Похожие презентации:
Эссе
1.
2.
ЭССЕ3.
Эссе (француз тілінен "essai", ағылшынтілінен "essay", "assay"- талпыныс,
жазушылық сынама, очерк; латын
тілінен "exagium" – ойлау) –
философиялық, әдеби, тарихи,
публицистикалық, әлеуметтану, саяси
және тағы басқа саладағы ғылыми емес,
автордың жеке көзқарасын білдіретін
прозалық мәтін
4.
ЭссеШығарма
Эссе дегеніміз (фр. тіл. Essai –тәжірбие, лат.т. Шығарма – оқушының туған халқының
exagium – құрау) – философиялық, әдеби, тарихи, әдебиетінен алған білімін өз ойымен,
публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа дүниетанымдық көзқарасымен еркін
саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын ұштастыра
отырып
баяндайтын
білдіретін прозалық мәтін.
шығармашылық төл еңбегі.
Эссе жазылу мақсатына қарай оған қойылатын Шығарма – берілген белгілі бір тақырып
талаптар да әртүрлі болады. Эссе жазушы мақсатқа бойынша
жазылатын,
міндетті
сәйкес эссе түрінің талаптарын сақтап отырып жазады. құрылымнан тұратын, пәндік білімге
бағытталған шығармашылық жұмыс.
Эссенің қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес.
Эссе
жеке
негізделеді.
көзқарас,
сараптама,
Шығармада жоспарды жазу міндетті.
дәлелдемелерге Шығарма
көбінесе
талдауға негізделеді.
көркем
мәтінді
Эссенің мақсаты – эссе жазушының өзіндік көзқарасын, Шығарманың мақсаты – жазылым
сыни ойын жетілдіру, ұстанымын дәлелді бекіту үшін тілін, логикалық ойлауды дамыту.
жан-жақты білім алып, ақпараттық қарулану, Шығармашылық қиялды,
нақты
тақырыпты ашуда метатанымдық білігін тиімді нәрсені еркін, қызықты түрде беру,
қолдану,
шығармашылық қабілетін шыңдау, ой әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні
жүйелілігін реттеу, жазу түрлеріне қарай жазу тәсілдерін мен тиісті орнын өз танымымен
таңдай біліп, эссе түріне қарай жазу стилін сақтау, ой көркемдеп бере алу.
жүйесінің бірізділігін сақтаудағы сөз оралымдарын
тиімді қолдану, шығармашылық жазбаларда сөздік
қорының байлығын дамыту, талдау жұмыстарында
қажетті термин сөздерді тиімді қолдану.
5.
Эссе құрылымыКіріспе
Эссе тақырыбын туралы жалпы түсінік
Тақырыптың өзектілігі
Кіріспе бөлімнен негізгі бөлімге өтуші сөйлем
Негізгі бөлім
Тақырыптық сөйлем (тезис)
Қолдаушы сөйлем (аргумент, анализ)
Қолдаушы сөйлем
Қорытынды сөйлем
Тақырыптық сөйлем (тезис)
Қолдаушы сөйлем (аргумент, анализ)
Қолдаушы сөйлем
Қорытынды сөйлем
Тақырыптық сөйлем (тезис)
Қолдаушы сөйлем (аргумент, анализ)
Қолдаушы сөйлем
Қорытынды сөйлем
Қорытынды бөлім
Кіріспе бөлімдегі негізгі ойға қайта оралу
Негізгі бөлімдегі барлық абзацтардың түйіні
Эссені қорытындылаушы сөйлем (ұсыныс жазуға болады)
6.
Мәтіндер негізінен бірнеше ой бөлігінен тұрадыБір ой бөлігінде бір ой толықтай ашып жазылады
Әр ой бөлігі тақырыптық сөйлемнен, қолдаушы
сөйлемнен және қорытынды сөйлемнен тұрады.
Тақырыптық сөйлем - ой бөлігінің негізгі идеясын
көрсетеді
Қолдаушы сөйлемдер – тақырыптық сөйлемдегі ойды
ашатын сөйлемдер
Қорытынды сөйлем – азат жолдағы ойды
қорытындылайтын сөйлем
Сонымен қатар, ойды толықтыру үшін деректер мен
мысалдарды да қосуға болады.
Ең бастысы әр ой бөлігі жаңа азат жолдан басталып
жазылады.
7.
