанының астында» деген аталы сөз анаға
бас идірген. Біздің байлығымыз, берекеміз, сәттілігіміз барлығы анамызға қалай
қызмет көрсететінімізде. Анамыздың басқан ізіне дейін құрмет көрсете білсек,
өмірде жолымыз болғаны.Ал, анасын қадірлемеген адам бұл өмірде оңбайды.
24.
Халқымызда: «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Оның мәнісіосы ата-анамызға
деген құрмет, пейілімізде деп ойлаймын. Анадан асқан ардақты, аяулы жан жоқ.
«Ата – бәйтерек, ана- бұлақ, бала –жағасындағы құрақ» дейміз. Бұлақ шөлдегеннің
сусынын қандырады, баолық тіршілікке нәр береді.Ана да тура осындай ғой.
Оның ішінде мен білетін қазақ әйелі, қазақпын дейтін қаракөздердің анасы бәрінен
де биік тұр, тұра береді де...
Ескерту: Қорытындыда жаңа ой жазылмайды!!!
Қорытындылай келсем, ананың махаббаты- шексіз, барлығынан
жоғары тұратын ең асыл сезім! Жер бетіндегі барлық аналар ғұмырлы
болсын, ана мен біртұтас әлем балалар аман болсын!
25.
Тақырыбы: Ұлпан – ел анасыҚазақ әдебиетінде аналар туралы жазылған шығармалар көп.
Соның бірі – Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы
26.
Тақырып: «Жалған дүние» деген тіркесті қалай түсінесіз? Ойыңызды дәлелдепжазыңыз
Тірек сөз: дүние
Кіріспе: Тақырыпты түсіну сөйлемі: «Жалған дүние» деген тіркес құлағымызға
таныс. Алайда, осы тіркестің астарында не жатыр? Меніңше, бұл сөз алдамшы
дүние, уақытша дүние немесе өтер-кетер қызық дүние деген мағынаны білдіред
Тезис: Жай тезис- 1 сөйлеммен
Күрделі тезис:2- 3 сөйлем
Дәйексөзді тезис: /цитаталы
Тезис: «Жалған дүние» тез өтетіндіктен, оны мәнді өткізу керек. Себебі, адам
артында із тастап, ана өмірге рухани азығын жинайды. Оны мәнді өткізу үшін не
істеуіміз керек?
Негізгі
1- аргумент
Біріншіден, бұл өмір қамшының сабындай қысқа, тез өтеді.Осы өмірдің мәнділігі он
қалай өткізетінімізбен бағаланады. Сол себепті, әр күнімізді иманмен, жақсылық
жасаумен, сауапты істермен өткізуіміз керек деп ойлаймын. Ол үшін адам, алдымен
мақсат қойып,еңбектене отырып, уақытты тиімді қолдану арқылы қалауына қол
жеткізе алады.Адамның әрбір мақсаты басқа адамдардың қажеттілігіне қызмет етуі
керек.Біздің алған біліміміз, бойымыздағы талантымыз ғаламның дамуына үлес қосу
тиіс.Неге десеңіз, жалған дүние көзді ашып-жұмғанша өтіп кетеді. Сол себепті,
ойымыздағыны жасап үлгеруіміз керек деп білемін.
27.
Екіншіден,жалған дүниеде адамдар байлық жинап, атақ пен мансапқақұмар болады. Осылайша, өмірінде басқа құндылықтарды ұмытып кететін
адамдар да баршылық.Атақ пен мансап, байлық – уақытша дүниелер.Және бұл
нәрселерге құнығу нәпсі болып саналды.Нәпсі адамды түзу жолдан тайдырады,
күнәға батырады. Халқымыз: «Дәніккеннен құныққан жаман» деп, ұрпағына текке
аманаттамаған.Құныққан адамның ғұмыры тез өтеді, тек өмірінің соңында ондай
адамдар өкініп жатады.Ал, өкінген өмір, босқа өткен ғұмыр емес пе?Босқа өткен
ғұмыр өлген уақытпен тең. Ақша мен атақтың соңында жүріп жақындарына
махаббатын білдіре алмай кеткен адамдар бар.Сонымен қатар, өз денсаулығына
көңіл бөлмей, ауруға душар болғанда ғана бармағын тістеп жатады.Сондықтан
да, өмірлік құндылықтар саналатын отбасы, достық, махаббат, қамқорлық сияқты
тамаша қасиеттерімізбен өмір сүрсек, ғажап болады деп түсінемін.
Үшінішіден, жалған дүниені өкпе мен ренішке, көреалмаушылық пен
қызғанышқа, жалғандыққа арнамай, кешіріммен, махаббатпен өмір сүру керек.