Мысалы:• Тақырыптық сөйлем:
Фаст-фудпен тамақтану - адам ағзасына зиян.
• Қолдаушы сөйлемдер:
Олардың құрамында майлар мен консерванттар
көп, дәрумендер мүлде жоқ. Фаст-фуд құрамындағы
химиялық қоспалар әсерінен созылмалы тұмау,
ашушаңдық, аллергия, инфаркт сияқты сырқаттарға
шалдықтыруы мүмкін.
• Қорытынды сөйлем:
Сондықтан,
денсаулықты
күту
үшін
шапшаң
дайындалатын фаст-фуд өнімдерінен аулақ болу қажет.
8.
Мысалы:• Тақырыптық сөйлем:
• Қолдаушы сөйлемдер:
• Қорытынды сөйлем:
9.
«Дені саудың –жаны сау» демекші, адамөміріндегі ең басты байлығы –денсаулығы
деп ойлаймын. Дені сау адамда бәрі де
болады: бақыт та, байлық та, табыс та,
жетістік те. Себебі, дені сау адамның өз
мақсаттарын орындауға толық мүмкіндігі
бар. Демек, денсаулық адам өмірінде
маңызды рөл атқарады. Ал сол
денсаулықты сақтауда дұрыс
тамақтанудың қаншалықты маңыздылығы
бар?
Дұрыс тамақтанудың алғашқы шарты –
уақтылы тамақтану. Қазіргі уақытта адамдар
күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп
мерзімімен тамақ ішуді ұмытады. Ал
шындығына келгенде, адам күніне бес мезгіл
тамақтануы керек. Мысалы адам жатар
алдында тойып тамақ ішсе, оны түнімен
қорыту қиындайды да, ас қорыту жүйелеріміз
бұзылады және гастрит, асқазақ жарасы
сияқты күні бүгінде өте жиі кездесетін
ауруларға шалдығуымыз мүмкін. Сондықтан,
асқазанымыз сау болсын десек, уақытымен
тамақтануды әдетке айналдыруымыз керек.
Дұрыс тамақтанудың келесі бір шарты –
майлы, тәтті, ащы, қоспасы көп тағамдарды
мөлшерімен пайдалану. Мысалы, майлы
тағамда холестирин көп болады да, қан
қысымынң жоғарылауына әкеледі. Қантты,
тұзды, химиялық қоспалары көп тағамдарды
жиі пайдаланудың салдары инфаркт,
инсульт, диабет, остеохондроз сияқты
ауруларға әкеледі. Қазіргі уақытта
пиццерия, бургер-кинг сынды жедел
тамақтану орындарының көбейіп
отырғанын ескерсек, қауіптің де екі
еселенгенін сеземіз. Сол себепті, майлы,
тәтті тағамдарды мөлшерімен ғана
пайдалана білу керекпіз.
Дұрыс тамақтанудың тағы бір алғышарты
–күнделікті тамақтану рационымызда
табиғи өнімдер мен жеміс-жидек,
көкністерді күнделікті пайдалану. Себебі,
олардың құрамы дәруменге бай екені
дәлелденген. Мысалы, сүт тағамдарында
кальций мол болса, ет тағамдарында ақуыз,
жеміс-жидектерде А,В,С,Д,Е дәрумендері
мол болады да, тоқсан түрлі ауруға ем
болады. Сол үшін де, біз табиғи өнімдер
мен жеміс-жидектерді үнемі қолдануымыз
керек екен.
Қорыта келе, “Ауырып ем іздегенше,
ауырмайтын жол ізде” демекші,
майлы және тәтті, тұзды тағамдарды
мөлшерімен қолданып, керісінше
табиғи өнімдерді күнделікті
тұтынуымыз қажет еке. Еліміздің
ертеңі –біздер. Сондықтан елінің
ертеңін ойлаған әрбір азамат өз
денсаулығына жауапкершілікпен
қараса, болашағымыз да жарқы
болмақ.
10.