Абай айтқан: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...» дегендей, махаббатпен
күн кешкен дұрыс деп ойлаймын.Сонымен қатар, халқымыз «Кешірімнен кем
болмайсың», деген екен.Бұл дегеніміз, кешіріммен жүрген адам жеңіл өмір
сүреді, жан тыныштығын табады деген сөз.Жан тыныштығы баға жетпес байлық
деп түсінемін. Бұл жерде айтарым адамның тыныштығын алып қоятын
көреалмаушылық, қызғаныш сезімдері де адамның өмірін қысқартады немесе
мән-мағынасыз етеді.Осылайша, адам жалған дүниеден еш қызық көрмей
аттанады.
28.
Қорытындылай келе, жалған дүние – мәңгілік өмірге апаратынжол. Ендеше, сол жолдан адаспай, бағытымыз бен бағдарымыз
тура болсын, достарым дегім келеді.
29.
Аргументтік эссе. Үлгі №11.
2.
1.
2.
3.
Эссенің тақырыбы: Аңсарым – асқақ Астана
Сыныбы: 6
Кіріспе бөлім (тақырыпты түсіну сөйлемі)
Сұрақтар беру:
Бұл тақырып қазір маңызды ма?
Сенің ойыңша тақырыпқа қандай тірек сөздер мен түсініктерді
енгізуге болады? (Астана, бәйтерек, бас қала, Хан шатыры,
Саммит, ЭКСПО т.б)
Тезис: Астана – күллі әлемге қазақ елін паш еткен әсем қала.
аргумент
аргумент
аргумент
Қорытынды бөлім
30.
Лингвистикалық эссе Үлгі №2Астананы әлем таныған дейміз.Қалай ойлайсыз, қазақ елі
Астананы толығымен тани алды ма? Сіз қай қырынан тани
алдыңыз?
Пайымдау эссесі. Үлгі №3.
Тақырыбы: «Ғаламтор мен әлеуметтік желілер жастарға
не береді?»
Ғаламтордың пайдасы мен зиянын білеміз.Дегенменен,
уақытымыздың көбін ғаламторға ұрлатып алып жатамыз.Неге
адамдар ғаламтордың зиянды тұстарын біле тұра, оған
тәуелді?
31.
2. Практикалық бөлім: Эссе жазудыңтиімді жолдары
32.
1.2.
3.
4.
5.
6.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
Эссе жазуда қолданылатын белсенді, ұтымды әдіс-тәсілдер:
Оқушыға даяр тезис ұсыну;
Аргументтік эссе жазғанда, даяр аргументтер (дәлелдер ұсыну;
Әдеби эсседе, даяр талдаулар ұсыну арқылы, жүйелі жазуға бағдар беру;
Эссенің құрылымдық жүйесінің даяр үлгілерін беру;
Даяр үлгідегі сөйлемдер беру
Сұрақтар қою т.б
Бұл тәсілдер оқушыға не береді?
Оқушының ойлауына түрткі болады;
Ақпараттарды жүйелеуіне негіз болады;
Өзіндік пікірін оятуға, салыстыруға үйретеді;
Даяр сөйлемдер арқылы эссе тақырыбына ашуға талпынады;
Өзінің стиілін қалыптастырады.
Сұрақтарға жауап бере отырып, эссе тақырыбының өзектілігін, маңыздылығын
ашады.
Есіңізге сақтаңыз: Тезисті дәлелдемелермен толықтыру үшін, сізге ақпарат
қажет. Өзіңіз білетін, оқыған ақпарттарды еске түсіріңіз. Фактілер қай жерден
басталатынын байқаңыз. Сіздің көзқарасыңызды жоққа шығаратын пікірлер мен
фактілерге назар салмаңыз. Жақсы эссе жазушы өз тезисі үшін дәлелдерді таба
алады.
33.
Эссенің кіріспе бөліміТақырыпты түсіну сөйлемі
Отан неге адамға ыстық?
Еске сақтаңыз: Оқушы берілген тақырыптан тірек
сөздерді табуы керек.
тірек сөздердің мағынасын ашып, кіріспеге жазады.
34.
Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққашығаратын тұжырымдама-пайымдаулар. Тезистің басты
ерекшелігі ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтірілуі
тиіс. Негізгі тезистер - дерек көзінің мазмұнын жалпылайтын
басты тұжырымдамалар. Мұндай тезистерден кейбір жағдайда
материалдардың мазмұнын тұтастай айқындайтын жеке жазбалар
жасалады. Қарапайым тезистер – бұл басты ой-пайымдаулар,
кейде конспектінің, рефераттың құрамдас бөлігі ретінде
енгізіледі.Кез келген еңбекте, оның әрбір бөлімдерінде қарапайым
тезистер көбірек кездеседі. Күрделі тезистер - негізгі және
қарапайым тезистер қатар қолданылатын, ойды бекітудің пайдалы
және жетілген түрі. Дәйексөз тезистері. Тезистердің бір бөлігі
дәйексөз ретінде келтірілуі мүмкін. Мұндай әдісті әртүрлі
көзқарастарды салыстыру үшін пікір, аннотация жазғанда
қолданады.