Өзіндіккөзқарас
Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан …., Менің көзқарасым
бойымша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны, …, Мен шын мәнісінде
сенемін…, Ал маған келер болсақ …,
Артықшылығы Артықшылықтардың бірі…, Келесі артықшылығы…, Тағы басқа артықшылықтарына
мен кемшілігін тоқталсақ…, Басты артықшылығы, Ең маңыздысы…, Ең басты
санамалау
артықшылығы…болып табылады, өйткені…
Көзқарасты
санамалау
Біріншіден…, Бірінші орында…, Бәрінен бұрын…, Екіншіден…, Үшіншіден …,
Қорытындасында…,
Бір сұраққа
қатысты тағы
да ой қосу
Сонымен қатар …, Сондай-ақ…, мұны /оны айтпағанда …, Бұл мәселеге қосар болсақ
…, Бұдан басқа…, …Оны айтпағанда …,
Басқа
ресурстарға
сілтеме жасау
Сілтемелерге сүйенсек…, Соңғы ғылыми зерттеулерге сүйенсек…, Браунхилл (2013ж)
ұсынады…
Көзқарасқа
акцент жасау
Шындығында …, Заңдылық…, Сөзсіз…, айқын …, Әрине…,
Мысалдар
келтіру
Мысалға…, Мысалы…, Мысалға алсақ…
Басқа
адамдардың ойпікірін білдіру
Көпшіліктің пікірінше…, Кейбір адамдар аргументтерді ….. пайдасына келтіреді …,
Көпшіліктің пайымдауынша, …, Кейбір адамдар …. атап өтеді, …, көпшілікке тараған
көзқарасқа тарамастан …
Қорытынды
жасау
Қорытындылай келе…, Қорытындасында …, Барлығын басшылыққа ала отырып…,
Барлық пайымдауларды ескере келе …, Жоғарыдағы пікірлерді ескере келе…
11.
Кешегі күні Сізге бірден эссе жазуға тапсырма берген уақыттақандай сезімде болдыңыз?
Эссе жазу алдында қандай жұмыстар жүргізген дұрыс?
Афоризм, мақал-мәтелдер
Көркем
шығармадан
үзінділер
Бейнематериалдар,
(фильмнен үзінді, деректі
фильм, әнбаян, т.б)
Таным
деректер
Суреттер
Талқылау, пікірталас
12.
Жазылым алдындағы жұмыс• Тақырыпты зерттеу;
• талқылау;
• идеяларды қолдау/қарсы шығу;
• деректерді жинау;
• салыстыру.
13.
«Бұрыш»(ия – жоқ – бейтарап)
Топтағы талқылау
Дебат
«ТИ кестесі»
(дұрыс-дұрыс емес)
14.
«Пицца»«Блум түймедағы»
Сауалнама
6
4
2
0
15.
Мәтін үзіндісін мұқият оқыңыз:– Біз - қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан
елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын
деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басынан
сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзымызды
ақтай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан
қыз туса күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра
алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң, біз қазақ қарпысқалы келгенбіз, сен
темір болсаң, біз – көмір, еріткелі келгенбіз. Қазақ, қалмақ баласы
табысқалы келгенбіз, танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз,
танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен –
арыстан, алысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы
келгенбіз, тұтқыр сары желіммін жабысқалы келгенбіз. Берсең жөндеп
бітім айт, не тұрысатын жеріңді айт,– депті
Тапсырма шарты:
Шаңырақ тоғынына /1/- үзіндіден не ой түйгенінді, шаңырақ
күлдіреуішіне ; /2/– үзіндіден қандай әсер алғанынды, шаңырақтың көзіне
/3/- бидің уытты сөзінің астарынан қандай қорытынды ой түюге
болатындығығын, беріктікке; /4/- Қазыбек би турал не білетініңді 4-5
сөйлеммен жаз. /НЗМ мұғалімдерінің іс-тәжірибесінен/
16.
І топ«Балық қаңқасы»
Негізгі проблеманы анықтау, себептерін тауып, дәлелдеу,
қорытындыға келу
Себептері
Қамардың
Ахметке
қосыла
алмауы
Қорытынды
Проблема
Дәлелдер
17.
ІІ топ18.
ІІІ топШырмауық (неліктен?)
19.
ІҮ топ«Бұрыш»
Жар таңдау ата-ананың қалауымен болу керек пе?
ИЯ
ЖОҚ
БЕЙТАРАП
20.
Ахмет пен Қамардың қосыла алмауының себептерін талдап жазыңыз«Балық қаңқасы»
Негізгі проблеманы анықтау, себептерін тауып, дәлелдеу,
қорытындыға келу
Себептері
Қамардың
Ахметке
қосыла
алмауы
Қорытынды
Проблема
Дәлелдер
21.
Эссені талдауӘдеби-талдау эссе
Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автордың батыр мінезін
танытуын талдап жазыңыз.