Аргумент - философияда – пікір, ойдың немесе
теорияның ақиқаттығына келтірілетін дәлел.
35.
Негізгі бөлімТезис
Аргументтер
1- аргумент
2- аргумент
3- аргумент
36.
Тақырып: Туған жер несімен қымбат?Кіріспе- Тақырыпты түсіну сөйлемі- 3-4 сөйлем
Туған жер адам баласы үшін екі дүниеде де тұрақ мекен
деп ойлаймын. Неге десеңіз, шыр етіп кіндік қанымыз
тамғанда, туған жеріміз құшағына алады, сонымен қатар,
мәңгілік мекенге аттанғанда, туған жердің құшағына денеміз
тапсырылады. Меніңше, туған жер сонысымен қымбат па деймін.
Тезис: ең озық идея
«Әркімнің өзінің туған жері – жұмақ мекен» деп, атабабамыз аманаттағандай, туған жердің күні де, түні де ыстық.
Біріншіден, тарих беттеріне, шежірелерге үңілер болсақ,
ірілі-ұсақты шайқастар мен қақтығыстардың барлығы туған жер
үшін болған екен.Туған жерім жау қолында кетпесін деп, кешегі ер
Махамбеттер «Өзегі талып ет жемей...» күні-түні ат үстінде өтті
емес пе? Сонымен қатар, «Ата қоныс», «атамекен», «ата жұрт» деп
туған жерге ерекше құрмет көрсеткен. Туған жерінен безінгенді
«безбүйрек», «мәңгүрт» санаған. Туған жерімнен топырақ
37.
Екіншіден, халқымыз «Туған жердің қадірін, шеттежүргенде, білерсің» деп, әні мен жырына да қосты емес пе?
Кешегі қилы замандағы «Елім-ай» әні жан-жаққа тарыдай
шашыраған халықтың туған жеріне деген қимастық сезімін
өрнектейді. Туған жерге жетуді арман санаған шеттегі
қандастарымыз да елге оралып жатыр.Өзіміз оқыған «Қаздар
қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шал да шекара бұзып, тау
асып, туған жерге жетті емес пе?Туған жер қымбат болмаса, адам
төзгісіз қиындықтықтарды еңсеріп, жетер ме еді? Меніңше, туған
жердің құдіреті ғана адамға күш-қуат сыйлай алады деп
ойлаймын.
Үшіншіден, туған жер әр адам үшін жұмақпен тең. Неге
десеңіз, жұмақта тыныштық, береке- бірлік, сүйіспеншілік, жан
ләззаты болатындай, туған жерде де осындай ғажайыптар бар.
Оның жер асты байлығын, орман-тоғайын, суын есептемегенде,
жер үстіндегі бір түйір топырағының өзі адамға қуат береді.
38.
Ақиық ақын Мұқағали: «Мен оның күнін сүйем, түнінсүйем...» деп, туған жердің қадірін асқақатата
жырлайды емес пе? Расымен де, туған жердің әр тасы
қымбат. Алысқа кетсек, туған жерімізге жетуге
асығамыз. Туған жер топырағына аяғымыз тигенде ғана,
жанымыз жай табатыны – шындық.
Ойымды түйіндей келе, туған жердің қадіріне
жетуіміз парыз, көз қарашығындай сақтау – міндетіміз.
«Туған жерге туың тік» дегендей, тігер туымыз асқақтай
берсін!
39.
ЭссеТақырып
Кіріспе: тірек сөз
Тақырыпты түсіну сөйлемі
Тезис
Аргументтер
1
2
3
Қорытынды
40.
Тақырып: Абай сөзі – қазақтың бойтұмарыКіріспе: 3-4 сөйлем. Тақырыпты түсіну сөйлемі
Бойтұмар дегеніміз – әр адамның кие, қасиет тұтатын заты немесе
құндылығы. Бойтұмар әр адамда, ұлтта әртүрлі болады.Сонымен қатар, бір
ұлттың өзінің қестерлеген бойтұмары болуы да мүмкін. Осы орайда, қазақ
халқының бойтұмары деп хакім Абайдың дана сөздерін айтуға бола ма?
Менің ойымша, толығымен айтуға болады, себебі, Абай «Адамзаттың Абайы»
атануының өзі осының айғағы емес пе?
1- дәлел
Біріншіден, Абайдың сөздері –ұлттық тәрбие көзі.