Батыр – ерен күш иесі, еш нәрседен қорықпайтын, жауға тік келетін айбарлы адам. Адамның
батырлығы, батырға тән мінезі жағдаят үстінде танылады. «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі кейіпкер –
Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлы. Әзілхан Нұршайықов туындыда аты аңызға айналған
батырды оқырманына барынша жеткізуге тырысқан. Оны қан майдандағы батыр ретінде ғана емес, адам
құндылықтары тұрғысынан да таныта білген.
Роман-диалогте Бауыржан Момышұлы қара батырға тән мінезімен көрінеді. Оны автор
Серебряковтың Жоғарғы Президиумға жазған хатындағы: «...ұрыс үстінде Момышұлы жаралы болды. «Енді
шегінерлік жер жоқ, полкта адам аз қалды, не көрсем де полкпен бірге көремін», - деп, ол ұрыс даласын
тастап кетуден бас тартты», - деген жолдар арқылы жеткізді. Бауыржан Момышұлының бойында жігерін
қайрай білетін, бірбеткейлік батырға тән мінез бар. Ол ауыр жараланса да, ұрыс даласынан кетпеді. Мұндай
батырларды қазақ халқында қара батыр деп атайды. Батырға тән қасиет алып қара күш иесі және
қорықпайтын жаужүрек болумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге, адам бойындағы жақсы қасиеттердің бәрі
батырға да тән. Сондай қасиеттердің бірі ретінде автор туындыда Бауыржан Момышұлын кемеңгерлігімен
танытады. Автордың «...не бары жаудың екі-ақ танкін жойдым» деген сөзіне: «Сен сияқты солдаттың
әрқайсысы екі танктен қирата берсе, ол осал іс пе екен!? ... сегіз фашисті өлтіріпсің, ... Ал екі мың
отандасыңды ажалдан аман алып қалыпсың. Бұл, біле білген кісіге, аз еңбек емес, қарағым!» - деген сөзі
арқылы жазушы батырдың ақылдылығын, кішіпейілдігін, кеңпейілдігін көрсетті. Батыр Бауыржан: «Сенің
мұның менің батырлығымның қасында түк емес» - деген сияқты менмендік танытпай, өзі сияқты соғыс
жауынгерінің бағасын арттырып, құрметтей білді. Автор, тіпті, «Апырай, а! ...күні бүгінге дейін еліме мұндай
еңбек сіңірдім деп ойламаушы едім» - деп қанаттанып қалды. Мұндай даналық батырлықпен пара-пар.
Қорытындылай келе, роман-диалогтегі автор жеткізген батырдың әр сөзі, әрекеті – оқырманына үлгі.
Үлгі болып қана қоймай, отан, туған жер, абырой, парыз туралы ойлануына түрткі болады. Бұл романдиалогті қазақ қана оқып қоймай, әлемнің әрбір тіліне аударылып, жалпыадамзаттық құндылыққа
тәрбиелеудің көркем құралы ретінде таратылуы керек.
22.
23.
24.
25.
Эссені бағалауМазмұны
(әдеби – 10,
еркін -9ұпай)
Тіл
сауаттылығы
(8 ұпай)
Тақырыпты ашуы, пікірлердің
сенімділігі
Орфографиялық нормаларды
сақтауы
Өз пікірін дәйектеуі
Пунктуациялық нормаларды
сақтауы
Ойдың логикалық бірізділігін
сақтауы, құрылымының
тұтастығы
Грамматикалық нормаларды
сақтауы
Әдеби терминдерді, деректерді
қолдануы
Сөйлеу нормаларын сақтауы
Көркем тіл құралдарын
орынды қолдануы
26.
Әдеби тақырыптағы эссені бағалау шкаласыБаға
“5”
“4”
“3”
“2”
Мазмұны
0-3
4-6
7-8
9-10
Сауаттылығы
0-2
3-4
5-6
7-8
Еркін тақырыптағы эссені бағалау шкаласы
Баға
“5”
“4”
“3”
“2”
Мазмұны
0-3
4-5
6-7
8-9
Сауаттылығы
0-2
3-4
5-6
7-8
27.
РефлексияҚоржынымды
толықтырдым
Мазмұнды ,
қызықты болды
Түсінбеген
сұрақтарым бар
28.
Сіздер - өте ақылды, белсенді,дана, жаңашыл, тапқыр
жандарсыздар!!!