Абай қазақ халқына тән мінез-құлық сипатын өз
сөздерінде тағылыммен, астарлы оймен жеткізеді. Дара
Абай: «Балаға мінез үш түрлі адамнан жұғады: ата-анадан,
ұстаздан, ортасынан» дейді. Ақынның осы сөзінің өзі адам
тәрбиесінің бастауы, қайнары деп білемін.
41.
Екіншіден, тәрбиемен қатар жүретін білім шырағының жарқын жолекенін айтады. Айтып қана қоймай, қазағына насихаттайды.Білім мен ғылым
жолы қазақты биікке шығарар, өзге ұлттармен тең етер мықты қару екенін
өлеңдерінде арқау етеді. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім...» деп өкінішін
айта келе, халқына, жастарына өкінбестей өмірді өткізер білімге үгіттейді.
Үшіншіден, Абай адамзатқа ортақ рухани азық ұсынады.Оны қара
сөздерінен көреміз. Ғақлиясын нағыз қазақтың бойтұмары деуге болады.
Халқымыздың әр шаңырағында Абайдың қара сөздер жинағы тұрса, ғанибет
емес пе? Өйткені, ұрпағымыз осы қара сөздерден рухани сауатын ашып, терең
тағылым, болашаққа бағдар алады. Абайдың қара сөздерінде өмірдің барлық
бағытын көрсететін анық, айқын жол бар. Ақынның қарасөздерімен
азықтанған адам адаспайды, өмірлік мақсатына қол жеткізеді деп білемін.
Қорытынды: Жаңа ой болмайды!
Қорытындылай келе, халқымыздың
бойтұмары Абайдың сөздері өзінің өміршеңдігімен
қазіргі ғасырға жетіп отыр.Оны сақтау, келешекке
мұра ету – біздің басты парызымыз.
42.
Қазіргі жастарға көңіліңіз тола ма? (еркін тақырып)«Ақыл жас ұланнан, жүйрік тай құнаннан» деп,
халқымыз жастарға ерекше үміт артыпты. Неге десеңіз,
жастар – болашағымыз, елдің ертеңі. Жастар заманына
лайықталып, өзгеріп те отырады. Дегенмен, дәл қазіргі
қоғамдағы жастарға көңіліміз тола ма?
Әлеуметтік желі мен ақпараттар көзінде жұртшылықтың
жастарға көңілі тола бермейтіні көп айтылады. Бұл пікір
қаншалықты дұрыс?
Өз басым, жастарға көңілім толады.
Ең алдымен, қазіргі кезде білімге ұмтылған, көп тілді меңгерген
жастар көп. Жастардың осындай болуына мемлекет те жағдай
жасап отыр. Өткен жылғы «Жастар жылы» да осының дәлелі.
Сонымен қатар, жастарымыз алған білімдерін өмірде қолданып,
елдің игілігіне қызмет етіп жатыр.
43.
Сонымен бірге, ақпарат ғасырында жаңа технологияны терең меңгерген,зияткер жастарымыз көп. Өздерінің ғылыми жаңалықтарымен әлем
кеңістігінде орын алуда. Статистика...
Тағы да жастарымыз өнер мен мәдениетте алдыңғы орында келеді.Әлем
елдерін таң қалдырған Димаштан бастап, кішкене Максимнің өнері
жастарымыздың дарынды екенін дәлелдеп берді. Өнердің ең керемет тұрі
спортта да жастарымыз алдыңғы қатарда. Статистика...
Жастарымыздың иманға бет бұруы, рухани дамуы да жылдан-жылға өсіп
келеді. Бұл жетістік алдыңғы толқыннан артық толқынға берілері сөзсіз.
Қаншама дарынды, білімді жастар жеке кәсіпкер атанып, өздерінің
білімдерімен әлем елдерін мойындатуда. Есімдерін жазу
Дегенмен, жастарға көңілі толмайтындар да бар. Себебі, ұлттық
құндылықтан, тәрбиеден кері кетіп жатқан жастар тобы кездеседі. Олар
батысқа еліктеп, жат қылықтарды жанына азық еткендер, тәуелді
болғандар деп ойлаймын. Осындай аз ғана топ қоғам да кереғар пікір
тудыруда. Оны жою үшін жастардың бос уақытын ұйымдастыру,
уақытты дұрыс басқару сияқты жобалар көптеп ашылып, жақындары
тарапынан қолдау болса деп ойлаймын. Сол кезде жастарымыз
44.
Қорытындылай келе, қазіргі қоғам жастары алға ұмтылып келеді,жігер отымыз сөнбей, елімізді биікке шығара берейік,
қатарластарым!
45.
РефлексияКері байланыс